Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы


Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы
- Әл-Фараби жайында бір ауыз сөз
Аритотельден кейін екінші ұстаз (мусалим асана) атанған ғұлама ғалым өзіміздің Сырдың Арысқа құяр сағасындағы бір кездерде Фараб делінген аймақтың Васидж қаласында 870 жылдар шамасында “тархан” атты атағы бар ауқатты түріктер отбасында дүниеге келген. Кейін есейген шамасында, ал кейбір деректерде жасөспірім кезінде Фараб аймағынан білім іздеп кеткен деседі. Ол араб халифатына тиесілі көптеген қалаларда: Бағдат, Харран, Каир, Дамаск, Алеппо, Шам, Александрия болып қайтқан. Бағдатқа келген кезінде ол түрікі тілдерін жақсы білгенмен, араб тілін білмеген дейді, бірақ өте аз уақыт ішінде араб тілімен қоса көптеген тілдерді жақсы үйреніп алған дейді. Жалпы өмір бойы тіл үйренуге ерекше көңіл бөліп отырған, және өмір соңында 70-ке жуық тіл білген. Әл-Фараби осында логиканы және басқа ғылымдарды үйрене бастаған, және Абу-Бишр Матта бен-Йунис атты атақты философ, Аристотел еңбектерінің коментаторының оқушысы болады. Көп ұзамай Әл-Фараби де атқты философ болып шыға келеді. Көп еңбек етеді, мысалы Аритотельдің “Жан туралы” атты еңбегінің көшірмесі сыртына “Мен бұл еңбекті 200 рет оқып шықтым” деп жазып қойған екен, оның қаншалықты талмай еңбек еткенін осыдан-ақ байқауға болады. Одан бір күні “ Кім көп біледі сен бе? Әлде Аристотель ме?” деп сұрағанда ол: “Егер мен оның заманында болсам, онда оның ең жақсы оқушыларының бірі болушы едім”-деп Аристотельді қаншалықты пір ететтінін айтқан екен. Фараби Бағдатта “Ғылымдар классификациясы”, “Азаматтық саясат”, “Музыканың үлкен кітабы” секілді көптеген еңбектерін жазып қалдырған. Бірақ уақыт өте келе оның философиядағы рационалдық ойлау бағыты мұсылман діншілдеріне ұнамай бастады, сөйтіп ол Бағдаттан кетуге мәжбүр болған. Ал өмірінің соңғы жылдарын Дамаскта Сәйф ад-Даул атты хакімнің қол астында өткізген екен. Сөйтіп жүріп ол “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы” атты трактатын жазып кеткен, оның бір ерекшелігі онда ол осыған дейін жыйған білімдерінің барлығы қорытындыланып кеткен деседі. Келесі талқылаулар сол жөнінде болмақ.
- Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды
Әл-Фараби трактатында былай дейді: Адам толығымен дамып жетілуі үшін ол көптеген нәрселерден тәуелді. Себебі ол барлық өзіне қажет нерселерді жалғыз өзі жасай алмайды, әрі қол жетуізе алмайды дейді. Сондықтан адам өзінен басқа адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек, және сонда ғана ол толық жетіліп, бақытқа қол жеткізе алады дейді. Бірақ ол басқа адамдарға қатысты да қоғамдастықтың құраушысы болып табылады, және басқалардың жоғын тауып беруші болып келеді дейді. Осылайша қоғамдастықтың әрбір мүшесінің іс-әрекеті оның әрбір мүшесіне қажетті нәрселердің барлығын тауып береді дейді. Жалпы адам қоғамдастығын ғалым екі түрге бөліп көрсетеді: толық және толық емес. Толық қоғамдастықтың өзін ол үш түрге бөледі: үлкен, орташа, кіші. Үлкен қоғамдастық деп ол бүкіл жерді мекендеуші барлық адамдардың жалпы қоғамдастығы деп көрсетеді. Ал орташа қоғамдастық дегеніміз белгілі бір халық ретіндегі қоғам дейді, кіші қоғамдастықты ол белгілі бір қала ретінде көрсетеді.
Толық емес қоғамдастыққа келсек Фараби оларды төртке бөліп көрсеткен. Олар - квартал, көше, үй және ауыл. Соңғысы қала құрамына кірмегенімен ол қалаға қызмет көрсетуші толық емес қоғам болып табылады. Жоғары деңгейдегі даму мен игілікке адам ең бірінші ретте ең кіші дегенде қалада ғана қол жеткізе алады деп көрсетіледі. Кез келген нәрсеге шын көңіл білдіріп, шынайы таңдау жасап талаптанып жетуге болатындықтан кез-келген қалада бақытқа қол жеткізуге болады дейді. Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесетін қала қайырымды қала деп түсіндіріледі . Және сол секілді қайырымды қоғам, қайырымды халық та болады дейді.
Қайырымды қала дейді Әл-Фараби сау әрі мінсіз адам денесіне ұқсас дейді. Себебі оның әрбір мүшесі денсаулықты сақтау үшін бір-біріне көмектесіп өмір сүреді. Бірақ адам денесіндегі органдар бір-бірінен табиғаты, атқаратын қызметіне байланысты айырмашылық жасайтындығы секілді қала тұрғындары да өздерінің қыметі мен қоғамдағы орны бойынша айырмашылық жасайды дейді. Қалада бір басшы болады дейді, ол өзінен бір саты төмендегілерден белгілі бір істің атқарылкын талап етеді, ал талап етілгендер өз кезегінде өздерінен кейінгілерден талап етеді, осылайша ең төменгі ешкімнен талап ете алмайтын сатылардағыларға да жетеді дейді.
Қаланың басқарушысы туралы
Адам денесінің бас мүшесі яғни жүрегі ең жетілген және ешкіммен басқарылмайтын, ең жоғары сатыдағы органы болып табылатыны секілді қала басшысы да ең жетілген, ең дамыған, бәрінен жоғары тұратын мүше болып табылады. Адам жүрегі басқа органдардың бірігуінің, яғни адам денесінің бар болуының себебі, қалған органдардың белгілі тәртіппен орналасып, жұмыс істеуінің ұйытқысы. Дәл сол сияқты қала басшысы да қаланың бар болуының, адамдардың оның маңайына топтасуының себебі, олардың белгілі сатымен үйлесімді түрде іс атқаруының ұйытқысы. Жүрек денеде орын алған кез-келген орынсыздықтың барлығы жойып отыратыны секілді, басшы да қалада орын алған әрбір келеңсіздіктерді жойып отыруы керек.
Дене мүшелері жүрекке жақын орналасқандарынан бастап жоғары істерді атқарады, ал одан бір саты төмен орналасқандары жоғарыда орналасқандардан қарағанда төменірек іс атқарады. Сөйтіп ең төменгі іс атқаратындарға дейін жалғаса береді. Олардың істерінің төмендігі не олардың (дене үшін маңызды болса да) қызмет жасау объектерінің өзгермейтіндігімен, не олардың қызметтерінің қарапайымдығымен, оңайлығымен немесе маңызды болмағандығымен түсіндіріледі. Сол секілді қала қоғамыда да оның мүшелері осындай сатылармен атқаратын қызметтеріне қарай орналасқан. Дәл сондай сатылану барлық заттарға тән дейді. Бастапқы Себептің (Алланың, ең құдіретті, әрі ең жоғарының) басқа нәрселерге деген қатынасы да қала басшысының қаланың басқа мүшелеріне деген қатынасы секілді. Материадан тәуелсіз заттардың барлығы Бастапқы Себепке жақын орналасқан. Одан төмен сатыда жұлдыздар орналасқан, ал олардан төменгі сатыда материалды денелер орналасқан. Осы аталған нәрселердің барлығы Бастарқы Себеп артынан ереді, әр нәрсе өзінің күшіне орай оған ұқсауға тырысады, бірақ олардың әрқайсысы өз жағдайыны қарай ұмтылады, яғни ең төмендегілер өзінен бір саты жоғары тұрғандарға қарай ұмтылады, осылайша жалғаса отырып ең жоғары тұрғандарға дейін барады. Ең басынан жоғары орындарды алғандар Бастапқы Себептің мақсаты мен оған еліктеу үшін сол орынды алған, ал одай орын алмағандар сол мақсатқа қарай жылжу үшін, талпыну үшін күщ пен қайратқа ие болған. Міне дәл осылай қала басшысы мақсаты артынан басқалар өз сатыларына қарай ұмтылуы керек.
Қала басында кез-келген адам тұра алмайды. Ондай адам қаланы басқаруы үшін екі шарт орындалуы қажет. Бірінщісі ол қаланы басқаруға дайын болуы керек. Екіншісі басқаруға мүмкіндіктері мен жағдайы келуі керек. Оның өнері де басқалардың өнерінен жоғары тұруы керек, ол өнер ештеңе үшін қызмет етпейді, не басқалар оны қолданатын өнер түрі де емес дейді, ол - оған басқа өнерлердің барлығы бағынатын өнер, ол үшін басқа өнерлер қызмет жасайтын өнер болуы керек деп тұжырымдайды. Қала басшысы осы өнерді біле тұра, өзі ең жетілген, бақытқа жетудің барлық жолдарын білетін адам дейді.
Қала басшысының қасиеттері туралы
Ол адам еш адамның қол астында болмайды. Ол - имам. Ондай адам болып тек қана өзінде он екі тума қасиетті біріктірген адам бола алады. Біріншіден, ол адам сау әрі мінсіз дене мүшелері болуы керек. Себебі ол осы органдардың көмегімен керек болған кезде барлық қажет іс-әрекеттерді оңай атқара алуы керек. Екіншіден табиғатынан ұғымтал әрі көз алдына ұққан нәрсесін елестете алатын болуы керек. Өзіне айтылған заттарды ой елегінен өткізіп, айтушы айтып тұрған нәрсе мен айтылған нәрсенің шын мәнінде қалай болып жатқанын ұғатындай болуы керек. Үшіншіден, есінде барлық айтылған, көрген, естіген, сезген нәрселерді жақсы сақтай алуы керек. Сонымен қатар есту, көру, сезу қабілеттері өте жақсы дамыған болуы керек. Төртіншіден, кез-келген заттың белгісін көргенде не естіп, не көргенде ол заттың не екенін бірден білетіндей, ақылы мен білімі жоғары болуы керек. Бесіншіден, білімге, білуге деген ұмтылысы жоғары болуы керек. Сол жолда туындайтын қиындықтар мен еңбектен шаршамау керек. Алтыншыдан, кез-келген құмарлықтан бойын алыс ұстауы керек, олар: тамақ, ішімдік, құмар ойындары т. б. Жетіншіден, ақиқат пен сол жақтағылардың жақтасы болуы керек, шындықты сүюі керек. Жалған мен өтірік айтушылады жек көруі керек. Сегізіншіден, әділдік пен әділдік жақтағыладың жақтасы, әділетсіздік пен әділсіздерді жек көруі керек. Тоғызыншыдан, ар-намысы жоғары болуы керек, яғни төмен дәрежедегі іс-қылықтардан жоғары тұруы керек. Оныншыдан, дирхем, динар секілді күнделікті жалған өмірдің атрибуттарынан өзін таза ұстауы керек. Он біріншіден, табанды, ұстамды әрі қорқу дегенді білмейтін, батыл, қайратты адам болуы керек. Он екіншіден, өз ойлаған нәрсесін көркем, ұғынықты түрде айтып жеткізе алуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz