Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Жоғары сынып оқушыларына әйел көйлегін конструкциялауға үйретуде ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану

Мазмұны

Кіріспе
4
: 1- Бөлім
Кіріспе: Жоғары сынып оқушыларының конструкторлық білімін ақпараттық технологияны пайдалану арқылы дамытудың теориялық негіздері
4: 7
: 1. 1
Кіріспе: Кәсіптік білім беруді жетілдірудің қазіргі тенденциялары және олардың оқушылардың конструкторлық білімін дамытуға әсері
4: 7
: 1. 2
Кіріспе: Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттары
4: 10
: 1. 3
Кіріспе: Жоғары сынып оқушыларының конструкторлық білімін ақпараттық технологияны пайдалану арқылы дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі
4: 13
: 2-Бөлім
Кіріспе: Жоғары сынып оқушыларының конструкторлық іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
4: 15
: 2. 1
Кіріспе: Кәсіптік оқыту бағдарламасының мазмұнына талдау жасау
4: 15
: 2. 2
Кіріспе: Ақпараттық технологияны жоғары сынып оқушыларының конструкторлық іс-әрекетінде пайдалану әдістері
4: 26
: 2. 3
Кіріспе: Ақпараттық технология - оқушыларға «Филимонова» әдісін меңгерту құралы ретінде
4: 39
: 2. 4
Кіріспе: Кәсіптік оқыту шеберханасын жаңа бағытта жабдықтау
4: 48
: 3-Бөлім.
Кіріспе: Реглан жеңді киімнің өңделу технологиясы
4: 50
: 3. 1
Кіріспе: Реглан жеңнің өңделу технологиясы
4: 50
: 3. 2
Кіріспе: Тігін машинасы жұмыстары үшін жұмыс орын ұйымдастыру
4: 59
: 3. 3
Кіріспе: Машина тігістерінің түрлері
4: 61
:
Кіріспе: Қорытынды
4: 72
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4: 73
:
Кіріспе: Қосымшалар
4: 75

КІРІСПЕ

Жұмыстың көкейкестілігі: Бүгінгі таңда орта білім беретін оқу орындарына дейін жас ұрпақты жан-жақты білім негіздерімен қаруландыру және дәл оның негізін осы заманғы оқу құралдары мен қарапайым әдістер көмегімен жүзеге асыруды басты міндет етіп отыр.

ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі, білім-беру прогрессінің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту Тұжырымдамасында қазіргі мектептер:

1) практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;

2) орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т. с. с. міндеттерді көздейді.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдері нәтижелі қолданудың жолдарын іздестіру қажет.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқу үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдердің түрлері көбінде «жаңашыл», «инновациялық технология» деп аталуда.

Мектеп практикасымен танысуда мұғалімдер инновациялық технологияны қолдануға ұмтылуда. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылымы мен тәжірибеге негізделген жаңа әдістері бар. Сондықтан, мектепте әртүрлі технологиялармен оқытуда, алдымен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін жете меңгеріп, тәжірибеде сынап көрудің маңызы зор. Соның біріне мектептегі технология сабағында оқушыларды дәстүрлі емес әдістер негізінде тігін бұйымдарын конструкциялауға үйретуді жатқызуға болады.

Тігін бұйымдарын конструкциялаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол оқушыдан нақтылықты, шыдамдылықты, математикалық есептеулерді, жүйелілікті талап етеді. Яғни, тігін өндірісіне тән қағидалары ескеріледі. Осы талаптарды ескеру арқылы конструкторлық сызбаларды тұрғызу, оның «технологиясы» - болып саналады.

Оқушыны әр уақытта жалықтырмай еңбекке деген ынтасын, танымдық белсенділігін арттыруға ақпараттық технология пайдаланылады.

Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу негіздері басқа ғылым салалары секілді заман талабы мен мода ағымына сай дамып, жетіліп келеді. Конструкциялау - жеке фигураға сәйкес үлгілердің негізгі сызбаларын тұрғызу болғандықтан мектептің оқу бағдарламасының «мата өңдеу» тарауының негізгі құрамдас бөлігі ретінде саналады. Конструкциялау - бұл әртүрлі заттар мен бұйымдардың нақты сызбасын құруға бағытталған шағармашылық процесс. Конструкциялаумен шұғылдану үшін алдымен барлық графикалық білім мен ептілікті кеңейту қажет. Графикалық білім - тігін бұйымдардың конструкциялаудың жасырын заңдылықтарын анықтап ашып көрсетеді. Ол ұзақ уақыт жаттығуды талап етеді, әрі оқушылардың кеңістік түсінігін дамытады.

Өткен ғасырдың соңғы 10-20 жыл көлемінде тігін бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі емес әдістері (Лин - Жак, италияндық, любакс) жарияланып келді. Осындай жаңа сапаға ие, шығармашылық жұмыстардың біріне тігін бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістеріндегі ерекшеліктерді жатқызуға болады.

Дәстүрлі әдіспен тігін бұйымдарын конструкциялау кезінде адам денесін өлшеу және есептеу формулалары графикалық жұмыстар негізінде жүргізіледі. Оқушының зейіні тек есептеу мен графикалық жұмысқа ауады.

Дәстүрлі емес әдістерде, сызба жұмыстары мен қатар оқушының адам тұлғасын зерттеуін, дене бітімінің ауытқуларын, ерекшеліктерін табуға мүмкіндігі туындайды.

Бұл әдістің ерекшелігі тігін бұйымдарын конструкциялау барысында оқушы өзінің жеке ішкі масштабымен жұмыс жүргізеді. Типтік және типтік емес денелердің сызбаларын тұрғыза алады. Бұл жұмыс бейне мүсіншінің жұмысына ұқсас, тікелей жеке адамның дене бітімінің ерекшелігіне сай жасалады.

Оқушыны бір сарындықтан құтқарып, қызығушылығын арттырады, жиған тәжірибесі арқылы белгілі мен белгісіздіктің арасындағы байланысты орнатуға әрекет жасайды. Бұл жағдай оқушының алдына проблемалық ситуация туғызады. «Неге бұлай болды?» деген сұраққа жауап іздеуге мәжбүр болады. Яғни, оқушы сұраққа жауап тапқанда тігін бұйымдарын конструкциялау процесі қысқарады. Бұл әдістің ғылымилығы да осында болып саналады.

Оқушының іс-әрекетінде белсенділік пайда болып, осы әдістің қыр-сырын түсінуге ұмтылары сөзсіз. Жаңа әдісті тереңірек меңгеруге бағдарламаға енгізілген жаңа тарау көмектеседі.

Дәстүрлі емес әдістер мектеп оқушыларын саралап оқытуға мүмкіндік тудырады. Саралап оқыту - мектеп талабына сәйкес оқушыларды кезең - кезеңге бөліп оқытудан туындайды. Ал, әдістеме бойынша ол оқытудың жеке - дара формасына сай келеді. Жеке - дара форма көбіне дарынды немесе нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізуге қолайлы болады. Оқушылармен жеке - дара жұмыстар жүргізу дәстүрлі емес әдістерді тігін бұйымдарын конструкциялауда пайдалануда оқушылардың графикалық білімдерінің сапасын арттыруына ықпал ететін оқытудың тиімді формасы болып саналады. Тігін бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі әдісінің тігін өндірісінде ерекше орын алады. Бұл әдісте практикалық жұмыс жүргізіледі және ол дәстүрлі емес әдістерді оқып - үйренуге мұрындық болады. Оларға : И. А. Тре-Овакинян жасаған әдістемесі есептеу формулалары бойынша тұңғыш рет математикалық негізге ие болған есептеу - графикалық, П. Л. Чебышевтің сыртқы бет бойынша жазу, геодезиялық жүйелер, муляждық әдістері кіреді.

Оқушыларды тігін бұйымдарын конструкциялауға үйретуде келесі педагогикалық, әдістемелік, арнайы әдебиеттер және оқу бағдарламаларына талдау жасалынды: Педагогикалық әдебиеттер бойынша оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы Қ. Қалдықайырұлы, В. М. Монахов,

Л. Н. Оразбекова, Т. Ә. Әлдібаева /14/ «Педагогическая инноватика ка теория и практика нововедений в системе образования» Ш. Т. Таубаева, С. Н. Лактионова, әдістемелік әдебиеттер бойынша тігін бұйымдарын конструкциялауға оқыту әдістері, формалары жайлы мәліметтерді А. В. Мельникованың «Еңбекке баулу әдістемесі» /23/, А. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» /7/ - мұнда оқушыларға технологиялық ықпал жасау мәселелері қарастырылады. Ж. У. Кобдикова орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап деңгейлеп оқыту) /11/.

Арнайы әдебиеттер бойынша жеке тапсырыс жұмыстарына С. Қ. Бағжаева

«Әйелдер мен балалар киімдерін сәндеу технологиясы» /3/. А. Б. Гофман «Мода и люди», «Новая тоерия моды и модного поведения» /5/. Ермилова В. В., Ермилова Д. Ю. «Моделирование и художественное оформление одежды» /10/. Красникова - Аксенова Л. Я. «Само - учитель по конструированию и моделированию одежды» /12/. Х. И. Махмутова «Конструируем, моделируем, шьем» /21/. Е. М. Матузова, Р. И. Соколова, Н. С. Гончарук «Разработка конструкций женских швейных изделий по моделям» /16/. В. Н Филимонова «Простейшая технология конструирования одежды без расчета поформулам» /27/, Л. П. Шершнева «Әйел және бала киімін конструкциялаудың негіздері» /29/.

«Технология» /30/ атты жаға интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді. Соның ішінде оқушылардың өзіндік білім алуын халықтың, аймақтың, жанұя дәстүрлерін, жалпы адамзаттың құндылықтарын сақтауға бағытталған. «Сәндік қолданбалы өнер негізіндегі көркем қолөнер технологиясы. Тігін бұйымдарын конструкциялау» тарауының мазмұны оқушылардың білімін дамытуға байланысты киім әзірлеуді әдістермен жетілдіру негізінде түзілген.

Біз зерттеу жұмысымызда «Технология» бағдарламасына сай тігін бұйымдарының конструкциясы, киімдердің жобасы, адамның дене бітімінің дамуына әсер ететін факторларды күнделікті сабақтың жоспар бойынша қарастыру мақсатында бірнеше міндеттер негізінде қарастырылады.

Тереңдетіп оқытатын 21- тур «Конструктор - модельер» мамандығына А. С. Ұзақова, Г. А. Байғабыл «Киімдерді конструкциялау және модельдеу негіздері» /26/ «Тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеу негіздері» бағдарламасы оқушылардың сызба сызуға дайындығын, графикалық жұмыстар мен бұйым әзірлеуге алғы шарттар жасалынған.

Зерттеудің мақсаты : мектеп оқушыларына тігін бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі емес әдістері арқылы графикалық ептілігін арттыру.

Зерттеудің обьектісі: оқушыларды еңбекке баулу процесі.

Зерттеудің пәні: оқушыларға тігін бұйымдарын конструкциялаудың әдістері жайлы білім беру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер:

  • оқушыларға тігін бұйымдарын конструкциялау әдістері технология оқулығының мазмұнында анықталып, практикалық тұрғыда орындау әдістемесі жасалынса,
  • онда, оқушыларға тігін бұйымдарын конструкциялауды үйрету деңгейі жоғарылайды. Себебі, оқушыларға тігін бұйымдарын дәстүрлі емес әдістері негізінде конструкциялауды үйрету мектеп бағдарламасының мазмұнында қарастырылмайды.

Зерттеудің міндеттері:

  • тігін бұйымдарын конструкциялаудың алгоритмі ретінде алдымен педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;
  • тігін бұйымдарын конструкциялаудың негіздерін (адам тұлғасын тану, дененің формасы, пропорциясы) айқындау;
  • сызбаларды оқу ережелерінің мазмұнын ақпараттық технологиялар арқылы анықтау;
  • тігін бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі емес әдістеріне мәлімет беру;
  • тігін бұйымдарын конструкциялауға үйретудің тиімді әдістері мен формаларын анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • дәстүрлі емес әдістері арқылы оқушыларға тігін бұйымдарын конструкциялауды үйрету негіздері педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау арқылы ашылып көрсетілді;
  • тігін бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерін сабақ барысында пайдалану мүмкіндіктері нақтыланды.

Зерттеудің практикалық құндылығы: зерттеу жұмысында ұсынылып отырған әдістер тігін бұйымдарын конструкциялауда, технология пәнін оқыту барысында оқушылардың үйренуіне игі әсерін тигізеді және графикалық білімді сапалы игеруіне көмектеседі.

Оны педагогикалық тұрғыда инновациялық оқыту технологиялары зерттейді. Зерттеудің көкейкестілігін бірқатар ғылыми еңбектерді М. В. Кларин, М. М. Поташник, А. В Лоренсов., Т. И. Шамова, А. Н. Малинин, Г. М. Тюло, М. Ж. Арстанов, П. И. Пидкасистый, Ж. С. Хайдаров, О. Г. Хомерики,

Қ. М. Нағымжанова, В. П. Беспалько, Г. К. Селевко, Н. Нурахметов, Қ. Қабдықайырұлы, Ю. Н. Камалов, Н. Нурахметов, Бұзаубақова зерделей отырып, ал әдістемелік жақтарын А. В. Мельникова, А. В. Осипова, К. Өстеміров, Кругликов еңбектеріне сүйендік. «Модельер-пішуші» кәсібі бағдарламасының «Киімді құрастыру» тарауына талдау жасалынды. Киімді конструкциялау және модельдеу және киімді көркем - сәндеу бойынша Л. П. Шершнева, С. А. Жолдасбекова, киімді өңдеу технологиясы бойынша В. П. Монастырная, матаның қасиеттері мен құрылымын анықтауда А. Е. Байбатшаева, есептеу формуласыз тігін бұйымдарын конструкциялаудың қарапайым технологиясы бойынша В. П. Филимонова, Мюллер т. б. Ал, Macromedia Flash MX программасында жұмыс жасау бойынша Н. И. Крупиянов, Б. Г. Жадаев, М. В. Бурлаков, Т. К. Чанг, Ш. Кларк, Ю. Н. Артеменко талдау жасалынды. Осыларды зерделей келе біз зерттеу жұмысымыздың ғылыми аппаратын былайша құрастырдық. Сонымен зерттеу жұмысымыздың мақсаты: Мектептегі кәсіптік оқыту үрдісіне тігін бұйымдарын конструкциялауда ақпараттық оқыту технологиясын пайдалануды педагогикалық, әдістемелік тұрғыда зерделеу.

Зерттеу объектісі: кәсіптік оқыту пәнінде ақпараттық технологиясын пайдалану үрдісі.

Зерттеу пәні: кәсіптік оқыту пәнін ақпараттық технологиясы арқылы ұйымдастыру барысы.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқытудың ақпараттық технологиялары баланың мектеп табалдырығынан аттаған сәтінен бастап жүзеге асырылса, онда ол кәсіптік оқыту үрдісінде жаңаша талаптардың орын алуына игі ықпал етеді. Бұл идея оқушы санасында инновациялық құндыдықтарды дамытып, қалыптастыруды ғылыми және практикалық тұрғыда зерттеп, оның әдістемесін жасау мақсатын туғызады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:

1. Кәсіптік білім беруді жетілдірудің қазіргі тенденциялары және олардың оқушылардың конструкторлық білімін дамыту мәселесіне мәлімет беру.

2. Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттарын саралау.

3. Жоғары сынып оқушыларының конструкторлық білімін ақпараттық технологияны пайдалану арқылы дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін құру.

4. Жоғары сынып оқушыларының конструкторлық іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктеріне талдау жасау.

5. Кәсіптік оқыту бағдарламасы мазмұнындағы тігін бұйымдарын конструкциялауда «Филимонова» әдісін пайдаланудың тиімділігіне талдау жасау.

Зерттеудің әдістемелік жаңалығы:

- сабақ барысында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы ұйымдастыру жөніндегі көзқарастарға талдау жасалынды;

- ақпараттық технологиясын тігін бұйымдарын «Филимонова» әдісі негізінде конструкциялау виртуальды жұмыстар арқылы жүзеге асты.

Зерттеудің практикалық құндылығы:

Біз қарастырған ақпараттық технология арқылы тігін бұйымдарын конструкциялау оқу бағдарламасының мазмұнында қосымша енгізуде, оқулықтардың мазмұнын жетілдіруде, оқыту үрдісін ұйымдастыруда, орта білім беретін мектептің мұғалімдері оқу үрдісінде қолдануларына болады.

1-тарау. Жоғары сынып оқушыларының конструкторлық білімін ақпараттық технологияны пайдалану арқылы дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Кәсіптік білім беруді жетілдірудің қазіргі тенденциялары және олардың оқушылардың конструкторлық білімін дамытуға әсері

Жаһандық жүйелердің, хабарлар мен байланыстардың көлемі, жылдамдығы және әсері барлық елдерден білім берудің саясатпен, экономикамен, қоғам және мәдениетпен байланысына жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді, ал ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жасалуы осы үрдістердің дамуын жеделдетеді және болашақта білім беруге лайықты жаңа жағдайлар жасайды. Жаһандану дегеніміз ең алдымен, әлемдегі бір-бірімен өзара байланыстың өсуі болып табылады. Бұл өсуді әртүрлі авторлар «жылдамдатылған өзара байланыс, қашықтықтағы ойда болмаған салдарлар, уақыт пен кеңістіктің қысуы» және әлемдік масштабтағы нақты уақыт бірліктері ретіндегі шарттар деп қарастырылуда.

Кәсіптік білім саласында мемлекеттер мен олардың нарықтары арасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі, әлемдік сауданың кеңеюі мен қайта құрылуы жүзеге асуда. Бұл жағдайда мемлекеттердің өзара бәсекеге қабілеттілігі мен «жүйелердегі тәуекелге бару» санының өсуіне (экологияның бүлінуі, қаржы қайшылықтарының таралуы) мән беріліп отыр.

Мәдениет саласында көп мәдениетті полиэтникалық қоғамдар пайда бола бастады, жаһандық коммуникациялық индустрия құрылды, діни көзқарас бойынша және жалпы адамзаттық құндылықтар мен әдет-ғұрыптар мәселесі бойынша өркениеттер мен қоғамдар арасында қақтығыстар саны өсіп келеді.

Өз кезегінде ақпараттық-коммуникациялық саладағы технологиялық революция - жаһандық байланыстың бір көзі болып табылады, технологиялық революция қоғам мен адам өмірінің әр саласында болып жатқан өзгерістердің күші, ол: жұмыс пен өндіріс, тұрмыс пен қолданыс, сауда және бизнес, ойын-сауық, әлеуметтендіру және білім беру, өндірісті ұйымдастыру және мемлекетті құру, қызмет көрсету, білімнің және фактілік ақпараттың барлық түрін тарату.

Өркениеттің одан әрі қауіпсіз және тұрақты даму үрдісінің перспективалы бағытына білімге негізделген даму жатады. Яғни, әлемнің түпкір-түпкіріндегі және жеке елдердегі дамудың тарихи тәжірибесі мен ерекшеліктерін көрсететін жеке әрі жалпы жаһандық білімнің үнемді, ұтымды дамуы мен тиімді пайдаланылуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы тұжырымдамасы ғылым мен өндірістің кіріктірілуіне негізделген, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жеке дифференциалды оқытудан тұратын гуманизация мен фундаментализацияға бағытталған.

Қоғамды ақпараттандырудың терең мәні ақпарат құралдарының көмегі арқылы дамудың негізгі ресурсы ретіндегі ақпарат генерациясы мен қолданылуының негізінде қоғам мен адамның бүкіл өмірі бойындағы іс-әрекетін интеллектуалды-гуманистік тұрғыдан өзгертуде жатыр. Қоғамды ақпараттандырудың көмегімен қоғамдық сана мен тұрмыстың арақатынасы өзгеруі мүмкін.

Ақпараттық технологиялар ақпараттың өсіп жатқан темпі және олардың әлеуметтік қолданылу масштабтары мен мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу құралы ретінде пайда болды.

Қоғамның ақпараттық ортасының жылдам дамуы тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету құрылымына әсерін тигізеді және білім беру жүйесінің сәйкес бағытпен жұмыс істеуін талап етеді. Ақпараттық технологиялар өндірістік және әлеуметтік технологиялардың маңызды бөліктері болып табылады, әрі ол технологиялардың барынша жауапкершілігі мол «интеллектуалды» қызметтерін атқарады.

Ақпараттық технологиялар бүгінде адамдар арасындағы ақпараттық өзара байланысты қамтамасыз етуде және жалпы ақпаратты дайындап, таратуда маңызды роль атқарады. Ақпараттық технологиялардың дамуы қоғамды интеллектуалдандыру және білім беру мен мәдениеттің даму үрдісінде үлкен мәнге ие.

Барлық дамыған және дамушы елдерде компьютерлік және телевизиялық техника, CD-ROM оптикалық дискілеріндегі оқу бағдарламалары мен мультимедиа-технологиялар жоғары оқу орындарында ғана емес, орта және бастауыш мектептерінде де кәдімгі атрибуттарға айналды. Ақпараттық технологияларды қолдану өз бетімен білім алу және білім жалғастыру жүйелері үшін де, біліктілікті көтеру мен кадрларды қайта дайындау жүйелері үшін де тиімді әдіс болып табылады.

Телекоммуникация мен байланыс техникалық құралдарының дамуы, мультимедиялық компьютерлік технологиялардың жаппай пайда болуы, олардың бағдарламалық қосымшаларының жасалуы мектептегі оқу үрдісін жетілдіруге объективті алғышарттар жасап отыр.

Жалпы алғанда, кез келген педагогикалық технология - бұл ақпараттық технология, себебі оқытудың технологиялық үрдісінің негізін ақпарат пен оның қозғалысы құрайды.

Оқытудың ақпараттық технологиясы оқу ақпаратының негізгі көлемі мұғалімге емес, компьютерге байланысты болатын жанама оқытуды жүзеге асырады. Бұл жерде мұғалім, негізгі оқу үрдісі кезінде компьютерлік оқытуға арналған оқу-ақпараттық материалдарды жасау мен сабақ жоспарын жазуға қатысады.

Ақпараттық технологиялар оқытушыға дидактикалық мақсаттарға жету үшін оқу қызметінің барлық түрін қолдануға, яғни оқыту ортасын жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға сай таңдалып алынған құралдар мұғалімге жаңа білім мен технологиялардың пайда болуына байланысты автоматтандырылған оқу және бақылау бағдарламаларының мазмұнын тез арада жаңартуға жағдай жасайды.

Оқушылар телекоммуникациялар жүйесін қолдана алу арқылы ақпараттық тұрғыдан хабардар болып қана қоймай, дүние жүзіндегі өзінің қатар-құрбылыстарымен байланыс жасау мүмкіндігіне ие. Бұл болашақ кәсіби қарым-қатынас үшін, мұғалімнің басшылығымен оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысты орындау үшін және оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалармен айырбас т. б. үшін жақсы жағдайлар жасайды.

Педагогикалық үрдістің барлық кезеңдерінде компьютерлерді қолданудың тиімділігін дәлеледейтін көптеген мысалдарды келтіруге болады. Мысалы, оқушыларға оқу ақпаратын беру кезінде; компьютермен интерактивті байланыс жасау үрдісі кезінде оқу материалын игеруде игерілген білімді (біліктілік пен дағдыны) қайталап, бекітуде; оқытудың соңғы нәтижелеріне өздік бақылау, аралық және қорытынды бақылау жасау; оқыту үрдісіне де, оның нәтижелеріне де оқу материалдарын жетілдіру, жүйелеу арқылы түзету енгізу т. б.

Мазмұнды ғылыми ақпараттың ерекшелігін ғана емес, оқушылардың осы ақпаратты игеруінің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарының ерекшеліктерін ескере отырып, орынды әрі ұтымды құрастырылған компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану оқыту үрдісін жекешелендіріп, дифференциялауға, оқушылардың дербестігі мен танымдық белсенділігін жандандыратын ойын элементтерімен толықтыруға мүмкіндік береді.

Компьютерлік білім беру бағдарламалары ақпаратты-анықтамалық сипатқа ие бола отырып, міндетті түрде педагогикалық мақсатқа сәйкестігі тексеруден өтуі тиіс, жаңа парадигмалық-жеке жасампаз білім беру ісін жолға қоюда құндылық критерийлерін есепке ала отырып, өнеге жағынан кіршіксіз тұрақтылығына жүргізілген өзіндік экспертизадан өтуі тиіс.

Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер, оның ішінде пәнаралық, комплекстік зерттеулер жан-жақты ақпаратты қамтамасыз ету арқылы ғана табысты болмақ. Бұндай қамтамасыздық соңғы және ғылыми негіздегі ақпаратты тауып, оны іріктеп, сақтауды, оған дұрыс классификация беріп, тұтынушыға ұсынуды, оның тапсырысы бойынша қажет ақпаратты тез арада жеткізуді білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
Графика және жобалау пәнінің маңызы
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту
Конструкторлық - технологиялық дағдылар
Мектеп оқушыларын өзін-өзі тану арқылы еңбек іс- әрекетінің қүндылық бағдарын дамыту (Электротехника негізінде)
Технология пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми негіздері
Сызу және жобалау графикасы пәндерін оқыту әдістемесі
Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары
VIII-IX сыныптарда жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолданудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz