Мал терісі және жүнінің химиялық құрамы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Түркістан Ахмет Ясауи » кәсіби колледжі

Колледж аралық ғылыми конференция

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Мал терісі және жүнінің химиялық құрамы.

Баяндамашы:Асанова Ш.

Жетекші:Надырбаев Е

Кентау-2008ж

Тері мен жүннің химиялық құрамы.

Тері судан, майдан, белоктық және минералдық заттардан құралған. Ересек малдан алынған теріде орта есеппен 67-68 % су болады. Оның көпшілігі (60 проценке жуық) терінің көптеген капиллярлар кеңістігіндегі капиллярлы судан тұрады. Қалған су (гидратациялық) тері құрамының бөліктерімен, негізінен коллагенмен химиялық байланыста болады. Шикі тері мен иленген терінің физикалық, физика-химиялық және химиялық қасиеттерінің бүтін жинағы осы судың мөлшерімен анықталады.

Терінің негізгі бөлігі белоктардан құралады. Оған кератиндер, ретикулин, эластин, альбумин, глобулин, коллаген, муциндер, мукоидтар, меланиндер т. б кіреді. Терідегі құрғақ белоктың мөлшері 25-30%, ал обсолюттік құрғақ дермада 98, 5 процентке дейін жетеді. Белоктардың ең көбі93, 8 - 98, 2 проценті коллагенннен тұрса, альбумин мен глобулиндер 1, 2-5, 6 %, эласти мен ретикулин 0, 06 - 0, 5% ал муцин мен мукоидтар 0, 4 - 0, 7% болады.

Суды сіңіру мен ерігіштік қабілеті бойынша қышқылдар мен сілтілерге және жоғары температураға қатнасы жөнінен әр түрлі белоктардың бір - бірінен айырмашылығы бар. Коллагннің сілтілер ерітіндісі ісіну қабілеті ең жоғары болады. Ал құрғақ коллаген өзінің алғашқы салмағынан 250проценттен артық су сіңіре алады. Альбуминдер суда жақсы ериді, эластиндердің химиялық тұрақтылығы күшті болады.

Эластинге қарама - қарсы, суға салып қайнатқан кезде коллаген піседі де желім тәрізді массаға айналады. Коллагеннің бұл қасиеті шикізатты консервілеу мен өңдеуге мүмкіндік туғызаттын температура шегін анықтайды. Жас және қалыпты суландырған тері тканінің пісу температурасы 65 градустың шамасында болады. Теріні тұз бен қышқыл ерітіндісінде өңдесе,

оның пісу температурасы 40 - 45 градусқа шейін төмендейді,

ал илеу процесі 70- 80 градусқа шейін жоғарлайды.

Коллагеннің суды сіңіру және ісіну, ал кептіргенде оны босату қабілеті коллаген құрылымдарында қандай болса да елеулі өзгерістар тудырмайды. Оның бұл қасиеттері теріні консервілеудің тұздалмай кептіру әдісіне негіз етіп алынған.

Қышқыл ерітінділері ( тұз жоқ болса ) коллагеннің құрылысын бұзады, бірақ кейін ас тұзын қосқанда оның қалыпты құрылымы қалпына келеді.

Терінің блоктық заттарының ішінде ферменттер ерекше орын алады. Олар блое, сияқты заттарды ыдыратады. Ферменттердің мөлшері тым аз болғанымен, бір қанша химиялық процестерді реттеугде олардың маңызы ерекше үлкен. Терідегі майдың мөлшері бірнеше факторларға байланысты (малдың түрі, тұқымы, жасы, қоңдылығы) едәуір дәрежеде өзгеріп отытады. Көпшілік жануарлардың терісінде май көп емес 0, 5 проценттен 3, 5 процентке дейін болады. Шошқа мен кейбір қой тұқымдарының терісінде майдың мөлшері 8 - 10 процентке, кейде 35 процентке дейін жетеді. Минералдық заттар мен углеводтар тері де тар кальций, магний тотықтарынан, ас тұзы мен хлордан құралған. Бұдан басқа дерманың құрамына темір тотығы, алюминий кремний тотықтары, фосфор және күкірт ангидридтары кіреді.

Эпидермистің өсу қабатында, түкте және дермада терімен түктің түсін анықтайтын пигменттер болады.

Жүн талшықтары тұтас дерлік кератин деп аталатын блоктың қоспалардан құралған. Кератиннің құрамында 50% көміртегі, 21 - 24% оттегі, 16 -18% азот, 6 - 7% сутегі және 2 - 3% күкірт кіреді. Кератиннің басқа блоктардан айырмашылығы оның құрамында күкірт болуына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезде киім тігу өңдірісінде көптеп қолдаңылатын жануарлардан алынатын шикізаттардың бір түрлері
Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында өсірілетін меринос қойларының өнімділігіне әсер ететін экологиялық факторлар
Сазқұндызды сою технологиясы
Үй қояны
Жүннің құрылымы
Теріні жіктеу
Консервлеудің ылғалды тұздау тәсілі
Меринос тұқымды қойларының биязы жүні және жартылай биязы жүні кеңінен танымал
Қой шаруашылығының практикумы
Етті-майлы құйрықты қойлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz