Тіл туралы заң


Жоспар:
І. Кіріспе. І тарау
1. Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс
2. Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ныcандары.
ІІ. Негізгі бөлім. ІІ тарау
1. Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы, білімі және мәдениеті
2. Тіл туралы заң
3. Ғылым
4. Білім беру жүйесі
5. Мәдениет
6. Мәдени мұра
ІІІ Тарау. Жаңа білім беру жүйесі
- Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
2. 12 жылдық білім беру
3. Кәсіби деңгейдің дамуы
4. Қазақ мектебі
5. Әлеуметтік-лингвистикалық жүйе
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Егеменді елімізде республикамыздың толғағы жеткен мәселелерді өзі шешуге еркіндік алуы мәдени салада жіберілген ағаттыктарды түзетуге мүмкіндік туғызды. Мәдениет пен өнер, әдебиет идеологиялық тыйым салу азабынан арыла бастады. Кеңестік жүйенің күйреуі мен нарықтық қатынастарға өту мәдениет пен спорттың дамуына зор ықпал етті.
Қайта құру жылдарында бюджеттен қаржыландыру едәуір қысқарды, көптеген ғылыми зертханалар мен спорт мектептері, клубтар, демалыс орындары жабылды немесе жеке меншікке берілді.
Қалыптасқан жаңа жағдайда нарықтық қатынастарға икемделе алған ұйымдар ғана өз жұмыстарын жалғастыра алды.
Қазақстан ғылымы дамуының жаңа кезеңі ғылым мен жаңа технологиялар министрлігі құрылған 1992 жылдан басталды. 1993 жылы бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар жаппай сынақтан өткізілді. Мұндай тәсіл ғылымның болашағы зор салаларын анықтауға, маңызы ғылыми орталыктарға нақты көмек беруге мүмкіндік жасады. Университеттерде қазіргі заман талаптарын қанағаттандыра алатын жаңа мамандықтар ашылды. Нақты айтқанда, ғылымға жаңа - әлеуметтанушы, саясаттанушы, мәдениеттанушы кадрлар келді, компьютерлік техника, ақпараттык технологиялар, бизнес пен экономика саласы бойынша мамандар дайындала бастады. Жоғары Аттестациялық комиссия қайта құрылып, ғылыми дәреже беру шарттары кайта қаралды.
Республика ғалымдары Қазақстанның өткен кезеңін, ата тарихын зерттеуге елеулі үлес қосты. Ол, әсіресе, мынадай өзекті тақырыптар бойынша атқарылды: Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, Сталинизмнің орнығуы мен нығаюы, КСРО ыдырауының себептері (М. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Т. Омарбеков, А. Сакта) . Өте көкейтесті мәселелер конференциялар мен «дөңгелек үстелдерде» ашық талқыланатын болды. Ғалым- құқықтанушылар Ғ. Сапарғалиев, Е Нұрпеисов, А. Котов республикамыздың олды. ) . Өта
дамуы кезеңдерін зерттеді . Әлеуметтану ( М. Тәжин, Қ Бикенов), геосаясат (К. Сыроежкин, Ж. Жүнісова), демография (М. Тәтімов, Ә. Ғали), философия (Ғ. Есім, Ғ. Тұрсынов) бойынша жаңа еңбектер жазылды. Академик Ә. X. Марғұланның ғылыми мұралары жарық көре бастады.
ЮНЕСКО бағдарламасы шеңберінде Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы республикада кеңінен атап өтілді. 1999 жылы сәуірде Парижде осы оқиғаға арналған халықаралык ғылыми симпозиум өтті. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойында «Қазақстан мен түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан және Қожа Ахмет Йассауи» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Оған Қазақстан мен жақын және алыс шетелдерден 200-ден аса ғалым мен мамандар қатысты. 2001 жылы 12 шілдеде «Ғылым туралы» Заң қабылданды. 2003 жылы қазанда Ғылым академиясы жаңа заман талабына сәйкес кайта құрылды.
Ғаламдық өзгеріс рухани салада да орын алды: діни сенім мен қасиетті орындарға зиярат етуге еркіндік берілді. Сәулеттік әсемділігімен ерекшеленетін мұсылман мешіттері Алматыда, Павлодарда, Таразда, Көкшетауда, Шымкентте жөнделді және жаңадан салынды. 2005 жылы сәуірде астана тұрғындары араб елдері көмегімен салынған Астанадағы Орталық мешіттің ашылуының куәсі болды.
Алматы, Петропавл қалаларына православие мен католик шіркеулері бой түзеп, Алматыда жаңа синагога салынды. Дінге сенушілер санасынан діни сенімі үшін мемлекет пен жазалаушы органдар алдындағы қоркыныш жойылды. Ұзак, жылдарғы тыйым салудан кейін дінге сенетіндер қасиетті орындарға еркін баратын, қажылық парызын өтей алатын болды. Жыл сайын мыңдаған мұсылмандар діни парызын атқаруға Мекке мен Мәдинеге аттанды. Діни орталықтар жанынан арнаулы медреселер ашыла бастады, мыңдаған жас қазақстандықтар ірі теологиялық орталықтарда оқуға мүмкіндік алды. Республиканың мәдени өміріндегі елеулі окиға - қасиетті Құранның қазақ (аударғандар - Халифа Алтай, Рәтбек Нысанбайұлы), орыс (аударған - Валерия Порохова) тілдерінде басылып шыққаны болды.
Театрлар және казақтың дәстүрлі өнері шығармашылық жаңа серпін мен еркіндікке қол жеткізді.
Сонымен қатар өкімет тарапынан қамкорлық пен бакылауға әбден қалыптасып калған бірқатар мәдениет кайраткерлерінің өмірдің жаңа жағдайына дайын еместігі де байқалады. Олар «кеңестік алтын ғасыр туралы» сағыныштан өзге жұртшылыкка ештеңе ұсына алмады.
Кино өнеріне, монументті кескіндеме жасауда өзіндік көркемдік ойы және идеялык принциптері бар жаңа ұрпак келіп қосылды. Қазак режиссерлерінің көптеген фильмдері өлемдегі ірі фестивальдердің лауреаттары атанды. 1996 жылы Алматыда Тәуелсідік монументі жәнеАстанада Кенесары Қасымов, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Алматыда Ж. Жабаев ескерткіштері салтанатты түрде ашылды.
2003-2005 жылдарда қазақ-американ кинематографистері (Голливуд, Қазақфильм) «Көшпенділер» кинофильмін түсірді. Бұл маңызды алғашқы халықаралық жоба еді.
Республикамыз төуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды. Қазакстан спортшылары ірі-ірі халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетті. XI Азиялық ойындарға алғаш қатысқан қазақстандыктар жалпы командалык есепте 4-орын иеленді, 77 медаль (25 алтын) жеңіп алды. Дәулет Тұрлыханов, Сергей Филимонов, Наталья Торшина, Бақыт Ахметов сияқты спортшылар Қазақстанды спорттық держава ретінде танытты. Қыскы олимпиада ойындарында көкшетаулық В. Смирнов, XXVI жазғы олимпиада ойындарында Ю. Мель-ниченко (грек-рим күресі), А. Парыгин (бессайыс), В. Жиров (бокс) чемпиондар атанды. XXVII Олимпиада ойындарында (2000) Ольга Шишигина, Ермақан Ибрайымов, Бекзат Саттарханов чемпион болды. 2001 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 1-жаздық спартакиада өткізілді, оған еліміздің 1 млн-нан астам тұрғындары қатысты.
XXVIII Олимпиада ойындарында (Афины) Бақтияр Артаев чемпион атанды": Ол олимпиаданың үздік боксшысы деп танылып, ең үздік спортшы ретінде оған Вэл Баркер кубогы табыс етілді. Штангашы С. Филимонов, боксшы Г. Головкин, палуандар Г. Цурцумия мен Г. Лалиев күміс медальдарды иеленді.
Республикада ұлттық спорт түрлері: бәйге, жорға жарыс, тоғызқұмалак кең тарады. Спорттың осы түрлері бойынша федерациялар құрылып, ресми түрде жарыстар өткізіле бастады.
Футбол, волейбол, бильярд секілді спорт түрлерімен халық кеңінен айналыса бастады. 2003 жылдан Қазақстан футболшылары Еуропа кубогы үшін жарыстарға катысады, шағын футболдан жарыс тұрақты өткізіліп тұрады.
Тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет пен спорттың дамуы барысында өмір барынша қызғылықты және мәнді бола түсті. Қаржы жетіспеушілігіне қарамастан, мәдениет пен өнер, спорт дамуға жаңа серпін алды. Ғылым мен мәдениеттің дамуында жаңа бағыттар байқалды, өзге елдердің жетістіктері жакын бола түсті. Мүмкін, ең үлкен кемістіктің бірі әкрандар мен газет беттерін батыстың бұқаралық мәдениетінің басып кетуі, зорлык пен қатігездікті насихаттаудың жасырын түрі болуы да шығар.
2. Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер.
Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани омірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
Сондықтан өтпелі кезеңнің қиыншылығына қарамастан, егемендік алған кезден бастап, Қазақстанда білім жүйесіидс көптеген оң өзгерістер орып алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде егжей-тегжейлі талқыланды. Кеңесте атап көрсетілгендей, халыққа білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол жеткені айтылды. Бірыңғай орта мектептердің орнына мектепте болашақ ұрпаққа білім беруде плюрализм орнап келеді. Соңғы жылдары гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.
Халыққа білім беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда, әсіресе 1996-1997 жылдары үкімет тарапынан едәуір айтуға тұрарлық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 1996 жылы білім беру саласына 65 миллиард теңге, немесе мемлекеттік бюджеттің 23, 4 пайызы, 1997 жылы 73, 3 миллиард теңге, яғни мемлекеттік барлық бюджетгің 21, 4 пайызы бөлінді. Алайда, одан кейінгі жылдары халыққа білім беру саласындағы орнықтылық және кейбір кезек күттірмейтін мәселелердің ше-шілуін желеу етіп, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу бірсыпыра азайды. Тек 1999-2001 жылдары білім беру саласына жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге бөлініп отырған. Мұның озі білім беру саласындағы кейбір келеңсіздіктерге алып келді. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, оқушылары аз көптеген ауыл мектептері жабылып қалды.
Мектептерде жұмыс істейтін мұғалім кадрлардың сапалық құрамында келеңсіз жағдайлар қалыптасты. 2001/2002 оқу жылында республика бойынша педагог кадрлардың тапшылығынан мектептерде тек орта білімі бар 3, 5 мыңнан астам мұғалім және 6 мың басқа мамандық иелері жұмыс істеді, мсктсптерден жалақыны азсынып, 43, 6 мың мұғалім басқа салаларға жұмысқа ауысып кетті.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің дерсктері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретіп мектептердің саны 8109 болған. Олардың 3545-і (44, 2 %) қазақ, 2356-сы (29, 4 %) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин, ал 2008 мектеп аралас, қазақ-орыс тілдерінде сабақ жүргізген. Бір ерекше атап көрсететін жайт, әсіресе соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54, 4 пайызын қамтыған.
Республика мектептерінде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар оріс алды. 2001 жылы елде орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. "Ин-тернет мектепте" бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған.
Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлексттік жүйесін жетілдіру, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделді. Ауылдық жерлердегі мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың біліктілік деңгейін көтеруіне жағдай жасау, тағы да басқа істерді жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бірге кәсіптік мектептер мен колледждерге керекті оқулықтар және оқу-әдістемелік құрал-дарын әзірлеу жайы да жан-жақты қарастырылды.
2003/2004 оқу жылында Қазақстанда жұмыс істейтін мектептердің саны-8260, онда 3026, 2 мың оқушы білім алды. Мектептердің 3687 (44, 6 %) қазақ тілінде оқытатын, 2069 (26, 1 %) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді. Республикада жыл сайын мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі оқушылардың саны ұлғайып келеді. Егер 2000 жылы оқушылардың 52, 1 %-ы мемлекеттік тілде оқыған болса, 2004 жылы 54, 8 %-ы оқыды. Мектептерде 270мыңнан астам педагог жұмыс істеді, оның ішіндс 195, 8 мыңының жоғары білімі, 60 мың-нан астамының кәсіптік орта білімі болған.
Қазақстан Рсспубликасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы жарлығымеи бекітілген "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында" 12 жылдық орта білім беру жүйесіне кошу белгіленген, Оның негізгі мақсаты -жаңа кезеңнің талаптарына сай жастарды өмірге баулу үшін, оларға бұрынғыдай да мол, бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру.
Қазіргі кезде әлемнің 80 пайыздан астам мемлекеттерінде орта білім берудің мерзімі кемінде 12 жыл болып отыр. Мұның озі соңғы 20-30 жылда ғылым мен техникалық орасан зор жетістіктерге қол жеткізіп, қоғамның әр түрлі саласында жаңа технологиялардың кеңінен пайдалануынан туындаған жағдай.
Елімізде 12 жылдық білім беруге көшу 2008 жылға жоспарланып отыр. 12 жылдық оқытуға көшу проблемаларымен нақты айналысатын республикалық ғылыми-практикалық орталық құрылған. 2003/2004 оқу жылында республи-каның 52 жалпы білім беретін мектептерінде 12 жылдықтың 1 сыныбына арналған қазақ және орыс тіліндегі оқу материалдарыи сынақтан өткізу жөніндегі тәжірибенің бірімші жылы аяқталды.
Еліміз егемендік алған он үш жылдан астам уақыт ішінде республика жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті, Абай атындағы Алматы ұлттық педагогикалық университеті, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандағы Ахмет Иассауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Сыртқы Істер Министрлгі жанынан Дипломатиялық Академия ашылып, жұмыс істейді. Бұлардан білім алып шыққан кадрлар, Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын дамытып, біліктілікпен жүргізуде өздерінің лайықты үлесін қосатынына сенім артты. Өйткені, олар қазақ, орыс тілдерінен басқа шет елдермен байланыс жасауда аса қажетті ағылшын, неміс, француз, араб, қытай, хинди және тағы басқа да тілдерді меңгеріп білім алады. 1997 жылы елімізде мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және 40-тан астам жеке меншік жоғары оқу орындары жмыс істеді. 2002 жылы, мсмлекеттік жоғары оқу орындары 47-ге дейін азайды, оган, керіеінше, ақы төлеп оқитын жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім және ғылым мипистрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды. Ал 2003/2004 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы жұмыс істеді, ) университетінің жетекші ұлттық деген ерекше мәртебесі бар ІІедагог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық ЖОО-ы ашылды.
Жоғару оқу орындарының 41 мың адамды құрайтын профсссор-оқытушы құрамының 2520-ы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. Он мың түрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан. Қазақстан Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнің 35 елінде, оның ішінде 16, 4 мыңы Ресей жоғары оқу орындарында оқыды. 800 жігіттер мен қыздар Қазақстан Республикасы президентінің "Болашак" халықаралық стипендиясының иегеру болды. Республиканың жоғары оқу орындарында 8690 шетел азаматы оқыды.
Соңғы кезде Қазақстан Республикасындағы білім берудің 2010 жылға дейінгі дамуының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жоғары оқу орындарында үш сатылы білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытгалған. Ол бакалавриат-магистратура-док-орантура. Бакалавриат жүйесіне көшу негізінен аяқталған. Оған қажетгі нормативтік-құқықтық құжаттар, жаңа бейімдер, оқу стандарттары, бағдарламалары жоғары оқу орындарында дайындалған, Жоғары оку орындарында 4 жылдық бакалавриаттан кейін 2 жылдық магистрлік бағдарламасын жүзеге асыру көзделген Оны бітіргендерге жоғары білімді мамандық бойынша диплом беріледі.
Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті мен ұлттық тілінің мәртебесін көтеруде бірқатар шаралар іске асырылуда. XX ғ. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, басқа да салалар бойынша ма-мандарды ақтау жүзеге асты. А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, X. Досмұхамедовтың, Ж. Аймауытовтың және басқалардың кітаптары жарық көрді. Бұлардың шығармалары ұмыт болып, мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында соңғы кезге дейін оқытылмаса, енді оқу орындарының бағдарламаларына кеңінен енгізіліп, оқушы-студент жастарға олар жөнінде жан-жақты дәріс беріледі. Мемлекеттің жаңа кезеңдегі жүргізіп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ тілін қайта түлету, мейлінше көкейкесті проблемаға айналды. 1989 ж. қыркүйектегі Тіл туралы Заң және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша ол мемлекеттік тіл деп жарияланды. Іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқыту бәдімдері ашылды. Мұның өзі ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана тілінде тиянақты білім алуына жағдай жасады.
Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Бұл елімізде шығармашылық ахуалын, өресі биік өнерге деген қажеттілікті, оны ұлттық тұрғыда өркендету, мәдени бағдарламаны жүзеге асыру, жас дарындарды тәрбиелеп өсіруде өзінің тиісті нәтижелерін беругс тиіс.
2003 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен 2004 жылдап 2006 жылға дейінгі "Мәдени мұра" бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама үш басты бағытты қамтиды. Оның біріншісі - археологиялық және архитектуралық ескерткіштерге арналған. "Мәдени мұраның" екінші үлкен бағыты ТМД елдері мен шетелдік мұрағаттардағы Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды, қолжазбаларды, сирек кездесетін кітаптарды алдыру, көшірмесін жасаттыру. Мәдени мұрадагьі үшінші бағыт - ұлттық әдебиетіміз бен өнеріміздің бай мұрасын зерттеп, жүйелеп, көп томдықтар түрінде басып шығару. Бұған Қазақ мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазу мұрағаты, ¥лттық консерватория, Қазақ радйосы мен телевизиясы қорында сақталған әйгілі әншілеріміз беп атақты орындаушылардың, белгілі ғылым мен мәдеииет қайраткерлерінің дауысын осы заманғы аудио таспалар мен дискілерге жазып қалдыру ісі де жатады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24. 1. 1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi - шаңырақ. Ол - гербтiң жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары - Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz