Орта ғасырдағы Еуропа мәдениетінің қалыптасуы
Жоспары
* Кіріспе
* Әлем мәдениеті
* Орта ғасырдағы Еуропа мәдениетінің қалыптасуы
* Ежелгі Шығыс мәдениеті
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Түйткіл ғаламның екі жартысы тұтас бір әлем. Ғаламның екі жартысын
бөліп тұрған өркениет құндылықтары тұтастанып, жаһандануда. Өркениеттер
сұхбаты - ортақ рухани құндылықтардың бесігі. Тұтастанған жаһандану көшінде
әр ұлт пен этностың, әр ел мен жердің, әр халық пен мемлекеттің даралығын,
келбетін, ерекшелік сипатын айқындауға ұмтылған саясаттың сахнада өз рөлін
ойнауы заңдылық. Алып жаһандасу көшінде ұлттық келбеті мен кемелін
сақтауға, әспеттеуге, әйгілеуге, аманат етуге ұмтылған өркениеттер өрісінің
жаңа лебі, жаңа екпіні әлеуеттенуде.
Өркениетті әлеміміздің тарихы дамуда. Дегенмен сол даму үрдісінде тепе-
теңдіктен гөрі, не басым, не кем түсіп жатқан бағыттардың алмағайып түсуі
заманының шындығына айналуда. Бұл бағыттардың бір сарасы Шығыстың Батысқа,
ал келесі сарасы Батыстың Шығысқа иегін бұруы басым келуі куә. Бұл заңды да
құбылыс. Бірақ бұл үдеріс біржақты емес. Оның екіжақты да қайтарымы бар
және болатын үдеріс. Әрине, шығыстық және батыстық, керісінше батыстық
және шығыстық өркениет өзара ықпалдасып, бірін-бірі өркендетуінің өзі осы
жаһандық ғаламды ортақтандыра түссе керек. Өйткені бұлай деуімізге,
зерттеушілердің пайымдауынша, Адамзаттың тұрақтылығы екі түрлі
бастаулардың - Шығыс пен Батыстың бірін бірі толықтырылуына негізделеді.
Батыс пен Шығысты мәдени екі тұма ретінде қарастыра отырып, зерттеуші
қауым ортақ бір қағидаға тоқталады. Ол Батыс пен Шығыстың адамзат
мәдениетінің екі тармағы, екі өркениеті, екі түрлі өмір сүру ұстанымы
екендігі. Шын мәнінде, олар бір-бірінен рухани да, материалдық да
құндылықтарымен ерекшеленіп, алшақтағанымен осы екі әлемді тұтас бір
өркениет ретінде қарастыруға болады.
Тарихқа үңілсек. Жаңаға ұмтылған, ескіні қызметі кәдеге жарап болған
дүние ретінде қарастырған Батыс өте қарқынды дамыса, ал әлемнің дамуын
бақылаушы ретінде қарастырған, табиғат пен бүткіл табиғи әлемді қадірлеген
әрі өмірдің даму мәнінен үйлесімділік іздеген Шығыс асыға қоймады.
Сонымен, Батыс пен Шығыстың мәдени әлемін ерекшелейтін, оларды бір-
бірінен ерекшелейтін нендей өзгешеліктер бар. Олардың мәдени, өркениеттік
дамуы, әлеуметтік-экономикалық құрылымы, саяси өмірінің қалыптасуы, рухани
жаңғыруы жолындағы басты ерекшеліктер қандай?
Еуропалық Батыс адамы Шығыс адамының қолынан келмейтін өнерге (машина
жасау, техникалық табыстар т.б.) баулыдым деп санап келді. Ал қазіргі
жағдай мүлдем басқаша. Дегенмен қалыптасып қалған қағидатты Шығыс
өркениетінің жаңа келбеті мүлдем өзгертті деуге болады. Мәселен, Жапония.
Күн Шығыс елі тұрақты экономикасы мен саяси құрылымен әлемнің ең жетекші
елдерінің біріне айналды. Және де ғылым, техника, электроника, тіпті басқа
мәдени құндылықтарға негізделмеген өзіндік рухани дамуы ең прогрессивті
елдер санатына қосты. Ал аспан асты елі - Қытай бүгінде әлемдік нарықта ең
байсалды ұстанымға, орасан әлеуетке ие болып отырғанын ең қуатты держава
саналып келген Американың өзі мойынсұнып отыр. Қытай ХХІ ғасырда тек
экономикалық дамуымен ғана емес, сондай-ақ саяси дамуымен де ерекшеленуде.
Ғасырлар бойғы қатталып, сақталып, бүгінгі ұрпаққа жақсы мен жаманның
бастауы іспеттес ин мен яннің мәңгілік философиясынан үйлесімдік іздеген
рухани құндылықтардың өркендеуімен ерекшеленуде.
Батыс пен Шығыстың арасындағы айырмашылық психологиялық тұрғыдан, екі
өркениеттің менталитеті тұрғысынан алғанда байқалатыны рас. Еуропалық пен
күншығыстық философиясы түрліше. Бұған олардың табиғат пен қоршаған ортаға
деген көзқарасы мен қарым-қатынасы куә. Оған еуропалықтың табиғат ғибадат
тұтушы емес шеберхана ретінде таныса, ал шығыстық тұлға табиғатты өзімен
бірге тұтас әлем ретінде қарастырады.
Дегенмен осы екі өркениет, екі мәдениет арасындағы айырмашылықтар жігі
анық бола тұра олардың қайсысы үздік деген сұраққа жауап іздестіру артық
болар еді. Өйткені екі өркениет жер шарының екі жартысы сияқты, полярлық
әлемнің өзіндей бірін-бірінсіз болуы, өмір сүруі мүмкін емес тұтастық
әлемі. Осы күнге дейін айтып келген Батыс пен Шығыс арасындағы қарама-
қайшылықтар мен бәсекелестік қазіргі жаһандану әлемінде тұтастанып,
үйлесімдік пен бірлікте дамуы белең алуда. Сондықтан бүгінгі адамзатқа
ортақ әлемді Батыстың да, Шығыстың да парасатты, дарынды, өнерлі тұлғалары
өркениетті дүниеге айналдыруда. Шығыс өркениеті өмірге қабілетті келді. Ол көптеген шапқыншылықтар мен отарлау саясатын бастан өткерді. Шығыс өркениеті икемділігі мен
өміршеңдігінің арқасында осынау өзгерістерден өз жолын таба білді.
Дегенмен өзіне ұқсас келмеген дүниелерді өңдеген жаңа бағдарлама жолындағы,
техника жағынан дамыған Еуропа өркениетінен Шығыс та қалыса қоймаған
болатын.Осынау түрлі мәдениеттер тоғысындағы өркениет әлемі бір-бірін толықтыра
отырып, жалпы әлемдік мәдениетті құрады. Мұнда Шығыс пен Батысты
біріктіретін түрлі құндылықтар мен менталитеттердің үйлесімі қашан да
салтанат құрмақ.
Қазіргі заманғы жаһандану өріс алған тұста жер шары түрлі элементтерден
құралатын тұтас жүйеге айналуда. Осы орайда Ғаламдық Шығыс және Батыс
тарихы мына элементтердің негізін қалаушы дуализмге: Жер мен Су, Құрлық
пен Теңізге толықтай тәуелді,-дейді Карл Шмидт.
Осынау жаһандану үдерісінде болашақтың дамуы мен таяу болашағы туралы
мәселелер маңызды. Батыс адамының, батыстық өнердің рухани тоқырауы жалпыға
мәлім болуда. Кейбір зерттеушілер Батыс мәдениеті мен өнеріне негіз
боларлық қағидаларды қарастыру мәселесін атауда. Сонымен қатар қазіргі
заманғы Батыс өнерін қазіргі заманғы Шығыстың рухани мұрасымен салыстыру
қажеттігі де туындауда. Әлемнің тұтастануы жайлы қағидалар бүгінде мәдениетаралық үндесулер мен жаллпыадамзаттық төзімділік ұғымдарын дүниеге әкелді. Жаһандану жағдайында мәдениетаралық үндесу елдер арасындағы қарым-қатынасты орнатуға,
жалпыадамзаттың бір-бірін түсінуде біз ұғымын түйсінуге ықпал етуші
әлеуметтік мәдени фактор ретінде қарастырылуда.
Жаһандық ойлаудың негізіне пікірлер мен идеялар алаңының, ұстанымдар
мен әлемге деген көзқарастың үндесуі жатады. Нақ осы үндесулер түрлі
мәдениеттер мен олардың арасындағы диалогтың түйсіу нүктесі саналды.
Бүгінгі әлемді бірі-біріне тәуелді экономикалық, технологиялық,
ақпараттық байланыс арналары ұстап тұрғаны мәлім. Бірақ бұл байланыс
арналарында өркениеттің қас жауы - қақтығыстар мен соғыстың орын алуы өте
қатерлі үндеу болып отыр.
С.Хантингтонның айтуынша, бүгінгі өркениет өзінің тарихы, тілі, діні,
мәдениеті, дәстүрлерімен бір-бірімен ерекшеленеді. Осынау ерекшеліктер
Батыс және Шығыс терминімен айқындалды. Батысқа рационализм, христиан
дәстүрі, ағартушылық, демократия, дербестік тән болса, Шығыс үшін,
керісінше, мистерия, сезімталдық, исламдық және буддистік (басқа да) діни
ұстанымдар, дәстүршілдік, ұжымшылдық, қауымдастық, мемлекеттіктің ерекше
түрі тән келді. Батыс пен Шығысты нақты бір елге таңбалау қажетсіз. Бұл географиялық
ұғым саналады. Ал мәдениет даму барысында Батыстың да, Шығыстың да
белгілерін өзіне сіңіруі мүмкін.
Әлем мәдениетінің тарихы
Әлем мәдениеті
Мәдениеттің тууы бір уақытта пайда болған зат емес. Ол пайда болу мен қалыптасудың ұзақ процесінен өтті және сондықтан дәл мерзімі жоқ. Алайда осы процестің хронологиялық шеңберлерін анықтауға болады. Егер қазіргі түрдегі адам - homo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл жағынан мәдениет адамнан үлкен. Бұл мерзімді одан әрі 400 мың жылға жылжытуға болады. Онда біздің бабаларымыз неандерталдықтар отты тауып пайдалана бастады. Мәдениет деп біз рухани құбылыстарды түсінетіндігімізден, ең дұрысы 150 мың жыл болып саналады, өйткені осы уақытқа рухани өмірдің басты көзі болып саналатын діннің бастапқы формаларының пайда болуы жатады. Осы орасан зор аралық - бір жарым мыңжылдықта мәдениеттің қалыптасу және эволюция процесі өтті. Барлық мәдениеттер өзінің айрықша өзгешелігімен ерекшеленді және адамзаттың дамуына үлкен үлес қосты. Осы кезеңде философия, математика, астрономия, медицина және ғылыми білімнің басқа салалары пайда болып, табысты дамыған. Көркем шығармашылықтың көптеген облыстары - сәулет, мүсін, барельеф классикалық формаларға жетеді.
Жаңа заман адамын толық есейген деп санауға болады, алайда ол әрқашан салмақты, жауапты, парасатты бола бермейді. Адамның пайда болу тарихы ерте заманнан басталады, оның көп бөлігі ежелгі заманға жатады. Ол мың жылдар бойы жалғасып келеді. Адам пайдаланған ең ежелгі қарулар 2,5 млн. жыл бұрынғы заманға жатады. Адамдар қару жасаған материалдар бойынша археологтар ежелгі заман әлемінің тарихын үш ғасырға бөліп қарайды: тас, қола және темір. Тас ғасыры ежелгі тас ғасырына немесе палеолитке (шамамен 2,6 млн. бастап б.з. дейінгі 12 мың жылына дейін), орта тас ғасыры немесе мезолит (шамамен 12 мың жылдан б.з. дейінгі 7 мың жылға дейін), жаңа тас ғасыры немесе неолит (шамамен 7 жылдан б.з. дейінгі 4 мың жылға дейін), мыс-тас ғасыры немесе энеолит (шамамен 3 - б.з. дейінгі 2 мың жылдығының басы). Қола ғасыр - (шамамен 2 - б.з. дейінгі 1 мың жылдық), темір ғасыры (шамамен 1 мың жылдықтың ортасынан б.з. дейін).Өз кезегінде палеолит үш кезеңге бөлінеді: төменгі, орта және жоғарғы немесе кейінгі. Жоғарғы палеолит - адамзат биологиялық көрінетін бірлікке қоса, мәдениет деп аталатын біріктіретін байланыстар деңгейіне ие болатын дәуір. Алғашқы қоғам мәдениетінің басты көне формасы қоғамдық сана формасы және қауымдық-рулық құрылыс идеологиясы ретінде болатын мифология болды. Адамға ерте заманнан бастап қоршаған әлемді тану қажет болды. Миф шығармашылығы - ежелгі қоғамға сай ежелгі адамның дүние мен өзін тану формасы, бұл - оның дүниені тәжірибелік-рухани игеру формасы. Мифология қиялда және қиялдың көмегімен табиғат күштерін игереді, бағындырады және түрлендіреді. Адамның дүниені тануы неге осындай өзіндік және таң қаларлық миф шығармашылығы түрінде (грек тілінен аударғанда - әңгіме, аңыз) деген сұраққа жауапты ойлау ерекшеліктерінің мәдени-тарихи дамуының осындай деңгейінен іздеу қажет. Ежелгі адамның ойлауы синкретизммен, яғни бөлінбеуімен, қоршаған ортаны қабылдауда эмоционалды, аффектілі-моторлы реакцияның басым болуымен сипатталады. Мифологияда діннің, моральдың, өнер мен ғылымның алғашқы элементтері біріктірілген. Ежелгі адамның мифологиялық танымында қиял мен шындық қатар жүріп, қиял шын оқиға ретінде қабылданады. Сонымен миф - адамның дүниемен ой жүзінде жақындасуына негізделген адамдық тұрмыс пен дүние тану тәсілі; адам мұнда психологиялық ойларды заттардың бастапқы қасиеттері ретінде қабылдайды және табиғат құбылыстарын қарастырып, әсерленеді. Осы сатыда ежелгі адамның барлық психикалық процестері мен қайғысының мүмкіндіктері архетип деп аталатын ұжымдық санасыз күйінде болды. Санаға ене отырып, алғашқы бейне мазмұнды сипаттамаға ие болады. Миф шығармашылығы процесі архетиптің бейнеге айналуы.
Мифология ежелгі адамның тірі қалуының жалғыз тәсілі оның қатаң табиғат құбылыстарымен жақындастығы сезімі екендігін көрсетеді. Мифологиялық жандар (Құдайлар, нимфалар, құбыжықтар) табиғи және әлеуметтік күштердің бейнесі болды, оларды мейірімдендіруге, дуалауға, ал кейде қорқытуға болады. Өмірде тірі қалу үшін адамның қуатты қамқоршысы болу керек, бұл қамқоршылар оның Құдайына айналады. Мұндай Құдайлар ролінде мифологиялық қиялда жанданған ең белгілі күштер мен құбылыстар болады. Әр тайпаның өз Құдайы, өзінің сыйынатын мифологиялық жандары пайда болады. Осыдан пұтқа табынушылық деген термин шыққан: әр ерекше тілге (тайпаға) сенудің өз жүйесі сай келеді.Мифтің негізгі идеясы - қоршаған әлеммен мистикалық ортақтық және бірлік ежелгі мәдениет пен діннің барлық белгілерінде байқалады: тотемизмде, анимизмде, фетишизмде, магияда.Өзін табиғатпен және оның нақты құбылыстарымен теңестіру тотемизмде - жануарларға табынуда байқалады (аз дәрежеде өсімдіктер мен табиғат күштеріне). Ру өзінің тотемінің атында болып, онымен қандас туыс екендігіне сенген.Алғашқы дәуір үшін басқа тән сенімнің түрі фетишизм болған. Фетишизм деген кейбір жансыз заттардың ерекше қасиеттеріне сену, мысалы, үңгірлерге, тастарға, ағаштарға, нақты еңбек құралдарына, тұрмыстық заттарға, ал кейіннен арнайы жасалған діни заттарға.Табиғаттың жандануымен анимизм - табиғат құбылыстарының себебі ретінде жан мен рухтың болатындығына сенім. Анимизм бойынша әр заттың жаны бар, ал кейбір ерекше заттар (рухтар, перілер) өз бетімен әрекет етеді.Мифте адам ғана әлемге бағынышты ғана емес, әлем де адамға байланысты болады. Мистикалық ортақтық екі жақты сипатта болады, егер екі зат немесе екі мистикалық жан бір-бірімен байланысты болса, онда әрбірінің тағдыры басқаның тағдырымен байланысты болады. Осының негізінде магия - адамның ерекше түрде адамдарға көмектесе немесе зиян келтіре отырып, нақты әрекеттер мен сөздер арқылы адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті табиғат құбылыстарына әсер ету қабілетіне сенімі.
Діннің ең ерте формалары фантастикалық түсініктердің - сенімнен, сонымен бірге шіркеу жорасын атқару - діни тәжірибе бастамасынан құралады. Сенімнің дамуымен және діннің қиындауымен жора - тарихи бірінші және қоғамда тәртіпті белгілеу мен сақтаудың ең тиімді формасын жасайды. Жора адамның тәртіпсіздікке (хаосқа) тәртіпті қарсы қоюдың бірінші әрекеті болып саналады. Жора құпиялықпен тығыз байланысты, оның пайда болу құпиялылығы қалыпты жұмыс істеуінің қажет шарты болып саналады. Құпияны білу, оны ашуға тырысу, жоралар құпиялылығы дін үшін үлкен қауіп туғызады. Мифология - адамның өзін-өзі көрсету құралы. Бұл адамның шығармашылық қабілеттерін көрсетудің ежелгі және мәңгі формасы.
Орта ғасырдағы Еуропа мәдениетінің қалыптасуы
Классицизм (лат. classicuis - көрнекті, үлгілі) - 17 - 19 ғғ. өнерде қалыптасқан бағыт. Классицизмге рационалдылық шығармашылықтың қалыпқа түскен түрі, монументальдық, стиль айқындығы, композициялық тепе - теңдік, форма үндестігі тән. Солай бола тұра, классицизмге үлгілі схема мен идеалдылық та тән. Классицизмнің бейнелері эстетикалық тұрғыдан көп түсті, түрлі құбылысты бола алмайды: оған көпқырлылық, әсемдік, иннттеллектуалдық эмоционалдық жағынан тығыздық тән емес. Классицизмде дүниенің көркемдік концепциясы рационалды және тарих кезеңіне тәуелді емес. Сондықтан да, классицизм туындылары, антиктік пе, римдік пе, қай дәуірдікі екеніне қарамастан, үздік көрнекті үлгі ретінде қабылданады. Классицизмде дидактикалық сарын, ғибрат айту, азаматтық пафос, мемлекеттік концепция ой қуатына сену, моральдық және эстетикалық бағалауда нақтылық пен айқындылық басым. Классицизм принциптері өнердің барлық түрлерінде берік орын алған.
Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Фрацияда ағартушылық идеологиясы 1789-1793 ж. ұлы француз ревалюциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Құрама Штатын да ағартушылық идеяларының негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды.
Ғылым саласында, бұрын механика математика сияқты ғылым салалары үстемдік еткен болса, енді оның қатарына физика, география, биология және т.б. ғылымдар қосылды. Ендігі жерде табиғатта, қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер ғалымдар назарынан тыс қалмады. Қоғамдық ғылымдар-саласында, әсіресе философия ерекше белсенділік танытты. Философтар қоғамдық өмірге көзбен қарап, терең философиялық пайымдаулар жасады. Олардың сынының негізгі обьектісі-қоғамдық (мемлекеттің) құрылыс және сол құрылыстың идеологиясы-дін болды.
Революция отаны Францияда да ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ, олар реформизмнен (XVIII ғ бірінші жартысы) бастап, ашық революциялық қимылдарға (ХҮІІІғ 60-80ж) дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді. Егер ағартушылырдың аға буынының өкілдері-Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиалық құрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазияландыру идеясын ұсынса, феодалдық құрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері-Д.Дидро (1713-1784). К.Гельвеций (1715-1771) П. Гольбах (1723-1789) басқаша көңіл-күйде болды. Олар помешиктік меншік пен сослова иелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметі құлатуға шақырды.
XVIII ғ барокко мен қатар Батыс Еуропа өнерінде кеңінен тараған стильдердін бірі-рококо болды. Ол сарай зиялылары мәдениеттерімен тікелей байланыста қалыптасты. Рококо эстетикасынын басты ұраны, "Өнер-рахаттану құралы". Бұл ұран сол бір кезеңдегі "ертеңгісін ойламайтын аристократтардың (ақсүйектердің) дүниеге көзқарастарын дәлме-дәл көрсетеді". "Бізден соң не болса да мейлі" деген Людовик ХҮ-нің ұраны да осы дәуірде шыққан.
Орын алған осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан, Еуропадағы "Ағартушылық" дәуірі-дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болды. Ағартушылық идеяларының нәтижесінде пайда болған мәдени өзгерістерді сол дәуірдің адамдарының өздері де мақтаныш етті. Ғасыр ақыны аталған Гетенің өзі де осы бір тарихи кезеңдегі уақиғаларды шаттана жырлады. "Ағартушылық" дәуірі-Еуропаның қоғамдық өмірдің барлық саласын (қоғамдық-саяси, мәдени және т.б) айтарлықтай әсерін тигізді. "Утопияның алтын ғасыры" деп аталатын бұл дәуірдің мәдени мұрасы өзінің жан-жақтылығымен, жанрлармен стильдердің көптігімен, оптимистік сарыны мен және адамзаттың ақыл-ойы деген шынайы сенімі мен осы уақытқа дейін таң қалдырып келді.
Жаңа заман мәдениетінде ХІХ ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. Классикалық ғасыры деп аталады бұл кезде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басуымен қатар, тоқырау кезеңін де басыннан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың ойшылдары: О.Шпенглер, И.Хейзинга, Х.Ортега-и-Гассет және т.б.ХІХ ғасыр, мәдениеті - бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты. Олар - рационализм, антропоцентрелизм, сциентизм, еуропоцентрелизм және т.б. болды. Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы: Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі, Солтүстік Америка орталығының тәуелсіздік үшін күресі және Ұлы Француз ревалюциясы ерекше ықпал етті. Дәлірек айтқанда, бұл ұлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбұрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. ХІХ ғасырдың бетпердесі адамзат тағдырының өзгерістерге ұшырауына тығыз байланысты болады. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болады. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен техника деп атауға да болады, ал бұл факторлар осыдан екі ғасыр бұрын пайда болды да, ХІХ ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.
Ежелгі Шығыс мәдениеті
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі - бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет - шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылады, оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән.
Ежелгі Египет - әлемдік өркениеттің дамуына үлкен әсер еткен ежелгі мәдениеттердің бірі. Б.з. дейінгі 3000 жылы перғауын патшалар басқаратын ерте құл иеленуші, орталықтандырылған озбыр формадағы мемлекет пайда болды. Египеттің жоғарғы билігін құрған негізгі принциптер оның мызғымастығы мен ақылға сыйымсыздығы болды.
Ежелгі египеттіктер мәдениетінің маңызды қасиеті мәңгілікке ұмтылу болды, оның белгісі өлген адамға табыну сенімінің болуы, оған сәйкес өлім өмірдің аяқталғандығын білдірмейді және мәңгілік өмірлік күш - ка ұзарады, және де тек жерлеу жорасын толық сақтаған жағдайда. Өлген адамның денесін сақтау қамы мумиялар жасау өнеріне әкелді. Өлген адамдардың денелері бальзамдалып, пирамидаларға салынды. Пирамидалардың ішіндегі ең ескісі 5 мың жыл бұрын салынған Джосер перғауынның пирамидасы, ол аспанға көтеріліп бара жатқан саты тәрізді салынған. Алайда ең белгілісі және өлшемі бойынша едәуірі - Хеопс пирамидасы.
Діни табынуда перғауынды құдай деп тану басты орын алды. Ол күн құдайы Ра тәрізді болды. Осирис - өлім құдайы және жерасты әлемінің патшасы. Исида - Осиристің әйелі және қарындасы, құнарлылық пен аналар қамқоршысы. Маат - шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдайлар болып саналды. Аменхотеп ІV перғауын (Эхнатон) (б.з. дейінгі 1419-1400 ж.ж.) Атон құдайының атымен бір құдай ғана қалдыруды ойлады, бірақ бұған абыздар мен ақсүйектер қарсы тұрды.
Египет мәдениетінің маңызды құрама бөлігі иероглифтер - суретті символдық хат болды, онымен храмдар мен сарайлар алдындағы жоғары ескерткіш тастарды жазды, олар кейіннен буын жүйеліге айналды.
Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың бейнелеу өнерінің жауһарыТутанхамон перғауынның әйелімен бақшадағы барельефі, Аменхотеп ІV әйелі - Нефертитидің скульптуралық портреті, Аменхотеп ІІІ мүсіні болды. Ежелгі Египеттің бейнелеу өнеріне фигураларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz