Миозит


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-дан астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан.

Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі:

а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әртүрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады;

ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады.

Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсерімен рефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.

Musculus - мыщца - бұлшық ет

Musculi trunci - мышца туловища - тұлға бұлшық еті

Musculi capitis - мыщца головы - бас бұлшық еті

Musculi colli - мыщца шей - мойын бұлшық еті Musculi extremitalis superioris - мыщцы верхней конечности - қол сүйектері Musculi extremitalis inferioris - мыщцы нижней конечности - аяқ сүйектері

Тірек қимыл аппаратының патологиясының түрлері, этиологиясы

Тірек қимыл аппаратының қызметінің бұзылуы деген ұғымға әр түрлі себептерден пайда болған және әр түрде көрініс беретін қимыл қозғалыс бұзылулары енеді. Тірек қимыл патологиясының келесі түрлері ажыратылады:

  • Жүйке жүйесінің аурулары:
  • БЦСА
  • Полиомиелит;
  • Тірек қимыл аппаратының туа біткен патологиясы;
  • Туа біткен жамбастың шығуы
  • Қисық мойындық
  • Маймақ аяқтық
  • Табан деформациялары
  • Омыртқа дамуының кемістіктері
  • Аяқ қолдың кеміс дамуы
  • Артрогрипоз(құбыжықтық)
  • Мидың жұлынның және аяқ қолдың аурулары мен зақымданулары
  • Полиартрит;
  • Сүйек ісіктері;
  • Қаңқаның жүйелі аурулары

Тірек қимыл жүйесі

Тірек қимыл жүйесі кешені қаңқасын құрайтын құрылыстар қалыптастыру орган, оған қолдау көрсету, ішкі ағзаларын жіне қозғалысы мүмкіндігін қорғайды кеңестік.

Тірек қимыл жүйесі адам функционалдық сүйек, сіңір, буын жиынтығы.

Тірек қимылы аппараты бұзылған балалар іс-әрекет түрлерінің дамуы бірқатар ерекшеліктермен жүзеге асады. Бұл біріншіден, қимыл-қозғалыс патологиясымен байланысты, себебі, кез-келген әрекет белсенді сыртқы операциялардың орындалуына, машық-дағдылардың, оның ішінде қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуына бағытталады. Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуы дегеніміз - жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады.

Балалардың туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардың 5 - 7% тірек қозғалыс аппараттарының бұзыулары құрайды. Тірек қозғалыс аппарат бұзылу функциясы туа және жүрек пайда болуы мүмкін Тірек қозғалысының потологиясының осындай түрлері болады.

Тірек қимыл әрекеттері бұзылыстарының синдромдары

  • Миозит (грек. myos - бұлшық ет) - қаңқа бұлшық еттерінің қабынуы
  • Миогелоз және миофиброз бұлшық еттердің аса қатты жиырылу салдарынан туатын созылмалы ауру.
  • Сүйектендіргіш миозит - бұлшық еттің қан қүйылған жерінің сүйектенуі
  • Паратенонит - сіңірлер маңайындағы майлы тіннің қабынуы.
  • Тендовагинит - сіңір қынабының қабынуы.
  • Миоэнтезиттер - миоэнтезиялық апараттың аурулары. Бұған бұлшық еттің, сүйек қабығының, бұлшық еттің сүйекке жабысқан жерінің дертті процестері жатады.
  • Синовит - буынның синовиальды қабығының қабынуы.
  • Периартрит - буынды қоршап жатқан тіндердің дегенеративтік те, қабынушылық та өзгерістері.
  • Артроз - буындардың дегенеративтік-дистрофиялық созылмалы ауруы.
  • Остеохондроз - сүйек және шеміршектің қабынуы.
  • Бехтерева ауруы - буындардың созылмалы жүйелі ауруы.
  • Ревматоидтық артрит - көбінесе шеттік буындардың симметриялық эрозиялық деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз міндейтін жүйелі ауру.
  • Церебральдық паралич пренатальды, интранатальды және ерте постнатальды кезеңдерде мидың жетілмеу немесе зақымдану нәтижесінде пайда болады.

Миозит

Миозит (грек. myos - бұлшық ет) - қаңқа бұлшық еттерінің қабынуы. Миозит жедел және созылмалы түрлерге ажыратылады. Жедел Миозит жедел пайда болатын жұқпалы аурулардың (тұмау, ревматизм, т. б. ), жарақаттың (бұлшық ет жарақаты), бұлшық еттерге қалыптан тыс күш түскенде немесе инфекция түскен тіндерден бұлшық етке қарай жайылуының (мысалы, сүйектен) салдарынан туады. Миозиттің бұл түрі тез арада дамиды.

Негізгі белгілері: бұлшық еттегі жергілікті ауырсыну, оның кернеліп қатаюы; ауырсыну бұлшық етті саусақтармен басқанда және қозғалыс кезінде айқын байқалады. Созылмалы Миозит біртіндеп дамиды. Ол, көбінесе, созылмалы жұқпалы аурулардың (туберкулез, мерез, т. б. ) салдарынан немесе кәсібіне байланысты ауру адамның бұлшық еттерінің шаршауынан, қажуынан пайда болады

Сүйектендіргіш миозит - бұлшық еттің қан қүйылған жерінің сүйектенуі. Әдетте бұлшық етке қан құйылса сіңіп кетеді. Кейбір жағдайда қан тінге сіңбейді. Қан тұрып қалған жерге дәнекер ұлпа мен ізбес тұздары жиналады және сүйек жасушалары өседі. Сүйек тінінің пайда болуы дәнекер ұлпа жасушаларының остебластарға айналуымен түсіндіріледі. Остеобластар бұлшық ет тініне кіріп, оны сүйектендіреді. Сүйектендіргіш миозит спортшыларда қол қары және қол қарының екі басты бұлшық еттерінің дистальды бөлімдерінде, санды әкелуші бұлшық еттің жоғарғы үштігінде, тілерсекті жазушы төрт басты бұлшық етте жиі пайда болады. Бұлшық ет сүйектенуінің бір себебі - олардың жарақаттарының дұрыс емделмеуі. Жазылмаған жарақатқа массажды ерте қолданса, қыздыру процедураларын шамадан артық жасаса, ал қимыл қозғалыстар осы кезде аз болса, сүйектену жүреді. Сүйектенгенінің белгісіне жарақаттанған жердің қатая беруі, жақын жердегі буын қимылдарының шектелуі жатады. Емдеу әдісіне сүйектене бастаған жерге қандай болмасын тітіркендіргіш факторларды жолатпау. Сол үшін қолды немесе аяқты 2-3аптаға гипспен иммобилизациялау керек. Гипс алынған соң емдік гимнастика және физиотерапия беріледі. Алдын алу шараларына зақымдалған бұлшық еттегі қанды ісікті міндетті түрде құрту, жылу процедуларын беруге абай болу, массажды ерте жасамау, керісінше, емдік жаттығуларын ерте және кең дәрежеде қолдану.

Пайдаланған әдебиеттер

1. А. Г. Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр тоғымен емдеу
Балшықпен емдеу
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ-2 ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Жиі кездесетін уланулардың (эфир майларымен) ерекшеліктері мен оларды емдеу әдістерін, сақтандыру шараларын көрсету
Қол - аяқ сүйектерінің сынықтары
Саркоцистоздар
Химиялық қасиеттері
Бұлшықеттерді энергиямен қамтамасыз ету
Қан плазмасының ақуыздары. Қан ферменттері. Қанның ақуызсыз азотты заттары, қанның қалдық азоты
Патологиялық тыныс түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz