Мемлекеттік опасыздық
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Мемлекеттік опасыздық туындауының негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Мемлекеттік опасыздықтың зардабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Мемлекеттік опасыздықтың алдын алу, жолын кесу шараларын жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2. МЕМЛЕКЕТТІК ОПАСЫЗДЫҚ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Мемлекеттік опасыздық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Мемлекеттік опасыздық қылмысына жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар», әсіресе, оның ішінде «мемлекеттік опасыздық» қазіргі кездегі әлеуметтік-құқықтық ортаға аса ауыр зиян келтіреді.
Осы қылмыстың басты қауіптілігі мемлекеттің әлемдік аренадағы және өз ішіндегі саяси жағдайын әлсіретуі болып келеді. Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам өзінің іс-әрекетімен елдің тыныштығына, экономикалық дамуына, халықаралық беделіне, әлеуметтік дамуына балта шабады десек қателеспейміз
Конституциялық құрылыстың ұғымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөліміндегі Жалпы ережелерде баянды етілген. Конституцияның осы бөлімінде конституциялық құрылыстың басты принциптері, экономикалық қатынастар, қоғамның саяси жүйелері нақтыланған. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы (1-баптың 1-тармағы), Республика қызметінің түбегейлі принциптері (1-баптың 2-тармағы), Республика егемендігінің түсінігі (2-баптың 1-тармағы), мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі (3-баптың 1-тармағы), биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі (3-баптың 4-тармағы), идеологиялық және саяси әр алуандылықтың танылуы (5-баптың 1-тармағы), меншіктің әр түрі және оның бірдей қорғалатыны(6-баптың 1-тармағы) т.б. мәселелер нақты айқындалған [1, 383 б.].
Конституцияда көрсетілген осындай және басқа ережелердің мазмұны конституциялық құрылыстың мәнін білдіреді.
Республиканың егемендігі дегеніміз — ел ішіндегі мемлекеттік өкімет билігінің үстемдігі және оның сыртқы саяси жағдайларға тәуелсіздігі болып табылады. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды [2, 4б.].
Осы қылмыстың құрамына қысқаша тоқтала кетсек: мемлекеттік опасыздықтың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігі болып табылады. Мемлекеттің қауіпсіздігіне оның ең маңызды

1. Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсіндірме. Жалпы және Ерекше бөлімдер. – Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 808 бет.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2008. – 144б. (2011.01.18-дағы өзгерістер мен толықтырулар).
3. Қазақстан Республикасының Консттуциясы – Астана: Елорда, 2008. – 56б.
4. «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы (2007.07.27 берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
5. Қарағанды облысы 20.04.2011 ж. //http://tv7.kz/kz/news/group_ 68/42078/
6. «Қылмыстық құқық» (ерекше бөлім) пәнінен студенттерге арналған СИЛЛАБУС. //agu.kz/lib/nurlin_kulm.pdf?coun=285/
7. И. Ш. Борчашвили, Г. К. Рахимжанов Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім: Дәрістер баяны: – Алматы, 2007. – 952б.
8. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы (2008.05.26 берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
9. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Воинские преступления. Причины и предупреждение. – Алматы, 1998. 35-бет.
10. “Әл-Қайдамен байланысып, мемлекетке опасыздық жасады” 29.07.2005ж. Дәнеш ҰЗАҚ //http://www.azattyq.org/content/article/1159921.html/
11. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім. Альбом үлгі. Бапанов Т.Ә, Алматы: «Дәнекер» институты. – 2000. 109-110б.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих және Заң факультеті
Юриспруденция кафедрасы
Курстық жұмыс
тақырып: Мемлекеттік опасыздық
050301 Юриспруденция Ю-09қ
ОРындаған Нурмолдин Дастан
Теміржанұлы
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ аға оқытушы Х. Бажай
ПЕТРОПАВЛ, 2011
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ
ҚЫЛМЫСТАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Мемлекеттік опасыздық туындауының
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 6
1.2 Мемлекеттік опасыздықтың
зардабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Мемлекеттік опасыздықтың алдын алу, жолын кесу шараларын жетілдіру
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...11
2. МЕМЛЕКЕТТІК
ОПАСЫЗДЫҚ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..14
2.1 Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Мемлекеттік опасыздық қылмысының субъектісі және субъективтік

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Мемлекеттік опасыздық қылмысына
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ...19
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі қауіпсіздігіне қауіп
төндіретін Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне
қарсы қылмыстар, әсіресе, оның ішінде мемлекеттік опасыздық қазіргі
кездегі әлеуметтік-құқықтық ортаға аса ауыр зиян келтіреді.
Осы қылмыстың басты қауіптілігі мемлекеттің әлемдік аренадағы және өз
ішіндегі саяси жағдайын әлсіретуі болып келеді. Мемлекеттік опасыздықты
жасаған адам өзінің іс-әрекетімен елдің тыныштығына, экономикалық дамуына,
халықаралық беделіне, әлеуметтік дамуына балта шабады десек қателеспейміз
Конституциялық құрылыстың ұғымы Қазақстан Республикасы Конституциясының
1-бөліміндегі Жалпы ережелерде баянды етілген. Конституцияның осы бөлімінде
конституциялық құрылыстың басты принциптері, экономикалық қатынастар,
қоғамның саяси жүйелері нақтыланған. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құрылысы (1-баптың 1-тармағы), Республика қызметінің түбегейлі
принциптері (1-баптың 2-тармағы), Республика егемендігінің түсінігі (2-
баптың 1-тармағы), мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі
(3-баптың 1-тармағы), биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына
бөлінуі (3-баптың 4-тармағы), идеологиялық және саяси әр алуандылықтың
танылуы (5-баптың 1-тармағы), меншіктің әр түрі және оның бірдей
қорғалатыны(6-баптың 1-тармағы) т.б. мәселелер нақты айқындалған [1, 383
б.].
Конституцияда көрсетілген осындай және басқа ережелердің мазмұны
конституциялық құрылыстың мәнін білдіреді.
Республиканың егемендігі дегеніміз — ел ішіндегі мемлекеттік өкімет
билігінің үстемдігі және оның сыртқы саяси жағдайларға тәуелсіздігі болып
табылады. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды [2, 4б.].
Осы қылмыстың құрамына қысқаша тоқтала кетсек: мемлекеттік опасыздықтың
тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігі
болып табылады. Мемлекеттің қауіпсіздігіне оның ең маңызды мүдделері —
конституциялық құрылысы, егемендігі, аумақтық тұтастығы, сыртқы және ішкі
қауіпсіздігі жатады. Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам басқа бір нақты
мемлекеттің пайдасына іс-әрекеттер істейді.
Мемлекетке опасыздықтың объективтік жағы Қылмыстық кодекстің 165-
бабының диспозициясында көрсетілген. Оған жататындар: соғыс уақытында
немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету; шпиондық жасау;
мемлекеттік құпияларды жатқа беру; Қазақстан Республикасына дұшпандық
әрекет жүргізу мақсатымен шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе
олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсету. Осы іс-әрекеттердің біреуін істеу
қылмыстың объективтік жағының орын алғандығын көрсетеді.
Мемлекеттік опасыздық субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналық
арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық ниет әр түрлі көрініс алады, бірақта ол
қылмысты саралауға әсер етпейді.
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған Қазақстан Республикасының
азаматы ғана танылады.
Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел
атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға
түскеніне де он жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып,
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз
мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он
жылдығына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде біз осы жылдар
ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік, біз
Конституция қабылдадақ, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп,
азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты
жетістіктеріміз – 1995 ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның
жемісі,- деді.
Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында
көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары
құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен
ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.
Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда
демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.
Осы тұжырымдамада айтылған мемлекеттің басты белгілерінің жойылуына
алып келуі мүмкін мемлекеттік опасыздықтың қоғамға деген, мемлекетке деген
зияның анықтау , қарастыру .
Зерттеудің объектісі. Курстық жұмыстың тақырыбы, яғни қоғамға аса
орасан зор зиян келтіретін қылмыс түрі мемлекеттік опасыздық, және оның
мемлекеттік құрылысқа деген келтіретін зиянының көлемі мен түрлері.
Зерттеудің мақсаты – мемлекеттік опасыздықтың республикамыздың
егемендігімен сыртық қауіпсіздігіне келтіретін зиянының нақты қауіптілігін,
және осы қылмыс түрімен күресудің басты негіздерін ашып көрсету.
Міндеттері. Берілген зерттеу жұмысының алға қойған міндеттері:
– елімізде жиі кездесіп отыратын мемлекеттік опасыздық қылмысын
болдырмау;
– қылмыстың болуына жол бермеу;
– мемлекеттік опасыздық қылмысын тоқтататын шаралар жасау;
– осы жағдайларды қоғамда қалыптастыру.

ҚЫЛМЫСТАР
1.1 Мемлекеттік опасыздық туындауының негіздері
Мемлекетке опасыздық дегеніміз — соғыс уақытында немесе қарулы жанжал
кезінде жау жағына өтіп кетуден, сондай-ақ шпиондық жасаудан, мемлекеттік
құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет
жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне
өзге де көмек көрсетуден көрінген, Қазақстан Республикасының азаматы
Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан
келтіру немесе әлсірету мақсатында жасаған қасақана әрекет [3, 56 б.].
Соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету
дегеніміз — Қазақстан Республикасы азаматының жау басып алған аумақта
орналасқан жау жағына өз еркімен өтуі, жауға көмек көрсетуі, жау жағының
тапсырмасымен өзі тұратын аумақта әр түрлі іс-әрекеттер істеуі; жау жағына
ерікті түрде шығып кетуі; тұтқын болуы сияқты әрекеттер жатады. Жау жағына
ез еркімен өту соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде ғана орын
алады. Бейбіт кездегі мұндай іс-әрекеттер Қылмыстық кодекстің 330-бабында
көрсетілген — Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекеттік шекарасынан
әдейі заңсыз өтуі қылмыс құрамын құрайды.
Мемлекетке опасыздықтың бұл түрі — Қазақстан Республикасы азаматының
шпиондық жасауы болып табылады. Қылмыстық кодекстің 166-бабында шпиондықтың
түсінігі берілген. Бұл түсінік Қылмыстық кодекстің 165-бабындағы шпиондық
деген ұғыммен объектісі, объективтік жағы және субъективтік жағы бойынша
ұқсас. Осы екі бапта көрсетілген ұғымның айырмашылығы тек қылмыстың
субъектісінде ғана. Қылмыстық кодекстің 165-бабындағы шпиондық субъектісі —
Қазақстан Республикасының азаматы, ал 166-баптағы субъекті шетелдіктер,
азаматтығы жоқтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары болуы мүмкін.
Шпиондықтың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 166-бабына талдау жасағанда
толық тоқталамыз.
Осы қылмыс түрінің туындау негізінің бірі қорқақтық болып есептеледі.
Қорыққан адам өзінің жанын сақтап қалу үшін осындай әрекеттерге барады.
Егер адамға өлім қаупі төніп тұрса , онда азамат ештененеі ойламай өзінің
қара басын алып қалу үшін қорқытқан адамдардың барлық талаптарын орындауға
дайын болады. Ал екінші негізі болып аштықкезінде жау жағы оған мәліметтер
үшін тамақ береміздеп айтса , онда сол адам аштан өлмеу үшін жауға барша
көмегін береді.Үшінші негіз болып кекшілдік әрекет болуы мүмкін. Мысалға
алатын болсақ: егер бұрын азаматтың туыстарының, жақынының барлығын
мемлекет жазықтан жазықсыз соттап өлім жазасына кессе , онда адам сол
елден кегін алу үшін жау жағына шығып кетуі әбден мүмкін.
Шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкіліне мемлекеттік
құпияларды беру дегеніміз — Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік
құпия болып табылатын мәліметтерді шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе
солардың өкілдеріне қасақана түрде хабарлауы болып табылады. Мемлекеттік
құпиялардың түсінігі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы наурыздың 15-
індегі Мемлекеттік құпиялар туралы Заңында көрсетілген. Осы заңға сәйкес
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әскери
саладағы, сыртқы, саяси, экономикалық, барлау, қарсы барлау және
оперативтік іздестіру қызметіне байланысты мәліметтер мемлекеттік
құпияларға жатады[4, 1б.].
Мемлекеттік құпияларды жатқа беру әр түрлі тәсілдермен — ауызша,
жазбаша, схема түрінде, әр түрлі өнімдердің бейнелері арқылы жүзеге асуы
мүмкін. Мемлекеттік құпияларды жатқа бергенде кінәлы адам қызметіне немесе
жұмысына байланысты өзі білетін мемлекеттік құпия мәліметтерді жатқа
береді.
Мемлекеттік құпияларды жатқа берудің туындауының басты негізі болып
пайдакүнемдік саналады. Пайдакүнемдік мақсатпен азамат өзінің қалтасын
толтырамын деп өз елін сатып кетуі мүмкін. Адам өзінің елінің қамын,
болашағын ойламай тек қана қара басының қамын ойласа бұл мемлекеттік
сатқындыққа алып келуі мүмкін. Екіншіден, азаматты алдын ала шетелдік
барлау органдары өз жағына алдап тартып алса, онда адам солардың
айтқанының барлығын орындайды. Үшіншіден, шпиондықта мұндай мәліметтерді
кінәлы адам жинайды, ұрлайды.
Міне осы белгі бойынша бұл ұғымдар бір-бірінен ажыратылады. Қазақстан
Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізетін шетелдік мемлекетке,
шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзгедей көмек беруге (шпиондық
жасау мен мемлекеттік құпияны жатқа беруден басқа) мына іс-әрекеттерді
істеу жатады: шетел барлау агентін паналату немесе оны жалған құжаттармен,
азық-түлікпен, қорғаныс құралдарымен жабдықтау; баспасөз құралдары арқылы
Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі туралы, халықаралық
қатынастардағы оның беделін әлсірететін жалған мәлімдемелер жариялау;
республикаға басқыншылық соғысқа әзірленіп жатыр деген жалған жала жабу;
мемлекетаралық соғыс өртін насихаттайтын әр түрлі ұйымдарды құру, нәсілдік,
ұлттық жікшілдікті тудыратын насихатты өрістету; Қазақстан Республикасын
басқа мемлекеттермен қырғи қабақ соғыс жағдайына итермелейтін әр түрлі іс-
әрекеттер жасау.
Осы қылмыс түрінің басты негіздері: біріншіден, азаматты алдын ала
шетелдік барлау органдары өз жағына алдап тартып алса, онда адам солардың
айтқанының барлығын орындайды. Екіншіден, адам гипноздың әсерінде болса,
онда ол осы әдісті қолданған адамның барлық бұйрығын орындайды. Үшіншіден,
адам психикасына әсер ететін заттардың әсерінде болуы мүмкін.
1.2 Мемлекеттік опасыздықтың зардабы
Мемлекеттік опасыздықтың қоғам мен мемлекет өміріне тигізетін зардабы
әрқашанда зор болатын. Кеңес заманында осы қылмыс түрін отанға сатқындық
деп қарастырған. Ал отанға сатқындық дегеніміз ең қауіпті қылмыс түрі болып
есептеледі. Отанға сатқындықтың яғни мемлекетке опасыздықтың зардаптары
орасан зор. Мысалға алатын болсақ мемлекеттік сатқындық елдің саяси және
эконмикалық негізін қиратуы мүмкін.
Соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кетудің
басты зардабы әскер қатарын сенімсіздік орнату және олардың моральдық
рухын түсіру. Ал рухы түскен әскер өз-өзіне сенбей қорқақтық танытуы
мүмкін. Қорқақтық артында олар өзінің орындарын тастап қашуы мүмкін.
Егер әскер құрамы және халық өз орнын тастап кетсе жау сол жерлерді оп-оңай
басып алуы мүмкін. Ал оның арты жеңіліске әкеп соғуы мүмкін.

құпияларды берудің зардаптары көп. Алайда оның эконмикалық және саяси
зардаптары орасан зор болуы мүмкін. Мысалға алатын болсақ мәліметтерді беру
басқа елдердің сол мәліметтерді өзінің пайдасына қолданып елді әлемдік
экономикалық және палитиқалық аренада құлдырауына әкеліп соғуы әбден
мүмкін.
Шпиондықтың басты зардабы ол жиналған мәліметтердің сол елдің халқына
және беделіне тікелей қарсы қойылуы.
Мысалы осы бір жуырда болған оқиғаны қарастырайық: Қарағандылық екі
азамат отанына опасыздық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Жер өңдеумен
айналысатын кәсіпорында геолог болып жұмыс істеген олар құпия құжаттарды
сатып жіберген. Қызмет бабын асыра пайдаланған опасыздар мемлекеттік құпия
саналатын қағаздарды Қытай азаматына саудалапты. Осы қылмыстары үшін
геологтар 10 және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олардың ісі сотта
жабық жағдайда қаралған. Сондықтан болар әзірге құқыққорғаушылар қандайда
бір ресми мәлімет беруден бас тартып отыр[5].
Міне осындай жалған құжаттар жасау, оны сату сияқты әрекеттердің
арқасында мемлекетке опасыздық жасау орын алып отыр. Бұл екі Қарағандылық
азамат осынау әрекеттерімен, яғни, геолог болып жұмыс істеп қылмыс жасап
отыр.
Бүгiнде бюджет қаржысының уақытысында игерiлмей қалуы жырға айналғаны
жасырын емес. Жергiлiктi жерлердегi мемлекеттiк органдар мен
министрлiктердiң тендрдi тез ұйымдастыра алмай жатқаны өкiнiштi-ақ. Шыны
керек бiрқатар министрлiктердiң тендрi әлi өткен жоқ. Ал мұның зардабын
қарапайым халық тартуда. Ұзынқұлақтан естуiмiзше, кейбiр мекемелердiң
басшылары тендрге бөлiнген қаржыны депозиттерге салып, сыйақы үшiн
миллиондаған теңгенi қалтасына басады екен деген әңгiменi естимiз. Керек
десеңiз мұндай келеңсiз жайдың орын алғанын Парламент қабырғасындағы Есеп
комитетi де растап отыр. Қазiр бюджет қаржысын қадағалайтын және қаржының
қалай жұмсалып жатқанын анықтайтын нақты жүйе қалыптаспай отыр. Сол себептi
жергiлiктi жерлердегi ревизиялық комиссиялардың жұмысы дамымай жатыр.
Алдағы уақытта ревизиялық комиссияның жұмысын заңдық тұрғыда нақтылап алған
жөн. Әйтпесе, мемлекет қаржысы қалай жұмсалып жатқанын анықтау қиынға
соғады. Бюджет қаржысын қадағалайтын Есеп комитетi мемлекеттiк органдардың
бiрегейi. Өкiнiшке орай осындай дұрыс емес келеңсіз жағдайлардан мемлекетке
зардап тиіп жатыр.
Мемлекеттік опасыздық мынадай әрекеттерден көрінеді – соғыс уақытында
немесе қарулы жан-жал кезінде жау жағына өтіп кетуден құпияларды басқа
мемлекетке беруден, ҚР-на қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік
мемлекетік ұйымдарға немесе олардың өкілдігіне өзге де көмек көрсетуден
көрінетін ҚР-ң азаматының ҚР-ң сыртқы қауіпсіздігімен егемендігі немесе
әлсірету мақсатында жасаған қасақана әрекеттердің зардабы [6].
Осындай сатқындықтардың салдарынан туындайтын қылмыстың осынау бір түрі
қазіргі кезде қолға аларлық шаралардың бірі ретінде қаралуы тиіс. Көбінесе
қарулы жан-жал кезінде орын алатын сатқындық, яғни, құпияларды жауға беріп
қою сияқты іс-әрекеттер азаматтың өмірін, отанға деген адалдығына
қарамастан жаcалады. Қыспаққа түсіп қалған ел қорғаушы не кез келген азамат
өмірін сақтап қалуы үшін бәрін жария етуге даяр тұрады. Осындай осалдықтың
әкелер залалы мемлекетке не кез келген тұлғаға ауыр тиеді.Бүгiнде бюджет
қаржысының уақытында игерiлмей қалуы жырға айналғаны жасырын емес.
Жергiлiктi жерлердегi мемлекеттiк органдар мен министрлiктердiң тендрдi тез
ұйымдастыра алмай жатқаны өкiнiштi-ақ. Шыны керек бiрқатар министрлiктердiң
тендрi әлi өткен жоқ. Ал мұның зардабын қарапайым халық тартуда.
Ұзынқұлақтан естуiмiзше, кейбiр мекемелердiң басшылары тендрге бөлiнген
қаржыны депозиттерге салып, сыйақы үшiн миллиондаған теңгенi қалтасына
басады екен деген әңгiменi естимiз. Керек десеңiз мұндай келеңсiз жайдың
орын алғанын Парламент қабырғасындағы Есеп комитетi де растап отыр. Қазiр
бюджет қаржысын қадағалайтын және қаржының қалай жұмсалып жатқанын
анықтайтын нақты жүйе қалыптаспай отыр. Сол себептi жергiлiктi жерлердегi
ревизиялық комиссиялардың жұмысы дамымай жатыр. Алдағы уақытта ревизиялық
комиссияның жұмысын заңдық тұрғыда нақтылап алған жөн. Әйтпесе, мемлекет
қаржысы қалай жұмсалып жатқанын анықтау қиынға соғады. Бюджет қаржысын
қадағалайтын Есеп комитетi мемлекеттiк органдардың бiрегейi. Өкiнiшке орай
осындай осалдықтың салдарынан мемлекет пен қоғамқа әкелер зардабы сөзсіз.

бағыттары
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алғаннан кейін жас мемлекетіміздің
алдында көптеген саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелермен қатар,
дербестігіміздің кепілдігі – ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету
мәселесі тұрды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өзіне
берілген өкілеттіктер шегінде жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін, елдің
конституциялық құрылымын, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын,
экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз
ететін, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп
беретін арнаулы мемлекеттік органдар жөніндегі Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздік органдары туралы заңы қабылданған болатын.
Тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ құрып бөлініп шыққан, аумақтық
жағынан үлкен, табиғи жерасты кеніштері мен қазбаларға аса бай,
экономикалық, өндірістік потенциалы жоғары жас Қазақстанға деген
қызығушылықтың шетелдіктер тарапынан өте зор болатындығы белгілі. Осы
орайда, ұлттық қауіпсіздік органдарының алдында, ең алдымен шет
мемлекеттердің арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген
адамдардың Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге
бағытталған барлау қызметін және өзге де қызмет түрлерін анықтау, алдын алу
және тыю міндеттері негізгі басымдықтардың бірі болды. Сол уақыттан бері
тікелей қауіпсіздік органдарының күшімен талай арнайы операциялар табысты
жүзеге асырылды.
Жаман ниеттерін іске асырмақ болған қаскүнемдердің жолын кескен
кездеріміз аз болған жоқ десем, асыра айтқандық болмас. Солардың бірнешеуін
мысалға келтіре кетейін. Қазақстандық Р. деген азаматтың пайда табу үшін,
мемлекетіміздің сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру және
әлсірету мақсатында, еліміздің қарулы күштерінің іс-шаралары жөніндегі
құпия құжаттарды жинаумен айналысқаны анықталып, бір шет мемлекеттің арнайы
қызметінің органдарымен ынтымақтасып, тыңшылық жасау әрекеті кезінде ұлттық
қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің қолына түсті.
Тағы да бір мысалға назар аударайық шетелдік Ч. деген азамат Қазақстан
Республикасының аумағында 1 жыл бойы кәсіпкерлік қызметті бүркеніп,
мемлекетіміздің сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіретін
мәліметтерді жинап, заңға қарсы барлау қызметімен айналысқан. Мемлекеттік
құпия саналатын мәліметтерді жинауды, сақтауды және беруді жеңілдету үшін
ол бұрынғы танысы Т. деген қазақстандық азаматқа барып, екеуі алдын ала сөз
байласып, мемлекеттік құпияларды алып, ол мәліметтерді белгілі бір шет
елдің арнай қызметіне беру әдістері мен шарттарын өзара келіседі.
Нәтижесінде екеуін алдын ала белгіленген әскери қызметшіден құпия
құжаттарды алып жатқан жерінен ҰҚК қызметкерлері қолға түсірді.
Сонымен қоса Павлодар қаласындағы Мәшһүр-Жүсіп мешітінің аумағында
Хизб-ут-Тахрир ұйымының екі мүшесі қазақ және араб тілдерінде діни
араздық, алауыздыққа шақыратын идеялар жазылған үнпарақтарды таратып жүрген
жерінде ұсталып, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Берілген мысалдан көретініміз, жасаған қылымыстары үшін Ч. және Т.
деген азаматтар, қылмысты аяқтау кезінде қолға түскен. Қылымыстарды ашу
барысында Т. деген азамат мемлекетке опасыздық үшін қылымыс жасап отыр.
Себебі, ол құпия құжаттарды басқа шет елдік азаматқа беруі.
Ал енді Хизб-ут-Тахрир ұйымының екі мүшесі қазақ және араб тілдерінде
діни араздық, алауыздыққа шақыратын идеялар жазылған үнпарақтарды таратып
жүргені де мемлекетке кері әсерін тигізеді. Себебі, осындай әрекеттердің
салдарынан қоғамға келер зиян да, мемлекетке келер зиян да өте жоғары.
Бұлай болуы біз діннен ажыратылған мемлекет болуымыздан емес, азаматтардың
осындай заңсыз ұйымның құрамына кіруі, ол өзіне тигізер әсері мол.
Бүгінде еліміздің аумағында кездесіп қалатын осындай ірілі-ұсақты
экстремистік ағымдағы діни ұйымдардың іс-әрекеттері қауіпсіздік
органдарының қырағы бақылауына алынған. Мемлекетіміздің экономикалық
қауіпсіздігіне қол сұғуға бағытталған қылмыстарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz