Қазіргі кезде Қайнар құс


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І-БӨЛІМ. «ҚАЙНАР ҚҰС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. «Қайнар құс» АҚ-ның экономикалық жағдайының
сипаттамасы . . . 5
1. 2. Негізгі құралдарды жіктеу мен бағалау ерекшеліктері . . . 11
ІІ-БӨЛІМ. «ҚАЙНАР ҚҰС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. 1. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі . . . 21
2. 2. Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы . . . 26
2. 3. Негізгі құралдарды жөндеу және жалдау . . . 33
ІІІ-БӨЛІМ. «ҚАЙНАР ҚҰС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ АУДИТОРЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3. 1. Негізгі құралдар аудитінің бағдарламасы . . . 59
3. 2. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізілуін тексеру . . . 65
3. 3. Негізгі құралдардың тозуын есептеу аудиті . . . 70
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Еліміз тәуелсіз мемлекет болып кеңінен танылған уақытта оның дамуын жан-жақты терең зерттеудің маңыздылығы ерекше орын алып отыр. Әсіресе, ел экономикасының негіздерінің бірі болып табылатын ауыл шаруашылығының өзгерістерін зерделеуге баса назар аударылуда. Себебі, жаңа қоғамға бет бұрған өтпелі кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығында, әсіресе, оны басқару мен ұйымдастыру жүйесінде көптеген қайта құрулар мен өзгерістер орын алды. Айта кететін жайт, бұл істе жетістіктер де, қиыншылықтар мен кемшіліктер де болмай қалған жоқ. Міне, осы үрдісті жан-жақты талдау, зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабына айналды.
Көптеген экономист ғалымдарымыз ауыл шаруашылығы нарығының аса күрделі әрі өзгеше жақтары, ал нарық механизмінің өзі ауыл шаруашылығының ерекшеліктеріне байланысты толық жетілмеген және қарама-қайшылықтың көп екенін дәлелдеді.
Қазіргі кезеңде бүкіл экономика саласында ірі өзгерістер болып жатқан тұста ауыл шаруашылығы субъектілерінде, оның ішінде құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп заңы мен стандарттарына сай жүргізілмеуі бұл саладағы басты мәселелердің бірі болып отыр.
Шын мәнінде, есеп жүргізу тәжірибесінде құс шаруашылығындағы есеп пен аудитті ұйымдастыру мәселелерінің ортақ шешімін таппауы, оларды жетілдіруді қажет етеді.
Осыған байланысты әрбір мекемедегі, оның ішіндегі ауыл шаруашылығының маңызды саласының бірі болып табылатын құс шаруашылығының бухгалтерлік есебін әрі қарай зерттеу мен жетілдірудің қажеттілігі артып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты нарықтық экономика жағдайын да құс шаруашылығындағы мекеменің негізгі құралдарын есебі мен аудитін жетілдіру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылған болатын:
- «Қайнар құс» АҚ-ның қазіргі ахуалын талдау және оның дамуын зерттеп қорытындылау;
- «Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуына талдау жасау;
- «Қайнар құс» АҚ-ның негізгі құралдарына аудит жүргізіп, оны жетілдіру мен негізгі құралдардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеудің пәні мен объектілері. Зерттеудің пәні «Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдардың есебі мен аудитінің әдістемелік және тәжірибелік сұрақтары болып табылады. Зерттеу объектісі ретінде «Қайнар құс» акционерлік қоғамы алынды.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, пәні мен объектісі көрсетілген.
Бірінші « «Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалау ерекшеліктері » бөлімінде «Қайнар құс» АҚ-ның жалпы тарихы, негізгі құралдарының сипаттамасы, қазіргі кезде даму жағдайы мен бухгалтерлік есеп ерекшелігі көрсетілді.
Екінші « «Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру » бөлімінде «Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдарды есепке алу мәселелері қарастырылады.
Үшінші « «Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдарды аудиторлық тексеруден өткізу мәселелерін жетілдіру» бөлімінде негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің бағдарламасы, аудиторлық процедуралар, негізгі құралдар аудитін жетілдіру жолдары қарастырылды.
І-БӨЛІМ. «ҚАЙНАР ҚҰС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. «Қайнар құс» АҚ-ның экономикалық жағдайының сипаттамасы
“Қайнар құс” АҚ-ы бұрынғы мемлекеттік Бөген құс фабрикасы шаруашылығының негізінде 1994ж. Наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылында құрылды.
Кәсіпорынның қызметінің негізгі мақсаты құс өнімдерін өндіру және ҚР заңына қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерімен айналысу. (заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік №778-1958 АО 4 мамыр 2004 жыл) .
“Қайнар құс” АҚ-ы ОҚО-дағы құс өндірісі бойынша ең үлкен жеке фирманың бірі болып табылады. Өз қызметі барысында компания құс шаруашылығында өсіру мен өнімді қайта өңдеуде үлкен тәжірибе жинақтады, қазіргі кезде ол үлкен әлеуетке ие .
Компания меншігінде ауыл шаруашылық өндіріс үшін үнемі пайдалану құқығы бар 1048, 18га жері бар. Бағаланған жалпы құны 23. 950 882теңге (№ 577 11-тамыз 1997жыл) (кесте 1. 1. 1. ) .
Құс фабрикасында күнделікті өндіріс қажеттілігі үшін қажетті ғимараттар мен құрылғылар бар, бірақ осы кәсіпорынның өнімділігін арттыру, өндірістің өзіндік құнын төмендеумен байланысты жаңа озық технологияларға сай қосымша негізгі құралдарды қажет етіп отыр.
“Қайнар құс” АҚ-ның басқару барысына келетін болсақ, осы келесі сызбадан көруімізге болады (Сызба 1. 1. 1. ) .
Кесте 1. 1. 1.
Бағалау құны
теңге
Суарылатын жер
Суарылмайтын жер
Жайылым
Басқа да жер
127
200
688, 18
25
124 400
23 900
4900
-
1, 0
1, 0
1, 0
-
157 98800
478
3372082
-
“ Қайнар құс ” АҚ - ның ұйымдастырылу құрылымы(сызба 1. 1. 1. )
Механизация
бөлімі
Тамақ “Қайнар-құс” АҚ-ның штаттық кестесі (Кесте 1. 1. 2. )
Басқармалық және әкімшілік персонал
Өнеркәсіптік персонал
Маркетологтар
Қызмет көрсетуші
8
130
4
17
21231
16193
16430
18147
2038
25261
789
3702
“Қайнар-құс” АҚ-ның жабдықтаушылары (Кесте 1. 1. 3. )
“Руби-Роз Агрикол” ЖШС-гі
“Алматы - Бройлер” ААҚ-ы
“Астана құс” ААҚ-ы
Барлық материялдар мен шикізаттар дайындаушы зауыттар немесе олардың өкілетті дистрибюторларынан тікелей сатылып алынады. Компания бұл жабдықтаушылар төмендегі себептерге байланыста:
1. Орналасқан жерінің жақынжығы;
2. Серіктестігінің мерзімінің ұзақтығы;
3. Жабдықтаушылардың нарықтағы жоғары бағасы;
4. Төменгі бағалар;
5. Жеткізудің толықтылығы.
«Қайнар құс» АҚ-ның құс шаруашылығы өнімдерін өндіру кезеңдері
Сызба 1. 1. 2.
Жұмыртқа
Жұмыртқа инкубациясы (85%) Жұмыртқа өткізу (15%)
Балапандар (70%) Инкубация қалдықтары (30%)
Өсіруге (100%)
Құстарды сою (95%) Қалдықтар (5%) Жемге өңдеу
Суб өнімдері Құс еті Мамық үкі (2, 7%) Техникалық қалдықтар
1 категориялы ет (90%) 2 категориялы ет (10%)
Кәсіпорынның басты мақсаты мен міндеті нарықтық экономика жағдайында компания үшін өзінің нарықтағы жағдайын жақсартып, ары қарай даму стратегиясын өңдеу маңызды болып табылады. Қазіргі кезде “Қайнар құс” АҚ-ы компанияның жүйелі дамуына көшіп, өндіріс нарығында өз қызметінің ауқымы мен әдістерін анықтып, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеп өткізу қажет.
Сонымен қатар, “Қайнар құс” АҚ-ы келесі бағытта жұмыс жүргізеді:
1. Компания құрылымын, басқаруды жақсарту және жұмыс сапасын жақсарту;
2. Компанияның қаржылық жағдайын және оның жұмыс көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыстар.
1. 2. Негізгі құралдарды жіктеу мен бағалау ерекшеліктері
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
“Қайнар құс” АҚ-ның негізгі құралдары келесідей болып жіктелінеді: жер; үйлер; ғимараттар; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қоңдырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
«Қайнар құс» АҚ-да негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ережесіне сәйкес ұйымдастырылады. Осы ережеде негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші „Жалға алынған негізгі құралдар” баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Олардың 121-ші „Жер”, 122-ші „Үйлер мен ғимараттар”, 123 „Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар”, 124-ші „Көлік құралдары”, 125-ші „Басқа да негізгі құралдар” шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі. [12. 37]
Заттың құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.
«Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондығылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жүмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;
үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер) ;
жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) ;
өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;
есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьтерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары) ;
басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;
көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өндеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объекті бола алады;
жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғылар мен биелер, буралар мен інгерлер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;
басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
«Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құрал-жабдықтардың бағалаудың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомбильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т. б. ), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т. б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскілері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы - актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т. б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
Құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша - сатып алу құны, тасымалдау, сонын ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т. б. тексеру мақсатымен өткізілетін санықтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz