Идеологиялық партиялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Негізгі бөлім
Кіріспе
Паритялардың қалыптасу кезеңі
ХХ ғсырлардағы христиандық-демократиялық және басқа да конфессионалдық партиялар құрылуы
Саяси партияның негізгі ерекшелікті белгілері болып табылатындар:
Идеологиялық партиялар
Қорытынды

Кіріспе
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етгі. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламентгер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшьшықтар шиеленіседі. Осыған байланысты сая-си партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзак тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Всбср саяси партиялардьщ дамуында мынадай кезендерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.
Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы -- олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды. Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі -- олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартгы. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызметт. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.
Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттің саяси өмірін идеялардың, ағымдардың, тұлғалардың күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекелестік қағидаты әртүрлі топтардың мүдделерін білдіретін бірлестіктердің өмір сүруін қажет етеді. Бұл топтар әлеуметтік, ұлттық, идеологиялық принциптер бойынша ұйымдасады (қандай да бір шамада бұл қағидаттар бір-бірімен өзара байланысты). Қоғам өміріне саяси партиялар, қозғалыстар, ассоциациялар, кәсіподақтар мен тағы басқа да ұйымдар қатысады.
Саяси партиялардың негізгі мақсаты -- қоғамның саяси өміріне қатысу, билікті алуға қол жеткізу және мемлекетті басқаруға ұмтылу.
Саяси жүйедегі партиялардың рөлдерін зерттеу саясаттанудағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Осы саладағы көрнекті теоретиктер қатарында М.Вейнер, М.Дюверже, Р.Шварценберг, Дж. Сартори тәрізді ғалымдарды айтуға болады. Әртүрлі елдердегі партиялардың қызмет атқаруы, саяси партиялар мен партиялық жүйелерді типологиялау, әртүрлі саяси режимдердегі партиялық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесулері -- аталған ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің басты бағыттары болып табылады.

Паритялардың қалыптасу кезеңі
Ең ұйымдасқан және саяси бағытталған қоғамдық бірлестік - саяси партия. Партияны қазіргідей түсіну XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болды.
Партия термині латынның parties сөзінен шыққан, тым ірі қауымдастықтың, процестің бөлігі дегенді білдіреді. Бұл ұғым ежелгі дүниенің өзінде-ақ ортақ мақсатқа ұмтылған саяси одақтастар тобын білдіретін ұғым ретінде қолданылған. Алайда құл иеленушілік және феодалдық құрылыс тұсында орын алған саяси фракциялар, одақтар тек шартты жағдайда ғана партия деп аталды; бұлар қоғамдық-саяси өмірде аз-кем болса да елеулі роль атқара алмайтын түрсіз, уақытша құрылымдар болды.
Партияны қазіргідей түсіну XIX ғасырда - буржуазиялық революциялар дәуірінде және мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен іске асырылуының формасы ретінде парламентаризмнің шығуы мен дамуына байланысты пайда болды. Саяси институт ретіндегі партиялардың генезисінде саясаттанудағы көпшілік мақұлдаған М.Вебердің жіктеуіне сәйкес, оның үш кезеңі бөліп көрсетіледі: аристократиялық топ - саяси клуб - көпшілік партия.
XIX ғасырда сайлау құқығының кеңеюі мен ұйымдасқан жұмысшылар қозғалысының пайда болуы нәтижесінде саяси партиялардың сипаты сапалық өзгерістерге ұшырады. Көптеген елдердегі цензілік шектеулердің біртіндеп алынып тасталуы, сайлау құқығы реформалары сайлау корпусын елеулі түрде кеңейтті. Көпшілік үшін күрес буржуазиялық партияларды оқшауланып қалудан бас тартуға, сайлаушыларға үнемі идеологиялық және саяси ықпал ету үшін парламенттің шегінен шығуға мәжбүр етеді.
Институт ретіндегі саяси партиялардың дамуына жұмысшылар қозғалысы айтарлықтай үлес қосты. Ол мүшелері көпшіл, жергілікті ұйымдар желісі бар, мерзімді түрде съезд өткізіп тұратын, жарғысы мен мүшелік жарнасы бар партияның классикалық типін жасады. Жұмысшы партиялары парламенттен тыс жолмен - кәсіподақтың, кооперативтік қозғалыстардың, жұмысшылар мен зиялылар үйірмелерінің негізінде пайда болды. Алғашқы жұмысшы партияларының бірі 1863 ж. Лассаль құрған Жалпыға бірдей Герман Одағы болды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жұмысшы қозғалыстары екі ағымға - революциялық және реформистік ағымдарға бөлінді, соның негізінде жұмысшы табы партиясының екі негізгі тобы - коммунистік және социалистік топтары пайда болды.

ХХ ғсырлардағы христиандық-демократиялық және басқа да конфессионалдық партиялар құрылуы
XX ғасырдың басында христиандық-демократиялық және басқа да конфессионалдық партиялар құрылды. Ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуымен өзінің таптық мәні бойынша әр түрлі, езілген халықты ұлттық азат етуді көздеген партиялар қалыптасады.
Саяси институт ретіндегі партиялардың эволюциясы қоғамдық-саяси ойдағы аталмыш феноменді теоретикалық ұғынумен қатар жүрді. Саяси теорияларда ұзақ уақыт бойы партияға қарсы - жағымсыз тұрақты дәстүр қолданылды, ең жақсы жағдайда партияларға деген шыдамды қарым-қатынас болды. Оның негізінде халықтың егемендігі мен жалпы еркін білдіруші ретіндегі мемлекет жөнінде түсінік жатты. Партиялар жеке мүдделерді қорғаушы, қоғамдағы дағдарыс пен жіктелудің қайнар көзі ретінде түсінілді. Тек буржуазиялық мемлекеттіліктің парламенттік конституциялық негіздерінің дамуы мүмкіндігіне қарай партиялар біртіндеп өздерінің саяси және құқықтық мәртебесін нығайтты. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында саяси партия проблематикасы саяси ғылымның жеке бағыты ретінде бөлініп шықты. Қазіргі партологияның негізін салушылар болып есептелетін М.Острогорский, Дж.Брайс, Р.Михельстің еңбектері кеңінен танымал болды.
Ғылыми әдебиетте саяси партиялардың мәнін түсінуге және олардың анықтамасына қатысты әр түрлі көзқарастар қалыптасты. XVIII ғасырдың өзінде-ақ ағылшын философы Дэвид Юм Партиялар туралы эссесінде партиялардың қалыптасуының бастапқы сатысында, бытыраңқы күштердің бірлесуіне қызмет еткен кезде, идеология негіз болатындығы және қажетті роль атқаратындығы жөніндегі фактіге көңіл аударған болатын.
Сондықтан да идеологиялық бағыт партияны идеялық бірлік, ортақ көзқарастары, мүдделері мен пікірлері біріктірген идеялық пікірлестер одағы ретінде қарастырады. Б.Констан партияны қандай да бір саяси доктринаны мойындайтын адамдардың бірлестігі ретінде анықтады.
Ұйымдық тәсіл ең алдымен партиялардың іс-әрекетінің ұйымдық-құрылымдық аспектісін атап көрсетеді. Партияның мынандай белгілері бөлініп көрсетіледі: ерекше құрылымының болуы, өмір сүруінің ұзақтығы, ұйымдармен арадағы байланыс, жақтаушылармен жұмыс және басқалары. Функционалдық тәсіл саяси механизмдегі партиялардың саяси әрекетін, ролі мен міндеттерін зерттеуге саяды. Саясаттанушылардың едәуір бөлігі партиялардың сайлау қызметін айқындаушы деп санайды және де партиялардың сайлау процесімен байланыстарына, олардың сайлауға даярлану мен оны өткізуге қатысуына ерекше көңіл аударады.
Марксистік-лениндік әдебиеттерде саяси партиялардың мәнін анықтаудың әлеуметтік-таптық тәсілдері басымдық танытады. Мұнда саяси партия деп оларды неғұрлым белсенді өкілдер біріктіретін және белгілі бір мақсаттар мен мұраттарға жетуі үшін басқаратын қоғамдық таптың немесе оның жігінің мүдделерін білдіретін саяси ұйым түсініледі. Саяси партия - саяси ұйымның жоғарғы формасы. Саяси партиялардың пайда болуы мен дамуы қоғамның таптарға жіктелуімен, тап күресінің тарихымен, әсіресе саяси билікке иелік ету үшін күресінің тарихымен байланысты[68].
Француздың ірі саясаттанушысы М.Дюверже партияны мемлекет жүйесінде әрекет етуші ұйым ретінде анықтағанын айта кеткен жөн[69]. Ал, белгілі испан саясаттанушысы Л.С.Санистебан партияларды бірыңғай саяси пікірге ие адамдардан тұратын, өздерінің мақсаттары жолында бірлесіп жұмыс істейтін, идеалдық (қоғамның үлгісі) немесе материалдық (жеке пайданың әр алуан түрлері) сипаты бар тұрақты иерархиялық ұйым болып табылады деп есептейді[70].
Партияға анықтама берген тағы бір батыстық саясаттанушы П.Шарон партияны қоғамдағы мемлекеттік билікке бақылау жасауға қызығушылық танытатын және халықтан қолдау таба отырып, басқа көзқарасты ұстанатын топтармен немесе жіктермен бәсекелестікке түсетін белсенді саяси адамдардың ұйымы ретінде түсінеді[71].
Партияны анықтаудың жоғарыда аталған тәсілдерінің бәрі оның тіршілік-әрекеті үшін маңызды кезеңдер белгілі бір танымдық маңызға ие екендігін көрсетеді. Сонымен бірге олар сыңаржақтылықтан да жапа шегуде және саяси партиялардың мәнін толық деңгейде ашып бере алмай отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда ғылыми әдебиеттерде белгілерінің, өлшемдерінің тұтас жүйесінің анықталуы арқылы партияның синтездік анықтамасын беруге де әрекет жасалуда. Нақ сондықтан да саяси партияны халықтың бір бөлігінің мүдделерін көрсететін және мемлекеттік билікті жеңіп алу немесе оны іске асыруға қатысу жолымен осы мүдделерді жүзеге асыруды өзінің мақсаты етіп қоятын пікірлестердің идеологиялық, ұйымдық тобы ретінде сипаттауға болады.

Саяси партияның негізгі ерекшелікті белгілері болып табылатындар:
- белгілі бір таппен, әлеуметтік жікпен, топпен немесе олардың жиынтығымен байланысы, яғни, әлеуметтік негізінің болуы;
- партия мүшелерінің дүниетанымдық мақсаттары мен идеологиялық принциптерінің бірлігін көрсететін қызметінің белгілі бір бағдарламасын иемденуі;
- сайлауда елден бүкіл халықтық қолдау табуға ұмтылу;
- формальданған ұйымдық құрылымының болуы (мүшелік, органдарының субординациясы, партиялық аппарат және т.б.) және ұзақ уақыт бойы әрекет етуге қабілетінің болуы;
- саяси билікке жету мақсаты және оның іске асырылуы үшін қимыл әрекеті.
Саяси институт ретіндегі партияның ерекшелігі - бұл саяси, мемлекеттік билік үшін ашық түрде күресуі. Партия өзінің алдына қандай да болмасын нақты мақсат қойса да мейлі, коммунизм құру немесе қоршаған ортаны қорғау болсын - ол оған билік үшін күрестің көмегімен жетеді. Осынысымен де саяси партия ең алдымен, саяси өмірге белсене қатысатын, бірақ үкімет билігіне тікелей бақылау жасауға ұмтылмайтын басқа да әр түрлі қоғамдық бірлестіктерден (қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар) ерекшеленеді.
Әр елдің заңдары партиялардың мәртебесін өзінше реттейтіндігін (немесе реттемейтіндігін) айту керек. Бір елдерде партиялардың құрылу тәртібі мүлдем құқықпен реттелмейді. Партия өзін-өзі сондай тұрғыда жариялауына қарай сол кездің өзінде-ақ әрекет етуші болып есептеледі. Басқа бір елдерде - заңнама партияның қандай да бір мемлекеттік органда формальды түрде тіркелуін талап етпейді, алайда ұйым партия мәртебесін тек міндетті органдарға белгілі бір нақты құжаттарды: бағдарламасын, жарғысын немесе манифестін әкеліп көрсеткеннен кейін ғана иеленеді. Үшінші бір елдерде партиялардың міндетті түрде тіркелуі құқықтық актілерде алдын-ала қарастырылған, тек содан кейін ғана олар ұйым, мекеме мәртебесін иеленеді.
Партиялар өздерінің қызметтерін табысты түрде іске асыру үшін заңдар оларға барынша кең құқықтарды және өкілеттіліктерді береді. Көптеген елдерде олардың сайланбалы мемлекеттік органдарда өздерінің кандидаттарын ұсыну құқығы бекітілген. Саяси партиялар өздерінің қызметі жөнінде еркін ақпарат таратуға, өздерінің идеяларын, мақсаттары мен шешімдерін насихаттау құқығына ие. Сайлау науқаны барысында олар мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға қол жеткізеді, оның ішіндегі ең бағалысы радио мен телевизия болып табылады. Партиялар өздерінің баспалық басылымдарын тарата алады, бұқаралық жиналыстар, манифестациялар, шерулер өткізе алады. Оларға үкіметті және мемлекеттік әкімшіліктерді сынауға құқық беріледі.
Парламентке ұсынылған партиялар барынша кең өкілеттіліктерді иеленеді. Олардың парламенттік топ (фракция) құруға, өздерінің өкілдерін парламент қалыптастырған мемлекеттік органдарға жіберуге құқығы бар. Бірқатар елдерде мұндай партиялар сайлау аралық кезеңдерде де мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізе алады. Партияларға берілетін эфирге шығу уақыты, әдеттегідей, олардың парламенттегі иеленетін орындарының санына сәйкес бөлінеді. Көптеген елдерде премьер-министр қызметіне кандидат ұсынғанда парламент төрағасы немесе мемлекет басшысы партиялық топ өкілдерімен кеңеседі.
Партия қызметінің құқықтық тәртібінің белгіленуінің тағы бір жағы олардың ұйымдық құрылымының бекітілуі болып табылады. Партиялар туралы заң бар елдердің барлығында дерлік партияның ішкі құрылымының мәселелері, құрылымдары, құрамы мен партиялық органдардың өзара қарым-қатынасы толық реттеледі. Партиялардың өзін-өзі таратуына, қосылуына, бөлінуіне, жастар, әйелдер және де басқа да ұйымдар құруына құқығы бар. Олар өздерінің қызметін материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті кез-келген мүлікті иелене алады. Кейбір елдерде партиялардың мемлеттік қаржыландырылуға құқығы бар.
Партиялық негізде саяси партияларды жіктеуге болатын көптеген өлшемдер бар екендігін айта кеткен жөн. Сол себепті де саяси партиялар әлемі көп түрлі және сан алуан. Бұл алуан түрлілікті саяси партиялардың типологиясы түсіндіруге жәрдемдеседі. Типологияның негізіне әр түрлі өлшемдер алынуы мүмкін. Олар: әлеуметтік негіз, идеологиялық кейіп, ұйымдастыру принциптері, қызмет әдістері және басқалары.
Өзінің таптық мәніне қарай партиялар буржуазиялық, ұсақ буржуазиялық, помещиктік, шаруалар, жұмысшылар партиясы болып бөлінеді.
Саяси-идеялық бағдары тұрғысынан алғанда коммунистік, социал-демократиялық, либералдық, консервативтік партиялар болып, сондай-ақ әр түрлі діни және ұлттық доктриналарға сүйенетін партиялар болып бөлінеді.
Өмір сүріп тұрған тәртіпке, мақсаттары мен міндеттерінің мазмұнына қатысты алғанда революциялық партиялар (қоғамды радикалдық сапалық өзгертуге ұмтылатын), реформистік (құрылымдық негізді өзгерістерсіз қоғамдық өмірді жақсартуға ұмтылатын), консервативтік (қоғамдық өмірдің қалыптасқан, тұрақты формасын сақтауды жақтайтын) және реакцияшыл партиялар (бұрынғы қоғамдық тәртіптер мен құрылымдарды қалпына келтіруге ұмтылатын) бөлып бөлінеді.
Мемлекеттік билік жүйесіндегі орнына қарай партиялар билеуші және оппозициялық партиялар болып, қызмет жағдайлары бойынша - ресми, жартылай ресми және ресми емес партиялар болып бөлінеді.
Мүшелік түріне (өзгешеліктеріне), ұйымның принциптеріне сәйкес партиялар кадрлық және көпшілік партияларға бөлінеді[72]. Кадрлық партиялар демократияның басқару формасы ретінде қалыптасуымен, саяси өмірде жалпыға бірдей дауыс берудің бекітілуімен бірге пайда болды. Кадрлық партиялар санының аздығымен, формасыздығымен, еркін мүшелілігімен, ұйымдық бостығымен, орталықсыздандырылған құрылымымен ерекшеленеді. Тиісті тіркеуден өткен және мүшелік жарналарды тұрақты төлейтін арнайы мүшелік жүйесі болмайды. Кадрлық партиялар сайлауларға қатысуға және жеңіске жетуге бағдар ұстанады. Партиялық көпшілікке ғана емес, партиялық актив және партиялық функционерлер қанша болса, соншалықты соған, сондай-ақ қоғамның ықпалды топтарының қаржылық қолдауына сүйенеді. Көп дәрежеде кадрлық партияның типіне қазіргі уақытта АҚШ-тың Республикалық және Демократиялық партиялары, Франциядағы Радикалдық партия сәйкес келеді.
Көпшілік партияларды жұмысшы қозғалыстары туындатты. Партияның бұл типінің неғұрлым жарқын мысалы ретінде 1875 жылы негізі қаланған Германияның социал-демократиялық партиясын айтуға болады. Көпшілік партиялар өзінің қатарына мүшелерді мүмкіндігінше көптеп тартуға ұмтылады, өйткені оның негізгі қаржылану көзі мүшелік жарналар болып табылады. Көпшілік партияларға мүшеліктің бекітілуі, айқын ұйымдық құрылым, орталықтандырылған түр, партия мүшелерінің арасындағы тығыз және тұрақты байланыстар тән. Бұдан басқа, көпшілік партия қызметтің күнделікті мәселелері бойынша шешім қабылдайды, партиялық көпшілік төменгі бастауыш ұйымдарға бірігеді. Мұндай партия халықтың арасында тек сайлау науқаны кезінде ғана емес, тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Көпшілік партияларға, әдеттегідей, коммунистік, социалистік және Батыс-Еуропа елдерінің социал-демократиялық партиялары жатады.
Партиялардың кадрлық және көпшілік деп бөлінуі олардың қызмет түріне қарай парламенттік және авангардтық деп бөлінуінің партиялық типологиясымен толықты. Парламенттік партия билік үшін күресті ең алдымен өкілдік мекемелердегі сайлаулармен байланыстырады. Өзінің ұйымдастырушылық қызметін ол негізінен сайлау науқаны барысында мандаттардың ең көп мүмкін санын жеңіп алуға және өзінің саясатын парламент пен үкімет арқылы жүргізуге ұмтыла отырып іске асырады. Партияның парламенттік фракциялары, әр түрлі деңгейдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
«Едігелік» идеологиясының мәні
Сайлаушылар партиясы
Саяси партиялардың пайда болуы, түсінігі және типтері
Саяси партия және партиялық жүйелер
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар имиджі
Саяси идеологиялар
Қазақстандағы саяси - партиялық жүйені заңдастыру
Саяси партиялар ұғымы мен мәнісі
Саяси партиялар және партиялық жүйелер
Пәндер