Тұтыну мақсатына берілетін несиелер


Тұытну несиесi және оның Қазқстан Республикасындағы дамуы
Мазмұны
Кiрiспе
I Бөлiм. Банк несиесiнiң мәнi және түрлерi.
1. 1. Несие туралы жалпы түсiнiктер.
1. 2. Несиенiң түрлерi және формалары
1. 3. Тұтыну несиесi
II Тарау. Тұтыну несиесiнiң қажеттiлiгi және несиенi ұсыну
шарттары бойынша талдау жүргiзу. ААҚ ШФ «Банк
Каспииский» мысал негiзiнде
2. 1. Тұтыну несиесiнiң республика бойынша берiлуiн талда.
2. 3. ААҚ ШФ «Банк Каспииский» тұтыну несиесiн ұсыну
шарттары.
III Тарау. Тұтыну несиесiнiң даму перспективалары
3. 1. Тұрғындардың өмiр сүру деңгейiн көтерудегi тұтынушылық
несиенiң рөлi
3. 2. Банктiң тұтыну несиесiн ұсынудағы тәуекелдiлiктердi
басқару жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
Кiрiспе
Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан соң банктер нарықта алдыңғы қатарлы несие беретiн мекемелер болып табылды. Банктер қаржыны жеке тұлғалар мен отбасылардан тартып отырады. Бiрақ кейбiр адамдар ойлады банктер салған ақшаларын өздерiне керек кезiнде тауып бере алама деген сенiмсiздiк те пайда болды. Соңғы дәлелдер бойынша тұтыну несиесi өте пайдалы несиенiң түрi болып, оны банктер адамдарға өте үлкен сенiммен бере алды. Шынында да әлемдегi ең үлкен банктердiң бiрi - “Ситикорп оф Нью-Йорк” - өзiнiң мыңдаған бөлiмшелерi арқылы өзiнiң өсiп келе жатқан қаржы ресурстарын тұтынушыларға ұсынып отырды (мысалы: маркетинг: несие карточкалары, тұрғын үйлерге және электрондық қызмет көрсетушiлерге) . Бiрақ банктiк қызмет тұтынушыларға бағытталған, сонымен бiрге бұл қызмет түрi банктерге өте тәуекелi жоғары әрi қымбат тұратын банктiк қызметтiң түрi болып табылды, дегенмен жеке тұлғалар мен отбасылардың қаржылық жағдайы денсаулығының бұзылуынан немесе жұмысынан айырылуына байланысты күрт өзгерiп кетуi мүмкiн. Сондықтан тұтыну несиесiн беру басқармасы бұл мәселелердiң ықтималдықтардың бәрiн есепке ала отырып жұмысын жүргiзуi тиiс. Тұтыну несиесiнiң бiрнеше түрлерi бар, сондықтан тексерулер нәтижесiнде АҚШ та депозиттiк қайта реттеу институттары және басқа да өндiрiстiк дамыған мемлекеттерде осындай несиелендiру саны, қаржылық қажеттiлiгiн қанағаттандыруға бағытталған несиелердiң көлемi өсiп келуде. Тұтыну несиесi - ол төлемiн кейiнге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге сату. Несие алушы - халық, ал несие берушi - әртүрлi өндiрiс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкiн. Тұтыну несиесi коммерциялық несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемiн кейiнге қалдырып тауар сату) және банктiк несие формасында (яғни тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру - ұзақ қолданылатын тауарлар - жиhаз, жеңiл машиналар, тоңазтқыштар, теледидарлар және т. б. ) берiледi. Несиенiң бұл түрiнде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкiн. Несие қатынастарының нақты көрiнiсiн несиенiң формалары мен түрлерi сипаттайды. Несиенiң мазмұны мен түрi диалетикалық бiрлiкте болады. Өндiрiстiк қатынастардың өзгеруi несиенiң мазмұны мен оның қолданылатын түрiн өзгертедi. Несиенiң негiзгi екi формасы: коммерциялық несие және банктiк несие болады. Бұл несие бiр-бiрiнен несие субъектiлерi, құрамы, қарыз объектiсi, динамикасы, процент мөлшерi және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Банктiк несие - ол банкте шоғырланқан қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзiмiн белгiлеп, ақша түрiнде берiлетiн несие. Коммерциялық несие мен банктiк несиенiң бiр-бiрiнен бiрсыпыра айырмашылықтары бар.
Бiрiншiден, коммерциялық несие тауар түрiнде берiлсе, ал банктiк несие ақша түрiнде берiледi. Коммерциялық несиенi тауар өндiрушiлер мен сатушылар бiр-бiрiне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшiн бередi. Банктiк несие өндiрушiден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретiнде берiледi. Екiншiден, коммерциялық несие мен банктiк несие бiр-бiрiнен, субъектiлер, яғни несие келiсiмiне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде несие берушi ретiнде де, қарыздар ретiнде де кәсiпкер жүредi. Банктiк несиеде несие берушi - банк, ал қарыз алушы - кәсiпкер.
Үшiншiден, коммерциялық несиенiң шектеулерi банктiк несие берумен жойылады, себебi банктiк несиенi қолдану өрiсi кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктiк несие халықтың барлық топтарының уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртiншiден, бұл екi несиенiң динамикасы (өсуi) да бiркелкi емес. Коммерциялық несиенiң көлемi өндiрiс пен тауар айналымының дамуына және төмендеуiне байланысты өрбiп және қысқарып отырады. Өнеркәсiптiң дамуы кезiнде оған ұсыныс пен сұраныс өсiп, дағдарыс кезiнде төмендейдi. Дағдарыстың әсерiнен тауарды өндiрумен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшiн банктiк несиеге сұраныс көбейедi. өндiрiстiң жанданып көтерiлуi кезiнде нақты капиталдың көлемi өсiп, өндiрiстiк мақсатқа жұмсау үшiн банктiк несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктiк несиенiң екi жақтылығы туындайды: қарыз алушы, оны өндiрiстiк капиталдың көлемiн өсiру үшiн пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз мiндеттемелерiн өтеу үшiн төлем құралы ретiнде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктiк несиенiң шартты түрде мұндай екiге бөлiнуi қарыздардың алған несиенi пайдалану мақсатына байланысты болады. Егер қарыздар несиенiң кепiлдiгiне тауар, вексель, бағалы қақаздарды берiп алса, онда қарыздардың банктен ештеңемен қамтамасыз етiлмеген несие алса, онда қарыздардың капитал несиесiн алғаны.
Коммерциялық несие - ол тауар өндiрушiнiң басқа тауар өндiрушiге сатқан тауары үшiн ақша төлеудi кейiнге қалдырып, оны қарызға беруi. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселi толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезiнде капиталистiк ұдайы өндiрiстiң қажетiн қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистiк несие жүйесiнiң негiзiн қалайды. Мысалы, кейбiр объективтi себептерге байланысты (тауар өндiру уақыты оны сатып, ақша түсiру уақытымен сай келмейдi, кейбiр өндiрiс жыл мезгiлдерiне байланысты ұйымдастырылып, онда өндiрiлген тауарларды сату да жыл мезгiлдерiне байланысты жүргiзiледi) бiр капиталист-өндiрушi нарыққа тауарын шығарғанда, екiншi өдiрушi - сатып алушыда қолма - қол ақша болмаған жақдайда оған бiрiншi капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие тауардың өндiрiстен тiкелей тұтынушыға түсуiн қамтамасыз етедi, сөйтiп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетедi. Ол сонымен қатар кәсiпшiлер мен сатушылардың да ақша қажетiн өтейдi.
Дегенмен коммерциялық несиенi қолдануда бiраз шектеулер бар. Олар:
- Бұл несиенiң көлемi сатылуға тиiс тауарлар қорының көлемiмен шектеледi;
- Бұл несиенiң көлемi экономикасының жағдайына байланысты өзгередi, яғни дағдарыс кезiнде капиталдың керi қозқалысы бұзылып, коммерциялық несиенiң көлемi қысқарады;
- Бұл несие тек бiр бағытта қозғалыста жүредi: оны тек өндiрiс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға бередi, керiсiнше болуы мүмкiн емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнiмiн - комбайндарды несиеге ауыл шаруашылығына сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн зауытына коммерциялық несие ретiнде өз өнiмiн бере алмайды.
Дипломдық жұмыс барысында бiрiнiшi тарауында, яғни теориялық бөлiмiнде Банк несиесiнiң мәнi және түрлерi бойынша қарастырылған.
Ал екiншi тарауында, яғни аналитикалық бөлiмiнде Тұтыну несиесiнiң қажеттiлiгi және несиенi ұсыну шарттары бойынша талдау жүргiзлген. Негiзгi мысал ретiнде - ААҚ ШФ «Банк Каспииский» - банкiне негiзделген. Сонымен қатар Ұлттық Банктiң 2004 жылдың қараша және желтоқсан айлары бойынша, ал 2005 жылдың - қаңтар және ақпан айларының аясында халыққа тұтыну мақсатында берiлген несиелерi негiзiнде талданған.
Үшiншi тарауында, яғни болжамдау бөлiмiнде Тұтыну несиесiнiң даму перспективалары қарастырылған. Мұнда тұтыну несиесiн беру арқылы халықтың жағдайына әсер ету, сонымен бiрге тұтынушылық несиесiн берудегi банктердiң тәуекелдiктердi басқару жолдары қарастырылған.
I Тарау. БАНК НЕСИЕСIНIҢ МӘНI ЖӘНЕ ТҮРЛЕРI
1. 1. Несие туралы жалпы түсiнiктер.
Несие-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Ұдайы өндіріс процессі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процесске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ -кредитор өндірістік процестің сыртында қала ды. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процессінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процессінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбінесе несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негізде бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде.
Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі нақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы -сол қаражаттың бір нақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субфенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтымсыз сипатқа ие.
Несие-бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жәке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементерге ең алдымен несиелік қатынастар субьектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несилік қатынастар субьекті сіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несилік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес, мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адам заттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды үғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін обьекті де жатады. Беру обьектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан, несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынатардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процессінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу: 1 - несиелік мәмілеге қатысушылар-кредитор және қарыз алушы - экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субьектілер ретінде болулары керек несиелік қатынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырулары қажет; 2 - несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет б. т. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитормен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру, екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады. Осылайша, несие капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында белгілі бір жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады. Несиелік қатынастардың субьектілері өзара мүдделерге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бірқалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбінесе обьектіні тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығың ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығн білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғары да айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастыралық.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар мен несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қармағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субьектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор - банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналстыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.
Қарыз алушы-несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы:
- Ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді.
- Қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
- Қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысу мен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процессін өркендете түсу керек.
- Қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді.
- Қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитор мен экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредитрға қарай кері қозғалатын обьекті болып табылады. Беру обьектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады.
Экономикалық әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т. б. жатқызады.
1. 2. Несиенiң түрлерi және формалары
Экономикалық әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т. б. жатқызады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты-тауарларды өткізуді жылдамдату.
Коммерциялық несие - бұл фексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатанастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Комерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несинің банктік несиеден айырмашы лығы мынадай:
- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құрамына қосылады.
Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құрамына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Комерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
- Қарыз алушылар категорияларына қарай:
- Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы-несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz