Қазақстанның әскери - саясаттық қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз ету


Жоспар
кіріпе
I. Тарау. Қазақстан Республикасының халыұаралық жағдайдағы қауіпсіздік мәселесі
1. 1 Қазақстан алдындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері мен стратегиялық бағыттарын анықтау
1. 2 Ланкестік - ғаламдық мәселе
2. Тарау. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қауіпсіздік және халықаралық ланкестікпен күрес мәселесіндегі қарым-қатынас
2. 1 Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар
қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы. Соңғы уақыттарда әлемнің түрлі елдерiнде болып жатқан жан түршігерлік сан-қилы оқиғалар көп мемлекеттер үшін терроризмнің аса күрделі проблемаға айналып отырғандығын көрсетсе керек. Замана дерті саналатын осынау қоғамдық қауіпті көріністің кең етек алып, өрттей қаулап бара жатқаны мемлекетаралық және ішкі саяси, әлеуметтік - экономикалық, тарихи, ұлттық, діни, тағы басқа факторлардың үлкен қайшылықтарға ұрынуымен түсіндірілмек.
Мемлекеттің қауіпсіздігін, оның тәуелсіздігі мен тұтастығын, сонымен қатар ішкі тұрақтылығын қамтамасыздандыру ұлттық мемлекеттер дәуірінде туылған, кейбір көреген зерттеушілердің болжамына қарағанда өзінің ақырына жақындаған, кез - келген мемлекеттіктің басты мәселелерінің бірі болып табылады. Соған қарамастан, Қазақстан 1991 жылдан соң, еуропалық елдер XVI1-XX ғасырларда және үшінші әлем елдерінің көбісі ХХ ғасырдың ортасында бастарынан өткізген ұлттық мемлекеттердің қалыптасу кезіндегі қиындықтарымен кездесуде. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін өзінің қауіпсіздігінің абсолютті кепілдігіне ие болатын, оны Кеңестік әскери күш қамтамасыз ететін, ал ССРО тарағаннан соң бұл кепілдіктің нәтижесі нөлге теңесті, сондықтанда бұл мәселенің шешімі осымен одан әрі күрделене түсті.
«Соңғы уақыттарда өткен геосаясаттық жағдайлардағы өзгерістермен және тәуелсіздікті жариялаумен, БҰҰ және басқада бірқатар халықаралық ұйымдарға кірумен байланысты Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, қорғанысында және ұлттық қауіпсіздігінде оған таныс емес проблемалармен түйісті». 1
Осынау жағдайды ескере отырып, соңғы кездері әлемдік қауымдастықтар терроризмге қарсы күрес шараларын белсенді түрде ұйымдастырып жүзеге асыруда.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бәрі терроризмге тікелей душар болмағанын атап өткеніміз жөн. Бұл сөз жоқ, республика басшылығының реформа барысындағы салауатты саясатының жемісі болса керек. Алайда, егеменді Қазақтанның әлемдік қауымдастық елдер қатарына енуімен қатар террористік топтардың оған деген қызығушылығының пайда бола бастағаны да жасырын емес. Сонымен қатар дипломатиялық, коммерциялық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық байланыстар да күн санап артып келеді. Көптеген мемлекеттер Қазақстанда өздерінің дипломатиялық, сауда, тағы басқа өкілеттерін ашуда. Олардың арасында террористік және экстремистік әрекеттерге ұшыраған ұйымдар да, азаматтар да бар (АҚШ, Израиль, Иран т. б. ) .
Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, ¤збекстан елдеріндегі қанды оқиғалар экстремистік топтардың өз мұраттарына жету үшін ештеңеден тайынбайтындығын тағы да дәлелдеп бергендей. Демек, тап осындай ахуал кез-келген уақытта біздің елімізде де орын алуы мүмкін.
Диплом жұмысының маңыздылығы терроризмнің қазіргі кезде қауіпті құбылыс екендігін ашып көрсету арқылы оның қоғам өмірінің қауіпсіздігіне және конституциялық тәртіпке келтіретін зиянын анықтау. Терроризмнің қоғам өміріне үрей тудыру, бұл құбылыстың ХХІ ғасыр індеті екендігін дәлелдейді. Тақырыпты анықтай және деректерден нақты материалдарды таңдай отырып, біз терроризмнің мәнін ашып, оған сипаттама беруге тырыстық. Осыған қарап тақырыптың өзекті мәселелері туралы (терроризм түсінігі, оның психологиясы, тенденциясы, түрлері, күресу әдістері, оны құқықтық реттеу) түсінік беруге тырыстық. Атап өтілген осы дәлелдердің барлығы дипломдық тақырыбымыздың теориялық, ғылыми, практикалық маңыздылығын, сонымен қатар оның көкейкестілігін негіздеу үшін жеткілікті.
Диплом жұмысының мақсаты . Терроризмнің түсінігін ашып көрсетіп, бұл құбылыстың шығу себебін талдау. Осының нәтижесінде терроризммен күресудің әдістері мен жолдарын сараптап, онымен күресудің механизмі мен стратегиясын ашып көрсету.
Зерттеу нысанасы. Тақырыпты жан-жақты ашып, ғылыми тұжырымдар жасау мақсатын көздеп, біз Интернет жүйесіндегі материалдарды, Құқықтық Орталықтағы, А. С. Пушкин атындағы кітапханадағы, Х. А. Яссауи атындағы ХҚТУ-ң кітапханасындағы кітап қорлары мен мерзімді басылым қорларын пайдаландық.
Зерттеудің міндеті. Зерттеудің басты міндетінің бірі терроризм құбылысын теориялық түрде зерттеп қана қоймай, бұл мәселені шешудің практикалық жағына да көңіл бөлу. Терроризм ауыр қылмыстардың бір түріне жататын болғандықтан, оның табиғатын айқын білмей тұрып, онымен күресу тиімсіз әрі дұрыс бағыт бермейді. Сондықтан терроризмнің түсінігін терең зерттеп отырып, оның пайда болу себептері мен психологиясын анықтау міндетін шешуге тырыстық. Осы арқылы терроризммен күресудің әлемдік тәжірибесін қолдана отырып, біз оған қарсы іс-әрекеттің механизмін жасап, оны құқықтық реттеудің жолын қарастырдық.
Зерттеудің методологиялық негізі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ғылыми - танымдық әдістер қолданылды: салыстырмалы-түсіндіру, ғылыми талдау, сараптау, сипаттау және публицистикалық. Мұның өзі авторға біржақты позиция мен догмалардан аралып, зерттеліп отырған мәселені сыни, объективтік тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді. Зерттеудің методологиялық негізін анықтағанда, қазіргі кезде ғылымда орын алып отырған зерттеудің ғылыми тәсілдерін - аналогия және эксктрополяцияны - басшылыққа алдық.
Ғылыми жаңалығы. Зерттеліп отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығына байланысты біз жаңа идеяларды ендіре отырып, оны қоғам өмірінің даму заңдылықтарымен сәйкестендіріп, негіздеуге тырыстық. Тақырыпты зерттеудің қиыншылығына қарамастан терроризмнің шығу себептерін, түрлерін, күресу әдістерін ғылыми түрде жан-жақты талдап, терроризм құбылысының мәнін ашуда ғылыми жүйелілікті қолдандық. Жұмыстың - ғылыми жаңалығы - бұрын соңды жөнді зерттелмеген терроризм психологиясы.
Бүгінгі таңда - бұл құбылыс Камикадзе-Шаћид түрінде етек алып отырғандықтан, біз осы мәселені жан-жақты зерттеуге тырыстық. Сондай - ақ тағы бір жаңалығы - жұмыста теория мен практиканың бір-бірімен ұштастырылуы.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысының негізгі практикалық маңызы сол, оның ой-тұжырымдары, сарапталған мәліметтері жаңаша көзқарастық түсініктердің қалыптасуына үлкен көмек береді деп және студенттердің өзінің білімдік қажеттігін одан әрі дамытады деп айта аламыз. Сондай-ақ, жұмыста көрсетілген бұл зұлымдыққа қарсы күрестің әдістерін іс жүзінде де мемлекет тарапынан қолдануға болады деп есептейміз.
Диплом жұмысының негізгі нәтижелері. Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ-ң «Құқық және экономика» факультетінің студенттерінің ғылыми теориялық конференциясында қаралып, онда «Терроризм психологиясы», «Терроризммен күресудің әдістері» деген жұмыстарға оңды баға беріліп, университеттің студенттік конференциясына жолдама алды. 2003 жылы 3-14 наурыз аралығында болған студенттердің ХІ-ғылыми конференциясында үздік баяндама жасағаны үшін І-ші орынмен марапатталып, конференцияның шешімі бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық конкурсына мына тақырып бойынша - «Терроризммен күресу әдістері» - жіберілді.
«Терроризм психологиясы» атты жұмыс ХҚТУ-дың студенттерінің ғылыми конференциясы еңбектерінің жинағына енгізілді.
I. Тарау. Қазақстан Республикасының халыұаралық жағдайдағы қауіпсіздік мәселесі
1. 1 Қазақстан алдындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері мен стратегиялық бағыттарын анықтау
«XX ғасыр, адамзат тарихының басқа кезеңдерімен салыстырғанда, барлық біздің планетамызды қозғалысқа келтірген уақиғаларға бай кезең болды. Екі дүниежүзілік соғыстар, отаршылдық жүйенің күйреуі және Азия мен Африкада жаңа мемлекеттердің пайда болуы, «бірінші социалистік мемлекеттің және дүниежүзілік социалистік жүйенің пайда болуы жәнеде жүзжылдық соңында оның ыдырауы, экономиканың қарқынды дамуы, планетарлық ғаламдану мемлекеттердің жеке топтарының интеграциялық бірлесулері өткен жүз жылдықты анықтады . . . »2
Кеңес Одағы ыдырағаннан соң жаңа тәуелсіз Мемлекеттер алдында, оның ішінде, бұрынғы республикалар ішінде ең соңғысы болып - 1991 жылдың 16 желтоқсанында - өзінің тәуелсіздігі туралы жариялаған, Қазақстан Республикасы алдында, ондаған жылдармен қалыптасқан экономикалық, ізгіліктік байланыстарды сақтаумен ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру және нығайту, қоғамдық өмірді түбірлі қайта құрудың іргетастық проблемалары тұрды.
Халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретіндегі өзінің болмысының бірінші күндерінен бастап, Қазақстан Республикасы тұтас халықаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша дүниежүзілік қоғамдастық салған күштерге және жалпы дүниежүзілік қатынастар жүйесінде өзіне лайықты орынды қамтамасыз етуге белсенді кірісті, бұл ұлттық қауіпсіздіктің өздік стратегиясын әзірлеу қажеттігіне әкелді.
«Адамзаттың өркениетті дамуының барлық тарихи тәжірибесі, мемлекеттің қарқынды және тұрақты өсуі жүзеге асатын шеңбердегі барлық қажетті жағдайлардың ең бастапқысы оның ұлттарының қауіпсіздігі мен мемлекеттігінің сақталуы болып табылатынын куәлендіреді. Еркіндік пен тәуелсіздікті жеңіп алу аз, оны ұстап тұру, нығайту және өзіміздің ұрпақтарымызға беруіміз керек. Келешек ұрпақ біздің ұрпақтарымыз жеңе алмаған қиыншылықтар мен проблемаларды және оларға жеткен жеңілдіктерді бізге кешіреді. Бірақ, егер біз мемлекеттігімізді жоғалтатын болсақ, тәуелсіздіктің стратегиялық негіздерінен, өзіміздің жеріміз бен ресурстарымыздан еркімізбен безетін болсақ, онда бізге ешқандайда кешірімділік жоқ . . . »3
Кеңес Одағы Қазақстанды сыртқы қауіптер мен ішкі тұрақсыздықтардан қорғады. Бірақ тәуелсіздікті алғаннан соң бұл қорғаушылық өздігінен ешқандай кепілдік бере алмады. Қазақстан жетекшілері мен басқа орталық-азиялық республикасының жетекшілеріне бұрын болып көрмеген дұшпандық қоршаумен кездесуге тура келді. Сыртқы саясат тұрғысынан қарағанда, негізгі қауіптер Қытайдың империялық әрекеттеріне, Ауғанстаннан келетін анархияның таралуына және оңтүстіктегі радикал исламның экспортталуына байланысты.
«Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңі бірінші кезекте саяси дербестігінің қалыптасуымен, мойындаудың құқықтық негізімен және Достастық бойынша жаңа көрші - серіктестерменде, бұрынғы шетелдік мемлекеттерменде, халықаралық саясаттық және қаржылық ұйымдарменде мемлекет аралық қатынастарды рәсімдеумен анықталады…. »4
Қазақстан жалпы дүниежүзілік қатынастың келешектегі жүйесінде лайықты орынды өзіне қамтамасыз етуі үшін, елдің мүддесіне ішкіде, сыртқыда сипаттағы проблемалармен келетін нұқсанды барынша болдырмауға бағытталған әрекеттің стратегиясын әзірлеуі керек. Мұндай стратегия келешекті анықтауға және мүмкіндікті апаттарға қарсы сақтандыратын шараларды қабылдауға көмектеседі.
«Қатаң сызылған ұлттық қауіпсіздік концепциясы мен оларды қамтамасыздандыру шараларының болмауы республикадағы ішкі саяси тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін, өйткені бұл фактор кейбір саяси күштер үшін өздерінің жалпы ұлттық емес мүдделерге қол жеткізу мақсатында қолданылады. Одан өзге, мұндай текті құжатты әзірлеу міндеті елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін жоғарылату тым қажеттілігімен және Қазақстан Республикасының әлуетті құрылымдарының қызметтеріндегі жетімсіздіктермен байланысты . . . »5
Соңғы жылдар ішінде Қазақстанда дербес қауіпсіздік туралы анықталған бір көріністер құралды. Олар біздің жас мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау проблемаларымен тығыз байланысты. Қауіпсіздік туралы көріністің мәліметтері сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асыру барысында әзірленген принциптерге сүйенеді. Бұлар келесі принциптер: ішкі саясатта - этникалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, экономикалық реформаларды жүргізу, президенттіктің мемлекеттік билігі мен режимін нығайту; сыртқы саясатта - ғаламдық державалар арасындағы баланстану, Достастық шеңберіндегі ұжымдық қорғаныс, азиялық қауіпсіздікті беріктендіру, Орталық Азияның интеграциясы мен еуразиялық идея.
1991 жылдың аяғында және 1992 жылдың басында Қазақстан өзінің бірінші бастапқы, қауіпсіздіктің сынамалы доктринасын белгіледі: екіжақты келісімдерді ТМД механизмдерінен сырт жүргізу, бірақ сонымен бірге Достастық институттарының дамуының жақтаушысы болып қалу. Қазақстанның жетекшілері үш мақсатты анықтады:
1) Ресей Федерациясымен ерекше қатынасты сақтау,
2) орталық - азиялық одақ құруға ұмтылу;
3) ТМД шеңберіндегі қауіпсіздік саласында кеңейген келісімге қол қою.
Одан өзге, Қазақстан мен Өзбекстан Орталық - азия регионының қауіпсіздігі туралы ұқсас көрініске ие болды. Назарбаевтың, Ресей Федерациясы бас болатын ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне байланған, Орталық - азия одағы туралы идеясы, нақты іске асырыла алатын еді. Мамыр айының ортасында, 1992 ж. ТМД бірқатар мемлекеттерінің басшылары Ташкентте кездесті. Ельцин мен Назарбаев ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойылуы үшін көп күш жұмсады. 15 мамыр 1992 ж. Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Армения ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойды. 6
Ұжымдық қауіпсіздік туралы бұл Келісім қатысушы - мемлекеттерге басқа альянстарға кіруге немесе өзара немесе үшінші жақтармен топтасуға тиым салады. Бұл бөлім Ресейдің Орталық Азиядағы жайғасымы үшін ерекше маңызды болды. Бұл бірде-бір шетелдік державаның ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт әрекетте болған кезде, әскери келісім негізінде регионға кіре алмайтынын көрсетті. Сонымен қатар біріккен қорғаныс туралы шартта қарастырылды, оған сәйкес барлық қатысушылар біріне жасалынған шабуылды бәріне жасаған шабуылдай қарастырады. Бұл келісімнің нәтижесінде Ресей Федерациясы Қазақстанның басқа державалармен одақ құруының орнына, оны қорғау міндеттемесін алды.
«1994 жылы сәуірде күшіне енген, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім әскери құрылыс аясындағы ынтымақтастықты жөнге салуға әсер етуші инструмент ретінде ғана емес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде, егемендікті қорғау мен қатысушы-мемлекеттердің территориялық тұтастығында өзінің тағайындалуын ақтады, ол ұлттық қарулы күштердің әскери және ұйымдастыруға қатысты нығаюына, АҚҚ біріккен жүйесін сақтауға, ТМД-ға кірмейтін мемлекеттермен шекараларды бірігіп қорғау аймағындағы өзара әрекеттер мен ынтымақтастықтың реттелуіне ықпал етті . . . »7
«Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерін нақты потенциалдық қауіптерден қорғану күйін көрсетеді.
Сыртқы қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының нақты және потенциалды қауіптерден және шетелдік мемлекеттер, ұйымдар мен азаматтар тарапынан болатын озбырлықтан қорғану күйі . . . »8
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі деп, конституциялық құрылысты сақтауды, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын, ішкі және сыртқы қатерден қауіпсіздендіруді, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саясаттық құрылымдардың тұрақты жұмыс істеуі мен дамуын, билік пен басқарудың институттарының мемлекеттік құрылуын: бейбітшілік пен келісуді, негізгі құқықтар мен еркіндікті қорғауды, құндылық, қоғам және мемлекет мүдделерін есепке алумен өмірлік маңызы бар тұтынуларды қамтамасыз ететін, халықаралық және қоғамдық қатынастардың жүйесі қабылданады.
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі осы саладағы саясаттың жалпы міндеттері мен басымдылығын қамтитын және қауіпсіздік мақсатына жету арқылы жүзеге асатын стратегияға сүйенеді. Бұл мақсаттар қатердің нақты көздерін айқындайды және сәйкестендіреді, оларды жою механизмдерін анықтайды және қауіпсіздік жүйесіне негізделеді. Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесі - бұл республика қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы қатерлерден тәжірибе жүзінде іске асырылуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік институттар мен саясаттық құралдардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы қауіпсіздіктің объектілері мен субъектілерін қорғауға бағытталған.
Қауіпсіздіктің негізгі объектілеріне жататындар:
Мемлекет - оның конституциялық құрылысы, егемендік және территориалдық тұтастық;
қоғам - оның материалдық және рухани құндылығы;
тұлға - оның құқығы мен еркіндігі.
Ұлттық қауіпсіздіктің стратегиясы Қазақстан Республикасының өте маңызды мүдделерінің сақталуынан шығады.
Тұрақты тіршіліктік маңызды мүдделерге жататындар:
- республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік тұтастығының сақталуы;
- халықаралық құқық принциптерінде басқа елдермен қатынасты дамыту;
- Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтай отырып халықаралық қатынастарда тайталастықты болдырмау;
- басқа мемлекеттермен арада пайда болған қарама-қарсылықтарды шешу үшін әскери күштерді қолдануды болдырмау, ұжымдық қауіпсіздік пен ұлттық күштер негізінде шабуылдарды тойтару қабілеттілігін қолдау;
- азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтау,
- Республиканың экономикасының дамуын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және ғылыми - техникалық потенциалды жоғарылату;
- азаматтардың саясаттық еркіндігін қамтамасыздандыру үшін және олардың құқығын сақтау үшін демократиялық институттарды дамыту;
- Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелдерде болуы кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Қоғамның тіршілік әрекетінде дұрыс экологиялық жағдайларды ұстану.
Біріншіден. Қатерлерге қарсы тұру осы қатерлердің сипаты мен масштабына адекватты болуы керек; өз уақытында және ескерпелі.
Екіншіден. Қатерлерді болдырмау және бейтараптандыру бойынша алдын-ала шараларды қабылдау мүмкіндігін қамтамасыздандыру.
Үшіншіден. Регионалдық және жалпы ұлттық қауіпсіздік ішіндегі мүдделердің үйлесімді ұштасуы. Қазақстан қауіпсіздігінің мүддесі тұтастай және оның жеке региондарында органикалық бірлікте шешіледі, бір-біріне нұқсан келтірмей. Осындай бірлікті қамтамасыз ететін механизм қажет.
Төртіншіден. Қазақстан қауіпсіздігі жүйесінің қауіпсіздіктің халықаралық регионалдық (жалпы еуропалық, азиялық-тынық мұхиттық және басқалары) және ғаламдану жүйелерімен, сонымен қатар басқа елдердің, әсіресе көрші елдердің, қауіпсіздіктің ұлттық жүйелерімен тоқайласуы.
Ерекше орынды ТМД және ынтымақтастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігі жүйесі алуы керек - экономикада, саясатта, мәдениет аясында, қорғаныс саласында. «Өзіміздің тәуелсіздігімізді және территориялық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуымыз керек және көрші мемлекеттермен сенімді және достықты қатынасты ұстануымыз керек. Сондықтан біз біздің жақын және тарихи достықтағы көршіміз Ресеймен сенімді және тең құқықты қатынастарымызды дамытамыз және нығайтамыз. Тура осындай сенімділік және тату көршілік қатынасты, өзара тиімді негізде, ҚХР-менде дамытамыз. Қазақстан гегемонизмге қарсы, көрші елдермен достасуға бағытталған Қытай саясатын қолдайды . . . Біздің орталық - азиялық мемлекеттермен байланысымыз және интеграциялық процестеріміз күшейе түседі . . . »9
Бесіншіден. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін тартылатын барлық күштер мен құралдарды рационалды және тиімді пайдалану.
Алтыншыдан. Қазақстанның әскери - саясаттық қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз ету.
Саясат аясында Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігін анықтайтын қатерлердің негізгі шарттары мен факторлары:
- Қазақстан Республикасының тұтастығын шайқау, оның ішінде этностар аралық және конфессионалдық қайшылықтарды қолдану жолымен;
- Қазақстан Республикасына территориалдық талап қойылуы;
- ТМД - дағы интеграциялық процестердің тұқыртылуы;
- шектес елдердегі мемлекеттік құрылымның тұрақсыз болуы;
- шектес мемлекеттердегі қарулы жанжалдар, азаматтық және этнос аралық соқтығысулар және соның салдарынан болатын миграциялық процестер;
- Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайына және беделіне, қауіпсіздігіне қатынасы бар өзекті халықаралық проблемаларды шешуде және халықаралық ұйымдар қызметінде Қазақстан тарылуы. «Біз түсінеміз, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне барлық мүмкіндікті потенциалдық қатерлер қазіргі кезде және таяу келешектеде орын алмайды, жәнеде мемлекеттің территориалдық тұтастығына тікелей әскери басып кіру мен қатер болмайды. Ресейдіңде, Қытайдыңда, Батыс пен мұсылман елдерініңде бізге шапқыншылық жасауға себептері жоқ екені айдай анық. Және бұл салыстырмалы айтылған тыныштық пен тұрақтылықтың ара қашықтығы Қазақстанның экономикалық потенциалын тиімді беріктендіру үшін қолданылуы керек, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз . . . »10
Экономикалық салады:
- Қазақстан Республикасының экономикалық дербестігін әлсірету, оның технологиялық және өнеркәсіптік потенциалын аздыру, дүниежүзілік экономикадағы отын-шикізат мамандандыруды бекітіп тастау;
- Қазақстан Республикасының бірқатар шетелдік рыноктарда қатысуын шектеу, сонымен қатар оны олардан ығыстырып шығару;
- Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы технологияға жетуіне шектеулер қою;
- Қазақстан Республикасынан тысқа бақыланбайтын капиталды және жеке стратегиялық маңызды шикізаттық тауарларды әкету;
- Қазақстан Республикасының қаржылық-экономикалық және саудалық реттеудің халықаралық механизміне толық құқықты қатысуына кедегі келтіру;
- Қазақстан Республикасының бұрынғы одақтық республикалармен сауда - экономикалық қатынасының реттелінбеуі.
Әскери салада:
- жергілікті соғыстар мен қарулы жанжалдардың болып жатырған және потенциалды ошақтары, бәрінен бұрын Қазақстан шекарасына тікелей жақын аумақтарда, немесе республикадағы жағдайға ықпал ете алу қабілеті бар жанжалдар;
- жаппай жою қаруларының ядролық және басқада түрлерін тарату, оларды жеткізу құралдары және әскери өндірістің ең жаңа технологиялары мен оларды жеке елдердің өзінің әскери және саясаттық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қолдануға тырысуымен ұштастырылуы;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының қорғануының тұтастық жүйесінің бұзылуы және режимнің анықсыздығы;
- Қазақстан Республикасымен шекаралас бірқатар мемлекеттердің жаппай жою құралдарының ядролық және басқа түрлерінің болуы;
- қаруды күштерді шектеу және қысқарту, басқа елдермен қарулы күштерді сапалық және сандық түрде арттыру саласындағы халықаралық шарттардың бұзылуы нәтижесінде стратегиялық тұрақтылықтың бүліну мүмкіндігі.
Экология саласында:
Бәрінен бұрын - Қазақстан Республикасы территориясына техногендік сипаттағы қауіп және белгілі бір мемлекеттердегі экологиялық апаттар салдарынан пайда болатын қауіптер.
Сонымен, Қазақстанның қауіпсіздік проблемалары үшін тынышсыздануы мемлекеттік сипатқа ие болды деп қорытындылауға болады. Ол өзінің қауіпсіздігіне келетін ықпал мен олардың халықаралық маңызын түсінуімен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz