Қазақстан Орталық Азия державасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Орталық Азия державасы
Орталық Азия-Азияның іщкі орталық бөлігінде орналасқан географиялық аймақ.Табиғи жағдайы ресурстарға бай.Орта ғасыр дәуірінен Жібек жолы өткендіктен,әлемдегі маңызды аймақтардың бірі саналған.Бұл аймаққа негізінен 5 мемлекетті жатқызамыз Өзбекстан,Қазақстан,Қырғызстан,Тәжі кстан,Түркменістан..Аталған мемлекеттердің барлығы да Кеңес Одағының құрамында болған,барлығы да қазір ТМД ұйымының құрамына кіреді.Шығыс әлемінің көрінісі ретінде осы елдерді толықтай атауға болады.
Саяси ахуал.Кеңес құрамының құрамында болып 69 жыл бойы социализмнің көрінісінде өмір сүрген елдер.Қазіргі таңдағы жағдайы қандай?Тоталитарлық режимнің белгілері әлі де болса айқын көрінеді.Мемлекеттік апаратта,Кеңес заманынан қалыптасқан тұлғалар билік басында отыр.Биліктің иерархиялық сатысы және де жемқорлықтан кең көлемде таралуы негізгі белгілері ретінде қалып отыр.Барлығы мемлекеттік басқарудың президенттік республикалық түрін ұстанады.Билікте бір президенттің ұзақ жыл билеу типі тән.Қазақстан,Тәжікстан секілді елдерде тәуелсіздік алғаннан бері бір басшы билесе,Түркменстанда президенттік биліктің абсолюттік түрі бар десе болады(2006 ж Өзбекстанда дәл Түркменстандағыдай мемлекет басшысының өлімімен ғана президенттің ауысуы тән болып отыр.Ал аталған мемлекеттердің ішінде нағыз демократиялық мемлекет деп Қырғызтанды атауға болады.Осы аталған билік түрлерінің қайсысы тиімді екенің кейіннен анықтауға тырысамын.Жалпы бұл салыстырулар арқылы қай елдің даму денгейі мықты екенін анықтауға болады.КСРО-ның құрамынан шыққан елдердің әлеуметтік,экономикалық әлеуетін қарай отыра,ХХ ғ әлемдегі держава болып саналған КСРО-ның ыдырағандағы жағдайын анықтағым келеді.Қазақстан шынымен Орталық Азиядағы державалық мемлекет пе?Осы сұраққа жауап алатын боламыз.
Қазіргі мақалада елдерді мына критерилер бойынша салыстырғанды жөн көрдім:
1.Экономикасы
2.Кәсіпкерлік деңгейі
3.Білім деңгейі.
4.Денсаулық сақта.
Экономика.Ең бірінші және маңызды критериі ретінде ЖІӨ жөнінен салыстырып көрсек.Бұл көрсеткіш жөнінен көшті Қазақстан бастап тұр,бұл көрсеткіш (154 947 Ақш долларын құрап отыр) әлемде 55 орында ,кейіннен Өзбекстан (70 841) (67) ,Түрікменстан (37 762 ) (89),Тәжікстан (9 662) (140),Қырғызстан ( 6 714) (152).Бұл World development indicators:gross domestic product зерттеу орталығы көрсетікштері бойынша.[1]Көрсеткіш негізінен мемлекеттің барлық қаражат есебі есептеліп,халық санына бөлгендегі белгі болып табылады.Мемлекеттік қаражатқа (шығын көлемі есептеліп,тұтыну,инвестиция көлемі,мемлекеттік сату және сатып алу көлемі,импорт және экспорт көлемі кіреді.Қазақстан бұл көрсеткіш жөнінен айқын басымдылыққа ие болып отқанын көріп отырмыз.Бұл,әрине,ең бірінші Қазақстанның тиімді географиялық аумақта орналасып,ресурстарға өте бай болуынан десек те болады.Дегенменде,аталған мемлекеттердің ешқайсысының теңізге шығуға мүмкіндіктері жоқ.Бұл да бір белгілі көлемде экономикаға әсер ететіні анық.Бірақ,әлемдік практикада осы рерустарсыз да жоғары деңгей көрсетіп жатқан елдерді көреміз.Сондықтанда,жетекші мемлекет болуға басқа да факторлар әсер етеінін байқауымызға болады.
Кәсіпкерлік еркіндігі
Орталық Азия жеріндегі елдерге капитализмнің қарқыны өте жай келді десекте болады.Оған басты себеп барлық осы орталық азия елдерінің барлығы КСРО-ның қарамағында болуы.Яғни әлемдегі АҚШ пен КСРО арасындағы қырғи-қабақ соғыстың әсері.Тікелей капитализм мен коммунизм арасындағы бақталастық.Бізге 70 жыл бойы капитализм зұлымдық деп үйретіп келді.Сол себепті барлық меншік мемлекеттің қарамағында болғандықтан,жеке кәсіпкерлікке жағдай жасалмады десек те болады.Сондықтан да аталған елдер рейтингте төменгі орындарда тұрса таң қалудың қажеті жоқ деп ойлаймын.Дегенмен де ,Қазақстан қазіргі кезде кәсіпкерлікке еркіндік бере бастаған секілді.Сонда да әлі де болса кедергілердің аз еместігі анық.
КСРО кезеніндегі ЖЭС кезеңі капиталазимге көшуге ықпал жасалынған кезең деп айтсақ та болады.ЖЭС-қа көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси болжамдары сол кезеңде жүргізілген бірнеше қатар шараларды атап айқындап көрсетсек.Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшірілуі.Тауар-ақша қатынасы қызметінің кеңеюі(сауда еркіндігіне мүмкіндік беру,табиғи еңбек нарығын ақшаға алмастыру,1922-1924 жж ақша реформасы).Азық - түлік диктатурасын алып тастау.
Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы-азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды.Азық түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өңдірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді.Азық-түлік салығының ендірілуі,яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты,олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды.Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды.Себебі,олар өңдірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып,қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды.Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға,сөйтіп өнімді көп өндіруге,яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды.Сөз жүзінде ЖЭС ендірілгенімен Кеңес үкіметі іс жүзінде баяғы қарқымен экономикаға өзінің бақылауын жүргізуді тоқтатпады.Бірнеше ай бойы мемлекет қала мен деревня арасындағы айырбасты кооперация арқылы бақыламақ болды.1921 жылы 7-ші сәуірде мемлекет өзінің арнайы декретімен кооперацияға фабрика-зауыттық өнімдерді ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастауды міндетті тапсырма етіп берді.Бірақ бұл мәселені жүзеге асыру өте қиын болды.Оның себебі мемлекеттің бақылауымен жүргізіліп отырған тауар айырбасы жеке саудамен жарысқа түсе алмады.Оның үсітне мемлекеттік тауар айырбасы ЖЭС-тың принциптеріне сай келмеді,яғни сауда бостандығына кедергі келтірді.Мұндай жағдай халықтың жаңадан ендірілген шаруашылық саясатына деген сенімсіздігін тудырды.Жоғарыда аталған кемшіліктер біртіндеп азық-түлік салығы саясатының кең ендірілуі барысында жойыла бастады.1924-1925 жылдары ауыл шаруашылық салығынан ҚазАКСР н бүкіл шаруашылығының 32,7 % босатылса,1925-1926 жылдары-33,8 % босатылған еді.Әсіресе,1924-1925 жылдары мал өсіруші шаруашылықтығ 72 %-ке жуығы алым-салықтан босатылды.Көшпелі жеке қазақ шаруашылықтарына 3-5 жылдық мерзімдерге жеңілдіктерге негізделегн несиелер берілді.[2]Сонымен қатар мемлекет тарапынан ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алуға негізделген несиелер де белгіленді.Осының бәрі ұсақ товар өңдірушінің материалдық құштарлығы арттырды,оның өз шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін күшейтті.
Большевиктер таптық мүддені қорғау принциптерінен ажырамаса да,жаңа экономикалық саясат аясында мемлекеттің экономикаға араласуы шектелді.Мемлекет белгілі мөлшерде ғана көпкладты ұдайы өңдіріс ті кредит,салық жүйелері арқылы ғана реттеп отырды.Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді.Алайда ірі өнеркәсіп саласын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар
Ғұндардың саяси тарихы
Қазақ халқының шығу тегі
Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері
Солтүстік Үндістанда Моғолдар билігінің орнауы
Ежелгі дүние тарихы пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның этникалық құрамы
Ғұндар туралы
Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері туралы
Пәндер