Ордерлік бағалы қағаздар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-6
I ТАРАУ. Бағалы қағаздар ұғымы және оның түрлері
1. Бағалы қағаздар туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...7-10
2. Жалпы бағалы қағаздардың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-17
1.3. Бағалы қағаздар
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..18-29
II ТАРАУ. Бағалы қағаздар нарығы, оны эмиссиялау тәртібі
2.1. Бағалы қағаздардың бірінші ретті
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...30-32
2.2. Бағалы қағаздардың екінші ретті нарығы және оның субьектілерінің
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33-43
III ТАРАУ. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын құқықтық
реттеу
3.1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы
заңнамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44-49
2. Бағалы қағаздар нарығында мәмілені тіркеу және оны жүргізудің
құқықтық
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 50-55
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...56-57
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...58-5 9
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60-
62
КІРІСПЕ
Бұрынғы Одақ экономикасының қатал жоспарланған жағдайында бағалы
қағаздардың айналымы жоққа тән еді. Онда сыртқы сауда вексель, есеп айырысу
түрінде және реттеуші құжат - конасамент түрінде ғана пайдаланылады.
Тек нарықтық қайта құрудың басталуымен ғана бағалы қағаздар
айналымының толыққанды қажеттілігі туындады, сондықтан да акция, облигация,
вексель, сауда қағаздары және басқа да бағалы қағаздардың әрекет етуінің
нормативті базасын құру талабы қойылады.
Өзінің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде, экономикадағы
шаруашылықтың түрімен қалыптасу кезеңін кешіріп келе жатқан Қазақстан
Республикасының қазіргі дамуы күрделі де қиын. Бұл кезеңдегі ең негізгі
және ең алғашқы мақсат белгілі бір дәрежеде мемлекеттік құрылымды
жүйелейтін, сонымен қатар, меншік түрлерінің еркін дамуын қамтамасыз
ететін, әр азаматтың белсенділігін тудыратын инфрақұрылымды құру болып
табылады. Мұндай өркениетті құрылымның құрамына жалпы мемлекеттік
көлемдегі, жеке бизнесті қалыптастырудағы, азаматтардың хал-ахуалын
көтерудегі міндеттерді шешуге бағытталған инвестицияларды қамтитын, мол
көлемдегі ақшалай қаржыларды өндірістік пайдалану мақсаттарымен қоса
жүйелендіру мүмкіндігін беретін, ерекше түрдегі мәңді құжаттардың
айналымының негізі болып табылатын бағалы қағаздар рыногы болып
есептелінеді.
Мұңдай іс-әрекеттің механизмі — бағалы қағаздардың мүліктік айналымы,
олардың қажеттілігі ең кең көлемдегі кеңістікті ашып, сонымен қатар кең
ауқымдағы кепілдік пен сенімділіктің берілуі болып табылады. Бағалы қағаз —
экономиканың несие-қаржы саласының бөлінбес элементі болып табылады және
тауарлы өнім принципіне негізделеді.
Қазақстанда бағалы қағаздар рыногі тіпті болған емес, және оның
дамуына уақыт қажет еді. Өйткені бұл үшін жеке меншікке (бәрінен бұрын
жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлендіру) деген
қатынастың қайта құрылуына тікелей байланысты және мемлекеттік қаржыландыру
саясатының сипаты түбіріен өзгеруі тиіс болатын. Қазіргі кезде бюджеттегі
жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін мемлекет көбінесе ақша белгілерін
ауыстыруды емес, мысалы мемлекеттік қысқа мерзімді вексельдер секілді
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды қолға алып отыр.
Менің дипломдық жұмысымда "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
нарығын құқықтық реттеу" атты тақырыбымда өзекті мәселелер қарастырылған.
Бұл проблема көп қырлы, күрделі болғандықтан, бағалы қағаздар
рыногының біздің еліміздегі дамуын қарастыруда келесі міндеттерін ұсынып
отырмын:
- бағалы қағаздардың тұңғыш элементтерінің ҚР пайда болуын, қалыптасу
процесін қарастыру және жалпы түсінігін беру;
- бағалы қағаздар рыногын дамытудағы дайындалған құжаттардың
мазмұндарымен танысып, оларға визуалдық баға беру;
- салыстыру, анализ және синтез принципіне сүйеніп, әр құжаттың
прогрессивтік мәнін және кемшіліктерін, құқықтық салдарын қарастыруға
әрекет жасау;
- бағалы қағаздардың түрлеріне тоқталып, әр түріне жеке сипаттама
беріп, олардың әр қайсысының артықшылығын, орналастыруын және таратумен
айналысатын басқарушылардың және ұстаушысының құқықтарына баға беру.
Жалпы диплом жұмысы үш тараудан тұрады:
Бірінші тарауда бағалы қағаздар ұғымы және олардың түрлері, оларға
жалпы сипаттама беріп тоқталдым.
Екінші тарауда ҚР-да бағалы қағаздар айналымының бірінші ретті және
екінші ретті базарын қарастырдым. Ең бастысы бағалы қағаздардың құқықтық
реттелуіне назар аудардым.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын
құқықтық ретеудегі заңнамасы , бағалы қағаздар базарында мәмілені тіркеу
және оны жүргізудің құқықтық салдарын қарастырдым.
Қазіргі кезде Қазақстанда бағалы қағаздар рыногының тиімді дамуының
ыңғайлы жағдайлары жасалуда. Бұл рынок Рессейдің қор рыногына қарағанда
баяу дамығанымен мұрагерлік, мақсаттық сипаты басым.
Бағалы қағаздар рыногының даму деңгейі — бүгінгі жаңа мемлекеттің
экономикасының сипатын көрсететін объективті көрсеткіштердің бірі болып
табылады.
Бағалы қағаздар рыногының міндеті - қаржы ресурстарының салааралық
бөлінісін қамтамасыз етуде инвестициялық ресурстарды қазақстандық
кәсіпорындардың дамуына ыңғайлауда, келесі инвестициялауға дейін қаржы
жинақтау жағдайын жасауда жатыр.
Қазіргі Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жас әрі
дамушы рынок. Соның өзінде, қазіргі бағалы қағаздар рыногының қолдану аясы
мемлекеттік ішкі қаржыландыру, мемлекеттік қарызды жекешелендіру, мемлекет
меншігінің жекешелендіру мәселелерін шешуге мүмкіндіктер беріп отыр.
Отандық бағалы қағаздар рыногының дамуына бүгінде ҚР-дағы қағаздар
рыногының дамуына орташа жылдамдық бағдарламасын әзірлеу секілді шешілуі
қажетті көптеген мәселелер кедергі келтіруде.
Бағалы қағаздар дамуының бағыттары мен мақсаттарын айқындау мақсатында
ҚР-ның бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы ҚР-дағы бағалы қағаздар
рыногының даму бағдарламасын дайындаған. Ол бағдарлама үкіметтің 1996-1998
жылдарда арналған реформасын тереңдете түсудегі орташа жылдамдық
бағдарламасына сай келеді. Бағдарламаны жүзеге асыру бағалы қағаздар рыногы
құрылымының барлық элементтерінің толық деңгейде дамуына мүмкіндік жасайды.
Бағалы қағаздар базарын дамытудағы мәселелердің бірі — құнды
қағаздардың құқықтарын тіркеп және бекітіп отыратын институттардың
қалыптасуына жағдай жасау мүмкіндігі болып табылады. Осы мәселені
реттестіру мақсатында ұлттық комиссия "Орталық депозитарий туралы" Ереже,
"Бағалы қағаздар ұсынушылардың реестірін жүргізу жөніндегі" Ереже, "Бағалы
қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандары оқытуға рұқсат беру тәртібі
жөнінде" Ереже, Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандар дайындау
курстарының тыңдаушыларын аттестациялау жөніндегі "Ереже", Бағалы қағаздар
рыногындағы брокерлік және дилерлік іс-қимылдарды лицензиялау жөніндегі
Ереже, "Бағалы қағаздар рыногында қаржылай тәуекелдерді сақтандыру
жөніндегі" істерді жүзеге асыратын сақтық компанияларының талаптары секілді
құжаттарды дайындаған.
I ТАРАУ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1. Бағалы қағаздар туралы ұғым
Бағалы қағаздар қоғамдағы экономикалық қатынастардың дамуының нәтижесі
болып табылады және мәні жағынан "ақшаны ақша табады" деген принциптеріне
сай келеді. Кәдімгі ақшадан бағалы қағаздардың айырмашылығы мұнда ақшалай
қаржыны көптеген варианттармен пайдалану мүмкіндігі бар.
Бағалы қағаздардың экономикалық механизм ретінде — өндірісте тікелей
инвестициялаудың көзі болып табылады. Одан басқа, олар жинақтау (кең
байлық), айналым (яғни, заңды азаматтық мәмілелердің түрлері нысаны" және
төлем орнына жүре алады. Банк мекемелеріндегі кәдімгі салымнан
айырмашылығы, бағалы қағаздар өндіріс орнында инвестиция бар екенін
дәлелдеу арқылы еркін айналуға түседі және сол кірістерді әкеледі.
Кез-келген экономикалық қатынастардың құқықтық бағыт бағдарсыз қалыпты
өмір сүруі және дамуы мүмкін емес. Яғни, экономикалық қатынас өз мазмұны
жағынан теңдес болып табылатын заң бабтарында қарастырылуы тиіс. Бұдан
шығатыны, рыногі бар дамушы елдердің бәрінің заңындағы негізгі ережелерде
бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы мен қызмет етуі, бұл қолданыстың
шығарылуы мен айналымға түсуі, заңға қатысты бағалы қағаздармен байланысты
субъектілердің құқықтары мен міндеттері және тағы басқа мәселелер жүйеленіп
отырады. Бұл жүйелеудің бастапқы пункті бағалы қағаздар және оларды жүйелеу
туралы түсініктеме берілген заң бөлімі болып табылады [1].
Бағалы қағаздар көп қырлы заңды құжат қатарына жатады. Ал, занды
құжаттар дегеніміз — мазмұны занды маңызы бар фактілерді куәландыратын
немесе негізгі заңға қатысты болып келетін, азаматтық ортада тиісті заңға
қатысты құжаттардың қызметін атқара алатын құжаттар.
Бағалы қағаздар заңды құжат болуы арқылы арнайы жинақталған шеңбермен
тұйықталып қалмайды, іскер орталарда, тиісіне қарай, белгілі бір
қызметтерді атқарады.
Бағалы қағаздардың түсініктемесін анықтай отырып, олардың ерекше-
ліктерін белгілеп, олар атқаратын қызметтерді жіктеуге болады.
Бағалы қағаздар деген кең ұғымда берілген құқығы арқылы, сол құқықсыз
жүзеге асыруға, басқа адамға беруге болмайтын қандайда бір құжат түрін
түсінуге болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 129 бабына сәйкес
мынадай түсініктеме берілген: "Белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді
сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын
мүліктілік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады.
Занды құжат болып табылатын бағалы қағаз оны иеленуші тұлға мен оны
айналымға салатын тұлғалардың арасындағы құқықтық қатынасы және ол бойынша
міндеттерді куәландырады. Бұл мүліктік сипаттағы міндетті құжат ретінде
қандай мүліктің де меншіктің құқығын бекітеді. Соның ішінде, Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 129 бабының 1 пунктіне сәйкес бағалы
қағазбен куәландыратын мүліктік құқық тек бұл құжаттың түпнұсқасын
ұсынғанда ғана жүзеге асуы мүмкін [2]
Бағалы қағазды ұсыну қажеттілігі онда көрсетілген құқықтарды жүзеге
асыру үшін қағаз және тиісті құқықтар арасындағы байланыстылығын (немесе
бұрын көрсетілгендей, байланыстың белгілі дәрежесін) мегзейді. Мұндай
жағдайда "бағалы қағаз куәландыратын құқық басқа тұлғаға сол бағалы қағазды
бергенде ғана өтеуі мүмкін" деген принцип сақталуы тиіс.
Бағалы қағаздардың ерекшеліктерінің бірі - ол белгіленген нысандағы
заңды құжат болып табылады. Ал бағалы қағаздың нысаны қағаз
тасымалдаушыдағы ақпараттың материалдық маңыздылығында жатыр. Әйтсе де,
заңмен белгіленген міндетті реквезиттердің бәрінің мазмұны осылай болып
келеді. Мұндай реквизиттерге жататындар: мысалы, бағалы қағаздар туралы
ақпарат, оның сериясы мен номері, эмитенті және иесінің құжаты (немесе
қағаздың ұсынушы негізінде екендігі), міндеттемелерді орындаудың уақыты мен
орны, сондай-ақ бұл міндеттемелердің мазмұны және т.б. егер орындалуының
процесін эмитент емес, басқа тұлға атқаратын болса, онда соңынан
көрсетіледі.
Бағалы қағаздардың жекелеген әр түріне заң бойынша ерекше міндетті
реквизиттер белгіленген.
ҚР АК-нің 131 бабында: "бағалы қағаздардың міндетті реквизиттерінің
болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі,
оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады" делінген.[3]
Осыған байланысты, қандай жағдайда болсын, мүндай құжатта бағалы
қағаздың күші де, мәні де болмайды.
Бұдан басқа, заңды құжат болып табылатын, бағалы қағаздардың тағы бір
нысандылық деп аталатын белгісі бар. Бұл құжаттың мазмұны қатал түрде
белгілеу болып табылады жөне заң орыңдарымен жазылған арнайы реквизиттердің
нақты міндеттілігіне жатады.
Бағалы қағаздардың шығаруды және айналымға түсіруді реттеуге
байланысты сауалдардың түсініктемелерінің азаматтық құқық теориясы және
іскер айналым тәжірибесі үшін үлкен маңызы бар.
Мұнда алғашқы адам, заң актілерінде бағалы қағаздар түсінігі, бағалы
қағаздар мойындайтын мүліктік құжаттар шеңберінің көрсетілуі және оларды
түр-түрге бөлу нақты айқындағыш болып табылады. Осылайша, ең анық
айқындаушы төмендегідей болып шығады: заңда белгіленген нысан мен міндетті
реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана
мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат — бағалы қағаз болып
табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бағалы қағаздардың
құжатталмаған және ордерлік сапада қолданылуын қарастырды.
Мұндай жағдайда оның соңғысы қолданылу маңызын жойып, аталуы нысанаға
ауыстырылып кетеді.
Бағалы қағаздар қажеттілігіне қарай белгілі дәрежеде қорғалған, қандай
да бір мүліктің немесе ақшалай соманың белгілі мүліктің құқығын
куәландыратын құжат ретінде ресмиленеді. Бағалы қағаздар құжат нысанында
немесе есеп шоттарға жазылған күйінде өмір сүреді.
Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздардың негізгі екі түрі бар: капиталды
және ақшалай.
Капиталды бағалы қағаздар капиталды рыноктарда, ақша түріндегісі —
ақшалай рыноктарда айналымға түседі.
Капиталды бағалы қағаздарды қарызға беру және еншілей бөлу қағаздары
деп бөледі.
Ақшалай бағалы қағаздар түрлі вексельдер, түрлі коммерциялық бағалы
қағаздар ретінде шығарылады.
1.2. Жалпы бағалы қағаздардың сипаттамасы
Бағалы қағаздардың жалпы түсінігі осы мүліктік құжаттың алуан түрін
қамтығанымен, оның барлық жиынтығы белгілі бірнеше түрлерінен тұрады. Және
осы әрбір түрінің шығарылуы мен айналымға түсуінің өзіндік заңды
ерекшеліктері бар. Осы түрлі заңдық маңызы бар негіздеріне қарай бағалы
қағаздар бірнеше жүйеге бөлінеді.[4]
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 130 бабына сәйкес:
бағалы қағаздарға: облигация, коносамент, акция және бағалы қағаздар туралы
заң құжаттарында немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бағалы қағаздар
қатарына жатқызылған басқа да құжаттар жатады" делінген [5].
Республикадағы бағалы қағаздар рыногы енді ғана қалыптасып келе
жатқандықтан, біздің елімізде қандай бағалы қағаздар таратылып, айналымға
түсетіндігі әлі белгісіз. Осыған байланысты бұл мүліктің құжаттың толық
тізімін жасау мүмкін емес. Сонымен қатар, рынокты түрлі аталмыш қағаздармен
толтыра беруге болмайды. Мұның соны іскер айналымның тұйыққа тіреліп,
мүліктік құқықтың айналым мүмкіндігінің төмендеп кетуіне әкеліп соғады.
Қазақстан Республикасы мен рыноктық қатынастар дамыған елдерді
салыстырғанда, бағалы қағаздар деп танылған мүліктік құжаттардың барлық
жиынтығы сол мемлекеттердің заң актілерімен бекітіліп берілген.
1. Бағалы қағаздардың барлық түрі үшін маңызы бар негізгі жүйелеу
тұлғаларының заңды тәсілдеріне байланысты құқықтық субъект ретінде бөліп
қарастырылуы болып табылады.
Бағалы қағаздар, мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздар секілді жоғары
айналымдық қасиетке ие. Сондықтан келтіріліп отырған жүйелеудің ең
маңыздыларының ішіндегі негізгісі, яғни қағаз бойынша өкілеттігі
айқындалатын тұлғалардың анықталу тәсіліне байланысты оған құқық беру
тәртібі айқындалды.
Мүліктік құқықтың айналымға икемділігінің дәрежесін жоғарылатудың
мүлкіндегі барлық бағалы қағаздардың пайда болуы мен қызмет атқаруының
басты себебі болып табылады.
Мұнда өкілетті тұлғалардың "зандық тәсілі" мен "белгілеу тәсілі"
ұғымдарының, одан соң "бағалы қағаздарды бере білу" тәсілі ұғымдарының ара
қатынастарын көрсету қажет. Заңдастыру тәсілі бағалы қағаз бетінде түдеаның
белгіленіп қан қоюы емес, оның талап ету құқығындағы бекітілгеннің бәрі
құжаттың түпнұсқасын ұсыну, беру-өткізу жазбаларының жүйелілігі, борышкерді
кітапқа жазу болып табылады. Ал, басқарудың өкілетті тұлғаның сол қағазды
белгілеуіне (немесе заңға) қатыстылығына қарай оның беру өткізу тәсілдеріне
айырмашылықтар болады, соған сәйкес, онда көрсетілген тәсіл: жай ұсыну
немесе міндетті тұлғалар кітабы бойынша трансферттің беру-өткізу жазбаларын
жөндеу жолы. Бағалы қағаздар жөніндегі тұлғаның құқықтылығын белгілеу
тәсілдері төмендегідей болуы мүмкін.
Құжаттың текстінде оның иеленушінің аты көрсетіледі. Мұндай жағдайда
ол қағаздың аталуы немесе ордерлік болуы мүмкін, оның үстіне ордерлік
қағаздағы оны талап етуші өкілеттік күшінің қазіргі иесіне өткені туралы
куәландыратын беру-өткізу жазбасы да аталуы болуы тиіс. Қағазда "ұсынушыға"
деп бір жақты жазылған болса, ол құжат ұсынбалы болып табылады:
Қағазда қазіргі ұсынушының аты тіпті көрсетілмейді. Мұндай жағдайда
қағаз ордерлік болып табылады да, ол соңғы берілгені жазылған банкілік
болады. Бұдан басқа, өз текстінде иеленушінің аты жазылмаған немесе
көрсетілмеген бағалы қағаз заңмен бекітілуі тиіс, сонда ғана ол ұсынбалы
бағалы қағаз екендігі мойындалады, әрине басқа да реквизиттер сақталынған
жағдайда. Бірақ, Қазақстан Республикасындағы бүгінгі заң актілері бағалы
қағаздардың міндетті реквизиттері ретінде не оның иеленушінің атын, не
"ұсынушыға" деп жазуды бекітіп отыр.
Өкілетті тұлғаны заңдастыру белгісі бойынша бағалы қағаздар үш түрге
бөлінеді.
I. Ұсынбалы бағалы қағаздар.
Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландыратын құқықтар бағалы қағазды
ұсынушыға тиесілі болады. Ұсынушыға арналған бағалы қағаздарда иелену
құқығы бар тұлғаның аты көрсетілмейді. Бұл қағаз бойынша борышқор бағалы
қағаз иесіне түп нұсқа құжаттарда көрсетілгеннен артық талаптар қоймай
міндетін орындауға тиіс. Әрине, міндетті тұлға иеленушінің құжатқа құқылы
екендігіне аса маңызды түрде күдігі болса, жағдай басқаша мазмұн алады.
Ұсынушының бағалы қағазы сапасына табиғатына сай облигациялар,
коносаменттер, акциялар, қазыналық мемлекеттік міндеттемелер, депозитті
және жинақтық серификаттар, қоймалық куәліктер және басқа қағаздар
шығарылуы мүмкін.
II. Атаулы бағалы қағаздар.
Атаулы бағалы қағазбен куәландыратын құқықтар онда аталған адамға
тиесілі болады. Қазақстан Республикасының заңы бойынша, заңның
ескертпелерімен акционерлік қоғамдар реестрі жүргізіліп, оған барлық акция
ұсынушылардың аттары мен мекен-жайы, басқа да мәліметтері өндірілуде.[6]
Бұл мәселе рыноктық түрде дамушы елдердің заңында да осылай шешілуде.
Мысалы, Швейцарияның міндеттеуші заңының 4 бөліміндегі 68 параграфы
акционерлік қоғамның акционері болып, аты сол қоғамның кітабына енген
адамның аталатындығын бекіткен. Бұл жазба маңыздылығымен де құнды.
Атаулы қағазды ұсынушы тек ұсынған қағазында көрсетілмеген ғана емес,
міндетті тұлғалар кітабына белгіленгенімен де құқық субъектісі болып
табылады.
III. Ордерлік бағалы қағаздар.
Бұл атау ағылшынның "бұйрық" деген сөзінен шыққан. Ордерлік қағаздың
атаулыдан айырмашылығы сонда, борышқор құжатта көрсетілген тұлғаның
міндеттемелерінің немесе осы тектес бұйрықпен құжатты ары қарай апаратын
делдалдық құқықты жаңа субъектінің бұйрықтарын орындауға міндетті. Бұйрық
құжаттың артқы бетіне берілу жазбасын жазу арқылы ресмиленеді. Мұндай
ордерлік қағаз жазба индоссамменті деп аталады. Берілгенін жазатын тұлға
индоссант деп аталады. Ал бұл жазбалар пайдасына жасалып жатқан адам —
индоссат (немесе индосаттар) деп аталады.
Ордерлік қағазды иеленушіге, берілгені жайлы жазудың қатарында, алдағы
берушілердің индоссат ретінде қолы тұрғандықтан, артықшылықтар беріледі.
Ордерлік бағалы қағаздар сапасында айналымға вексельдер, коносаменттер
және т.б. түсуі мүмкін. Оның үстіне, бұл ордерлік бағалы қағаздар заң
жүзінде де, (мысалы, "Вексельдік айналым туралы" ҚР-ның Заңы), құжатта
көрсетілген жақтардың еріктері бойынша да айналымға түсе алады. [7]
Жоғарыда аталып өткендей, мүліктік заңды құжат бола тұра, бағалы қағаз
қандай да бір мүліктік құқықты куәландыруы тиіс. Осы мүліктік құқық күші
бағалы қағаз иесі үшін ең маңыздысы болып табылады.
Бағалы қағаздардың табиғатындағы құқық сипаттарына қарай бұл
құжаттарды былай деуге болады:
а ақшалай құжаттар, яғни ақшалай сома алу құқығын бекітетін қағаздар:
бағалы қағаздардың бұл түріне көбірек сипаты келетіндер вексель, облигация,
сертификат, бондар.
б қандай да бір компания, кәсіпорын және т.б. ісіне қатысты бекітетін
қағаздар, яғни кооперативті құқықтар, кәсіпорынның жарғылық қорындағы
бөлігі, кәсіпорынды басқаруға қатысу және кәсіпорын таратылар болса, оның
мүлкінің бөлігіне иелік ету құқығы.
в тауарларды иелену қағаздары, заттар құқығын, бәрінен бұрын жеке
меншік құқығын немесе басқа тұлғаның иелігіндегі кез-келген тауарды иелену
құқығын бекітеді. Бұл сипаттағы түрге жататындар: қоймалық және кепілдік
куәліктер, коносамент, тауар алу құқығын беретін диливер-ордерлер. Қазіргі
кезде ҚР-ның заңы бойынша бағалы қағаздың белгілері бар тауар иеленуші
құжат ретінде тек коносамент пайдаланылады.
Коносамент — бұл ұсынушының көрсетілген жүкке иелік етуімен қатар,
тасымалдау аяқталған соң барып алатын құқығын куәландыратын тауарлы-
өкілетті құжат.
Бұл жүйелеу бағалы қағаздардың соңғы тобын бөліп қарастыру мақсатында,
оларға бекітілген кейбір ерекшеліктері бар құқықтарды жүзеге
асыруда, олардың басқа да құқылық тәртіптерін зерттеу үшін де қажет.
Міндетті тұлғалардың белгілеріне қарай бағалы қағаздарды бөліп қарау -
әсіресе, құқықты жүзеге асыру мәселесінде аса маңызды. Қағаз бойынша
борышқор орнында, қашанда, оны айналымға шығарушы адам болып жатады және
орындалудың да жауапкершілігін сол көтереді. [8]
Осыған байланысты бағалы қағаздардың эмитенті болып мемлекеттік меншік
субъектілері не жеке меншік субъектілері (мұнда заңды тұлғалар) іске түсуі
мүмкін. Осындай есептен де бағалы қағаздардың көрсетілген негіздері бойынша
келесі жағдайда жүйелеуге болады:
І. Мемлекеттік бағалы қағаздар, негізінен қарыз міндеттемелері.
а ҚР-ның Үкіметі және республиканың заңды тұлғалары шығарған.
б мемлекеттік билік пен басқарудың жергілікті органдары шығарған.
в заңды тұлғалар — мемлекеттік кәсіпорындар, қорлар және т.с.с.
шығарған бағалы қағаздар (мысалы облигациялар).
II. Жеке бағалы қағаздар, шығарушылар — мемлекеттік емес заңды
тұлғалар, (мемлекеттік емес компаниялар, фирмалар және т.б.), оларды
әлемдік тәжірибеде коммерциялақ қағаздар деп аталады.
Осы көрсетілген жүйелеуге байланысты мемлекеттік борышкерлік бағалы
қағаздар, бұлар негізінен - қордағы құндылықтар (облигациялар, бондар,
акциялар және т.б.), еркін айналымға түседі, бірінші орналасу орнынан
субъектіге жеңіл өтеді.
Бағалы қағаздарды бұлай бөліп қарастырудың маңызы зор, яғни рыноктік
емес қарыз өтеу инструментінің болуы, құқылық реттеушілік көзқараспен
қарағанда, несиелік ресурсты рыноктың тұрақсыз жағдайында өте тиімді болып
көрінуде.
Бұл екі түрдің бағалы қағаздардың алғашқы орналасуымен соңғы айналымы
тәсілдерінде айырмашылықтары бар.
Бағалы қағаздарды олардың жазбасы арқылы міндетті тұлғалардың
белгілері бойынша жүйелеуді де атап өту керек. ҚР-ның рыноктарында бағалы
қағаздардың айналымы республикалық эмитенттер секілді шет елдік жеке
корпорация, компания және фирмалардың да қатысуын көздейді.
Мұндай мүмкіндікке заң тыйым салмайды. [9]
Мұндай жағдайда біздің заң шығарушы оргаңдарға шет елдік бағалы
қағаздардың айналымын реттеудің заңды мәселелерін шешіп алғаны дұрыс.
Өйткені, қазақстандық бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлар мен басқа да
субъектілердің мүдделерін қорғау мақсатында мынадай жүйелеу жұмысының жүруі
кезегін күткен және өзіне тиісті өзгешіліктері де бар болуы керек.
Жүйелеудің тағы бір маңыздысы негізгі талаптарды білдіретін және
қосымша талаптарды алып жүретін қағаздарды бөліп қарастыруға болады.
Мысалы, жүйелі түрде кіріс алуға құқық беретін бағалы қағаздар (проценттер
мен дивиденттер беретін облигациялар және акциялар) оларға арналған
купондармен жабдықталған. Осы купондар арқылы бағалы қағаздарды
ұсынушыларға кірістері процент түрінде беріледі. Алайда тиесілі төлем
проценттерін құрайтын бұл ережелер мен негізгі элементтерді белгілей
отырып, нормативті актілер басым басқа мәселелерді жүйелеудің шеңберінен
тыс қалдырып кеткен. Бағалы қағаздарды каузалды және абстрактылы деп
бөлудің заң жүзінде маңызы мол. Олардың сипаты қалыс қалу мүмкіндіктерінің
шектелулеріне байланысты.
Каузалды бағалы қағаздар маңыздылығы шаруашылық мәмілесіне бағытталып
жасалған, оның жағдайы шаруашылық мәмілені қамтиды. [10]
Абстрактылы бағалы қағаздар дегеніміз — олардың тексті шаруашылық
мәмілерден тыс қалады. Бағалы қағаздардың абстрактылығы (дерексіздігі)
қағаз текстінде көрсетілгендерден ала алмаған қатынасына негізделген
келіспеушілік мүмкіндігіне жол берілмейтіндігінде жатыр. Сондай-ақ,
борышқордың каузалдық байланысқа сілтемелі қатынасы қағазда белгіленген
шеңберде ғана жіберілуі мүмкін. Өйткені, міндетті тұлғалар мен бірінші
алушының арасындағы каузалды бағалы қағаздар куәландырған қатынастарда
шаруашылық мәмілелеріне негізделген келіспеушіліктер болып қалуы мүмкін.
Екі жағдайдың бәрінде де бағалы қағаздар абстрактылы болып келеді және екі
жақтың бағалы қағаздар жөніндегі құқықтық байланыстары абстрактылы сипат
алады. Бағалы қағаздардың осы ерекшілігі, жария сенімділік қасиетінен
тарайтын, қағаздың өзіне негізделмеген келіспеушіліктердің жолын табуға
мүмкіндік береді, өзінің алдынғылардың құқықтарына тәуелсіз, ұсынушыға
тиісті құқық жасайды.
Каузалды бағалы қағаздардың қатарына қойма түбіртектері мен куәліктері
және т.с.с. жатады. Абстрактылы бағалы қағаздарда вексель, облигация және
т.б. сол сияқты ақшалай құжаттар енеді.
Бағалы қағаздарды жүйелеудің түрлері алуан түрлі. Заңды маңыздылығы
ауқымдылары жоғарыда аталып өтілді.
Бағалы қағаздарды заңды реттеу жағынан қарастырғанда, олардың құқықтық
жүйелеу тәртібі бағалы қағаздың барлық түрін қамтиды. Бұлардан басқа
жекелеген мүліктік құжаттардың өзіне тән ерекшіліктері мен түрлері бар.
Бәрінен бұрын бұл ескерту акциялардың, облигациялардың және
вексельдердің, яғни бағалы қағаздардың, республиканың қазіргі шаруашылық
айналымдарында үлес салмағы басыңқыланып келе жатқан түріне де қатысты.
1.3. Бағалы қағаздар түрлері
Бүгінгі таңда бағалы қағаздардың басым көпшілігі мемлекеттік бағалы
қағаздар ретінде, Қазақстанның бағалы қағаздар рыногында айналымға түсіп
жатыр. Мемлекет Қаржы Министрлігі атынан мемлекеттік бағалы қағаздардың
эмитенті ретінде ішкі мемлекеттік бюджетті қаржы қалдыруынан сақтандыру
мақсатында шығарып келеді. Мемлекеттік бағалы қағаздар іскер бағалы қағаз
болып табылады. [11]
Бағалы қағаздар рыногының әлемдік даму тәжірибесі мемлекеттік бағалы
қағаздардың инвестицияның бір түрі ретінде кең тарайтындығын, жеке инвестор
ретінде рыноктың кәсіпқой қатысушысы екенін дәлелдеді.
Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБК) мемлекет шығаратын мемлекеттік
ішкілік қарыз формасы болып табылады. Мемлекеттік бағалы қағаздар негізінен
мына мәселелерді шешу үшін шығарылады: [12]
• мемлекеттік бюджеттің жетіспейтін тұстарын қаржыландыру,
• мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру,
• экономикалық белсенділікті реттеу (баға мен құнсыздануға әсер
ету, айналымға қаржы массасын салу, төлем балансы және т.б.).
Мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа бағалы қағаздардың екі
артықшылығы бар: сенімділігі жоғары деңгейде, яғни негізгі капиталды
шығындауда кездейсоқтықтар өте аз, салық жеңілдіктері көбірек.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру және таратумен Ұлттық банк
және Қаржы Министрлігі айналысады. Оның негізгі инвесторлары — халық,
зейнеткерлер мен сақтандыру компаниялары және қорлары, банктер,
инвестициялық компаниялар мен қорлар.
Шығарылған бағалы қағаздар түрлері әр түрлі тәсілмен таратылады:
аукциондық саудалар, белгіленген баға бойынша барлық тілек білдірушіге ашық
сату, белгілі инвесторлар тобының арасында жабық түрде тарату.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың негізгі түрлеріне: облигация,
вексельдер, сертификат және басқалар жатады.
Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (1997
жылы 5 наурызда қабылданған) бағалы қағаздардың шығуы мен айналымға түсуіне
қатысты байланыстарды реттеуде, бағалы қағаздар рыногының субъектілерінің
іс-қимылын жүзеге асыруда, бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік жүйеге
келтіруде, бағалы қағаздардың түрлерін анықтауда басты құжат болып тұр.
[13]
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы бағалы
қағаздардың түрінің бірі акция болып табылады.
Акция түсінігінің айқындаудың көптеген нұсқасы бар. Соның ішінде
нақтылыққа жақыны Азаматтық кодекстің 139 бабында бекітілген түсініктеме.
Онда, акцияның акционерлік қоғамының бір бөлігін салынғанын куәландыратын
бағалы қағаз екені көрсетілген. Сонымен қатар, өз ұстаушысының
(акционердің) акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденттер түрінде
алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға, қатысуға және ол
таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын
бағалы қағаз акция деп танылады.
Акция акционерлік қоғамның мүшесін куәландыратын бағалы қағаз болып
табылады. Сондықтан да кез-келген жағдайда акционер акционерлік қоғамнан
акция беруін талап етуге құқылы болуы керек. Бұл құқық барлық елдердің
зандарында көзделген (тек Ресейдегі акционерлік қоғам туралы Ережеде
"Акционер құқығы" деген білім енгізілмеген). [14]
Акция өз ұстаушысына (акционерге) мынадай құқықтар бере алады:
1. Қоғамды басқару ісіне қатысу, акционерлердің жиналысында дауыс
беруге құқылы.
Мұнда жеңілдетілген акция дауыс беру құқығынан айырады. Алайда, кез-
келген жағдайда акционерлік қоғамның байланысымен есеп берудің басқа да
нысандарымен танысуға құқығы бар.
2. Дивидент алуға құқылы (акционерге акционерлік қоғамнан түскен
пайдадан әр акцияға жүйелі түрде (жыл сайын) кіріс төленіп тұрады.
З. Акционерлік қоғам таратылып кеткен жағдайда, акционердің
акционерлік қоғамның барлық несиелік талаптары қанағаттандырылғаннан кейін
мүліктің тиісті бөлігін алуына құқығы бар.
Акцияның қатыстылығына байланысты атаулы және ұсынбалы болып
бөлінеді.
Мұндағы атаулы акцияға иеленушінің аты тікелей құжатта көрсетілуі
арқылы артықшылыққа ие болып, ал иесінің өзі акционерлік қоғамның реестріне
тіркеледі.
Ұсынбалы акцияның толық иесі акцияны меншіктеуші болып табылады, ал
ондағы топтастырылған құқықтарды беру акцияның беру "сату" жолымен жүзеге
асырылады. Рыноктық қатынасы дамыған елдердің бәріндегі бағалы қағаздар
рыногындағы ұсынбалы акция негізге алынады. Ұсынбалы акция корпорацияның
немесе акционерлік қоғамның реестрінде тіркелмейді. Ережеге сай оның иесі
белгісіз болады. Бұл акциялардың иеленуінің заңды негізінде компания
акционері болу жатыр. Ұсынбалы акцияның сатылуы бұл бағалы қағаздың бірінші
меншіктенушіден екіншісіне тікелей берілуі болып табылады.
Экономикасы дамыған елдердің көпшілігінде ұсынбалы акцияны "бағалы
қағаздар ұстаушыларды реестірге тіркелмейтіндіктен" шығаруға жол
берілмейді.
Сонымен қатар акциялар қарапайым және артықшылығы бар
"привилигированные" болып бөлінеді.
Қарапайым акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді
(акционерлер жиналысында мәселелер шешуде бір акция — бір дауыс бере алады)
және резервтер толтырылып артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттен
төлем берілген сол қоғам пайдасының бөлігін бөліске салуға қатысады.
Артықшылығы бар акциялар — басқару ісіне қатысуға құқық бермейді, бірақ
тұрақты (тіркелген) дивидент әкеледі және қарапайым акцияның алдында пайда
бөлісу және қоғам таратылған кезде жеңілдіктерге ие бола алады.
Бәрінен бұрын бұл — пайданың бөлігін бірінші алу, оның үстіне алдын-
ала бекітілген қатаң соммамен алу, сондай-ақ, акционерлік қоғам таратылар
болса оның мүліктерін бөліске салуда айырықша қатысу (әрине, несие
берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін).
Артықшылығы бар акциялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: мысалы,
дивиденттің бекітілген нарқы немесе бекітілген дивидентке белгілі
қосымшаның көзделінуі (қарапайым акциялар бойынша пайда түсіміне
байланысты). Мұнда ескертетіні акционерлік қоғамның қарапайым акциялар
бойынша дивидент төлеуге міндетті деп ойлау қателікке ұрындырады. Бұл
дивиденттер акционерлік қоғамның пайдасынан қатталап отырады.
Сондықтан да акцияның бұл түрін ұстаушылардың акционерлік қоғамның
ұйымдастырылуы мен іс қимылы үшін маңызды мәселелер қабылдау процестеріне
белгілі дәрежеде нақты қатысып отыруына заңды құқық берілген. ҚР-ның
заңында, Азаматтық Кодекстің 139 бабы үшінші пунктіне сәйкес "алтын акция"
деп аталатын түсінік бар. [15] Осы бабқа сай акционерлік қоғамдарда
құрылтайшылар жарғылық қорды қалыптастыруға және дивиденттер алуға
қатыспайтын "алтын акция" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесіне жалпы
жиналыстың, басқарма мен қадағалау кеңесінің жарлығымен белгіленген
мәселелер жөніндегі шешімдеріне тыйым салуға ғана құқығы бар.
Бұл мәселеде ҚР-ның заң актілерінің арасында бір қатар қайшылықтар
бар. "Мемлекеттік холдинг туралы" Ереженің 1.3 пунктінде "алтын акция"
иесінің акционерлік қоғам немесе кәсіпорынның жабық пакетін иеленуі
қажеттілігі айтылады. [16] ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 139 бабының үшінші
пунктінде бұл түсінікке дәлірек анықтама берілген.
Алайда "алтын акция" иесі бір мезетте компанияның акционері болуы да,
болмауы да мүмкін. "Алтын акцияның" басты міндеті сонда, ол бір құрылымның
(мемлекеттің, компанияның өзіне және т.т.) мүддесін қорғау мүмкіндігін іске
асырады. Одан соң қандай да бір нақты міндеттерді шешетін іс шараларды
жүзеге алады. Қазіргі кезеңдегі "алтын акция" иесі ҚР-ның заңына сай,
мемлекеттің өзі оның басқару органдары бола алады. "Алтын акция" бағалы
қағаз емес, тәртіп қолданылмайды. "Алтын акцияны" кепілдікке немесе траст
жүргізуге, сондай-ақ басқа да тәсілдермен иеліктерге беруге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасындағы жаңадан қабылданған "Бағалы қағаздар
рыногы туралы" Заңда (2003.07.02.) "толық өкілетті орган" - Қазақстан
Ұлттық Банкі, инвесторлар құқығы, эмитенттерге талаптар және ең бастысы
бағалы қағаздардың өзін таныта білген түрлерінің тізімі қарастырылған. Заң
күшін жойған президенттің "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы"
жарлығынан айырмашылығы, жаңа Заңда вексель бағалы қағаздар тізіміне
енгізілмеген.
Өйткені, "Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы" Заң
қабылданды, оның мазмұнында вексель бір жақты ақшалай міндеттемесі бар
қатаң белгіленген нысандағы төлем құжаты ретінде тану ұсынылған.
ҚР 1997 жылғы 28 сәуірдегі "Вексель айналымы туралы" Заңға сәйкес,
еніп отырған бұл айналымға жәй және аударымды вексельдер қатысады. Олар
бойынша талап ету құқығын беру, олармен байланысты вексельді міндеттемелер
мен операцияларды орындау, сондай-ақ есеп кеңселермен вексель операцияларын
жүргізу және ҚР-ның Ұлттық банкісінің вексельдерді қайта есепке алу
мәселелері қарастырылған. [18]
ҚР-да айналымына байланысты қатынастар осы заңның Женевадағы
вексельдік конвенциясынан шығатын вексельдік құқық, оған сәйкес шығарылған
ҚР-ның басқа заң актілері арқылы реттеліп отырады.
Вексель деп вексель берушінің ешқандай шарт қойылмаған міндеттемелерін
(жәй вексель) не вексельде көрсетілген өзге төлеушінің (аударымды вексель)
вексельде көзделген мерзім келген кезде вексель иесіне белгілі бір соманы
төлеуін куәландыратын бағалы қағаз танылады.
Вексельдік міндеттемелер тек ақша түрінде ғана кездеседі. Сату-сатып
алу, сондай-ақ қысқа мерзімге инвестициялау объектісі болатын вексель
бағалы қағаздың ерекше түрі сапасына жатады. Құрылымдық түрі мен нысанына
қарай вексель жәй және аударымды болып бөлінеді. [19]
Жәй вексель — вексель берушінің ешқандай шарт қойылмаған міндеттемелер
төлем мерзімі келген кезде вексель иесіне белгілі бір соммада төлеуі болып
табылады.
Аударымды вексель (трата) — вексель берушінің (трасанттың) төлеушіге
(трасатқа) ешқандай шартсыз жазбаша көрсетілген вексель ұсынушыға белгілі
бір сомадағы ақшаны төлеу мазмұнындағы ақшалай құжат болып табылады, яғни
вексельде көрсетілген тұлғаға не ол көрсеткен адамға белгіленген мерзімде
немесе талабы бойынша белгілі бір соманы төлеу. Осылайша, трата бойынша
төлеушілер дегеніміз — жәй вексельдегі секілді вексель иесі емес, ал басқа,
акцепт арқылы аударымды вексельді өз мерзімінде төлеуге міндеттеме алған
тұлға болып шығады.
Айналымның процесі кезінде вексель бір иеленушіден екіншісіне
иносаменттің арнайы қолы арқылы беріліп жатады. Иносамент атаулы немесе
нақты тұлға болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда вексельдің одан әрі берілуі жәй
ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Түріне қарай вексельдер коммерциялық, қаржылық және қазыналық болып
бөлінеді.
Коммерциялық вексельдер өндіруші кәсіпорындарға тұтынушы
кәсіпорындардың төлемінің мерзімін шегіндіру нысанын көрсететін
коммерциялық несиелер ресмиленеді.
Қаржылық вексельдермен тауарлы мәмілелер емес, түрлі банктер арасында
іскер байланыстар ресмиленеді.
Вексельдер эмиссиялық бағалы қағаздар емес, олардың айналымы ҚР-ның
Ұлттық банкісімен жүйеленіп отырады. Вексельдің құқықтық иесінің зандық
тәсілінің белгілері бойынша вексельдер ордерлік және атаулы болып бөлінеді.
Ордерлік вексельдер әлемдік вексель айналымында кең таралған. Бәрінен
бұрын сауда, есеп айырысу үшін мұндай айналымға ыңғайлы ақшалай құжаттар
"тауарларды төлем мерзімін шегіндіріп сатуға" негізделген шарт қоя
бермейтін бағалы қағаз қажет. Қазақстанда ұсынушының векселінің айналымына
тыйым салынған.
Мұндай қорытынды қолданыстағы зандарды саралап барып шығарылған.
Болашақта қатаң құжат болып табылатын вексель өз маңыздылығымен вексель
жөніндегі алушының өтуі тиіс, бірақ, мұндай нұсқаулық мәні бар құжат
вексельдік күштен айырылып қалады. Демек, оның өзінен вексельді берудің
негізінде нақты құқықты қатысы бар жақтардың дәл айқындалған мәмілесі жатыр
(мысалы, сату және сатып алу). Вексельді беру осы мәмленің негізінде құқық
пен міндеттерін бөлісулерді тиісті екі жақтың арасында жаңа құқықтық
қатынас тудырады.
Шаруашылық айналымда вексель төлем мен куәландыру тәсілі ретінде
маңызды қызметтер атқарады. Несиелік қатынаста вексельдің көмегімен тауар,
көрсетілген қызмет үшін төлеуге, сондай-ақ, төлемін шегіндіру арқылы
тауарларды несиеге алуға болады. Инфляцияны тез өсіп жатқан вексель басқа
бағалы қағаздарға (мысалы, облигация) қарағанда, қысқа мерзімді құжат
ретінде аса тиімді. Одан басқа, вексельді нақтылай ақша қаржысы жетпей
қалғанда қолдануға болады. Бірақ, вексельдерді қолдану үшін оның
тиімділігін арттыратын құқылық жағдай туғызу керек. Бұл ақшалық құжаттар
айналымы маңызды вексельдерді есептеу және олардың міндеттемелерін
өшіретін, банктердің қызметін біріктіретін биржадан тыс рыноктарда
жүргізіледі.
Вексельдерді есептеу вексель айналымын арнайы ерекшелігі болып
табылады. Оның негізі мынада, банктер (мүмкін басқа да қаржы институттары)
вексель есебін жүйелі түрде хабарлап отырады да шығарылған әр-түрлі
субъектілер де вексельдерді оларды иеленушілерден айналым мерзімі өткенге
дейін сатып алады, бірақ енді бұл бағалы қағаздардың бағасы бастапқы құннан
белгілі бір мөлшерде арзандатылады. Сондықтан, вексельдердің есептеу нарқын
(дисконт) анықтауда нақты механизм орнату талап етіліп келеді.
Вексель айналымындағы құқықтық негіз құру мүмкіндігінің бірі
Қазақстанның Женева конвенциясымен бірлесуін ұсынады. Женева конвенциясы
1930 жылы аудармалы және жәй вексельдер туралы бірыңғай заңды бекіткен
болатын.
Әлемдік тәжірибеде вексель ордерлік бағалы қағаз ретінде танылып
келеді.
Мысалы, француздардың бағалы қағаздар заңына сәйкес аудармалы және жәй
вексель олардың заң нысандары бойынша берушінің қолымен қатар үздіксіз
ұсынушыға жеңілдіктер жасайтын қағаз болып табылады.
Соған сәйкес, италияндықтардың заңымен — барлық бағалы қағаздар
секілді, бұйрықты келісімге келтіретіндіктен, беру қағаз индосаменттің
тәртібінде жіберілетіндіктен бұл қағаздағы келіспеушілікті шектеу жөніндегі
ережеге қабылданады.
Швейцарлықтардың заңы бойынша вексель "вексель тектес қағаздар"
(ордерлік аударым және төлемнің ордерлік келісімін түзуші) белгілі жерде
және белгілі мерзімде белгіленген соманы төлеуге немесе белгілі сандағы
заттарды алмастыруға міндеттелген жағдайда (тауарлы-материалдық құндылық)
бағалы қағаз болып табылады.
Германдықтар заң жүзінде ордерлік бағалы қағаздан басқа индосамент
мәніндегі бағалы қағаздардың бәрін "жалпы азаматқа тиімді" деп таниды.
Сонымен, ордерлік бағалы қағаздар — заңды тәртіпте реттелетін
қағаздар.
"Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы" Заңның 79
бабында ҚР-ның Ұлттық банкінің айналымды реттейтіндігі туралы айтылған.[20]
Вексель айналымы бұл құжаттарды белгіленген нысанда, алдағы уақытта
азаматтық құқық айналымға пайдаланатындай етіп шығару. Оған вексель
айналымын реттейтін өкілетті органның қажеттілігі туындайды. Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 7 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы"
Заңында бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік жағдайда реттеуді (қазіргі
кезде бұл істі ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы атқарып
келеді) Ұлттық банкпен "Өкілетті органның келісім жасауы" деген ұғым жиі
кездеседі.
Еліміз құқықтық басқару жүйесіне талпыныс танытып отырғандықтан
өркениетті рыноктардың теориясына, оның ішінде вексельдік құқықтың
жүргізілуіне назар аудару қажет.
Оған мысал, Ляденбургтің тапсырыстық теориясы бойынша "вексель-ақша"
алуға жазбаша өкілеті болса, Юстаның теориясы бойынша "вексель жәй түрде,
аудармалы түрде, - вексель иесінің ақша төлеуі туралы" міндеттемесі уақытша
айқындамасыз несие берушінің теориясы, яғни В.Беловтың ғылыми-тәжірибелік
коментарийі бойынша "вексель оны соңғы иеленушінің алдында төлем мерзімді
келген кездегі міндеттеменің мәні" болып табылады.
Егер вексель жәй және аударымды вексельдер туралы 1930 жылғы бір
тектес заң нысанымен құрылатын болса, онда ол "абстрактілі, берілуі
ешқандай шартсыз, сенімділігі жарияланған, формализмді, іздестірілуі
қатанда тез мағыналарымен сипатталады.
Белгілі ғалым А.Каминка былай деп жазды: "Вексельдік міндеттемелердің
текстін сұрыптау кезіндегі негізгі бастама назарға қатысушы жақтардың
еркімен ниеттерінде емес, олардың іскерлік ортадағы кең шеңберді қамтитын
көзқарастарында жатыр" немесе "вексель жекелеген және дербес
міндеттемелердің жиынтығын білдіреді".
Н.Казакова, О.Балашова секілді көпке танымал заңгер ғалымдар
"индосаменттің пайда болуы тұлғалардың вексельге қол жеткізуіне мүмкіндік
береді, вексельдің пайда болған негізінде өз құқықтары негіздеген олар
өздеріне берілген вексель бойынша, ондағы текстпен іс жүргізе бастағанын
айтты.
Жоғарыда айтылғандардан шығатыны вексельдегі міндеттемелер вексельдің
өзінен, ал ақшалай міндеттемелердің орындалуы беруші тұлғалардың жазулары
мен қол қоюларынан туындайды.
Егер вексель міндеттеме десек, онда борышқордың несие берушінің
алдындағы өз міндеттемелерін орындауы міндетті болып табылады, вексельдің
құқықтық қатынасының маңызы ашыла түспек.
Вексельдің тарату күші шексіз де шартсыз да пайдалануы абыройын
асыруымен қатар, ақша айналымына ұнамсыз жайттарға да барып қалып жүр.
Коммерциялық айналымда вексель мәмілелер бойынша есеп айырысудың сапасында,
кәсіпкерлерді коммерциялық несие беріп, мәміле бойынша міндеттемелердің
орындалуын жүзеге асыруда.
Вексельдің есеп айырысу қызметі жөнінде айтқанда төлем мен түсімнің
есебін алмастырып алмау шарт. Вексель — түсім есебінің жайын көздейді.
Қатаңдау айтсақ, вексель төлем кезінде ақшаға айырбасталғандықтан, өзінің
ақша болып кетуі мүмкін емес.
Есеп айырысу қызметінің вексель үшін қажеттілігі сонда, вексель беру
арқылы сатып алушы ұсынылған мүлік бойынша вексельдегі сатып алу-сату
келісімімен еншісіндегіні айырбастап, міндеттемелерін орындауға тиіс
болады.
Вексельдің несиелік қызметі мәміле бойынша вексельдің есебімен
байланысты. Коммерциялық несиенің тікелей банктік несиеден айырмашылығы,
мұндай мерзімді кейінге шегіндіру мүмкіндігі бар.
Вексельді әріптестерінің алған тауарлары мен сіңірген еңбегі үшін есеп
айырысу мақсатында, төлем ақыларды жинап алу, қарыздарды ресмилеу үшін
шығару барлық жерде ортақ іске айналып кетті. Әрине, вексельдің бағалы
қағаз ретінде есепке, төлем ісіне бейімділігі тұрғанда бұған таңырқауға
болмайды.
Мысалы, вексельдің шығарылуынан Оңтүстік Қазақстан облысында 240 млн.
теңгенің қарызы сөндірілген. Сонда барлығы бастапқы бағасы 40 млн. теңгеге
вексель шығарылған.
Бұл вексельдер облыстық бағыттағы бюджеттік ұйымдарға берілген.
Бюджеттегі ұйымдар онымен электроэнергиясына, газ, жылуға төлеу
мүмкіндігіне ие болды. Осы бойынша облыстық қаржы басқармасының есебінде
сөндірілген қарыздардың сомалық көрсеткіші шамамен 240 млн. теңге болған.
Қарыздарды сөндіру жергілікті бюджеттің еншісінде қалған салық
төлемдерінің есебінен жүзеге асырылды.
Бірақ, вексельдер қор рыногына шыққан жоқ. Қаржы органдары вексельдің
кейбір бөлігін екінші кезеңге Алматы орталық биржасының Оңтүстік Қазақстан
филиалы бойынша орналастыру қарастырылды. Себебі, мұндай қимыл бюджетке
"жан бітіретін" болады.
Вексельдің азаматтық "саудадағы" міндеттемелерден айырмашылығы, оның
абстракты сипатында. Мұнда борышқор (вексель иесі) вексель бойынша оның
негізіне қарамай, вексельге міндетті тұлғаға талаптарын қоя алады. Осыдан
барып, вексельдің заңды күші оның формасында екендігі көрінеді. Оның өзі
1930 жылы Женевада қабылданған. Бір тектес вексель заңына сәйкес
халықаралық стандартта жасалынған. Егер "борышқор" деген сөз қолданар
болса, онда-вексель бойынша мәміле азаматтық-құқықтық сипаттама болғаны.
Бұл мәміле вексель бойынша ақшалай міндеттеме тез орындалуы тиіс
коммерциялық несие санатына жатады.
Вексель Қазақстанның кәсіпорындар арасында сауда қатынасының
айналысына енген жоқ. Қазақстан женева конвенциясына біріккен вексельді
тіркеудің формасын сақтаудың шарттарын қабылдау арқылы дәлелдеп отыр. Бұл
құжат ҚР-ның 30.08.95 жылы қабылданған конституцияға сәйкес мемлекеттік
тілде әрі ресми тілде жүргізіледі.
Несиелік қызмет вексельдің борышқорлық міндеттемелерінің әр түрлігінен
шығады. Ол кейде несиелік қатынастардан экспорттармен оларға көрсетілген
банктер арасында пайда болады. Вексельдің көмегімен кәсіпорындармен жеке
тұлғалар арасында қағаздарды өтеу өте тиімді. Мысалы, бүгінгі күнге дейін
биржадан тыс азаматтар арасында келе жатқан ҚР Госпродукциясының векселімен
қозғалмайтын мүлік пен автокөлік саудасын жүргізуге болар еді. Вексель беру
арқылы вексель ұсынушы олардың алып отырған заттарының төлемін вексель
бойынша мерзімі өткенге дейін жылжытады, өйткені вексельде көрсетілген
мерзімнің шартты еместігі көрсетілген.
Бағалы қағаз нарығында қарыздарды өтеуге арналған — облигация. Бұл
туралы ҚР-ның Азаматтық кодексінің 136 бабында мынандай түсініктеме
берілген: "Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның нақты құнын онда
белгіленген проценттің не өзге де мүліктік құқық алуына құқық береді"
делінген. [21]
Оны ұсынғандығы куәландыратын құқық эмитент шығарған облигацияны
облигационер иеленуден бұрын пайда болмайды.
Осы орайда облигационер кім екендігін айтып өту қажет. Облигационер —
облигацияны иелену, пайдалану және өкімін жүргізу құқығын иеленуші тұлға.
Ұстаушының облигациясын сатып алған сәттен бастап ол алушының меншікті
қағазы болып табылады, онда көрсетілген құқықтарды иеленуші
сонымен қатар, тіркелген проценттегі пайдасын ала алады.
Тіркелген процент дегеніміз - осы бағалы қағаздардың шығарушы эмитент
айқындайтын облигацияны бастапқы бағасының түсірген пайдасының бір бөлігі.
Облигацияның түсініктемесіндегі айқындамадан белгілі болғандай,
бірінші иеленушісіне жеткенге дейін ол бағалы қағаз болып табылады және
эмитент пен облигационердің арасындағы міндеттемелерді бекітпейді.
Облигация атаулы және ұсынбалы түрінде, еркін айналымға түсетін және
шектелген шеңберде айналым жасап проценттік (мақсаты) болуы мүмкін.
Облигация бойынша табыстар (проценттер) купон төлеу жолымен немесе
сатылғанда бастапқы бағанасына жүйелі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz