Банк қызметкерлеріне банктік несиелерді ұсыну шарттары
КІРІСПЕ
Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастарға көшу жүзеге асты, бұл банк
саласында түбірлі қайта құрудың қажеттілігін туғызды. Оның мәні банк
қызметінің нарықтық қатынастармен бірдейлігін қамтамасыз ету бойынша
шаралар кешенін қолдану, яғни жаңа банктік, оның ішінде несие саясатын
жүргізу болып табылады.
Коммерциялық банктің банкаралық несиелеуді зерттеу тақырыбы етіп
таңдауымыздың себебі: елімізде банк қызметінің бұл саласының дамуы әлі де
жеткіліксіз, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында банк қызметін
ұйымдастыру ісінде жаңа әдістер қажет. Нарыққа көшкенде банк ісінің даму
проблемасы, халыққа көрсетілетін банк қызметін жетілдіру айрықша маңызға ие
болды. Бұған бірнеше факторлар әсер етті.
Біріншіден, банк жүйесінің құрылымы өзгерді. Банк шығармашылығындағы
белсенді процесс, банк ісінің мемлекеттік монополиядан кетуі банктердің
клиенттермен өзара қарым-қатынасын өзгертті.
Екіншіден, экономикадағы ескі әкімшілік-басқару жүйесінің түбірімен
бұзылуы банк саясатының мазмұны мен оның басымдық бағыттарын өзгертті.
Осыған орай бұл еңбекте банктің ішкі несие саясатына кең мағынада (несиеор
мен қарызгер тұрғысында банк ұстанымы) айрықша назар аударылған.
Үшіншіден, несие нарығының дамуы (ұлттық және халықаралық) нарық
талаптарын ескере отырып, банк қызметі мәнінің өзгеруін көрсетеді. Банк
менеджментін, маркетингін жүргізу,жаңа технологияны енгізу, экономикалық
тәуекелдікті зерттеп, өтеу қажеттілігі туындайды. Мұның мақсаты - банк
клиенттері үшін ең аз шығындармен олардың сұраныстарын неғұрлым толық
қанағаттандыру.
Төртіншіден, нарықтық шаруашылықтағы банктердің әлеуметтік
–экономикалық рөлі клиентке көрсетілетін банк қызметінің сапасын жоғарылату
және қолданылу аясын кеңейту болып табылады. Банктердің халық қаражатын
депозиттерге тарту міндетінің күрделілігі сол, ақша бірлігінің сатып алу
қабілетінің үздіксіз төмендеуі адамдарды шетел валютасын инвестициялауға
итермелейді, сондай-ақ өтімді тауарлар алып, оларды тезаврациялық тәсілмен,
яғни банктерден бөлек сақтауға мәжбүрлейді.
Банктердің ресурстарын қалыптастырудағы банкаралық несиенің маңызын
арттыру тақырыптың өзектілігін білдіреді.
Дегенмен де қазiргi таңда банке деген сенiм күшейiп келедi. Бұл
сенiмдiлiк күн сайын арта түсуде. Елiмiздiң экономикасы жоғарылауда. Осы
тұста несие саясатының маңызының зор екенiн айтпасада түсiнiктi.
Жоғарыда аталғандарға сәйкес диплом жұмысының тақырыбы республика
экономикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң
несиелеу тұрғысынан да,коммерциялық банктердi несиелiк ресурстармен
қамтамасыз ету үшiн де өзектi мәнiне ие болады. Несиелiк саясат сенiмдi
несие алушыны, несиенiң көлемiмен мерзiмiн таңдауға қатысты шешiмдердi
қабылдаудың жалпы бағыттарына тұрады.
Диплом жұмысымның мақсаты қазiргi кездегi коммерциялық банктiң
банкаралық несие нарығындағы несиелiк саясаттың рөлiн айқындаудан және оны
үнемi жетiлдiру қажеттiлiгiнен тұрады. Банктер үнемi өзiнiң банкаралық
несие нарығындағы несиелiк саясатын нарықтық жағдайлардың өзгерiсiне
байланысты қарастырып отыру қажет. Осыған байланысты диплом жұмысының
мақсаттарына нақты бiр банктiң несиелiк саясатының әлсiз тұстарын анықтау
және проблемалық несиелердiң алдын алу мен банкке несиелiк қаражаттардың
қайтарылмай қалуын болдырмауға қатысты шараларды жетiлдiруге көңiл аудару
кiрдi, себебі банкаралық несие нарығында тартылған ресуртардың қайтарылуын
қамтамасыз ету қажет.
Осы аталған мақсатқа сай алдыма мынадай мiндеттердi қойдым:
- коммерциялық банктердің банкаралық несие нарығындағы несиелiк
саясатының мәнiн, мазмұны және оны ұйымдастыру қағидаларын
қарастыруды;
- акционерлік қоғам Қазақстанның Халық Банкінің банкаралық несие
нарығындағы несиелiк саясатының мiндеттерi мен процедураларын, және
ережелерiн анықтап талдауды;
- Қазақстан Республикасының екiншi деңгейiндегi банктердiң банкаралық
несие нарығындағы саясатын жетiлдiру жолдары нақтылауды.
Диплом жұмысымның зерттеу обьектiсi болып акционерлік қоғам
Қазақстанның Халық Банкінің банкаралық несие нарығындағы несиелiк
саясатының тактикалық және стратегиялық іс шаралары қарастырылады.
Диплом жұмысымның теориялық әдiстемелiк негiзiне: Банктер және банктiк
қызметтер туралы ҚР заңы, акционерлік қоғам Қазақстанның Халық Банкінің
ережелерi, статистикалық мәлiметтерi, отандық және шетелдiк экономист
ғалымдардың еңбектерi және интернет мәлiметтерi алынды.
I. Банкаралық несиелеудің экономикалық мазмұны
1.1 Банкаралық несиелеудің мазмұны
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауарлардың
бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе , шынымен де осындай
айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды .
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша
пайдалануға қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысы .
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз
ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік
қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде
жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін
ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие –
бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай
– ақ олардың жұмсалымдарының бір фомасын білдіретін кең ұғымды
сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын
несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде , несие – кәсіпорындар, ұйымдар
және бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру
және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге
уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар
жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір - бірімен өзара
байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен
несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша
несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы
жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы.
Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер
болып табылады. Қарыз берушілерге : банктер, банктік емес мекемелер,
мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті,
несиелік қатынастың екінші жағы. Борыщқор және қарыз алушы бір
–бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі.
Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты ғана емес, сондай – ақ
адамзаттық қатынастар жағын сипаттайды . Борыш – бұл өте ауқымды
ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар
тұлға .
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының
элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның
ерекше бөлігі, яғни қарызға берілетін құнды білдіреді.
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер
барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді .
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің әрбір формасы бір жағынан несиенің мәнін сипаттайды,
ал екінші жағынан несиелік қатынастың өзара қарым қатынысын
сипаттайды.
Экономикалық категория ретінде несиенің формаларын былайша
жіктеуге болады :
□ Материалды – заттай табиғатына байланысты : несиенің ақшалай
және аралас формасы;
□ Функционалдық белгісі бойынша ( банк клинттері мен экономиканың
қажеттілігін қанағаттандыру көз қарасымен ) – тұтыну және
өндіргіш ;
□ Несиелік келісім шарттың субъектілері бойынша: банктік,
коммерциялық, өсімқорлық .
Несиенің түрі – бүл несиелік қатынастар құрылымының , олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан ішкі және сырқы өзгерістер
барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен несие алушылар арасындағы қатынастар
өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер
береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
А. Қарыз алушылар категорияларына қарай :
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
□ мақсатты қорларға;
□ банктерге;
□ қаржы – несие мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер :
□ өнеркәсіп салаларына;
□ ауыл шаруашылығына;
□ саудаға;
□ дайындау ұйымдарына;
□ кооперативтерге:
□ жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
Б. Мерзіміне қарай:
□ қысқа мерзімді;
□ орта мерзімді;
□ ұзақ мерзімді.
В.Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
□ негізгі қорларға жұмсалатын:
□ айналым қаражатына жұмсалатын.
Г. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
□ кепілхатпен;
□ кепілдемемен;
□ кепілдікпен.
□ Сақтандырылған.
□ Қамтамасыз етілмеген:
□ сенім (бланктік) несиесі.
Ғ.Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер.
2) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер . Соңғы
қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес , күмәнді несиелер
ішінара бөлінеді : 1 – санатты күмәнді , 2 – санатты күмәнді , 4 –
санатты күмәнді , 5 – санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген , мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер .
Д. Валютамен берілуіне қарай:
□ ұлттық валютамен;
□ шетел валютасымен.
Е. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып
алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие .
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және
тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары
арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік
(тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің
негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Яғни
тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде жеке шаруашылықтағы
өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөңдеу, ұзақ уақыт
пайдалнуға жарамды заттарды сатып алуға, білім алуға, көлік алуға,
сапарға бару және тағы басқа жатады. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз
байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі
де өседі, өйткені тауарларға сұраныс несиеге де сұраныс тудырады;
екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттілігіне
сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтың
тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
2. Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді ( тұрғын үйді
өндіріс ғимараттарын , жерді және т .с. с. ) кепілге ала отырып,
ұзақ мерзімге берілетін несие .
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру , дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы .
4. Овернайт несие - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі .
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін
қысқа мерзімді несие .
6. Банкаралық несие – банктердің бір –біріне беретін несиесі .
7. Ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе
бағалы қағаздарды кепілге алып , берілетін несие .
8. Лизингтік несие - құрал – жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие .
9. Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде
пайдаланылатын несие .
10. Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген , төлем қабілеті
жоғары клиенттерге берілетін несие .
11. Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді
алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған
несиесі .
Ж. Несиелеу объектісіне қарай :
□ Меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
□ Материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
□ Сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттауға;
□ Азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар
және басқа да мүліктер алуына;
□ Ломбардтық,кепілдік және ссудалық операцияларға ;
□ Театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары
арасындағы маусымдық үзілістерге ;
□ Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
Банк қызметкерлеріне банктік несиелерді ұсыну шарттары. Банк
қызметкерлерін несиелеу олардың тұрғын үй, ұзақ мерзімге пайдаланатын
тауарларды алу, емделумен және басқа да ағымдағы қажеттіліктерімен
байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі. Банктік
несиелерді ұсыну банктің Несиелік комитеті шешімімен бекітілген, несиелеу
лимиттері шегінде жүргізіледі. Банк қызметкерлеріне банктік несие ұсыну,
оның мөлшері, қайтару мерзімі мен сыйақы ставкасы туралы сұрақтар, әр арыз
бойынша жеке банктің Несиелік комитетімен (банктің кіші несиелік комитеті)
қарастырылады. Банк қызметкерлеріне банктік несие төлемділік, мерзімділік,
қайтарымдылық және қамтамасыз етілген шарттарда беріледі. Ұсынылатын
банктік несиенің мөлшері банктің әр қызметкерлеріне қатысты жеке түрде
анықталады. Банктік несие бойынша сыйақы ставкасының мөлшері, банкте
қызметкердің жұмыс істеу стажына, перспективалығы, пайдалылығы және банкке
қызметкердің маңыздылығы, және басқа факторларға байланысты бас банктің
Несиелік комитетімен (кіші несиелік комитетпен) орнатылады. Банктің
қызметкерлеріне банктік несиелерді ұсыну, арыздың берілу кезегіне
байланысты жүзеге асырылады. Жеке еңбек келісім-шарты жасасқан кезде, онда
ерекше шарттар айтылған банктің қызметкерлеріне, банктік несиелерді беру
кезектен тыс ретімен және банкте жұмыс істеу мерзіміне байланыссыз болады.
Банктік несиені қайтарған және сол бойынша сыйақыны төлегеннен кейін, банк
қызметкері жаңа банктік несие алу құқығына ие болады. Қызметкерге ұсынған
банктік несие келісім-шартын ұзарту туралы шешім, бас банктің несиелік
комитетімен қабылданады. Банктік несиені және сол бойынша сыйақыны
қайтаруды қамтамасыз ететін, банкке кепілге берілген, банк қызметкерінің
немесе үшінші тұлғалардың өтімді жылжымалыжылжымайтын мүлкі болуы мүмкін,
сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарына қарсы тұрмайтын
міндеттемелерді қамтамасыз етудің басқа да тәсілдері.
Несиелік өнім ұсыну туралы келісім-шартты бекіту процедуралары. Банктің
несиелік өнімдерді ұсыну процесі, несие алушылардың несиелік өнім ұсыну
үшін арыздарын ұсынудан басталады. Несие алушыдан несиелік өнім ұсыну
туралы арызын алғаннан кейін және оған несиелік өнім ұсыну мүмкін екенін
қарастырғаннан кейін, оған кездесуге уақытты белгілейді. Несие алушымен
кездесуде банк бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуы мүмкін. Несие алушы
жағынан оның басқармасы немесе мұндай сөйлесулерге және қатысты ақпаратты
бере алатын несие алушы атынан уәкілетті тұлға қатысу керек. Кездесу
барысында банк қызметкерлері:
• несиелеуде несие алушының нақты қажеттіліктері анықталынады;
• несие алушымен сараптау қорытындысын дайындау үшін қажетті
мәліметтер ұсынылады;
• банк үшін тиімді және несие алушы үшін тиімді жағдайларды
қамтамасыз ету үшін несиелік өнімнің параметрлері
нақтыланады;
• несиелік қабілеттілігін, сонымен қатар сұранатын несиелік
өнімді қайтару мүмкіндігін сипаттайтын несие алушының
көрсеткіштерін бағалау алдын ала жүргізіледі;
• несие алушыдан клиенттің несиелік қабілеттілігін бағалау,
несиелік өнімнің қайтарымдылығы; проектінің құқықтық
сараптауы және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін
кепілді бағалауы үшін қажетті құжаттарды сұрау.
Проектіні сараптаудан өткізу үшін несие алушымен келесі құжаттар
ұсынылуы керек:
• несиелік өнім ұсыну үшін арыз;
• несие алушының анкетасы;
• заңды тұлғаның қаржылық құжаттары (бухгалтерлік баланс,
қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есебі, соңғы үш
жыл ішіндегі ақша қозғалысы туралы есебі);
• дебитордың және кредитордың атауымен, шығу уақытысымен және
жобаланатын төлеу уақытысымен, шығу себептерін көрсетілген
соңғы есеп беру уақытысына сәйкес болатын дебеторлық және
кредиторлық қарызды ашу;
• ссудалық қарыздың болуы немесе болмауы туралы анықтама
қағаз;
• бюджет алдындағы қарыздың болуы немесе болмауы туралы
анықтама қағаз;
• бизнес-жоспар;
• заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттары (жарғы, құрылтай келісім-
шарты), сонымен қатар мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• қажет уақытында контрактілер, тауарларды алу, жабдықтау үшін
сатып алу-сату келісім шарты (салықтық декларациялар,
сәйкестілік сертификаттар, төлем құжаттары);
• кепіл нысанына құқық беретін құжаттар немесе кепілдік пен
кепіл болушылықты ұсыну бойынша сәйкес болатын құжаттар;
• проектінің қатысушылары туралы мәліметтер, жылдық есебі,
серіктің жарнамалық заттары, анкетасы;
• заңды тұлғаның қызметкерлер саны туралы анықтама қағаз;
• басқа да керекті құжаттар.
Банк қызметкері жоғарыда аталған құжаттарды алғаннан кейін, несие
алушының қаржылық жағдайы туралы, ұсынылатын кепіл туралы, несиелік арыздың
экспресс-талдауын жасайды. Несие алушының арызын әрі қарай қарау жөнінде
шешім қабылдауды, банктің Басқарма Төрағасының орынбасары қарайды. Арызды
әрі қарай қарастыру жөнінде шешімді қабылдағанда, банк қызметкері әуелетті
несие алушымен кездесуден кейін, одан алған құжаттардан, сонымен қатар
басқа көздерден алынған қосымша ақпараттың негізінде, банктің несиелік
комитетінде қарастыру үшін несиелік ұсыныс пен сараптау қорытындысын
дайындайды. Сараптау қорытындысы міндетті түрде келесі ақпараттарды енгізу
керек:
• әлеуетті несие алушыға және онымен байланысты тұлғаларға
ұсынылған, қазіргі уақытта бар несиелік өнімдер;
• әлеуетті несие алушының қызметінің түрі, әлеуетті несие
алушының бизнесінің сипаты, сатып алушылар және
жабдықтаушылармен арақатынасы;
• Бизнесті басқару сапасымен, иелердің құрамы, акционерлер мен
менеджмент арасындағы қатынастың сипаты;
• Несие алушының нарықтағы алатын орны: негізгі бәсекелестерге
келетін нарықтың үлесі;
• өткізу көлемі;
• банктегі және басқа банктердегі шоттар бойынша айналыстың
мөлшері;
• әлеуетті несие алушының кепілді мүліктің сипаттамасы;
• ұсынылатын мәміленің тәуекелдерін талдау.
Банк әлеуетті несие алушыдан алынған құжаттар негізінде, әлеуетті несие
алушының несиелік қабілетін бағалауды, несиелік өнімнің қайтарымдылығын,
құқықтық сараптауды және міндеттемелерді орындау қамтамасыз ететін кепілдің
бағалауын жүргізеді. Проектіні сараптаудан өткізгеннен кейін, банк
қызметкерімен әлеуетті несие алушыны несиелеу бойынша ұсыныспен бірге
құжаттар пакеті дайындалады, және оны несиелік комитеттің қарастыруына
жібереді. Несиелік комитет ұсынылған құжаттарды қарастырып, әлеуетті несие
алушыны несиелеу бойынша шешім қабылдайды. Банк қызметкері несиелік
комитеттің шешімі жөнінде әлеуетті несие алушыға хабарлайды. Несиелік
комитеттің несиелік өнім ұсыну туралы шешімі негізінде банктің және
әлеуетті несие алушының уәкілетті тұлғаларымен, сонымен қатар кепілді
беретін тұлғалармен (кепілдікпен, кепіл болушылықпен), несиелік өнімді
ұсыну туралы келсім-шарт және несиелік өнімді ұсыну туралы келсім-шарт
бойынша банк алдындағы міндеттемелерді несие алушымен орындауын қамтамасыз
ететін келісім-шартты рәсімдеу мен қол қою жүргізіледі.
Банк кепіл мүлкінің келесі түрлерінің процедураларын, бағалаудың
регламентін және мониторингісін жүргізеді:
➢ тұрғын-үй, өндірістік емес және өндірістік мақсаттағы
жылжымайтын объектілерінің;
➢ құрал-жабдықтар;
➢ автокөліктер;
➢ өндірістік топтардың тауарларын;
➢ азық-түлік топтарының тауарларын;
➢ айналыстағы тауарлардың;
➢ мүліктік құқықтардың.
Мүлікті бағалауды бағалаушы мамандар жүзеге асырады, олардың білімін
анықтайтын дипломы, мүлікті бағалауға рұқсат беретін сертификаты немесе
лицензиясы болуы қажет. Мүлікті бағалауда оны көзбен көру міндетті түрде
жүзеге асырылады, ал кепілге қойылатын мүлік алыс жерде орналасқан болса,
ол орналасқан жерге маман беруі қажет. Ұсынылған мүлік банк талаптарына сай
болса, клиентке жылжымайтын мүлікті көзбен көру қажет екені жөнінде хабар
беріледі. Мүлікті көру клиент есебінен жүзеге асады. Ол барлық шығынды өз
мойнына алады. Ол сондай-ақ бағалаушы маманның қолайлы жұмыс жағдайын
жасауға және банк көмекке алған тәуелсіз үшінші тұлғалардың да шығынын
өтеуге міндетті. Кепілдікке қойылатын мүліктің бағасы мен жағдайы жөнінде
бекітілген тәртіпте бағалау бойынша қорытынды немесе мүліктің жағдайы
жөнінде жеке акт құрастырылады. Кепілге алынатын мүлікті бағалауда оның
өтімділігі, нарықтық бағасы, қайтару құны, несиені қайтару уақытындағы оның
тозуы (аккредитивті, гарантияны), және тағы басқа белгілер ескеріледі.
Несие беру мерзімі ішінде бағалаушы маман кепілге қойылған мүліктің
мониторингісін жасауға міндетті, оған мүліктің тексеру кезіндегі жағдайы,
қажет болған жағдайда қайта бағалау кіреді. Мониторинг былай жүзеге
асырылады:
➢ кепіл берушіге болашақта түсетін мүлік бойынша, оның меншігіне
енуінен бастап төменде келтірілген ретімен байланысты;
➢ айналымдағы тауар бойынша айына бір рет, банктің құзырлы органы
несиелік ресурстарды бөлу туралы және бағаланған мүліктің кепілге
алынғаны туралы шешім қабылданған күнінен бастап, несие алушының
несиені толық қайтаруы бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін;
➢ басқа мүлік бойынша – үш айда бір рет, банктің құзырлы органы

➢ проблемалық несие бойынша айына бір рет, несиенің проблемалық
сыныпқа өту күнінен бастап, мерзімді өткізу күніне дейін.
Егер бағалауды іске асыруда қиындықтар туса (мысалы аффирнирлерген
бағалы тастар мен металдар, жер қойнауын пайдалану құқығын тексеруде арнайы
білім мен тәжірибе қажет болса), банк осы сферада арнайы жұмыс тәжірибесі
бар (заңды тұлғаның арнайы бекітілген лицензиясы болуы керек) тәуелсіз
бағалау ұйымдарын жұмысқа қосады. Тәуелсіз бағалау ұйымды тарту арнайы
келісім-шарт арқылы жүзеге асырылады және бағалау кезіндегі барлық шығындар
несие алушыға жүктеледі. Бағалауды жүзеге асырудың объективті түрде өтуінің
кепілі ретінде тартылған бағалау ұйымының кепілге қойылған мүлікті
бағаланған құнда сату міндеті болады. Сондай-ақ бағалаушы маман банктің
басқа құрылымдық бөлімшелерінен мамандарды шақыра алады.
Кепілге алынатын мүлік тізімі. Кепіл мүлігі ретінде банк азаматтық
айналыстан алынбаған өтімді мүлік пен мүліктік құқығын қабылдай алады:
➢ Өндірістік мүліктік кешендері, өндірістік және қойма базалары,
элеваторлар, мұнай сақтау қоймалары, өндірістік және әкімшілік
ғимараттары, дүкендер,қоғамдық тамақтану орындары, салондар,
қонақ үйлер, техникалық қызмет көрсету бекеттері, жанар май
бекеттері және т.б.
➢ Үйлер, коттедждер, пәтерлер, саяжайлар.
➢ Жер учаскілерін (кепілге берушінің жеке меншігінде немесе
әрдайым пайдалануға құқығы берілген жер меншігі) банк сол
учаскідегі ғимаратпен бірге кепілге алады. Ғимаратсыз жер
учаскілерін банк кепіл мүлкі ретінде алмайды (ауыл шаруашылықтық
жерден басқа).
➢ Өндірістік желілер, машиналар, станоктар, жабдықтар.
➢ Автокөліктер, әуе, теңіз және өзен көліктері, ауыл шаруашылық
және арнайы техника, оларға арналған қосалқы бөлшектер мен
агрегаттар.
➢ Өндірістік топтардың тауарлары мен дайын өнімдері: түсті
металдар, мұнай және мұнай өнімдері, көмір, компьютерлік техника,
тұрмыстық техника, аффинирленген бағалы металдар мен тастар,
киім, аяқ киім және сол сияқты т.б. жоғары сапалы және сақтау
мерзімі ұзақ болатын заттар, соның ішінде айналыстағы тауарлар.
➢ Азық-түлік топтарының тауарлары мен дайын өнімдері: қант, темекі
өнімдері, дәнді дақылдар мен олардың өнімдері, спиртті сусындар,
консервіленген өнімдер, дәрі-дәрмектер және сол сияқты т.б.
жоғары сапалы және сақтау мерзімі ұзақ болатын заттар, соның
ішінде айналыстағы тауарлар.
➢ Мүліктік құқықтар: жер қойнауын пайдалану құқығы, жер учаскісін
аылшаруашылық мақсатта пайдалану құқығы, жылжымайтын және
қозғалмалы мүлікті ұзақ мерзімді пайдалануға құқығы, жеткізуді
талап ету құқығы және т.б.
Басқа да Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өтімді
мүлік пен мүліктік құқықтар.
Кепілге алынатын мүлікке қойылатын жалпы талаптар.
Кепіл ретінде ұсынылған мүліктің құнын анықтауға қажетті құжаттардың
болуы. Кепіл мүлкі жоғарғы өтімділікке ие болуы, және бағасы мен нарықтық
коньюнктурасы жеткілікті түрде тұрақты болуы қажет. Кепіл мүлкі үшінші
тұлғалардың құқықтарынан бос болу керек. Кепіл мүлкін сақтандыру, қажет
болса банктің талабы бойынша кепіл берушімен жүзеге асады. Кепіл берушінің
кепіл мүлкі бойынша бюджетке төлемдері туралы қарызы жоқтығы туралы салық
органдарынан анықтама қағазы болуы керек. Өндірістік және азық-түлік
тауарлары жоғарғы сапалы, сақтау мерзімі ұзақ болуы қажет (азық-түлік
тауарларына бір жыл, өндірістік тауарларға үш жыл), өнім номенклатурасына
сәйкес Қазақстан Республикасында міндетті сертификациялауға сай
сәйкестендіру сертификаты болуы және материалдық құнды заттарды сақтау
жағдайы, ГОСТ талаптарына сәйкес немесе техникалық жағдайға сәйкес болуы
қажет. Автокөліктер кепілге толық техникалық ақаусыз және экплуатация
мерзімі бес жылдан аспауы керек. Түсті металдардың сапасы жөнінде
сертификаты, шыққан жері туралы сертификаты, сыртқа шығаруға квотасы болуы
керек.
Кепілге ұсынылатын мүлікке қойылатын жалпы талаптардан басқа,
жылжымайтын мүлік болып табылатын кепілге арнайы талаптар қолданылады:
➢ обьектілер сейсмотұрақтылық талаптарына сай болуы қажет;
➢ жылжымайтын мүлік кепіл ретінде, кепіл берушінің жылжымайтын
мүлік орналасқан жер учаскісіне меншік құқын немесе пайдалану
құқын толық сатып алғаннан кейін алынады.
➢ ғимараттар құрылысы толық аяқталған кейін, құзырлы мемлекеттік
органдардан техникалық тіркеуден өткеннен кейін алынады.
➢ егер мемлекеттік меншіктің үлесі бар болса, құзырлы мемлекеттік
органдардың рұқсаты керек.
➢ Кепіл ретінде алынбайтын объектілер:
- бағалау кезінде толық жөндеуді қажет ететін, толық
косметикалық жөндеуді қажет ететін, еден, сантехниканы
ауыстыруды қажет ететін және т.б. объектілер;
- құрылысы аяқталмаған, қайта құрылыста немесе көлемді
жөндеуде жатқан объектілер, 1965 жылға дейін қолдануға
енгізілген, бірақ егер олар жоғарғы өтімділік пен сұранысқа
ие болатын жағдайлардан басқа;
- физикалық тозуы 65% асатын болса;
- егер баспанаға тиісті жер учаскісі 5 соткадан аз болса;
- бағаланатын объектіге таяу жерде жергілікті қолайсыз
факторлар болса.
Банктің несиелік портфелімен байланысты тәуекелдер:
Өтімділікті жоғалту тәуекелі – банктің несиелік қызметінің сипатына
тәуелді, банктің өз міндеттерін орындамау және уақытында орындамау
мүмкіндігімен байланысты тәуекелдер;
Проценттік тәуекел – сыйақы ставкаларының жағымсыз өзгерулерінің
нәтижесінде шығыстардың пайда болу тәуекелі. Ол мыналардан пайда болуы
мүмкін:
➢ банктің орналастырылған активтері мен тартылған міндеттемелерін
қайтару мерзімдері мен төлемдерінің сәйкес келмеуі (тұрақты
сыйақы ставкалары кезінде);
➢ активтері бойынша бір жағынан және міндеттемелері бойынша екінші
жағынан банкпен әр түрлі ставкаларды пайдалану (тұрақты немесе
қалқымалы);
➢ басқа бірдей жағдайларда бағалық ұқсас сипаттары бар, құралдар
реті бойынша алынатын және төленетін сыйақыларға түрлі есептеу
және түзету әдістерін қолдану;
Валюталық тәуекел – банк несиелік қызметті жүргізгенде, шетелдік
валюталардың курстарының өзгеруімен байланысты шығыстардың пайда болу
тәуекелі;
Бағалық тәуекел – қаржылық құралдардың құнына әсер ететін, қаржы
нарығының өзгеруімен байланысты, банктің несиелік портфелінің құнының
өзгеруі нәтижесінде шығыстардың пайда болу тәуекелі;
Операциялық тәуекел – банктің ішкі бақылауды ұйымдастыратын талаптарды
бұзғаны нәтижесіндегі шығыстардың пайда болу тәуекелі. Бұл банк
қызметкерлерімен ішкі құжаттармен анықталған процедуралар мен қызметтерді,
және несиелік тәуекелді басқару шарттарын сақтамағаны кезінде болады.
Бөлек несиелік өнімдер бойынша тәуекелдер:
Клиенттің тәуекелі – клиенттің құқықтық статусы және қаржылық жағадайын
талдау негізінде анықталатын, клиенттің жұмыс істеу қабілеті және қаржылық
жағдайымен байланысты тәуекелдер;
Мәміле тәуекелі – құқықтық және экономикалық сараптауды өзіне енгізген,
жоба талдау негізінде, клиенттің бизнесімен, клиенттің нарықтағы
жағдайымен, қаржыландыруға ұсынылатын мәміленің мәнімен байланысты
тәуекелдер;
Қамтамасыз ету тәуекелі – банктің алдындағы өз міндеттемелерін дұрыс
орындамағаны кезінде, оны жабу үшін клиентпен ұсынылатын кепілмен
байланысты тәуекелдер. Оны белгілі бір өтімділік сыныбына жатқызу жолымен,
ұсынылған кепілдің талдауынан анықталады.
Валюталық тәуекел - банк несиелік қызметті жүргізгенде, шетелдік

Қаражаттарды мақсатсыз пайдалану тәуекелі – клиентпен несиелік
ресурстарды мақсатсыз пайдалану мүмкіндігімен байланысты шығыстардың пайда
болу тәуекелі. Бұл банк алдындағы келісім-шарт бойынша міндеттемелерді
орындамауына немесе дұрыс орындамауына әкелуі мүмкін.
Банк өзінің несиелік қызметінде несиелік тәуекелдерді шектеу үшін
келесі шараларды қолдануы мүмкін:
❖ несиелеудің жалпы лимиті;
❖ несиелік өнімдерге орналасуы мүмкін болатын, банкпен тартылған
ақшалардың үлесіне лимит;
❖ ұсынылатын несиелік өнімдердің әр түріне қатысты лимит;
❖ экономика салалары мен аймақтардың кескінінде банктің несиелік
өнімдерді шоғырландыруына лимит;
❖ бір қарыз алушыға лимит;
❖ несиелеу мерзімдері бойынша лимит;
❖ валюта түрлері бойынша лимит;
❖ қамтамасыз ету түрлері бойынша лимит;
❖ несие алушылар бойынша лимит;
❖ банк филиалдары бойынша лимит;
❖ банк-контрагенттермен операциялар үшін жеке лимиттер;
❖ банктің несиелік тәуекелдерін диверсификациялау болатын,
шектеулердің басқа түрлері.
Несиелік комитеттердің құрылымы, қызметтері және міндеттері. Несиелік
комитеттердің негізгі міндеті болып, несиелеу тәуекелдерінің максималды
кемуіне және несиелік өнімдерді ұсынумен байланысты операциялардан
максималды табысты қамтамасыз ету жағдайында банктің ішкі несиелік саясатын
іске асыру табылады. Несиелік комитеттің құрамына Комитеттің төрағасы,
Комитет төрағасының орынбасары және басқа мүшелері кіреді. Несиелік
комитеттің отырысына дайындалу, комитеттің мүшесі болып табылмайтын банк
қызметкерлері санынан тағайындалатын, несиелік комитеттің хатшысымен жүзеге
асады. Несиелік комитеттің отырысында, несиелік комитеттің төрағасы немесе
басқа мүшелерінің ұсынысымен, осы отырысқа шақырылған банктің қызметкерлері
қатысуы мүмкін. Несиелік комитеттер, сонымен қатар банктің басқа мүшелері
банктің жарғысына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, несиелік
шешімдер қабылдау бойынша құқығына ие болады. Несиелік шешім дегеніміз:
➢ несиелік өнімді ұсыну туралы шешім;
➢ несиелеу шарттары туралы шешім (несиелеу мерзімі, сомасы, сыйақы
ставкасы, несиелеу мақсаты, сыйақы төлеу және негізгі қарызды
қайтару графигі, айыптық санкциялардың мөлшері, қамтамасыз ету
тәсілдері, ерекше жағдайлар);
➢ несиелеу шарттарының өзгеруі туралы шешім;
➢ несиелік өнімді ұсынудан бас тарту туралы шешім;
➢ проектіні жетілдіруге жіберу туралы шешім.
Несиелік комитеттің қызметтері:
❖ бекітілген лимиттер және қатысты банк бөлімшелерінің қажетті
сараптау қорытындылары шегінде несиелік өнімдерді ұсыну туралы
арыздарды қарастыру және мұндай қарастырудың нәтижесінде шешім
қабылдау;
❖ сомаларды, мерзімдерді, сыйақы мөлшерін (соның ішінде
комиссиялық), қарызды қайтару және несиелік өнімдер бойынша
сыйақыны төлеу реті, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін
нысаны мен тәсілін және басқаларды анықтау;
❖ бұрын ұсынылған несиелік өнімдер бойынша несиелеу жағдайларын
өзгерту туралы шешімді қабылдау (соның ішінде соманың, мерзімнің,
сыйақы мөлшерінің өзгеруі, міндеттемелерді қамтамасыз ететін нысан
мен тәсілді ауыстыру, қайтару графигін өзгерту);
❖ банктің несиелік портфелінің сапасы бойынша, бас банктің несиелік
комитетімен үнемі бақылауды жүргізу және кіші несиелік комитет пен
филиалдар комитетімен ағымдағы бақылауды жүргізу;
❖ өзінің құқы шегінде несиелеу мониторингіне бақылау жүргізу, соның
ішінде соған қатысты бөлімшелердің несиелік портфелдің мониторингі
бойынша есептерін тыңдау жолымен;
❖ банк басқармасының төрағасы алдында несиелік комитет туралы
қаулыларды бұзған күнәліні және несиелік комиттердің шешімдерін
орындамаған банктің қызметкерлеріне тәртіп жөніндегі жаза шараларын
қолдану туралы өтініш ету, сонымен қатар оларға Қазақстан
Республикасының заңдармен қарастырылған басқа да жауапкершілік
шараларын қолдану;
❖ банкте несиелеу процесіне жататын басқа сұрақтарды қарастыру.
Сонымен қатар бас банктің несиелік комитеті келесі қызметтерді
жүргізеді:
❖ несиелік досьелерді қалыптастыру бойынша стандарттарды және
несиелік өнімдерді ұсыну үшін белгілерді бекіту;
❖ банк-контрагенттермен операциялары үшін жеке лимиттерді бекіту;
❖ келесі несиелеу лимиттерін бекіту (банк басқармасымен бекітілетін,
жеке тұлғалар бойынша, сонымен қатар шағын және орта бизнес
субъектілерінің лимиттерінен тыс): жалпы несиелеу лимиті,
ұсынылатын несиелік өнімнің әр түріне, бір қарыз алушыға, несиелеу
мерзімі бойынша, валюта түрлері бойынша, қамтамасыз ету түрлеріне,
аймақ, сала бойынша, қарыз алушының сипатына байланысты, банк
филиалдарына;
❖ несиелік өнімдердің түріне және мазмұнына талаптарды бекіту;
❖ 100% клиенттің ақшасымен қамтамасыз етілген банктік кепілдікті
беру туралы шешім қабылдау бойынша жұмысын, басқа мүшелерге және
басқаратын тұлғаларға делегирлеу құқығының болуы;
❖ банктің облыстық филиалдарының несиелік комитеттерінің құрамын
бекіту;
❖ бас банктің несиелік комитеті орнатқан несиелеу лимиттерінен
асатын қаржыландыру сомасы туралы проектілер бойынша филиалдар
комитеттерінің іс жүргізуін қарастыру, және сол қарастыру нәтижесі
бойынша шешім қабылдау;
❖ несиелік өнімдер бойынша несие алушылардың қарыздарын бас банктің
(филиалдың) балансынан филиалдың (бас банктің) балансына беру
туралы шешімдерді қабылдау;
❖ ай сайын кіші несиелік комитеттің жұмысы туралы есептерді тыңдау;
❖ банктің несиелік тәуекелге шалдыққанына, активтер сапасына, үнемі
түрде үлкен тәуекелмен және үмітсіз барлық несиелік өнімдерге
талдау жасау;
❖ банктегі несиелеу процесіне қатысты басқа да сұрақтарды қарастыру.
Несиелік комитеттің мүшелері, несиелік өнімдерді ұсыну туралы шешім
қабылдаған кездегі банктің ішкі несиелік саясатының іске асуына
жауапкершілікте болады. Несиелік комитетпен шешім қабылдау үшін ұсынылатын
ақпарат, конфиденциалдыққа жатады және банктік құпиясы болып табылады, оны
жан жақты айтқаны үшін несиелік комитеттің мүшелері және банктің басқа да
қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған
жауапкершілікте болады
ІІ. Банкаралық несиелеу операцияларын талдау ("Қазақстанның Халық банкі "
мысалында)
2.1. Банкаралық несиелеу операцияларын талдау ("Қазақстанның Халық банкі"
мысалында)
Акционерлік қоғам Қазақстанның Халық банкі Қазақстан Республикасының
ірі әмбебап коммерциялық банктердің, сенімді және диверсификациялық
қаржылық құрылымның бірі болып табылады.
Акционерлік қоғам Қазақстанның Халық Банкі Қазақстан Республикасының
қайта құрылған Жинақ банк базасында құрылып және көптеген жылдар бойы
зейнетақы және жәрдем ақы төлеу бойынша ҚР Үкіметінің агенті болып
табылған. 2001 жылы өткізілген Халық банкті жекешелендіру клиенттерге кең
сапалы қызметтер түрлерін көрстеуге мүмкіндік берді. Акционерлік қоғам
Қазақстанның Халық Банкінің Басқару Төрағасы Марченко Григорий
Александрович болып табылады.
Банк филиалдардың ең кең тараған жүйесін – 622 Қазақстан Республикасында
және шетелде өкілеттіктерді (Лондон, Пекин, Киргизия) иемдейді. Және
сонымен қатар банкоматтардың ең көп тараған жүйесін – 313, POS –
терминалдар мен импринтердің – 2000 жуық иемдейді. 2005 жылдың мәліметтері
бойынша банк 1250 жеке тұлғалардың жедел депозит шоттарын және 800 мыңнан
астам карточкалық шоттарына қызмет етеді. Халық банк төлеу жобалар бойынша
Қазақстанның банктер арасында жетекші орында : 2,5 млн. астам зейнетақы мен
жәрдемақыны, 1 млн. астам төлем карточкалар мен жинақтаушы шоттар арқылы
еңбек ақыны алады.
2006 жылдың 1 мауысм жағдайы бойынша : Банктің активтері 762,7
млрд.теңгені құрайды, жеке капитал (баланстық) – 67,5 млрд. теңгені
құрайды, ал таза пайда – 7,5 млрд теңгені құраған.

Қазақстанның Халық банкі әр – түрлі қаржылық және қоғамдық ұйымдармен іс
қатынастарды иемдейді. Халық банктің серіктестері болып шетел және
қазақстандық банктер, инвестициялық қорлар, заң компаниялар, рейтингтік
агентствалар, бизнес – құрылымдар мен компаниялар табылады.
Бүгінгі күні Акционерлік қоғам Қазақстан Халық банкі жүйесі бойынша
Қазақстанның 17 қаласында 26 Дербес сервис орталығы (ДСО) жұмыс істейді.
Дербес сервис орталықтарының барлығында сізге жеке менеджер бөлінеді және
жедел, сапалы әрі ыңғайлы жағдайда жеке тұлғаларға арналған кез келген банк
қызметін көрсету қарастырылған:
-жеке шот ашу;
- $ 3000 және одан асатын сомада (немесе соған барабар сомада, теңгемен)
депозит ашу;
- VISA Classic және ECMC Mass, VISA Gold және ECMC Gold, AMEX пластикалық
карточкаларын ашу және қызмет көрсету;
- құнды заттар мен құжаттарды дербес сейфте сақтау үшін сейф (депозитарий)
қызметін пайдалану (сейфтік депозитарийлер бар ДСО-да);
- $ 3000 және одан көп сомада (немесе соған барабар сомада, теңгемен)
кредит алу;
- ақша аудару: жедел, экспресс, Money Gram;
- коммуналдық және басқа төлемдер жүргізу;
- жеке тұлғаларға арналған аккредитивтік нысанмен есеп айырысу;
- ақша айырбастау операциялары;
- банк операцияларының басқа түрлері (валюта айырбастау, төлемдер,
аударымдар,т.б.)
Дербес қызмет көрсету орталықтарының жұмысы конфиденциалдық, өзара
түсіністік және беделге ие болу қағидаттарына сүйенеді.
Халық банктің серіктестері болып шетел және қазақстандық банктер,
инвестициялық қорлар, заң компаниялар, рейтингтік агентствалар, бизнес –
құрылымдар мен компаниялар табылады. Қазіргі уақытта Департаментпен
НОСТРО шоты бойынша 35 банкпен корреспонденттік қатынастар бекітілген.
Олардың ішінде – 23 шетел банктер, 6 – ТМД елдерінің банктер болып
табылады. Банк корреспонденттердің ЛОРО шотының саны 89 құрайды, олардың
ішінде 54 шот қазақстан теңгеде, ал қалғандары шетел валютасында ашылған.
Халық банктің банк – корреспонденттер желісіне жоғары рейтинг деңгейі бар
банктер кіреді : American Express Bank LTD, CITIBANK N.A, Commercbank AG,
Credit Suisse First Boston, Deutsche Bank AG, Midland Bank plc, The Chase
Manhattan Bank N.A, ООО Дойче банк Москва және басқалар болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстанның Халық банкі Moody‘s Standard Poor’s, Thompson
Bankwatch Bree сияқты рейтингтік агентстволармен ұзақ мерзімді қатынастар
болды. Халықаралық қаржылық нарықта банктің бұрыннан бері серіктестер болып
– Халық банкінің евробондтарын шығаруға қатысқан және рейтингтік кеңесші
функциясын жүзеге асыратын – Lehman Brothers компаниясы; Халық банк үшін
1998 жылы синдикатталық қарызды құрған – American Express Bank LTD; Халық
банкпен бірге көк фишка бағдарламасы бойынша АҚ Казахмыс, АҚ
Мангистаумунайгаз мемлекеттік акциялар топтамасын жасауға қатысқан
Credit Suisse First Boston банкі және көптеген басқа да банктер.
Қазақстанда Халық банкінің ірі серіктесі болып 1999 жылдың 20 желтоқсанда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес мемлекеттік 100 % акция
пакеті Акционерлік қоғам Қазақстанның Халық банкіне басқаруына берген
ААҚ Казпочта.
Халық банкінің еншілес компаниялар :
• Акционерлік қоғам Halyk Finance
• Ұлттық процессинг орталығы АҚ
• Халық банк Қырғызстан ААҚ
• Хлебный АКБ ААҚ
• Қазшетсақтандыру АҚ
• НБК - Финанс инвестициялық компаниясы
Қазақстан Халық банкінің клиенттеріне көрсететін негізгі қызметтердің
түрлері:
– Заңды және жеке тұлғаларға банктік шотын ашу және жүргізу;
– Заңды және жеке тұлғалардан салымдарды қабылдау;
– Заңды тұлғаларға транзиттік шоттар жүйесін ашу;
– Заңды тұлғаларға жинақтаушы шоттар жүйесін ашу;
– Клиент филиалдарына ағымдағы лимиттік шоттар жүйесін ашу арқылы
клиенттерге агенттік қызметтерді көрсету;
– Аударым операциялар : зейнетақы төлемдерін қоса, ақша аудару бойынша
заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау;
– Кассалық операциялар : қабылдау, төлеу, санау, банкноталар мен
монеталарды айырбастау және т.б;
– Банктің басқа филиалында ашылған клиенттің шотынан заңды тұлғаның
өкілдеріне Банктің әр филиалында қолма – қол ақшаларды алу
мүмкінідігі;
– Инкассация қызметтер және бағалы жүкті еріп жүру;
– Қолма – қолсыз шетел валютасын конвертациялау;
– Шетел валютаның әр – түрінде халықаралық аударымдарды жүзеге асыру;
– Клиент – Банк жойылған жүйесі бойынша операциялар;
– Кесек аффинирленген алтынды сату және сатып алу бойынша операцияларды
жүзеге асыру;
– Жалақы жобасы қызметін жүзеге асыру – төлем карточкалар мен шоттар
арқылы клиенттің қызметкерлеріне еңбек ақыны аудару және төлеу;
– жеке тұлғалардың жедел есептеу, жедел аударымдар, Маниграмм
жүйелер бойынша жеке тұлғаларға аударымдар мен төлемдерді жүзеге
асыру;
– жеке тұлғалардың жедел есептеу жүйесі бойынша келетін жеке
тұлғалардың бұқаралық төлемдерді өңдеу және жинау бойынша
операцияларды жүзеге асыру;
– Жол және коммерциялық чектерді сату және сатып алу бойынша
операцияларды жүзеге асыру;
– Вексельдермен операциялар : вексельді домицилиациялау және инкассо
вексельді қабылдау;
– Сейфтік операциялар : клиенттердің бағалы заттарын және құжаттарын
сақтау бойынша қызметтер, сонымен қатар сейфтік қораптарды жалға
беруді қоса;
– Қолма – қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру;
– Заңды және жеке тұлғаларға арналған несиелік бағдарламалар бойынша
опеарцияларды жүзеге асыру және басқалар.
Несие ресурстарын ұсыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық
актілеріне және Акционерлік қоғам Қазақстан Халық Банкінің ішкі кредит
саясатына сәйкестікте және осы негізде жүзеге асырылады.
Несие ресурстары қарызгерлерге әртүрлі мақсаттарға беріледі:
Заңды тұлғаларға:
- Айналым капиталын толықтыруға;
- негізгі капиталға инвестиция жасауға
жеке тұлғаларға :
- ипотека
- негізгі капиталға ұсақ инвестицияларды жүзеге асыру мақсатында
(жылжымайтын мүлікті, патенті және қосымша құрал – жабдықтарды сатып
алу үшін және т.б)
- әр – түрлі тұтыну мақсаттарына арналған және тағы басқалар.
Несиелер бойынша сыйақы мөлшерелмесі нақты жобаға қарай анықталады.
2 – кесте. Акционерлік қоғам Қазақстанның Халық банкінің басқа банктерге
ұсынған несиелерді талдау, млн.теңге
Көрсеткіштер 2005 жыл 2006 жыл
Банктерге несие 252,774 429,906
Қаржылық лизинг 1,718 7,158
Овердрафт 293 593
Факторинг 278 754
Жай вексельдер 55 739
Барлығы 233,118 439,150
1 – сурет. Акционерлік қоғам Қазақстанның Халық банкінің басқа банктерге
ұсынған несиелерді талдау, млн.теңге.
Клиенттердің кредиттерді қажеттілігін қанағаттандыру үшін, бизнестің
өзіндік ерекшелігін, мақсатқа сай пайдаланылуын ескере отырып, Банкте
бүгінде мынадай кредит бағдарламалары әрекет етуде:
- Еуропа қайта құру және даму банкінің кредит желісі бойынша шағын бизнеске
кредит беру бағдарламасы;
- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz