АЛТЫН БҰЙЫМДАР ЖИНАҒЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙІНІҢ «АШЫҚ ҚОРЫНДАҒЫ» АЛТЫН БҰЙЫМДАР ЖИНАҒЫ
- «Ашық қор» экспозициялық залындағы алтын бұйымдар . . . 8
1. 3 Музей қорындағы алтын бұйымдардың экспозициялық
шешімдері . . . 11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ МУЗЕЙІНІҢ АЛТЫН БҰЙЫМДАР ЖИНАҒЫ
2. 1 Музей қорындағы алтын бұйымдар жинағы . . . 36
2. 2Асыл және бағалы металдан жасалған заттарды консервациялау және реставрациялау . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 11
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 11
ҚОСЫМША . . . 11
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Мың өліп мың тірілген асыл халқымыз егемендігін алғаннан кейін, өткен өміріне көз жүгіртіп, шешілмей жатқан мәселелердің түйіні шешуге ұмтылуда. Тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен кейін төл тарихымызды, ұлттық мәдениетімізді жаңаша көзқарастар тұрғысынын зерделеудің мәні арта түскені заман талабынан туған үрдіс екені ақиқат. Осы тұрғыда мәдени құндылықтардың әрқайсысын жеке талдай отырып, зерттеудің берер нәтижесі мол болары сөзсіз.
Қазіргі уақытта республикамыздағы саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін әртүрлі мекемелердің жалпы мәдени орындардың жұмысын өзіндік ерекшеліктерін ескеру арқылы ғылыми жауапкершілікпен атқару келелі міндеттердің бірі.
Қоғамның белгілі бір даму кезеңдерінде ғылыми іздену, халық-ағарту, мәдени мұраларды сақтау жұмысының жүйесі-бұл мемлекеттік маңызы зор музей мекемелерінің жұмысы болып табылады.
Қазақстанның музейтану ғылымының кезеңдегі дамуы күрделі және жауапкершілігі мол уақытта тұр. Еліміздің музейтану ғылымының алдында көптеген күрделі мәселелер ғылыми шешуін күтуде, солардың бірі музей мекемелері жұмысының ғылыми-методикалық мәселелері. Сонымен қатар, музейлер бойынша жеке музейлік әдебиеттер, нормативті музей құжаттарын жүйелеу, көптеген тарихи экспозициялардың мазмұнын ашу, музей қызметкерлерінің құқығы және тағы басқалар шешімін күттірмес мәселелер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейінде 1998 жылы 4-5 науырызда өткен Республикалық музейлік ғылыми-практикалық конференцияда осы мәселелер жайында және шешімін күткен өзге де сұрақтар қарастырылған еді.
Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1998 жыл (Халық бірлігімен Ұлттық тарих) жылы деп жарияланғаны мәлім. 1998 жылдың әсіресе (Ұлттық тарих) жылы деп аталуы біздің Республикамыз үшін аса маңызды еді. Сондықтан да бұл конференцияның атын «Отан тарихының негізгі кезеңдерін музей экспозияларында көрсету проблемалары» деп атады /1/.
Жасыратыны жоқ, туған тарихымызды көрсетуде жоғарыда айтылған кемшіліктер музей экспозицияларында баршылық. Өйткені қазіргі барлық тарихи және тарихи-өлкетану музейлерінің бәрі дерлік кешегі Кеңеғс дәуірінде тарихқа тар шеңберде, негізінен тек таптық тұрғыдан қарап келген кезеңде қалыптасты. Экспозициялардың барлығы тек осы тұрғыдан, осы талап діңгегінен ғана құрастырылды. Ұлы есімдер, тарихи тұлғалардың еңбектері ескерусіз қалып, кемшіліктер мен қиыншылықтар бүркемеленді, кеңестік табыстар мен болмашы жетістіктер асыра мадақталды. Осыдан келіп музей экспозицияларын бүгінгі талап, бүгінгі жаңа концепция тұрғысынан қайта жасақтау қажеттілігі туды.
Қазақстанда осы уақыттарда 88 музей бар және оның 51-і тарихи музейлер болып табылады /2/. Қазір елімізде тарихи музейлердің алдында өз алдына ғылыми статусын алып, қоғам алдындағы жауапкершілігін абыроймен атқару міндеті тұр. Біздің халқымыздың рухани және материалдық мәдени ескерткіштері-тарихи мұраның сақталуы, яғни өткен тарихты қайта жаңғырту басты парызымыз екені ақиқат. Тарихи музейлердің бүгігі күндегі басты ролі халықтың біліми-тәрбиелік процесін жетілдіру үшін басты құрал болып табылатындығында.
Тарихи музейлердің сақтау қорында өзінің жоғарғы дәрежедегі ескерткіштері үшін музей байлықтарының молдығы үлкен тарихи мағлұмат беріп отырады. Қазақстан музейлерінің алдында белгілі бір тұрақты мәселе-сақталу мәселесі және келешек ұрпаққа тарихи, мәдени мұраларды кеңінен насихаттау болып табылады.
Қазақстан Республикасы музейлері үшін маңызды мәселелер оның әлеуметтік функциясы және жұмыс мазмұнын ғылыми тұрғыда тарихи музейлерде кең түрде қарастыру. Тарихи музейлердегі жұмыс тәсілін бүгінгі күні жинақталған түрде қолдану қажеттілігі туындады/1/.
Жалпы музейлердің алдына қойған мақсаты, олардың жүргізілетін іс-шаралары, ғылыми-ағрту, тәрбиелік бағытының дұрыс айқындалуы маңызды мәселе болып табылады. Музей беретін мәліметтің шынайылығы келушінің алған білімін бекіте түседі. Ал мұндай мәлімет әсіресе, жастар үшін өте бағалы. Музей келермендердің саяси, кәсіби тәрбиесінің, көркемдік және эстетикалық талғамдарының дамуына, өз бетімен жұмыс жасау қабілетінің шыңдалуына әсерін тигізеді.
Музей пәні- әлеуметтік жағдаймен байланысты заңдылықтарды және музейлер жүйесін, арнайы мамандандырылуға сәйкес деректерді, сондай-ақ, қоғамдағы және табиғаттағы құбылыстардың дамуын зерттейді. Музей тарихи қоғамдық институт ретінде, музей жүйесін және әлеуметтік талаптар мен түрлі салаларға тәуелді ұйымдастырылуын зерттейді. Музей зерттеуінің негізгі бағыттары музейлік мұраларды жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру(реставрация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін топтастыру толық анықтама болып табылады. Аталмыш жағдай музей заттарын зерттеп, жүйелеуде маңызды рол атқаратыны да көтеріп отырған мәселенің алғышарты болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бұл зерттеу жұмысын жазуыма Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Археология институтының музейіндегі Қазан Революциясына дейінгі қазақ археологиясы мен этнографиясының өте бай экспонаттары, сондай-ақ соңғы уақыттарда жинақталған материалдар себеп болды. Ал, сол тарихи жәдігерлерімізді жинақтап, зерттеуде, оларды насихаттауда Қазақстандағы музей қызметкерлерінің, ғалымдарының, этнографтары мен археологтарының сіңірген еңбегі аз емес.
Жалпы музей қорларындағы мыңдаған тарихи жәдігерлеріміздің
өткендегісі мен бүгінгі жағдайын, оның өзіне тән методологиясын зерттеу қазірдің өзінде күн тәртібінен түспей жүрген мәселелердің бірі. Еліміздің тарихи музей қорларындағы археологиялық бұйымдар жайлы диплом жұмысын жазудағы мақсат, осы тарихи мұраларымыздың жекелеген түрлеріне тоқтала отырып, олардың айтылып отырған уақыттағы даму дәрежесін халық тұрмысында алатын орны, жаасалу жолдарын, әдісін терең зерттеп, оның осы заманғы өсіп-өркендеу кезеңіне және осы күнгі тарихымызда алатын орнымен байланыстыра қарастыру еді. Бірде-бір ғылым өз тарихын терең зерттемейінше дамып алға жылжуы мүмкін емес. Сондықтан нағыз шынайы түрде зерттеу қолжеткен табыстарды игеруге және ғылымды алға қарай жылжытуға жәрдемдеседі.
Бұл зертеу жұмысымда музей қор жұмысының мақсаты- музей заттарын сақтап, зерттеу үшін тиімді жағдай жасап материалдық және рухани мәдениет тарихы саласында зерттеу жүргізе отыра қор жұмысының теориясы мен әдісін жасауды міндет етіп қойдым. Сонымен қатар, осы ғылыми жұмысыма негіз болып отырған музейлерде археологиялық бұйымдардың сақталу дәрежесі мен насихатталуы қаншалықты деңгейде деген мәселелерге арнайы талдау жасауға тырыстым.
Еліміздегі тарихи музей қорларының дамуы, оның өзіне тән жеткілікті байлығы ғылыми-практикалық зерттеулер негізінде жүргізілуі тиіс. Сол себепті мынадай маңызды міндеттер қойылып, жүзеге асырылуы тиіс:
- музей қорына жататын бұйымдар немесе ғылыми-қосалқы
материалдарды заңмен бекіту және оның кепілдігіне жете мән беру;
- музей қызметкері музей заттарын жауапкершілікпен сақтау;
- музей құзырына жататын бұйымдарды үнемі бақылап, сақталу
деңгейін тексеріп отыру;
- музей жұмысында кемшіліктерге жол бермеу;
- тарихи музейлердің ұйымдастыру дәрежесін анықтап, құрылымының
ерекшеліктерін айқындау;
- тарихи музейлердің басқа да қоғамдық-мәдени мекекемелермен
байланысын жүзеге асыру;
- музейлерде жүргізілетін оқу-ағарту, білім беру, тәрбие жұмыстарын
жүргізуін талдау;
- тәрбиенің формалары мен әдістері туралы жалпы түсінік беру;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа байланысты жүргізілген жекелеген зерттеулер болмаса, арнайы зерттеулер жүргізіле қоймаған. Бұның басты себебі музей қорларының ерекшеліктеріне қатыстылығында болып отыр. Бұл зертеу жұмысын жазу барысында музей жұмыстарына қатысты материалдармен қатар, тақырыпқа сай археологиялық тұрғыда жазылған көптеген ғылыми материалдар кеңінен қолданылды. Осы әдебиеттердің арасынан (Актуальные проблемы фондовой работы музеев) атты ғылыми мақалалар жинағын кеңінен пайдаландым. Бұнда музейлердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарының спецификасы біршама жүйелі мағлұмат береді. Сонымен қатар, музейлердің профильі, ұйымдастыру жұмыстары, қор және экспозициялық жұмыстарын жүргізу, тәрбиелік жұмыстарын жүргізу сияқты құнды мәліметтер берілген.
Жекелеген музейтанушы орыс ғалымдары Лашкевич. Л. В, Стриженова. Т. С, Майстровская. М. Т, Латухина. М. А, Арзамасцев. В. П, Иксанова. И. В, Фомин. В. М, Разгон. А. М сияқты авторлардың ғылыми зерттеу жұмыстарын пайдалана отырып, біраз мәліметтер пайдаландым.
Зерттеу жұмысымның негізгі бөлімінде арнайы музейтанулық бағыттағы еңбектер қолданылды. Олардың арасынан дерек ретінде пайдаланған «Инструкция по учету и хранению музейных ценностей, хранящихся в Государственных музеях СССР» /3/ және К. ГЛевыкина, В Хербстың редакциялығымен шыққан «Музееведение. Музей исторического профиля» /4/ атты оқу құралы ерекше атап өтуге тұрарлық. Сонымен бірге бұл зерттеулерде музейтану ғылымының теориялық негіздері толығымен ашылып баяндалған.
Жалпы қазақ тілінде музей ісінің теориясы мен музей экспозициясы жайлы жазылған ғылыми мақалалар жинағы мен әдебиеттер өте аз. Бұл тақырыпқа байланысты жазылған К. Н. Райымханова мен Д. Қатранның «Музей ісінің теориясы мен практикасы» /2/ атты оқу құралының маңызы өте зор.
Мен зерттеу жұмысымда археологиялық мағлұматтар жайлы да кең көлемде еңбектерді пайдаланып, аталмыш тақырыпқа сәйкес тақырыпты барынша ашуға тырыстым. Тақырып бойынша зерттелген басты деректердің негізін ғылыми басылымдарда жарияланған ғалымдардың ізденістері құрайды. Солардың ішінде Қазақстан территориясында әр жылдары қазба жұмыстарын жүргізген және де қазіргі уақыттарда да ғылыми жұмыстарын жалғастырып жүрген белгілі археолог-ғалымдар Бернштам. А. Н, Черников. С. С, Байпақов. К. М, Ақышев. К. А, Ақышев. Ә. К, Төлеубаев. Ә. Т, Омаров. Ғ. Қ сияқты ғалымдардың еңбектері өзекті мәселелерді қамтуға, ғылыми жұмысты жүргізу бағыттарын анықтауда көп көмегін тигізді.
Тақырыптың деректік көзі. Бұл зерттеу жұмысын жазу жағдайында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі мен ҚР ҰҒА-ның Археология институты музейінің қор жұмыстары мен экспозициясы бағытында, музейдегі инвентарлық кітаптар, картатекалар, музейдің жылдық есептері, әртүрлі бағыттағы әдістемелік құралдарды мейлінше қолдандым.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Зерттеу жұмысы қойылып отырған мәселелерді шынайы тарихи тұрғыда шешуге негізделген. Тарихилық, объективтілік, жан-жақтылық принцптеріне сүиене отырып, тарихи-этнографиялық зерттеудің негізгі тәсілі болып табылатын тарихи салыстырмалы тәсіл қолданылды. Осы негізде адамзат тарихының көне іздерінен хабар беретін музей ісінде де ғылыми құндылықтармен қатар зерттеу жұмысының методологиялық негіздері игерілуі қажеттілігі айқын.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері: 2001 жылы 11-сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі өзіндегі мәдени білім беру ісінің шын мәніндегі, тың түрінде саналатын «Ашық қор» экспозициясын жасақтап, көрермендер назарына ұсынған еді. Экспозицияда ең көрнекті экспонаттар - б. з. д. ҮІІІ - б. з. Ү ғғ. Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі сақ, сармат, ғұн, үйсін тайпаларының Шілікті (б. з. д. ҮІІІ - Ү ғғ. ), Тарасу (б. з. д. ҮІ - Ү ғғ. ), Покровка (б. з. д. Ү ғ. ) қорымдарынан сондай-ақ Жалаулы (б. з. д. Ү - ІІІ ғғ. ), Қарғалы(б. з. д. ІІ ғ. - б. з. І ғ. ) көмбелерінен табылған алтын бұйымдардың коллекциясы қойылған.
Сонымен бірге 1973 жылы Тарих, археология және этнография институтының жанынан құрылған қазіргі ҚР ҰҒА-ның Археология институтының музейінің алтын қор жинағындағы материалдары да дерліктей
ерте темір дәуірі тайпаларының(б. з. б. ҮІІІ ғғ. - б. з. Ү ғ. ) дүниетанымдық түсініктері мен заттай мәдениетінің тарихи шеңберін анықтауда басты роль атқарады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Бұл тақырыпты зерттеу барысында жоғарыда аталып өткен музейлердің қорындағы алтын бұйымдарды қазіргі уақытта жүйелеп, ізденістер негізінде жеткен нәтижелерді көрсету. Осы мақсатқа орай ұлттық мәдениетіміздің ықылым замандардан бері өз маңыздылығын жоғалтпай, алдағы кезеңдерде санамызда берік орын алатынындығының дәлелі болып қала беретінін жеткізу болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттелу деңгейі, деректік, теориялық-методологиялық негізі, хронологиялық шеңбері сипатталған.
Бірінші тарау үш тармақшадан құрылған. Мұнда негізінен Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейінің «Ашық қор» залындағы сирек кездесетін бұйымдардың тарихы, қор және экспозициялық жұмыстарының жаңа сапалық деңгейге жеткені қарастырылды.
Екінші тарау екі тармақшадан құрылып, ҚР ҰҒА Археология институты музейінің қорындағы алтын бұйымдарының тарихы мен музей заттарына консервация, реставрациялық жұмыстар жүргізу мәселесі баяндалады.
Қорытындыда зерттеу жұмысымның нәтижесі, аталмыш тақырыпқа сәйкес тұжырымдар жасалынып, өзіндік ой қорытындыланған.
Қосымшада музей қорындағы жекелеген алтын бұйымдардың суреттері реттілікпен берілген.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙІНІҢ «АШЫҚ ҚОРЫНДАҒЫ»
АЛТЫН БҰЙЫМДАР ЖИНАҒЫ
1. 1 «Ашық қор» экспозициялық залындағы алтын бұйымдар
170 жылдан астам тарихы бар Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі - тарихи және мәдени ескерткіштерді жүйелі зерттеу (паспорттау, каталогтендіру, сан алуан ғылыми еңбектер шығару және т. б. ), жан-жақты насихаттау, әрі олардың сақталуын қамтамасыз ету сияқты сан-саналы ғылыми-зерттеу мен біліми-мәдени жұмыстар атқарып отырған еліміздің ең ірі музейі.
ХІХ-ғасырдың 30-шы жылдары Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесінің жанында құрылған «Орынбор өлкесінің Музеиумы» жылдар өте ірі музейге айналды. Кейін Алматы қаласының Қазақ Совет Автономиялық Республикасының астанасына айналуына байланысты Орынбор губерниялық музейі мен Жетісу губерниялық музейі қосылып, 1929 жылы Қазақстан Орталық музейі болып қайта құрылды. Ал қазіргі «Орталық Мемлекеттік музей» мәртебесін 1944 жылы алды (Қазақ ССР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің 23. 05. 1944 жылғы 275 қаулысы) /2, 51/.
Қоры 300 мыңға жуық сан-алуан тарихи-мәдени құндылықтары бар бұл музейге жыл сайын мың 135-140 мың көрермен келеді. Сонымен бірге музей қоры алуан-алуан тарихи, археологиялық, этнологиялық антропологиялық сынды қомақты зерттеулерге деректік арқау болып отыр.
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейінің іс-қызметінің негізгі нысаны музей саласындағы еліміздің мәдениет саясатын жүзеге асыру, тарихи, мәдени саласындағы еліміздің мәдениет саясатын жүзеге асыру, тарихи, мәдени құндылықтарды сақтау және зерттеу болып табылады. Осындай негізгі мақсаттарға сай музейдің ғылыми зерттеу жұмыстары, жинақтау, сақтау және есепке алу, қайта қалпына келтіру шаралары, мәдени-білім беру бағдарламалары жүзеге асырылды. Бұл мақсатты еңсерудің түрлері сан алуан. Ол-негізінен әр түрлі тақырыптағы көрме, кездесу ұйымдастыру, дәріс, баяндама өткізу, каталог, жинақ, брошюра, буклет шығару және ғаламдық электрондық торабының сайт түріндегі ақпарат беру және басқадай түрлі шаралар.
Негізінен 9 ғылыми бөлімге топтасқан ғылыми топтың зерттеу жұмыстары Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын сақтау, зерттеу арқылы, өскелең қоғамның рухани сұранысын қанағаттандыру және мемлекеттік даму бағдарындағы ұлттық құндылықтар дәстүрін арттыру және оны насихаттау болып табылады. Осы мақсаттар аясында музейдегі ғылыми жұмыстардың ауқымы палентология, антропология, археология, этнология және бағзы дәуірден бастап бүгінге дейінгі тарих салаларын қамтиды.
ОММ-дің даму тұжырымдамасына сәйкес құрылымдық бірқатар өзгерістер жасалды. Атап айтсақ, музейде атқарылатын істер бойынша ғылым мен практиканы ұштастырған толыққанды ғылыми-зерттеу мекемесі дәрежесіне көтеру саласында алғашқы нақты қадамдар өз нәтижелерін бере бастады. Мұның өміршеңдігі мен жасампаздығын бірнеше жыл музейде құрылған антропология және деректану, қолжазба атты бөлімдердің қызметі растай түсті.
Әлемдік озық музейлерде қалыптасқан тәжірибені басшылыққа ала отырып, үстіміздегі жылдан бастап ОММ-дегі кейбір қор сақтаушылардың ғылыми бөлімнің құзырында жұмыс жасау практикасы енгізілді. Алдыңғы лекте археология және этнология бөлімдерінің құрамына олардың ғылыми-зерттеу жұмысына тікелей қатысты қорлар өткізілді. Сонымен қатар нумизматикалық қор да музейлік деректану және қолжазба бөліміне қарасты етілді. Бұл өз кезегінде музей ісі мен ғылыми жұмыстар бірлігі мен байланыстарын кешенді ету, оны тиімді, әрі ұтымды етіп ұйымдастыруға қолайлылық туғызып қана қоймай, музей алдындағы қызметтік міндеттерін толығымен, нәтижелі орындауға, оны өміршең етуге мүмкіндік береді. Бірақ, музейдің бас қор сақтаушысы өз функциясы мен жауапкершілігін бұрынғысынша сақтап қалды.
ҚР ОММ-дегі ғылыми-әдістемелік орталықтың қызметі саяси-идеологиялық себептерге байланысты кеңес кезеңінде бір түрлі стереотипті тақырыптық экспозиция, жоспарлы шараларды ұйымдастыру бағытындағы іс-қызметі өз кезеңінде оңды болғандығымен, бүгінгі таңдағы қоғамдық жаңғыруға байланысты жұмыс тәсілін басқа бағытқа өрбітуге мәжбүр етіп отыр. Орталық ендігі кезекте бүкіл республикалық музейлерге әдістемелік басшылық жасай алмайды. Себебі, бұрынғыдай барлық музей бір-бірін қайталайтын үлгіде емес, әр музей өз спецификасы, ұстанған бағыт бағдары бойынша әдістеме мен экспозиция таңдауға көшті. Сондықтан да, ОММ-дегі ғылыми-әдістемелік орталық білім бөлімі деп аталатын жаңа құрылымға қайта ұйымдастырылды. Мұндағы білім деген ұғым кеңес дәуіріндегі ағартушылық немесе насихат, идеологиялық шараларынан мүлде басқаша, керісінше ауқымдырақ. Жаңа құрылым бөлімі музейдегі басты бөлімнің бірі ретінде ұйымдастыру, басқару, үйлестіру, тақырыптық-экспозициялық жоспар, концепция, жобалар жасауға араласып, нұсқау, кеңес берумен бірге менеджментке байланысты қызметтерді үйлестіру міндеттері жүктелді. Сонымен бірге басқару, маркетингні жаңа сатыға көтеру, музей ісі, музеологияны дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру қатарлы заман талабына қызмет ететін шаралармен айналысады.
Дегенмен, әдістеме, әдіснама, әдістемелік теория мәселелері ең үлкен шешімі күрделі де, өзекжарды мәселелер қатарында қалып отыр. Музейдегі ғылыми зерттеу әдістемелері әдіснамалық шараларды дамыту мәселелері бойынша экспонаттармен тікелей жұмыс жасайтын ғылыми бөлім мен қор сақтаушыларының ынтымақты құлшыныстары, әр бағыттағы ізденістерінен нәтиже күтілуде. Ұлт мәдениеті саясаты дұрыс жолға қойылған мемлекеттердің музей әдістемесі, музей экспонаттары (тіптен ол қаладағы сувенирлік бұйымдары да) бір-біріне ұқсамайтын ғылыми негізделген әдістемелерінен үйрену жолдары қарастырылуда.
Орталық музей тарихында алғаш рет музей 4 бірдей каталогы дайындалды. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музей қорындағы коллекцияларға арналған каталогтар сериясының этнография, археология тақырыбындағы легі дайын болды. Археология коллекциясы каталогына Қазақстанның қола дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын құнды 294 дана археологиялық экспонаттармен бірге бағзы дүние тарихына қатысты палентологиялық 44 дана экспонат енгізіліп отыр. Ал, екінші каталогқа қазақ этнографиясына қатысты 4 мың экспонат, нумизматика, фалерестика, фарфордың 1000 данасы енгізілді /5, 1-3/.
Сонымен қатар зергерлік әшекейлік бұйымдар каталогы мен ХХ ғ. басындағы қазақ тұрмыс-салт, мәдениеті туралы іргелі туындылар қалдырған Н. Г. Хлудов шығармаларының каталогының этика мәтіні толықтырылып, фотосуретке түсірілу үстінде.
Музейдің ғылыми-техникалық базасы:
- 1985 жылы салынған музей орналасқан ғимарат (жалпы көлемі
21, 500 шаршы метр) ғылыми-зерттеу және біліми-мәдени жұмыстарын толыққанды ұйымдастыруға әбден сай;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz