Көшпелілер тарихы. Көшпелілерде өркениет болды ма


Көшпелілер тарихы. Көшпелілерде өркениет болды ма ?
Көшпелілер өркениеттің әлемдік тарихта алатын орны өте ерекше. Бұл бүкіл батыстық пен шығыстық өркениетке әсер етті. Көшпелі өркениет ұғымы тарихта кең ауқымды алады, бірақ бұл мәдениет әлі толықтай зерттелмеген. Көшпенділер? Осы ұғымның өзі «варварлық», «қатыгездік» мағынасымен байланыстырылады. Бірақ, бұл жай ғана батыс еуропалық пен орыс ғалымдарының пікірі. Бұған еуроцентризм терминінің үлкен әсер етуі деп санайды кейбір ғалымдар. Ағылшын тарихшысы, әрі философы А. Тойнбидің пікірінше «Көшпенділер климаттық пен вегетациялық жылдық циклдің жалғаушысы» деп жазған. Көшпенділердің ең негізгі белгісі - ол олардың даламен байланысы, табиғатпен байланысы және оны сезіне білуі. Олардың тарихын зерттеу өте қиын мәселердің бірі болып тарихта саналады.
Левшин өзіннің еңбектерінде қазақтарды Евразияны мекендеген «жартылай жабайы», «көшпелі қарақшылар» деп атаған. Бірақ оның пікіріне атақты, әрі ғажайып орыс шығыстанушысы қарсы пікір айтқан. Ол Левшиннің «Қазақтардың Батыс Азиядағы түркі халықтарының бір бөлігі, қарақшылар, бау кеспе ұрылар деген пікіріне» мүлдем келіспейтінін анық көрсеткен. Біз отырықшы мәдениеттен өзге бір мәдениет екеніміз рас, дегенмен де отырықшы өркениетке толықтай қарама-қарсы өркениет деп атауға мүлдем болмайды. Радловтың айтуы бойынша көшпелілер мәдениеті басқа ешқандай да бір мәдениетке ұқсамайды, оларды отырықшылардың жауы деуге келмейді деген пікірімен дәлелдеуге болады. Егер көшпелілер мен отырықшылар бір-бірімен байланыс жасамаса, олардың бағыттары бір-бірімен байланыспаса біз қазіргі Евразия тарихының болу-болмайына толықтай кепілдік бере алмайтын едік. Себебі, Байкал жағалауы, Ангара, Лена жерлерінде Шығыс пен Батыстың қосылатын бір тармағы. Осы араласудың арқасында қазіргі мәдени өркениет пайда болып отыр. Тіпті Л. Н Гумилевтің өзі өзінің «Древние тюрки» деген еңбегінде көшпелі өркениеттің бар екендігін, олардың өзіндік бір әдет-ғұрыптарының, ерекше бір мәдениетінің болғандығын, оның тарихы өте тереңде жатқанын айтып. Еуразиялық пікірмен еуроцентристік көзқарасқа қарсы шыққан ғалымдардың бірі болған. Бізге көшпелілер туралы деректердің отырықшыларға қарағанда өте аз екені белгілі. Ол ең басты материалдық құндылықтардың тері, ағаш пен жүннің тасқа қарағанда ұзақ сақталмайтыны мысал, әрі тарихи аргумент бола алады. Оларға ең бірінші Ұлы Даланың әсері, оның көріністері шаруашылықта, өзіндік бір қоғамдық бірлестіктің құруы, өзінің мәдениетінің болуын айта аламыз.
Егер біз географиялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ. Біз бір нәрсені картадан анық байқаймыз. Ол, әрине, еуразия материгінде даланың кең алқапты алып жатуы. Ал дала-ол көшпелілердің мекен еткен жері. Онда олар емін-еркін жер өңдірумен, саудамен айналысқанын. Осы сауданың арқасында Ұлы Жібек Жолының пайда болғанын, бұның біз тек көшпенділер тарихына ғана емес, отырықшы өркениеттергед қандай әсерін тигізгенін бізге айтпасақта түсінікті нәрсе. Бұл, әрине, ең бірінші Батыс пен Шығысты байланыстыратын ең маңызды кілт болып саналған.
Ал осы үлкен кең байтақ далада бір мемлекеттің шамаме 400 жылдан астам үстемдік еткен мемлекеттің болуы көшпенділер тарихында біз кездесті деп айта алмаймыз. Оны басқару үшін әрине бір мемлекттің бір басқару аппаратын болуы шарт, мысалға, хуннуларда-тайпалар бірлестігі, түріктерде-орда, монғолдарда-ұлыс секілді. Бұдан шығатын басты бір қорытынды үлкен кең байтақ далада өзінің билігін жүргізу тіпті мүмкін емес нәрсе деуге де болады. Қазірдің өзінде үлкен территорияны иемдену қиың мәселердің бірі. Ал, осы енді осы басқару механизмін отырықшы Батыс өркениетімен салыстыратын болсақ, Отырықшыларға әлдеқайда оңай болған. Мысалға Византия империясының өзі 10 ғасырдан астам уақыт өмір сүрген. Бұл дегеніміз, көшпелілердің тарихының бақталастыққа толы және өте күрделі болғанын айқындайды.
Көшпелі өмірдің Қазақ тариxында алатын орны ерекше. Біздің елбасымыздың Ұлы Дала елі деп аталуымыз да бірден-бір себебі осы. Көшпелі мәдениет басқа ешқандай да бір өркениетке ұқсамайды. Өзіндік ерекшеліктері :киіз үйдің болуы, жылқының өте жоғары бағалануы, табиғатты қастірлеу білуі секілді. Көшпелікті батыс өркениеті әлі күнге дейін мойындамай келеді. Қазіргі кезде үлкен глобалды сұрақ талқыланып жатыр" Дала ма әлде қала ма?". Дегенмен, дала өркениетінің отырықшылыққа, яғни қалаға ауысуы көптеп кездеседі. Ал, бірақ отырықшы өркениеттің көшпелі мемлекетке айналуы тариxта кездеседі деп айту қиын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz