Адамгершілік тәрбиесінің негізі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 2
І-бөлім. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке
тәрбиелеу мәселелері.

1. Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі кездегі
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

2. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке
тәрбиелеудің теориялық және діни тұрғыда
қарастрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .11

ІІ-бөлім. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке
тәрбиелеу жолдары.

1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке
тәрбиелеудегі сынып жетекшінің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

2. Кіші мектеп жасындағы оқушыны рухани-адамгершілікке педагогикалық
процесте тәрбиелеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...43

Қорытныды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

Пайдаланылған
әдибеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..59

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 62

Кіріспе
Зерттеу көкейтестілігі: Қоғамның ең жоғарғы құндылығы –адам. Қазақстан
Республикасында жүріп жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық демократиялық
өзгерістер сол құндылық деп бағаланып отырған адамның деп қайта түлеуі,
игілігі үшін жасалуда.
Адамгершілік құндылықтар ғасырлар бойы халық- тәлім тәрбиесінің
өзегінің бірі бола отырып, адамдық келбетін сақтау, дамытуға өзек болды.
Қазіргі кездегі адамгершіліктің, құндылықтың кемуі жаман мінез-
құлықтың өрістеуіне, әділетсіз істер мен қатыгездік сияқты белең алды.
Қазақстан Республикасының Білім беру заңында ұлттық және жалпы
адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыру және дамыту үшін арнайы жағдайлар жасау білім беру
жүйесінің басты міндеті деп көрсетілген. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани-
адамгершіліктер арқылы адамгершілітер арқылы адамгершіліктік сана, сезім,
мінез-құлықтарды тәрбиелеуде адамгершіліктің құндылықтарда орнықтыру әрбір
мектеп нысанасына айналады.
¤ткеннің тәжірибесін адамның төл бойына дарыту озық өнегелі рухани
дәстүрлі жалғастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығының тарихи процесі жүріп
отырады. Бұл процессіз қоғамның өркениетті елдер деңгейіне жетуі мүмкін
емес.
Еліміз зайырлы мемлекет. Зайырлы болу деген дінсіз болу деген сөз емес.
Халықтың дамуында діни негізінде адамгершіліктер қарастырылған. Сондықтан,
адамгершілік бастаулары діни негізде руханилықта дамып, адамгершіліктік
кемелденуіне көмектесіп отырғаны белгілі.
Ежелден Әл-Фараби, Абай, Шоқан, Ыбырай және тағы басқа қазақ
зиялыларының еңбектері адамгершілік мұраттарға толы.
Адамгершілікке қатысты халықтық, діни озық құндылықтарды пайдалана
отырып, ұрпақ тәрбиелеу арасындағы туындаған қайшылықтарды зерттеп отырған
тақырыбымыздың проблемасы болып табылады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды
рухани-адамгершілікке тәрбиелеу деп дипломдық жұмыс тақырыбын алуға негіз
болды.
Зерттеу мақсаты: Рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы кіші мектеп
жасындағы оқушыларды тәрбиелеудің мүмкіндіктерін негіздеу.
Зерттеу обьектісі – кіші мектеп жасындағы оқушыларына адамгерішіліктік
тәрбие беру процесі.
Зерттеу пәні: оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершіліктік құндылықтар
арқылы оқушыларды тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері – халықтық тәлім-тәрбиенің озық дәстүрлері және
адамгершілік туралы педагогикалық, психологиялық еңбектердегі
адамгершілікке қатысты материалдарды талдау;
- қазақ халқының тәлім-тәрбиесіндегі тарихи-әлеуметтік, мәдени
дамуындағы адамгершілік тәрбиесінің алатын орнын, мәнін, қазіргі
кездегі проблемасын, тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау;
- кіші мектеп жасындағы рухани-адамгершілік туралы зерттеулерді
анықтау;
- осы кездегі рухани-адамгершіліктің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін
белгілеу.

Зерттеу болжамы: рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы кіші мектеп
жасындағы оқушылар тәрбиеленсе өзіндік адамгершілік сезім, сана, мінез-
құлқын тиімді әдіс-тәсілдермен тәрбиелесе адамгершілік туралы негізгі
түсініктері тәрбиеленіп, адамгершілік мінез-құлық элементтерін байқауға
болады.

Зерттеу әдістері- педагогика, дін, философия, психология, этика саласы
ғалымдарының адамгершілікке қатысты материалдарын талдау, қазіргі кездегі
адамгершіліктік инновациялық технологияда болып жатқан материалдарды
жинақтау, талдау жасау; педагогикалық – тәжірибе кезінде кіші мектеп
жасындағы оқушылармен адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін
айқындап көру, қорытындылау.
І-бөлім. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке
тәрбиелеу мәселелері.

1. Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі кездегі
мәселелері.
Бала -біздің болашағымыз. Олай болса бүгінгі бала тәрбиесіне бөлініп
отырған қаиқорлығымыз да шексіз. Себебі, еліміздің ертеңі-болашағымазға
салғырт, енжарлықпен қарауға қақымыз жоқ. Еліміздің егемендікке қол жеткізу
бала тәрбиесінің жаңаша дамуына жол ашып отыр. Осы жолда халқымыздың
адамгершілік дәстүрлерін жаңартып көп жалдар бойы халық жадынан тыс қалып
келген рухани құндылықтарды ұрпақ санасына қайта сіңіріп, тәрбиенің барлық
саласында пайдалану –әрбір ұрпақ тәрбиелеушінің басты парызы болса
керекті.
Халқымыз өзінің ұзақ жылдар бойғы тарихында ұрпақ тәрбиесіне ерекше
көңіл бөліп, оны жылдар бойы жақсы істермен толықтырып отырған. Тегінде
бала тәрбиесі үлкен жауыпкершілікті. Жүйелі көңіл бөлуді, мәпелеуді күтімді
талап ететін өзгеше бір әлем.
Ғылымда осы өзгеше тәрбие мәселесімен айналысатын педагогика саласы -
халық педагогикасы мен бала психологиясын зердесінде ұстап, оның
эстетикалық талғамын,ұлттық дәстүрлері мәдениетін зерттеуге арналған
бірден-бір ғылым. Осы педагогика ғылымының халықтық тәлім-тәрбиесінің терең
тамырлы, жан-жақты сусындап, еңбек, дене, ақыл –ой, эстетикалық,
ададмгершілік, әскери, жыныстық тәрбие сынды Барлық салалары арқылы
ұллтық менталитетімізге лайық өмірге икемді, жан-жақ-жықты жетілген,
нарықтық эконмикамиға бейім, парасатты ұлт азаматын тәрбиелеу. Сонымен
қатар, адам бойындағы ешқандай аспаппен өлшеп болмайтын алыс қасиет-
адамгершілік құндылықтар жағын бала бойына сіңіру. Адамгершілік-адамның
қатынас, қарым-қатынасымен көрініс беретін адам өміріндегі, оның ішінде
бала тәрбиесіндегі басты бағыт, қашанда өз құндылығын жоғалтпай,
руханилықпен толығып отырады.
Адамгершілік қанша уақыт өтседе басым бағыттылғын жоғалтпай, көнеден
көш тартып, бүгінгі күнге дейін адамның ой-арман, асыл мұраты пайымдайтын
ізгі қасиеттердің бірі-адамгершілік десек,ертегілер мен эпостық, нейро-
эпостық жырлар, адам жанынан рухпен ізгілік нәрін сепкен Төле би, Қазыбек
би, Әйтеке би сынды бабаларымыздың шешендік сөздері, нақыл өсиеттер
жоғарыда айтқан тұжырымдарымыздың делелсіз еместігін айғақтайды.
Яғни адамгершілік аты моральдық-этикалық категорияның қай қоғамда
болмасын өзекті мәселе болғандығын білеміз. Қазргі біздің қоғамның
ілгерілеу процесінде рухани- адамгершілік тәрбиесінің мәні- қоғамда жаңа
адам тәрбиелеу міндеттерімен тығыз байланысты болып отыр.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі-көп арналы сан қырлы. Ол халықтың тілімен,
әдебиетімен, тарихымен біте қайнасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан
қастерлі мұра. Рухани-адамгершілік тәрбиесі туралы ежелгі ойшылдардың,
ғалымдардың ойлары бүгінгі зерттеулерде де өз жалғасын тауып келеді. Сонау
Шәкәрім, Абай сынды ғұламаларымыздың еңбектерінен бастап, қазақ балалар
әдебиетіндегі әйгілі жазушыларымыз Б. Соқпақбаев, С. Сарғасқаев,
М.Әлімбаев т.б шығармаларында рухани -адамгершілік адамгершілік тақырыбы
әр қырынан көрініс табады.
Адамгершілік тәрбиесінің негізі –адамдарды жалпы адамзаттық мораль
рухында тәрбиелеу, Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген
міндеттері мен қарым – қатынасн айқындайтын мінез-құлқының нормалары мен
ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде адамгершілік ұғымын
білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде
анықтайды.
Адамгершілік құндылықпен адамды тәрбиелеу негізін қайдан іздейміз деген
заңды сұрақ туындайды.
Біріншіден, адамгершілік –адамдар арасындағы қатынастың белгілі бір
щегінің белгіленуі адам қалауымен нақтыланбаған. Ол Аллаћ тарапынан
берілген кітаптарда көрсетілген. Мекмлекеттің зайырлылығы, дінсіз мемлекет
дегенді білдірмесе керек. Сондықтан Құран Кәрім адамгершілік заң ретінде
мойындалып келді. Ислам дініндегі адамгершілік бүкіл тәрбиенің өзегі
болады. ¤йткені, исламиятты зерттеуші ғалымдар исламның үш үкімінің бірі
ретінде, адамгершілікті ахлақ ретінде белгілеп көрсетеді де, оның
міндеттерін ашып көрсетеді. Бұл адамгершілік міндеттер әрбір мұсылманның
міндетті атқаратын борышы болып табылады.
адамгершілік жиынтығы – борыш (Парыз) ретінде орындалады.
Олар:
- адамның Аллаћ алдындағы, Пайғамбар және Құран алдындағы борышы;
-адамның –өзіне қатысты борышы, қоғам алдындағы, ұлты мен отан
алдындағы борышы;
- ата-аналардың балалары алдындағы немесе балалардың ата-аналары
алдындағы борышы;
- жеке адамның жалпы адамзат алдындағы борышы т.с.с.
Адамгершілік борыш идеясы- қазақ халқының ұрпақ тәрбиесінің арқауы
болды және бүкіл тәрбие процесінің саналы, негізгі өзегіне айналуы тиіс.
Олай болса адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз- рухани құндылық пен жақсылық
атаулыға деген сезімді, сана мен мінез-құлықты дамыту, жамандық атаулыға
жол бермеу деген сөз.
Екіншіден қазақстан елінің демократиялық дамуы, халқына еркіндікті
қалауы. Еркінді өз ойына келгенді істеу деген емес. Ой, сөз, әрекет
бостандығы адамзатқа лайықты болғанымен, өзінің жаратылысына сай, тарихи
даму үрдісіндегі тәлім-тәрбиені зерделей отырып, маңызын, мазмұнын жаңа
түлете отырып құру болып табылады. Осы орайда адамгершілік мәселесінің өтіп
кеткен формациядағы сипатына көз жүгіртіп өтейік.
Адамгершілік ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып, жаңа
мазмұн алып отырады. Бізге мәлім, бұрынғы өткен 5 әлеуметтік-экономикалық
формацияларда адамгершіліктің мақсат –міндеттері, мазмұны бірдей болмаған.
Алғашқы қауымдық құрылыскезінде адамгершілік тәрбиесі сол қоғамның
мақсатына сай қарапайым түрде болса, ал өзінен кейінгі өткен құл
иеленушілік, феодалдық, копиталистік қоғамдарда таптық сипатта болады.
Таптық қоғамда әр дәуірдегі үстем таптар шығарған өз моралы өз мінез-
құлық ережелерінің тізбесі болды. Бір мінез-құлық ережелері-қанаушы тап
адамдарына арналса. Екіншісі қаналушы тап адамдарына арналған. Тіпті
Буржуазия елдерінің мектептерінде бұл ережелер ерекше сабақ ретінде
оқытылған. Соған сәйкес құл иеленуші қоғамыда құлдардан тілалғыштық пен
бойұсынушылықты талап етті. Құлдардың жалпы мінез-құлқына деген ережелерін
дін белгіледі. Діни моральдің бұл кодексі құдайдың халққа жіберген өсиеті
ретінде уғыздалды.
Мінез-құлықтағы мұндай ерекшелік феодалистік, капиталистік қоғамда да
сақталып қалды. Ол үстем таптар арқылы насихатталып отырды. Себебі мұндай
ерекшелік олардың еңбекші қауымды құлдық псиологиядан шығармай ұстауына
тиімді болды.
Таптық қоғамның жанашырлары, соның ішінде идиолистік сипаттағы
психология адамда туа біткен адамгершілік туралы бір қатар теорияларды
дамытты. Идиолистік бағыттағы бұл теориялар діне және буржуазиялық
кодекстермен, ескіден мұра болып қалған, қолданылып жүрген тұрмыстық
әдеттермен қабысып, ұштасып, үйлесіп отырды.
Марксизм-ленинизм классиктері адамгершілік теориясын жеке адам және
қоғам туралы ғылымдардын бөліп қарамайды, керісінше оның ажырамас бөлігі
деп есептеледі. Себебі, ол әр кезде философия, социология, психология және
физиология ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Адамгершіліктің пайда болуы
және ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғаш рет шешкен К. Маркс
пен Ф. Энглес болды. К. Маркс пен Ф.Энгльес өздерінің ғылыми еңбектерінде
социялистік қоғам адамына қатысты мынадай адамгершілік сапа қасиеттерін
тәрбиелеуді ұсынады:
- Социолистік отанды шын жүректен сүю:
- Дүние-жүзі еңбекшілеріне туысқандық сезім білдіру:
- Социолистік гуманизм шын мәніндегі коллективизм.
Бұндай көз -қараста адамдарды жалпы адамзаттық рухында тәрбиелеу
ұстанымының негізгі идеясы болды.
Кеңестік тәрбие теориясының негізгі саласы жас ұрпаққа адамгершілік
тәрбиесін беру проблемасы мен ұлы педагогтар Н. К. Крупская, А.С.
Макаренко, В.А. Сухонлинский т.б. шұғылданады.
Н.К. Крупская өз еңбектерінде социолизм орнату ісінде жас ұрпаққа
комунистік адамгершілік рухында кеңес мектептерінің ең негізгі міндеттері
деп санап, адамгершілік тәрбиесінің міндетін, мазмұнын ашып берді онда
кеңес мектебі оқушылардың патриотизм, гуманизм, интернатционализм,
коллективизм, тәртіптілік қоғам мүлкіне ұқыптылық секілді социолистік
мораль қасеттерін тәрбиелеуге тиіс деп есептеді.
Социолистік қоғам тұсында комунистік моральдың 3- түрі болды.
1. ұжымдық мораль.
Баған тән қасиет. бәріміз біріміз үшін біріміз бәріміз үшін деген
қағидаға негізделген ол өзімшілдік, менменшілдік, пайкүнемшілдікпен
үйлеспейді. Мұндай көз –қараста жеке адамдардың мүдделерін жалпы халықтық
коллектившілдік мүдделермен үйлесімді ұштастыруды көздеді.
2. Гуманистік мораль.
Ол адамдар арасындағы шынай адамгершілік қатынастарға негізделген,
яғни: жолдастық, ынтымақтастық, өз ара көмек қатынастарын, ізгілік,
қарапайымдылық, кікшіпейілдік қасиеттерінің жиынтығы болды.
3. Белсенді, қаракетшілдік мораль
Бұл еңбек адамын шығармашылық жаңа жетістіктерге ұжымдастық және бүкіл
елдің өміріне ынта ықыласпен араласуды көздеді.
Социалистік өмір салтында моральдық кодекс-коммунистік адамгершіліктің
негізгі принциптерін тұжырымдап халықты соның негізінде қалыптастыру
саясатын жүргізді. Адамгершілік мәселесі маркстік –лениндік этиканың
негізгі өзегі болды. Этика, - грек сөзі, өнегелі-мінез құлық,
адамгершілікті білдіреді, бұл кезеңде де адамгершілік мәселесіне ерекше мән
беріліп, адамгершілік – адамның өлшемі деп қарастырылды.
Адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, жамарттығымен ардақты.
Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Осыған орай күнделікті өмірде біреге
жақсы адам немесе жаман адам, ақ пейілді немесе қатыгез деген
моральдық баға берілді. Ал моральдық жағынан кіршіксіз таза болу –
адамгершіліктің асқар шыңы деп есептелінді.
Адамгершілікке тәрбиелеу адамгершілік сезім, адамгершілік сана,
адамгершілік мінез-құлықтар арқылы жүргізілді.
Осыған қарамастан адам тәрбиесінде жасандылық, тәрбие өзінен айыру
салдарынан тәрбиеде олқылықтар көбейді.
Міне осындай кезеңде ұрпақ тәрбиелеуде жоғалтқан құндылықты қайта
жаңғырту үрдісі жүрді. Халықтық педагогикадағы адамгершілік мәселесіне
қайта оралу процесі бойында имандылық, инабаттылық, әдептілік қалыптарын
көрсететін терең мәнді ұғым адамдар арасындағы қарым-қатынастарды жүйесін
реттеп отыруға негіз болды.
Қазақ халқының адамгершілік белгілеріне – үлкенді сыйлау, кісілік әдеп
сақтау, жақсы мінезділік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, әрбір
адамның туыстық қатынасына сай әдептіліктері жатады.
‡лкенді сыйлау- адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының әлеуметтік
өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, бала-бақшада,
мектепте, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны
қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Кісілік- өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан адамның
адамгершілік іс-әрекеті мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі қазақ
дәстүрінде мұндай кіслік келбеті бар адамдарды Азамат дейді. Азамат
елінің абыройы үшін қызмет етеді.
Кісілік дәрежеге жеткен адамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап, жастарды
оған үйретуге уғыздауды. Кісілік, азаматтық іс-әрекетімен үлгі-өнеге
болған адамдар қазақ халқында баршылық.
Әдеп сақтау- қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының
тәжірибелік көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды
айғағы.
Халық өмірлік тәжірибесінде ешбір тыйым салусыз –ақ өз қалауынан
адамгершілік мақсат- мүддеге сәйкес әдептілікті, әдеп сақтау жүйесін
қалыптастырған. Осыған байланысты өзінің мұсылман дінінде болуымен
сабақтастыра отырып, адамдар арасындағы әдепті мына, төмендегідей
қарастырады.
- адамның өзіндік әдебі,
- ата-анасы мен әдебі,
- туыстарымен әдебі,
- көршілерімен әдебі,
- достарымен әдебі, жолдастарымен әдебі,
- қоғамдағы әдебі.
Әдеп сақтау- этикет, яғни мінез-құлық пен қарым-қатынастың
қалыптасқан, халықтық ережесі. Әдепті сақтау ұлттық рәсімге, тәртіпке,
ережеге, амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, атап
айтқанда адамгершіліктік борышты өтеу болып табылады.
Қазақ халқындағы адамгершілік туралы негізгі пайдаланған котегорияларға
–ар, ұят, намыс, абырой, жақсы мінез жатады. Ар - жеке адамның кісілік
дәрежесінің белгісі болса; ұят- адамгершілікті сақтай білудің,
имандылықтың жанжүйелік белгісі; ал намыс- адамдық қасиеттерді адамгершілік
мінез құлық пен іс-әрекеттің батылдық және кісілік көрінісі; абырой- намыс
пен ар-ұяттың, игілікті іс-әрекеттің арасында адамның мақсатқа жетуі,
сыйласымға, құрметке ие болуы;
Имандылық – Аллаћтың барлығына, Мұхаммед пайғамбар оның елшісі екеніне
мүлтіксіз сеніп, Аллаћ жолын, пайғамбар ұстанған парыздарды орындау, яғни
адамгершілік биік мақсаттарды сөзсіз атқару, адамдықты асқан кісілкпен
аяқтаудың көрінісі. Сондықтан халқымыз қашанда адамгершілігі жоғары
кісіні- имандыдеп құрметтеді, ал адамгершілік қалыпты бұзған кісіні
имансыз деп атады. Бала тәрбиесінде қазіргі кезде имандылық –
адамгершілік деп діни руханилық сабақтастық негізде қарастыру үрдісі
қалыптасып отыр.
Адам баласының белгілеуімен жасалған адамгершілік бағытпен емес, Аллаћ
тарапынан белгіленген адамгершілік (ахлақтық) мұраттарға мойын сұлып, оны
тануға бет бұра бастауы құптарлық жайт.
Қазақ халық педагогикасында туыстық қарым-қатынастағы әдептілікке көп
көңіл бөлген. Адамдық, байсалдылық, инабаттылық, кішіпейілділік туыстық,
жора- жолдастық қарым-қатынаста пайдалынылатын шарттар.
Адамдық – туыстарға, жора-жолдасқа, шыншыл, ақ ниетті, ақ көңілді болу;

Байсалдылық- жеке адамның көңілін бағып, сабырлық жасау;
Инабаттылық- кім болсада оған қамқорлық ету;
Ізеттілік- әркімге де ізет көрсетіп, оны құрметтей білу;
Кішіпейілділік – кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету дәстүрі, жақсылыққа
тасымай, кездейсоқ жасымай, көпшіл, яғни парасатты болу.
Адамгершілік тәрбиесінің негізі.
1. Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті- әрбір адам баласы өзі
өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат
міндеттеріне, адамгершілік қасиеттерідің тұтастығына сай
тәрбиелеуді қамтамасыз ету.
2. Адамгершілік сананы, сенімді, көзқарасты тәрбиелеу.
3. Жас ұрпақты Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз-өзіне деген
адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, дамыту.
4. Ізгілік парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.
Ал рухани-адамгершілік дегеніміз – рухани жағымды мінез-құлқтың
нормалары мен ережелер жиынтығы. Мінез деп адамның жеке басындағы
қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне
және қоршаған өмірге қарым-қатынасын айқындайтын күрделі процесті айтамыз.
Ислам дiнiнiң иман негiздерi мен шарттары жеке тұлғаның қалыптасуына
берер әсерi мол. Бiр ұлттың немесе нәсiлдiң басқаларға үстемдiгiн
қабылдамайды, Аллаһ Тағала жаратқан адамдардың бәрiн бiрдей көредi.
Үстемдiктi тек моральдiк, рухани, ахлақи сапаларда iздейдi, яғни таза адам,
адал адам, тақуалықты берiк ұстайтын адамның ғана жартушының алдында
дәрежесi жоғары болмақ.
Ислам дiнi таптырмас рухани азық болып табылады. Рухы бай адам әрқашан
биiкте тұрады. Рухы аш адамның адамгершiлiк қасиетi де төмен болады.
Тарихта рухани азыққа мән бермеген жеке тұлға болсын, тiптi қоғам болсын
азғындыққа ұшырап, болмашы нәрселердiң артына түсiп, езiлiп-жаншылып
отырған. Ондай тұлғалар ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында кетiп,
өмiрдегi өз орнын жоғалтып отырған. Рухани дүниесi бай адамдар тарихқа өз
аттарын алтын әрiптермен жазып, ұрпаққа өшпес iз қалдырған. Қазақта рухани
азықтың көзiн дiннен iздеп, еңбектерiнде жазып келген ақын-жазушыларымыз
кенде емес. Кезiнде аталарымыз, рухани азықтың негiзi болып саналатын дiн
үшiн кез-келген қиындыққа бас тiккен. Оның айғағы ретiнде қоғам қайраткерi
Мұхаммеджан Тынышбаевтың Ресей империясының министрлер кеңесiнiң төрағасына
жазған хатында ең алдымен дiнге байланысты мәселенi қозғағандығын көрсете
аламыз. Сол хатта: Әрбiр шенеулiк бiздiң дiнiмiздiң iшкi iсiне араласуды
парыз деп санайды, мешiттер мен мiнәжат орындары жабылады, Құран мен
дiнiмiз қорланады. Бiздiң балаларымыз оқитын мектептердегi өз дiнiмiздi
оқытуға салынған тиым, әкiмшiлiктердiң бiздiң ел арасында христиандықты
уағыздап жүрген миссионерлерге деген қарқындығын талап етушiлердiң қуғынға
ұшырап, түрмеге қамалуы-осының бәрi қазақ даласында орын алған заңсыздықтар
мен зорлық-зомбылықтардың бiрер мысалы ғана.
-Дiни-рухани мәселелер бойынша қазақтарға толық бостандық берiлуi
тиiс:
-Мешiттер, медреселер және өзге мiнәжат орындары орыс басшылығының
қандай да бiр ұрықсатынсыз салынуы тиiс;
-Қазақ, араб және татар тiлдерiндегi кiтаптарға салынған цензура
жойылуы тиiс; деп дiнге көресетiлген қыспаққа қарсы бас көтерген.
Адамгершілік адамдардың бірбірімен қарым-қатынасына қажетті өлшемдер
жүйесі. Қажеттілк- белгілі бір жағдайда адамның дамуын қамтамасыз ететін
обекьтивтік мұқтждығы. Адам баласы өзінің жоғары саналығының арқасында өз
қажеттігін сыртқы өмір жағдайына, қоғамның талаптарына байланысты имандылық-
адамгершілік негізінде қанағаттандырады. Адамның рухани-мәдени қажеттілік
негізінің жасалу негізінде рухани- адамгершілік даму процесі жетіле түседі
деп сенеміз.
Қажеттілік – адамның ой әрекетін оятатын негізгі күш. Ой психикалық
әрекеттің бір жағы, ол адамның қажеттілік қанағаттандыру құралын іздеп
табуды қамтамасыз етеді. Адамның материалдық, рухани-мәдени қоғамдық
қажеттіліктерінде моральдық қажеттілік адамның адами келбетін үнемі
жадында сақтауымен жаман мінез-құлықтан, нашар әдеттен құтқарады.
Адамгершілік қажеттілік адам баласының адамгершілік қатынас пен қарым-
қатынасты сақтауы үшін қажеттігін кіші мектеп жасындағы балаларға түсіндіру
шарт. Барлық қажетсінулер жеке бастың дамуының қайнар көзі.
Қажеттілік түрлерін қанағаттандыруда адам- аш көздік, нысапсыздық,
бәсекелестік, тапшы заттарды жинауға ұмтылу. Мұның бәрі фәни дүние
қызығушылығы. Мұның барлығы Аллаћ тарапынан берілген сынақ екенін ескереіп
және адам өзінің адам ретінде өмірге келу мәні мен мақсатын түсінуде
өзінің ең парасатты жаралған иесі екендігіне байланысты адамдық қалыпты
сақтаумен өмір сүру керек. Ол үшін адами қасиеттерді дамытып жетілдіріп
отыруы тиіс.
Рухани жағынан дұрыс дамыған адам өз қажетін саналы қанағаттандырады.
Дүние мүлікке табыну, бағалы бұйым, жақсы затты қуалау өмірдің талабы деп
түсіну, оны бүкіл өмірдің мазмұнына мәніне айналдыру- ұшқарылық. Бұл
адамды адамгершілік жағынан дамытудың орнына топастандыра түседі, Сондықтан
адам өзіне керекті саналылықпен түсініп, шешуі тиіс,

2. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке
тәрбиелеудің теориялық және діни тұрғыда қарастрылуы.
Қазақтың Баланы жастан деген мақалында терең тәлім-тәрбиелік мағына
жатыр. Ол баланың бойында жастайынан жақсы әдет қалыптастыру, қабілеттері
мен мүмкіндіктерін жастайынан дамыту, мінез-құлқын жастайынан қалыптастыру
сияқты көптеген тәрбие түрлерінен құралады. Халық бала тәрбиесіне қоғамдық
мән беріп, көп көңіл бөлген. Сондықтан да: Бала тәрбиесі басынан, еңбекке
баулу жасынан,-дейді.
Ешқандай да әке баласына сыйлық жасай алмайды. Әкенің бұл өмірде
баласына сыйлайтын сыйлықтарының ішіндегі ең қымбатты және ең баға жетпес
асылы-көркем әдепті тәрбие делінген Мұхаммед Пайғамбар хадисінде. Ата-
аналар жауапкершіліктің адамы дейтініміз содан.
Ал, ұлы ақын Абай көзқарасындағы алтын діңгек- адам тәрбиесі. Жас
ұрпаққа айтары аз болмаған кемеңгердің шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуде
теңдесі жоқ туындылар. Жүсіп Баласағұн: Егер балаларың туса, өз үйнде
тәрбиелеп өсір, шетке жіберме-дейді. Ал, халықта балаңды өз тәрбиеңмен
тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле деген мақал бар. Сан ғасырлар
бойы халықтың өзімен бірге жасасып бірге өмір сүріп келе жатқан ұрпақтан-
ұрпаққа мұра болып өмір сынынан екшелеп сыналып еленіп електен өтіп,
бүгінгі күнге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тиымдарды
адамгершілік тәрбиесінде пайдалану үшін өткен тарихи дәуірлердегі халық
педагогикасына сүйенген дұрыс.
Халық педагогикасы дегеніміз-тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы
қалыптасқан педагогикалық білім тәрбие тәжірибесінің жиынтығы.
Тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып шынайы
адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен. Адамгершілік кім
де болса, соны ер деп есепте- деген А. Жүгінеки. Қ.А. Яссауи хикметтерінде
де адамгершілікке тәрбиелеу көптен жырланады.Сонымен қатар халық тәрбиенің
үлгілерін әр халықтың бай тәжірибесіне негізделген ауыз әдебиетінде
қарастыру керек екеніне көңіл бөлді. М.Әуезов: Біз ауыз әдебиетін зерттей
отырып, халық санасындығы отаншылдық сезімді халық ұғымындағы адамгершілік
гуманизмді, өткендегі өмірін, аңсау арманын, әдет-ғұрпын, халықтың
коллективтік тәрбиесінің жемісін көреміз, -деп ауыз әдебиетінің тәрбиелік
мәнін ашып берген. Сонымен қатар мені тәрбиелеп өсірген үш анам болды.
Оның біріншісі- қазақ халқының ауыз әдебиеті,-деп жазады.
Ана – балаға жастық, ал әке-көрпе. Бұл ұрпақтың тәрбиесіндегі бар
ауыртпалық ата-ананың ғұмыр бойы мойнында деген сөз. ұсынған тәрбиенің
дұрыс-бұрыстығын үздіксіз тексеріп отыру да үлкендер парызы.
Тәрбие-жалпыға ортақ қасиет. Адамзат баласының ортаға қалыптасуына,
өзін-өзі реттеуіне рухани жан дүниесінің өсуіне тікелей ықпал ететін, кең
мағынада қолданылатын рухани байытушы және жаңартушы. Сондықтан да атақты
грек философы Аристотель мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене ақыл-
ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасының тәрбиесімен
сабақтасып көрсеткен болатын баланың ата-анасы алдында ешбір міндетсіз,
еркін, толыққанды болып өсуі тәрбиенің дұрыс берілуімен тығыз байланысты.
Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық адамгершілік ізгілік
мәселелерін қатар қоя отырып сана –сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына
ықпал ету, шығармашылық қабылетін ашу, өзін-өзі тануына, өзіндік менін
оятуға бағдар беру, адам болып қалыптасуына жол ашу, жақсы мен жаманды
айыра білуге төселдіру, талап талғамы терең, салауатты өмір-салтын дұрыс
қалыптастырған тұлға ретінде қарап, жаман әдетпен теріс қылықтардан
тазартып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай саналы, серегек етіп
тәрбелеу тәрбие орындарының бірден-бір парызы. ¤йткені, ес түзелмей, ел
түзелмейді деген қағиданың астарында терең сырдың жатқаны баршаға аян.
Олай болса тәрбие отбасынан басталатынын ескере отырып оқу-тәрбие
орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен айналасу көпшіліктің бәріне ортақ
тікелей міндеті дер едім.
Адамгершілік тәрбиесі- тәлім –тәрбиенің ықпалды әсері мен моральдық
сананы қалыптастыруды, этикалық, біліктілікті, адамгершілікті сезімді
дамытудың сара жолы.
В.В. Макаев адамгершілік тәрбиесінің мынадай, бөліктерін қарастырады.
1. Адамгершілік түсініктерді, ұғымдарды, идеяларды қалыптастыру;
2. Адамгершілік сезімді дамыту;
3. Адамгершілік сенімді дамыту;
4. Адамгершілік мінез-құлық дағдылармен әдеттерді қалыптастыру;
5. ¤зін-өзі адамгершілігін реттеу мен тәрбиелеу;
6. Жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін
қалыптастыру.
Адамгершілікке тәрбиелеудің нәтижелі болуы мұғалімнің даярлық деңгейіне,
руханилығы мен іс-әрекеттерді мына, төмендегідей шарттарды орындауына
байланысты:
1. Оқушының жас ерекшелігін , қызығушылығын ескеру.
2. Іс-әрекеттің өзіне және қоғамға пайдалы болуын ескеру,
ынтымақтастыққа мән беру;
3. Белгілі нәтижеге жету. ұжымдағы белгіленген тәртіп ережелерін
орындау мен көңіл күйіне байланысты екенін ескеру;
4. Оқушылардың бір-біріне деген қамқорлық жасауы;
Е.С. Богданова, Н.А. Камровтар оқушылардың адамгершілік деңгейін
адамгершілік сезім, сана, мінез-құлық деңгейінде қарастырады.
1. Адамгершілік тәрбиенің бастауы баланың алуан түрлі тәжірибелік іс-
әрекеттерінің барлығына енгізілуі керек. Сонымен қатар сезімдік-
эмоциональдық және рухани- интеллектуальдық жағын қамтыған жөн;
2. Адамгершілік тәрбиеде- адамгершілік мінез-құлық, сезімдер мен
түсініктерді тәрбиелеу;
3. Адамгершілік тәрбиенің түп қазығы балалардың бір-біріне қарым-
қатынасын мақсатты түрде қалыптастыру;
4. Тәрбие баланың адамгершілік мінез-құлық нормаларына сәйкес балалар
ұжымында өздігінен шешім қабылдау мүмкіндігіне ие бола алатындай
дәрежеде құрылу керек.
5. Жеке тұлғаның адамгершілік дербестігі кең түрдегі қарым-қатынас
арқылы қалыптасады. Тәрбие оқушылардың өз мінез-құлқының
адамгершілік жақтарын саналы түсінуін қамтамасыз етеді.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың нақты жас ерекшелігіне қойылатын
талаптардың көлемі, мазмұны , тізбегі жөніндегі түсінік негізінде
анықталады.
Педагог адамгершілік тәрбиесінде мынадай жолдарды ескереді.
1. Балалар мінез құлқының шеңберін белгілеу;
2. Баланы анықтап біле отырып, бағыттау.
3. Баланың шындыққа деген сенімін туғызу;
4. Баланы тыңдау, мақұлдау.
5. Балаға өсиет айту, жіберген қателерін көрсету, оларды түзету.
6. ¤тірік – жалғандықты пайымдау, үйрету;
7. Діни тұрғыдан адамгершілік міндеттерді борыштылығы туралы сенімін
туғызу.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік сезімін қалыптастырудың
маңызы зор. Сезіміне әсер ете отырып ішкі жан дүниесін ояту. Оларға
адамгершілік қағидаттарының мазмұны мен мәнін түсіндіру қажет.

Адам бойындағы адамгершілік қасиеттер мен надандық

қасиеттер.
1 Адамгершілік қасиеттер. 2. Надандық қасиеттер.
1) Әділетті болу 1) Алдау
2) Кешірімшіл болу 2) Өсек тасу
3) Жомарттық 3) Жала жабу
4) Еңбекқорлық 4) Мазақтау
5) Кеңпейілділік 5) Міндетсіну
6) Шыншылдық 6) Ғайбат айту
7) Уәдеде тұру 7) Ысырап
8) Мейірімді болу 8) Сараңдық
9) Нәпсіге ие болу. 9) Тәкәппарлық
10) Сабырлылық. 10) Екіжүзділік
11) Ықыласты болу. 11) Лақап ат тағу
12) Қайырымды болу 12) Көре алмаушылық
13) Жұмсақ мінезді болу 13) Хақсыздық ету
14) Ар-намысты болу 14) Пара алу т.б.

Осы мінез–құлықтардың кейбіріне тоқталып өтер болсақ мынадай:
-Кешірімшіл болу : Бұл қасиет адамның жылы шырайлы әрекетін , беделін
, абыройын өсіреді. Кешірімшіл болған адамға біреу қастандық , зұлымдық
жасаса ешқашан өш алмайды. Демек қолымыздан келгенше айналамыздағы
адамдарды кешіре білуіміз қажет. Дана қазақ атамыз : Тас пен ұрғанды ас
пен ұр- деп бекер айтпаса керек. Сондықтанда кешіре білу адам бойындағы
таптырмас қасиеттердің бірі.
-Жомарттық : Жомарт болу адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі.
Жарлыға , жәрдемге мұқтаж кісілерге ешқандай пайда күтпестен қолдан
келгенше көмек беруді нағыз жомарттық деп айта аламыз. Жомарт болған кісі
қоғамда беделі үстем болып , әркім оны құрметтейтін болады. Мұндай кісінің
екі дүние бақытына жетуі күмәнсіз.
-Кеңпейілділік : Кеңпейіл болу жомарттықтан да ұлы қасиет болып
табылады. Кеңпейілділіктің белгісі – адам өзіне керек болып тұрған немесе
өзі мұқтаж бола тұра өзін емес өзгенің қамын ойлап , жарлы немесе қандайда
бір көмекке мұқтаж кісі келгенде ішіп отырған асын жерге қойып , қашан оның
қажеттілігін қамтамасыз етпейінше көңілі орнықпайтын жандар қатарын
ұсынуымызға болады. -Бауырмашылдық : Жер бетіне
жіберілген ең соңғы дін – ИСЛАМ, әлемдік деңгейдегі бауырластыққа
шақырады. Біз айтқалы жатқан бауырластық нәсіл , ру , ұлт , әулет туыстығы
емес, иман туыстығы. Дініміздің жария еткен бұл бауырластық ережесін
Мадиналық Ансарлар мен Меккелік Мұхажирлер арасында Пайғамбарымыз ( с.а.у.)
жүзеге асырған-тын. Сонымен қатар қазіргі таңда осы сияқты сипатқа ие
болған адамның қоғамдағы алатын орны зор.
-Қонақжайлылық : Бір кісі үиіне келген қонағын жылы шыраймен ,
күлімсіреген жүзбен күтіп алып , оның затын өз затындай етіп сақтауы
қонақжайлылықтың ең үлкен нышаны. Бұл қасиет әрі дініміз үшін , әрі
дәстүріміз үшін ең маңызды қасиет. Қазақта : Қонақ асыңа емес , қабақ-
қасыңа риза дегендей , қонақты қолдан келгенше бар жағдайын жасап , риза
етіп жіберу қанымызға сіңген қасиеттердің бірі болып табылады.
-Ықыласты болу : Ықылас , адам жүрегінің рухани байлығынан туындпйтын
іс-әрекет болып саналады. Бұл әрекет адамның істеген ісінің қабыл болуына ,
ниетінің түзу , сенімінің берік екендігіне айғақ болатын амал. Негізінен
ықылас жүрек тазалығынан туындайды. Бұған мысал ретінде: Ы.Алтынсарин

... оқығанды балалар,
ықыласпен тоқылық
деген өлең - шумағында қандайда бір оқушы немесе талапкерге зейінді,
ізденімпаз болуға шақырады.
Ал , енді адам бойындағы жаман қасиеттерге тоқталып өтсек :
-Мазақтау мен лақап ат тағу : Бір кісіні мазақтап , соның нәтижесінде
көңіл көтеру – ең жаман қасиет.Біреуді мазақтап , күліп , бұл ісін мақтаныш
етушілер көбінесе сауатсыз , надан , мәдениетсіз адамдар болады.Тек сөзбен
мазақтау емес,бір жерге жазып,іс-әрекетін салып,келеке ету де осы түрдегі
жаман қасиеттерден саналады.
-Міндетсіну : Ислам дінінің тыйым салған жаман қасиеттің біреуі –
жасаған жақсылығын міндетсіну. Жақсылықты міндетсіну , жасаған амалдың
сауабын жойып , керісінше күнә табу деген сөз. Жасаған жақсылықты
міндетсіну , ондай істің жасалғанынан жасалмағаны әлде қайда артық болары
хақ.Мұсылман кісі нәпсісіне құл болмай , керісінше өз нәпсін құл ете алса ,
нендей бақыт ! Нендей қуаныш еді !
-Өсек тасу : Қоғам тыныштығын бұзатын жаман , жат мінездің бірі өсек
тасу. Өсек тасуда ер кісі мен әйел кісі арасында ешқандай айырма жоқ. Өсек
тасушы пенде екі кісінің немесе топтыңбір – біріне қапа болуымен ,
өштесуіне себеп болатындығын алғашқыда аңғармай қалып , кейіннен айтқан
сөзінің есірі тиген соң барып өкінуі мүмкін. Мұны дініміз ИСЛАМ да
қабылдамайды. Өйткені мұндай әдеп теріс келумен қатар қабір азабына әкеліп
соғады.
-Араздасу : Мұсылман кісіболмайтын нәрсе үшін дін бауырына үш күннен
артық араз болмауы тиіс. Адам болған соң әр түрлі жағдайлар болып жатады.
Қазақта Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады - дегендей араздасып ,
көрген кезде сәлем бермей , сөйлемей өте шығу күнделікті өмірімізде
кездестіріп жатқан жайттардың бірі. Мұндай жағдайда екеуінің қайсысы
бірінші болып кешірім сұраса сол кайырымды іс істеген болып
саналады.Сонымен қатар айтарлықтай дәрежеге ие болады.
Әрбір кісі бүкіл өмірін адамдармен бірге өткізеді. Әлемда жалғыз бас
үшін өмір сүрген адам жоқ. Осылай бірге өмір сүру тәртібі табиғат
заңдылығы. Сондықтан , адамдар бірге өмір сүретіндіктен өз араларында
әлеуметтік қатынас құруы тиіс. Ахлақ осындай қатынастарды ретке келтіреді.
Айналамыздағы адамдарға назар салатын болсақ әркімнің мінезі әр түрлі
екендігін байқаймыз. Кейбір адамдар туа біткеннен жақсы мінезді болса , ал
кейбіреулер жаман кейіпте көбінесе зұлымдық жасап , жамандық істеумен
болады. Осы аталмыш екі кейіптегі адамдардан басқа да мынандай үшінші
топтағы адамдарды кездестіреміз. Бұлар - жазадан қорқып, бақылаудың күшімен
жүргендер. Мұндай адамдар көзден таса болысымен өзгелерге зұлымдық,
қастандық етуден таянбайтын болады.
Адам баласы жаратылыс бойынша менменшіл (егоист) келеді. Жеке басының
қамы үшін өзгелердің ақысын жеуден тайынбайды. Сондықтан әлеуметтік өмірдің
бір қалыпты өтуі үшін деке тұлғалардың шексіз қалауларын тежейтін,
менменшілдікті белгілі бір деңгейде ұстайтын рухани құндылыққа өте мұқтаж.
Міне осы рухани құндылықтар дін мен ахлақи қағидалардан тұрады. Бұл
қағидалар адамға үйретілгеннен кейін , оның жамандық істеуіне кедергі
болады.
Адамдардың бірге өмір сүруі белгілі бір қоғамды құрайтындығы рас.
Делік осы қоғамда бір адамның бойында әдептілік нышаны болса , ол толығымен
қоғамға ықпалын тигізеді. Ахлақ ілімінің мақсаты – жеке тұлғамен қатар
қоғамды қуанышқа кенелту болғандықтан , жеке кісілердің әдепті, парасатты
болуы қоғамның әдептілігін білдіреді. ИСЛАМ дінінің ахлақи негіздері мен
заңдылықтары қоғамды қарастыратын ерекшеліктерге толы. Мысалы, жетім –
жесірлерге, жарлыларға көмек көрсету , басқаларға зұлымдық жасамау секілді
әмір мен тыйымдар адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсартып,
ретке келтіреді. Әдептілік пен имандылықты меңгерген қоғамдардан ахлақтың
төмендегідей әсер алғандығын байқауға болады:
1. Иманды қоғамдарда бірлік, ынтымақ болады. Өз араларында мейірімді,
бір-біріне жанашыр болса, ондай жандардан тәртіпсіздік пен дұшпандықты
кездестіре алмайсың.
2. Әркім өзіне тиісті міндетін біліп, халық еңбекқор болып, ырысын да
ысырап етпейді. Бір-біріне көмектесіп, қоғамның күшті, мықты , бақытты
болуына себепші болады.
3. Жанұядан басталған әдептілік тәрбиесі қоғам ішінде орныққаннан
кейін сүйіспеншілік пен құрмет орнығады да адамдар заң мен ережелерге
бағынуды міндет деп есептейді. Әрине мұндай қоғамда тәртіп орнары анық.
4. Мұндай қоғамда хақсыздық етілмей, әділетсіздікке бұғау салады.
Сөйтіп, жеке тұлға сияқты қоғам да толығымен діндар болып шығады. Нәтижеде
қоғамда тыныштық орнап, әрбір қоғам мүшесі өзіне тән жауапкершілік сезімін
мойнына алады.
Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі Ислам дінінің қолданылатын әдіс-
тәсілдеріне тоқталып өтейік. Әдісің болмаса, мақсатыңа жете алмайсың. Хз.
Пайғамбар Ұлы Аллаһ Тағала тарапынан ең көркем түрде тәрбие етіліп ...Ұлы
мінезге иесің (Қалам 684) деген құрметке ие болған.
Хз. Пайғамбар мінез құлқының көркемділігі, жұмсақ жүректілігі,
сөздерінің нақтылығы, әдісінің тартымдылығы, ескертулеріндегі жұмсақтығы,
сабырлық пен парасаттылығы, көзі ашық, көкірегі ояу болуы, ұшқыр ойлы,
адамдар арасындағы қарым-қатынасы, сүйіспеншілігімен теңі жоқ мұғалім әрі
тәрбиеші болып есептеледі.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолынан келгенше барлық жерде бар ынтасымен
жақсылықты уағыздап, ұстаздықтан жалықпаған. Сахабалардан қажетті
білімдерді үйренулерін талаб ететін. Оларға барынша мейірімділік
көрсететін. Адамды еш уақытта жалықтырмай, тығырыққа тіремей жеңіл әрі оңай
жолды ұстанатын. Аллаһ Тағала Құранды бұл жайтты былай баяндайды:
Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған,
қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндреге өте жұмсақ, ерекше
мейірімді. (Тәубе 9128)
Хз. Пайғамбардың сахабаларына тәлім тәрбие бергенде жиі қолданатын
әдісі сұхбаттасу болатын. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тәрбиесін көрген
сахабалар, сұхбаттар арқылы қол жетпес мәртебелерге жеткен. Каб бин Зуһәир
(р.а.) мұсылман болу үшін мешітке келгенде Хз. Пайғамбардың сахабаларды
қалай тәрбиелегенін көріп, Пайғамбарымыз (с.а.у.) топ-топ болып отырған
сахабалар арасында сұхбаттасып отыратын, деген. (Хаким, ІІІ, 671) Бұл Хз.
Пайғамбардың өмір бойы қолданған тәрбиелеу әдісі.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сұхбаттарының ерекшелігі соншалық ол дәуірді
тарихта Бақыт ғасыры деп атаған. Сахабалардың Исламға дейінгі рухани
ахуалы адам айтса нанғысыз болған. Бірақ иман нұрына бөлену арқылы Хз.
Пайғамбардың тәлім тәрбиесімен көңілдері жай тауып, бақытқа кенелген.
Жүректегі шынайы махаббат, өзге адамдарға әсер етіп, артына өшпестей із
қалдырған. Надандық дәуірінде бауыр еті перзентін тірідей топыраққа көмген
тас жүрек, қатыгез адамның орнына мейірбан, жүректері аппақ ұлпа мақтадай
сахабалар ортаға шықты. Сахаба мен Сұхбат сөздерінің түбірі бір, бір-
біріне байланысты сөздер болып табылады.
Хз. Пайғамбар адамдарға тәлім-тәрбие беріп бір нәрсе үйреткенде
пайдалы, әсерлі әрі мәселенінің мән жайын айқындап беретін әдістерді
қолданған.
Ал енді осы әдіс-тәсілдерді Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінен ала
отырып, түсіндіруге тырысамыз.
1. Алдымен өзі орындап көрсетуі
2. Оңайдан қиынға қарай.
3. Жалықтырмай орта жолды ұстану
4. Жақсылық жасап, сый сияпат беруі
5. Адамдарға деген құрметі
6. Мәселенің мәнін өте ұтымды түрде шешуі
7. Мейірім мен сүйіспеншілік көрсетуі.
8. Қабілетін ашып, дамытуы
9. Сұрақ-жауап әдісін қолдануы
9. Теңеу, салыстыру және мысалдар келтіру
10. Түсіндіргенде жест пен мимиктеді қолдануы
11. Мәселені түсіндіру үшін сызба сызуы.
12. Айтылған мәселелердің маңыздылығына көңіл аудартуы
13. Насихат айтуы мен қыссалар баяндауы
14. Тарғиб пен Тарһибті бірге қолдануы
(тарғиб, адамды бір нәрсені істеуге немесе бір нәрсеге жетуге
ынталандыру және қызықтыру дегенге келеді. Тарһиб болса мұның керісіншесі,
бір нәрседен сақтандыру және жеркенішті жағдайдан қорқыту деген мағынаны
білдіреді. Тарғиб һәм тарһибтың адам баласының бойындағы жаман қасиеттерді
жойып, жақсылыққа қарай бағыттаудағы ролі ерек.)
Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу жайында ғалымдар былай дейді:
Имам Ағзам (ө.150) Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені
білуді білдіреді[1] деген. Ал Маверди бұл жайында былай деген: Тәрбие
тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік,
ұрпағы құруға айналғандарды, Аллаһ Тағала тәрбие арқылы көркемдейді[2].
Зернуси: Білім, зейінді алатын нәрсе Тәрбие болса, білім мен үкім беру
жүйелерін үйретеді деген. Ибни Сина Тәрбиеге қандай да бір нәрсені,
әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау деп анықтама берген.
Атақты тәпсірші, Бейзауи болса, тәрбиені, Бір нәрсені бірте-бірте дамыта
отырып, кемелдікке жеткізу деп түсіндірген[3].

Ал Ислами тәрбие, Ислами қағидаларға лайық түрде адам пікірінің дамуы,
іс-әрекеті мен мінездің кемелденуі, сондай-ақ, дүние мен ақыретте бақытқа
жететін нағыз адамды тәрбиелеу өнері деп айтылады[4].
Яғни ерекшелігі жақсы, кемел адам өсіріп, жастарды өмірге және
болашаққа көңіл бөлгізуінде жатыр. Сондай-ақ өмірде кездесетін кез-келген
қиыншылыққа мойымай, оның ыстық-суығына төзе білуге де шақырады. Өмірді тек
қана қуаныш еместігін ашып көрсетеді. Сөзіміз түсінікті болу үшін Төлеген
Айбергенов ағамыздың мына өлең жолдарын айтып өтейік:

Өмір үлкен домбыра деп білем мен,
Егіз туған екі шектен тұратын.
Бірі қайғы қабағында түнерген,
Бірі шаттық әлдилеген мұратын.

Бұл екеуі жұп жазбайды әуелден,
Қосып тартсаң күй қалады құлақта.
Жаңыласың кеудеңдегі әуенен,
Сыңар шекпен тартам десең бірақ-та.
Міне өмірдің жалпы сипытан ашып түсіндірген. Ислам діні осыны негізге
ала отырып, жастарды әдептілікке, төзімділікке, ибалыққа осы сияқты толып
жаттқан адамдық қасиеттерге шақырып, өмір күресінде жеңілмеуге үндейді.
Қоғамның бақыты және тұлғаның бақытына байланысты. Тұлға, дене мен
рухтан құралатындықтан, екеуінің де белгілі бір мөлшерде азықтануға
мұқтаждық бар. Екеуін тепе-тең ұстап дүние мен ақырет бақытын ойлағанда
ғана нағыз бақытқа жетуіне болады[5]. Ал егер қоғамды құратын және тұлға
бақытсыз болса, онда қоғамның бақытты болуы мүмкін емес. Ондай жағдайда
қулық-сұмдық, алдау мен арбау жайлап, жеке тұлға ғана емес, қоғамда жаппай
құлайды. Ислам, осындай келеңсіз жайттарға тосқауыл болады.
Ислам діні жеке тұлғаның түзелуі арқылы қоғам ғана емес, тіпті дүниенің
түзелетіндігін негізге ала отырып, жеке адамның жан-жақты дамуына ерекше
көңіл бөледі.
Ислами тәрбиенің мақсаттарының тағы бір жағы, тепе-теңдікке мән беретін
адамдар тәрбиелеу болып табылады. Теңсіздік пен бір жақтылықтан, олқылықтың
туындары толассыз. Сондықтан да Ислам тепе-теңдікке орта нысанадан
айырылмауды көздейді. Адам әрбір ағзасы өз алдын жаратылыс болғанымен бір-
бірімен тығыз байланыста.
Мысалға: қол, өз алдына әрекет етеді, алады, қояды, жазады. Бірақ өзге
мүшелермен байланысы міндетті түрде болады. Өйткені, қол сіңір, жүйке
сүйектер арқылы бір тұтас секілді. Егер қолды денеден бөліп алар болсақ, ол
өзіндік ерекшелігін жоғалтады.
Исламда адам ағзаларының қызметі мен ерекшеліктері көрсетіліп қоймай,
оның әдебін де шет қалдырмаған. Мәселен: Өсек – аяңның жеркеніштілігі мен
ішіп-жеудің әдебі сияқты. Міне Ислам, адамның рухани әрі тәндік жағын да
езжей-тегжейлі қарастырған. Дене аспап болса, мүшелері шектері болып
табылады. Іс-әрекеттер арқылы денеден күй, ән шығады. Ал әрбір ағза өз
алдына шырқар болса, барлығынан мән кетеді. Сондықтан іс-қимылмен
қозғалысқа аса маңыз аударылады.
Батыс мәдениетінің мақсаты, жақсы адамды өсіру[6]. Негіздері адамдық
тәрбиеге сүйенетін көптеген қоғамдар осы көзқарасты қуаттайды. Бірақ
әдістемелері бір-біріне ұқсамайды. Әр елдің өздеріне тән, ұнатқан
нәрселеріне қарай әрекет етеді.
Ал Ислам болса мұндай тар қапастың ішінде қалмайды. Мақсатын тек қана
жақсы адамзат тәрбиелеуге сүйемейді. Ол өте ауқымдылықты қамтиды.
Соньдықтан да Ислам кемел адам тәрбиелеуді көздейді. Өйткені, ол өзінің
қасиеттерін тану арқылы Раббысын таниды. Ол өзін бір ғана мемлекетпен
шектемей, кез-келген аймақта нағыз адам болу жолын іздейді.
Дүние мен ақыретте адамды періштеден де жоғары дәрежеге көтеріп, қолына
бақыт кілтін ұстататын білім мен әдеп[7]. Демек тәрбиенің мақсаты адамды
дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу болып табылады. Білімнің мақсаты,
ақыреттегі бақыт болғандықтан тәрбиенің мақсаты да адамды мәңгілік бақытқа
жеткізу.
Ислам діні адамның бұл дүние мен о дүниенің ісімен айналысуын қалап, о
дүниенің жемісіне бұл дүние арқылы жететіндігін баяндаған. Сондықтан да
Ислам тәрбиесі екі дүниені де көздейді. Ислам дінінің мақсаты, адамзат
баласын дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу болғандықтан, Ислам тәрбиесінің
мақсаты, осы мақсатқа жеткзу болып табылады.
Ислами тәрбие, адамдарды үнемі Аллаһпен бірге болуға шақырып, оның
әмірлерін орындауда өте мұхтият болу керектігін айтады.
Атақты Ислам философы Мұхаммед Икбал: өміріміз бен тәрбиеміздің басты
мақсаты Ислам болу керек. Біліміміз дінге сүйенбейтін болса, оның түкке де
пайдасы жоқ. Мұсылманның міндеті, білімді Ислам негізінде қарастыруы керек.
Сонда ғана білімнің жаны рухы кіреді деу арқылы Ислами түсінік екендігін
көрсетіп отыр[8].
Құран осы мақсатты былайша түсіндіріп береді:
Ол сондай Аллаһ, сауатсыздардың ішіне өздерінен, оларға Аллаһтың
аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға: Кітап, даналық
үйрететін бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани адамгершілік білім беру және тәрбие негіздері
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Еңбек тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Халық ауыз әдебиеті - эстетикалық тәрбие беру көзі
Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Бастауыш оқушыларының оқу барысындағы адамгершілік тәрбиесінің психологиялық педагогикалық негізі
Пәндер