Дамыта оқыту түсіндірме әдісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КіріспеІ. Бастауыш сыныптарда білім берудің педагогикалық-психологиялық негіздеріІ. 1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың математикалық дамуындағы түсінігі, тарихы, проблемаларыІ. 2. Кіші мектеп жасындағы математиканы дамытудағы қазіргі заман талаптарыІІ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда жаңа технологияны қолдану жолдарыІІ. 1. Зерттеудің әдістері мен ұйымдастырылуыІІ. 2. Жеке іс-тәжірибемнен сабақ үлгілеріҚорытындыПайдаланылған әдебиеттерҚосымшалар:

Кіріспе

І. Бастауыш сыныптарда білім берудің педагогикалық-психологиялық негіздері

І. 1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың математикалық дамуындағы түсінігі, тарихы, проблемалары

І. 2. Кіші мектеп жасындағы математиканы дамытудағы қазіргі заман талаптары

ІІ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда жаңа технологияны қолдану жолдары

ІІ. 1. Зерттеудің әдістері мен ұйымдастырылуы

ІІ. 2. Жеке іс-тәжірибемнен сабақ үлгілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

3-5 бет6-9-бет10-12бет13-21бет22-35бет36-45бет46-59бет60-62бет63-64бет:

3-5 бет

6-9-бет

10-12бет

13-21бет

22-35бет

36-45бет

46-59бет

60-62бет

63-64бет

: Кіші мектеп жасындағы оқушыларға математикалық білім беруде оқытудың жаңа технологиясын пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері.

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі

Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылықтың санасына сіңген және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатыр. Барлық істерімізді Л. С. Выготский, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин ойларына негіздеу осы ғалымдардан сілтемелер жасау тиімді. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мемемелерінде оқыту процессі технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасты. Бұл процесс білім прагдимасының өзгелермен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде Я. А. Коменскийдің, И. Герберттің дәстүрлі объект-субъектілі педагогиканың орнына басқасы басты, ол балаға оқу қызығушылығының субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектендіруге, өзін тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде, бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процесстің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім прагдимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ғылымға мықтап енген “Педагогикалық технология” ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. (В. П Беспалько, В. М Шепель, И. П Волков, М. Чошанов, М. В Кларин т. б) . Дегенмен, барлық анықтамалардың ортақ басты негізі бар.

Бүгінгі таңда П. М Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д. Б Эьконин мен В. В Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы. Ш. В. Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемаларының модульді технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқада көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал болған .

Қазақстанда Ж. А . Қараевтың, М. Жанпейісованың және т. б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа - сол сабақты өткізудің әртүрліәдіс - тәсілдері яғни жаңашыл сабақ.

Жаңа дәуірдің жан - жақты жамыған адамын тәрбиелеу оңай емес, ол үшін мұғалімге үлкен ізденудің, оқытуды ізгілендіру аспектілерін пайдаланып жүзеге асырудың мәні зор.

Осыған орай жаңашыл идеялар көптеп шыға бастады. Сол жаңашыл педагогтардың идеясымен жұмыс істей білу - әр педагогқа қойылатын талаптардың бірі.

Егеменді еліміздің болашағы - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Оларды қазіргі заман талабына сай жан-жақты, білімді, өз бетімен ойлап білуге талпынатын, өзінің ой тұжырымы бар етіп тәрбиелеу үшін сабақ түрлері құрлысын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін пайдалану бүгінгі күннің талабына айналып отыр.

Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтікпарызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық, адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл ойлау дығдысын меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман болу керек.

Оқушылардың дүниетанымдық қасиеті, ізденгіштікпен мәселелерді шеше білуі үшін, ойлау қабілетін активтендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана білудің маңызы зор.

Зерттеудің мақсаты

Бастауыш сыныптарда білім беруді жетілдіруде жаңа технологияны және жаңашыл педагогтардың идеяларын қолдану әдістері мен тәсілдері.

Зерттеудің міндеттері

1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологиялық әдістемелерді, жаңашыл педагогтардың идеяларын қолдануға байланысты теориялық және әдістемелік әдебиетерді қолдану.

2. Төмегі сыныптарда білім берудің педагогикалық, психологиялық негіздері мен оқу жұмысында жаңа технологиялық әдістемелерді ұйымдастыру .

  1. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда жаңа технологияны және жаңашыл педагогтардың идеяларын іс-жүзінде қолдану.

Зерттеудің нысанасы

Áастауыш сыныптарда білім беру барысында инновациялық әдістемелерді қолдану.

Зерттеу әдісі.

  1. Әдістерге талдау жасау және оларды бастауыш мектеп тәжірибесінде қолдану.

І. Бастауыш сыныптарда білім берудің

педагогикалық-психологиялық негіздері

Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық әрекетері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқыту идеасының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, Ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара-қатнасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.

XVII-ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.

И. Т. Песталоции баланың ақыл-ойын, барлық қаблет-қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистервегтің әйгілі “Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық” атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға іс-әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. Дамыта оқытудың идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-60 жылдары қолға алған акдемик Л. В Занковтың басшылығмен жасаған бастауышты оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде ғана қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді. Л. С. Выготскийдің теориясы Д. Б Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғастырылады. Баланың өзін-өзі өзгертуші субьект ретінде дамуна арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі автордың тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады. Дамыта оқытудың Д. Б Эльконин - В. В Давыдов жасаған жүйесін көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне баланысты. Осыған орай бұл жүйенің әдіс тәсілдері де оқушының оқу белсенділгін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұтсалады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға деген ынта-ықласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Сонымен мен дамыта оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйелерінің ерекшеліктері мен өзгешеліктеріне тоқталып кеттім. Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бардеп ессептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, арналған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Дәстүрлі әдісте мұғалім субъектте, ал оқушы объект болады. Дәстүрлі әдісті зерттегендер Я. А. Коменский, И. Т. Пестолоции.

Жаңа технологияда мұғалімде оқушыда субъект болады. Жаңа технологияны зертегендер Л. В Занков, Д. Б Эльконин, В. В Давыдов. (1980ж)

Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу мүкіндігі беріледі. Айтылғандарды кесте түрінде төмендегідей бейнелеуге болады.

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерін салыстырмалы сипаттамсы

Педагогикалық процессінің компоненттері: Педагогикалық процессінің компоненттері
Мазмұнындағы басымдылық: Мазмұнындағы басымдылық
Педагогикалық процессінің компоненттері: Дәстүрлі иллюстрияциялық түсіндірме әдісі
Мазмұнындағы басымдылық: Дамыта оқыту
Педагогикалық процессінің компоненттері: Мақсат
Мазмұнындағы басымдылық: Оқушыларда білім, білік, дағды қалытастыру
Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әркетін дамыту
Педагогикалық процессінің компоненттері: Бастапқы мазмұн
Мазмұнындағы басымдылық: Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер
Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
Педагогикалық процессінің компоненттері: Оқытудың формалары
Мазмұнындағы басымдылық: Жеке, топтық, фронтальді
Бірлескен ұжымдық іс-әрекет
Педагогикалық процессінің компоненттері: Оқыту әдістер
Мазмұнындағы басымдылық: Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық
Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік
Педагогикалық процессінің компоненттері: Бақылау, бағалау
Мазмұнындағы басымдылық: Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы
өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлексия

Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практиалық бағытылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды “инновациялық процесс”, немесе педагогиклық жаңалықтарды енгізу дейміз.

“Педагогикалық технологияға - В. Л. Беспалько - практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба”, -деген анықтама береді. Ал педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір- бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.

- Оқыту технологиялары - дидактикалық жүйенің құрамдас, проссеуалдық бөлігі. (М. Чошанов)

  • Педагогикалық технологиялар -оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі (В. М. Монахов) -деген анықтамалар бар.

Ал Б. Т. Лихачев педагогикалық технологияны арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологиялық- педагогикалық қондырғы деп түсіндіреді.

Технологиялық процесс - технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағыталған.

Педагогикалық технологиялардың философиясы ізгілік, жеке бастың даму теориясына негізделген.

П. К. Селевко педагогикалық технологиялардың мәнділігіне, қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:

  1. Қолдану деңгейіне қарай (жалпы педагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік, модульдік)
  2. Философиялық негізіне қарай (материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ізгілікті, ғылыми, прагматикалық т. б. )
  3. Психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік, социогендік, психогендік)
  4. Ғылыми тұжырымдамасына қарай (ассоциативі-рефлекторлық, биховиристік, гештальтехнология, дамытушылық)
  5. Тұлғалық құрылымдарға бағыттылығына қарай (ақпараттық, әрекеттік, сезімдік, эвристикалық, қолданбалы, өзін-өзі дамытушы)
  6. Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай (білімдік және тәрбиелік, жалпы және кәсіби бағытты, технократтық және гумандық)

Бастауыш мектепте қолданылып жүрген технологияларды білімдік өрістеріне қарай төмендегіше талдауға болады.

  1. Тілдік өріс.

Бұл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге арналған Н. А. Зайцевтің: калиграфияны дұрыс қалыптастыру, сауатты жазуға үйретуге арналған Е. Н. Потапова және басқа да технологиялармен сипатталады.

  1. Математикалық өріс.

Бұл топқа П. М. Эрдниев жасаған технологияларды жатқызамыз.

І. 1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың математикалық дамуындағы тарихы, түсінігі, проблемалары.

Қоғамның даму тарихы мен білімнің даму тарихы бір-бірімен бөлінбес жолдар болып саналады. Қазіргі Еуропа осы уақытқа дейін күн шығыс елі Жапонияның «Жапон ғажайыбы» феноменін әліде сөз қылып келуде. Әсіресе осы ғажайыптың қажеттілігі соншалық оған деген де арманда оянады. Жапон ғажайбынң негізгі жолдарының бірі соғыс жылдарынан кейінгі білім жүйесіндегі өзгерістерден болған. Бұл ғажайыптың мәнін түсіну үшін бізге жақын көрші еліміз Ресей мемлекетінің білім тарихына соның ішінде математикаға үңілейік. Кіші мектеп жасындағы білім жүйесінің негізін қалаушылар, Я. А. Каменский және И. Г. Песталоции болып саналады. Яғни үшке дейінгі арифметикалық санау, бестен онға дейінгі санау мүмкіншіліктері. Егер 4, 5, 6 жастарында 20 дейін санай алатын болса, онда 5, 7, 15 кем дегенде 30 дейінгі сандарды ажырата алады.

И. Г. Песталоции - өзінің «Гертруда өзінің балаларын қалай үйретті» деген кітабында арифметика бұл өнер яғни бірнеше бірліктердің қосылуы мен бөлінуінен пайда болатын өнер деп айтып кеткен. Оның алғашқы формасы ретінде келесідей: бірге-бір екі болады, екіден бірді алсақ бір болады.

Осыған сәйкес алғашқы форма балаларды ойында негізделіп сандарды есептеу мүмкіншілігі есінде қалады. Егерде бала оны көзіне елестетпей, көрмей жетістіктерге жететін болса, онда ол дұрыс болмас еді, - дейді Песталоции.

Мұғалімдер математикадан сабақ бергенде П. М. Эрдниевтің әдістемелік құрылымының негізгі элементі ретінде оқушы мен мұғалім қызметін жалғастыратын «оқушы - оқыту»үрдісінің қарапайым тұтастығын білдіретін «математикалық жаттығу» ұғымын пайдаланады. Олар дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясының кілті - бір сабақта қаралатын үш жаттығу: есептің бастапқы жайы; оныңтүрленуі; қорытындылауды сабақьа қолданады. Одан әрі математикалық жаттығулармен жұмыс өзара байланысты мынадай төрт кезеңмен жүзеге асырылады: математикалық жаттығуларды түзу; жаттығуларды орындау; жаубын тексеру; осыған ұқсас, бірақ күрделірек жаттығуға көшу. Бұрын қолданып жүрген дәстүрлі оқыту көбіне екінші кезеңмен шектелетін еді. Зертеу барысында бірліктерді ірілендіру негізінде білімді меңгеруге үйрету тәжірибесі жаттығудың негігі түрі логикалық жағынан әр түрлі, психологиялық жағынан бір тұтас бірнеше көп құрамды тапсырма болу керектігін көрсетеді. Мысалы: а) кәдімгі дайын есепті шығару; б) кері есеп құрастыру және оны шешу; в) берілген есеппен кейбір элементері ортақ болатын есеп құрастыру; г) берілген есеппен кейбір параметрлері бойынша үйлесетін, материалды қорытындылауға арналған есптерді шығару немесе құрастыру. Сонымен бірге ірілендірілген жаттығулар алғашында жоғарыда тек кейбіреулеріне ғана енуі мүмкін. Дидактикалық бірлікті ірілендіру жүйесі бойынша құрылған сабақтың ой-өзегі мына ережеге бағытталады: келесі сабақта ығыстырылған материал қайталау емес, орындалған тапсырманы қайта құру, өзгерту болып табылады (білімнің бастапқы формасының түрін өзгерту) . Оқыту әдістері жаттығуларды орындау арқылы жүзеге асырылып, алған білімнің нақтылығына көңіл бөлінді. Әдістің санының көптігі емес, жаттығудың білім берудегі маңыздылығы ескрілді. Ірілендіру қағидасына сүйеніпқұрастырылған жаттығулар жинағы білімді саналы да берік меңгеруді қамтамасыз етеді. Л. В. Занковтың жасаған дамыта оқыту жүйесін жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, жан-жақты дамыту деп қарауға болатынын байқадық. Сонымен бірге, В. М. Монаховтың әдістемелік технологиясы - оқу үрдісінің әдістемелік үрдісін басқаруға, оқу үрдісін неғұрлым мақсатты жобалауға ізгілікті мүмкіндіктері барын аңғардық. Соңғы кезде пайдаланып жүрген ақпараттық технологияны пайдалану арқылы мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістерімен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың пән аралық байланысты көшейтуге оқу үрдісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік алды. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі - мұғалімдермен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге шексіз мүмкіншілік береді. Ізгілендіру - әлемдік білім жүйесін дамытудағы жалпы негізгі бағат. Білім жүйесін ізгілендіру-жалпы қоғамдық процесті ізгілендірудің құрамды бөлігі.

М. М. Постниковтың ойы бойынша математика қоршаған орта жөніндегі схемалардың, модульдердің жиынтығы туралы түсінік. Б. М. Бим-Бад және А. В. Петоровский математиканың болмысын түсіндіре келіп, ол деген жеке тұлғаның қажетсы-іну аймағының кеңдігі, өзінің еңбегін дұрыс толық жүзеге асыру, сезіну, қарым-қатнас, түсініктің айқындығы және нақты ойлау шешілмеген мәселелерді көре білу, ойлаудың ауқымының кеңдігі және икемділігі қалыптасқан дағдыдан шыға білу, әр түрлі ағымдағы нақтылы сараптама жасау негізде оқиғаның алдын алуы, жұмысқа өте жоғары қабілеттілік деген пікір айтқан. Мектепте математикалық білім беру, математика курсының мазмұнын анықтау, математикалық білім стандартын жасау, математиаклық білімнің сабақтастығы мен болашағы мәселелері Қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Б. Баймұханов Қазақстан мектептеріндегі математикалық жалпы дайындықтың базалық деңгейін қамтамасыз етудің әдістемесін ұсынды. Математиканы оқып үйренетін әрбір оқушы ғалымның дайын қағидаларымен танысып қоймай, сол қағидалардың пайда болуындағы адамзат тәжірибесінің салып кеткен жолдарымен жүруі тиіс. Математика тарихын мектепке енгізу- математикалық білімді ізгілендірудің бір жолы - деді. Қазір республика оқу орындары педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Жеке тұлғаның өзінің ойлана білуіне бағытталған оқу математикалық саладағы пәндерді меңгеруіне кедергі болмайды, қайта оқушыларды оқу барысында белсенді араласып, математиканы терең меңгерулеріне көмектеседі.


І. 2. Кіші мектеп жасындағы математиканы дамытудағы

қазіргі заман талаптары

Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі-білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас пеедагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім берусаласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатнас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, т. б. ) жаңаша ойлау қалыптасуда.

Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - мұның түп қазығы, бастауыш білімнің мемелекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық.

Бүгінгі студент- ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатнастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді. Осыған орай, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудуң түрлі жолдары іздестірілуде.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелі бағыттылық зерттеулерде иннновациялық іс-әреект кретивті парадигманың жеке бас, регулятивтік-комммуникативтік және қорытынды жүйе бөлшегін талдауда анық айқын қарастырылады.

В. А. Сластенин мен Л. С. Подымова инновациялық іс-әрекетті шығармашылық пен кәсіпшілікті сәйкестілік тұрғысынан қарастырады. Авторлардың айтуы бойынша, инновациялық іс-әрекет мәнін акмеологиялық тұрғыдан талдау мұғалімнің жеке бас дамуының заңдылықтарын түсінуге мүмкіншілік туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта педагогикалық технологияларды ендіру жолдары
Бастауыш сыныптарда Л.В.Занков әдістемесін қолдану
Тиімді әдіс - тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану біліктілігін қалыптастыру
Математиканы оқытудың басты міндеттері
Шетел тілін оқытудағы тәжірибелер
Оқытудың практикалық және көрнекілік әдістері
Оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы мектепте математикалық білім беру
Оқыту процесінде болашақ мұғалімдердің танымдық іс-әрекеттерін арттыру
Жеке әдістердің жіктелуі
Дамыта оқытудың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz