Қазақстан халықаралық рейтингтерде: үрдістер мен келешегі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университеті

Тақырып: Қазақстан халықаралық рейтингтерде: үрдістер мен келешегі

Орындаған:Дадабек Д.М
Есентемір М.

Тексерген:Мұсабеков Е.А

Алматы 2019
Кіріспе
Ұлт Көшбасшысының саяси еркінің арқасында мемлекеттік тәуелсіздікті алған күннен бастап Қазақстан жүйелі және мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясында құбылыс ретінде саналатын жемқорлықты жоюды - әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 елдерінің қатарына кіруі бойынша басты басымдықтарының бірі екенін айқындады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері Қазақстан-2050 Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Стратегиясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында көрініс тапты.
Елбасының 100 нақты қадам Ұлт жоспарының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа басымдықтары белгіленді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, жемқорлық тәуекелдеріне талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жыл сайынғы осы салалардағы жұмыстардың қорытындысымен алдағы уақытқа арналған нақты ұсыныстарды қамтитын Ұлттық баяндама әзірлеу сияқты кешенді заманауи алдын алу шаралары анықталды.
Баяндама кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Бүгінгі таңда Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейін тікелей және қосалқы түрде көрсететін беделді халықаралық ұйымдар рейтингтеріне қосылған.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЙБІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТЕРДЕГІ ОРНЫ
Рейтинг, ұйым
РейтингҚазахстанның баллы
Елдердің жалпы саны
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ИНДЕКСІНІҢ БЕЙРЕСМИ ТӨЛЕМДЕРІ МЕН ПАРАЛАРЫ
2016 ж. 61 орын (2015 ж. 64 орын)
138
Бизнес жүргізудің жеңілдігі рейтингі, Дүниежүзілік банк
2016 ж. 35 орын (2015 ж. 41 орын)
190
Электронды үкіметті дамыту индексі, Біріккен Ұлттар Ұйымы
2014 ж. 28 орын (2012 ж. 38 орын)
193
Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі, Транспаренси Интернэшнл
2016 ж. 29 балл (2015 ж. 28 балл)
176
Мемлекеттік басқару сапасы индикторлары, Дүниежүзілік банк
2015 ж. 24,5 балл (2013 ж. 19,4 балл)
212
Өтпелі кезеңдегі елдер, Фридом Хаус
2016 ж. 6,50 балл (2015 ж. 6,50 балл)
29

1. Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің Бейресми төлемдері мен паралары (ДЭФ ЖБИ)
Зерттеліп отырған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы климат деңгейін анықтайтын индикаторлар бойынша Қазақстанда айтарлықтай өсім байқалады. Осылайша, Бейресми төлемдер мен паралар көрсеткіші екі жыл ішінде 19 позицияға жақсарды. (2016 ж. - 61 орын, 2015 ж. - 64 орын, 2014 ж. - 80 орын). Осыған ұқсас жағдай Мемлекеттік қаражаттарды заңсыз пайдалану көрсеткіші бойынша 9 позицияға және Қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығы 1 позицияға жақсарған. ЖБИ шеңберінде бизнесті жүргізуге қатысты сұрау жүргізілген. Кәсіпкерлердің пікірінше, бірден-бір үлкен бөгет инфляция деңгейінің жоғары болуы (16,6%), салықтық мөлшерлемелер (13%) және сыбайлас жемқорлық (12,8%). Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның ЖБИ көрсеткіштерін одан әрі жақсарту үшін квазимемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылға және бизнес үрдістердің ашықтығына ерекше назар аудару қажет.

ЖБИ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ИНДИКАТОРЛАРЫ
ЖБИ сыбайлас жемқорлық индикаторлары
2016
2015
Өзгеріс
Бейресми төлемдер мен паралар
61
64
+3
Қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығы
29
30
+1
Мемлекеттік қаражаттарды заңсыз пайдалану
41
50
+9

2. Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізудегі жеңілдік рейтингісі
Аталған сараптау-талдау зерттеуі бизнес жүргізуге ыңғайлы жағдайлар жасау деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингін анықтайды және оның негізінде келесі 10 көрсеткіш жасалынады:
:: кәсіпорындарды тіркеудің оңайлылығы
:: құрылыс жүргізуге келісім алу
:: электр жүйесіне қосылу
:: несиелерді алу
:: миноритарлық инвесторлардың құқығын қорғау
:: салық салу
:: халықаралық сауда
:: келісімшартты орындауды қамтамасыз ету
:: кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігін шешу
Көптеген мемлекеттер үшін рейтинг бір қала бойынша есептелінеді, Қазақстанда ол - Алматы қаласы болып табылады.
Рейтингке қатысудың тарихында Қазақстан 2016 жылы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 35 орынға тұрақтады. Құрылысқа рұқсат алу (+56 тармақ), Энергиямен жабдықтау жүйесіне қосылу (+27), Миноритарлық инвесторларды қорғау (+22) секілді көрсеткіштер бойынша елеулі ілгерілеу тіркелді.Дүниежүзілік банк рәсімдер саны, мерзімдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем елдеріндегі білім беру жүйесімен танысу. Білім беру жүйесі дамыған мемлекеттердің оқу жүйесімен таныстыру, жаңа тәсілдер
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік құзыреттілігін lesson study әдістемесі арқылы дамыту механизмі
Туристік ресурстарды дамыту туралы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесі
Қазақстандағы туризмнің басты бағыттарын айқындап, пандемия кезіндегі орын алған өзгерістерге баға беріп, талдау жасау
Электрондық үкімет дамуының үшінші кезеңі - транзакциялық кезең
Пәндер