Фармация ісінің даму консепциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
 Жоспары:
1.Кіріспе
2 Фармация тарихы ғылым ретінде.Дәрітанудың пайда болуы
3 Ежелгі Шығыс елдеріндегі фармацияның дамуы
4 Орта ғасырлардағы фармация
5 І Петр реформасы кезіндегі Ресейдегі фармация
6 ХІХ-ХХ ғғ.Ресей мен Қазақстандағы дәріханалық іс

КІРІСПЕ
Өткенді оқып-үйрену бізге бүгінгімізді жақсы түсінуімізге септігін тигізеді. Кез келген құбылыстардың даму заңдылықтарын тану оның болашақтағы дамуын жақсы түсінуге көмектеседі.
Кез келген басқа да білім саласы тәрізді, фармация нақты шынайылылықтардың қосылыстарын емес, ұзақ та күрделі даму процессінің қорытындысын ұсынады. Сондықтан да, фармацияны оның тарихи дамуынан бастап оқып-үйрену қажет. Фармацияны оқу, басқа да білім салаларындағыдай, оның тарихымен танысу міндетін қарастырып қана қоймай, сондай-ақ, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, алғашқы тарихи мәліметтермен жұмыс жасай білуге тәрбиелеп, жалпы мәдени танымды кеңейтуге септігін тигізеді.
Әрбір фармацевтикалық пәндерді оқу оның тарихи даму жолына сараптама жасаудан басталады. Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің жекелеген бағыттарының тарихымен жүйелі түрде танысу, студенттің материалды жақсы меңгеруіне және мамандардың кәсіби және шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

1. ФАРМАЦИЯ ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. ДӘРІТАНУДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Өткенді оқып–үйрену бізге бүгінімізді жақсы түсініп, болашақтағыны жорамалдауға көмектеседі. Біз өмір сүріп жатқан уақыт білімнің бүкіл саласы бойынша, соның ішінде фармацияда да жедел дамуда. Сонымен қатар, біздің уақытта дайын материалдарды оқып-үйрену ғана емес, әрбір маманның өзіндік ғылыи жұмыстарының да, соның ішінде фармацевтердің де ролі өсіп келе жатыр. Осымен байланысты қазіргі ғылымды жетілдіре меңгеру үшін бұрынғы заманғы тарихтық қазыналардың да үлесі көп. Тек сонда ғана тарихи білімді және тарихи ойлай алатын маман болашақта оған кездесетін фармациядағы ауқымды өзгерістерге дайын бола алады. Фармация тарихы- халықтың жалпы тарихи мәдениетімен, бұқаралық- экономикалық дамуы және ауысуымен байланысты фармацевтикалық қызымет пен фармацевтикалық білімнің дамуын оқып зерттейтін ғылым. Фармация тарихының мағынасы әйгілі ғалымдардың фармацевтикалық ғылымды дамытудағы жетістіктері мен ролінің әлемдік прогресстегі деңгейін көрсетеді. Және де бір маңызды мәселе, өз мамандығының тарихын білу қазіргі уақытта оның жақсы дамуының бірден- бір белгісі және оның бәрі адамның өз қолында. Денсаулыққа әсер ететін қоршаған ортаны қорғау, бұқаралық- экономикалық, әлеуметтік және мәдени шарттарын зерттеудің нәтижесінде фармация ғылымы мен пәні дамыды. Әрбір фармацевтикалық пәнді оқып - үйрену, оның дамуының тарихи сараптамасынан бастау алады. Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің жеке бағытындағы тарихпен бөлшектеп және нақты танысу – зерттелген материалды толық игеруге, жас маманның және студенттің шығармашылық мүмкіндігін жандандыруға ықпал етеді.
Фармация тарихын оқи отырып, біз оны бұқаралық – экономикалық құрылымдар бойынша адамзаттың жалпы қадамына жауапты дәуірлерге бөлеміз. Бұл құрылымдар мыналар: алғашқы-қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, әлеуметтік. Әрбір осы құрылымда фармацияның өзіндік ерекше әлпеті болды. Бірақ, әр құрылымның шегінде медициналық тәжірибе мен ғылым сол заманғы экономиканың, ғылымның, техниканың өзгеруіне қарай ауысып отырды. Фармация тарихы бізге қоғамдағы өзгерістермен байланысты фармацияда болып жатқан тамырлық өзгерулер мен қадамдарды көрсетеді.

ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ

Ежелгі Шығыс адамзат мәдениеттің бесігі болған. Мұнда басқа елдерге қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстың құл иеленушілік құрылысқа алмасуы ерте жүрді. Ежелгі Шығыста алғашқы мемлекеттер б.э.д IV-II мыңжылдықтарда Ніл, Тигр, Ефрат, Инд, Ганг өзендерінің өңірлерінде пайда болды. Құлиеленушілік Египетте және Месопотамияда (б.э. д. IV-III мыңжылдықта), Үндістанда (б.э.д. III мыңжылдықтың ортасында), Қытайда (б.э.д. II мыңжылдықта), Закавказьеде (Урарту мемлекеті, б.э.д. I мыңжылдықта) үстемдік етті.
Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицина мен фармацияның дамуын сазбалшықтан жасалған тақтайшалардағы және жартастарда ойып жазылған жазбалар, саркофактарда, папирустардағы жазбалар, ежелгі медициналық кітаптар, діни шығармалар, Махабхарата, Рамаяна (Үндістан) этикалық шығармалары, Хамурапи патшаның Заңдары (Ассиро-Вавилония) дәлелдей түседі. Археологтар хирургиялық жабдықтар, саитарлық-гигиеналық құрлыстар (моншалар, хауыздар), өсімдіктер мен майлар қалдықтары бар түтікшелер тауып алды.
Ұрпақтан ұрпаққа білімдерін ауызша түрде тарату арқылы эмпирикалық медицина дами түсті. Бүл білімдер жөнінде ешқандай жазбалар қалмады, тек папирустарда ғана жекелеген ауру түрлерін емдеу әдістері мен емдік дәрілерінің жазбалары сақталып қалған. Діни ұғымдардың пайда болуы мен дамуының нәтижесінде ауруды тәңірдің берген жазасы деп қабылдады. Бақсылық және шіркеулік медицина дамыды. Бақсылар білімді адамдар болған, олар жазудың пайда болуынан бастап халық медицинасының әдістерін жаза бастаған.
Ежелгі Шығыстағы құлиеленуші қоғамда жіктеу ерекшелігі орын алды: дәрігер құлды сәтсіз емдеген жағдайда шығынын басқа құлмен өтеген, құлиеленушіні сәтсіз емдеген жағдайда емдеушінің саусақтарын кейде тіпті қолын шапқан. Храмдарда емдеу ісін үйретуге арналған медициналық мектептер ашылған, сондай-ақ медициналық білімдер отбасында да берілген.
Кейін медицинамен айналысу жеке кәсіпке айналған, кәсіпқой-дәрігерлер пайда болған. Дәрігердің қызметі орындауға міндетті болған қатаң ережелермен реттеліп отырған. Ауру түрлері және оларды емдеуге арналған дәрілерді дайындау әдістері жазылған медициналық әдебиеттер пайда бола бастады.
Ежелгі Қытайдағы фармацияның дамуы
Б.э.д. IV-III мың жылдықта Хуанхе өзенінің жазығында жер шарындағы көне жаратылыстарының бірі пайда болып, б.э.д ІІІ ғасырдың ортасында мемлекет мәртебесін алды. Ежелгі Қытай әлемге жібек пен оқты, компас және фарфорды, фаянс және қағазды, кітап басып шығаруды және жаратылыстану ғылымдары, медицина мен фармациядағы жаңалықтарды жария етті.
Ежелгі Қытайдағы медицина мен фармацияның дамуы туралы, кейбіреулеріне 2-3 мың жыл толған ежелгі иероглификалық кітапта айтып береді. Олардың ішіндегі ең көнесі болып Нэй-цзиннің (18 кітап) энциклопедиялық еңбегі саналады. Алғашқы тоғызы (Су вэнь) адам организімінің құрылымы мен атқаратын қызметтеріне, ауру түрлерінің диагностикасы мен емдеу жолдарына арналған. Соңғы тоғыз томында (Лин шу) чжень- цзю терапиясының көне әдісі сипатталған. Ежелгі Қытай халық медицинасының негізінде ежелден келе жатқан қытай материалистік философиясы жатыр. Бұл философия бойынша, объективті әлем үнемі қозғалысты болады және өзгереді, оны танып білуге болады. Сырқаттану түсінігі организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасына негізделген және у-син (бес алғашқы элементтер туралы) және ян-инь ілімдерінде баяндалған.
Чжен-цзю терапия (чжень-акупунктура немесе инемен емдеу, цзю-мокс немесе күйдіру) Қытай халық медицинасының өзіндік ерекшелігі болып табылады. Оның эмпирикалық тамыры тереңге кеткен. Қытай дәрігерлері өмір нүктелерінің бар екенін және оларды тітіркендіру арқылы ауруды емдеуге болатындығын дәлелдеген. Бұл әдістің алғашқы терең түсініктемесі б.э.д ІІІ ғасырда берілген. XIVғасырға дейін 700-дей өмір нүктелері табылып, олар 14 өмір сызығымен біріктірілді. Нүктелерді тітіркендіретін инелер бастапқыда кремний мен яшмадан, кейін сүйек пен бамбуктан, ал одан да кейін – металлдан: қоладан, күмістен, алтыннан, платинадан дайындалған. Оқыту үшін арнайы атластар жасалып, манекендер ( үлгі қуыршақтар) құйылып, оларда ине сұғатын барлық нүктелер мен каналдар көрсетілген. Қытайдың барлық атақты дәрігерлері бұл әдісті жетік меңгерген.

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФАРМАЦИЯ
Батыс Еуропадағы фармация
Феодалдық құрылыс әлемнің әр елдерінде әр түрлі тарихи кезеңдерде орнады. Бұл құрылыс Қытайда б.э.д. III-ІІ ғасырларда, Үндістанда – біздің эрамыздың алғашқы жүз жылдығында, Орта Азия мен Закавказьеде – IV-VI ғасырларда, Батыс Еуропа елдерінде – V-VI ғасырларда, Ресейде – IX ғасырда жүрді.
Б.э. 476 жылы Батыс Рим империясының құлдырауы Батыс Еуропаға құлиеленуші құрлыспен алмасқан жаңа формация - феодалдық қоғамның арасындағы алшақтықты алып келді. Феодалдық қатынас кезеңі 12-13 ғасырларды қамтиды.
Франция, Германия, Англия феодалдық қоғамы үш кезеңді бастан кешірді. Ерте орта ғасырларда (V ғ. бастап Х – XI ғ. дейін) шынайы шаруашылық басым болды, ғылымның төмендеуі байқалды.
Феодализмнің екінші кезеңінде Батыс Еуропада (XI – XV ғғ.) – дамыған орта ғасырларда – қалалар көркейіп, шаруашылық қарқынды дамыды, ел ішіндегі және басқа елдермен арадығы сауда қатынастары дамыды. В Х-ХII ғасырларда Батыс Еуропада философияның басты түрі схоластика болды, оған сүйене отырып барлық мүмкін болатын білімдер шіркеу әкейлерінің еңбектерінде немесе қасиетті жазбаларда берілген деген түсінік болған. Ортағасырлық ғылымның философиясы– бұрмаланып, шіркеу қызметіне қойылған Аристотельдің ілімдеріне негізделді.
Университеттер медицина орталықтары болып саналды. ХI ғасырда Салернода, ХII-ХIII ғасырларда Болоньеде, Монпельеде, Парижде, Падуеде, Оксфордта, ХIV ғ. – Прага мен Венада университеттер ашылды. Сабақ беру схоластикалық әдісте жүргізілді. Оқу жоспарлары котолик шіркеулерінің бақылауында болды.
Осы уақыт аралығындағы дәрітанудың дамуына алхимия мен астрология әсерін тигізді. Алхимиктердің зерттеулерінде сынап пен күкірт ерекше орын алды. Алхимиктердің түсінігі бойынша сынап пен күкірттен басқа металдар пайда болған. Құрамында сынабы көп металл таза, ал күкірті көп болған металл онша таза емес металл деп саналған. Алхимиктердің арқасында зертханаларда дайындалып, фармацияда қолданылған заттардың саны көбейді. Тәжірибелік фармацияның дамуына алхимияның теріс әсері де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрі-дәрмек дайындайтын мекеме
Фармация және химиядағы даңқты жаңалықтар ашқан ғалымдар мен фармацевттер
Ресейдегі және Қазақстандағы дәріханалық іс
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
ПЕТРДІҢ РЕФОРМАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ
Эмпирикалық медицина және оның ерекшелігі
Коммерциялық банктің несиелік саясаты. (ақ «қазақстан халық банк» мәліметтері негізінде)
Антикалық жерорта теңізінің медецинасы
Еңбек гигиенасында кәсіби ауруларды алдан алуды зерттеу әдістері
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Пәндер