Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
* Кіріспе
* Мәдениет түсінігінің дамуы мен логика тарихы.
* Мәдениет құрылымы. Мәдениет тұтас жүйе.
* Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі.
* Мәдениет құрылымы. Рухани және материалдық мәдениеттің ара қатынасы.
* Мәдениет және табиғат.
* Пайдаланылған әдебиеттер

*
1. Мәдениет түсінігінің дамуы мен логика тарихы.
Анықтаманың әр түрлілігі. Мәдениеттану - мәдениет туралы ғылым, алайда ойшылдар көптен бері мәдениеттің өзіне анықтама беруді ойластырып келеді. Әсіресе бұл мәселе мәдениет түсінігі қазіргі заманғы қоғамда фундаменталды түсінік болып қалған кезінде аса маңызды. Оның бірнеше анықтамалары бар, оның саны да үнемі артып келеді. Батыстық мәдениеттанушылар санағандай егер 1871 жылдан 1919 жыл аралығында тек қана жеті анықтама берілген болса, ал 1950 жылдан 1990 жылдары - 400 артық анықтама берілген.
Мәдениет сөзі - қазіргі заманғы қоғам танудың тек қана фундаменталды түсінігі ғана емес, ол күнделікті қолданыстағы тілдің, күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігі. Мәдениет туралы айтқанда ол тұрмысты реттейтін жағдайлардың барлығын қамтиды, адамзат тілінің тазалығы, көркемдігі, әдебі мен заңдылықтары сақталған қоғамға басшылық ету, театрлардың, мұражай мен кітапханалардың болуы, оған бару т.б.
А.С.Карминнің классификациясы. Күнделікті санада мәдениеттің түсінігі,деңгейі анықталмайды, тек қана эмпирикалық түрде түсіндірумен шектеледі. Олардың мағыналары аз, әрі бір тектес. Мәдениеттің ғылыми түсінігі көп түрлі, себебі ол әр түрлі ғылымдар арқылы беріледі. Олар социологиялық, мәдени-антропологиялық анықтамалар. Ресей мәдениеттанушысы А.С. Кармин Мәдениеттанудың негіздері. Мәдениет морфологиясы еңбегінде 1996 жылы мәдениеттің 1500 анықтамасының болғанын ескере отырып, оларды сараптауға талпыныс жасады, мәдениеттің мына түрлерін бөліп алды: сипаттаушы, антропологиялық, құндылықты, нормативті, адаптивті, тарихи, функционалды, семиотикалық, символикалық, герменевтикалық, идеационалды, психологиялық, дидактикалық, социологиялық.
Ежелгі Мысыр өнерінің тарихы 4 мың жылдан астам уақытты қамтиды. Сол себепті Мысыр өнері үлкен қызығушылық туғызады. Өйткені адамзат тарихындағы бірінші таптық қоғам өнердің дамуын анықтаумен қатар, Мысыр құлиеленуші қоғамының өміріндегі өзгерістерді толығымен зерттеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, ежелгі Мысыр өнері тарихы мынандай кезеңдерге бөлінеді:
1. Династиялыққа дейінгі кезең немесе Ерте патшалық (б.з.д 4 м.ж.)
2. Ежелгі патшалық (б.з.д 3200-2400 жж.)
3. Орта патшалық (б.з.д XXI -- XIX ғг. басы)
4. Жаңа патшалық (б.з.д XVI -- XII ғғ.)
5. Кейінгі уақыт (б.з.д XI ғ. -- 332 жж.) -- эллинизм мәдениетіне көшу кезеңі.
Ежелгі Мысырда рулық құрылыс ыдырағаннан кейін үлкен өзендер бойында пайда болған құлиеленуші мемлекеттердің арасында Мысыр өркениеті бірінші болып, дамыған әкімшілігі орталықтандырылған ұлы державаға айналады. Ендігі жерде, Мысыр мемлекетінің жоғарғы өкіметі халықтың сана-сезіміне сіңіруге тиісті, біржолата белгіленген түсініктер мен сенімдердің болуын талап етті. Осыған орай, бұл жерде мемлекет басшыларың яғни перғауындарды -- құдай деп санайтын ұстанымдарды қабылдады. Демек, соншама құдіретті билеушілер яғни перғауындар құдай санатында болса, олар өлмеу керек, осыдан барып өлген адам тіріледі деген діни түсінік пайда болады. Осының салдарынан бүкіл өнер, оның ішінде сәулет, мүсін, кескіндеме, әдебиет, мифология осы діни көзқараспен тікелей байланыста болады. Яғни, өнер о дүниелік өмірге арналады. Тақырыптардың барлығы дерлік, діни-мифологиялық жанр теңірегінде тарқатылады. Бірақ, сонымен қатар, туындыларда халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен тұрмысы және батырлардың ерлігі сипатталатын бейнелеу өнеріндегі көріністер де өз үлесін алады. Мәселен, мысырлықтар алғашқы қауым адамдары тәрізді діни көзқарастарын тотемизммен байланыстырады. Бірақ мұнда құдайларды тек қана жануарлар бейнесінде ғана көрсетпей, антропоморфтық образдар түрінде сомдайды, яғни жартылай жануар, жартылай адам -- таңғажайып екі бейненің қосындысын көреміз. Мысырлықтар Күнді ең басты, ең құдіретті көркем құдайымыз деп санады. Оны Амон-Ра құдайы деп атап, ол сұңқар басты адам бейнесінде бейнеленеді. Ақыл мен есеп құдайын Тот деп атап, оның денесі адам, басын ибис құсының басымен бейнелейді. Өлгендердің құдайы Анубис -- ит немесе қорқау қасқыр басты жауынгер бейнесінде мүсінделеді. Аңыз бойынша ең бірінші мумияны Анубис жасаған деп айтылады. Қасиетті жануарлардың ішінде Көкқұтан құсы Бену, Күн құдайы Амон-Раның жанын сақтаушы деп саналса, бұқа Апис бейнесі құнарлылық пен жемістіліктің белгісі ретінде қабылданады. Перғауындарды Күн құдайы балалары деп есептеді. Сондықтан күн символикасы барлық жерде бейнеленеді. Күн құдайы немесе жарық дүние құдайының екінші атауы Гор-суңқар деп аталады. Мифология бойынша, оның әкесі Осирис табиғат құнарлылығы құдайы, бір кездегі Мысыр патшасы болып, мысырлықтарды жер өңдеп, бақтар салуға үйретіпті-мыс. Өзінің бауыры Сеттің қолынан қаза болады. Сет -- зұлымдық құдайы болып есептеледі. Осиристің баласы Гор, Сетті жекпе-жекке шақырып, оны жеңіп шығады. Аңыз желісі бойынша, Гор өзінің бір көзін әкесіне беріп, оны тірілтіп алады-мыс.Сондықтан, көздің бейнесі де Күн бейнесі тәрізді киелілік символьі рөтінде көп жерлерде бейнеленеді. Бірақ, тірілген Осирис жарық дүниеге қайтып оралмай, о дүниенің патшасы болып қала береді. Оның мұрагері Гор -- жарық дүниенің патшасы болады. Бұл жерде Ежелгі Египет перғауындары өздерінің өмірлерінің үлгісін осы мифологияға сәйкестендіруге ұмтылуы туралы айтады. Сөйтіп, ендігі жерде перғауындарға мәңгі өмір қамтамасыз ету үшін олардың мүрдесін сақтап, тірлікте керек болған нәрсенің бәрімен қамтамасыз ету қажеттілігі туады. Енді, өлген перғауындардың мүрдесін бальзамдап мумияға айналдырып, оның денесіне ұқсас статуясын жасайды және сонымен бірге қызметшілерінің статуясын жасап, бірге жерлейді. Оларды Ушебти деп атаған. Айта кететіні, басқа Шығыс елдерінде, мысалға ежелгі Вавилонда бай, атақты адам қайтыс болса, онымен бірге оның әйелің қызметшілерің малдарын бірге өлтіріп жерлейтін өте қатыгез рәсім болған. Осыған қарағанда, Мысыр дінінде адам өміріне қиянат жасау рәсімдері болмаған деген тұжырымға келуге болады. Сол сияқты, Ежелгі Мысырда сәулетші мен мүсіншіні санх деп атаған. Ол өмірді қайта жасаушы деген мағынаны білдірген. Өлген адамның бейнесін жасай отырып, тіршіліктің өзін қайта жасайды деген түсінік болған. Ежелгі Мысырда адамның ка деп аталған екінші жаны өзінің иесін табу қажет болған сондықтан адамның мүсіні өзіне ұқсас болуы міндетті шарттардың бірі болды. Осыған орай, портреттік пластиканың жоғары деңгейде дамуы өз-өзінен түсінікті. Ғасырдан-ғасырға. ұрпақтан-ұрпаққа еш өзгеріссіз беріліп, мыңдаған жылдар бойы ұстанып келген діни көзқарастар, салт-дәстүрлер, канондардың (қатал қағида-ережелер) салдарынан Ежелгі Мысыр мәдениеті баяу дамыды десе болады. Бірталай ғасырлар бойы Мысыр өнерінде көбінесе бейнелеу өнерінің жетік әдістері мен мәнері, құралдары таңдалып алынып отырған. Шеберлер, күрделі де, айбынды адам кескінін канондар шегінде тамаша бейнелеуімен, мифологиялық көріністердің байлығын әсерлеп береді.
Вавилон Қосөзеннің ең ыңғайлы жерінде, сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Қалада 200 мыңдай тұрғын болған көрінеді.
Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қоластына ба,ындарды. Сөйтіп бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды.
Ежелгі вавилондық мемлекет Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығындағы жердің оңтүстік бөлігінде пайда болған: бүл жердің ежелгі халқы болып шумерлер табылған, ал оңтүстік бөлігінде аккадтар өмір сүрген.
Б.э.д. III мыңжылдықтың басында қоғамның таптарға бөлінуі және мүліктік теңсіздіктің пайда болуы нәтижесінде қала-мемлекет нысанындағы алғашқы 40 мемлекет пайда болған, олардың әрқайсысында 40-50 мың адамдай өмір сүрген. Бұлар ежелгі шумерлік мемлекеттер болып табылатын, олардың ішіндегі ең әйгілері -- Эриду, Ур, Ларса, Лагаш, Киши және Умма. Бүл мемлекеттердің пайда болуының негізгі факторы болып көршілес қауымдастықтардың бірлескен күштерін қажет ететін ирригациялық және мелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігі табылды.
Ежелгі шумерлік коғамдағы билеуші топ мемлекеттердің билеушілерінен, олардың отбасыларының мүшелерінен, рулық-тайпалық және шіркеулік ақсүйектерден, сонымен катар, патшалық және шіркеулік шаруашылықты басқарушы тұлғалардан құралған. Халықтың қаналушы тобына құлдар мен тәуелді тұлғалар жатқан. Қоғамның жоғарғы тобы мен тәуелді тұлғалардың арасында халықтың негізгі бөлігі -- аумақтық қауымдастықтармен өмір сүрген еркін шаруалар болған.
Басқару нысаны бойынша ежелгі шумерлік мемлекеттер рулық-тайпалық ұжымдастықтың қалдықтарын сақтап қалған аристократиялық мемлекеттер болған. Әрбір қала -- мемлекеттің басында барлық еркін шаруалардың жиналысымен не ақсақалдар кеңесімен сайланған билеуші -- энси болған. Билеушінің билігі халық жиналысымен не ақсақалдар кеңесімен шектелген; бүл органдар билеушілердің қызметіне бақылау жүргізген, сонымен қатар сот функцияларын жүзеге асырып, қауымдық мүлікті басқарған.
Алайда, көптеген мемлекеттер тұрақты түрде билік үшін өзара соғыстарды жүргізген. Б.э.д. III мыңжылдықтың басында соңында жаңа орталық -- аккадтық қала Вавилонның үстемдігі басталады. Б.э.д. II мыңжылдықтың басында Вавилон аморей тайпаларының басып кіруімен құрылған жаңа мемлекеттің астанасына айналады. Вавилон Аккад пен Шумерді жаулап алады, нәтижесінде ірі қуатты Ежелгівавилондық мемлекет пайда болды.

2. Мәдениет құрылымы. Мәдениет тұтас жүйе.
Мәдениетін құрылымы: мәдени түрлердің саналуандығы және мәдени құрылымның күрделілігі.
Адамның жасаған әрекеті алдымен ойда, рухта пайда болады, тек содан кейін ғана белгілер мен нәрселерде көрініс табады.
Мәдениет құрылымы: рухани мәдениет және материалдық мәдениет.
Рухани мәдениет дегеніміз - білім, идея, заң, мінез-құлық, ережелер, белгілер, әдет-ғұрып, дәстүр мен тіл болып табылады.
Материалдық мәдениет дегеніміз - тұрмыстық және өндірістік білім, өндіріс техникасы мен технологиясы және т.б. Мәдени құбылыстарды көптеген нақты ғылымдар, атап айтсақ тарих, археология, этнография, антропология, әлеуметтану сондай-ақ сананың түрлі формаларын қарастыратын философия, өнер, эстетика, дін, мораль және т.б. ғылым салалары қарастырады. Рухани мәдение саласына:
дін, мораль;
саясат, құқық;
ғылым, білім, дене тәрбиесі, спорт, медицина;
әдебиет, өнер;
бұқаралық ақпарат құралдары, тіл;
рухани іс-әрекеттің материалдық заттық өнімдері енеді.
Материалдық мәдениет саласына:
конфессионалдық инфрақұрылым;
ғылымның, білімнің, әдебиет және өнердің, медицинаның, дене тәрбиесі мен спорттың материалдық заттық құрылымдары;
бұқаралық коммуникация құралдарының материалдық техникалық базалары,
рухани іс-әрекетті өнімдерін өндірудегі материалдық базалар енеді.

3. Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі.
Осы мәдениеттің анықтамаларын жеке қарастырайық.
Құндылықты - бұл адамдар қолдан жасайтын материалдық және рухани құндылықтардың бірлігі, ал құндылық - адам санасында қалыптасқан қандай да бір материалдық немесе идеалдық заттардың адамға жағымды мағыналары. Құндылықтың өзі объект болмайды, ол адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу мүмкіндігі. Құндылық және құн - бірегей түсініктер емес. Құндылық - ол философиялық және мәдениеттану түсінігі, құн - экономикалық түсінік. Құн тек құндылықтың ақшалай берілуі, оның көлемінің, заттың құндылығына сәйкес келуі міндетті емес. Мысалы, адамның өткенді есіне түсіруі оған үлкен құндылық болуы мүмкін, оның ақшалай түрі нөлге тең. Әрине барлық құндылықтар ақшаға бағаланады деуге болмайды.
Құндылық заттың өзіне тән емес. Зат қандай да бір қасиетке және қандай да бір сапаға ие болуы мүмкін, егер адам ол туралы ештеңе білмесе ол зат адам үшін құнды емес. Адам ол заттың қандай да бір қасиеті: мысалы, витаминдер адамға қажетті қасиеттерге ие, егер адам ол туралы білмесе, оны құнды деп санамайды.
Сонымен, құндылық білімге байланысты алайда, оған жатқызылмайды. Құндылық ол білім емес деуге болады, ол тек адам мен зат арасындағы қатынас.
Мәдениеттің құндылық концепциясы ХVІІІ ғ. аяғында неміс философтары мен мәдениеттанушыларының еңбектерінде пайда болды, бүгінгі күні де мәдениеттану концепциясының маңызды бөлігі болып табылады.
Социологиялық концепциясы - мәдениет анықтамасын идея бірлігі ретінде, адамдардың ұжымдық әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік құралдар ретінде түсіндіруден шығады.
Мәдениеттің технологиялық анықтамасы - мәдениетті нақты бір өндіріс пен қоғамдық өмір сүрудің, нақты бір деңгейі ретінде таниды, ол қоғамның технико-экономикалық көрсеткіштеріне тәуелді болады.
Мәдениеттің әрекеттілік анықтамасы - оны адамдар өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде түсінумен қатысты. Олар қару қолдану, белгілер мен нормалар, өзін-өзі ұстау ережелері, құндылықтар мен символдар.
Мәдениеттің сипаттау анықтамасы - оның нақты бір бөлшектері мен көріністерін тізіп шығу.
Мәдениеттің антропологиялығы - мәдениеттің өзі адамдар қолымен жасалған заттар әлемі екендігінде және табиғатқа қарсы тұру.
Тарихилығы - мәдениеттің өзі тарихтың, қоғамның жемісі екендігінде және де адамзаттың тәжірибе арқылы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы дамуы.
Мәдениеттің функционалдығы - оның қоғамдағы функциясы арқылы анықталуы.
Семиотикалығы - мәдениетті белгілер жүйесі ретінде түсіну.
Герменевтикалығы - оны инерпретацияға жататын тексттер ретінде түсіну.
Идеялығы - мәдениетті қоғамның рухани өмірі ретінде түсіну, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет құрылымы
«Қоғам - өздігінен дамитын система»
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет
Академиялық кітапхананың сипаттамасы
Проблемалық оқыту
Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру
Тарихи антропологияның мәні және оның методологиясы мен әдістемелері
Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау
Кәсіптік бағдар беру
Баспасөз жарияланым аттарының тілдік – стильдік ерекшеліктері
Пәндер