Жамбыл облысының топырағы әралуан


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Геоэкология немесе ландшафтылық экология - комплекстілі ғылым, табиғи-антропогендік жоғары сатыдағы: табиғат зонасы, облыс және провинция деңгейіндегі геосистемалардың экологиялық жағдайын зерттеумен айналысады.

Ландшафтылық геоэкологияның планетарлық геоэкологиядан айырмашылығы жекелеген аймақтардың алабында қалыптасқан экологиялық жағдайды зерттейді (1) .

Кез-келген аймақтың (республика, облыс) геоэкологиялық жағдайы сол жердің табиғи ландшафтысының структурасымен ерекшелігіне және сондағы шаруашылық салаларының әсер етүіне байланысты дамиды.

Геоэкологиялық зерттеулер қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатнастан туындайды. Сондықтан геоэкология аймақтағы қалыптасқан жағдайды анықтап қоймайды, негативті экологиялық жағдайларды жоюдың шараларын ұсынады.

ТМД мен Қазақстанның геоэкологиялық жағдайларын зерттеген ғалымдар А. В. Клюев, Н. Н. Родзевич, М. Е. Бельгібаев, А. В. Чигаркин, Г. В. Гельдыева, А. В. Белыйды атауға болады. Жұмыс осы ғалымдардың ғылыми- теориялық қағилдарына сүйенеді.

Зеттеу тақырыбының өзектілігі, осы кезге Жамбыл облысы территориясын геоэкологиялық тұрғыдан зерттелмегендігінде. Дегенмен, облыстың жеке табиғат компоненттеріндегі экологиялық өзгерістерге арналған ғылыми зерттеулер жеткілікті ( Умбетов, 2003; Тусупов, 2003; Жексенбин, 2003; Заурбек т. б, 2003; Амандосова, 2002-2004: Байтелеева, 2003; Джанаева, 2001-2004; Темереева, Джанаева, 2004) .

Жамбыл облысы республиканың ертеден халық қоныстанған, экономикасы сан-салалы дамыған аграрлы-индустриялды аймағы. Шаруашылықтың әртүрлі саласы жергілікті жердің табиғи ландшафтысына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Табиғат пен шаруашылықтың арасындағы қарым-қатнас осындағы белгілі геоэкологиялық жағдайды қалыптастырған Осы жағдайдың ішкі айырмашылықтарын анықтаудың үлкен практиалық маңызы бар.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті . Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Жамбыл облысының геоэкологиялық жағдайына анализ жасау, ішкі айырмашылықтарына қарай территорияны геоэкологиялық аудандастыру. Аталған мақсатқа сәйкес, мынандай міндеттерді шешү қажеттілігі анықталды:

- Жамбыл облысының эколого-географиялық орнына баға беріледі;

- Жамбыл облысының экологиялық жағдайының қалыптасуындағы әрбір табиғат компонентінің әсері сарапталады;

  • Жамбыл облысы табиғи ландшафтысының экологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау;
  • Облыстың геоэкологиялық аудандастыру жүйесімен, экологиялық шиеленісті аудандарын анықтау;

Жумыстың зерттеу нысанасы - Жамбыл облысының территориясы, оның аумағында қалыптасқан геоэкологиялық жағдайы.

Дипломдық жумысты жазу барысында дәстүрлі географиялық салыстырмалы географиялық, картографиялық, статистикалық әдістер қолданылды.

Геоэкологиялық аудандастыру барысында география ғылымының физико-географиялық аудандастыру проблемасыының теориялық қағидалары негізге алынды.

Жумысты жазу барысында, ғылыми әдебиеттерге, картографиялық, статистикалық мәліметтерге және Жамбыл облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының, облыстық ауыл шаруашылығы, Жамбылгидрометбюро мекемесінің фондылық материалдары қолданылды.

Геоэкологиялық аудандастыру барысында А. В. Чигаркиннің геоэкологиялық аудандастыру жүйесі мен картасы және Қазақстанның физикалық картасы, Жамбыл облысының (1:1 000 000) картасы (2000 жылы) қолданылды.

Дипломдық жұмысын нәтижелер Жамбыл педагогикалық институтының «География», «Тарих-география» мамандықтарында арнаулы өлкетану курсын (спецкурс) өткенде, және орта мектептің Қазақстанның физикалық географиясының сабақтарында пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыс құрылымы, екі тараудан, алты параграфтан, 12 кестеден, 4 қосымшадан тұрады.

Жұмыстың бірінші тарауында, зерттеліп отырған территория ның эколого-географиялық орнына баға беріліп, жер бедері мен геологиялық құрылысының, климатының жергілікті жердегі қалыптасқан экологиялық жағдайдың қалыптасуындағы роліне баға беріледі. Жамбыл облысы жеріндегі топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің экологиясы анықталады.

Жұмыстың екінші тарауында, территорияда қалыптасқан эколо-

гиялық жағдайдың ішкі айырмашылықтары негізінде геоэкологиялық аудандастырылу жүйесі анықталады. Геоэкологиялық провинциялар

деңгейінде әрбір провинцияның экологиялық жағдайы сарапталады.

Провинция аумағындағы экологиялық жағдайы шиеленіскен аудан-

дар - анклавтар анаықталады. Зерттеу барысында, Жамбыл облысы территориясында алты физико-географиялық провинция және оның аумағындағы бес анклав анықталды.

Диплом жумысының соңында, облыс териториясындағы экологиялық шиеленіс жағдайларын әлсіретү жолдары мен антропо-

гендік шөлбасумен қарсы күрес шаралары тұжырымдалады.

Жұмыстың қосымшасында, Жамбыл облысы жер - су аттары,

сирек және биологиялық түр ретінде жойылып кетү алдында тұрған өсімдіктер мен жануарлардың тізімі, өлкетанудың оқу бағдарламасы

беріледі.

Дипломдық жұмыс мәтіні 72 бетте баяндалған, қолданылған әдебиеттердің саны - .

I-Тарау. Жамбыл облысы территориясы табиғатының

экологиялық ерекшеліктері

Қазақстанның кез-келген аймағының табиғатына шолу бермес бұрын, дәстүрлі түрде оның физико-географиялық және экономико-географиялық орнына баға берілетін. ХХ- ғасырдың соңғы он жылының ішінде, дүние жүзінің әр жерінде байқалып отырған, экологиялық шиеленіс пен дағдарысқа байланысты, аймақтардың эколого-географиялық орнына баға беріле бастады. Оның себебі, географиялық қабық бір тұтас болғандықтан, бір мемлекет шеңберіндегі экологиялық өзгерістер, екінші бір мемлекет не облыс табиғатына әсер етіп отыр. Ол атмофераның циркуляциясына, өзен суларының тасымалдауына, транспорт пен т. б. қарым-қатнас түрлерінмен тарлуына байланысты. Себебі атмосфера, гидросфера және биосферадағы алмасулар мемлекеттік - әкімшілік шекараларға бағынбайды. Сондықтан, бір жердегі экологиялық өзгеріс келесі бір жерде жаңғырып, табиғатына әсер етпей қоймайды. Осы ғылымдағы жағдайды ескере отырып, Жамбыл облысының эколого-географиялық орнына баға берү қажет.

  1. Территоряның эколого-географиялық орыны

Жамбыл облысы Орталық Азияның орталығында, 42-46 с. е. - мен 69-75 ш. б. аралығында орналасқан. Солтүстік аймағы жазық-Мойынқұм, Бетпақдалаға ашық тосқаулсыз шығып жатса, шығысында Айтау (Шу-Іле таулары), оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, батысында Қаратау тауларымен шектеседі (1) . Шу және Талас өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Жалпы алып жатқан жер көлемі 145, 2 мың шаршы шақырым. Облыс жері солтүстіктен оңтүстікке 400 шақырымға созылса, ал батыстан шығысқа 500 шақырымға созылады. Облыстың шығысындағы, оңтүстігіндегі және батыстағы шекаралары табиғи шекара болатын тау жоталарымен өтеді.

Жамбыл облысы, алып жатқан ауданы, батыс Еуропаның Португалия, Греция, Голландия мемлекеттерінің ауданын қоса есептегендігі ауданнан артық немесе үш Закавказье мен үш Балтық жағалауындағы мемлекеттердің ауданын қоса есептегенде көлемге теңеседі.

1. 2. Жер бедері, геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбаларының экологиялық

Жамбыл облысының жер бедерінің басым көпшілі жазық. Тау жоталары облыс территориясын батысынан, шығысынан және оңтүстігінен қоршап жатады (1 сурет) . Оңтүстік -шығысындағы табиғи тосқауыл Кіндіктас таулары /Іле Алатауының жалғасы/, бірнеше массивтерге: солтүстік-шығысында -Қордай қыраты (1300-1500 м), шығысында -Желдітау, оңтүстік-шығысында Арғайты көтерілісі (1300-1400 м), ал батысында-Ақкөйлек қыратына бөлінеді.

Кіндіктас солтүстік-батысында Шоқпар ойпатында (200 м) ұласса, ол оның аржағында Шу-Іле тауларына ұласады, оның биік нүктесі Айтау (теңіз деңгейінен 1800 м) . Тау жоталары ұсақ шоқыларға ұқсас, олардың арасын бөліп тұрған тегістелген беттер кездеседі. Тау жоталары тік жар қабақты беткейлермен аласарады. Аса тілімделген, аридті үгітілүдің формалары жиі ұшырасады.

Шу-Іле таулары солтүстікке қарай біртіндеп аласарып, шөлді плато Бетпақдалаға ұласады. Оның оңтүстік - батысында, Шу өзені аңғарымен екі ортада, құмды - лессті Сексеул даласы орналасқан.

Облыстың оңтүстігіне, Кіндіктас пен Талас аңғарының аралығында, Қырғыз Алатауының батысы енеді. Тау жотасы шығыстан батысқа жүрген сайын біртіндеп аласарады, Меркі, Аспара өзендерінің бастауында биіктік - 4125 м болса, Шұнқыр, Мақпал өзендері бастауына биіктік 3783-3006 м дейін төмендейді.

Қырғыз Алатауы жоталары горизонтальды және вертикалды бағытта жиі тілімделген.

Қырғыз Алатауының Талас Алатаумен шектескен жерінде, биік тау шыңдарында, тұрақты қар жамылғысы мен мұздықтар дамыған.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында Қаратаудың (800-1600 м) шығысындағы Кіші Қаратау(кейде Шығыс деп атайды) жотасы орналасқан. Ол оңтүстіктегі - Батыс Қаратаудан әлде-қайда аласа. Жақпарлы - қатпарлы Қаратау, қайта көтерілгендіктен, жоталардың төбесінде тегістелген беттер сақталып қалған.

Жамбыл облысы территориясындағы Кіндіктас, Тектұрмас, Жуалы (600-800 м), Боралдай (700-800 м) таулы қыраттарында судың эрозиялық тілімденү процесстері қарқынды жүреді.

Кіші Қаратаудың оңтүстігінде Боралдай массиві/1000-800 м/ көтеріледі. Су айырық жоталары үшкір, қырлы, жар құзды болып келеді, беткейлерінің қулау бұрышы 30-40 градустан артады. Бұл, мұнда эрозиялық тілімденүдің қарқынды жүретіндігін дәлелдейді. Тау аралық аңғарларында өзендер ағып жатыр. Шу мен Талас өзендерінің аңғарлары кең табанды, жайылмасы мен өзен терассалары қалыптасқан. Шудың Қамқалы тусындағы терассаларының ені-10-15 шақырым болса, Таластың Үшарал тұсындағы жайылма үстілік терассасының ені осыған шамалас. Өзен терассаларының биіктігі 1-3 м, ал төменгі ағысында 3-4 м артады.

Шу аңғарынан солтүстікке қарай, құмды щөл Мойынқұм басталады (200 м) . Құмды шөлдегі төбелер мен қырналар, биіктігі 3- 5 м болатын, солтүстік-шығыс бағытында созылып жатады. Құмды төбелі массивтер арасында тереңдігі 5-7 м болатын, блин, ойыстар кездеседі. Кейбіреулері, оншақты шақырымға дейін созылады, ал ені небәрі 1-3 м. Жергілікті халық осыны-чураталар дейді, табанында кішігірім көлдер дамиды. Құмды қырқалар өсімдіктермен бекіген, ал арасында жеке сұсымалы құмды төбелер жиі ұшырасады.

Мойынқұм оңтүстік-шығысқа қарай біртіндеп көтеріледі, бұйратты құм жолдардың салыстырмалы биіктері 30-40 м болады.

Бетпақдала шөлінің Жамбыл облысына оңтүстік-шығысы кіреді. Шөлдің бедері батысы мен шығысында екі түрлі:батысында жазық аласа (300-500 м) болса, шығысы көтеріңкі, ұсақ шоқылы, қалдық аласа таулы сипат алады. Солтүстік-батыс бағытында созылып жатқан Шу-Іле тауларының жалғасы болатын Жамбыл (974 м), Қойжарылған ( ), Майжарылған ( м), Байғара ( м) таулары орналасқан. Таулардың аналық жыныстары (гранит, порфирит, кварцит, сланец) жер бетіне ашық шығып турады.

Таулардың жонында, беткейлерінде үгітулүден босаған тақта тастар, қорымдар сияқты, үйіліп жатады.

Жазық батыс бөлігінде, Бетпақдаланың абсолютік биіктігі 325-450 м а. Бұл бөлікте аласа шоқылар ұшырасады, олардың арасындағы ойпаң-ойыстарда батпақы сорлар, тақырлар дамыған.

Бепақдаланың оңтүстігінде, Шу аңғарымен екі аралықта Сорай жазығы орналасқан. Осында Шу өзенінің ескі арнасы, бүгінде ұзындығы 1, 5 км болатын, құрғақ аңғар аңғарылады.

Жамбыл облысы территориясының басым көпшілігі жазық ойпатты. Солтүстік аймағында Бетпақдала шөлі (200-300 м), орталық және оңтүстігінде Мойынқұм шөлі (400-600 м) орналасқан. Территория солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп көтеріледі. Оңтүстігінде Қырғыз Алатауы созылса, батысы мен шығысында Қаратау Айтау (Шу-Іле таулары 800-1000 м) көмкереді.

Облыс территориясының солтүстікте, солтүстік-батыста ашық жатуы, оның жеріне тропикалық континенталды, арктикалық суық ауа массаларының емін-еркін еніп кетүіне жағдай жасайды.

Жылдың суық мерзімінде, территорияда қазан айынан наурыз айына дейінгі аралықта, солтүстіктен сібірлік антициклон тармағы келеді. Солтүстік-батыстан облыс жеріне ылғалды ауа массасы Каспий теңізінің оңтүстігінен келеді. Европа жазығының оңтүстігінен Атлант облысқа мухитытының ауа массасы ылғал алып келеді.

Солтүстіктен келетін антициклон қысқы суық алап келеді.

Облыс территориясының батысындағы, шығысындағы және оңтүстігіндегі таулардың барьерлік функциясының арқасында жауын-шашынды тау алдындағы жазықпен салыстырғанда мол алады. Тау алды бөктерлерінде орташа жылдық жауын-шашын 300-305 мм, ал Қырғыз Алатауында жылына 500-600 мм дейін ылғал түседі. Осыған байланысты, Жуалы қыратында, Қырғыз Алатауының бөктерінде богарлы егіншілік дамытуға мүмкіндік бар. Бұл бір, екіншіден, Шу мен Талас өзендері салаларының бастау алуына мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы территориясындағы Кіндіктас, Тектұрмас, Жуалы (600-800 м), Боралдай (700-800 м) таулы қыратында сулы эрозия қарқынды жүреді.

Облыс территориясының басым көпшілігін алып жатқан Мойынқұм шөлінде дефляция процессі активті, себебі бекімеген көшпелі құмдар ауданы, шөлдің 45-55 % алады. Аккумулятивті құмды шөлдердегі эолды рельеф формалары территорияда табиғи-антропогенді шөлбасу құбылысы дамуына ықпал етеді.

Қорытынды . Зерттеліп отырған территорияның жер бедерінің экологиялық салдарына жасалған сараптама төмендегі қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

  1. Облыс жерінің жер бедері күрделі, оның 90 пайызын жазық -платформалы рельеф типі алып жатса, 10 пайызын таулы-орогенді рельеф типі алады.
  2. Жазық алабын Шу-Талас бассейні аккумуляциялық зонасы алып жатыр. Таулардан құлап аққан өзендер тасымалдап әкелген зиянды заттар осында шөктіріледі.
  3. Жер бедері солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп көтеріледі, оңтүстігі, батысы мен шығысы тау жоталарымен көмкеріледі. Тау жоталарының барьерлік/тосқауылдық/ функциясы бар. Солтүстіктен ауа массаларының емін-еркін еніп кетүіне ешбір кедергі жоқ. Тау беткейлері жауын-шашынды мол алады.
  4. Таулардың биік жоталарында қар-мұз жамылғысы дамыған. Олардан облыс жерін сумен қамтамассыз етеін өзендер бастау алады. Содықтан, тауларды экологиялық жауапты аймақтар деп танимыз
  5. Таулардың тау жыныстары берік, сондықтан шөгінді жыныстармен салыстырғанда көп жағдайда жылдам бұзыла қоймайды.

6. Қаратау мен Шу-Іле таулары жақпарлы-қатпарлы тау болған-

дықтан, тау жоталарында тегістелген беттер сақталған. Олар-

дың бедері жыртылұға ыңғайлы, сондықтан богарлы егін шаруашылығында кеңінен пайдаланылады.

Облыс территориясының жер бедері мен қойнауындағы минеральды шикізат көздерінің орны, оның геологиялық құрлысына тікілей байланысты. Таулар мен жазықтар әртүрлі жастағы тау жыныстарынан тұрады/5, 6, 7, 9/.

Палеозой эрасына дейінгі уақытта облыс территриясы теңіздік геосинклинальды жағдайда болған. Дегенмен, осы кезеңде докембрийлік қатпарлану процессі байқалады, оның дәлелі, таулардың ядросын құрал тұрған гнейс, гранит пен кристаллды тақта тастар. Докембрийлік жыныстар Кіндіктаста, Мақпал антиклиналінде кварцит, слюдалы тақта тастар, мрамор мен амфиболиттерден тұрады. Бірақ, докембрийде, биік таулардың ядролары болмаса, теңіз деңгейінен көтеріліп жатқан, қалған территория теңіздік жағдайда қалып отырды. Қаратауда құмсазды, тақта тасты, мергель шөгінділер жиналды.

Территорияның жаппай көтерілүі силурдың соңына қарай басталған, каледондық орогенезде байқалды. Теңіздің түбінен жаңа тау жоталары көтеріліп, жаңа аралдарды пайда болды. Орогенез Кіндіктаста, Қырғыз Алатауында күшті байқалды, ал Қарату мен Шу-Іле тауларында әлсіз жүрді. Каледондық қатпарлық тұсында жанар таулар атқылап жатты. (8, 9)

Девонның басында облыс территориясы, Оңтүстік Қазақстанның басқа территориясы сияқты, теңізден босады. Континентальды жағдайда денудациялық процесс үдейді, ол тау жоталарын бұзып, тегістеп аласартып, одан ысырылған тау жыныстары-конгломерат, ірі қиыршық тасты құмдар, тау аралық ойыстарды толтырып жер бедерін тегістеуге ұмтылады.

Төменгі тас көмірдің соңында территорияны теңіз қайта басады. Оның түбінде ізбесті шөгінділер, ал жағалауында құмсаздар жиналады. Қаратауда карбонның ізбестасты жыныстары қалың болып жиналған.

Орта карбонда территорияда герциндік орогенез басталады. Бұл тектоникалық қозғалыстар Шу-Іле, Кіндіктас пен Қаратауда докембрийлік структураны бұзып, қайтадан көптеген ірі қатпарларға ұшыратты.

Палеогеннің соңы мен неогеннің басында территорияда альпілік орогенез басталды. Тау жоталарының көтерілүімен байланысты, мұзбасу басталды. Қырғыз Алатаудың биік жоталарында мұзды эрозиямен аккумуляция, альпілік рельеф формаларын дамытты.

Палеогеннің континентальды және теңіздік тау жыныстары Батпақдаланың батысындағы жазықты құрайды.

Төрттіктің тау алдында жиналған лесс жыныстары континетальды құрғақшылық жағдайда жиналған.

Геологиялық құрылысына қатысты шолуды аяқтай отырып, облыс территориясындағы тау жасалу процесстерінің әліде тоқталмай жалғасып отырғанын айту керек. Оны Қырғыз Алатауындағы тектоникалық жарықтармен әлсін-әлсін байқалып отырған жер сілкіністері дәлелдейді. А. А. Григорьев пен Г. А. Авсюктың, П. С. Макеевтың пікірінше (1999 ж. ) Жамбыл облысының территориясында бірнеше жер сілкінү ошақтарын: Талас не Жамбыл, Мерке және Бішкек деп ажыратады. Жер сілкінү ошақтары тау алдында орналасқан.

Пайдалы қазбалары . Жамбыл облысының негізгі байлығы фосфорит кендері. Фосфоритті бассейн, Кіші Қаратаудың солтүстік-шығыс бөлігінде 45 кен орнын қамтиды. (2 сурет)

Геолог ғалымдар осы бассейінді 3 бөлікке: оңтүстік-шығыс, орталық және оңтүстік -батысқа бөледі.

Оңтүстік-шығысындағы ірі кен орындары-Шолақтау мен Ақсай, екеуіде тау аралық аңғарларда жиналған конгломераттарда шоғырланған.

Кен орындары минеральды-химиялық құрамына қарай 4 қабатқа: негізгі фосфоритті, фосфат-кремнийлі, төменгі фосфоритті және кремнийлі болып, бөлінеді. Фосфорлы ангридтің мөлшері әртүрлі қабатта әрқалай: 2-7% тен 15-37% аралығында болады. Өнеркәсіптік маңызы бары - алғашқы екеуі, осы кеннен алынатын суперфосфат рудасы, алдын ала байытуды қажет етпейді.

Кіші Қаратаудың кен орындарын алғаш 1936 жылы геолог И. И. Машкара геологиялық барлау барысында анықтаған болатын. Арнаулы геологиялық зерттеулер кейін, рудалардың химиялық анализі жасалған соң, фосфориттің кәсіптік маңызы бар екендігі анықталған соң ғана басталды.

Өнеркәсіптік маңызы бар фосфорит кен орындары: Тесіктас оның қалындығы -3, 5 м, фосфоритті ангидрид мөлшері - 30 %, Жаңатас, Көксу, Көкжан, Үмбас - 24-25%, 29-30%.

Кіші Қаратауда, фосфориттен басқа, тас көмір, мирабилит тенардит, марганец табылып отыр.

Облыс жеріндегі шөгінді тау жыныстарымен галит, ізбестас, саз, цемент, доломит т. б. құрылыс материалдары байланысты.

Жамбыл облысының геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбаларының экологиялық салдары әр алуан. Құмды шөлдегі сусымалы құмдар мен таулар бөктеріндегі лесс тау жыныстары тасымалдануға, үрленүге, үңгіленүге (дефляция) және тасымалданып шөктірілүге бейім. Сондықтан олардың бойында көптеген техногенездік зиянды заттар мол жиналады. Минеральды шикізат көздерін игерген кезде, жер қойнауындағы химиялық элементтері жер бетіне шығарылып, территоряның табиғи геохимиялық фонын бұзады. Оның дәлелі, облыс жерінде қалыптасқан геохимиялық аномалиялар мен судың, топырақтың зиянды заттармен ластанулары.

Тауларды құрап турған докембрийлік, палеозойлық тау жыныстары экологиялық берік тау жыныстары, ал жазықтардағы өзеннің, көлдің аллювиальды, деллювиальды шөгінділері экологиялық берік емес - борпылдақ тау жыныстарына жатады. Олар жел, су эрозиясына бейім, тез шайылып, тасымалданып кетеді.

Қорытынды. Геологиялық құрлысына жасалған анализ, төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

  1. Облыс жерінің геологиялық құрылысы өте күрделі. Докембрийдің интрузивті тау жыныстарымен қатар, соңғы палеозой-кайнозойдың метаморфты және шөгінді жыныстары кеңінен тараған.
  2. Интрузивті тау жыныстарымен рудалы пайдалы қазбалары байланысты дамыса, шөгінді тау жыныстарымен рудалы емес пайдалы қазбалары дамыған.
  3. Қырғыз Алатауының баурайында экологиялық зардап ошақтары болатын - жер сілкінү ошақтары орналасқан.
  4. Таулар алдындағы тау бөктерлерінде лессті тау жыныстары қалың жиналған, олар шайылуға, эрозияға бейім келеді.
  5. Облыс жеріндегі аккумулятивті шөгінділерде құмды шөлдер дамыған. Құмды шөлдерде антропогенді шөлбасу процессі қарқынды жүрүде.

1. 3. Экологиялық жағдай қалыптасуындағы климат

және ішкі сулардың ролі

Климат пен ауа райы, кез-келген территорияның экологиялық жағдайына қалыптастыруда үлкен роль атқарады. (10, 11, 12) .

Жамбыл облысының климаты құрғақшылығымен, шұғыл континентальдылығымен сипатталады. Бұл жағдайлар, біріншіден қарастырылып отырған территорияның Евразияның дәл ортасында орналасуымен және мухит бассейндерінен шалғайда орналасуына байланысты. Екіншіден, атмосфера циркуляциясының да әсері бар. Қоңыржай ендіктердің оңтүстігінде орналасуы - күн радияциясының мол келуіне септігін тигізеді.

Радиациялық жағдайлар . Облыс территориясына түсетін күн сәулесінің жарқырап түсүінің орташа мөлшері 2500 сағат, бүл Москва қаласына (1600) түсетін сәуледен 1, 5 есе артық.

Академик А. А. Григорьевтің (1944) мәліметіне жүгінсек, Қазақстанның оңтүстігінде, мамырдан шілдеге дейін 4 ай ішінде, келіп түсетін жылу мөлшері осы мерзім ішіндегі тропикадан (15 0 с. е. ) бірде-бір кем емес; сәуір мен қыркүйек аралығында, тропиакадағы желтоқсан мен қаңтар айлары аралығында келіп түсетін жылудан кем емес; ақпан мен наурызда түсетін жылу мөлшері, субтропикадағы қыс айларында келіп түсетін жылумен тең болады. Желтоқсан мен ақпан айларында келетін жылу энергиясы, жалпы жер бетінің 65 0 с. е. -не түсетін жылуға пара-пар.

Облыс территориясяна келіп түсетін жылудың мөлшері, ауа райының бұлттылығына байланысты. Жаз айларында (мамыр-қазан) күн ашық, мейлінше ашық күндер -тамыз бен қырқүйекте. Бұл, осы мерзімдегі оңтүстік Қазақстан жерінде орнығатын температуралық депресияға байланысты, ол әрине бұлттылықтың дамуына кедергі болады.

Жылдық суық мерзімінде, циклондық әрекеттің күшеюіне байланысты, бұлттылық артады да, территорияға күн радиациясы аз түседі. Қыста, қар жамылғысының аз күн болса да жатуы да, территорияның күн радиациясын аз алуына себеп болады. Себебі, қардың альбедосы- күн сәулесін кері шағылыстыруы 60-90%.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
Ақсу-Жабағылы қорығы -- Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань)
Тұқымды себуге дайындау және себу
Алматы облысының шекара маңы аумағының экономикалық – географиялық байланыстарының дамуы (Панфилов ауданы мысалында)
Биік таулы аймақ
Қазақстанның топырақтары мен табиғи зоналары және олардың сипаттамалары
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына
Ақсу - Жабағылы қорығының құрылуы
Ақсу-жабағылы қорығының физикалық-географиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz