Жердiң газды қабатының биогеохимиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жердiң газды қабатының биогеохимиясы

  1. Атмосфера құрамының және организмдардың тiршiлiк әрекетiнiң газдар массаалмасуының биогеохимиялық эволюциясы
  2. Ауа тозаңдардың геохимиясы және биогеохимиясы
  3. Химиялық элементтердiң суда еритiн формаларының атмосфералық масса тасымалдауын мәні

1. Атмосфера құрамының және организмдардың тiршiлiк әрекетiнiң газдар масса алмасуының биогеохимиялық эволюциясы

Атмосфералық ауа - бұл жердің эволюциялық дамуы бары­сын­да қалыптасқан, тұрғын үй, өндірістік және өзге де орын­дар­дан тысқары, атмосфераның жер беті қабатындағы газдардың табиғи қоспасы.

Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен жанасуы нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді мен оксидін, күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топрақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды таратуы, сонымен қатар локальді ластануды ғаламдық ластануға айналдырушыфактор болып табылыды. Адам атмосфераның әр түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтілік, электромагниттік фон және т. б. әсер етеді.

Сонымен қатар атмосфераның міндетті емес заттарының конценрациясы елеулі өзгеріске ұшырауда. Бұларға ең алдымен көптеген ластаушылар, соның ішінде тіршілік үшін бөгде заттар жатады. Адам қызметінің нәтижесінде атмосфераға атамосфера үшін бөтен немесе атмосфераға тән заттардың концентрациясының өзгеруіне байланысты ластаушы зат болып табылытын жүздеген заттар келіп түседі. Адамның атмосфераға әсерінің байқалуы, оның биосфералық процестерге белсенді түрде араласа бастауынан, орманды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару, қалалар мен өндіріс орындарын және т. б. салу нәтижесінде басталады.

Ерте кездерден ақ ауаның ластануына қарсы шаралар қолға алына бастады. XVIIIғасырда Англияда ірі қалаларда, Лондонда, көмірді отын ретінде қолдануға шектеу қойылды. Осы кездерден бастап жер үсті суларының ластануына қарсы, мысалы тұрмыстық қалдықтармен, шарлар қолдана бастады.

Адам ауаның құрамына кіретін негізгі химиялық элементтер- азот пен оттегінің концентрациясының өзгермеуі олардың концентрациясының жоғары ( азот-78, 09%, оттегі- 20, 95%) болуына байланысты. Бірақ мұны біз көмірқышқыл газына қатысты деп айта алмаймыз. Оның концентрациясы біртіндеп артып келеді, бұл көмірқышқыл газының атмосферада аз балу жағдайында келін түскен мөлшерінің анағұрлым жоғары болуына байланысты.

2. Ауа тозаңдардың геохимиясы және биогеохимиясы

Ең күшті геохимиялық көздер болып немесе тасымалданатын шаңдар және теңіз шашырандылары болуы мүмкін олар атмосфераға қатты заттардың орасан көп мөлшерін әкеледі. Шаң - негізінен аридтық (аридный) аймақтардың топырағы. Егер бұл шаңдардың беттік қабаттары өте жұқа болатын болса, онда олар көп жерлерге тарап, материалдардың қайта бөлінуінде маңызды рөл атқарады. Дегенмен шаңдардың атмосферадағы химялық әсері онша емес, себебі олардың химялық белсенділігі әлсіз. Оған қарағанда тұз бөлшектерін желдің әсерінен тасымалдайтын теңіз шашырандыларының атмосферадағы химялық реакцияға қабілеті керісінше жоғары. Океаннан бөлінген тұз бөлшектері ылғалданғыш сондықтан ылғал ортада NaCI-дың ұсақ кристалдары суды сіңіріліп, концентрлі тамшы ерітінділер немесе аэрозольдар түзеді. Нәтижесінде бұл процесс бұлттар түзілуіне қатысады. Тамшылар сонымен бірге атмосфераға өтіп химиялық реакциялар жүретін орын бола алады. Егер тамшыларда күшті қышқылдар, мысалы азот (HNO3) немесе күкірт (H2SO4) қышқылдары еріген болса, олардан тұз қышқылы (HCI) түзілуі мүмкін.

Газдың геохимиясы Заттың газ тәрізді жағдайда болуы біздің планета үшін өте маңызды. Газдар Жердің сыртқы қабатын - атмосфераны құрастырады, олар Жер қабығында газды шоғырлар түрінде болады. Жердің барлық газдары жаралу тегіне байланысты космогендік және Жердің планета түріндегі даму жолында пайда болған түрлеріне ажыратылады. Космогендік газдарға инертті газдар, азот, аргон, гелий жатады. Жер жағдайында пайда болғпн газдар басқа заттардан әр түрлі геохимиялық процестердің нәтижесінде қалыптасады: хемогендік; радиогендік; биогендік; техногендік. Газдардың геохимиясы үшін олардың суда және мұнайда еру процесі, ерітінділерден газдардың бөлініп шығу процесі, сонымен бірге сорбция, десорбция процестерінің маңызы зор. Газдар өте қозғалмалы заттар, олар әрдайым орын ауыстырып, миграция жағдайында болады: диффузия; фильтрация (сүзбелену) ; қалқып шығу; турбуленттік қозғалыс; газдардың ерітінді түрінде сумен тасымалдануы. Көмірсутекті газдар мұнай және газ кен орындарында әр түрлі жағдайда кездеседі: газ кен орындарының газдары; мұнай-газ кен орындарының газдары - а) жекеленген қабаттардағы дербес шоғырлар; б) мұнай-газды шоғырларда газды телпек түрінде; в) мұнай мен суда еріген газдар.

3. Химиялық элементтердiң суда еритiн формаларының атмосфералық масса тасымалдауының мәні

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогеохимияның негізгі концепциялары
Биогеохимия
Биогеохимияның негізгі концепциялары (сұрақ-жауап түрінде)
Адамның қоршаған ортаға биогеохимиялық адаптациясы. Биосфераның биогеохимиялық ұйымдастырылуы және популяцияның физиологиялық гетерогендігі
Алматы облысы Қарасай ауданының қоршаған ортасының экологиялық жағдайы
Минералды заттар биогеохимиясы
Адам қоғамының шаруашылық әрекетінен табиғи биогеохимиялық циклдердiн деформациясы
АТМОСФЕРА - БИОСФЕРАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМ БӨЛІГІ
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалдары
Атмосфера қабаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz