Бейіндік оқыту сатылары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н. Назарбаев 2012 жылғы 5 қазан күні «Назарбаев Бүгінгі таңда жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беру маңызды рөл атқарады. Өскелең ұрпақты әлеуметтік мәдениетке сәйкес, жан-жақты дамыған, ұлттық бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру қоғам алдындағы ең басты мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу. Бұл қоғамдағы түрлі бағыттардағы өзгерістерге сәйкес білім берудің қызметіне жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және табыстарға сыни тұрғыда талдау мен бағалау, сонымен қатар ең маңыздысы ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің тиімді Университетінде» оқыған «Қазақстан білім қоғамы» дәрісінде: «Орта білім беру жолында біз 12 жылдық оқытуға көшуге дайындықты жалғастырамыз. Жаңа білім беру үлгі қалыптары әзірленуде . . . »-деп ерекше атап өтті. 12 жылдық білім беру ерекшелігі білім беру парадигмасының өзгеруі: білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан - құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысуы, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру, білім сапасын арттыру, отандық құжаттарымызды шетел мемлекетерінің талаптарына сәйкестендіру. Сонымен қатар 12 жылдық білім беру мектептің жоғары сатысындағы оқушыларды әлеуметтендіруді көздейтін профильдік оқытуды жүзеге асыруға, мектептің кәсіби білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты шыңдауға арналған.

Әлемдік тәжірибеде XXI ғасырда білім беру жүйесін қарқынды дамытудың қажеттілігін, білім беру қоғам дамуының тұжырымдамасын анықтайды. Сонымен қатар білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын айқындау−қоғам талабы. Отандық жалпы орта білім беретін мектептерді жаңартудың жетекші бағыттарының бірі - мектепті жоғары сатысында бағдарлы оқытуды енгізу болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап бағдарлы оқуға көшуді жоспарланып, осыған байланысты бағдарлы мектепте оқу процесін енгізудің және ұйымдастырудың кешенді мәселелері қарастырылды.

Бағдарлы оқыту - жалпы білім беретін мектептердің жоғарға сатысында даралап оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғарғы сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.

Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құруды және оның жүзеге асырылуын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушылардың орта және жоғары кәсіптік оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан мектебіндегі бейіналды және бейіндік оқыту туралы қағидаларды жасаудың нормативтік құқықтық базасы болып келесілер табылады: 2011 жылдың 24 қазанындағы «ҚР ««Білім туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы; 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасы білімін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; 2012-2016 жылдарға оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша әрекеттің ұлттық жоспары (2012 жылдың 25 маусымындағы ҚР Үкіметінің № 832 жарлығы) [1] .

Бұл жұмыстың негізгі жасалымы қызметін орта білімнің келесі басым бағыттары атқарады: заманауи қазақстандық қоғамның динамикалық сұраныстарына сай мектеп білімінің мазмұнын келтіру; оқушыларды жаңа білім мен технологияларға, әлемді танудың заманауи тәсілдеріне баулу; функционалдық сауаттылықты дамыту, құзіреттіліктер мен дағдылар қалыптастыру; оқушылардың конструкциялық-жасампаз және шығармашылық әрекетінің негіздерін қалыптастыру; жаратылыстық-ғылыми, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық білім қатынастарын оңтайландыру; оқыту формалары мен әдістерін таңдау еркіндігін және вариативтілігін қамтамасыз ету; оқушылардың зияткерлік, рухани және эмоциялық-психологиялық сапаларын конвергенциялау; оқушылардың дене және психикалық денсаулығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету, олардың мотивтерін, бастамашылдығын және шығармашылығын дамыту; тұлғалық-бағдарланған әрекет, оқытудың дербес траекториясын іске асыру; басқа мәдени көздерге қатысты ашықтық пен ұлттық мәдениетке деген құрметке тәрбиелеуде білім мазмұнын бағдарлау.

Бейіналды және бейіндік оқытуды ұйымдастыру кезінде оқытудың метапәндік нәтижелеріне (кілт құзіреттіліктерге) бағдар алу қажет, өйткені олар өмірлік мәселелерді өздігінен ұтымды шешуге, өзіндік анықталуға, әлеуметтену мен өздік шыңдалуға деген тұлға қабілеттерінің қалыптасуына мүмкіндік беретін әмбебап білімнің, тәжірибе мен қабілеттердің, құндылықтық бағдарлардың тұтас жүйесін оқушылардың игеруіне жол ашады. 2012-2016 жылдарға оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша әрекеттің ұлттық жоспарын іске асыру оқытуға деген құзіреттілік әрекетті енгізу негізінде мүмкін болады: метапәндік нәтижелер тұлғалық, әлеуметтік, азаматтық, ақпараттық, басқарушылық, коммуникациялық және технологиялық құзіреттіліктердің қалыптасуына негізделеді. Осылайша, білім мазмұны компоненттерінің қатынасын оңтайландыру білімдік парадигмадан жүйелі-әрекеттік (құзіреттілік) парадигмасына өтуді ұйғарады. Оқушыларды бейіналды және бейіндік дайындау орта білім деңгейлері мазмұнының сабақтастығына негізделуі тиіс. Бастауыш мектепте бастысы болып кәсіби әрекетке қызығушылықты, еңбекке деген оң қатынасты қалыптастыру, кәсіби әрекет пен оның қоғамдық маңызын түсіну. Негізгі орта мектепте 5-8 сыныптарда - кәсіп және еңбек әлемімен танысу, тұлғаның кәсіби бағыттылығын қалыптастыру, өзіндік қабілеттер мен бейімділіктерді адекватты бағалауды, кәсіби өздік сананы қалыптастыру. 9-10, 11-12 сыныптардағы бейіналды және бейіндік оқыту деңгейінде - кәсіби басымдықтар мен пайымдарды анықтау, олардың оқушылардың мүмкіндіктері мен бейімдеріне сәйкестігі [2, 3] . Мектептік білім беру жүйесін реформалау жағдайларында, дәлірек айтқанда оның бейіндік оқытуға өту жағдайларында оқушыларға 9 сыныпта-ақ сәйкес бейінді таңдау, былайша алғанда болашақ кәсіпті таңдау жайлы мәселені шешуге тура келеді. Сондықтан оқушыларда бейіналды оқыту кезеңінде түрлі пәнді үйренуге мотивацияны қалыптастыру мәселесі өзекті де, маңызды міндет болып табылады. Дер кезінде қалыптасқан мотивация түрлі бейінді таңдау қажеттілігіне байланысты оқушылардағы қиналысты жойып, бұл таңдауды саналы да, қолайлы етеді. Мотивация қалыптасуына педагогикалық шарттардың (мұғалімнің кәсіби және тұлғалық сапасы, түрлі оқу құралдарын пайдалану, кәсіптің әлеуметтік қажеттілігі және т. б. ) едәуір ықпал ететіндігі белгілі. Жоғарыда аталып өтілгендерге сай, бұл жұмыстың мақсаты - педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың педагогикалық шарттарына химияны үйренуге оқушылар мотивациясының қалыптасуын анықтау болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі - 12-жылдық мектепте химиядан оқушыларды бейіналды және бейіндік дайындық курстары арқылы оқыту нәтижесінде ұрпақтың болашақ кәсіп пен мамандыққа деген бейімін қалыптастыру және соған сай білімі мен машық-дағдысын арттыру.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы: жұмыста алғаш рет бейіндік оқытуға өту жағдайында мотивация қалыптасуына педагогикалық факторлар ықпалының ерекшеліктері анықталды.

Жұмыстың мақсаты - 12-жылдық мектептегі бейіндік оқыту ерекшеліктерін ашу.

Жұмыстың зерттеу міндеттері:

Дипомдық жұмыс мақсатын жүзеге асыру үшін алға мынадай міндеттер қойылды:

1. Тоғызыншы бейіналды сынып оқушыларындағы химияны үйрену мотивациясын анықтаушы ең маңызды педагогикалық шарттарды айқындау.

2. Ең маңызды педагогикалық шарттарды құраушы факторларды ашу.

Зерттеу бірнеше сатыда жүзеге асты:

1. Теориялық саты: психологиялы-педагогикалық әдебиеттер талдауы, зерттеу негіздері ретінде анкеталар жасау.

2. Эксперименттік саты: химия пәні сабағында бейіндік оқытуға өту жағдайларында оқушылардағы мотивацияның қалыптасуын анықтау мақсатында педагогикалық зерттеудің ұйымдастыру және оны жүргізу.

3. Соңғы саты: педагогикалық эксперимент нәтижелерін жинақтау, өңдеу, талдау, интерпретациялау (жүйелеу) мен қорыту, тұжырымдар жасау.

Іс-тәжірибелік маңыздылығы: жұмыс нәтижелері оқу үрдісінің ұйымдасу тиімділігін жоғарылату үшін орта білім жүйесінде пайдаға асуы мүмкін.

Зерттеу жорамалы - зерттеу жұмысында ұсынылған әдістеме 12-жылдық мектептер мен жаратылыстану пәндерін тереңдетіп өтетін мекемелердегі оқу үрдісінде қолдануда оның сапасы мен меңгерілуін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу пәні - химиядан оқушылардың органикалық химия бойынша «Айналамыздағы полимерлер» бейіналды және бейіндік курсында алған білімдері негізінде өту сабақтары.

Зерттеу орны - Шымкент қаласы, АӘИУ-де, Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясында педагогикалық практика кезінде өтілді.

Магистрлік диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және 63 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Мәтін 5 суретті, 2 кесте мен 4 формуланы қамтитын 62 баспалық беттен тұрады.

1 12-ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕГІ БЕЙІНАЛДЫ ЖӘНЕ БЕЙІНДІК ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Бейіналды және бейіндік оқытудың психологиялы-педагогикалық негіздері

Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамассыз ету болып табылады. Бейіндік білім беру - оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамассыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады. Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. Бейінді оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.

Қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі-бұл құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаға -шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жоғары білімді, кәсіби сауатты болу талаптары бірінші кезекте тұрады. Осыған орай, баланың дамуындағы маңызды рөлді мектеп атқарады. Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Сонда: «Жеке тұлғаның қалыптасуы-үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу», - деп атап көрсетіліп, мектеп алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды. Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз

бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс. Жеке тұлғаны дамыту мәселелері-Л. С. Выготскийдің, М. Б. Блонскийдің, С. Л. Рубинштейннің, Л. В. Занковтың, Д. В. Элькониннің еңбектерін атауға болады. Бейіндік білім беру оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін ескере отырып, оқытуды саралау-даралау тұрғысынан қарауды ескереді. Саралап оқытудың теориялық негіздерін педагогикалық-психологиялық зерттеулерде А. Н. Леонтьевтің, Г. И. Щукинаның, Б. Г. Ананьевтің, А. А. Кирсановтың, Е. С. Разумовский, Э. Унттың, С. А. Бударныйдың, А. М. Гельмонттың, Е. Л. Голанттың еңбектерін жатқызуға болады. Мектепте бағдарлы сараланған бағытта В. В. Гузеевтің, В. А. Монаховтың, М. Ж. Жадринаның, В. В. Фирсовтың, Т. Б. Захаровтың еңбектерінде көрініс тапты. Осылайша педагогика және психология әдебиеттерінде бейінді оқытуды саралау-даралау процесі, жеке тұлғаға бағытталуы қарастырылған.

Осы себепті де мектепте психологиялық қызметті құру өте тиімді болып табылады, өйткені бейіндік оқыту барысында төмендегідей мәселелер қамтылып, оқыту мен тәрбиенің сапасын арттыруға өз үлесін қосары анық, олар:

  • Жас ерекшелігіне сәйкес оқушылардың тұлғалық, интеллектуалдық дамуына ықпал ету.
  • Оқушылардың кәсіби бейімділіктерін диагностикалау, оның жан- жақты дамуына жағдай жасау.
  • Мектепте әлеуметтік- психологиялық жағдайдың жақсаруына жағдай туғызу.
  • Оқушыларының тұлғалық, интеллектуалдық мүмкіншілігіне сәйкес білім бағдарламаларын меңгеруде психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.
  • Әлеуметтік жағдайдың дамуына психологиялық зерттеу жүргізу.
  • Оқушыларының тұлғалық дамуының ауытқуын анықтау, профилактикалық жұмыстар жүргізу.
  • Оқу-тәрбие процесінде мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды психологиялық ғылыми- әдістемелік іс- әрекетпен қамтамасыз ету.
  • Таным қабілет деңгейлері жеткіліксіз оқушылармен қосымша коррекциялық жұмыстар жүргізу қажет.

Бейіндік бағытта оқытуда мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты болып:

  1. Тұтас педагогикалық процесті психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету;
  2. Мектептегі оқушылардың жеке- бастық, психологиялық, әлеуметтік дамуына жағдай жасауын негіздеу;
  3. Оқушылардың таным белсенділіктері мен психологиялық процестерінің даму динамикасының өсуіне жағдай жасауға ықпал ету;
  4. Оқушылардың бейіндік ерекшеліктерін анықтау мен оның дамуына жағдай жасау болып табылады.

Бейіндік оқыту барысындағы психологиялық қызметтің іс- әрекетінің негізгі бағыттары:

  • Психодиагностика- тұлға туралы жан-жақты психологиялық ақпарат жинау.
  • Психопрофилактика- дезадаптация, белгілі бір жағдайға бейімделмеудің алдын-алу немесе жағымды психологиялық жағдайды жасау, баланың психологиялық жұмысбастылық деңгейін төмендету және алдын-алу жұмыстарын жүзеге асыру.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан бейіндік оқыту жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдер міндеттерін біріктіру әрекеті болып табылады. Бір жағынан, мектептік оқыту кезеңінде психикалық даму аяқталмағандықтан, білім мазмұнының сан-алуандығы мен әмбебаптығын қамтамасыз ету қажет. Екінші жағынан, жасөспірімнен жоғары жасқа тән кәсіби өздік анықталу біршама ерте талап етіледі . Бейнідік қабілетті дамыту мен шыңдау барысында психологиялық қызметтің жұмыс бағыттарының жүзеге асуына қатысушылар: барлық сынып оқушылары, мектептегі мұғалімдер ұжымы мен әкімшілік, оқушылардың ата-аналары.

Оқушының бейіндік қабілетін анықтауда қолданылатын психодиагностикалық әдіс-тәсілдер қатарына: сұрақнама, сауалнама, тест, іс-әрекет нәтижесіне талдау, сұхбат, байқау және тағы басқа да зерттеу әдістерін жатқызуға болады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда 12 жылдық мектеке өту барысында білім беру ұйымдарында оқушыларды бейіндік сыныптарда оқыту келесідей көрсеткіштерге қол жеткізуде мүмкіндік береді: біріншіден, сыныптағы оқушының барлығы бірдей тереңдетілген пәнді оқуға бұрын міндетті болса, енді белгілі блоктық жүйенің бірін таңдап, бала қалауымен оқуға мүмкіндік алады . Екіншіден, бейіндік пәндерлі таңдау бойынша қабілеті есепке алына оқытылғандықтан, мұндағы оқыту үрдісі де тиімді, үйлесімді, сапалы болып шығады. Тереңдетіле құрылған бағдарламаны жақсы игеруге мүмкіндік алды. Оқыту сапасы артады. Үшіншіден, тек жақсы оқитын оқушылар ғана емес оқу қабілеті орта оқушылар да өз мүмкіндігіне қарай белгілі бір мамандықтың біріне бейімделе оқытылады. Төртіншіде н, мұндай қалауымен біріккен топты оқыту мұғалім еңбегіне жеңілдік береді, әрі оқушының қызығушылығы ескеріліп, оның бейімділігі арта түседі. Сөйтіп болашақта жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндігі бола бермейтін шәкірттерге сұранысқа ие алғашқы кәсіптік білім беру қолға алынады. Оқушының өмірден өз орнын таба аларлық мүмкіндікке ие болуының әлеуметтік мәні бар екені көрінеді.

Білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыру барысында психологиялық қызметін құруда мектеп әкімшілігі мен психолог маман келесідей мәселелердің шешімін табуға ықпал етуі қажет, ол:

  • бейіндік оқыту мәселесін тереңнен зерттеуді ұйымдастыру (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес арқылы), оқушылар мен ата- аналар арасында жүргізу;
  • білім беру мен білім алуға деген сұрасынтарға диагностика жүргізу;
  • белгілі бейімділікке байланысты оқытуда арнайы кабинеттер мен оқу орындайын даярлау, құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету.
  • оқушылардың кәсіби бейімділіктерін анықтау, психодиагностикалық жұмыстар жүргізу, соның негізінде қажетті әдебиеттерді алу;
  • элективтік курстарды ұйымдастыру;
  • әр оқушының бейімін ескеру мен оның жан- жақты дамуына психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан жағдай жасау.

Бағдарлы оқытуда оқушыға шығармашылық, әлеуметтік, креативтілік, коммуникативтік қызмет саласындағы құзіреттілігін айқындай отырып, жеке жетістіктерінің негізінде өз бейінін айқындау мен шыңдай түсуде оқытудың жаңа формалары мен психологиялық қызметті құру, әрі оның жан -жақты жұмыс жасауы жалпы жаңа заман үдерісіне сәйкес экономикалық әлеуметімізді молайту үшін қажыр-қайрат көрсете білетін, ғылымның мол жетістіктерімен қаруланған, бейіндік қабілеті шыңдалған тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажет етеді. Ең басты міндет адамгершілігі мол, адам жанын түсіне алатын, тәрбиелі, білімді, мәдениетті, жауапкершілігі мен өз ой-пікірін ашық айта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бейіналды дайындық деңгейінде тұрған оқушылар алдында тек болашақ кәсіби бағытты анықтау міндеті ғана емес, сонымен қатар нақты оқу орнын таңдау, әрі сол арқылы жоғарылатылған немесе тереңдетілген деңгейде өту үшін пәнді таңдау міндеті де тұрады. Осы жастағы оқушылардың барлығы да келесі факторлар әсерінен соңғы таңдау жасауға қабілетті емес:

1) жас ерекшеліктері;

2) дербес ерекшеліктер.

Кәсіби өздік анықталу кезінде қажет жауапкершілік, мақсаткершілік және басқа да тұлға қасиеттері әрқашан тиісті қалыптаспаған. Бейіндік оқыту оқушылардың қызығушылықтарын, бейімі мен қабілеттерін барынша толықтай есепке алуға мүмкіндік беретін және оларды кәсіби оқытуға жол ашатын оқытуды жіктеу мен дербестендірудің тиімді құралы болып табылады [4] .

Қызығушылықтар - бұлар қоршаған ортаның белгілі-бір құбылыстарын тануға деген тұлғаның арнайы бағыттылығын беретін және сол арқылы әрекеттің белгілі-бір түріне деген тұрақты бейімін көрсететін оның мотивтері. Тұлға өмірінің барлық жақтарын қамти отырып, әрекетінің барлық түрлері, қызығушылықтар барынша сан-алуан болуы мүмкін. Адам қызығушылығын туғызатын нысандар (заттар, құбылыстар, әрекет түрлері) саны негізінен тұлғаның рухани байлығы мен оның дамуының жан-жақтылығын көрсететін қызығушылықтар көлемін сипаттайды. Дегенмен көптеген қызығушылықтар арасынан тұлғаны барынша көрсететін орталық қызығушылық немесе оның әрекетінің жекелеген түрлеріндегі жетекші қызығушылық бөлініп алынуы тиіс.

Оқыту бейінін, ал кейін болашақ кәсіпті ұтымды таңдау үшін тек тұлғаның қызығушылығы мен бейімі ғана емес, сонымен қатар оның қабілеттілігі де үлкен маңызға ие.

Қабілеттілік - бұл адамның түрлі әрекет, кәсіп түрлерін ұтымды игеруіне, жетілуіне, қиын жағдайларда функционалдық міндеттерді тиімді атқаруына мүмкіндік беретін оның ерекшелігі. Қабілеттіліктің қалыптасуына зейіннің, жадының, шығармашылық ойлау мен басқа да психикалық үрдістердің және тұлға қасиеттерінің жетілуі жол ашады. Егер қабілеттілік мәнін қысқаша формуламен өрнектер болсақ, онда ол былай айтылады: «мен жасай аламын», «менде мүмкіндіктер бар». Тұлғаның қызығушылығы, бейімі мен қабілеті максималды түрде сай келуге ұмтылу қажет. Қазақстандық 12-жылдық мектептегі бейіналды оқыту сатысы 9-10 сыныптарды қамтып, мұндағы білім мазмұнында материалды тереңдету мен кеңейту, практикаға бағдарланған оқытуды күшейту қарастырылады. Бұл сатыда оқушылар түрлі әрекеттердегі өздерінің қабілетін анықтай бастап, оның белгілі-бір түріне қызығушылықтары көрініс береді.

Бейіндік оқытуды ұйымдастырудағы қадамдардың бірі - бұл оқушылармен диагностикалық шараларды, психологиялық және педагогикалық жұмыстарды жүргізу, оқушылардың қызығушылықтарын, сұраныстары мен қажеттіліктерін айқындау. Бұл тек педагогтарды ғана емес, сонымен қатар психологтар мен әлеуметтік педагогтарды да тартуды қажет ететін көлемді жұмыс. Бейіндік топтар мен сыныптар ашу үшін бәрінен бұрын осындай бағыттағы жұмысқа деген мектептің, педагогтардың, балалардың, ата-аналар мен мектептің материалды-техникалық базасының дайындығын зерттеу қажет.

Білімді ерте бейіндеу мен мамандандыру бала психикасының жекелеген жақтарына келетін таңдамалы жүктемені көрсетеді. Сауатты психологиялық сүйемелдеусіз бұл жағдайлар балалардың зияткерлік және тұлғалық дамуының әркелкілігіне алып келуі мүмкін. Сондықтан психологиялық сүйемелдеудің маңызды міндеттерінің бірі - дамудағы әркелкілік туындауының мүмкін факторларын мониторингілеу және дер кезінде реттеу. Жасөспірімдер оқу бейінін мәжбүрлі таңдауды жиі іске асырады. Бала алдына уақытша бастама қалыртастыру міндеті мүлдем қойылмай, мұнда көптеген жағдайларда бұл міндетті ата-аналар «шешеді». Нәтижесінде оның оқуға деген мотивациясы жоғалады. Сондықтан психологиялық сүйемелдеу міндеттерінің бірі болып тереңдетіп кәсіпке бағдарлау табылады [5-7] .

Жоғарыда аталған міндеттерден басқа, психологиялық сүйемелдеу бейіндік сыныптарға оқушыларды таңдау кезіндегі психологиялық диагностиканы да ұйғарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері
Бейінді оқытудың әдістемелік негізі
Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу
12-жылдық мектепте білім беруді ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Бейіндік оқытудың жүйесі
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
МЕКТЕПТЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz