Мал өнімдерін тасымалдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мал өнімдерін тасымалдау

Мал өнімдерін(сүт, ет, ет өнімдерін, жұмыртқа) тасымалдауға төменгі температурамен қамтамасыз ету үшін, жүктік рефрежераторлық бөлмелері бар кеме немесе баржа пайдаланылады. Кей уақытта тез бұзылатын өнімдеоді тасымалдауға изотермиялық суытпайтын және рефрижератолық мұздатқыш контейнерлер қолданылады. Қоректік жағжайда жүк бөлмелерінде дезинфекция, дезинсекция немесе дератизация жүогізіледі, иісі кетіріліп, кептіріледі.

Суытылған жіне тез бұзылатын өнімдер қатырылған жүктерді рефрижераторлы кемелерге тиелер алдында, жүк бөлмелеріндегі температура 2-3С төмен болуы керек.

Тасымалдауға арналған тез бұзылатын өнімдерді қабылдау белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі:

-жүктердің жалпы жағдайын тексереді және оның ыдысын тексереді;

-кемелердің жүру кестесіне байланысты және олардың санына байланысты;

-белгіленген жеткізу пунктіне тасымалдау мүмкіндігін бағалайды;

-керекті жабдықтарды және тиеу құралдарын, жүктерді бекіту құралдарын анықтайды;

-жүктік тасымалдауға жататынын растайтын және өнімдердің сапасының төмендейтінің дәлелдейтін қажетті құжаттарды тексереді;

-көліктік құжаттарды рәсімдейтін және төлемдер жүкті жіберушіден алынады.

Жүктердітасымалдау кезінде тауарлардың сапалық жағдайын жалпы яғни барлығын көру, жұмсақ және қатты ыдыстағылардың кейбір жерлерін ашып көру арқылы:консервалардың сыртын көру арқылы, тоңазтқыштағы мұздатылған және суытылған ет өнімдерін көзбен көріп тексереді.

Май және ашытқылардың термикалық жағдайын кемеге тиер кезінде температурасын өлшеу арқылы анықтайды.

Тез бқзылатын жүктерді тасымалдауға қабылдау үшін мынандай шарттар орындалуы тиіс:жіберуші етті тасымалдауға қатырылған, суытылған немесе толық ұшаны суытылған түрде немесе бөлінген түрде әкеледі. Ұшалар сырты қаттты тоңазытылған сырты таза, лассыз және ішкі ағзалары таза болуы керек. Еттің сыртында мұз және қар болмауы керек. Мұздатылған және суытылған етте қан түйіршіктері, етке тән емес иістер болмауы керек. Ет белоктары тоңазытылған түрде пергаментке, целлофонға және басқа синтетикалық орағыштарға оралған картон қорабтарға, пакеттер немесе контейнерлерге салынған болады. Өндірістік өңдеуге арналған еттер тоңазытылған немесе мұздатылған түрде болады. Бұл жағдайда ілеспе құжатының «Жүктердің аты» деген бөлігінде «Өндірістік өндеуге арналған ет» деген белгі қояды.

Құс, қоян ұшалары тоңазытылған немесе мұздатылған түрде ыдысқа салынады.

Сүрленген еттерді (құс аяқтарын, төстіктерді) ағаш немесе тесігі бар фанерлі жәшіктерге орналастырады, ысталған еттер мен шұжықтар бөшкелерде болуы мүмкін. оларға тамақ майын құюға болады.

Тамаққа ерітілген мал майлары ағаш бөшкелерде, ағаш немесе фанерлі жәшіктерде болады. Тұздалған тағамның барлық түрлері, тұздалған тілдерді ақпайтын бөлкелерге салынады. Бас, құлақ, мал аяқтарын жүннен тазартылған, өнделген түрде тесіктері бар жәшіктерге орналастырылады.

Балық, балық өнімдері тоңазытылған түрде тек қана ыдысқа салынады. Тоңазылған, суытылған балық тығыз, қатты, желбезектері таза, қызғылт немесе қоңыр қызыл түсті иісі өзіне тән болуы керек. Барлық тұздалған балықтарды ағаш бөшкелерге, тығыз ағаш жәшіктерге орналастырылады, ал кептірілген балықтарды жанында диаметрі 2-3 см тесітері бар жәшіктерге орналастырылады. Өзен көліктерімен тасымалданған ыстық ысталған балықтар қабылданбайды.

Түрлі балықтардың уылдырықтарын бөшкелерде, ал шыны ыдыстағыларын жәшіктерге салып ұсынады. Жәшіктердің сыртқы жақтары темір ленталармен тартылған құлыптанған немессе жіберушінің пломбасы болады және бөшкелердің үстіңгі және астынңғы жақтарына пломба қойылады.

Сүт және сүт өнімдері ыдыстарда және арнайы контейнерлерде болуы керек. Жаңа сауылған сүт және кілегей қаймақ флягтерде, бидондарда әкелінеді. Фляг, бидондардың қақпақтары жақсы жабылу үшін аралықтарына резеңке қойылады немесе орағыш қағаздармен жабылады және жіберушінің пломбасы болады.

Сары май ағаш немесе фанерлі жәшіктерде немесе қайыңнан жасалған бөшкелерде әкелінеді.

Бұқтырылған өнімдер бөшкелерде темір немесе қайыңнан жасалған ағаш бөшкелерде әкелінеді.

Бұқтырылған өнімдер бөшкелерде, темір немесе шыны ыдыстарында олар ағаш жәшіктерге, фанерлі немесе картоп жәшіктерге орналасады. Мөлшерден ауытқушылық болған жағдайда тасымалдауға жіберілмейді.

Тауық жұмыртқалары жәшіктерде орналастырылады, араларында ағаш ұньаұтары салынады.

Сапалық сертификаттары немесе ветериналиялық куәліктері бар еттер тасымалдауға қабылданады. Тасымалданатын шошқа етінне трихеллоноскопиялық мәліметтер, жылқы етіне сойылар алдында жүргізілген маллеинизация нәтижесі көрсетілуі керек. Өнімдерді тиеу алдында көріп тексереді және тиеу процестерін және жүкті орналастыруды бақылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар ауруларының қоздырғыштары
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Жылқы жануарын тасымалдау сәті
Салқындатылған ет және ет өнімдерін автокөлік құралдарымен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар және оларды жақсарту шаралары
Мал шикізат өнімдері
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық - санитарлық қадағалау жайлы
Кептірілген терілерді тасымалдау
Темір жол ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz