Айналым капиталы - кәсіпорын меншіктегі айналым құралдары


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарда, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік
есептің әдістемесі мен тәжіридесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субьектілердің қаржы- шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасаудың қажет етеді.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сурақтілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өнделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылдаған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын тандап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсіз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамнің әкімшілік - әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (“иесіз”) меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс - әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық аландарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қажылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашті. Атап айқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті тандауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты боглады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, салып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашыо\лықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін еркін орын алмастыра отырып қолданып. тиімді пайдалану жолымен өнімді өндірі мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресустары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау мәселесі аз зерттелуде, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - кәсіпроынның қаржылық жағайын тереңірік зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАРЖЫ РЕСУРСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ РЕЗЕРВТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1. 1 Кәсіпорынның қаржы ресустарының қалыптасуы
Кәсіпорын - бұл кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін құрылған шаруашылық субъект. Оның экономиклық мақсаты қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз ету және табыс табу т. б. өзінің мазмұнына қарай кәсіпкерлік қызмет ұйымдардың немесе кәсіпорындардың өндіру және өнімді өткізу, жұмысты орындау және қызмет көрсету, қор нарығындағы операцияларды қарастырады. Кәсіпорын қандай да бір қызмет түрімен айналысуы мүмкін немесе бір мезгілде барлық қызмет түрін жүзеге асыруы мүмкін.
Кәсіпорын қаржысы дегеніміз - ол негізгі және айналым капиталдарының қалыптасу процесінде пайда болатын қаржы, қоры, оларды пайдалану мен бөлу.
Кәсіпкерлік қызмет процесінде ұйымдар немесе кәсіпорында өздерінің контрагенттерімен шаруашылық байланыстары пайда болады. Контрагенттер: жеткізіп берушілер және сатып алушылар, бірлескен қызмет серіктестері ассоциациялар мен бірлестіктер қаржы және несие жүйелері т. с. с. осының нәтижесінде қаржы қатынастары п. б. Олар өндірісті ұйымдастыру мен өнімді өткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсету, қаржы ресурстарын қалыптастыру, инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты. Ақша - қаржы қатынастардың материалдық негізі болып табылады. Олардың пайда болуының маңызды шарты ақша қаражатының қозғалысы және орталықтандырылмаған және орталықтандырылған ақша қаражатының қорын құру және пайдалану. Кәсіпорын қаржысы дегеніміз - қаржы және ақша қатынастары. Олар негізгі және айналым капиталының қалыптасу және кәсіпорынның ақша қаражатының қорлары мен оларды бөлу және пайдалану барысында пайда болады.
Кәсіпорындардың қаржы қатынасының экономикалық мазмұнына байланысты төмендегідей бағыттарға топтастыруға болады:
- кәсіпорынды құру кезінде жарғылық қорды қалыптастыру үшін құрылтайшылар мен кәсіпорын арасындағы қатнас. Өз кезегінде жарғылық қор материалдық емес активті алуда, алғашқы өндіріс қорын қалыптастырудың көзі болып табылады;
- кәсіпорындармен мекемелердің өнімді өндіру мен өткізуде жаңа бағаның құрылуына байланысты. Оларға шикізатты, материалды, даяр өнімдерді т. с. с. жабдықтаушымен сатып алушының қаржылық қатынастары, құрылыс мекемелерімен инвестициялық қазмет кезеңдері кезінде, транспорт мекемелерімен, байланыс кәсіпорындарымен, кеден, шетел фирмалары т. с. с. кіреді. Бұл қарым - қатынастар шаруашылық қызметтің негізі болып табылады, себебі олардың тиімді ұйымдастырылуына коммерциялық қызметтің қаржылық нәтижесіне байланысты;
- кәсіпорындармен және олардың бөлімшелерінің филиалдарының цехтарының, бригадаларының шығындарын қаржыландыру, табысты бөлу және айналымдағы қаржыларды қайта бөлу. Бұл қатынас өндірістің ұйымына және ырғақтылығына әсер етеді;
- кәсіпорынмен оның қызметкерлері арасында табысты бөлу және пайдалануға, мекеме акциясын облигациясын шығаруға және оны таратуға, облигацияның процентін акцияның дивидентін төлеуге, келтірілген материалдық зиянды штрафтармен және компенсациямен өндіріп алуға, жеке тұлғалардан салықты ұстап қалуға, қаржы қатынасын ұйымдастыру еңбек ресурсын тиімді пайдалануға әсер етеді;
- кәсіпорынмен жоғарғы мекеменің, өндіріс - қаржы топтарының холдинг ішінде, ассоцияциялармен одақтардың арасында кәсіпорын осылардың мүшесі. Бұл қатынас ақша қоры жиналып бір орталыққа шоғырландырылып бөліп пайдалану кезеңінде және белгілі мақсатқа арналған қорды қаржыландыруға, маркетингтік зерттеуді жүргізуде, ғылыми зерттеу жұмыстарында, инвестициялық жобаларды іске асырудағы қаржыны қайтарып беру кезінде көмек беруде және айналымдағы қаражатты толықтыруда пайда болады. Бұл қатынас ішкі салаларға ақша қорын бөлумен кәсіпорынның әрі қарай дамуының қолдауға бағытталған;
- кәсіпорынмен мемлекеттің қаржы жүйесінің арасында салық және де басқа төлемдерді бюджетке төлеуіне, бюджеттен тыс қорларды жасауына, салықтық жеңілдік беруіне, штраф шараларын қолдануына, бюджеттен бөлінген қаржыны алуына байланысты;
- кәсіпорынмен банк жүйесінің жұмыс барысында коммерциялық банктерде ақшаның сақталуына, қарыз алуына, оны өтеуіне, иесінің процентін төлеуіне, шет ел валютасын сатуына және алуына басқа да банктік қызметін көрсетуіне;
- кәсіпорынмен қауіпсіздік қоғамдарының және мекемелердің арасындағы қатынас кейбір қызметкерлер категориясының коммерциялық кәсібі мүліктерін қауіпсіздікке қойғанда пайда болады;
- кәсіпорынмен инвестициялық институтарының инвестицияны орналастыру кезінде, жекешелендіруде т. б.
Жоғарыда көрсетілген топтардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен әрекет әдістері бар және ақша қаражатын айналымға салу олардың материалдық негізі. Ақша қаражатының қозғалысымен мекеменің жарғылық қорын құрастыру бірге жүреді, қаржының айналымы басталып ақша қоры құрастырылып әртүрлі міндетті салаға жұмсалып аяқталады.
Қаржының толық мәні оның міндетті қызметтімен көрінеді. Экономисттердің көпшілігі кәсіпорын қаражаттары екі негізгі қызметті атқаратынын анықтайды: бөлу және бақылау. Бұл екі қызмет өзара бір-біріне көмектесіп әрекет жасайды. Бөлу қызметінің көмегімен алғашқы қор құрастыруына бастайды. Ол құрастырушылардың салымының есебімен құрайды, жалпы ішкі өнім құны көрсетіліп бөлінеді; қаржы қорымен табысты бөлу барысында баға негізінің пропорциясын анықтайды, өнім өндірушілердің, кәсіпорындардың мекемелердің және мемлекеттің тілектерін мүдделерін толық қамтамасыз етіп қолайлы етіп .
Тесеру қызметінің әділетті нігзгі өнеркәсіп өнімдерін шығарудағы және сол өнімдерде өткізуге бағасының есептелуі, жұмыстың орындалуы қызмет етуі, кәсіпорынның табысы мен ақша қорының құрастырылуы және олардың пайдалануы. Қаржының негізінде бөлу қатынасы жатып, ол өндіріс процесін қаржы көздерімен қамтамасыз етеді, сонымен ұдайы өндіріс процесінің барлық кезеңдерін біріктіріп, байланыстырады. Олар: өндіріс, айырбастау және тұтыну. Дегенімен кәсіпорынның табыс мөлшері оның әрі қарай өркендеу мүмкіндігін анықтайды. Шаруашылықты тиімді түрде жүргізу оның әрі қарай өркендеу мүмкіндігін алдын ала анықтайды. Қаржының тұрақты айналымы бұзылса, керісінше өнім өндіру оны өткізуге кететін шығын артады, қатынасты орындауы, қызмет көрсетуі. Кәсіпорынның табысын төмендетеді, осыған сәйкес оның әрі қарай даму мүмкіндігі, бәсекелестік қабілеті және қаражат тұрақтылығы да кемиді. Мұндай кезде қаржының тексеру қызметі өндірістегі жеткіліксіздікке, қаражат қорын басқарудағы және өндірісіті ұйымдастырудағы кемшілікке бөліп тұратын қатынастың әсері тиімсіз екеміне дабыл қағады. Осыған бадылды елемеу кәсіпорынды балекротқа әкелуі мүмкін.
Тексеру қызметі кәсіпорынның қаржы көрсеткішінің көмегімен оған баға бере отырып бөлу қатынастарының тиімділігін көтеруге тиісті шара дайындап іске асырады.
Кәсіпорынның ақша қорларының қалыптасуы кәсіпорын құрылған сәттен басталады. Кәсіпорын заңға сәйкес өз жарғылық қорын құрады.
Жарғылық қор - кәсіпорынның алғашқы негізгі өзіндік қаражат көзі б. т. Ол негізгі және айналым капиталдарынан қалыптастырады. Олар өз кезегінде негізгі өндірістік қорды, материалдық емес активтерді, айналым қорларын иеленуге жұмсалады.
Кәсіпорынның ақша қорларының қатарына үстеме капитал жатады. Ол негізгі қорды қайта бағалау нәтижесінде мүлік құнының өсіміне эммисиялық түсімдердің (акцияның сатылу бағасының номиналды бағасынан асуы) өндірістік мақсатқа қайтарымсыз берілген ақшалай және материалдық құндылықтар есебімен құралады. Бұл капиталды түпкілікті қайта бағалау кезінде мүлік бағасының төмендеген соммасының орнын толтыруға басқа кәсіпорындар мен тұлғаларға қайтарымсыз беру салдарынан п. б. шығынды өтеуге есепті кезеңдегі кәсіпорын қызметінің нәтижесі бойынша болған шығындарды табуға пайдаланылады.
Кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде кәсіпорындар:
- өндірістік тауарды өткізуден түсетін табыс
- жұмысты орындау мен қызмет көрсетуден түсетін табыс
- мүлікті пайдалануға беруден түсетін табыс
Бұл табыстар сатудан түскен түсім ретінде қабылданады және егер кәсіпорын өз өнімін экспорттайтын болса, онда ол оның есеп айрысу және валюта шотына түседі. Түсім - ең алдымен кәсіпорынның шығынның орнын толтыру көзі, нарыққа өткізу б. т. Сонымен бірге мұнда шығынның тағы бір бөлігі кіргізіледі. Ол экономикалық қызметтің іске асуы. Бұл тікелей өнім өндіру мен немесе өнімді өткізумен байланысты емес, бірақ табыс табумен байланысты. Бұл шығындар өнімнің өзіндік құнына кіргізіледі. Түсімнің әрі қарай бөлінуі амортизациялық қордың қалыптасуымен байланысты. Амортизациялық қор өзінің экономикалық пайда болуында қарапайым ұдайы өндірістің негізгі қорларын қаржыландыруға бағытталған.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі мен соңғы мақсаты табыс болып табылады. Салық төленгеннен кейін кәсіпорының қарамағында қалған табыстан резервтік капитал, жинақтау қоры мен тұтыну қорлары қалыптасады.
Резервтік капитал - бұл кәсіпорынның ақша қоры. Оның қалыптасу көзі болып кәсіпорынның өз меншігіндегі қалған табыс б. т. Ол есеп жылындағы нақты мақсаттарға табыстың жетіспеуімен яғни есепті жылдың шығындарын жабуға, төлеуге жұмсалады.
Бұл резервтік капиталдың болуы кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақсыздығын қамтамасыз етеді. Резервтік қордың ақшалай қаражатының түріне сондай-ақ құнды қағаздардың құнсыздануына салынған резервтер, қайта сатып алу қоры, кейінге қалдырылған қор және т. б. Акционерлік қоғамда акцияны сатып алу және облигацияны өтеу үшін құрылады.
Жинақтау қоры - өндірістің дамуына арналған ақша қаражаттары. Бұл қор кәсіпорын мүлкін кеңейту мақсатында негізгі өндірісті дамытуға, сондай-ақ табыс алу үшін қаржылық салымдарды салу және пайдаланумен байланысты.
Тұтыну қоры - әлеуметтік қажеттіліктерге өндірістік емес салалрды қаржыландыруға, мараттауларға, компенсация түріндегі төлемдерге және т. б. мақсаттарға бағытталған ақша қаражаттары.
Валюта қоры - өз өнімін экспортқа шығаратын және валюталық түсімді алатын кәсіпорындарда қалыптасады.
Кәсіпорынның қаржы ресурсы - бұл өзіндік ақша табыстарының жиынтығы және сырттан түскен түсімдер. Олар кәсіпорынның қаржылық міндеттемесін орындауға, өндірісті кеңейтуге байланысты шыққан шығындар мен ағымдық шығындарды қаржыландыруға арналған.
Капитал сияқты түсінікті бөліп көрсету керек. Капитал айналымның аяқталуы бойынша табыс әкелетін және өндіріске салынған қаржы ресурстарының бір бөлігі. Басқа сөзбек айтқанда, капитал қаржы ресурсына айналған формасы ретінде болады.
Кәсіпорынның қаржы ресурсы өзігнің пайда болуында өзіндік және әр түрлі жағдайда тартылған болып бөлінеді.
Өзіндік қаржы ресурсы құрамына табыс және амортизациялық аударымдар кіреді. Бұл жерде ескеретін жағдай кәсіпорын табысының бәрі толық кәсіпорынның өз меншігінде қалмайды. Оның бір бөлігі салық және басқа да төлемдер түрінде бюджетке түседі. Ал одан қалған кәсіпорын меншігіндегі табыс басқарушы органдарының шешімімен жинақтау және тұтыну мақсаттарына бөлінеді. Жинақтауға бағытталған табыс өндірістің дамуына және кәсіпорын мілкін арттыруына пайдаланады. Тұтынуға бағытталған табыс әлеуметтік мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.
Амортизациялық аударымдар дегеніміз - негізгі өндірістік құралдардың және материалдық емес активтердің тозуының ақшалай құнын көрсетеді. Ол екі жақты сипаттамаға не болады. Себебі ол өнімнің өзіндік құнына кіреді және өнімді өткізілген түскен түсім кәсіпорынның есеп айрсу шотында жай немесе кеңейтілген ұдайы өндірістің қаржыландыру көзіне айналады.
Тартылған немесе сыртқы қаржы ресурстарының қалыптасу көзі өзіндік заемдық және бюджеттен бөлінетін қаржы түрінде болады. Бұл бөлу капитал салық формасымен қамтамасыз етіледі. Егер сыртқы инвесторлар ақша қаражатын кәсіпкерлік капитал түрінде салған болса, онда бұл салым тартылған, өзіндік қаржы ресурсы болып табылады.
Кәсіпкерлік капитал - бұл табыс алу немесе кәсіпорынды басқаруға қатысу мақсатында кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған капитал.
Ссудалық капитал - кәсіпорынның банктік нисе түрінде жеке басқа кәсіпорындардан вексель, облигация, займ түрінде уақытша пайдалануға түрлі мерзімде берілетін, төленетін қайтарылатын капитал.
Бюджеттен бөлінетін қаржы - қайтарылатын және қайтарылмайтын негізде болуы мүмкін. Бұл қаржы негізінен мемлекеттік тапсырыстарды қаржыландыруға инвестициялық бағдарламаларды немесе өнімді өндіруде жапы мемлекеттік маңызы бар кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қысқа мерзімде қолдау жасауды қолданылады.
Кәсіпорын қаржы ресурсын өндірістік және инвестициялық қызмет процесінде пайдаланылады. Олар үнемі ұдайы қозғалыста болады және тек ақшалай қалдық ретінде есеп шотқа немесе кәсіпорын кассасына түседі. Кәсіпорын өзінің қаржы тұрақтылығын және нарық шаруашылығындағы орнықтылығын қамтамасыз ете отырып өзінің қаржы ресурсын уақыт ішінде және қызмет түрлеріне байланысты бөледі. Бұл процестердің шиеленісуі оның қаржылық жұмысының қиындауына тәжірибеде арнайы қаржы құралдарының пайдалануына әкеледі.
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру бөлігі бір принциптер негізінде құрылады шаруашылық дербестік, өзін - өзі қаржыландыру, материалдық жауапкершілік, қызметтің нәтижесіне қызығу қаржылық резервтердің қалыптасуы.
Шаруашылық дербестік принципі - кәсіпорын өзі дербес құқықтық ұйымдастыру шаруашылық түріне тәуелсіз өзінің экономикалық қызметін, табыс алу мақсатында ақша қаражатының салымын анықтай алады. Нарық - кәсіпорындарға жаңа салаларды іздеуге, капиталын салуға, тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын жаңа өндірісті ынталандырады.
Бірақ кәсіпорын толық шаруашылық дербестік алды деуге болмайды. Себебі мемлекет кәсіпорын қызметінің кейбір жақтарын анықтайды. Мысалы: амортизация саясатын.
Осылай кәсіпорынмен бюджет және бюджеттен тыс қорлар арасында заңдармен реттеледі.
Өзін - өзі қаржыландыру принципін - өнімді өндіру мен өткізу шығындарының орнын толтырады. Өзіндік ақша қаражаты арқылы өндірістің дамуын инвестициялау және қажетті жағдайда ғана банктік немесе коммерциялық несиені пайдаланады. Нарық экономикасы дамыған елдерде жоғары деңгейде өзін-өзі қаржыландыратын кәсіпорындардың өзіндік қаржының салыстырмалы салмағы 70%-тен асады. Бірақ кәсіпорынның ақша қаражатының жалпы көлемі нақты инвестициялық мақсаттарды жүзеге асыруда жеткіліксіз болып табылады.
Қазіргі кезде бұл принципті барлық кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге асыралмайды. Халық шаруашылығының кейбір салалаындағы кәсіпорынмен ұйымның өнім шығару мен қызмет көрсетуі объективтілік себепке байланысты: оларға жеткілікті тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайды. Оларға жеке кәсіпорындар: қалалық жолаушы тасымалдау транспорты, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, қорғаныс өнеркәсібі жатады. Мұндай кәсіпорындар бюджеттен бөлінетін қаржыны әртүрлі жағдайда алады.
Материалдық жауапкершілік принципі - ол шаруашылық қызметтің нәтижесін және жауапкершілік жүйесін жүргізуі. Бұл принциптің қаржылық әдістері және кәсіпорындарға оның басшылармен, жұмысшыларына әр түрлі құрылады.
Қызмет нәтижесіне қызығушылық - принципінің объективтілік қажеттілігі. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі қызметі табыс алумен сипатталады. Шаруашылық қызметтің нәтижесіне қызығушылық бұл тең дәрежеде кәсіпорынның жұмысшыларына, кәсіпорынның өзіне және мемлекетке де тән. Бұл принциптің құрылуы жеке жұмысшылар деңгейінде еңбек ақы төлеу қорынан немесе табыстан жұмысшыларға лайықты еңбекақы қамтамасыз етілуі тиіс, ол принцип түрінде, жыл нәтижесі бойынша істелген жұмысқа сый ету, көп жылдық сіңірген еңбек үлесін, материалдық көмек ретінде төлемдер төлеу керек. Бұл принцип мемлекеттің салық саясатын және экономикалық пропорцияны сақтап таза табысты тұтыну қоры, жинақтау қорына бөліп жүргізу нәтижесінде кәсіпорында іске асуы мүмкін. Мемлекет мүддесі кәсіпорынның тиімді қызметімен қамтамасыз етіледі.
Қаржылық резервтердің қалыптасу принципі - кәсіпкерлік қызмет иелерінің қаржы қорын құрып қамтамасыз етумен байланысты, ол нарықтық тербеліс себебімен болатын тәуекелге кездесуі мүмкін. Нарықтық экономикада тәуекел жауапкершілігі тікелей кәсіпкерлік қызмет иелеріне жүктеледі. Олар өзбетінше шешім қабылдайды, және зерттеліп дайындалған бағдарлама бойынша салынған ақшалай қаржыны тәуекелмен қайтармауды іске асырады. Кәсіпорының қаржы салымы тәуекелі тағы да инфляция қарқынымен салыстырғанда жеткіліксіз процент табысын немесе салынған капиталдан көбірек табыс түсетін салалардан да алуы байланысты. Осыдан өндіріс бағдарламасын дайындауда тікелей қателіктер орын алуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz