Аударым берушінің банкісінің делдал банкке тапсырыс беруі


1. Қазақстан Республикасындағы банкiлiк қызмет . . . 6
1. 1 Банкiлiк қызметтiң түсiнiгi . . . 6
1. 2 Банкiлiк операциялар және тәуекелдер . . . 8
2. Халықаралық тәжірибедегі банкаралық қатынастар . . . 13
2. 1. Банкаралық корреспонденттік қатынастар . . . 13
2. 2. Халықаралық есеп айырысу қатынастары . . . 16
2. 3. Еуропалық банкілік қызметтің құқықтық реттелуі . . . 20
3. Банкілік қызметтің мемлекетаралық деңгейде құқықтық реттелуі.
ТМД шеңберіндегі тәжірибе . . . 24
3. 1. ТМД-ғы банкiлiк қызмет аясындағы мемлекеттердiң ынтымақтастығы. . 24
- Қазақстан Республикасының көпжақты есеп айырысу операцияларына қатысу жағдайлары . . . 29
3. 3. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатына қатысты екiжақты ынтымақтастығы . . . 33
Қорытынды . . . . . . …… . . . 41
Пайдаланылған қайнар көздер тiзiмi . . . . . . 44
1. Қазақстан Республикасындағы банкiлiк қызмет
1. 1 Банкiлiк қызметтiң түсiнiгi
Нарықтық экономика жағдайында кәсiпкерлiк қызметтiң, ел экономикасының дамуына банктердiң қосатын үлесі зор. Қай деңгейдегi банктер болмасын, өз қызметтерiн толық көлемде жүзеге асыруға тырысады.
“BANKO” сөзi итальян тiлiнен аударғанда “төңкерiлген стол” деген мағынаны бiлдiредi. Ертедегi Римде банкирлер көшеде ақша айырбастау iсiмен айналысқан. Кейiн келе бере банкiлiк қызмет дамып қалыптасқан. Қазiргi кезде банктер өз қызметтерiн банкілік операциялар мен мәмiлелер жасау арқылы жүзеге асырып отырады деген тұжырымдама жасауға болады.
Банкiлiк қызмет ұғымын банкiлiк саладағы ғалымдар әртүрлi тұрғыдан қарасытрған. Жалпы алғанда, банкiлiк қызметтi екi тұрғыдан түсiндiруге болады. Бiрiншiсi, теориялық, ал екiншiсi, құқықтық тұрғыдан. Теориялық тұрғыдан түсiндiретiн болсақ, Ресей ғалымы О. М. Олейниктiң айтақанындай, банкiлiк қызметтiң теориялық анықтамасы ретiнде қарапайым субъектiлiк критерилер арқылы түсiндiруге болады. Субъектiлік критерилер бойынша банкiлiк қызмет банктiң атқаратын жұмыстарының барлығы. Атқарылатын жұмыстарға банктердiң есеп айырысу және несие беру, сондай-ақ заңдарда көрсетiлген басқа да қызметтерді жүзеге асыруы жатады. Осы автордың өзi айтып өткенiндей, теориялық тұрғыдан банкiлiк қызметке субъектiлiк критерилерiмен қатар объектiлiк критерилер арқылы да анықтама берiп өткен дұрыс және қажет1.
Француз ғалымдары К. Гавальда мен Ж. Стуфле банкiлiк қызметтi келесiдей жолдармен түсiндiрген. Банкiлiк қызмет банктердiң клиенттермен немесе басқа да несие ұйымдарымен жасасқан шарт нысанында көрiнiс табады. Бұл жерде француздық ғалымдар банктер клиенттермен және басқа да субъектiлермен тiкелей шарт жасасу арқылы операцияларды орындай отырып өз қызметтерiн жүзеге асырады деп түсiндрген2.
Сонымен банкiлiк қызметке теориялық тұрғыдан берiлген анықтамаларды жинақтай келе келесiдей тұжырым жасауға болады. Субъектiлiк және объектiлiк критерилердi қарастыра келе банкiлiк қызметтi осы қызмет түрлерiмен айналысатын субъектiлердiң әрекеттерi, әлеуметтiк-экономикалық өмiрдiң банкiлiк қызметке байланысты шегi, яғни банкiлiк қызметтiң әлеуметтiк-экономикалық өмiрдегi алатын орны, сондай-ақ қаржылық құралдар, ақша, бағалы қағаздар және валюталық құндылықтар арқылы түсiндiруге болады.
Ендiгi кезекте банкiлiк қызметтi құқықтық тұрғыдан түсiндiрiп өтейiк. Банкiлiк қызмет теориялық тұрғыдан субъектiлер әрекетi, әлеуметтiк-экономикалық өмiр және басқа да факторлар арқылы түсiндiрiлсе, құқықтық тұрғыдан заңдар мен құқықтық актiлер арқылы реттеумен түсiндiрiледi. Осы заң актiлерiнде банкiлiк қызмет анықтамасы, банкiлiк қызметтi құқықтық реттеу, банкiлiк қызмет түрлерi (операциялар) және банкiлiк қызметке қатысты басқа да мәселелер қарастырылған.
Банкiлiк қызметке Қазақстан Республикасы заңдарында келесiдей анықтама берiлген. 1995 жылғы 31 тамызда қабылданған “Банктер және банкiлiк қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығы бойынша, банкiлiк қызмет дегенiмiз банктердiң банкiлiк операцияларды, сондай-ақ осы заңда көрсетiлген басқа да операцияларды жүзеге асыруы (20-бап) .
Ресей ғалымдары банкiлiк қызметке түрлi анықтамалар берiп өткен. О. М. Олейник банкiлiк қызметтi екi мағынада қарастырып өткен.
Тар мағынада, операциялар жинақталып жүзеге асырылғанда ғана банкiлiк қызметтi құрайды. Яғни бұл кез-келген банкiлiк ұйымның үш қағидадан құралған операцияларды жүзеге асырған кезде ғана мемлекет тарапынан банктi тiркеу туралы талап қою құқығын бiлдiредi. Бұл жердегi операциялар үшiн берiлетiн үш қағидаға қайтарымдылық, төлемдiк және уақыттылығы жатады.
Ал кең мағынада банкiлiк қызмет туралы мәселе тек заңмен көрсетiлген банкiлiк операциялар осы банктiң өзiмен, сондай-ақ несие ұйымдарымен жүзеге асырылғанда ғана қозғалады. Кең мағынада банкiлiк қызметке осы операциялармен қатар шетел валютасын сатып алу - сату, есеп айырысуды жүргiзу, ақша қаражаттарын инкассалау, ақша қаражаттарын сенiмдi басқару, лизинг операциялары мен тағы басқа да қаржылық құралдар бойынша арнайы субъект болып табылатын коммерциялық банктер мен несие ұйымдарының банкiлiк операцияларды жүзеге асыруы. Бұл қызмет сандық және сапалық сипатқа ие, уақыт пен кеңiстiкте таралады, сондай-ақ пайда немесе шығын алып келуi мүмкiн3.
Ал К. Гавальданың айтуы бойынша, банкiлiк қызмет үш түрлi банкiлiк операциялардан тұрады: кассалық операциялар, несие операциялары және қызмет көрсетуден тұрады. Осы ғалымның тағы бiр айтып кеткен сөзi, кассалық операциялар -ақша айналысын тұжырымдайтын операциялар4.
Сонымен, банкiлiк қызметтi жалпы мақсатқа бiрiктiрiлген ақша және басқа да қаржылық құралдар бойынша операциялар түрiн тұрақты және жүйелi түрде жүзеге асырудың жиынтығы ретiнде түсiнуге болады. Бұл операциялар жиынтығы банкiлiк қызметте тек келесi белгiлер болғанда ғана көрiнiс табады:
- жүзеге асырылу жүйелiгi, яғни жүзеге асырылатын әрекеттердi бiрiктiретiн белгiлердiң болуы;
- тұрақтылық, операцияларды жүзеге асыру қызметi, нақты операциялар ұзақ уақыт немесе нақты белгiленген уақытта жүзеге асырылады;
- барлық операцияларды тұтас алғандағы бiр бағыттылығы.
Тағы бiр қарастыра кететiн мәселе, банкiлiк қызметтiң өзiне тән ерекшелiктерi. Банкiлiк қызмет кәсiпкерлiк қызметтiң бiр түрi болып табылғандықтан, оның өзiне тән ерекшелiктерi болады. Кәсiпкерлiк қызмет пайда табу, өз мүлкi шегiнде жауап беру, тәуекелге бару секiлдi ерекшелiктерге ие болғандықтан, банкiлiк қызметтiң келесiдей өзiне тән ерекшелiктерiн атап өтуге болады. Олар:
- өздерiнiң мүлкiмен ғана емес, сонымен қатар тартылған қаражаттармен тәуекелге бару;
- банкiлiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде пайда табу;
- мемлекеттiң егемендiгiн қамтамасыз ету шарты болып табылатын қаржылық құралдар айналымынан пайда түсiру;
- осы ерекшелiктердiң болуымен қатар бiрiншi кезекте жалпы мүдденi, одан кейiн жеке мүдделердi қамтамаыз ету мақсатында кәсiпкерлiк қызметтiң осы түрiне нақты әрi мықты мемлекеттiк реттеудiң болуы.
Банктер бекiтiлген ережелер бойынша тек лицензияда көстетiлген операцияларды жүзеге асыруға ғана құқылы. Лицензияда көрсетiлмеген операцияларды жүзеге асыру ереже бойынша жарамсыз болып табылады. Банкiлiк операцияларды жүзеге асыру үшiн берiлген лицензиялар шектелмеген мерзiмге берiледi және бұл лицензияның үшiншi тұлғаға берiлуiне тиым салған. Банкiлiк операцияларды жүргiзуге берiлген лицензия үшiн алым алынады. Алымдар мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiледi, Лицензиялық алым мөлшерi, оны төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген және лицензиялық алымдар ставкасы айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген. Осы қаулыда банкiлiк операция-ларды жүзеге асырумен байланысты, сондай-ақ банкiлiк заңдарға сәйкес банктермен жүзеге асыралатын басқа да операциялар, шетел валютасымен жасалатын операциялар, есетптесу және клирингтiк қызметтер, банкiлiк қызметтi аудиторлық тексерумен байланысты қызметтер үшiн лицензиялық алымдар 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленген5.
Лицензия беруден бас тарту негiздерi “Банктер және банкiлiк қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының 27-бабында көрсетiлген. Банкiлiк операцияларды жүргiзуге лицензия беруден бас тарту негiздерi:
- ұйымдастыру-техникалық шаралары орындалмаса және бекiтiлген жарғылық капитал төленбесе;
- егер банк мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде лицензия алу туралы өтiнiш бiлдiрмесе.
Банкiлiк қызмет теориялық тұрғыдан алғанда субъектiлердiң әрекетi мен әлеуметтiк экономикалық өмiрiндегi алатын орны болып табылады. Ал құқықтық тұрғыдан алғанда, банкiлiк қызмет - банкiлiк операцияларды, сондай-ақ банкiлiк заңдарда көрсетiлген басқа да операцияларды банктердiң жүзеге асыруы болып табылады.
1. 2 Банкiлiк операциялар және тәуекелдер
Банкiлiк қызметтiң банкiлiк операциялар мен басқа да операциялардан тұратынын алдыңғы тақырыпта қарастырып өткен болатынбыз. Қарастырылып отырған банкiлiк операциялар заңда тек бiр бапта жинақталып көрсетiлсе, ғылыми зерттеулерде ғалымдар бұл операцияларды бiрнеше топтарға жiктеген. Ғалымдардың банкiлiк операцияларды топтарға жiктеуiнiң басты себебi, осы операцияларды жүзеге асыру тәсiлдерiнде екенiн айтып өткенiмiз жөн болар. Қазақстанның банкiлiк жүйесiне ұқсас Ресей банкiлiк жүйесiндегi операциялар ғалымдар пiкiрiнше төрт топқа бөлiнген.
Бұл операцияларды топтастырмас бұрын Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Банктер және банкiлiк қызметi туралы” Жарлығында көрсетiлген операцияларды көрстеiп өтейiк (30-бап) . Оларға заңды және жеке тұлғаларға банкiлiк (кореспонденттiк) есеп-шоттар ашу, жүргiзу және салымдар (депозиттер) қабылдау; жеке банкiлiк операцияларды жүргiзетiн банкiлiк және несие ұйымдарына кореспонденттiк есеп-шоттар ашу және жүргiзу; кассалық операциялар; аударма операциялары; есептеу операциялары; несие операциялары; клирингтiк операциялар; сейфтiк операциялар; төлем карточкаларын шығаруды жатқызуға болады.
Ендiгi кезекте банкiлiк операцияларды топтарға бөлiп қарастырайық. Ресей ғалымы М. М. Агарков банкiлiк операцияларды келесiдей төрт топқа бөлiп қарастырған. Бiрiншi топ - белсендi операциялар, екiншi топ - енжар операциялар, үшiншi топ - төлемге қатысты операциялар, төртіншi топ - қызмет көрсетулер. Бұл жердегi соңғы екi топ банктерге тән үш функция, яғни қаржы құралдарын қалыптастыру, несие беру және төлем айналымына үлесiн тигiзу функцияларының негiзiнде құралған қосымша топтар болып табылады6.
Белсенді операциялар : банк билеттерiн эмиссиялау, салым операцияларының барлық түрi, облигациялық қарыздар. Осы аталған операциялармен қатар тағы да бiр ескере кететiн жағдай, банктер және несие ұйымдары банк билеттерiн эмиссиялау кезiнде өз клиентiне тиесiлi үшiншi тұлғаға қойған ақшалай пайызсыз талабын өзiне алады немесе ақшалай ссуда бередi. Салым операцияларына байланысты банк немесе несие ұйымдары клиентпен жасасқан шарт бойынша үшiншi тұлға алдындағы жауапкершiлiктi қабылдайды.
“Банктер және бакiлiк қызмет туралы” Президент Жарлығның 34-бабында көрсетiлгендей, несие операциялары - бұл банктер мен жеклеген банкiлiк қызмет түрлерiмен айналысатын ұйымдардың басқа тұлғаларға мерзiмдiлiгi, қайтарымдылығы және ақылылығы шартымен ақша қаражаттарын беруi.
Банктердiң несие операцияларының жүзеге асырылуы клиентпен шарт жасасу арқылы жүргiзiледi. Несие шарты бойынша қарыз берушi екiншi тұлғаға (несие алушы) ақша немесе зат бередi, екiншi тұлға (несие алушы) бiрiншi тұлғаға (несие берушi) уақытында сол ақша сомасын немесе сондай затты қайтаруға мiндеттейдi. Алынған несие бойынша сыйақы, оның көлемi тiкелей шартта көрсетiледi7.
Енжар операциялар : банк билеттерiн шығару, ақшалай салымдар.
Банкiлiк билеттердi шығарушы бiрден-бiр банк - бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады. “Қазақстан Республикасын Ұлттық Банкi туралы” Президентiмiздiң заң күшi бар Жарлығының 40-бабында көрсетiлгендей, нақты ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан алу тек Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шектеулi құзырында болады және бұл операциялармен тек Қазақстан Ұлттық Банкi ғана айналыса алады.
Ақшалай салымдар банкiлiк операциялардың бiр түрi болып табылады, сондай-ақ бұл операциял банкiлiк заңдармен қатар Азаматтық Кодекспен де жүзеге асады. Азаматтық Кодекстiң 756-бабына сәйкес, банкiлiк салым шарты бойынша банк салымшыдан ақша (салым) алуға және төлеуге, сондай-ақ салым уақыты бiткенде шартта көрсетiлген тәртiп бойынша салымды қайтаруға мiндеттенедi. Банкiлiк салымдарды келесi түрге бөлуге болады:
1) Талап ету салымы: салымшының бiрiншi талап етуi бойынша ақша (салым) толығымен немесе жартылай қайтарылады.
2) Мерзiмдi салым: белгiленген мерзiмге дейiнгi уақытқа салынатын салым.
3) Шарттық салым: шартпен көрсетiлген банкiлiк салым жағдайы туындаған мерзiмге дейiн салынады.
Үшiншi топтағы операциялар : клиенттiң төлем операцияларын орындау, аударымдар жасау, вексель бойынша төлемдердi алу жатады. Бұл операциялар кең көлемде халықтық-шаруашылық мәнге ие. Бұндай қорытынды жасау себебiмiз, бұл операциялардың банкiлiк қызметтегi алатын орны көлемдi.
Төлемдер мен аудару (ақша аудару) операциялары белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады. Банкiлiк қызмет кәсiпкерлiк қызметтiң бiр түрi болғандықтан, бұл операциялар да Азаматтық Кодексте көрсетiлген тәртiптер бойынша да жүзеге асады.
Банкiлiк есеп бойынша, банк клиенттiң пайдасы үшiн клиенттiң үшiншi тұлғаға тиiстi ақша сомасын беру туралы билiгiн жүзеге асыруды өз мiндетiне алады. Банкiлiк есеп шарты бойынша клиентке немесе көрсетiлген тұлғаға ақшаны есептеу мақсатында жеке идентификациялық код бередi (ҚР АК. 747-бап) . Ақша аудару шарты бойынша, банк клиент тапсырмасы бойынша үшiншi тұлғаға идентификациялық код ашпай-ақ ақша аударуға мiндеттенедi (ҚР АК. 754-бап) .
Вексель бойынша төлемдердi алу операциясына тоқталмастан бұрын вексельдiң өзiне анықтама берiп өтейiк. Вексель - бiржақты сөзсiз ақшалай мiндеттеме көрсетiлген нақты нысандағы төлем құжаты. “Вексель айналымы туралы” 1997 жылғы Қазақстан Республикасы заңының 37-бабына сәйкес, вексель ұстаушы нақты күнi немесе нақты уақыты белгiленген мерзiмде вексельдi төлемге ұсыну керек. Вексель ұстаушы көрстеiлген мерзiмге дейiнгi уақыт аралығында мәжбүрлi түрде төлемдi ақбылдай алмайды (39-бап) .
Төртiншi топқа тапсырма бойынша және өз есебiнен валюталық және қордағы әртүрлi құндылықтарды сатып алу және сату, акциялар мен облигацияларды орналастыруда өзара әрекеттесу, бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау, қауiпсiз жәшiктердi (сейф) жалға беру секілді қызметтер жатады. Бұл қызметтердi коммерциялық және техникалық жағынан алдыңғы үш топтағы операциялармен бiрiктiру өте тиiмдi. Олар банк үшiн пайдалы, бұл қызметтерден түсетiн табыстар да жақсы.
Мекеме мен ұйымдар капиталына қатысуды жүзеге асыру банктер немесе несие ұйымдары арқылы жүзеге асады. Бұл жерде осы кәсiпорындардың бағалы қағаздарына бақылау жасағысы келген заңды немесе жеке тұлға банк немесе несие ұйымдары арқылы қысқа мерзiмде осы бағалы қағаздарды сатып алуға мiндеттенедi.
Банктердiң жеке сейф беруi ертеден қалыптасып келе жатқан банкiлiк қызмет көрсетудiң бiр түрi. Клиенттер осы сейфтердi өздерiнiң әртүрлi құндылықтарын (бағалы қағаздар, асыл бұйым-әшекейлер) тонау және басқа да қауiптi жағдайлардан сақтау үшiн қолданылады.
Бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау қызметiн екiге, бiрiншiсi - жай сақтау мен екiншiсi - басқару құқығымен сақтауға бөлiнедi. Жай сақтауда банк немесе несие ұйымы қабылданған бағалы қағаздарды сақтауға және талап еткен кезде қайтарып беруге мiндеттенедi.
Нарықтық қатынастар жағдайында тәуекелдер мен пайданы өлшеу қажеттiлiгi туындап отыр. Тәуекелдер деңгейi мен алынатын пайда субъективтi және объективтi факторларға тәуелдi. Банкiлiк тәуекелдердi топтастыру мәселесi де әртүрлi жолдармен қарастырылған. Ресей ғалымдарының көпшiлiгi, соның iшiнде ғалым Н. Ю. Ерпылова банкiлiк қызметтегi тәуекелдердi үш топқа бөлген8.
Бiрiншiсi, жеке қызметкерлердiң құқыққа қайшы, заңсыз және құзыретiне сай келмейтiн шешiмдерiнiң салдарынан туындайтын тәуекелдер. Бұл тәуекелдерге құндылықтарды ұрлау, нәтижесiнде банкке залал келтiретiн мәмiлелер мен операциялар жүргiзу, экономика саласында көлеңкелi немесе қылмыстық коммерциялық қарымс-қатынаста болу факторлары жатады.
Екiншiсі, басқару аппараты шешiмдерi салдарынан капиталдың төмендеуi тәуекелi. Нақтырақ айтқанда қарыз алушының несиенi қайтара алмау қабiлетiнен туындайтын несие тәуекелдерi, борышкер мемлекеттiң экономикалық, нарықтық бағаның жылжуымен байланысты нарықтық (валюталық) тәуекел, пайыздық ставкалардың банктiң қаржылық жағдайына қолайсыз әсер ету тәуекелi (пайыздық тәуекелдер), банктi басқарудың бұзылуымен байланысты операциялық тәуекелдер.
Үшiншiсi, банктерге қатысты макроэкономикалық және банкiлiк қызметтегi нормативтiк-құқықтық жағдайларды анықтайтын тәуекелдер. Олар:
- отандық және халықаралық қаржылық нарықтық банктер мүдделерiне сай келмейтiн көлемi мен табыстылығы;
- эклномиканың дамуына терiс әсер ететiн жалпы, құрылымдық тенденциялар;
- банкiлiк қызметтегi ұлттық және шетелдiк нормативтiк-құқықтық жағдайлардың қолайсыз жаққа қарай өзгеруi.
Қазақстандық ғалымдар, соның iшiнде С. Г. Сейiтқасымова банкiлiк тәуекелдердi сыртқы және iшкi тәуекелдерге бөлген9. Бұл автор тәуекелдердi бөлудiң себебi ретiнде барлық саяси және экономикалық жағдайлардан туындап отырған тәуекелдер сыртқы және iшкi факторларға кiруiн атап өткен. Сыртқы тәуекелдер банкiлiк қызметпен тiкелей байланысы жоқ саяси, әлеуметтiк, экономикалық, географиялық және басқа да факторлар әсерiнен құралады. Ал, iшкi тәуекелдер банк қызметi мен оның клиенттерiмен байланысты.
Сыртқы тәуекелдерге келсек, бiрiншiсi елдiк тәуекелдер - елдегi болып жатқан және болашақтағы саяси немесе экономикалық өзгерiстердiң елдiң және басқа да несие алушы тұлғалардың сыртқы қарыз мiндеттемелерi бойынша жауапты болу мүмкiндiгiне әсер ететiн тәуекелдер. Елдiк тәуекелге көбiнесе шетелдiк банктермен тығыз байланыстағы банктер басты назар аударады. Елдiк тәуекелдi сандық және сапалық факторларға қарап саяси, экономикалық және аударма тәуекелдерiне бөлуге болады. Саяси тәуекелдер деңгейi мемлекет үкiметiнiң сыртқы мiндеттемелердi орындау кезiндегi ынтасы мен саяси мүмкiндiгiмен көрсетiледi. Экономикалық тәуекелдер елдiң ұзақ мерзiмдегi жалпы экономикалық дамуы мен сыртқы қарыздарды қамтамасыз ету мүмкiндiгiнiң деңгейлерiмен бағаланады. Бағаланатын факторларға елдiң басшылығын, экономикалық құрылымын, реусурстарға толылығын, инфлациялық өсiм кезiндегi тұрақтылықты ұстап тұру мүмкiндiгiн жатқызамыз.
Екiншiсi, валюталық немесе бағамдық тәуекел - шетел валютасының бағамдық өзгеруi банктiң активтерi мен пассивтерiнiң өзгеруiне әкелiп соғуы салдарынан банктiң шығынға ұшырауын тудыратын тәуекелдер. Валюталық тәуекелдi болдырмау жолдары мәмiлелер жасау кезiнде анықталады. Себебi валюталық тәуекел сатып алушының немесе сатушының пайдасына керi әсерiн тигiзуi мүмкiн. Валюталық тәуекел коммерциялық және операциялық тәуекелдерге бөлiнедi. Коммерциялық тәуекел борышкердiң өз мiндеттемесi бойынша есеп айырысуда ынта бiлдiрмеуiнен немесе есеп айырысу мүмкiндiгiнiң болмауымен байланысты. Операциялық тәуекел нақты операциялар бойынша валюталық шығын әкелетiн тәуекелдер болып табылады.
Ішкi тәуекелдер банктiң ерекшелiгiне, оның атқаратын қызметiнiң сипатына және клиенттер мен контрагенттер құрамына байланысты болады. Мамандандырылған банктерде жаңа технологияларды несиелеумен байланысты тәуекелдер орын алады. Сонымен қатар көптеген инвестициялық банктерде портфельдiк тәуекелдер төменгi деңгейде болады. Салалық банктердің ең басты маңызы нақты сала түрлерi мен ерекшелiктерiне ие болатын тәуекелдер деңгейi. Салалық тәуекелдердi бiлу және түсiну үшiн жеке несие алушылармен байланысты тәуекелдердi бағалау керек. Салалық тәуекелдер экономика және қаржы саласындағы қызметтердiң өзгеру деңгейiмен байланысты.
Iшкi тәуекелдердiң бiрiншiсi , банкiлiк операциялармен байланысты тәуекелдер. Бұл тәуекел негiзiнен белсендi операциялар тәуекел мен енжар операциялар тәуекелiне бөлiнедi.
Белсендi тәуекелдер, яғни белсендi операциялар тәуекелi банктердiң өз қызметтерiн жүзеге асыру процесiнде пайыздық тәуекел деңгейiмен байланысты. Пайыз ставкасы тәуекелi бұл жерде бекiтiлген пассивтер мерзiмi және банк активтерi бойынша жоспарда жоқ шығын немесе пайда пассивтердi басқару жолымен реттелiп отырады.
Енжар операциялар көмегiмен банктер белсендi операцияларды жүзеге асыру үшiн өз ресурстарын реттеп отырады. Бакнкирлер салымдарды қайтаруды немесе берудi қамтамасыз ету үшiн қолда бар және басқа да тартылған қаражаттардың жетiспеушiлiг мәселелерiне кезiгiп қалу қаупiнен сақтанады. Осындай жағдай туындаған сәттерде, банктер болып жатқан қажеттiлiктердi тойтару үшiн қолма-қол қаражат арқылы жабу жеткiлiксiз болғанда жоғарғы ставкалар белгiлеу арқылы қаражаттар тартады. Әрине бұл әдiс банк табысының төмендеуiне әкелiп соғады. Осы жерде алынған табыстардан барлық шығындарды шегеру арқылы пайда түсiре алмау тәуекелiне тап болады.
Екiншiсi , жүйелi тәуекелдер. Жүйелi тәуекелдер акция, құнымен, оның табыстылығы, облигациялар бойынша пайыздардың өзгеруiмен, қосымша табыстар мен пайыздарды күтумен байланысты.
Үшiншiсi , несиелiк тәуекелдер, яғни несиеге бөлiнген банк активтерiнiң төмендеуi немесе актив бөлiгi бойынша несие беруден түсетiн табыстың күткен деңгейден төмен байланысты тәуекелдер. Несие тәуекелдерi несие алушыларға ұыснылатын несие түрлерiне, мерзiмiне және сонымен қатар берiлетiн несие көлемiне байланысты, әрi осы жағдайлардың салдарынан туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz