Қой - ешкіні азықтандыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

III. Қой-ешкіні азықтандыру

Дұрыс азықтандырылса ғана қойдың өнімділігі артып, қой шаруашылығы-ның экономикасы ойдағыдай дамымақ. Республика жағдайында қойдың негізгі азығы-табиғи жайылым өнімділігін арттырып, айналымын енгізіп, тиімді пайдаланып, жыл бойы қой басын арзан да құнарлы азықпен қамтамасыз ету керек. Жайылым оты қой мұқтаждығын толық өтей алмаса ғана оған қосымша азықтар беріледі. Әдетте бұл күз, қыс айлары мен көктемге сәйкес келетін күйекке дайындау, ұрықтандыру мен саулық буаздығының екінші жартысына және қоздау, қозыларды емізуге сәйкес келетін кезеңдерде азықтандыру мәселесіне ерекше назар аударылады.

Жайылым оты азыққа деген мұқтаждықты өтей алмаса, қойға қосымша сапалы пішен, турап бапталған жаздық дақылдар сабаны, әртүрлі шөптен жасалған пішендеме беріледі. Өнеркәсіптік кешендерде қой мұқтаждығы сапалы сүрлеммен, басқа да шырынды азықтармен өтеледі. Бүлар жүн түсімін арттырып, сапасын жақсартады.

Сапалы жүн алу үшін қой денесіне тән ерекшеліктерді өскеру қажет: қоректік заттар алдымен тіршілікті қамтамасыз ететін жүйелердің

31

(орталық жүйке жүйесі, қан айналымы өніп өсу, т. б. ) жұмысын жақсартуға жұмсалады. Желінген азықпен берілген қоректік заттар жеткіліксіз болса, ең алдымен аталған жүйелерге, содан кейін барып тері мен оның өнімдеріне (жүн, жал, мүйіз, түяқ) жұмсалады. Осының нәтижесінде қоректік заттар үнемделеді, мал ұзақ уақыт аштыққа шыдаиды. Бірақ тіпті аз ғана уақыт жүн талшықтарының түбіріне қоректік заттар қажет денгейде жеткізілмей қалса, жүннің өсуі күрт баяулап талшықтары жіңішкереді де, жүнде «аштықтан жіңішкеру» ізі қалады. Мұның салдарынан жүн сапасы төмендейді де, қырқылған кезде әлгі жіңішкерілген жерлер көрініп тұрады, сөйтіп жүннің табиғи мықтылығы жойылады- ол үзілгіш келеді.

32

3. 1. Саулықты азықтандыру

Саулық азықтандыруды денесіндегі зат алмасуына ықпал ететін физиологиялық жағдайды ескере отырып ұиымдастыру қажет. Күзде, күйек алу науқанына 1-1, 5 ай қалғанда саулықтың азықтандыру деңгейі жоғарытылады, мұның нәтижесінде саулық тез күйлеп, қысқа мерзімде ұрықтанады, ал көктемде жаппай қоздайды егіз саны көбеиеді

Жаңа туған қозы салмақты әрі өміршең болуы үшін қыстың аяғы мен көктемнің басында, яғни буаздығының екінші жартысында буаз саулықты құнарлы азықтандыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл кезенде саулықтың энергияға мұқтаждығы 30-40%, қорытылатын протеинге деген мұқтаждығы 40- 60% өседі /22-ші кесте/. Осыны ескере отырып рационындағы құнарлы жем мөлшері көбейтіледі. Ол азық қоректілігінің 15-30 процентіне тең болуға тиіс. Сапалы, аралас пішен мөлшері де молайтылады.

Қоздап болысымен саулық қозысын жалатып құрғатады, ұызға, сүтке тойындырып қоректендіреді. Қозыға 100 г. салмақ қосу үшін 0, 5 кг қой сүті керек. Сүт түзілуі ушін қосымша 0, 3 азық өлшемі, 40 г қорытылатын протеин, 1, 9 кальций мен 1, 2 г фосфор берілуі керек. 23-ші кестеде шаруашылықта саулық басына шағылған жыддық жемшөп шығыны келтірілген.

3. 2. Қозыны азықтандыру

Жаңа туған қозыны енесінің уызына тойдырады да, алғашқы екі аптада негізінен сүтпен азықтандырады, ал 3-4-ші аптадан бастап біртіндеп жемшөпке үйретеді: 4-айлығында 100 г жапырақты аралас пішен не бұршақ тұқымдастар пішені беріледі, 16-айлығында пішен мөлшері 350-400 грамға, жем 50 грамнан 350 грамға жеткізіледі, оның 50-75 грамы протеинді дәннен тұруға тиіс. Қозы денесінде тәулігіне 1, 8-2, 1 г кальций, 1-1, 2 г фосфор сіңірілетінін ескеріп, оған күнделікті 5-10 г минералды (кальций-фосфорлы) қосынды береді.

Ене сүтіне жарымаған қозы мен жетім қалған қозыны Алматы зоотехни-калық малдәрігерлік институты ұсынған (М. Байтурин, Ж. Оразалин, 1977) құрама жеммен азықтандыруға болады /

26. Қозыға қосымша азық беру жобасы (тәулігіне бір басқа г есебімен)

Минералды қосындыны (ас тұзы, бор, сүйек ұны) жегенінше жеке науаға салып береді.

3. 3. Тоқтыны азықтандыру және бордақылау

Тоқты өсіру бағытына, тірілей салмағына, жынысына, салмақ қосуына сәйкес азықтандырылады (27-ші кесте) . Тұқымға қалдырылатын тоқты отарларына шөбі шүйгін жайылым бөлініп тәулігіне әр басқа 300-400 г есебінен жем беріледі.

Тұқымға қалдырылмайтын тоқтылар жедел жетілдіріліп бордақыланады да, 6-7 айлығында 40-45 кг салмақпен етке тапсырылады. Олардың азықтандыру нормасы қосылатын салмақ мөлшеріне сәйкестендіріледі (28-ші кесте) .

Бордақылауға жасы жағынан шамалас, біркелкі дамыған еркек қозылар қойылады. Олар тәулігіне 180-200 г салмақ косып, 60 күн ішінде 40 кг тартуға тиіс. Әр қозыға күніне 0, 5 кг сапалы бұршақ не бұршақ-астық тұқымдастар пішені, 0, 1-0, 2 кг шөп кесіндісі, 1 -2 кг пішендеме. 2-3 кг сүрлем, 300-400 г жем қоспасы, жегенінше минералды қосындылар берілді.

Қой бордақылау кешендерінде мал азығы өнеркәсіптік технологияға лайықтап әзірленеді. Оны үлестіру оңай. Ондағы қоректік заттар белгілі нормаға сәйкес келтірілуге тиіс. Осы мақсатпен түйіршікті азықтар қолдануға болады. Қазақ ғылыми-зерттеу технологиялық қой шаруашылығы институты (Қ. Медеубеков, Т. Сарбасов, т. б, 1981 ) қой бордақылау үшін мынадай азық қоспаларын ұсынады (29-шы кесте) .

29. Қой бордақылауға арналған түйіршіктелген азық

қоспаларының құрамы (салмағына % есебімен)

Түйіршіктелген азық қоспасымен бордақыланған тоқтының салмағы 25-40%, жүн түсімі 30-35% артады. Олардың желінуі мен қоректілігі құрамындағы сабан мөлшерімен реттеледі (тоқты рационында - 30%, саулық рационында - буаздығының басында -60%, аяғында - 40-50%) . 6 айға дейінгі тоқты рационының құрғақ затында клетчатка - 13%-тен, 7-15 айлығында 22-25%-тен, ересек қойдікінде 27%-тен аспауға тиіс. Түйіршіктелген азық түсімін арттыруға да мүмкіндік береді.

3. 4. Тұқымдық қошқарды азықтандыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ешкіге арналған азық рационы және азықтандыру нормасы
Сүтті бағыттағы ешкілерді азықтандыру
Зоогигиена. 100 бас ешкі фирмасының жобасы
Еркек ешкілерді азықтандыру ерекшеліктері
Жануарларды тасымалдау мамандандырылған автокөлік құралдары
Қой мен ешкіні су, әуе, темір жолмен, автокөлікпен импорттау ,экспорттау кезінде ел ішінде тасымалдау кезінде қойылатын талаптар ветеринариялық- санитариялық бақылау
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Терінің тауарлық қасиетінің қалыптасуына әсер ететін факторлар. Былғары және тондық – мех тері шикізатының түрлері
Ешкі сүтінің биологиялық - химиялық құрамы
Малды тасымалдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz