Мораль мен құқық түсініктері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім Атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
Инженерлі-Технолоникалық Факультет
«Биотехнология және Стандартизация » Кафедрасы
CРО
Тақырыбы: Құқық пен моральдің арақатнасы.
Орындаған:Мағауянова. А. Б
2018-2019 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Мораль мен құқық түсініктері
- Мораль мен құқықтың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
- Құқық пен мораль қоғамдық қатынастардың ортақ алаңында әрекет етеді
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әлеуметтік реттеу жүйесінде құқық пен мораль маңызды рөл атқарады. Сондықтан бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Бір жағынан құқық пен моральдің ұқсастығы болса, екінші жағынан олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Құқықтың моральдің басты ерекшелігі - оның мемлекет жүйесінің күшімен, оның құқықтық саясатымен қамтамасыз етілуінде.
Басқаша айтқанда, құқық бұзушыға мемлекет міндетті түрде жаза қолданады. Ал мораль мәселесі адамның санасы, оның жалпы мәдениетімен бағаланады.
Мораль - адамдардың әрекеттерінде және қозғалыстарында айқындалатын, жеке сенімдерінен, әдеттерінен, тәрбиелерінен, қоғамның, немесе әлеуметтік топтардың әсерінен көрініс табатын, олардың арасындағы бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекеттің нақты әлеуметтік топтарына деген қатынастарды реттейтін, айқындалған көзқарастардың, бағалаулардың, сенімдердің жүйесі.
Құқық - әрекеттер мен қозғалыстардың жауапкершілігі мен еркінің өлшемі болып табылатын, қоғамдағы әртүрлі топтардың жалпы бірыңғай еркін білдіретін жалпы міндетті мемлекеттік қағидалар мен мақсаттардың бірлігі болып табылады.
Сонымен, құқық - саяси-заңды құбылыс қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-ізгілік құбылыс. Азаматтық қоғамның құқықтық өмірі адамгершілік, ақиқат, ұят пен ар-ождан, жақсылық, адамгершілік қасиеттір, еркіндік пен жауапкершілікті мораль категорияларынсыз дами алмайды.
Құқық пен моральдың қатынастары - көріністердің әр түрлілігімен, бірлілігі мен тұтастығымен, айырмашылығымен, үшіншіден, тұтастай әрекеттерімен мінезделетін үрдіс.
Қоғамдық сананың және қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде мораль мен құқық өз араларында өзара ұқсастықтарға ие. Өйткені, екеуі де ортақ әлеуметтік функцияларды атқарады: қоғамдағы адамдар арасындағы әрекеттерді реттейді және азаматтар ереже бойынша, ерікті және есті түрде осы нормалар мен принциптерді орындайды; ізгілік жіне құқық оларға ортақ жалпы адами құндылықтар негізінде дамиды.
Мораль мен құқықтың ұқсастықтары мен айырмашылықтары:
Мораль нормалары жазбаша емес түрде болады, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде рәсімделеді, ал құқық нормалары жазбаша түрде болады, формальды анықталған және ресми құжаттарда бекітіледі. Мораль нормалары халықтармен бекітіліп отырды, ал құқық нормалары мемлекетпен бекітіледі. Мораль қоғамдық көзқарастарды қамтамасыз етіледі, ал құқық мемлекеттің биліктік санкциясын қамтамасыз етіледі. Мораль ерікті таңдаудың кең ауқымдылығын қамтиды, ал құқық та нормативтік құжаттармен ерікті таңдау қатаң шектелген.
Құқық пен моральдің ортақтығы бұлардың жақындығымен ғана емес, құрылымдарының ұқсастығымен айқындалады.
Құқық пен мораль қоғамдық қатынастардың ортақ алаңында әрекет етеді.
Құқықтық сана мен құқықтық нормалар адамгершілік санамен адамгершілік қағидалар қоғамдық қатынастардың ортақ алаңында әрекет етеді. Қандай болса да, мораль болмаған жерде - құқықтық сана жоқ. Құқық пен мораль үшін ортақ нәрсе - бұл құқықтық және моральдік болмысын белгілеп, қоғамдық қарым-қатынастарды реттей отырып, адам санасын қалыптастыру болмақ.
Басқаша айтқанда, құқықтың да, моральдің да шешетіні бір мәселе. Бұлардың бір-біріне ықпалы әлсірегенде арақатынасы алшақтаған кезде құқықтық санада дағдарыс пайда болады. Мұндай санадағы дағдарыс біздің елімізде орын алып отырғаны бәрімізге белгілі.
Құқықтық сананың дағдарысы Қазақстанға көптеген келеңсіздіктердің туындауына себеп болуда. Мәселен статистикаға сүйенсек, елдегі есірткі қолдану соңғы жылдары 20 есе өскен. Маскүнемдермен белсенді күрес жүргізілмей келеді. Демографтардың мәліметінде жүз мың қазақ қызы некесіз бала көтеріп отыр делінген. Еліміз сыбайлас жемқорлық бойынша 66 орында тұр.
Біздің қоғамымызда орын алып отырған ол қылықтарға мемлекетіміздегі қалыптасқан құқық жүйесі тосқауыл бола алмай отыр. Жоғарыда келтірген пікірлер мен деректер бізге мынадай қорытынды жасауға негіз береді. Кез келген қалыптасқан құқық жүйесі моральдік тұрғыдан бағалану қажет. Тек қана мемлекеттің күшіне, тыйымға ғана сүйенген құқық жүйесі - қылмыс, тәртіп бұзу басқа да заңсыз әрекеттермен күрес жүргізуде үлкен нәтиже бермейді.
Сондықтан мемлекет органдары құқықтық саясатты жүргізгенде заңмен бірге моральдің ұтымды жақтарын іске асыруы қажет. Егер неғұрлым құқықтық жүйенің нормалары халықтың рухани өмірінің дәстүрлері мен әдеттеріне сай келсе, соғұрлым заңның орындалу мүмкіндігі жоғары деген ойға келіп отырмын.
Қорыта айтсам, мемлекетімізде ресми идеология түзбейінше, моральді басқа құндылықтардан жоғары қоймайынша, елдегі қылмыс, тәртіп бұзушылық, тағы сол сияқты басқа келеңсіздіктердің алдын-алу қиынға соғады. Ендеше құқық пен моральді бір бағытта, бір мақсатта пайдалану тиімді нәтиже береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
https://ru. wikipedia. org/wiki
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz