Стейнбектің Қаһар романы Ұлы Дағдарыс кезіндегі АҚШ - тың қатал және драмалық шындығының көрінісі ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Дж. Стейнбектің «Қаһар» романы «Ұлы Дағдарыс» кезіндегі АҚШ-тың қатал және драмалық шындығының көрінісі ретінде

Әр ел тарихында бастапқы ұлттық өмірдің негізі ашылып, елеусіз ағымдары сыртқа шығып және жасырын қайшылықтар болмаған ашықтыққа ие болатын кезеңдер болады. Америка үшін осындай уақыт 20 ғасырдың 30 жылдары болды. Дағдарыс, ереуілмен белгіленген бұл кезең «қызыл он жылдық» деп бекер аталмаған. Әлеуметтік күйзеліс тізбегі елді алдамшы өркендеуден алып шықты. Терең, бұрын-соңды болмаған өндірістік дағдарыс АҚШ тарихында жаңа бетті ашқан еді. Ізін шала ұзаққа созылған өндірістік күйзеліс еңбекші еліне апаттар толқынын, яғни жұмыссыздық, аштық, жоқшылық әкелді.

Елдегі жан түршігерлік оқиғалар әдебиет жазушыларына да зор әсерін тигізді. Олар елдегі күйзелісті, халық жағдайын, халық ызасы мен ашуын қағаз бетіне шебер түсіріп, бейнелей білді. 30-жылдардағы ең ірі жазушылардың сіңірген зор еңбектерінің бірі, ол әлеуметтік идеялардың органикалық байланысын жазып, адамдардың қарапайым және шынайы ниеттерін, олардың шын талпынысын табуында. Әдебиетте идея мен өмірдің байланысы көптеген өзінің психологиялық, тұрмыстық, әлеуметтік тосқауылдар түрінде болды, ал «қызыл он жылдықтың» жазушылары адам тарихи дамуының органикалық заңдарының орындалуын көрді. Өнерде халық өмірі тарихтың тікелей болмысының саласы іспетті деген тақырып пайда болды.

Стейнбектің күші драмасы мен жанды сүреттеудің бейненің шындық күші

30-жылдардағы жазушылардың еңбектерінде халық тек әлеуметтік қыспаның құрбаны ретінде ғана емес, сонымен қатар, өмір мен тарихты жасайтын күш ретінде бейнеленді. Халықтың еңбегі мен күресінде шығармашылық қуаттың сарқылмас қорлары жасырынып жатты, ал АҚШ-тың таңдаулы деген өнер майталмандары осы қасиеттерді таба алды. [1, 49-50]

Осындай тақырыпта қалам тербеп, ой қозғаған жазушылар мен олардың шығармалары арасында айрықша орны бар, көркем сөз зергері Джон Стейнбек және оның белгілі еңбектерінің бірі «Қаһар» романы.

Бұл шығарма оң жылдық күйзелістен кейінгі кездің Стейнбек шығармашылық жолының қорытындысы болып келді. Туынды қаһарлы уақыттың өктем мөрін алып жүрді. Стейнбектің шығармашылық импульсі дағдарыс және күйзеліс жылдарымен оятылған болатын. [2, 206]

Роман жазушының «қызыл он жылдық» кезіндегі Калифорниядағы алынған өмірлік тәжірибесін көрсетеді. Шығарманың жазылуына материалдың мұқият әлеуметтік өңдеуі болды. 1938 жылы Стейнбек деректер мен сандарға сүйене отырып, оклахомалық ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің ауыр жағдайларын растайтын, «Сильные духом» кітапшасын шығарды. Ол қоныс аударушылардың ауыр жазмышын, олардың мұқтажын, уақытша «гувервили» қыстақтарындағы антисанитарияны, жергілікті кертартпа ұжымдарының қауіптер мен террорын бейнелейді. «Калифорниядағы демократияның үмітсіз ұмытылуы» Стейнбектің түйіні осындай болды.

Романның деректі негізі бола тұра, шын оқиғалар түпнұсқалы, қуатты көркем түсіндірмеге ие болды.

Мұндай деректі кітаптардың жазылуы 1930 жылдары танымал болған. Стейнбекпен қатар «Американский исход» атты кітап шыққан еді. Бұл жинақта Пол Тейлордың мәтінімен сүйемелденген, Дороти Ленжтің фотосуреттері көрнекі «көшпенді Американы» көрсетті: мыңдаған азаптанған, тұрғылықты жерлерін тастаған адамдар; аянышты мүлікпен ескі жүк машиналар; тамаққа жарымағандықтан азап шеккен балалар; шатырлы қалашықтар. Бұл Стейнбектің «Қаһар» романына өзіндік «фотопараллель» болды.

Романның жарыққа шығуынан кейін, Г. Тейлор романның деректі дұрыстығын «Согнанные с земли» кітапшасында растап, «Қаһар» романын «Хижина дяди Тома» атты шығарманың «бүгінгі нұсқасы» деп атап өтті.

Стейнбектің күші драмалы мен жанды суреттеуді бейнелеуінде. Жазушы «қатысу» эффектісін туғызады. Біз кейіпкерлердің от жағуын, әзір дайындауын көз алдымызға елестетеміз де, көре де аламыз. Олармен бірге жүк машинасында келеміз, олардық соңғы жинақтары - елу доллардың таусылып бара жатқанына жан ашуын білдіреміз.

«Қаһар» романы өз құрылысы және мазмұнымен жаңашыл. Романның жанрлық табиғаты көркемдік және философия-публицистикалық элементтерінің өзіндік қосындысы. «Қаһар» - көп қабатты әлеуметтік роман. Мұнда нақты бейнелеулік те, философиялық тереңдік, аллегория, символика да бар. Романның құрылысы да өзгеше, өйткені «екінші желі» - публицистикалық бөлімдер сериясы кездеседі. Олар формальды Джоудтар отбасы сюжетімен байланысты болса, параллельді басты оқиғаға өзіндік комментарий ретінде шығады. Бұл бөлімдерде, стилистика және эмоциональді атмосферасының әр түрлілігімен, Стейнбек өзінің бар шеберлігін көрсете алды; ол пейжазшы, тұрмысты бейнелеп көрсететін жазушы, тарихшы, этнографшы, лирик, публицист, әлеуметтік зұлымға қарсы шығушы. Ол әдістерді, құрылысты, баяндау тәсілін кезектестіріп отырады. Стейнбек бірінші бөлімінде Оклахоманың қуаншылықтан қайғы шеккен, Джоудтар отбасына санаусыз қасірет әкелген, егіндік даласын жарқын түрде көркемдеді. Бесінші бөлімінде «Банктар мен Тресттердің» жалдаушылары мен өкілдері арасында ойдағы кіріс пен капиталдан көретін проценттерімен қамсыздандырылатын диалог жасайды. Бірқатар бөлімдерінде Калифорния экономикасының тарихына шолыма беріледі. Көрнекі суреттер мен жоққа шығарылмайтын айғақтар логикасы романистті мындай тұжырымдамаға әкеледі [3, 450-452] : « Әлеуметтік төңкеріс кезінде жерлерінен айырылатын ірі меншік иелері. Олар үшін тарих қол жетпес кітап емес. Тарих қойнауына сіңіп кеткен бұрыңғылардың тәжірибесінен сабақ алып, меншікті дүние азғана топтың қолында болса, одан айырылып қалатындарын зерделей алады. Тағы бір ақиқат: аш атасын танымас деген, аш-жалаңаш жұрт өзіне керегін күшпен болса да алады. Тарих беттерінде шыңғырып тұратын тағы бір шындық: қанаушылық қаналушылардың басын біріктіріп, олар содан күш алады». [4, 292]

Стейнбек - байлық пен кедейліктің кереғарлығын ұнатпайтын, әлеуметтік әділдік жолын ұстаушы. Калифорния деректері оған қоғамдық маңызы бар мәселені көрсетуге кедергі болмай, бірақ оның маңыздылығын күштірек көрсетуге себепкер болды. Байлардың қанағатсыздылығы жабайы, адамгершілікке қарсы қалпын қабылдайды. Роман шығарманың тақырыбы айтып тұрғандай, ашу кернеге толып тұр. Жоғары бағаны сақтау мақсатында азық-түлік жойылып жатты. Ал, мыңдаған адамдар болса, аштықтан азап шегіп отырды. Публицистикалық шегінуінде бақытсыздыққа ұшыраған және азап шегушілердің жан дауыстары естіледі[3, 452] : «Кеменің пешіне кофе жағыңдар. Ағаштың орнына жүгері сал, себебі қызуы қатты. Картопты өзенге ағызып, оның бойына күзет қойыңдар, әйтпесе аштар барлығын теріп әкетеді. Шошқаларды пышаққа жығып, етін жерге көміңдер, топырақ арасында шіріп кеткені артық.

Бұл айтуға ауыз бармайтын қылмыс еді. Бұл - көздің жасы көл боп құйылған қайғы. Бұл жеңістің бәрі - күлге айналған жеңіліс. Құнарлы жер, қаздай тізілген ағаштар, солқылдаған теректер мен мәуелі жемістер. Ал пеллаградан өлген бала өле берсін, өйткені апельсиннен келер табыс жоқ. Және тергеушілер тамаққа тойынудай өлді деген анықтама беруі тиіс, себебі азық шіруі керек, себебі оны әдейі шірітеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ еліндегі экономикалық дағдарыс
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі
КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
Ілияс Есенберлин өмірбаяны
Есенберлин - көне тарихымыздың жиһангері
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz