Мектеп биология курсында дәстүрлі емес сабақтарды қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, еліміздің ішкі нарығында әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындайтын басты бағыт - бағдарды айқындайды.
Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылған көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.
Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру. Осы тұрғыдан келгенде, білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі зор екені даусыз. Ал мектепте жас ұрпаққа сапалы білім беруде биология ғылымдарының алар орны ерекше.
Биологияны оқыту әдістемесі - мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым. Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу - тәжірибе алаңы керек. Биология оқыту методикасы - жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды(үйірме жұмыстары және көпшілік қоғам жұмыстары т.б), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
Биологияны оқыту мақсаты - қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызыы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары негізінен мектептегі педогогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемлары болып табылады.
Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастырудың үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады.
Зерттеу болжамы:
Білім беру үрдісінде жаңа инновациялық технологиялар арқылы сабақтарды жиі өткізетін болса;
Сабақ кезінде үнемі көрнекі құралдарды пайдалану ескерілсе;
Білім беру барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары жүзеге асырылса.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектеп биология курсында дәстүрлі емес сабақтарды қолдану ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo Биологиядан оқу жұмысын ұйымдастыру әдістері;
oo Дәстүрлі емес сабақтардың түрлерін анықтау;
oo Дидактикалық талаптарға сай орындалатын дәстүрлі емес сабақтардың түрлері туралы түсінік беру.
Зерттеу нысаны: 11 сынып биология пәнінен ҰБТ-ке дайындық тақырыбында дәстүрлі емес оқыту технологиясын пайдаланып сабақ өткізу.
Күтілетін нәтиже: Егер биология сабағында: дәстүрлі емес сабақ элементтері жиі және жүйелі пайдаланса, сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. Ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-біріне ептілікті сергектікті үйренеді. Оқушылардың биология пәніне қабілеттіліктері айқындалады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

. ӘДЕБИ ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Дәстүрлі емес сабақтың қалыптасуы

Дәстүрлі емес сабақтар интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Оқушымен жеке жұмыс. Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т.б. Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады. Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу 228 Хамза А.А., Зкрина Е.М. береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді. Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлері өте пайдалы. Бағдарламалық оқыту - жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы түрі. Ол оқушының бағдарламадағы материалды меңгеруіне керекті жұмыстарды жақсы жоспарлап, оқу іс-әрекетін тексереді. Оқушы өз жұмысының дұрыс-бұрыстығын сол сәтте тексереді. Әр оқушы өз мүмкіндігіне сай жұмыс істейді [8].
Алғашқыда оқушы үлгіге, нұсқауға қарап жұмыс істейді, оқу іскерліктеріне үйренген соң оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істейді. Мысалы, жоғары сыныптарда әр оқушы тапсырма алып, оны орындау жоспарын жасайды, материал, құрал, аспаптар іріктеп, жүйелі іс-әрекет жасайды, жұмыстың нәтижелерін белгілеп отырады. Жеке жұмыстарды оқушы оқу материалын өз бетімен оқи алатын болғанда ғана алады. Әрбір оқу пәні бойынша бір оқу тоқсаны, жарты жыл аяқталғанша жұмыс істейтін топ құруға болады. Кейде бірнеше сабақтарда ғана топ жұмыс істейді. Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды. Мұғалім кеңесшінің жұмысына басшылық етеді. Кеңесші өз тобының мүшелерінің теориялық материалды меңгеруіне, іскерлік, дағдыларын шыңдауына көмектеседі, топ мүшелеріне жұмысты бөліп береді, жұмысты бақылайды, тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексереді, жазба жұмыстарына сын-пікір жазады. Тапсырма бірдей де, әр түрлі де беріледі. Жұмыстың нәтижесін сабақ соңында тексеру керек. Топқа бірігу тәжірибелік жұмыстар, зертханалық жұмыстар істегенде, шет тілі сабақтарында ауыз екі сөйлеуге дағдыланғанда, дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда, еңбек сабақтарында жобалау-техникалық жұмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы жұмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың көшірмесін оқығанда пайдалы [22].
Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:
- бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;
- бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту мәдениеттерін қою;
-тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;
-негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;
- сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;
- тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;
-сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау.
Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсеретеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу - нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру. Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау). Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже Дәстүрлі емес сабақтар 229 беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкідіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды. Жобалау - Бұл сабақтың қалай өтетіні туралы жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады. Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ мақсатына сай қалыптастырылатын білім, іскерлік 100% деп алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді. Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды. Негізгісі - жаңа тақырыптың мазмұны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.
Жоспарлау сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі сабақ жоспары. Сабақ жоспарының үлгісі:
- сабақтың өтетін уақыты, тақырыптық жоспардағы нөмірі;
- сабақтың тақырыбы, сабақ өтетін сынып;
- оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері;
- сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу;
- оқу материалының мазмұны;
- әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері;
- сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;
- үйге тапсырма [15].
Сонымен сабаққа әзірленгенде мұғалім оқу бағдарламасын тағы да қарап, оқу материалын оқиды, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп, оқушыларға тапсырма беріп, оқыту құралдарын (кесте, сызба, модель, үлестірілетін материалды) іріктейді және қарайды, әдіс және тәсілдерін таңдап, сабақтың типін және құрылымын анықтап, барлығын оқу жоспарына жазады. Экскурсия кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей қабылдайды. Экскурсия әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі. Әрбір экскурсия тақырыппен байланысты. Экскурсия арқылы бала әртүрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс, зандардың байланысын көреді, оларды қолдануға үйренеді. Оқу экскурсияларын мазм 230 Хамза А.А., Зкрина Е.М. жөнінде айтады , экскурсия өтетін жерге қысқаша сипаттама беріп, қалай, қайда қарау керек екенін, нені бақылау, жазып алу, суретке түсіру керектігін айтып, қалай жүру керектігін түсіндіреді. Әрбір оқушының міндетін айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ басшыларын тағайындайды, жауапты оқушыларды бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы нұсқаулар береді. Үйірмеге оқушылар ерікті түрде қатысады, оған қатарлас сынып оқушыларын да, әр жастағы оқушыларды да қабылдауға болады. Үйірмеге басшылық ететін пән мұғалімі. Үйірмеде оқушылар курстың қызықты тақырыптарын тереңдетіп оқып, атақты ғалым, жазушылардың, басқада қайраткерлердің өмірі және қызметімен, ғылым және техниканық жаңа жетістіктерімен танысып, ғалымдардың мерейтойларына, ғылыми жаңалықтарға арналған кештер өткізеді, техникалық модельдер жасап, биологиядан тәжірибе жұмыстарын жүргізеді, зерттеушілермен кездесулер ұйымдастырады. Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар ұйымдастырылады, олар үйірмелердің жұмыстарын үйлестіріп, көпшілікке арналған іс-шаралар, байқаулар және олимпиадалар өткізеді [1].
Сабақты талдаудың мақсаты:
- Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау.
- Мұғалімге нұсқаулар беру.
- Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу.
- Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу.
- Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.
Сабақты өткізу деңгейлері:
- Жақсы: Мұғалімнің сабақ мақсатына сай оқушылармен кері байланысы болып, қиыншылықтарды жеңуі.
- Өте жақсы: Мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол арқылы тақырыпты меңгертуі.
- Орташа: Оқушылардың білімін және іскерліктерін анықтауы және тақырыпты сабақ мақсатына сәйкес ашуы.
- Төменгі: Оқушылардан өткен тақырыпты сұрау. Жаңа материалды жоспармен түсіндіру. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті аз, белсенділіктері төмен. Оқушлардың білім, іскерлік дағдыларын бақылау қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды. Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т.б машиналар арқылы өткізіледі.
Сабақ құрылымы:
- үйге берілген тапсырманы тексеру 10 минут;
1. Жаңа сабақ;
2. Бекіту;
3. Үйге тапсырма.
5. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Дәстүрлі емес сабақтар 231 Мұғалім оқушымен жекелей, топтап, сыныппен жұмыс істейді. Жаппай жұмысты ұйымдастырғанда барлық оқушылар мұғалімнің басшылығымен жұмыс істейді. Топта 3-6 оқушы бірге жұмыстанады.Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақылкеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді.Топтағы оқушылардың саны жұмыстың мазмұнына және сағатына байланысты 2-6 оқушыдан болады, одан артық оқушы болмағаны жақсы.
Кезендері:
- топтық тапсырманы орындауға оқушыларды әзірлеу, оқу міндеттерін қою, мұғалімнің топқа қысқаша нұсқау беруі;
- топта оқу міндеттерін орындау жоспарын талқылау және жоспарын жасау, міндеттерді орындау тәсілдерін анықтау, міндеттерді бөлу;
- оқу тапсырмаларын орындау үшін жұмыстану;
- мұғалімнің бақылауы мен топтың және жеке оқушылардің жұмыстарын түзету;
- оқушылардың бір-бірінің оқу жұмыстарын тексеруі;
- мұғалімге нәтижелерді айту, оның басшылығымен пікір таласын өткізу, толықтыру және түзету, мұғалімнің қосымша беруі, қорытындылар жасау;
- топтың, сыныптың жұмысына баға беру;
- үлгерімі әр түрлі оқушыларды бір топқа біріктіруге болады. Әрбір оқу пәні бойынша бір оқу тоқсаны, жарты жыл аяқталғанша жұмыс істейтін топ құруға болады. Кейде бірнеше сабақтарда ғана топ жұмыс істейді. Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды. Мұғалім кеңесшінің жұмысына басшылық етеді. Кеңесші өз тобының мүшелерінің теориялық материалды меңгеруіне, іскерлік, дағдыларын шыңдауына көмектеседі, топ мүшелеріне жұмысты бөліп береді, жұмысты бақылайды, тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексереді, жазба жұмыстарына сын-пікір жазады. Мұғалім кеңесшіге әдістемелік нұсңау береді. Тапсырма бірдей де, әр түрлі де беріледі. Жұмыстың нәтижесін сабақ соңында тексеру керек. Топқа бірігу тәжірибелік жұмыстар, зертханалық жұмыстар істегенде, шет тілі сабақтарында ауыз екі сөйлеуге дағдыланғанда, дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда, еңбек сабақтарында жобалаутехникалық жұмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы жұмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың көшірмесін оқығанда пайдалы [21].
Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру:
- сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсақ, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;
- техникалық оқыту құралдарын тексеру;
- мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;
- сабақта орындалатын өздік жұмыстардың көлемін және түрін анықтау;
- білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу;
- білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау;
- үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеу, оны орындау әдістемесін табу;
- сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу;
- тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау;
- сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.
Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу.
Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды.
Сабаққа дайындалу - нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.
Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау). Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкідіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды. Тірек білімдерді қайталауға, жаңа материалды меңгеруге, оны бекітуге және жүйелеуге, білім, іскерліктерді тексеруге және түзетуге кететін уақытты мұқият талдайды [14].

1.2 Дәстүрлі емес сабақ түрлері

Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады және орындалуын қамтиды [2].

Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды [20].
Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т.б машиналар арқылы өткізіледі. Сабақ құрылымы:
:: үйге берілген тапсырманы тексеру 10 минут;
1. Жаңа сабақ;
2. Бекіту;
3. Үйге тапсырма.
5. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Мұғалім оқушымен жекелей, топтап, сыныппен жұмыс істейді. Жаппай жұмысты ұйымдастырғанда барлық оқушылар мұғалімнің басшылығымен жұмыс істейді. Топта 3-6 оқушы бірге жұмыстанады.
Жаппай жұмыста оқушылар бір оқу жұмысын атқарып, мұғалім нәтижелерін қорытындылап, тақырыпты түсіндіреді, оны талқылауға барлық оқушыларды қатыстырады.
Мұғалім оқушылар орындай алатын жұмыстарды тауып, пікір айтқысы келетіндердің бәрін тыңдап, әдептілік көрсетеді. Оқушы өз білгенін ортаға салып, басқалардың жауаптарын тындап, оларды өз білімімен салыстырады, қате, толық емес жауаптарды көреді. Жаппай жұмыста мұғалім тақырыпты барлық оқушыларға түсіндіреді [13].
Сонымен жаппай жұмысқа тән белгілер:
:: оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы барлық оқушылармен тікелей іскерлік қарымқатынас жасайды; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушыларды проблема талдауға қатыстырады, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау береді;
:: мұғалім оқушылардың идеялық жағына, сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап беріп, сезімдерін, ой толғаныстарын білдіреді;
:: әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты меңгеруге тырысады;
мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады;
:: мұғалім оқу жобалап, сыныппен байланыс орнатып, олардың назарын сабаққа аударып, білімді қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың соңында білім тексеретін сұрақтар қойған жақсы. Тақырыпты проблемалық, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіспен ашуға болады, бірақ оқушылармен іскерлік байланыс болуы қажет;
:: жаппай жұмыстың тиімділігі мұғалімнің барлық оқушыларды өз назарында ұстауына, әрбір оқушыны белсенді жұмысқа тартуына, зейінді шоғырландыра білуіне, тәртіпті ұстауына байланысты.
:: егер оқушыларға тек қана оқу ақпараттарын берсе, онда жаппай жұмыстың кемшіліктері көрінеді;
:: нәтижелеріне жалпы баға беріледі.
Оқушымен жеке жұмыс. Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т.б. Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.
Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді.
Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлері өте пайдалы.
Бағдарламалық оқыту - жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы түрі.
Ол оқушының бағдарламадағы материалды меңгеруіне керекті жұмыстарды жақсы жоспарлап, оқу іс-әрекетін тексереді. Оқушы өз жұмысының дұрыс-бұрыстығын сол сәтте тексереді. Әр оқушы өз мүмкіндігіне сай жұмыс істейді [2].
Алғашқыда оқушы үлгіге, нұсқауға қарап жұмыс істейді, оқу іскерліктеріне үйренген соң оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істейді. Мысалы, жоғары сыныптарда әр оқушы тапсырма алып, оны орындау жоспарын жасайды, материал, құрал, аспаптар іріктеп, жүйелі іс-әрекет жасайды, жұмыстың нәтижелерін белгілеп отырады.
Жеке жұмыстарды оқушы оқу материалын өз бетімен оқи алатын болғанда ғана алады.
Танымдық іс-әрекетті топта ұйымдастыру:
Топтағы оқушылардың саны жұмыстың мазмұнына және сағатына байланысты 2-6 оқушыдан болады, одан артық оқушы болмағаны жақсы.
Кезендері:
:: топтық тапсырманы орындауға оқушыларды әзірлеу, оқу міндеттерін қою, мұғалімнің топқа қысқаша нұсқау беруі;
:: топта оқу міндеттерін орындау жоспарын талқылау және жоспарын жасау, міндеттерді орындау тәсілдерін анықтау, міндеттерді бөлу;
:: оқу тапсырмаларын орындау үшін жұмыстану;
:: мұғалімнің бақылауы мен топтың және жеке оқушылардің жұмыстарын түзету;
:: оқушылардың бір-бірінің оқу жұмыстарын тексеруі;
:: мұғалімге нәтижелерді айту, оның басшылығымен пікір таласын өткізу, толықтыру және түзету, мұғалімнің қосымша беруі, қорытындылар жасау;
:: топтың, сыныптың жұмысына баға беру;
:: үлгерімі әр түрлі оқушыларды бір топқа біріктіруге болады [20].
Әрбір оқу пәні бойынша бір оқу тоқсаны, жарты жыл аяқталғанша жұмыс істейтін топ құруға болады. Кейде бірнеше сабақтарда ғана топ жұмыс істейді. Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды. Мұғалім кеңесшінің жұмысына басшылық етеді. Кеңесші өз тобының мүшелерінің теориялық материалды меңгеруіне, іскерлік, дағдыларын шыңдауына көмектеседі, топ мүшелеріне жұмысты бөліп береді, жұмысты бақылайды, тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексереді, жазба жұмыстарына сын-пікір жазады. Мұғалім кеңесшіге әдістемелік нұсңау береді.
Тапсырма бірдей де, әр түрлі де беріледі. Жұмыстың нәтижесін сабақ соңында тексеру керек. Топқа бірігу тәжірибелік жұмыстар, зертханалық жұмыстар істегенде, шет тілі сабақтарында ауыз екі сөйлеуге дағдыланғанда, дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда, еңбек сабақтарында жобалау-техникалық жұмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы жұмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың көшірмесін оқығанда пайдалы [3].
6. Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:
:: бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;
:: бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту мәдениеттерін қою;
:: тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;
:: негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;
:: сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;
:: тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;
:: сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;
:: сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсақ, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;
:: техникалық оқыту құралдарын тексеру;
:: мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;
:: сабақта орындалатын өздік жұмыстардың көлемін және түрін анықтау;
:: білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу;
:: білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау;
:: үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеу, оны орындау әдістемесін табу;
:: сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу;
:: тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау;
:: сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау [19].
Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу - нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.
Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау). Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкідіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың өзара оқыту сабақтары
Биологияның мектеп курсын оқу процесінде мультимедиялық оқыту әдістерінің ерекшеліктері
Ақпараттық технология бойынша сабақ өткізу
Электронды оқулық дәріс
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
Кіріктірілген оқыту принциптері
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда биология мен информатиканы кіріктіріп оқытудың тиімділігін анықтау
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстары
Биология пәнінен дәстүрлі емес сабақтың түрлері
Пәндер