Классикалық емес философия



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА
АКАДЕМИЯСЫ
Қазақстанның қазіргі заман тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы

Баяндама
Тақырыбы: Классикалық емес философия

Орындаған: Сураганов Е.Е
Тобы: ФӨТҚБ - 04 - 2017
Қабылдаған: Майлыбаева Л.С

Шымкент - 2019 ж.
XIX ғ. ортасына қарай қалыптасқан философияны классикалық деп атайды. Бұл, философияның бұрынғы дамуымен салыстырғанда теориялық ойлардың қалыптасуындағы ең маңызды қадамдардың бірі еді. Бұл философияға тән сипаттардың бірі, ойлыақылға деген шексіз сенім. Классик -- философтар рационалдық танымды, ғылымды алдағы уақыттары адамзаттың барлық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін сенімді күш деп таныды.
Классикалық философия адамды және тарихты қарастыра отырып, өз назарларын бостандық проблемасына және басқа гуманистік құндылықтарға шоғырландырды және адамзаттың жалпы өнегеліктік принциптерін, идеалдарын рационалды танудың қажеттілігін бекітті.
XX ғ. философиясы (классикалық емес) ең алдымен нақты бір жаңа философиялық ойлау сияқты классикалықтың антитезисі ретінде құрылды. Классикалық емес философияға мына ерекшеліктер тән:
Қазіргі заман философиясы әр түрлі философиялық мектептерге бөлінуімен сипатталады. Олардың ең белгілілеріне мыналар жатады: герменевтика, экзистенциализм, неопозивитизм, неофрейдизм, неотомизм, персонализм, прагматизм, структурализм, феноменология, антропологиялық философия және т.б.
Әйткенмен де бұл оның ғарышталынуы емес. Керісінше қазіргі заман философиясы жалпыазаматтық, планетаарлық сипат алуда. Негізінде, XX жүз жылдық -- бұл адамзаттың біртүтастығының қалыптасу уақытында, өзін белсенді түрде жалпыадамзаттық тәжірибенің субъектісі ретінде анықтай бастаған жаңа деңгейі. Бұл жағдайларда философия өзінің бүткіл тарихында алғашқы рет нақты дүниежүзілік философияға айналды -- оның басқы мектептері планетаарлық философиялық ойдың дүниежүзілік тенденцияларының мәртебесіне ие болды. Бұл жағдайлар әр түрлі мэдениет өкілдерінің бірін -- бір түсінуге маңызды алғы шарт болып табылады.
Қазіргі заман философиясы рационализмнен бастартып, иррационалистік тұрғыдан шықты. Иррационализм (лат. Irrationaiist -- ақылға сыймайтын, санасыз) -- философсиялық ілімдердің бұл жүйелері, рационалдылық танымның шектелгендігін сақтайды, және оған танымның негізгі түрлер ретінде интуицияны (зердені), сенімді қарама-қарсы қояды. Философия тарихында иррационалдықтың негізгі идеясы -- неоплатоншылдарға, августианшылдарға және басқа философиялық мектептерге тән болатын. Философиялық бағыт ретінде иррационализм XIX ғ. құрылып батыс философиясында үстем бола бастады; ойлау философиясы өмір философиясына ауыстырылды.
Иррационализмді оның бұрынғы рационалдық танымды төмендететін немесе әлемді объективті түрде тануға мүмкін еместігін жариялайтын агностицизмен шатастыруға болмайды.
Қазіргі заман философиялық жүйелерінің көпшілігі антропологиялық сипатта болады. Оларды бір ерекшелік біріктіреді: ең негізгі философиялық мэселелерді анықтағанда, атап айтқанда адам мәселесіне келгенде оларға жалпы ортақ тұрғы тән. Антропологиялық жеке адамның өрістерін және негіздерін және субъективтілігін анықтау әрекеттерінен көрінеді, адамды барлық заттардың өлшемі ретінде қарастыруынан, оның өзінен және соның арқасында дәл өзін, сол сияқты қоршаган ортаны (табиғатты, қоғамды) және сонымен қатар мәдениетті түсінуге деген талпынысынан көрінеді. Антропологияшылдық философияның дамуына мына идеялар (ой) ықпалын жасады. Біріншіден, адам -- түрлі символдарды жасай алушы жан иесі тегінен. Екіншіден, адам, табиғаттан салыстырмалы дербестігін ала отырып өздігінен даму, түрлену мүмкіншілігіне ие болды. Үшіншіден, адамдық табиғаттың жоспарсыздығы, олардың іс-әрекеттер арқылы болмысты өзгерте алуы, бейне бір адамның өзін қайта жасайтындығы, тек қана рухани жағын емес, сонымен қатар биологиялық түр ретінде.
ХХ-шы жүз жылдықтағы философияда ғылымға деген қарама-қайшы түсініктер байқалды. Сциентизм (лат. science -- білім, ғылым) және антисциентизм сияқты көзқарастар пайда болды. Сциентизм -- дүниеге көзқарас, оның негізінде әмбебап мәдени қүндылықтар туралы және адамның әлемде бағыттала алуына жеткілікті жағдайлар ретіндегі ғылыми білім туралы түсініктер жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сократ философиясы
Канттың философиядағы таным мәселесі
Экзистенциализм философиясы
Герменевтика философиясының негіздері
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы
Неміс философиясы
Неміс классикалық философиясының пайда болуы
Неміс классикалық философиясының негізгі сипаттары
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты
Пәндер