Банктің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен тәуекелдер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН
МАҢЫЗЫДЫЛЫҚТАРЫ ... ... ... ...6
1.1 Банктің инвестициялық операцияларының теориялық негіздері және оларды
классификациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Инвестициялық портфель: түсінігі, құрылымы, факторлары мен
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Банктік инвестициялардың даму кезеңдеріндегі
ерекшеліктері ... ... ... ...16

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...21
2.1 Бағалы қағаздардың түрлері және банктердің олармен операцияларды
жүргізуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен
тәуекелдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.3 Банктердің инвестициялық саясатын талдаудың ерекшеліктері ... ... ... .32

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ
РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.1 Банктердің орта мерзімді болашақтағы инвестициялық
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтерін ұзақ мерзімді
болашақта дамуын болжау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
3.3 Бағалы қағаздар нарығының инвестициялық белсенділігін арттыру мен оның
негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі банктік қызметте инвестиция ұғымын
уақыттың тиісті ұзақтығына мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың бағалы
қағаздарына салынған қаражаттарды белгілейді. Инвестициялардың несиелерден
бірнеше ерекшеліктері бар. Несиелерді немесе олардың эквиваленттерінің
қайтарылу шарттарында салыстырмалы қысқа уақыт арасында қаржыларды
қолдануды көздейді. Ал инвестициялау салынған қаражаттардың иесіне
қайтарылуына тиісті ұзақ уақытқа дейін қаражаттардың келуін қамтамасыз ету
мақсатында ақшаларды салуды білдіреді. Банктік несиелеу кезінде келісім
шарттардың бастамасы ретінде несие алушы шығады, ал инвестициялау кезінде
нарықта активтерді сатып алуға ұмтылатын банктер бастамашы болып табылады.
Көптеген несиелік келісім шарттарда банк - негізгі және аз көлемде несие
берушілердің біреуі болып табылса, ал инвестициялық процесс кезінде ол,
тәртіп бойынша көптеген несие берушілердің біреуі болып табылады. Банктік
несиелеу банктің несие алушылармен жеке қатынастармен байланысты, ал
инвестициялау жеке қатынастарсыз қызметті көрсетеді.
Коммерциялық банктің инвестициялық қызметтерінің мақсаттары - банкте
қаражаттардың сақталуы, диверсификациясын - табысты және өтімділікті
қамтамасыз ету. Коммерциялық банктердің немесе коммерциялық банктердің
жүйелерінің барлық депозиттерін тиімді несиелерге орналастыру мүмкіндігі
өте күдікті. Сонымен қатар бұл ақылға қонымсыз нәрсе болар еді, өйткені
инвестициялаудың фундаменталды қағидасы - диверсификацияға қарама - қарсы
келуші еді. Егер банк тек несиелік операциялармен ғана айналысса, онда ол
көбіне қызмет ету шеңбері экономиканың құбылмалығына тәуелді болар еді.
Сергектік банкке басқа аудандардағы активтердің бөлігін иемденуді талап
етеді.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы ретінде қазіргі уақыттағы әлемдік
дағдарыстың коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтеріне әсері және
оны жетілдіру жолдары.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - коммерциялық банктердің
инвестициялары және олардың қаржы нарығындағы рөлі.
Жұмыстың негізгі міндеттері - коммерциялық банктің инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру барысында экономиканың нақты секторын
инвестициялау, банктің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен тәуекелдерді
талдау, және банктің инвестициялық қызметтерінің негізгі даму бағыттарын
болжау.
Дипломның бірінші тарауында коммерциялық банктің инвестициялық
қызметінің теориялық негіздері: банктердің инвестициялық операцияларының
түсінігі және олардың сыныпталуы; инвестициялық портфель: түсінігі,
құрылымы, қызметі қарастырылады.
Банк- бұл ақша қаражаттарын тарту және қайтарымдық, төлемдік және
мерзімдік шарттарда оларды өз атынан салу үшін дамытылған ұйым.
Инвестициялар ағылшын тілінен аударғанда іnvest- салу, аудару
(капиталды), яғни инвестициялар ретінде ақша қаражаттарын басқа сөздермен
айтқанда банктің барлық активті операцияларын салуды көздейді.
Коммерциялық банктің қызметінің бастапқы және негізін салушы қағидаты-
нақты қолда бар ресурстар ортасында жұмыс болып табылады.
Нақты қолда бар ресурстар шеңберінде жұмыс - коммерциялық банк өзінің
ресурстары мен салымдары арасындағы сандық сәйкестікті ғана емес, сонымен
қатар банктік активтер сипатының оның мобилизацияланған ресурстарының
ерекшеліктеріне сәйкестілігіне жетуін қамтамасыз етуі қажет. Ең басты
кезекте бұл активтердің және пассивтердің мерзімдеріне қатысты.
Портфелді инвестициялардың негізгі мақсаты - инвестициялаудан
күтілетін табыстылықтың ұлғайюы және шығындардың тәуекел деңгейінің
төмендеуі. Портфелдің құрамын дұрыс құрастыру, оның құрылымын оптималды
басқару, яғни портфелдерге бағалы қағаздар кіретін құрамының және олар
арасында қаражаттарды бөлу, портфелдердің күтілетін табысын маңызды
деңгейде арттыруға және инвестицияның тәуекелін маңызды деңгейде
төмендетуге мүмкіндігі бар. Осындай артықшылықтары бар портфель – оптималды
портфель болып табылады.
Банктердің инвестициялық қызметін талқылау: бағалы қағаздар түрлері
және банктің олармен операциялары; екінші деңгейлі банктің инвестициялық
қызметіндегі табыстар мен тәуекелдер және банктің инвестициялық саясатын
талдау жұмыстың екінші тарауында қарастырылады.
Бағалы қағаздар - инвестордың белгілі бір мүліктік құқықтарын
(иемденуші құқы немесе несиелер қатынастары) осы бағалы қағаздардың
эметенттеріне қатысты куәләндратын ақшалы құжат және тәртіп бойынша осы
құжаттан шығатын дивиденттер түрінде табыстарды төлеу немесе осы және басқа
құқықтарды беруді қарастырады.
Бағалы қағаздар үкіметтік және үкіметтік емес бағалы қағаздар бола
алады. Үкіметтік бағалы қағаздар мемлекеттің шығындары бюджетке түсімдерге
асып түсуін жабу үшін шығарылады. Үкіметтік бағалы қағаздар тұрғындардан
және басқа экономикалық агенттерден еркін ақша қаражаттарының несиелЕрі
болып табылады. Мемлекеттік ұйымдардың қарыздық міндеттемесі - оның иесіне
эмитентке берілген ақша сомасын қайтару құқын көздейтін мемлекеттік билік
және елдің басқару ұйымдарымен шығарылған оның атына тәуелсіз әртүрлі
бағалы қағаздар.
Инвестициялар келесі негізгі түрдегі тәуекелдерден тұрады:
- несиелік тәуекел
- бағамның өзгеруі тәуекелі
- балансталмаған өтімділік тәуекелі
- мерзімге дейін қайтарып алу тәуекелі
- іскерлік тәуекел
Банктің инвестициялық саясаты ҚР Ұлттық Банкісімен бекітілген
экономикалық нормативтермен ғана реттеледі, яғни банктің активті
операцияларының мөлшерін әкімшілікті, ерікті әдістермен шектеле алмайды.
Әкімшілікті шектеулер бір жолғы, төтенше сипатты болуы мүмкін. Оларды
жүйелі қолдану жалпы банктік жүйенің коммерциялық қызметін бұзады, мұны біз
қазіргі қаржылық дағдарыс кезінде байқап жүрміз. Сондықтан да реттеу
кезінде артықшылық экономикалық шараларға берілуі тиіс.
Коммерциялық банк өзінің өтімділігін қолдауды қамтамасыз ете отырып,
нақты тартылған ресурстар ортасында тек экономикалық еркіндіктің жоғары
деңгейін өз қызметінің нәтижелеріне толық экономикалық жауапкершілікпен
үйлесімдігін иемдене отырып қана жұмыс істей алады.
Үшінші тарауда коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің даму
болашағы: банктердің орта мерзімді болашақтағы инвеститициялық қызметтері;
коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді болашақта
дамуы болжамданады.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН
МАҢЫЗЫДЫЛЫҚТАРЫ

1.1 Банктің инвестициялық операцияларының теориялық негіздері және оларды
классификациялау

Банктің инвестициялық операциялары - бұл банктің нақты тартылған
қаражаттарды тартуда әртүрлі стратегиялық мақсаттарға орналастыру бойынша
жүргізілген операциялар болып табылады. Осы стратегиялық мақсаттарға
орналастыру сипатына қарай тәуелді банктің жүргізетін инвестициялық
операцияларын классификациялауға болады.
Инвестициялық операцияларды әртүрлі белгілері бойынша, әсіресе несие
алушылардың (субъектілердің) негізгі топтары бойынша классификациялауға
болады:
- үкіметтің мемлекеттік ұйымдарына инвестицияларды тарту (мемлекеттік
бағалы қағаздар).
- коммерциялық банктерге инвестициялар (банк аралық инвестициялар)
- өнеркәсіпке инвестициялары (коммерциялық несиелер)
- ауыл шаруашылыққа инвестициялары (коммерциялық несиелер)
- корпоративті бағалы қағаздар инвестициялары.
Төменде көрсетілген кестеде инвестициялық операцияларды әртүрлі
белгілері бойынша, әсіресе несие алушылардың (субъектілердің) негізгі
топтары бойынша классификацияланады:

1-сурет. Несие алушылардың (субъектілердің) негізгі топтары бойынша
классификациялануы.

Мемлекеттік бағалы қағаздар инвестициялары 1998 ж. 17 тамызына дейін
ең сенімді және өтімділікті салымдар болып есептелген. Олар банктерге тек
жеке капиталды сенімді орналастыруға мүмкіндік беретін ғана емес, сонымен
қатар банк үшін тиімді табыспен салынған қаражаттарды бір күн ішінде
қайтарып алуға мүмкіндік беретін нарықтың жоғары өтімділігінің тиімді.
Банктік қызметте инвестиция ұғымын уақыттың тиісті ұзақтығына
мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың бағалы қағаздарына салынған
қаражаттарды белгілейді. Инвестициялардың несиелерден бірнеше ерекшеліктері
бар. Несиелерді немесе олардың эквиваленттерінің қайтарылу шарттарында
салыстырмалы қысқа уақыт арасында қаржыларды қолдануды көздейді. Ал
инвестициялау салынған қаражаттардың иесіне қайтарылуына тиісті ұзақ
уақытқа дейін қаражаттардың келуін қамтамасыз ету мақсатында ақшаларды
салуды білдіреді. Банктік несиелеу кезінде келісім шарттардың бастамасы
ретінде несие алушы шығады, ал инвестициялау кезінде нарықта активтерді
сатып алуға ұмтылатын банктер бастамашы болып табылады. Көптеген несиелік
келісім шарттарда банк - негізгі және аз көлемде несие берушілердің біреуі
болып табылса, ал инвестициялық процесс кезінде ол, тәртіп бойынша көптеген
несие берушілердің біреуі болып табылады. Банктік несиелеу банктің несие
алушылармен жеке қатынастармен байланысты, ал инвестициялау жеке
қатынастарсыз қызметті көрсетеді.
Инвестициялар және туынды резервтер нақты айырықты - өтімділік
деңгейін бөледі. Өтімділік активін жылдам сатуға болады, яғни тез арада
қолма-қол ақшаларға айналдыруға болады. Бұл түсінікте инвестициялар
портфелінен көптеген бағалы қағаздар туынды резервтер сияқты өтімді. Бірақ
өтімділіктің тағы да бір өлшемі бар - активтердің өтімділік құны шағын
айналыс шеңберінде ауытқып отырады. Несиелік міндеттемені өтеудің мерзімі
алшақтаған сайын пайыздық ставканың өзгеруімен оның нарықтық құны соғұрлым
көптеген өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан да 20 жыл өтелу мерзімімен
облигациялардың өтімділігі 90 күн ішіндегі төленетін қысқа мерзімді
вексельдерден төмен. Облигацияларға ақша нарығы ставкаларының
мүмкінділігінің өзгеруімен байланысты үлкен тәуекелділік тән.
Инвестициялық активтер туынды резервтер активтерімен салыстырғанда ұзағырақ
мерзімге көзделген. Банктің басқармасы, мысалы 12 ай және одан да аз сатып
алу мерзімдерімен бағалы қағаздарды туынды резервтерге, ал қалғандарын-
инвестицияларға жатқызуы мүмкін, сондықтан да активтеринвестициялар
категориясынан туынды резервтерге үнемі ауысып тұрады.
Коммерциялық банктердің инвестицияларының көлемдерімен алып келетін
табыстары жағынан өте маңызды.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтерінің мақсаттары-
банкте қаражаттардың сақталуы, диверсификациясын- табысты және өтімділікті
қамтамасыз ету. Коммерциялық банктердің немесе коммерциялық банктердің
жүйелерінің барлық депозиттерін тиімді несиелерге орналастыру мүмкіндігі
өте күдікті. Сонымен қатар бұл ақылға қонымсыз нәрсе болар еді, өйткені
инвестициялаудың фундаменталды қағидасы- диверсификацияға қарама- қарсы
келуші еді. Егер банк тек несиелік операциялармен ғана айналысса, онда ол
көбіне қызмет ету шеңбері экономиканың құбылмалығына тәуелд болар еді.
Сергектік банкке басқа райондардағы активтердің бөлігін иемденуді талап
етеді.
Инвестициялардің табыстылығына талаптар тәртіп бойынша туынды
резервтердің табыстылығына қарағанда жоғары. Жоғарырақ табыс өтімділікке
залал келтірілген кезде алынады, өйткені көптеген жағдайда өтімділігі
жоғарырақ активтер төменірек табыстар алып келеді. Жоғары табыс алып
келетін активтер инвестициялар дәрежесіне санаулы түрде қосылатынын
білдірмейді, өйткені бұл нәрсені не реттейтін органдар, не банктердің
көптеген басқарушылары болдырмайды; ал инвестициялардың портфеліне қосылған
міндеттемелердің ұзағырақ мерзімдері туынды резервтерімен салыстырғанда
жоғарырақ тәекелге тұйіндес екенін білдіреді. Туынды резервтердің активтері
дер кезінде сатуға болатын қолма- қол ақшаларға сатуға жақынң – жақын
болуы тиіс. Әйтпесе, қызмет инвестициялармен байланысты болады. Олардың
қызметі– осы портфельдердің міндеттемелерін сатылық мерзімдер негізінде
туынды резервтерді толтыру, сонымен қатар туынды резервтерден асып түсетін
несиелерді алу немесе сұранымдар үшін қаражаттарды алдын– ала көзделмеген
қажеттіліктермен байланысты өткір қаржылық қажеттілік жағдайында сұранысты
қанағаттандыру.
Көптеген себептер бойынша инвестициялар туынды резервтер сияқты
өтімділікке ие болуына тиісті емес. Қаражаттарға күтілмеген қажеттіліктер
пайда болған кезде бастапқы резервтердің бөлігін қолдануға болады және
қажет болған жағдайда туынды резервтерді азайтуға болады. Талап еткенге
дейін берілген несиелердің өтелуін талап етуге және өтелу мерзімдері
аяқталған несиелерді қайтадан салудан бас тартуға болады; өтімділікті
қаражаттарда қатты қажеттілік кезінде ұлттық резервтік банктерден несие
алуға болады. Егер инвестициялар сипаттағы кейбір активтерді сатып алу
бағасынан төмен бағада сату қажеттілігі пайда болған кезде, ал банк
облигациялардан болатын шығындарды компенсациялау үшін резервтері бар
болса, жағдайдың үшкірлігі бір шама төмендейді. Сондықтан қаржылық
кернеушілікпен инвестициялар портфелінің арасында кейбір “амортизациялар”
бар. Инвестициялардың екі үйлеспейтін мақсаттары– өтімділік және табыс бар
екені көрінуі мүмкін. Ал бұл жеткілікті мөлшерде солай, сондықтан
көрсетілген мақсаттар арасында тепе– теңдікті ұстау банктің басшылығынан
үлкен тапқырлықты талап етеді.
Егер де өтімділік пен табыс арасында мұндай теңестіру кезінде
қателіктер рұқсат етілсе, онда бұл өтімділік жағында болуы тиіс, өйткені
инвестициялар туынды резервтерге тірек болуы тиіс. Егер туынды резерв
салымдарды алумен және несиелерге сұраныстың ұлғайюымен байланысты
сарқылса, онда банктің қажетті өтімділігін орнына келтіру үшін оны қысқа
мерзім ішінде толтыруы қажет. Егер бұл қаражаттарды тарту арқылы жүзеге
асырмаса, мысалы, ірі депозиттік сертификаттар көмегімен– инвестициялар
портфелінен бағалы қағаздарды сату қажет етілуі мүмкін. Мұндай сату тәртіп
бойынша ығыстырылған ақша нарығы кезеңдерінде және бағалы қағаздардың құны
төмендеген кездегі жоғары пайыздық ставкалары қажет болады. Мұндай
кезеңдерде қаражаттарды кері құю көптеген банктер үшін проблема болып
табылады.
Коммерциялық банктерге инвестициялар банктерге тек табыс алуға ғана
емес, банктік қызметке қатысты басқа да сұрақтар бойынша іскерлік
серіктестік қатынастарды бекіту мүмкіндігі деп пайда болады, соңғы кездері
ресурстарды қайтару кепілі кәсіпорын жағынан қарағанда банктер- жағынан
жоғарырақ.
Қаржылық дағдарыс кезінде өндірісті және ауыл шаруашылығын несиелеу-
монополистердің ірі кәсіпорындарды несиелеуді қоспағанда жоғары
тәуекелділікті операциялары болып табылады. Бірақ нақ осы инвестициялар
түрі экономиканың нақты секторын дамытуға және өндіріс пен ауыл
шаруашылықты көтеруге мүмкіндік береді, ол үшін мемлекетке инвестицияның
осы түрін жүргізу үшін тұрақты шараларды қамтамасыз етуі қажет.
Корпоративті бағалы қағаздарға инвестициялар жете қарастыруды талап
етеді.
Қазақстандық корпоративтік бағалы қағаздар нарығы 1993ж. мемлекеттік
меншіктегі кәсіпорындарды жалпы жекешелендіру үрдісіне жол берілген кезде
қалыптасты. Төрт жыл ішінде қор нарығының осы сегментінің қарқынды дамуы
байқалды. Қазіргі күні өзінің жас шағына және осыған байланысты өсу
ауыртпалықтарына қарамастан корпоративтік бағалы қағаздар Қазақстандық
нарығы Қазақстан үшін, сондай-ақ жалпы әлем үшін үлкен болашағы бар екеніне
ешкім күмәнданбайды.
Төменде корпоративті бағалы қағаздардың Қазақстандық нарығының негізгі
сипаттамалары туралы қысқа түсінік берілген:
- Жалпы капитализация: бүгінгі күні ең ірі 100 Қазақстандық
корпорациялардың жиынтық капитализациясы $30 млрд. шамасын құрайды.
Бұл кезде капиталдың маңызды шоғырлануы- Қазақстанның ең ірі 10
кәсіпорындары үлесіне $ 25 млрд. доллар келеді.
- Өтімділік: бүгінгі күні Қазақстандық акциялардың көбісінің өтімділігі
халықаралық стандарттар бойынша жоғары емес болып қалады. Әртүрлі
бағалауларға сәйкес жеткілікті өтімді разрядтарына 20-30 эмитенттердің
бағалы қағаздарын жатқызуға болады.
- Ақпараттық дамымағандық: Көптеген бағалы қағаздар Қазақстандық нарығының
ақпараттық жабықтығы және ең бастысы кәсіпорын туралы фундаменталды
ақпараттың болмауы (қаржылық-экономикалық көрсеткіштер) инвестициялар
объектілерін талдау кезінде және инвесторларға жеткілікті дәрежеде тиімді
бағытталуға мүмкіндік бермейді. Банк өзінің клиенттеріне осындай қызметтер
түрлерін көрсетуі тиіс.
- Шетел капиталынан өте қатты тәуекелділігі өзгерудің жоғары деңгейі: Басқа
дамушы нарықтар сияқты, Қазақстандық нарық ішкі саяси конъюнктураның
өзгеруінен және шетел капиталы келуікетуіне тәуелді бағалардың маңызды
ауытқуларына қатты шалдыққыш.
Бұл жерде Қазақстандық акциялар өтімділігі мәселесіне ерекше тоқталу
керек, өйткені ол жалпыланған түрде инвестор корпоративтік бағалы қағаздар
Қазақстандық нарықта қызмет еткенде түйісіп қалуы мүмкін негізгі
тәуекелділікті қосады.
Туынды нарықта айналатын Қазақстандық акциялардың өтімділік деңгейіне
тәуелді ең аз дегенде төрт негізгі топтарға шартты түрде бөлуге болады:
- Өте жоғары өтімділікті акциялар: “blue chіps“ ,оған қоса бес эмитенттің
акцияларын толық сеніммен жатқызуға болады;
- жоғары өтімділікті акциялар:“бірінші эшелон“ (20 эмитенттер шамасында);
- орташа өтімділікті акциялар:“екінші эшелон“(60 эмитент)
- төмен өтімділікті акциялар: (2 мың эмитенттер)
Қалған акцияларды өтімділіксіздерге жатқызуға болады- туынды нарықта
олар бойынша котировкалар жоқ. Айта кететін жайт, орта немесе төмен
өтімділікті акциялар арасындағы шекара жеткілікті дәрежеде шартты болып
табылады. Мамандар акцияларды минимум ретінде орташа өтімді топтарға
жатқызу үшін келесі критерийлерді басшылыққа алуды ұсынады: сатып алуға
сұранымдар көлемі бестен жоғары, ал сатуға - үштен жоғары болуы керек.
Туынды нарықта айналатын Қазақстандық акциялардың өтімділік деңгейіне
тәуелді ең аз дегенде төрт негізгі топтарға бөлінуін көрсетіледі:

2-сурет. Туынды нарықта айналатын Қазақстандық акциялардың өтімділік
деңгейіне тәуелді ең аз дегенде төрт негізгі топтарға бөлінуі

Туынды нарықтың „борттан тыс“ жерінде АК & мәліметтер базасы тізімінде
жоқ 10 мың акциялар қалды. Оларды өтімділіксіз бағалы қағаздарға толық
сеніммен жатқызуға болады.
Корпорациялық бағалы қағаздардың Қазақстандық нарығында айналатын
негізгі капитал- бұл бағалардың төмендеуіне алып келетін елдер тәуекелді
минималдандыра отырып, тиімсіз саяси жағдай кезінде қаражаттарды нарықтан
алып кететін батыс елдері инвесторларының қаражаттары. Саяси үрдістердің
оңды дамуы кезінде батыстық капиталдар нарыққа қайтады және бұл бағалардың
жалпы төмендеуі өсуге алып келеді.
Жекешелендірілген кәсіпорын акцияларынң Қазақстандық нарығы жеткілікті
дәрежеде өсіп, өзгермелікпен сипатталады, ал банктің тәжірибелі мамандар
командасының кәсіптігі мен үйлесімділігі Қазақстандық эмитенттер
акцияларында инвестиция мен байланысты тәуекелдердің минималды әрекет
етуінде капиталды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Бүкіл әлемде, әсіресе АҚШ-та салық төлеушілердің негізгі табыстарының
бірі- бағалы қағаздарға инвестициялаудан алынған табыстар болып табылады.
Бұл кең қолданылатын тәжірибе Батыстық экономикаға негіздеген үшкірлі
табыстардың бірі болып табылады.
Қазақстандағы инвестициялық дүңкіл портфелдік инвестицияларды ерекше
маңызды етеді. „Ақшалар жұмыс істеуі керек“ деген жорамал бәріне әйгілі.
Орналастыру мерзімдеріне байланысты инвестициялар:
- талап еткенге дейін
- жедел
болып бөлінеді. Соңғысы өз кезегінде:
- 1 күннен 180 күнге дейін қысқа мерзімді
- 180 күннен 1 жылға дейін орта мерзімді
- 1 жылдан 3 және одан да көп ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Орналастыру мерзімдеріне байланысты инвестициялар төменде суретте
көрсетілген:

3-сурет. Орналастыру мерзімдеріне байланысты инвестициялар

Казақстандық бағалы қағаздар нарығының (ҚБҚН) дамушы шарттарда
инвестициялауда жалпы тәуекелдігін төмендету мақсаттарында портфелдің
барлық түрлері үшін инвестициялау мерзімдерін төмендетуі ақылға қонымды
болып табылады.

1.2 Инвестициялық портфель: түсінігі, құрылымы, факторлары мен функциялары

Бұрынғы кездері банкирлер қаржылық құжаттарын “портфельдер” атына ие
болған, терілік сөмкелерде ұстаған. Бүгінгі күні қаржылық есептік құжаттама
көрінбейтін электрондық бухгалтерлік жүргізу (электрондық “банктік
кітаптардағы” жазулар) нысанына ие, бірақ “портфель” ұғымының өзі сақталып
қалды. Қазір ол тек барлық банктік активтермен пассивтер жиынтығын
білдіреді. Банктік қызметтердің негізгі міндеті- банктік операцияларды
реттейтін істкегі инструкциялардан шығатын банктің мақсатына ең жоғары
деңгейде жауап беретін банктің портфелдерін басқару болып табылады.
Коммерциялық банктер өзінің операцияларын үнемі күшейетін
бәсекелестік шарттарда жүзеге асырылады. Банктер өздері арасында, шетел
банктерін қосқанда нарықтың басқа контрагенттерімен, бәсекегк түседі.
Бәсекелестің қатаң шарттарында коммерциялық банктер қызметінің маңызды
қызметінің бірі- бағалы қағаздар бойынша операцияларымен байланысты олардың
инвестициялық қызметі болып табылады.
Инвестицияларды банктік қызметте ұзақ мерзімді уақытқа кәсіпорын және
мемлекеттік ұйымның бағалы қағаздар салынған қаражаттарды белгілейді.
Коммерциялық банктің инвестициялары несиелік ссудалардан бірқатар
жағдайлар бойынша ерекшеленеді:
1. Несиелік ссудалар- ссудалық пайызды төлеу және бекітілген мерзімде
тиісті уақыттың ұзақ емес мерзімінде қаражаттарды қайтару шарттарында
оларды қолдануды көздейді. Ал инвестициялар банктің салынған қаражаттары
өзінің иесіне қайтарылғанына дейін тиісті ұзақ мерзімде қаражаттардың
келуін көздейді.
2. Банктік несиелеу кезінде ссудалық келісім- шарттың инициаторы- несие
алушы, ал инвестициялау кезінде бағалы қағаздар нарығында активтерді сатып
алуға ынталанатын кммерциялық банкке бастамашы болып табылады.
3. Несиелік келісімдерде банк- негізгі несиелеушілердің бірі, ал
инвестициялау кезінде- бағалы қағаздарға қаражаттардың инвесторы.
4. Банктік несиелеу банктен несие алушымен жеке қатынастарымен тікелей
байланысты. Инвестициялау коммерциялық банктің көптеген кәсіпорындар мен
ұйымдардың әртүрлі бағалы қағаздары арқылы жеке қатынастарсыз қыметті
көздейді.
Портфелдік инвестициялар - бұл қаражаттарды әртүрлі бағалы қағаздарға
бір уақытта салу. Инвестициялаудың зерзаттарының көп көлемі ішінде
қаражаттарды бөлу (диверсификация) нарық конъюнктурасының тиімсіз дамуы
жағдайында инвестициялауды сақтандыруды қамтамасыз етеді( жеке бағалы
қағаздардың бағамдық құны түсуі). Біздің жағдайда, инвестицияның зерзаты
Қазақстандық эмитенттердің акциялары шығады.
Портфелді инвестициялардың негізгі мақсаты- инвестициялаудан күтілетін
табыстылығының ұлғайюы және шығындардың тәуекел деңгейінің төмендеуі.
Портфелдің құрамын дұрыс құрастыру, оның құрылымын оптималды басқару, яғни
портфелдерге бағалы қағаздар кіретін құрамының және олар арасында
қаражаттарды бөлу, портфелдердің күтілетін табысын маңызды деңгейде
арттыруға және инвестицияның тәуекелін маңызды деңгейде төмендетуге
мүмкіндігі бар. Осындай артықшылықтары бар портфель – оптималды портфель
болып табылады.
Портфелді инвестициялаудың мақсаттары, яғни бұл банк инвестициялық
портфелді қалыптастыру мен басқару кезінде келесі жалпыға тиіс қағидаларды
басшылыққа алады:
1. Активтердің диверсификациясы, яғни тәуекелділіктердің жағымды
деңгейіне жету мақсатында акцияларды жеткілікті деңгейінде спектріне
қаражаттарды салу;
2. Портфелдерді икемді басқару, яғни мүмкіндік:
- қайта құрылымдау (бағалы қағаздың қандай да болсын бір түрін қосу немесе
алып тастау);
- қайта баланстау, яғни акциялардың көлемін портфелге кіретін динамикалық
қайта үлестіру.
Инвестициялық портфелдердің әртүрлі варианттарын қалыптастыру кезінде
клиентпен келесі бастапқы шарттар анықталады:
- инвестициялардың жобаланатын мерзімдері;
- инвестициялау қаражаттарының көлемі;
- мүмкін тәуекелдердің деңгейі
Инвестициялау мерзімі портфелдік инвестициялау үшін тартылатын
қаражаттары уақыт кезеңімен анықталады. Бұл ең маңызды фактор портфелдің
сапалы құрамын анықтайды.
Инвестициялау мерзіміне тәуелді портфелдің түрлері:
- ұзақ мерзімді (бірнеше жыл)
- орта мерзімді (1 жылға дейін)
- қысқа мерзімді (бірнеше ай)
Ұзақ мерзімді портфелдердің құрамында жақсы фундаменталді
көрсеткіштері бар және минималды өнімділікті иемденетін кәсіпорындар толық
бағаланбаған акциялары басым.
Қысқа мерзімді портфель құрамында керісінше спекулятивті, „blue chіps“
жоғары өтімділікті акциялар түрінде көрсетілген оларды қысқа мерзімді
операциялар кезінде қолдану тиімді.
Орта мерзімді портфель- портфелдің бастапқы екі түрінің аралас
вариантын көрсетеді. Әрине, портфелді басқарудың негізгі мақсаттарының бірі-
банктік пайданы ұлғату болып табылады. Уақыт өткен сайын банктің пайдасы
банктің жеке капиталын ұлғайтады, ол оның иелерінің баюына алып келеді.
Бірақ банктер табыстылықты қауіпсіздік пен өтімділік түсініктерімен
салыстыруы қажет. Тәуекелді ссудаларды өте көп ұсынатын банк немесе
өтімділікті қамтамасыз етуге жағдайы болмайтын банк- төлем қабілеттігі жоқ
болуы мүмкін.
Банктік портфелдің негізгі қызметтері:
1. Іскерлік циклі фазаларына тәуелсіз, несиелер бойынша табыстар
төмендеген кезде, бағалы қағаздар бойынша табыстар ұлғаюы мүмкін банктің
табыстарын тұрақтандыру.
2. Банктік ссудалар портфелі бойынша несиелік тәуекелділіктің орнын
толтыру. Жоғары сапалы бағалы қағаздар банктің несиелері бойынша тәуекелді
теңестіру мақсатында иемдене алады және сақтай алады.
3. Географиялық диверсификацияны қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар көбіне
басқа аймақтармен байланысы банктің несиелеу зерзаттарына қарағанда
көбірек. Ол банктік табыстың тиімдірек даверсифиакциясына әрекеттеседі.
4. Өтімділікті қолдау, өйткені бағалы қағаздар қажетті ақша қаражаттарын
алу үшін сатылуы мүмкін немесе банкпен қосымша қорларды алу кезінде
кепілдіік ретінде қолданылуы мүмкін.
5. Банктің салықтық ауыртпалығын төмендету, негізінен несилермен
басшыланатын салық салынатын түсімдерді компенсациялау есебінде.
6. Банкте сақталынатын үкіметтің, биліктердің және биліктің жергілікті
органдарының департаменттерін қамтамасыз ету үшін кепілдік ретінде қолдау.
7. Нарықтық пайыздық ставкалар өзгеруі нәтижесінде болуы мүмкін
банктерді шығындардан сақтандыру.
8. Банктік активтер портфелдерінің икемділігін қамтамасыз ету, өйткені
инвестициялық бағалы қағаздар көптеген несиелерге қарағанда ағымдағы
нарықтық конъюнктураға сәйкес банктің актвтерінің қайта құрылымдау үшін
жедел иемденуі немесе сатылуы мүмкін.
9. Банктерде сақталынатын көптеген бағалы қағаздар жоғарылауы сапасы
арқасында банктің балансының қаржылық көрсеткіштерінің тоқырауы;
Инвестциялармен байланысты тәуекелділікті төмендетудің әдістерінің
бірі- диверсификация болып табылады, яғни банктің портфелінде көптеген
бағалы қағаздар түрлерінің болуы.
Банктің инвестиция саясатындағы диверсификацияны жүргізген кезде
бағалы қағаздардың келесі параметрлерін есепке алуы керек: өтеу мерзімі,
географиялық (территориялық) бөлу, міндеттемелер мен эмитенттер типі.
Коммерциялық банктер үшін бағалы қағаздардың белгілі бір түрінің сапа
мен өтелу мерзімдері параметрлері ең маңызды. Бағалы қағаздарға берілген
параметрлердің қамтамасыз ету деңгейіне тәуелді банк инвестиция саясатяның
диверсификациясының мақсаттары да анықталады.
Бағалы қағаздар сапасына қатысты диверсификация мақсаты- борышкердің
(эмитентпен) өзіне алған міндеттемелерін орындамау мүмкіндіктерінде
көрінетін тәуекелді минималдау болып табылады. Осыған байланысты, мысалы,
аналитиктардың ойынша, акциялардың сапасын қамтамасыз ету қатынасындағы
диверсификация эметентке қатыста бірқатар факторлардың алдын-ала үйренуді
талап етеді. Олардың ішіндегі келесі сұрақтар бойынша мәліметтер алу
маңызды болып табылады:
1. Компания немен шұғылданады?
2. Компанияның акцияларға және басқа бағалы қағаздарға табысы қандай?
3. Компания төлейтін дивиденд немесе табыс өлшемі қандай?
4. Бағалы қағаздарға ағымдық бағаларға қандай және өткен циклдегі
бағалардың максималды жоғары және төмен деңгейлерімен салысырғанда ол қалай
көрінеді?
5. Компанияның резервтері қандай?
6. Компанияның істегі және болашақтағы нарығының сипаты?
7. Компанияның басқарушысы кім, оның басшылығына сенімнің деңгейі?
8. Компанияның дамуы мен кеңейту жоспары?
Көрсетілген сұрақтардың бөлігіне жауапты эмиссиялық жобадан және
биржалық сводкалардан алуға болады.
Бағалы қағаздар географиялық болу қатынасында диверсификация мақсаты-
банктің қаражаттарын бағалы қағаздарының компаниялар мен мемлекеттік билік
органдары қызметінің қай түріне инвестицияланған аймағында экономикалық
қиыншылықтар болған кезде өзін қауіпсіздендіру.
Аймақтық және жалпы ұлттық қаржылық орталықтардағы ірі банктердің
инвестициялар құрылымы провинциалды қалалардағы кіші банктердің портфелі
құрылымымен өзгешеленеді. Шет елдік бөлімдері бар ірі банктер, өздерінің
портфелінде үкіметтің бағалы қағаздарын аз көлемде ұстайды. Олардың банктік
портфелінің маңызды үлесін шетелдік бағалы қағаздармен жеке компаниялардың
облигациялары құрайды. Кіші банктер шетелдік облигацияларды сатып алмайды
және 90 % қаражаттарды үкіметтің облигацияларына және жергілікті билік
орандарына инвестициялайды.
Бағалы қағаздарды өтеу мерзімдеріне қатысты диверсификациялаудың
мақсаты- табыстар мен өтімділіктің инвестициялық саясаты аумағында банктің
мақсаттарына сәйкес келетін шеңберлерінде пайыздық ставкаларының
ауытқуларымен байланысты инвестициялық портфелінің тәуекелдігін ұстап тұру.
Осы факторлардың мүмкін болатын шығындар қатерін төмендету үшін
банктер инвестициялар портфеліне әртүрлі өтеу мерзімдерімен бағалы қағаздар
қосады. Әртүрлі бағалы қағаздар мерзімдері аяқталған сайын қаражаттар, егер
олар басқа мақсаттарға талап етілмесе, коммерциялық банктің инвестициялық
саясатының мақсаттарына сәйкес келетін және сапа бойынша ең жақсы болып
келетін басқа жаңа бағалы қағаздар қайта инвестициялануы мүмкін.
Банктің инвестициялық саясатының мақсаттарын анықтайтын негізгі
факторлар: – бұл табыста және өтімділікте қажеттілік, басшылықтың табыс
үщін өтімділікті жемтік етуге дайындығы және керісінше, үлкен немесе кіші
тәуекелге бару дайындығын білдіреді. Бірақ тәуекел инвестициялық қызметпен
шектелмейді және бағалы қағаздармен белсенді операцияларынан тәуекелін
басқа салалардағы сергектік саясатымен теңестіруге болады. Мысалы, тиісті
ірі туынды резервпен банк үлкен емес және өтімділігі аз қаражаттары бар
банкпен салыстырғанда инвестициялар аймағында өзіне үлкен тәуекелді алуға
шамасы бар. Одан басқа жоғары сапалы несиелер портфелімен сәйкес тұрақты
салымдары бар банк мұндай пассивтері жоқ банкпен салыстырғанда өзіне үлкен
тәуекелді алуына болады. Бұл тәуекелді болып келетін қызметтер шеңберіне
несиелерді беру дайындығын білдірер еді, бірақ тәртіп ьойынша тиісті аймақ
үшін тиімді болуы мүмкін. Несиелердің портфелімен тиімдес жоғарырақ тәуекел
инвестициялардың өтімді портфелімен теңестіріледі. Банктің инвестициялық
саясатын дамытқан кезде басқарманың тәуекелге бару дайындығын, сонымен
қатар инвестиция портфелінің ұқұйымдастыратын бағалы қағаздармен байланысты
тәуекелді де есепке алу қажет.

1.3 Банктік инвестициялардың даму кезеңдеріндегі ерекшеліктері

Инвестиция деп қаражатты ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда
табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал
ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді
инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық
саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске
асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының
өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың
оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктің инвестициялық саясаты
банктің басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты
элементтерінің бірі – банктің валюта – қаржылық портфелін, соның ішінде
инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып
табылады.
Инвестициялық портфель бұл – банктің заңды тұлғалардың, басқа
банктердің және бағалы қағаздардың салған қаражаттарының жиынтығы.
Инвестициялық портфельдің оңтайлы құрылымының критерийлері – бұл
операциялардың табыстылығы және өтімділігі болып табылады. Инвестициялық
портфельдерді басқарудың әр түрлі бағыттары және принциптері қолданылады.
Көп таралған принциптердің қатарына бағалы қағаздарды өтеудің
“баспалдықтылық” принципін жатқызуға болады. Бұл принцип бойынша өтелген
бағалы қағаздардан түскен қаражатттарды максималды өтеу мерзімі бар бағалы
қағаздарда қайта инвестициялау. Банктердің белгілі бір мерзімге пайда табу
мақсатында бағалы қағаздармен операциялары банк инвестициялары ретінде
қарастырылады.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі - ұзақ мерзімді
ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды,
облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа
түрлері арқылы беру.
Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:
1) Бірінші типті инвестициялық банктер
2) Екінші типті инвестициялық банктер
Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы
қағаздарды орналастыру және сатумен айналысады. Ал екінші типті
инвестициялық банктерге келетін болсақ, олар ұзақ мерзімді несиелеумен
айналысады [7,195бет].
Инвестициялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің
бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен
ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен
компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын
орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды
құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар
мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағазын
орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап,
жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Бірінші типті инвестициялық банктер әдетте құрылтайшылар,
бағалы қағаздардың эмиссиясын ұйымдастырушылар рөлінде шығады. Олар
компаниямен орналастырылмаған бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын
агенттер ретінде, сонымен қатар сауда, өндіріс транспорттық
корпорациялардың бағалы қағаздары бойынша және басқа аспектілер бойынша
консультанттар ретінде бола алады. Ұзақ мерзімді салымдарды қажет етіп
акциялар мен облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған корпорациялардың
және мемлекеттің тапсырмасы бойынша, бірінші типті инвестициялық банктер
эмиссиясының көлемі, мерзімі, шарттары жайлы және бағалы қағаздардың типін
таңдау жөніндегі, сонымен қатар орналастыру және қайта айналысы жөніндегі
міндеттемелерді өздерінің мойындарына алады. Мұндай мекемелер шығарылған
акциялар мен облигациялардың сатып алуына кепіл береді, яғни олар бұл
бағалы қағаздарды сатуды өздерінің есебінен немесе банктік синдикаттарды
құру арқылы акциялар мен облигацияларды сатып алушыларға ссуда береді
[9,24бет].
Бірінші типті инвестициялық банктер соңғы кезде көбінесе
корпоративті секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді.
Мұндай банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс,
транспорт және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал
ретінде қатысады.
Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы
қағаздар нарығына қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:
1) Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады
2) Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда
делдал болады
3) Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша және
бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға
түседі. Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ
мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің
қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын
орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды.
Осындай елдердің қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада,
Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары [15, 115бет].
Бағалы қағаздарды орналастыру алдында инвестициялық банк әдетте
эмитент-корпорацияның қызметіне жоғары мамандандырылған экономистер,
юристер және инжинерлердің көмегімен тиянақты талдау жүргізіледі. Банк
корпорацияның активтерін, мүлкін, мақсаттарын, құжаттарын, маркетинг және
менеджмент жүйесін, өндіріс жағдайын, нарығын, еңбек қатынастарын,
корпорацияның тарихын, оның операцияларын, балансын, пайда және зияндардың
есебін, басқарма құрылымын, саладағы орнын, бәсеке деңгейін және басқа да
факторлар қатарының талдауын жүргізеді.
Ал екінші типті инвестициялық бактерге келсек, олар бірінші
типті инвестициялық банктерден ұйымдастырушылық құрылымда, қызметтері мен
операцияларында елеулі айырмашылығы бар. Екінші типті инвестициялық банктер
акционерлік негізде, мемлекеттің қатысуымен аралас меншік формасында және
таза мемлекеттік болып құрылуы мүмкін.
Мұндай банктердің негізгі функциялары шаруашылықтың әр түрлі салаларын,
сонымен қатар жаңа технологияларды енгізумен және ғылыми-техникалық
революция жетістіктерін іске қосумен байланысты арнайы - мақсатты
жобаларды орта және ұзақ мерзімді несиелеу болып табылады.
Екінші типті инвестициялық банктер соғыстан кейінгі Батыс
Европаның экономикасын қалпына келтіруде және дамушы елдердің салаларын
құруда үлкен роль атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше
бөліп көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия,
Скандинавия елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық
банктер өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың
құрылуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етті. Қазіргі бұл инвестициялық
банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды жүргізеді: заңды
және жеке тұлғалардың жинақтарын аккумуляциялайды, орта және ұзақ мерзімді
несиелеу жүргізеді, жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар
жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады [1].
Қазақстан Республикасында да мұндай банктердің функцияларын
негізінен Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші деңгейлі банктері
атқарады. Бірақ Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері бірінші
типті банктердің операцияларын жүзеге асыру өз деңгейінде болып отырған
жоқ. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты –
қаражаттардың сақталуын, диверсификация, табыс пен өтімділікті
қамтамасыздандыру [10, 27бет].
Нормативті құжаттарға сәйкес кез-келген бағалы қағазды өз
атынан, өз есебінен және өз бастамашылығымен сатып алу және қайта сату
инвестициялық операция болып табылады. Коммерциялық банктердің
инвестициялық операциялары меншікті ресурстар, заемдық және тартылған
қаражаттар есебіне жүзеге асырылады.
Біраз уақыт бұрын отандық банктердің атына олардың нақты
экономика секторындағы шаруашылық субъектілермен қатынастары туралы қатаң
сын айтылған болатын. Қазақстанның экономикасына айналым және инвестициялық
қаражаттардың тапшылығын банктердің несиелері қанағаттандырмады.
Бұл жағдай 2000 жылдан бастап жақсара бастады. Банктер қаржы
нарығының неғұрлым активті және капиталды қатысушылардың бірі болды.
Қазақстандағы бір банктің орташа капиталы валюта эквивалентінде шамамен 30
млн АҚШ долларын құрайды. 2004 жылы банк активтерінің 60% нақты экономика
секторына жіберілді, өндірістің дамуымен және банктердің ресурстық
базасының артуымен банктер нақты экономика секторын несиелеуге белсенді
қатысуын көрсетеді.
2003 жылы экономиканы дамытуға кеткен несиелердің көлемі 672,4
млрд.теңге, шетел валютасында 4,3 млрд. АҚШ долларынан артық болды. Ал 2004
жылдың қазан айындағы мәліметтер бойынша банктердің экономикаға бағытталған
несиелерінің жалпы көлемі 924,3 млрд. теңгені құрады, бұл 6,25 млрд. АҚШ
долларынан артық [11, 113бет].
Банктердің несие портфельдерінің көлемін артуы және банктердегі
жеке және заңды тұлғалардың депозиттік салымдарының артуы есебінен болған.
Бұл және банктердің меншікті капиталының артуы банктердің несиелендіру
мүмкіндігін жоғарылатып, нақты экономика секторына инвестициялық
қаражаттарды арттырады [2].
Сонымен қатар, банктердің несиелеу белсенділігінің тым тез
артуының тағы бір себебі, инфляцияның және девальвацияның салыстырмалы
төмен деңгейі негізгі қаржылық құралдар бойынша пайда мөлшерін төмендетті.
Банктер мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында және валюталық нарықта жоғары
пайда алу мүмкіншіліктерін жоғалтты, ал бұл өз кезегінде негізгі пайда көзі
ретінде белсенді түрде несиелеу операцияларын жүргізуге итермелейді.
Бүгінгі таңда инвестор тек пайда мөлшерінің төмендігімен емес, сонымен
бірге қаржылық құралдардың жетіспеушілігін де бастан кешіруде. Осындай
негізгі факторлардың нәтижесінде экономика аз болса да инвестициялық
қажеттілігін қанағаттандырады.
Сонымен экономиканы инвестициялауда банктердің инвестициялық
қызметі өте маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан экономикаға қаражаттарды
бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің қаржылық
инвестицияларға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Жинақтаушы
зейнетақы қорларының активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға жұмсалу
жағдайларын қарастырған жөн.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағыттағы нарықтық
экономикасы экономиканың шынайы секторына көбірек инвестиция тарту арқылы
дамуда. Басым салаларда инвестициялау өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және
басқа салаларда құрылымдық қайта құруларға жетуге мүмкіндік беріп,
экономикалық өсуге база жасайды.
Инвестициялық портфельдің тиімді құрылымын жасақтау қар
нарығындағы жағдайларды білуге және оны болжау мүмкіндіктеріне байланысты.
Болжау өтем бақылаулардың статистикалық талдауына негізделеді, ол нарық
дамуының негізгі тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді.
Дамушы инвестициялау, қаржыларын тікелей бағалы қағаздарды
инвестициялауға салынатын тартымды болатынын дәлелдеді. Себебі, нарықтары
дамушы елдердің экономикасы тез өсім жағдайда болады, ал бұл нарықтарға сол
инвестициялар салу жоғары табысты иеленеді, алайда сонымен бір мезгілде
тәуекелдің жоғары деңгейіне иеленеді.

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Бағалы қағаздар түрлері және банктің олармен операциялары

Бағалы қағаздар - инвестордың белгілі бір мүліктік құқықтарын
(иемденуші құқы немесе несиелер қатынастары) осы бағалы қағаздардың
эметенттеріне қатысты күәләндіратын ақшалы құжат және тәртіп бойынша осы
құжаттан шығатын дивиденттер түрінде табыстарды төлеу немесе осы және басқа
құқықтарды беруді қарастырады.
Бағалы қағаздар үкіметтік және үкіметтік емес бағалы қағаздар болып
бөлінеді. Үкіметтік бағалы қағаздар мемлекеттің шығындарын жабу үшін
бюджетке түсімдердің түсуін жабу үшін шығарылады. Үкіметтік бағалы қағаздар
тұрғындардан және басқа экономикалық агенттерден еркін ақша қаражаттарының
несиелері болып табылады. Мемлекеттік органдардың қарыздық міндеттемесі -
оның иесіне эмитентке берілген ақша сомасын қайтару құқын көздейтін
мемлекеттік билік және елдің басқару органдарымен шығарылған оның атына
тәуелсіз әртүрлі бағалы қағаздар.
Үкіметтік бағалы қағаздардың айналымы үкіметтік бағалы қағаздар
нарығында жүреді. Оның институты - дилерлік кеңселер болып табылады. Егер
мысалы, коммерциялық банк бағалы қағаздарды сатып алғысы келсе, онда ол
қызыққан бағалы қағаздар лоты үшін кейбір бағаны ұстанатын диллерлік
кеңсемен келісімге отырады.
Казначейлік жаңа бағалы қағаздарды сатқан кезде, ол үкіметтің бағалы
қағаздар нарығын дамытады. Үкіметтің бағалы қағаздарының барлық түрлерін
бастапқы орналастыру ең жоғары бағаларды ұсынатын сұранымдар ең бірінші
қанағаттандырылатын аукциондық сатулар тәртібінде жүзеге асырылады. Одан
кейін диллерлер шығару датасы мен өтелу датасы арасындағы уақытта сату мен
сатып алуды ұсынатын туынды нарықты дамытады. Туынды нарықта үкіметтік
бағалы қағаздардың бағасы биржадағы акциялардың бағалары сияқты өзгереді.
Үкіметтік бағалы қағаздардың негізгі сатып алушылары: банктер, бірақ басқа
да заңды және жеке тұлғалар да олармен операцияларды жүргізе алады.
Мемлекеттің заңдық актілерімен банктің бағалы қағаздарымен қызметіне
шектеулер бекітілуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-та заң коммерциялық банктерге
қаржылық емес компаниялардың акцияларын сатып алуға рұқсат етпейді, ал
өндірістік облигациялармен операцияларға шектеулер қойылады. Сондықтан
банктердің инвестициялық портфелінде 90% шамасы қағаздардың екі категориясы
құрайды: үкімет және жергілікті агенттердің міндеттемелері және қалалар мен
жергілікті басқару органдарының (муниципалды облигациялар) бағалы қағаздары
болып табылады.
Коммерциялық банктердің портфелінде үкіметтік бағалы қағаздардың көп
бөлігі 1 жылдан 5 жылға дейін мерзімі бар. Қысқа мерзімді казначейлік
вексельдерге қарағанда купондық қағаздар болып табылады, яғни пайыздық
пайда төленетін кесілетін купондары бар осы ноталар мен облигациялар.
Ноталар 2 жылдан 10 жылға дейін, облигациялар - 5 тен 30 жылға дейін
шығарылады. Мемлекеттің бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру қатаң
регламенттелген.
Банктер қазыналық вексельдердің туынды резервтері өзінің портфелін
толтыруы үшін, сондай-ақ қолма-қол ақшаларды алу мақсатында вексельдерді
сату үшін белсенді қолданылады. Жалпылама айтқанда қазыналық вексельдер
өтімділікті қамтамасыз ету болып табылады және банктің инвестициялық
портфелінде бастапқы рольді алмайды.
Қазыналық вексельдер басқа бағалы қағаздарға қарағанда дисконтпен
шығарылады, яғни олар вексель бағасынан өзіндік жеңілдікпен белгілі бір
соманы алып тастаумен сатылады да, ал мерзім аяқталғаннан кейін инвесторға
өз жүзеге асыруға көмектесетін толық құнда сатып алынады.
Дискоттаудың жарияланған пайызында қазыналық вексельдің сату бағасын
келесі жағдайда есептуге болады:

D=M360*R (2.1.1)

P=S-D (2.1.2)

Мұнда:
D- дисконт
M- вексельді сатып алу мерзімі түскенге дейін күндер саны
R- пайыз түрінде дисконт ставкасы
P- вексельді сатып алу кезіндегі төленетін баға
S- вексельдің сатып алу құны
Табыстың нақты ставкасы бұл кезде толық жылдан есептеледі:

Y=DP*365M (2.1.3)

Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың үлкен емес пайыздық тәуекелге
иемденеді, өйткені олардың бағасы пайыздық ставкалар жоғарылаған кезде
маңызсыз төмендейді. Мүлдем басқа жағдай ұзақ мерзімді бағалы қағаздарда
пайыз нормасы өскен сайын, олардың бағасы жедел төмендейді. Ол ұзақ уақыт
ішінде тиісті төмен жылдық пайыздық төлемдермен бағалы қағаздарды
иемденумен байланысты маңызды тәуекелділікті көрсетеді. Бағалы қағаздар
өтеу мерзіміне табысты келесі формуламен көрсетуге болады:

і= A+C(P+M)2 (2.1.4)

Mұнда:
і- табыс
A- жылдық пайыздық төлемдер
C- пропорционалды жыл аралық табыс немесе шығын
P- сұралатын баға
M- өтеу мерзіміне күн
Табыс ретінде бағалы қағаздарді өтеу мерзіміне, оны өтеуге дейін
ұсталатын табыс қарастырылады. Берілген формула бағалы қағаздарға салынған
капиталдың өтелу кезінде табыс немесе шығын көлемі бағаның номиналды
бағадан жоғары немесе төмен ауытқитын осы бағалы қағаздарды иемдену жылдары
санына пропорционалды болатынын көрсетеді. Осындай жағдайда, ұзақ мерзімді
бағалы қағаздар бойынша маңызды қыса мерзімді бойынша сияқты табыс алу үшін
болашақта өтелетін бағалы қағаздар бағасы қысқа мерзімді бағалы қағаздарға
қарағанда маңызды деңгейде көлемдіде төмендеу болуы керек.
Коммерциялық банктің инвестициялық қызметті жүргізудің мақсаттарын
анықтаудың негізгі факторларының бірі - табыс алу қажеттілігі мен өзінің
активтерінің білгілі топтарының өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Табыстылық пен өтімділік - банктің жай және ерекшеленген акцияларға,
облигацияларға, мемлекеттің қарыздық міндеттемелерге, вексельдерге және
басқа сияқты бағалы қағаздар түрлері мен сыныптарына банктік қаражаттарды
салу арқасында инвестициялық қызметпен байланысты өзара тәуелді және өзара
қайтарымды факторлар болып табылады.
Мысалы, америкалық банктердің жұмыс тәжірибесінде қысқа мерзімді
үкіметтік қағаздарға инвестициялар көбіне аз табыс алып келеді, бірақ
төлемеудің нольдік тәуекелімен және нарық ставкасының маңызсыз өзгеру
тәуекелімен активтердің жоғары өтімділікті түрі болып табылады. Ұзақ
мерзімді бағалы қағаздар көбіне ұзақ уақыт ішінде жоғарырақ табыс әкеледі,
сондықтан банктер оларды мерзім аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан
кейінге дейін ұстайды. Банктер қаражаттарды муниципалды бағалы қағаздарға
салуға тырысады, өйткені олар бойынша төленетін пайыздарға салық
салынбайды.
Өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында, бірақ табыстылыққа зиянды
болып келетін, банктер тиісті үлкен емес сомаларды басқа да бағалы
қағаздарға салады: бағалы қағаздар нарығында айналатын банктік акцептерге,
коммерциялық банктерге, брокерлік ссудалар мен тауарлы- несиелік
корпорациялардың сертификаттарына табысты ұлғайту үшін, бірақ өтімділікке
зиянды, банктер қаражаттарды үкіметтік ұйымдардың облигацияларына және
корпорациялардың шектелген санындағы бірінші сыныптағы облигацияларға
инветициялайды.
Коммерциялық банктің инвестицияларының масштабтарымен әкелетін
табыстар тұрғысынан банктік табыстың несиелер бойынша пайыздар мен
жинаулардан кейін екінші көздері болып табылады.

2.2 Банктің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен тәуекелдер

Коммерциялық банктің инвестициялық қызметінің табыстылығы бірқатар
экономикалық факторлар мен ұйымдастырушылық факторларға тәуелді.
Олардың ішінде анықтаушы рольге мыналар ие:
- мемлекеттің тұрақты дамушы экономикасы; жеке және акционерлік меншік
формалары басым болатын банктік қызмет ортасын қосқанда өндіріс пен қызмет
ортасында әртүрлі меншік формаларының болуы;
- реттелген және нақты қызмет ететін қаржы- несиелік жүйенің құрылымы;
- бағалы қағаздары дамыған және цивилизацияланған нарығының болуы;
- бағалы қағаздар нарықтық институттарының болуы (инвестициялық
компаниялар, қорлар және т.б.);
- бағалы қағаздар шығару және айналу тәртібін реттейтін және бағалы
қағаздар нарығының қатысушыларының өздерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің ішкі тәуекелі туралы
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Коммерциялық банктің меншікті капиталдарының қалыптасу көздерін талдау жасау
Банктегі несиелік тәуекелділікті басқарудың теориялық аспектілері
Қаржылық менеджментте тәуекелді анықтау және талдау
Банктің жеке капиталын қалыптастыру және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамсыз ету туралы
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Қаржылық тәуекелдік
Бағалы қағаздар түрлері және олармен банктік операциялар
Пәндер