Калькуляциялау нысандары бойынша шығындарды бөлу


« Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру»
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикаға өту барысында еліміздің экономикасының аграрлық жүйесінде ұйымдық және әлеуметтік-экономикалық күрделі өзгерістердің болып жатқаны белгілі. Олар меншік пен шаруашылық жүргізудің әр алуан нысандары басты сипат болып табылатын көп укладты экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Бұл жағдайда Қазақстанның әлеуметтік-экономи-калық және табиғи-климаттық жағдайының нақты ерекшеліктерін ескере отырып ауыл шаруашылық өндірісіндегі әртүрлі өнімді өндіру және оның өзіндік құнын төмендетіп, тұтынушыларға жеткізудің маңызы зор болып отыр. Сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын төмендету кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттырып, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатылуға мүмкін-дік беретіні сөзсіз. Осы орайда өнімнің өзіндік құнын төмендету жолында экономикалық тұрғыдан оны ынталандыру агроөнеркәсіп жүйесін одан ары дамытудың негізгі жолдарының бірі болып отыр. Бұл мәселе әсіресе Алматы қаласының төңірегінде орналасқан сүт, ет өндіретін ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, қала тұрғындарына арзан да, сапалы өнім ұсынып, олардың бәсеке қабілетін арттыру жолында мәні зор.
Сондықтан диплом жұмысының негізгі мақсаты ауыл шаруашылық кәсіпорынының өнімнің өзіндік құнының қазіргі жадайын зерттеу, талдау және оны төмендетуді ынталандырудың нақты бағыттарын анықтау болып табылады.
Жоғарыда аталған мақсатқа байланысты диплом жұмысында мынадай міндеттер қойылды:
- ауыл шаруашылық өнімінің өзіндік құнының теориялық негіздерін, оның ерекшеліктерін және анықтау әдістерін зерделеу;
- «Каменка» асыл тұқымды мал зауытының негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- сүт өнімдерінің өзіндік құнының оның экономикалық көрсеткіштеріне әсерін саралау;
- шаруашылықта өнімнің өзіндік құнын төмендету бағытында экономиканың ынталандыру жүйесін жақсарту;
- өндірілетін өнімнің сапасын және бәсеке қабілетін арттыру жолдарын іздестіру.
Диплом жұмысының нысаны ретінде «Каменка» асыл тұқымды мал зауыты болып табылады. Бұл кәсіпорын Қазақстанда асыл-тұқымды сүтті ірі қара өнімдерін өндіретін мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне нарықтық экономикаға қатысты шет елдің және Қазақстан экономист ғалымдарының ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы өкіметінің арнаулы шешімдері, мемлекеттік нормативтік актілер және «Каменка» асыл тұқымды ауыл шаруашылық кәсіпорынының әлеуметтік-экономикалық мәліметтері пайдаланылды.
Диплом жұмысын жазу барысында математикалық, статистикалық, экономикалық талдау әдістемелер пайдаланылды.
1 тарау. Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң өзiндiк құны және оның ерекшеліктері.
- Өзiндiк құнның ұғымы, мәнi мен түсінігі
Ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды саласы болып табылады. Агроөнеркәсiп саясаты бүгiнде оны жоғары тиiмдi, бәсекеге қабiлеттi, елiмiздi ауыл шаруашылығы өнiмiмен қамтамасыз етуге, оның сапасын жоғарлатуға бағытталған. Ауыл шаруашылығында экономикалық қатынастарды түбегейлi қайта құру мiндетi қойлып отыр, оның мәнi ауыл шаруашылығындағы тұрғындарына дербестiлiк, кәсiпкерлiк, бастамалық көрсету үшiе мүмкiндiктер туғызу.
Өнiмнiң өзiндiк құны ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экономикалық тиiмдiлiгiнiң аса маңызды көрсеткiшi болып саналады. Онда ауыл шаруашылығы қызметiнiң түрлiжағы бiрiктiрiледi, түрлi өндiрiстiк ресурстарды пайдалану нәтижелерi жинақталады. Өзiндiк құнның кемуi кез келген қоғамның, әрбiр саланың, кәсiпорынның бiрiншi кезектегi және өзектi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. өнiмнiң өзiндiк құны деңгейiне пайданың сомасы, рентабильдiлiк деңгейi, кәсiпорынның қаржылық жағдайы және оның төлем қабiлетi, ұлғаймалы өндiрiс қарқыны, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сатып алу және бөлшек сауда бағалар деңгейi байланысты.
Өзiндiк құн, бұл құнның бөлек бөлiгi, онда өндiрiстегi материалдарды, құралдарды тұтыну, еңбекке ақы төлеу ақша түрiндегi көрсетiлген. өзiндiк құн экономикалық категория, ол өндiрiстiк процестiң бастапқы, жинақталушы көрсеткiшi болып табылады. Демек ауыл шаруашылығы өнiмнiң бағасы мен өзiндiк құнын салыстыру өндiрiстiң пайдамен немесе шығынмен жұмыс iстейтiгiн көрсетедi.
Ауыл шаруашылығы өнiмнiң өзiндiк құны барлық жағдайларда да дұрыс, бұрмаланып көрсетiлмеген болуы тиiс. Ауыл шаруашылығының белгiлi бiр өнiмiнiң рентабилдiлiгi төмен немесе шығынға бату жағдайында кәсiпорын салыстырмалы түрде бағасы арзан ресурстарды түсiнiп пайдалануға немесе оларды барынша аз тұтынуға тиiс.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы жоспарлы қаржы жұмыстарында өнiмнiң құны оның бағасын есептеу үшiн бiрден-бiр, сенiмдi бағдар болып есептеледi. Егер мынадай алғы шартты басшылыққа алсақ, кез келген өндiрiс қызметi шығын жұмсамай, қызмет етпейдi, нарық жағдайында кез-келген өндiрiс қызметiнен пайда алу көзбеледi. өзiндiк құн мен баға категориясын пайдалануға осындай тұрғыдан келу қана күллi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi ауыл шаруашылығы өнiмiнiң өзiедiк құнын бiрыңғай принциптер бойынша есептеуге мәжбүр етедi.
Қазiргi кезде өзiндiк құнды төмендету мәселесi күрделі мәселелердің бірі болып отыр оны төмендету резервтерiн iздестiру көптеген шаруашылықтарға өздерiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға, банкроттықа ұшырамай және нарықтық экономика жағдайында қызмет етуге көмектеседi.
Бұл жұмысының мақсаты сүт бағытындағы мал шаруашылығы өнiмiнiң өзiндiк құнын есептеу және шығынның есебiн жүргiзудiң теориялық негiздерiн қарастырудан, нақты кәсiпорын мысалы арқылы өзiндiк құн мен шығынның есебiн ұйымдастыруды зерттеуден, шығынның есебiн жетiлдiруде және өзiндiк құнды калькуляциялауға өзiндiк жолды ұсынудан тұрады.
Агроөнеркәсiп кәсiпорындар өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құнын кемiту көрсеткiшiнен өзге абсолюттiк сомадағы күллi ауыл шаруашылығының құнын жоспарлайды. Сүт өнiмiнiң өзiндiк құны бойынша жоспардың орындалуына талдау жасау кезiнде шын мәнiнде немесе нақты жұмсаған шығынды қарастыру, жоспардан ауытқұларды табу және артық жұмсауды болдырмау және әрбiр сала бойынша шығынды одан әрi кемiту бойынша шаралар белгiлеуi қажет. Мұндай талдау агроөнеркәсiп кешеннiң шаруашылық есептi енгiзумен және нығайтумен байланысты. Мұның өзi өндiрiстiң жекелеген буындары бойынша өзiндiк құнның деңгейiн анықтауға және осы аталған участiкте шығынды азайту үшiн жауап беретiн жекелеген орындаушылырдың атқарған жұмыстарын бағалауға мүмкiндiк туғызады. 1
Сүт өнiмiнiң өзiндiк құны бойынша жоспардың орындалуын бағалау есеп берген жылдың жоспарлы және нақты өзiндiк құнын есептеу бойынша, оның нақты көлемi және ассориментi жайындағы мәлiметтер бойынша жүргiзiледi.
Жалпы алғанда, сүт өнiмiнiң өзiндiк құны материалдық шығыннан, жұмысшыларға жалақы төлеу шығынынан және кешендi салалар шығынынан құралады. Әрбiр элемент бойынша шығынның азаюы немесе өнiмнiң өзiндiк құнының қамбаттауын немесе арзандауын туғызады. Сондықтан талдау кезiнде шикiзаттың, материалдардың, отынның және электр энергиясының шығындарын, жалақыға жұмсалған шығынды, цехтағы, жалпы зауттағы және басқа шығындарды тексеру керек.
Өнiмнiң өзiндiк құны бұл ақша түрiнде көрсетiлген оны өндiруге және өткiзуге жұмсалған шағындар.
Нарықтық қатынастар жағдайында өзiндiк құн кәсiпорынның өндiрiстiк-шаруашылық қызметiнiң аса маңызды көрсеткiшi болып табылады. Бұл көрсеткiш бойынша жоспардың орындалуын оның қозғалысын бағалау үшiн; ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң және ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерiнiң рентабильдiлiгiн анықтау үшiн; ауыл шаруашылығы өнiмiнiң өзiндiк құнын кемiту резервтерiн табу үшiн; өнiмге баға белгiлеу үшiн; мемлекеттiң көлемiнде ұлттық табысты есептеу үшiн; жаңа техникасы, техналогияны, ұйымдастыру- техникалық шараларды негiзудiң экономикалық тиiмдiгiгiн есептеу үшiн қажет.
Активтердiң айналымнан шығуы нәтижесiнде (ақша қаржысы, өзге мүлiк) осы ұйым капиталының кемуiне әкелетiн мiндеттемелердiң пайда болуы нәтижесiнде экономикалық тиiмдiлiктiң кемуi ұйымның шығынына жатқызылады.
Әдеттегi қызмет түрлерi бойынша шығындарды құру кезiнде оларды келесi элементтерi бойынша топтастыру қамтамасыз етiлуге тиiстi:
- материалдық шығындар;
- еңбекке ақы төлеу шығындары;
- әлеуметтiк мұқтаждарға жұмсалған шығындар;
- амартизациялау;
- өзге шығындар;
Бухгалтерлiк есепте басқару мақсаттары үшiн шығынның салалары бойынша оның есебiн жүргiзу ұйымдастырылады. Шығын салалары тiзбесi ауыл шаруашылығы ұйымында дербес белгiленедi.
Бухгалтерлiк есеп беруде ауыл шаруашылығы ұйымының есеп жүргiзу саясаты туралы ақпаратының құрамында коммерциялық және басқару шығындарын тану тәртiбiн ашу жатады. 2
Ауыл шаруашылығы ұйымының пайдасы мен шығыны туралы есепте өткiзiлген сүт өнiмiнiң өзiндiк құны бөлек берiледi, сонымен бiрге коммерциялық шығындар, басқару шығындары, операциялық шығындар және өткiзуден тыс шығындар, жағдайға қарай төтенше шығындар көрсетiледi.
Шығындар бапталы тiзбесi, олардың құрамы және сүт өнiмi түрлерi бойынша болу әдiстерi өндiрiс құрылымы мен сипатын ескерiп, жоспарлау, есеп жүргiзу және сүт өнiмiнiң өзiндiк құнын калькуляциялау мәселелерi бойынша салалық әдiстемелiк ұсыныстармен анықталады.
Сонымен шаруа қожалықтары үшiн төмендегiдей типтi статьялар белгiленген:
- Әлеуметтiк мұқтаждықтарға ақша аудару, қоса атқарылатын еңбекке ақы төлеу;
- Тұқым және отырғызатын материал;
- Миниралдық және органикалық тыңайтқыштар;
- Мал мен өсiмдiк қорғау құралдары;
- Жем, шөп;
- Қайтадан өндеуге арналған шикiзат;
- Негiзгi құралдардың құрамы
оның iшiнде:
а) мұнай өнiмдерi
б) негiзгi құралдарды амартизациялау;
в) негiзгi құралдарды жөндеу;
- Жұмыс және қызмет көрсету;
- Өндiрiстi ұйымдастыру мен басқару;
- Несиелер бойынша төлемдер;
- Мал өлiмiнен шығындар;
- Өзге шығындар;
Ауыл шаруашылығы ұйымдарында шаруашылық жүргiзудiң нақты жағдайларын ескере отырып, шығын статьяларының типтi номенклатурасы негiзiнде әрбiр сала үшiн шығын статьясының нақты номенклатурасы қалыптасады.
Ұйым жұмысының негiзгi көрсеткiшiнiң бiрi өнiмнiң өзiндiк құны болып табылады. Орындаған жұмыстың және көрсетiлген қызметтiң, өнiмнiң жекелеген түрлерi бiрлiгiнiң өзiндiк құнын есептеудi калькуляция деп атайды.
Калькуляция, өнiм өндiруге және өткiзуге жұмсалған шығындардың есебiн жүргiзудiң соңғы сатысы, бұл процесте шығындар топтастырылады және белгiлi бiр әдiстердiң көмегiмен өнiмнiң өзiндiк құны есептелiнедi.
Өндiрiстiк шығындардың есебiн жүргiзудiң күллi процесi сатыларға бөлiнедi:
- Есеп жүргізу нысандары бойынша шығындарды топтастыру.
- Калькуляциялау нысандары бойынша шығындарды бөлу;
- Өнiмнiң (атқарылған жұмыстың, көрсетiлген қызметiнiң) бiрлiгiнiң өзiндiк құнын анықтау.
Өзіндік құнның калькуляциялау үрдісі өндiрiс шығындары туралы және алынған өнiмнiң саны туралы мәлiметтердi пайдаланудан басталып, нақты өзiндiк құны бойынша бағалаумен аяқталады.
Нысанның шығынын есептеу өндiрiс түрлерiмен салаларға байланысты. Ауыл шаруашылығы ұйымдарында шығындарды есептеу объектiлерi: өсiрiлетiн дақылдар (арпа, күнбағыс, сүт және басқалары) жұмыстың түрлерi (жердi жырту, негiзгi құрал жабдықтарды жөндеу, қарым-қатынасты тоқтату және басқалар) болуы мүмкiн. 3
АӨК- тiң қайта өндеу салаларында есеп жүргiзу объектiлерi жекелеген бөлiнулер (сүттi кiлегейге айналдыру, iрiмшiк дайындау және тағы басқа) болуы мүмкiн.
Аналитикалық есеп шотты әрбiр нысанға емес, топқа ашуға рұқсат берiледi. Өндiрiсте шығындардың аналитикалық есебi өндiрiс шығындарын есептеу нысандары калькуляциялау нысандарына барынша сәйкес келетiндей тұрғыда есептелiнедi. Калькуляциялау нысандары дайын өнiмнiң жекелеген түрлерi, бұйымдарда, аралық өнім жұмыспен қызымет көрсетудi бiлдiредi. Есеп жүргiзу нысандары калькуляциялау нысандарына не ғұрлым көбiрек сәйкес келетiн болса, өндiрiстегi шығындар өнiмнiң нақты түрiнiң өзiндiк құнының соғұрлым көбiрек кiретiн болады.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарда өндiрiстiк шығын есебiнiң нысандарыи және калькуляция объектiлерi көбiнесе сәйкес келмейдi. Мәселен, нагiзгi өндiрiстен қосымша өнiмнiң бiрнеше түрiн алады. Мәселен, мал шаруашылығы.
1. 1. 1 кесте
Сүттi iрi қара мал өнімдерінің шығындарын есептеу нысандары
Төл
сүт
1 бас
1центнер
Тiрi салмағының өсiмi
Тiрi салмақ
1 центнер
1 центнер
Әрбiр калькуляциялау нысаны үшiн калькуляциялау бiрлiгiн дұрыс таңдай бiлу қажет, ол өнiмнiң сипатына, оның физикалық қажеттілігiне сәйкес келуi тиiс. Бұл үшiн негiзiнде заттай (центнер, тонна, мал басы, гектар, жұмыс күнi, киловат-сағат және тағы басқа) және коэфицентнердiң көмегiмен есептелген шартты заттай өлшем бiрлiктер қолданылады. Есептi кезеңнiң соңында 25, 26, 28 есеп шоттарында ескерiлген шығындар 20, 23 және басқа есеп шоттарға көшiрiлiп жазылады. Есептiк кезен iшiнде 20 және 23 шоттары несиеден жоспарлы норматив немесе шығырылған өнiмнiң немесе атқарылған жұмыстың және көрсетiлген қызметтiң шын мәнiндегi өзiндiк құны жазып алынады. Есептiк кезен соңында дайын өнiмнiң, жұмыстың көрсетiлген қызметтiң жоспарлы немесе нормативтiк өзiндiк құны және формула көмегiмен шығын статьяларындағы қалыптасқан нормалардың өзгеруiмен, ауытқулар ескеріледі.
Өнім өндiру шығынының және өнiмiнiң өзiндiк құнын калькуляциялаудың есебiн жүргiзу әдiсi деп өнiмнiң жеке түрiнiң, жұмыстың, көрсетiлген қызметтiң немесе олардың бiрлiгiнiң есебiн жүргiзу үшiн қолданылатын тәсiлдер жиынтығын түсiнемiз.
Ұлттық тәжiрибеде өнім өндiру шығындары мен калькуляциялау есебiнiң төмендегiдей әдiстерi қолданылады:
- Жай (тiкелей)
- Тапсырысты
- Бөлшектi (жартылай фабрикаттар және жартылайсыз фабрикат нұсқалары)
- Үрдістістi
- Қосымша өнiм шығыннан жалпы шығыннан алып тастау тәсiлi
- Коэффиценттер тәсiлi;
- Пропорционалды;
- Нормативтi;
- Комбинациялы;
Өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу кезiнде шығындарды баланстық жинақтау қағидасы ауыл шаруашылығы салалары үшiн бiрыңғай, өзгермейтiн қағида болып табылады. Ол бiр тараптан жылдың басында аяқталмаған өнiмге жұмсалған шығын мен ағымдағы жылдың шығынының теңдiгiн, басқа тараптан, дайын өнiмнiң өзiндiк құнына қатысты шығын мен жылдың аяғындағы аяқталмаған өнiм шығыны арасындағы теңдiктi көрсетедi.
Өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiсiн таңдау, өндiрiстiң түрiне, оның күрделiгiне, ерекшелiктерiне, аяқталмаған өнiмнiң болуына, өндiрiс процессiнiң ұзақтылығына, өндiрiлген өнiмнiң номенклатурасына және басқаларға байланысты.
Қарапайым (тiкелей) калькуляциялау әдiсi өнiмнiң жеке түрiнiң, жұмыстың, қызметтiң өзiндiк құнын тiкелей есептеуге негiзделген. Бұл әдiс өндiрiс өнiмiнiң тек бiр түрiн қана алу кезiнде қолданылады, бұл жағдайда шығынның есебiн жүргiзу объектiсi калькуляциялау объектiсiне сәйкес келедi.
Мұнда өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құны шығынның көлемін өнiмнiң санына бөлу жолымен шығарылады. Бұл әдiс қосалқы қызмет көрсетулердiң өзiндiк құнын және кейбiр өндiрiстiк басқа жұмыстардың өзiндiк құнын есептеу кезiнде пайдаланылады. 4
Тiкелей есептеу әдiсiне тапсырыс әдiсi жатқызылады, мұнда есеп жүргiзу және калькуляциялау объектiсi жеке өндiрiстiк тапсырыс болып табылады. Аналитикалық есеп шот тапсырыс түрлерi бойынша ашылады (мұнда тапсырыс, деп бұйымды жөндеу жұмыстары түрлерiн тағы басқа ) .
Бұл әдiс жөндеу, тiгiн шеберханаларында, құрылыста қолданылады. Тапсырыстың өзiндiк құны оның ашылған күнiнен оның орындалу күнiне дейiнгi өндiрiстiң барлық шығыны сомасымен анықталады. Демек, бұл әдiстiң кемшiлiгi тапсырыстың орындалу кезiнде өзiндiк құнды бақылаудың мүмкiн еместiгi.
Өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау және шығын есебiн жүргiзудiң бұл әдiсi негiзiнде АПК-iнiң қайта ұқсату (өңдеу) кәсiпорындарында және ауыл шаруашылығы ұйымдарының өнеркәсiптiк өндiрiстерiнде қолданылады, мұнда өңделетiн шикiзат және материалдар бiр iздiлiкпен бiрнеше өңдеу сатысынан өтедi.
Өндiрiсте шығынның есебiн жүргiзу бойынша аналитикалық есепшот өндеу сатылары бойынша ашылады.
Шикiзатты және материалдарды қайта өңдеудегi технологияның ерекшелiктерiне байланысты болу әдiсiнiң аралық өнім және түпкі өнім нұсқалары қолданылады. Бөлу әдiсiнiң аралық өнімнің нұсқасы әрбiр болу шикiзат өңдеудiң аяқталған сатысын бiлдiрген кезде қолданылады, осының нәтижесiнде өз өндiрiсiнiң аралық өнімін алады, бұлар өндiрiсте не өткiзу үшiн одан әрi пайдалануға, дайын өнiм деп есептелiнедi. Бұл жағдайда әрбiр бөлуден кейiн аралық өнімнің өзiндiк құны шығарылады, бұл әртүрлi салада оларды өңдеу кезiнде аралық өнімнің өзiндiк құнын табуға, немесе оның сатылу барысында өнiмнiң өзiндiк құнына неғұрлым белсендi бақылауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Түпкі өнім алу барысында шығынның есебiн алу қажет. Бұл әдісті пайдалану барысында аралық өнімнің өзiндiк құны анықталмайды, дайын өнiмнiң ғана өзiндiкқұнын есептейді.
Үрдістік әдiс - ауыл шаруашылығы кәсiпорындарындағы ең кең таралған әдiс. Оның мәнi мынада, өндiрiс шығындары оның барлық үрдісі бойында өнiмнiң белгiлi бiр түрiне қатысты жинақталды.
Қосымша өнiм шығындарын шығарып тастау әдiсi өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу кезiнде қолданылады, оның мәнi сол, өндiрiс өнiмi өз құрамы бойынша негiзгi немесе қосымша болып бөлiнедi. Бұл жағдайда тек негiзгi өнiм есептеледi (калькуляцияланады) . Ал қосымша өнiм бұдан бұрын белгiленген баға бойынша бағаланады. Негiзгi өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу кезiнде қосымша өнiмнiң өзiндiк құны жалпы шығын көлемінен шығарылып тасталады.
Бұл әдiстiң кемшілігі тәжірибе жүзінде барлық қосымша өнiм пайдаланбауында. Демек, негiзгi өнiмнiң өзiндiк құнын қолдан өсiру әрекетi жасалады. Бұған қоса әр түрлi ұйымда қосымша өнiмдi бiрдей бағалау байқалмайды.
Коэффиценттер әдiсi бiр объектiлер бойынша шығындар ескерiлген жағдайда өзiндiк құнды есептеу үшiн қолданылады. Яғни өнiмнiң бiрнеше түрi арасында бөлу қажет. Демек шығындар есебiнiң нысаны калькуляциялау нысандарына сәйкес келмейдi. Сондықтан шығындарды бөлу үшiн коэффиценттерi анықталады. Олардың көмегiмен алынған өнiм шартты өнiмге ауыстырылады.
Осының нәтижесiнде шартты өнiмнiң өзiндiк құны, кейiн заттай өнiмнiң өзiндiк құны шығарылады.
Пропорционалды әдiс өндiрiстен өнiмнiң бiрнеше түрi алынған жағдайда өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу үшiн қолданылады.
АӨК-тiң қайта өндеу салаларында қолданылады. Бұл жағдайда өндiру шығындарының жекелеген түрлерi ағымдағы нормалар бойынша ескерiледi, нормалардан нақты шығындардың жедел есебiн бөлек алу жүргiзiледi. Бұл орайда шығындардың болған жерлерi, есептерi, жауапты адамдар көрсетiледi, өнiмнiң нақты өзiндiк құны ағымдағы нормалар, нормалардан ауытқулар, нормаларды өзгертулер бойынша шығындар самасынан құралады.
Зф=Знорм+А+Ө,
Мұндағы,
- Зф-нақты шығындар;
- Зн-нормативтi шығындар;
- А - нормалардан ауытқу шамасы;
- Ө - нормаларды өзгертудiң шамасы.
Комбинациялы әдiс, өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу әдiсi жоғары келтiрiлген бiрнеше әдiстi көздейдi. Сонымен, ауыл шаруашылығы ұйымдарында сүттi және төл басын есептеу кезiнде қосымша өнiмге жұмсалған шығындарды шығыру әдiсiн, кейiн пропорционалды әдiстi қолданады.
Өндiруге және өзiндiк құнды калькуляциялауға жұмсалған шығындардың есебiн ұйымдастыру аса маңызды жағдай ретiнде операциялық шоттардың мiндеттi есепшоттарын: жинақтау бөлу (25, 26) калькуляциялық шоттарын (20, 23, 29) салыстыру (49) қаржы-нәтижелiк (99) шоттарды жабуды көздейдi. Бұлар есепшотты жабу операциялары деп аталады. Осылардың нәтижесiнде баланс есеп шотында ешқандай сальдо қалмайды.
Калькуляциялық есеп шоттарды жабу өнiмiнiң жұмысы қызмет көрсетудiң нақты өзiндiк құнымен есептелiнедi. Осыдан кейiн өнiмдi, жұмысты, қызмет көрсету жоспарлы бағалау болады, осы бойынша, олар есептi кезең бойынша бағаланады, аяқталған өнiм бөлiгi, шын мәнiндегi деңгейге дейiн жеткiзiледi.
Осымен калькуляциялық есепшоттар кредитi бойынша шартты айналымдар есепшоттардың дебетi бойынша ескерiлген нақты шығындарға дейiн жеткiзiледi. Ауыл шаруашылық ұйымдарында “малдардың өлiмiнiң ысыраптары” саласы бойынша мал шаруашылығы өнiмiн өндiру шығындары құрамында бордақылауда тұрған iрiлi-уақты малдың ысырабы, құстың, аңның, қоянның омартта аралықты ысырабы ескерiледi. Ауру-сырқауға немесе стихиялық апаттарға байланысты өлген малдар құны өнiмнiң өзiндiк құнына кiргiзiлмейдi, 99 “пайда және шығын" есепшотының дебетi бойынша шығындар ретiнде ескерiледi.
1. 2 Ауыл шаруашылық өнімінің өзiндiк құнның ерекшеліктері.
Өнiмнiң өзiндiк құны-өнеркәсiп орындары, бiрлестiктерi қызметiнiң аса маңызды көрсеткiштердiң бiрi, мұнда өнiм өндiрумен, өткiзумен байланысты кәсiпорынның барлық шығыны ақша түрiнде көрсетiледi.
Өзiндiк құнға өнiмге кеткен еңбек шығындары (негiзгi қорларды амартизациялау, шикiзат құны, материалдар, жанар-жағар майдың және басқа материалдық ресурстар) және ауыл шаруашылығы кәсiпорындары қызметкерлерiнiң еңбегiне төленген шығындар келедi.
Өнiмнiң өзiндiк құнының төрт түрi бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz