Алдын ала тергеу мен сотқа қатысатын лауазымды тұлғалар мен басқа да қатысушылар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Алдын ала тергеу мен сотқа қатысатын лауазымды тұлғалар мен басқа да қатысушылар

Орындаған: Дадабек Д. М.

Тексерген: Қалиев А. С.

Алматы 2019

Алдын ала тергеу - қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі қылмыстық іс жүргізу сатысы. Алдын ала тергеу органдары бұл сатыда жасалған қылмыстың барлық мəн-жайларын: қылмыс оқиғасын, айыпталушының тұлғасын, оның кінəлілігі мен қылмыстық ниетін, келтірілген шығынның мөлшерін, қылмыстың жасалуына түрткі болған себептер мен жағдайларды жəне т. б. егжей-тегжейлі анықтауға міндетті. Аталған мəн-жайларды анықтап, бағалау алдын ала жүргізіледі, себебі Сот үкімі заңды түрде күшіне енген күнінен бастап қана адам кінəлі болып саналатыны белгілі. Сонымен, алдын ала тергеу - қылмыстарды ашу, кінəлілерді əшкерелеу, оларды айыпталушы ретінде белгілі бір негізбен тарту, қылмыстық істің барлық мəн-жайларын анықтау жəне қылмыстық іс жүргізудің өзге де міндеттерін шешу бойынша анықтау органдарының, алдын ала тергеу жəне прокуратураның заңмен реттелген қызметі.

Профессор Н. А. Якубович алдын ала тергеудің мынадай міндеттерін атайды:

  • қылмыстардық тез жəне толықтай ашу, кінəлілерді əшкерелеу;
  • қылмыстық істің мəн-жайларын жан-жақты, толық жəне объективті түрде зерттеу;
  • дəлелдемелерді табу жəне оларды кейін болатын соттық талқылау үдерісінде қолдану үшін іс жүргізу бойынша бекіту;
  • кінəсіздерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды болдырмау бойынша адамды айыпталушы ретінде тартуды заңдылықпен болдырмау;
  • қылмыстық іс өндірісіне айыпталушының қатысуын қамтамасыз ету жəне оның басқа да қылмыстық əрекеттерге баруын болдырмау;
  • қылмыстың келтірген шығын мөлшерін анықтау жəне оны өтеу шараларын қолдануын қамтамасыз ету;
  • қылмыстың жасалуына түрткі болған себептер мен жағдайларды анықтау жəне оларды жою бойынша шаралар қолдану.

Алдын ала тергеу сатысында тергеушілер мен анықтаушылардың тергеу барысында қозғалатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, адамға, оның еркін жүріп-тұруы мен тұрғылықты мекенін өз қалауынша таңдап алуына, тұрғын үйлеріне, жеке басы мен отбасының құпияларына қол сұғылмаушылығына кепілдік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясын сақтаулары міндетті. Олардың бұзылмауы үшін алдын ала тергеу жəне анықтау жүргізетін органдар тергеу мен іздестіру əрекеттерінің əрқайсысын жеке жəне олардың бəрінің бірдей жиынтықталуын реттейтін қылмыстық-процессуалдық нормаларды бұлжытпай сақтаулары тиіс. Тергеу тəжірибесінде кездесіп қалатын қылмыстылыққа қарсы күресті «күшейтуді» желеу еткен процессуалдық тұрғыдан ат үсті қарау болмауы керек. Тергеу органдарының тек қылмыстық- процессуалдық заңды сақтауы ғана ақиқатты анықтау мақсатындағы дəлелдемелерді жинап, зерттеуге қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Əрі, керісінше, белгіленген талаптарды сақтамау қылмысқа қарсы күрестің нашарлауына тікелей апарады, өйткені дəлелдемелер өзінің сапасын жоғалтып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғанның нақты қылмыс жасағандығына күмəн тудырады. Əлбетте, Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа ие, анықтау жəне алдын ала тергеу барысында қолданылатын барлық заңдар мен өзге де нормативтік актілер сақталуы тиіс. Алдымен қылмыстық-процессуалдық заңның сөз болатындығы, өйткені тек соның ғана нормалары тергеу əрекеттерінің мазмұны мен тəртібін белгілейді.

К. К. Панько пікірі бойынша, қызмет түрі ретінде алдын ала тергеудің мынадай өлшем-белгілері бар:

  • құзырлы орган қылмыс құрамының объективті жақтарының белгілерін көрсеткен себептер мен жеткілікті айғақтар болса ғана алдын ала тергеу басталады;
  • алдын ала тергеу - қашан да қылмыстық процессуалдық əрекет;
  • алдын ала тергеуді заңмен белгіленген сотқа дейінгі қылмыстық-процессуалдық əрекетті жүзеге асыруға өкілеттілігі бар арнаулы маман ғана жүргізе алады.

Алдын ала тергеудің міндеттерін орындауға алдын ала тергеудің жалпы шарттары аталатын заңда белгіленген талаптар жатады. Мұндай жалпы шарттарды бірнеше бөліктерге жіктеуге болар еді. ҚР ҚІЖК-інің 24-тарауына сəйкес бұл шарттарды қылмыстық істерді тергеу барысында қолдануға болатын, соның ішінде процессуалдық мəселелерді шешу үшін қажетіне қарай былайша топталады:

  • тергеулік жəне тергеу орны;
  • тергеуді бастауға қажетті алғы шарттар;
  • тергеу мерзімдері;
  • тергеуге уəкілетті тергеуші жəне өзге бір тұлғаның процессуалдық дербестігі;
  • іс үшін маңызы бар өтініштерді қанағаттандырудың міндеттілігі;
  • алдын ала тергеу мəліметтерді жариялауға болмайтындығы;
  • қылмыстық істі біріктіру жəне бөлу;
  • ғылыми-техникалық құралдар мен мамандарды пайдалану;
  • қылмыс жасауға түрткі болған себептер мен жағдайларды анықтауға шаралар қолдану.

Алдын ала тергеу мерзімі іс күрделілігіне байланысты аудандық жəне оған теңестірілген прокурормен - үш айға дейін; істің аса күрделілігіне байланысты облыс прокуроры мен оған теңестірілген покурормен не олардың орынбасарларымен алты айға дейін тергеушінің қаулысы бойынша созылуы мүмкін. Одан кейінгі мерзімдердің созылуын ерекше жағдайларда Бас əскери прокурор, Қазақстан Республикасының Бас проруроры немесе олардың орынбасарлары шешеді.

Күрделі істерге жататындар:

  • бір мезгілде шешуді қажет ететін көп болжамды істер;
  • əр түрлі қалалар мен аудандарда қылмыс жасайтын гастролер-қылмыскерлердің қылмысы бойынша;
  • көп эпизодты;
  • ұйымдасқан сыбайлас қылмыстар;
  • қылмысты жасыру үшін əр түрлі тəсілдермен жасалғанынан тергеуге қиындық тудыратындар.

Қылмыстық іс жүргізу міндеттерін алдын ала тергеу мəліметтерін ашық жариялау арқылы шешуге тыйым салынады. Алдын ала тергеу материалдарының сотта қараудан айырмашылығы қажет деп тапқан көлемде тергеушінің не прокурордың жазбаша рұқсаты бойынша жарияланады.

Алдын ала тергеу өндірісі барысында мынадай əрекеттер жүргізіледі:

  • қылмыс жасаған сезіктіні ұстау;
  • жауап алу (сезіктіден, айыпталушыдан, куəгерден, жəбірленушіден, сараптамашыдан) ;
  • беттестіру (сезікті, айыпталушы, куəгерлер, жəбірленушілер араларында) ;
  • тануға ұсыну (тірі адамдарды, суреттерді, заттарды, құжаттарды, жануарларды, мəйіттерді, құрылыстарды, жер телімдерін (учаскелерін) ;
  • тінту (орындарды, жер телімдерін (учаскелерін, жеке адамды тінту) ;
  • зат алу (заттарды, құжаттарды, пошта-телеграф корреспонденцияларын) ;
  • мүлікті арестке (қамауға) алу;
  • қарау (оқиға болған жерді, жерлерді, орындарды, заттарды, құжаттарды, мəйіттерді) ;
  • мəйітті эксгумациялау;
  • куəландыру (айыпталушыны, сезіктіні, жəбірленушінің куəгерін) ;
  • тергеу эксперименті;
  • сараптама өткізу;
  • салыстырмалы зеттеу үшін үлгілер алу.

Алдын ала тергеудің негізгі түрін, əдетте, əр түрлі ведомстволардың тергеушілері жүргізетін алдын ала тергеу деп тану бар. Кейбір қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу ісі прокурор не сот қажет деп тапқан кезде жүргізіледі. Жасалған қылмыстың сипатына қарамай-ақ, алдын ала тергеу кəмелетке толмағандардың қылмыстық істері бойынша, сондай-ақ физикалық не психикалық кемшілігінен өзінің құқығын қорғауды жүзеге асыра алмайтындардың істері бойынша міндетті саналады. Алдын ала тергеу есі дұрыс еместердің қоғамға қауіпті əрекеті істері бойынша əрі қылмыс жасағаннан кейін жаны күйзеліске ұшырайтындардың істер бойынша да міндетті саналады.

Алданы ала тергеуде жан-жақтылық, толық жəне объективтілікті сақтап жүргізу қылмыстық іс бойынша қабылданатын шешімнің дұрыстығын білдіретін шарттардың бірі болып табылады. Оларды ойдағыдай орындамау, бір жағынан, дұрыс айыптамаушылыққа, екінші жағынан - жасалған қылмыс үшін жазаланбау қауіпіне əкеліп соқтыруы мүмкін.

Алдын ала тергеудің үлкен заңдық маңызы бар. Ол мынадан байқалады: тергеу органдарының қылмыс пен оны жасаған адам туралы материалдар жинауынан, қылмыстық жауапкершілік жүзеге асады да, басқа адамдардың қылмыс жасауының алдын алу мүмкіндігі туады. Соңғысының тəрбиелік маңызы тергеу барысында қоғамға қарсы əрекеттер мен сезікті мен айыпталушыда жазаланбай қалуы мүмкінідігі туралы түсініктің əрі заңға бағынбаушыларға алдын ала ықпал ету мүмкіндіктері пайда болатынынан ап-айқын көрінеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 50-бабына сəйкес қылмыстық іс бойынша іс жүргізу толық не тиісті бөлігінде алдын ала тергеуші, тергеуші немесе сот қаулысымен келесі жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін:

  • айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы;
  • айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның тұратын жері басқа себептермен анықталмаған жағдайда;
  • айыпталушыны қылмыстық ізге түсу иммунитетінен айыру не оны шетелдік мемлекеттердің беруі туралы мəселелердің шешілуіне байланысты айыпталушының іске қатысуының нақты мүмкіндіктері болмаған кезде;
  • айыпталушы жүйкесінің заңда көзделген тəртіпте куəландырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;
  • айыпталушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болуы;
  • соттың аталған қылмыстық істе қолданылуға тиіс заңның немесе өзге де нормативтік- құқықтық актілердің Конституцияға сəйкес еместігін тану не адамның жəне азаматтың Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандығын шектейтіндігі туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауы;
  • қылмыстық іс бойынша одан əрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін тежеусіз күштің іс- əрекеті;
  • тиісті сараптама жүргізу;
  • ҚІЖК-нің 55-тарауында көзделген тəртіпте құқықтық көмек алумен байланысты іс жүргізу əрекеттерін орындау.

Алдын ала тергеуді тоқтата тұру істі жүргізудегі уақытша жəне мəжбүрлі үзіліс болғандықтан, бұл істер бойынша жұмыс алдын ала тергеу органдарының бүкіл қызметінің ажыратылмас бөлігі болып табылады. Осындай əрбір іс бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы мақсаттарының мүлтіксіз орындалуы қамтамасыз етілуі қажет.

1. Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар

Судья - сот жүйесінде сот органының құрамына сайланған немесе тағайындалған лауазымды адам, сот билігін атқарушы. Оған конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген. Ол өз құзыреті шегінде істі жеке-дара қарайды, соттың отырысын дайындау не оның үкімінің немесе басқа да шешімінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде өкім жасау қызметін атқарады.

Прокурор - өз құзыретi шегiнде жедел iздестiру қызметiнiң, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық iзге түсудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын лауазымды тұлға: Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестiрiлген прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлiк прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар, олардың орынбасарлары мен көмекшiлерi, прокуратуралардың қадағалау саласы жөнiндегi прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары. Соттың қылмыстық iстi қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекеттiк айыптаушы болып табылады.

Тергеу бөлiмiнiң бастығы - алдын ала тергеудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлiмшесiнiң бастығы мен өз құзыретi шегiнде iс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары. Тергеу бөлiмiнiң бастығы тергеу iсiн жүргiзудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді тергеушiге тапсырады, тергеушiлердiң жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша олардың дер кезiнде iс-әрекет жасауына, тергеушiлердiң алдын ала тергеу және күзетпен ұстау мерзiмдерiн сақтауына, прокурор нұсқауларының, осы Кодексте белгiленген жағдайларда басқа да тергеушiлер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады; iстер бойынша нұсқаулар бередi; алдын ала тергеу жүргiзудi бiрнеше тергеушiге тапсырады; заңда көзделген жағдайларда тергеушiнi iс бойынша iс жүргiзуден шеттетедi; өз құзыретi шегiнде өзiне бағынысты алдын ала тергеудi жүзеге асырушы органның бiр тергеу бөлiмшесiнен қылмыстық iстi алады және алдын ала тергеудi жүзеге асырушы сол не өзге де өзiне бағынысты органның басқа тергеу бөлiмшесiне бередi; аяқталған қылмыстық iстердi прокурорға жолдайды. Тергеу бөлiмiнiң бастығы қылмыстық iс қозғауға, қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне алуға және бұл орайда тергеушiнiң өкiлеттiгiн пайдалана отырып, жеке-дара алдын ала тергеу жүргiзуге немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуге құқылы.

Тергеушi - өз құзыретi шегiнде қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам: арнайы прокурор, iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі және экономикалық тергеу қызметінің тергеушiсi.

Анықтау органының бастығы - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодекстiң 190-1 және 285-баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтау органы бастығының өкiлеттiгiне өз құзыретiнiң шегiнде Бас басқарманың (Департаменттiң), басқарманың, анықтау органы бөлімінің бастығы және олардың орынбасарлары ие болады. Анықтау органының бастығы қылмыстың белгiлерi мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық iс жүргiзу және жедел iздестiру шараларын қолдануды ұйымдастырады. Жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы болатын, нақты деректері бар нәтижелерін қылмыстық іске қосу үшін қылмыстық іс жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасымен осы Кодекстің 130-бабында белгіленген тәртіппен жібереді.

Анықтаушы - өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк лауазымды адам. Анықтаушы осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң басталуы және жүзеге асырылуы туралы шешiм қабылдауға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекiтуi, прокурордың, соттың санкциялары немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешiмдер қабылдауға және тергеу мен басқа да iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге құқылы.

Сезiктi - тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты осы Кодексте белгiленген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған не оны күдіктi деп тану туралы қаулы шығарылған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн жолын кесу шарасы қолданылған адам күдікті болып танылады. Сезiктi ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан жауап алынуы тиiс. Ұсталған сезiктi телефон арқылы немесе өзге де тәсiлмен дереу өзiнiң тұрған жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы және ұсталып отырған жерi туралы хабарлауға құқылы.

2. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар

Айыпталушы - өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған және бекіткен не тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған адам айыпталушы болып танылады. Сотқа берілген, ал жеке айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы, - сотталушы, өзiне қатысты айыптау үкiмi шығарылған айыпталушы, - сотталған адам, өзiне қатысты ақтау үкiмi шығарылған айыпталушы, - ақталушы деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесс: жалпы бөлім
Қылмыстық процеске қатысушылардың ұғымы, мәні
Қылмыстық іске қатысушы адамдар
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру
Қылмыстық процеске қатысушылар туралы ұғым
Қылмыстық процеске қатысушылар туралы ұғым және олардың классификациясы
Қылмыстық процестік құқығы мен қылмыстық құқық
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ҚАҒИДАТТАРЫ ЖОСПАР
ЖӘБІРЛЕНУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕ
Қылмыстық процеске қатысушылар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz