Тіл біліміндегі концепт ұғымының сипаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Жұмыстың тақырыбы: “Әйел-ана” тілдік таңбаларындағы концептілер.

Жұмыстың көлемі: 38 бет.

Жұмыстың негізгі: мақсат . “Концепт” ұғымының тіл біліміндегі
көрінісін таныту, дәлелдеу. “Концепт” ұғымын “Әйел-ана” тілдік
таңбаларында салыстыра қарау, жіктеу. “Әйел-ана” атауының қазақ тіліндегі
концептілік сипатын ашу.

Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен турады.

Бірінші тарауда: “Концепт” ұғымына нақты тоқталып, зерттеушілер
пікіріне жүгіне отырып көптеген деректер қолдандым.

Екінші тарауда: Тілдің таңбалық сипатына қарай жіктеп талдау жасадым.

Үшінші тарауда: Нақты. “Әйел-ана” атауын қазақ тіліндегі концептілік
сипатта, түрлі мысалдар (мақал-мәтелдер,теңеулер, фразеологизмдер,өлеңдер
т.б) арқылы талдау жасадым.

Жұмыстың мазмұны: Жалпы тақырыптың өзекті мәселелері әлі де,
ізденісті талап ететін тақырып болғандықтан, концепт-тірек ұғым, оны көп
адамдар ұғым деп қолданып жүргендіктен, концепт ұғымнан тек қана
сөздің таяныш боларлық ментальді түсінігімен қатар әмбебап мәдени түсінік
ретінде ажыратылатынын ашып көрсеттім. “Әйел-ана” атауының қазақ тіліндегі
концептілік сипатына жіктедім.

Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: Лингвистика,
этнолингвистика, семиотика, семантика, когнитология.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. “Әйел - ана” тілдік таңбаларындағы концептілер ... ... ... ... 5

1. Концепт ұғымының тіл біліміндегі көрінісі ... ... ... ... ... ...5

2. Тіл біліміндегі концепт ұғымының сипаты ... ... ... ... ... ...12

2. Тілдің таңбалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

1. Жалпы семиотика мен лингвистикалық семиотика ... ... ... 17

2. Таңба және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

3. Лингвистикалық таңбалар, оның түрлері ... ... ... ... ... ... .19

3. “Әйел - ана” атауының қазақ тіліндегі концептілік сипаты..24

4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

5. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

КІРІСПЕ

Бүгінгі күнде қандай да болмасын тіл жалпы адамзаттың баға жетпес
құндылығы деп танылатын көзқарас өркениетті қоғамның негізгі қағидаларының
біріне айналды. Жалпы алғанда, тіл дүниетанымының құралы , ойлаудың ұғым,
түсінік, пайымдау тәрізді түрлерінің объективтенуі болып табылады. Сонымен
қатар тіл қоғамдық сананың түрлерін қалыптастырумен қатар өз кезегінде оған
әсер етеді. Ал әрбір тарихи кезең , қоғамдық құбылыстар тілде өз таңбасын
қалдырып отырады. Тіл қоғамдағы тарихи, әлеуметтік, рухани, мәдени
өзгерістердің айнасы іспетті. Осымен байланысты тілдік жүйенің құрылымдық
бірліктері тек лингвистиканың ғана емес , этностану , әлеуметтану ,
мәдениеттану, елтану т.б. нысанына айналып отыр. Ендігі кезекте лингвистика
ғылымы да өзінің зерттеу объектісін әлдеқайда кеңейте түсті .
Лингвоелтану, лингвомәдениеттану сияқты тіл білімі салаларын басқа ғылым
салаларымен байланыста қарау – тіл ғылымындағы бүгінгі таңдағы негізгі
бағыттардың бірі. Тілдік жүйенің құрылымына тереңдеп барудың ұлттық тілдің
табиғатын шынайы танудың бір жолы – тілдік таңбаларды, оны құрайтын
элементтерді олардың мазмұндық жағы мен тұлғалық жағын тілдің өз
заңдылықтары негізінде қарау болса, екінші жолы – оларды тілдік емес
мәнділіктермен , яғни ақиқат өмір, ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен
тығыз байланыста қарау болмақ . Осы тұрғыдан алғанда , тілдік бірліктер
(лексика – фразеологиялық жүйе ) ақиқат өмірді , ойлау мен тілді
ұштастыратын категория ретінде танылады.
Осы айтылғандармен байланысты бағыттар бүгінгі күннің жаңалығы
болғанымен , бұлардың жекелеген мәселелері қазақ тіл білімінде А.
Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов еңбектерінде кездеседі. Қазіргі қазақ тіл
біліміндегі этнолингвистика саласының ғылыми теориялық алғы шарттары Ә.Т.
Қайдар, Е. Жанпейісов , М.М. Копыленко , Ж. Манкееваның зерттеулерінде
жасалды. Сондай-ақ Р. Сыздық, Ш. Сарыбаев, С. Омарбеков, Б. Қалиев, Т.
Жанұзақов, Б.Әбілқасымов, Ө. Айтбаев т.б. ғалымдардың жүйеленген ,
талданған материалдарында этностың материалдық , рухани мәдениетіне
байланысты аса мол деректер жинақталған.
Тіл – адам қарым-қатынасының аса маңызды құралы, тіл арқылы біз бір-
бімізбен сөз жақындығын , тілдің құдіреттілігін сезінеміз , түсінеміз.
Бүкіл жер бетінде небір қасиетті де , қадірлі мұралардың бары бәрімізге
аян.
Сол мұралардың бірі де , бірегейі де , ең қымбатты да – тіл мен сөз
. Тіл мен сөздің құдіреті , айталық тілдің қаруы – сөз, ал сөз қаруы - ой.
Дүние жүзінде адам да, зат та бәрі тозады, жоғалады, ал тіл құдіреті мәңгі
жасайды. Сондықтан да тіл - ең қымбат мұралардың бірі.
Тіл білімінде қазақ ұлтының таным - парасатын , жарық дүниені танудағы
көркемдік көкжиегін , ой қиялын жаңа ғасыр табалдырығында тұрған жас буын
келер ұрпақ алдында ұлттық мәдени ерекшеліктерін өзі жасаған тілі арқылы
зерделеу – ең маңызды мәселе. Туған тілдің тағдыры не болар деп қайғырып ,
шерге бөккен ет-жүрек қан жылаған шақтарда , уайым күдік молығып , қапалы
жүрек долығып, қақ айрылған шақтарда, уа, ұлағатты , құдіретті, адал ,
дархан ана тілі – сен ғанасың серігім, сен ғанасың тірегім!
“Тілі зордың - елі зор” - демекші осы сынды асыл тілді абзал халық
болмас қор!!!
1. “Әйел - ана” тілдік таңбаларындағы концептілер

Тіл біліміндегі концепт ұғымының сипаты

Концепт адамның өмір тәжірибесін бейнелей отырып , толығуға өзгеруге
икемді болып , логикалық тұрғыда біріккен динамикалық құрылымда келеді.
Концептінің арақасында сөздің ескі жаңа мағыналары уәжделген және тиянақты
болып табылады. Уәжділіктің негізін концептінің құрылымынан іздеу керек .
Сөздің ішкі мағыналық құрылымы оның сыртқы болмысы мен байланысты . “Ішкі
құрылым үшін ол берілген сөздің барлық сөз қолданыста түпкі мағынасының
негізі болып , ал сыртқы құрылым үшін оның барлық мағына категорияларының
үлгісі (моделі) ретінде қызмет атқарады”. Бұл тұрғыда концепт – сөздің
барлық мағынасына ортақ ұлттық ұғым.
“Концепт” және “ұғым” терминдері , бір жағынан сөздің мазмұн
межесінің түрлі даму кезеңін бейнелесе , екінші жағынан , оның әртүрлі
қызметін көрсетеді. “Концепт” “ұғымнан” тек қана сөздің таяныш боларлық
ментальді түсінігімен қатар , әмбебап мәдени түсінік ретінде де
ажыратылады.
Осы мәселе төңірегінде В.А. Маслова мәдени ақпарат тілдің
номинативті бірліктері арқылы төрт тәсілмен:

➢ мәдени семалар
➢ мәдени ая
➢ мәдени концептілер
➢ мәдени коннотациямен берілетінін айтады.

Мәдени концептінің негізі (ключевыми концептами культуры) тек жеке
тілдік тұлға емес, сонымен қатар лингвомәдени таным тұрғысынан жалпы
қоғамдағы эксизтенционалды (англ. “existential” имеющий (выражающий)
значения бытия ) мағыналы әлем бейнесінің өзегі болып табылатын тілдік
бірліктерді айтады және мәдениеттің негізгі концептісіне ар, тағдыр, күнә,
заң, бостандық т.б. дерексіз атауларды жатқызады.
А.Я. Гуревич мәдени концептілерде : “кеңістік”, “мәдени
универсалды” (әмбебап) (универсальными категориями культуры) деп аталатын
философиялық категория (мезгіл, кеңістік, себеп,өзгеріс, қозғалыс) және
“мәдени категориялар” (культурные категории) деп аталатын әлеуметтік
категориялар (бостандық, құқық, әділеттік, еңбек, байлық, жеке меншік т.б.)
деп екі топқа бөледі.
В.А. Маслова бұдан үшінші бір топ “ұлттық мәдени категорияларды”
(категории национальной культуры) бөліп шығарған.
Дегенмен, концепт терминін “рухани мәдениеттің тірек сөздері”
мағынасында ғана түсінбей , себебі тірек сөз концепт сөзіне емес, “мәдени
концепт ” тіркесіне балама ретінде қолданылады.
Ресей тіл білімінде “концепт” термині алғаш рет ХХ ғасырдың 20-30
жылдары қоршаған орта құбылыстарының тіл әлемінде бейнелеу мәселесін
зерттеуге байланысты пайда болды. (39,138)
Д.С. Лихачев, В.В. Колесов сияқты зерттеушілер өз кезегінде дұрыс
атала қоймаған, бірақ қазіргі уақытта өзекті болып табылатын жинағында
жарық көрген “концепт и слово” деген еңбегінде сілтемелер береді. С.А.
Аскольдов – Алексеев концепт тілі былайша түсіндіреді: “... некое общее
понятие как содержание акта сознания, которое остается весьма загадочной
величиной, почти неуловимым мельканием чего-то в умственном кругозоре,
происходящим при быстром произнесении и понимании слов : Концепт есть
мысленное образование , которое замещает нам в процессе мысле
неопределенное множество предметов одного и того же рода ”. Ғалым
теориясының назар аударар жағы – біздің ше , дерексіздіктің үлкен деңгейіне
дейін ұмтылатын концептінің әрбір элементі иерархиялық біріккен құрылымда
айқындалуы оның түсіндіруі бойынша , концепт сөз бен оның мағынасының
арасына дәнекер болады. Тілдік қолданыста адам санасы сөздердің ұғымдарын
пайдалана алмайды , сондықтан мағыналық элемент ретінде ұғым емес ,
ықшамдалған ең алғашқы ойдағы түсінік – ментальдік белгілер пайдаланылады.
Осылар концепт болып табылады. Егер автордың пікіріне жүгінсек , концепт
ықшамдалған түсінік емес (не свернувшееся понятие) , “а “эмбрион ” понятия
, так как раньше и в нем потенциально заложена та семантическая
структура, те общие и частные смысле, которые затем разворачиваются в
понятие” . (1,37)
Концепт уақыт пен кеңістіктегі сөздердің идеялық – туыстық байланысын
анықтауға мүмкіндік береді. Нақтылы және әлеуетті сөздердің мағыналары ,
ұқсас мағыналы сөздердің байланысы олардың беретін ассоциациялары бір тірек
сөз концептіге бірігеді.
В.В. Колесов концепт ұғымын қазіргі зерттеулерде кездесетін мәдени
концепт ұғымымен байланыстыра келіп былай дейді : “Концепт – сөздің
мағыналық толығуының негізгі нүктесі әрі дамудың соңғы шегі” . Мәдени таңба
ретіндегі сөз мағыналарының даму нәтижесіндегі алғашқы мағына – соңғы нүкте
, яғни қазіргі мәдениеттегі қатары молайған ұғым концепт бола алады. Бұл
теориялық жақтан барлық сөздер мәдени мағыналы бола алады деген ойларды
дәлелдей түседі және сөздің мәдени тілдік мағыналарын табиғатын зерттеуде
“концепт” терминін қолданудың қажеттілігін нақтылайды . “Тілдің логикалық
анализі ” мәселесін шешуші топтың еңбектерін де “концепт” терминіне
байланысты осылай айтылады.(5,67)
Сонымен бірге жағдайды оқудың кілті болып табылатын түрлі жағдайларды
білудің өзгеше модельдері - фрейм, сема сияқты талдау еңбектерінде
қолданбалы лингвистика мен логикада қолданылатын ағылшын және латын
тілдеріндегі сөздердің сәйкес мағыналарына сүйенетін халықаралық
терминология пайдаланылады. “Үлкен ағылшын – орыс сөздігінде ” “concept”
сөзі “ ұғым , идея”, сонымен қатар “жалпы түсінік” дегендердің аудармасы
ретінде беріледі. Концептіде сөздің мағыналық дамуының барлық
мүмкіншіліктері айқындалып жиналады.
В.В. Колесов “концептус” сөзіне – “барлық көмескі синкретті белгілерді
бір сөздің бойында байланыстырушы ұғым” деген анықтама береді.
Кез келген халықтың көне замандардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс –
бітімі , салт-дәстүрді материалдық және рухани мұралары - сол халықтың
ғұмыр жолының айнасы. Өткен замандардан жеткен мұралары – бүгінгі ұрпақ
үшін тек тарихтың қарапайым куәгері ғана емес , сонымен бірге қазіргі сан
тарау мәдениетіміздің бой көтерген берік тұғыры да.
Адам баласының таным – түсінігі толысқан сайын өзіне дейінгі ұрпақтар
жасаған материалдық және рухани мұраларды зерттеп игеруге деген
қажеттілігі арта түспек. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да ,
әдебиет пен өнерді де , ел – жұрттың білім өрісі мен сауатында , ойдың
оралымдылығы мен тілдің құнарын да, материалдық және рухани
қажеттіліктердің деңгей - дәрежесін де , ең арғысы талғамның татымына
дейін мәдениеттің аясына сыйғызады . Демек, мәдениет адамзат баласының ақыл-
ойы мен маңдай терінен туындаған жетістіктердің бәрін қамтиды. Әрине ,
“мәдениет ” атауының мәні кең . Материалдық , рухани мәдениет деп екіге
бөлудің өзінде де шарттылық бар .Осы тұрғыда мәдениетті танытатын атауларды
(соның бірі – “әйел – ана” атауы ) әсіресе, ұлттық ерекшелігін , таным –
түсінігін, ой- өрісін, яғни бір сөзбен айтқанда , мәдени болмысын
танытатын лексемаларды “мәдени концепт” ретінде когнитивті тұрғыдан қарау
қажет. Сондықтан да “мәдени концепт” когнитивті лингвистиканың өзекті
мәселесіне айналып отыр.
Когнитивті лингвистика, метафораның когнитивті теориясы - ғаламның
тілдік бейнесі айқындалады . Бұл сөздер рухани мәдениеттің басты-басты
ұғымдарын оның элементтері ретінде таңбалай отырып , олардың мән -
мағынасын да қамтиды. Рухани мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын
анықтау жаңа үстеме мән-мағынаның ашылуына септігін тигізеді. Бұл өз
кезінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа қырынан бағалауға әкеледі.
Тірек концептілер (тірек сөздер) – мәдениеттің бір элементі , сонымен
қатар оны түсінудің де кілті . Олар мәдениетті өз ішінен ұғынуға
көмектеседі. Бұл сөздердің жаңа мағыналарының пайда болу механизмдерін
тану арқылы сол мәдениеттің өзін тани аламыз. Тірек концептілерді талдау
арқылы ұлттық мәдениеттің даму қалпын , оның қазіргі өмірдегі жай күйін
білеміз.
Р.С. Сүгірбекова : “в этом смысле термин “ концепт” уместен и
представляется довольно удачным : в одном термине концентрируется и
принцип анализа слова с точки зрения его культурной значимости , и принцип
анализа культуры посредстван изучения ее наиболее существенных понятии ”, -
дейді. (53,168)
Алайда осы жерде “мәдени концепт” деп қандай сөздерді танимыз деген
сұрақ тууы мүмкін.
Н.Д.Арутюнованың ойынша , мәдени концепт - философиялық , этикалық
ұқсас терминдер. Бұл сөздер таңбалайтын ұғымдарды философиялық , этикалық
ғылыми зерттеулер қарастырады. Сөйтсе де , ол сөздер кез келген тілдің
актив сөздік қорына кіреді, яғни сол тіл өкілінің әрқайсына түсінікті
мағынада қолданылады.
Концепт сөздерді анықтау принциптері кей кездері субъективті түрде
жүргізілуде , мысалы, “Тілдің логикалық анализі ” мәселесімен айналысушы
топтың өкілдері көптеген концепт сөздерді “Философиялық ғылыми
категориялар” және “Практикалық философия ұғымдарын беруші сөздер” деп
шектеуге тырысады. Концепт сөздерге бұлай қарау оларды бірнеше ондаған
сөздерге ғана сыйдырады. Ал тілдегі қаншама мың сөздер, соның ішінде
дерексіз ұғымды сөздер сол ондаған концептінің аясына сыя бермейді.
ТІЛДІҢ ТАҢБАЛЫҚ СИПАТЫ

Дыбыс тілі қатынас құралының ең маңызды түрі болғанымен, оны әрдайым
мүмкін де, тиімді де бола бермейді. Кейде дыбыс тілі арқылы хабарлауға,
білдіруге болмайтын жайттар өмірде жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бір
нәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін сол хабардың шартты көрсеткіші
ретінде әртүрлі материалдық белгілерді қолданған. Ондай шартты белгілер
орыс тілінде “знак”, қазақ тілінде “таңба” деп аталады. Таңба ретінде кез
келген затты, кез келген шартты белгіні қолдануға болады. Ондай шартты
белгілер – материалдық жағынан да , білдіретін хабарының мазмұны, оны беру
тәсілі мен таңбаның құрылымдық сипаты жағынан да алуан түрлі, ғылым
объектісі болуға әбден жарайтын, мейлінше күрделі құбылыс. Осы себептен
үстіміздегі ғасырдың 30-жылдарынан бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика
деп аталатын дербес ғылым қалыптасты.
Семиотика – хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ғылым. Ол
таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі
құбылыстарын, таңбалардың бір-бірімен және өздері білдіретін мағынамен
қарым-қатынасын зерттейді.
Семиотика жас ғылым болғанымен, әр түрлі материалдық белгілерді
хабаршы таңба ретінде қолдануды адамдар ежелгі заманнан бастап-ақ білген.
Сондай-ақ, атқаратын қызметі жағынан алғанда сөйлеу тілінде де жалпы
таңбаларға тән сипаттардың барлығын, сондықтан оны да жалпы таңбалар
тобында қараудың керектігін ежелгі заман ойшылдарының өздері де айтқан.
Аристотель дыбыстап айтылған сөздер – ойдағы түсініктің символы, ал жазу -
сөздің символы деген. Кейінгі замандарда өмір сүрген Гоббс, Локк, Лейбниц
сияқты философтар тілі – таңбалар жүйесі деп есептелген. Тілде таңбалық
сипаттың барлығын ХІХ ғасырдағы көрнекті лингвистер – Ф.Бопп пен В.
Гумбольдт та айтқан. Дегенмен бұл мәселенің тіл білімінің негізгі
проблемаларының бірі ретінде қойылып, тіл білімінде оны зерттейтін
лингвистикалық семиотика дейтін саланың болу қажеттігіне көз жеткізген
ғылым – Ф.де Соссюр. Сөйтіп, бүкіл таңба атаулыны зерттейтін жалпы
семиотика мен тіл білімі түйіскен жерден аралық ғылым қалыптасты.

Жалпы семотика мен лингвистикалық семиотика.

Жалпы семиотика бүкіл таңба атаулыға бірдей дәрежеде қолдануға
болатын ортақ теориялық қалыптастыруды көздейді. Ол, таңбалар арасында
болатын өзгешеліктерді, әсіресе тілдік таңбалардың спецификалық
ерекшеліктеріне онша мән бермейді. Семиотика үшін тілдік таңбалар да,
тілдік емес, көмекші таңбалар да бірдей, барлығы да хабар беруші,
коммункативтік қызмет атқарушы тұлғалар. Сондықтан олардың барлығы да
бірыңғай ортақ заң – ережелерге бағынуы керек. Бірақ іс жүзінде
семиотикалының теориялық тұжырымдары , көбінесе , тілге жатпайтын таңбалар
арасында түбірлі өзгешеліктер болады. Осы себептен семиотиканың жалпы
теориялық тұжырымдары тілдік таңбалардың сырларын ашуда біраз септігін
тигізетінімен, таңбалардың өзіндік сипаттарын, таңба мен ол білдіретін
мағына арасындағы қарым-қатынасты айқындау мәселелеріндегі оның қағидалары
тілдік таңба сипатына сай келмейді. Бұл жағдай тілдің таңбалық сипатын
жалпы семиотикалық шеңберінде қалдырмай, одан бөліп алып, ерекше сөз етудің
қажеттігін байқатады. Тілдік табаларды зерттейтін лингвистикалық семиотика
ғылымын дүниеге келтірген де осы қажеттілік.
Лингвистикалық семиотиканың объектісі – тілдің таңбалық сипатын
зерттеу, тілдік таңбалардың тек өзіне ғана тән белгілерін, басқа таңбалар
жүелерінен ерекшеліктерін, таңбаның өзі білдіретін хабармен қарым-қатынасын
ашу. Лингвистикалық семиотика біраз мәселеде жалпы семеотиканың
қағидаларына сүйенеді, соны басшылыққа алады. Өйткені, жалпы таңбаларға тән
кейбір қасиеттер тілдік таңбада да болады, барлық басқа таңбалар сияқты
тілдік таңба да сезім мүшелерінің біріне білінетін материалды болады, бір
нәрсе жайынын хабарлайды, коммуникативтік қызмет атқарады, белгілі бір
мағынаға, мазмұнға бағытталады, онымен шартты қатынаста болады, өзі
білдіретін мағынамен қатынасы еркін болады, олардың арасында табиғи
байланыс болмайды, өз жүйесіндегі басқа таңбалардан бір немесе айырым
белгілері арқылы жекеленіп танылады.
Осындай ортақ сипаттармен қатар тек тілдік таңбаларға ғана тән,
лингвистикалық семиотиканың қаруына жататын дара белгілер де аз емес. Олар
кейінірек баяндалады.

Таңба және оның түрлері.

Таңба деп басқаларға білдірмекші болған белгілі бір хабардың орнына,
қолданылатын сезім мүшелерінің біріне білдіретін заттық, құбылыстық,
дыбыстық, сәулелік, әрекеттік, тағы сол сияқты белгілерді айтады. Белгілі
нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш,
яғни таңба, таңбалаушы деп аталады да, ол білдіріп тұрған мағына –
таңбалаушы деп аталады. Мысалы: светофордың қызыл жарығы – таңбалаушы да,
ол білдіріп тұрған “жүруге болмайды” деген мағына таңбаланушы. Сондай-ақ,
шеберханалар маңдайшасындағы телевизор, радио қабылдағыштың суреттері
таңбалаушы да, олар білдіріп тұрған “осы заттар осы жерде жөнделеді” деген
мағына таңбаланушы т.б.
Қандай да болмасын белгілі бір материалдық көрсеткішті таңба деп
санау үшін ол өзінің материалдық табиғатына сай емес, қосымша қызмет
ретінде жүктелген бір нәрселерді білдіру, хабрлауы қажет. Адамдар кез
келген затты таңба ретінде пайдалана алады. Мысалы: терезе алдында біьр шоқ
гүл қою арқылы “үйде бөтен адам бар” дегенді хабарлай алады, бірақ ол үшін
хабар беруші мен хабар алушы арсында келісім болуы қажет. Олай болғанда,
гүл қосымша қызметін атқара алмайды. Қазіргі уақытта көпшілікке танымал
болып қалған бірсыпыра таңбалар бар. Олардың қатарына көше және жол
бойларындағы жүріс-тұрыстарды реттеу мақсатында қолданылатын светофорлар,
жол бойына қойылатын әр түрлі белгілер, завод-фабрикаладағы гудоктар, оқу
орындарына қолданылатын қоңыраулар, әлеуметтік топтардың өзіндік киім
ерекшеліктері, белгі-значоктары, мемлекеттік гербтер мен тулар, ордендер,
кейбір ғылымдарда қолданылатын арнаулы графикалық таңбалар, т.б. Мұндай
таңбалар өмірдің әр саласында қолданылады және олардың материалдық
сипаттары да алуан түрлі.(23,148)

Лингвистикалық таңбалар, оның түрлері.

Жалпы семиотикалық ереже бойынша таңба бір жақты, тек материалды ғана
болады, мағына таңба құрамына енбейді. Таңбалық ққызметтен айырған күнде
де олар бастапқы табиғи қалпында қала береді. Бұл қағидаға жеке тұрғанда
ешқандай мағынаны білдіре алмайтын, бір жақты элемент болып есептелетін
фонемалар ғана болмаса, тілдегі басқа тұлғалардың ешқайсысы да сай
келмейді, өйткені тілдегі сөз болсын бәрі де екі жақты тұлғалар. Оның
үстіне, бұлардың мағыналары өздерінің материалдық жағынан бөліне алмайды,
бұл екеуі айырмастық бірлікте тұрады, егер бір-бірінен айырылса, өмір
сүруден қалады. Таңба бір жақты, тек материалды ғана болады дегенге
сүйеніп, тілде таңба болатын тек фонемалар ғана деуге фонема ешқандай хабар
бере алмайды. Ал бір нәрсені білдірмесе, хабарламаса, ол таңба да бола
алмайды. Осы себептерден тілде таңбалық қызмет атқара алатын я атқара
алмайтын тұлғаларды айқындауға бірізділік жоқ, әркім әр түрлі пікір айтады.
Таңбаның сезім мүшелерінің біріне білінетін материалды болуын ғана
оның негізгі белгісі деп санайтын ғалымдар таңба тілдегі фонемалар мен
әріптерді есептейді. Бұлардың пікірінше , таңба деген - сигналдар мен
белгілер. Мұндай пікірді И.Кант, Э. Гуссерль сияқты философтар мен Ф.Бопп,
Л.Блумфилд сияқты лингвистер қолдайды. Екінші бір көзқарас бойынша тілде
қатынас жасау, хабарлар беру мүддесіне қызмет етпейтін элемент жоқ,
сондықтан тілдегі ең кіші элемент жеке дыбыстардан бастап күрделі сөйлемге
дейін барлығы да таңба бола алады. Тілдік элементтердің үлкені болсын,
кішісі болсын – бәрінің де басқалармен қатынас жасау мүдесіне қызмет
ететіні, сол үшін жаралып, сол үшін өмір сүретіні даусыз, бірақ тілдік
элементтер ішінде таңбаға қойылатын талапқа сай келетіні де, сай келмейтіні
де барлығын ескермеу жөн емес. Тіл білімінде көп таралған үшінші көзқарас –
таңбаға тілдік элементтер ішіндегі тек екі жақты: әрі материалды, әрі
мағыналық мәні бар тұлғалар ғана жатады дейтін бағыт. Бұның бірінші
унилатериалды (латынша, мағынасы - бір), соңғысы билатериалды (латынша,
мағынасы - екі) деп аталады. Билатериалды бағытты В.Гумбольдт, Ф. де
Соссюр, Бодоуэн де Куртенэ сияқты атақты ғалымдардың көпшілігі қолдайды.
Совет тіл білімінде тілді таңбалар жүйесі деуге болмайды, онда тек
таңбалылықтың элементі ғана бар, ол – сөздің дыбыстық тұрпаты дейтіндер де
бар. Бұл бағытты қолдаушылар тілдің ойлаумен, санамен тығыз байланыстарына,
оның элементтерінің (дыбыстан басқа) өзіндік мағыналары бар екі жақты
құбылыс екендігіне сүйенеді.(23,199)
Шындығында да, тілдік жүйе көмекші, шартты таңбалар жүйесіндей емес,
мейлінше күрделі, көп сатылы, көп қабатты, көп элементті жүйе. Тілдегі
алуан түрлі тұлғалар тек құрылымдары жағынан ғана емес, мағыналары мен
қызметі жағынан да түрлі-түрлі. Олардың ішінде екі жақты да, жартылай екі
жақты да, бір жақты да тұлғалар бар.Айтылғандарды айқындай түсу үшін,
алдымен, тілдік тұлғаларға ненің жататынын, олардың бір – бірімен
арақатынасын ашып алу қажет.
Тілдің негізгі қатарына дыбыс, морфема, сөз, сөйлем жатады. Дыбыс –
тілдің ең кіші материалды бөлшегі. Ол , біріншіден, тілдің өзінен бірер
басқыш жоғары тұратын тұлғаларын жасауға материал болса, екінші жағынан
бір тұлғаны екінші тұлғадан айыратын танытқыш белгі қызметін атқарады.
Дыбыс жеке тұрғанда ештемені де білдіре алмайды, мағынасыз баолады,
сондықтан ол екі жақты мәні бар таңба жасауға қатысқаны болмаса, өзі
таңбалық таңбалық қызмет атқара алмайды. Өйткені таңба болу үшін бір
нәрсені хабарлауы, білдіруі керек. Дыбыстардың осы айтылған еккшеліктеріне
қарап онеы ғалымдар бірде диакритикалық белгі десе, енді бірде фигура деп
атайды.
Фонемалардан бір басқыш жоғары тұратын тұлға – морфема. Морфеманы,
әдетте, өзіне тән мағынасы бар екі жақты тұлға деп санайды. Бірақ
морфеманың мағынасы атауыштық, хабаршы мағына емес, грамматикалық мағынасы
номинативтік мәні бар негізгі морфемамен бірге тұрғанда тғана білінеді.
Екіншіден, сөздердің морфемаларға жіктелуі тіл атаулының барлығына бірдей
тән құбылыста емес, сөздерін морфемаларға бөлуге болмайтын тілдер де
болады. Морфема – атауыштық мәні бар лексемалар мен фонемалар арасындағы
аралық категория. Ол – тілдің структуралық тұлғасы, бірақ хабаршы таңба
бола алмайды.
Морфемадан жоғары тұратын тілдік негізгі тұлға. Сөйлеу атаулының
барлығы да сөзден басталады. Сөз – ұғымның материалдық көрсеткіші. Ол –
жеке тұрып та белгілі бір мағынаны, ұғымды білдіреді. Сөзден төменгі тілдік
элементтердің (дыбыстың, морфеманың) ешқайсысы да жеке қолданылмайды, өз
беттерінде тұрып номинативтік қызмет атқара алмайды. Мағыналық , қызметтік
байлығы жағынан тілдік тұлғалардың бірде-бірі сөзге тең келе алмайды. Сөз
жеке мағынаны, ұғымды саралап көрсету сияқты атауыштық қызметтен бастап,
ойды білдіретін сөйлемге дейін орасан көп міндет атқарады. Сондықтан да
сөздің табиғатын, таңбалық мәнін зерттеген ғалымдардың басым көпшілігі оны
тілдің ең өзекті, ең универсалды, айырықша тұлғасы, тілдегі негізгі таңба
деп санайды.

В. Гумбольдт, Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ сияқты әйгілі
ғалымдардың таңба екі жақты құбылыс: оның бір жағы – сыртқы материалдық,
дыбыстық көрсеткіші де , екіншісі – ішкі мағыналық, идеялық жағы. Таңба
дейтініміз осы екеуінің бірлігі дейтін тұжырымдарына толық сай келетін
тілдік тұлғалардың бірі – сөз. Бірақ сөз басқа көмекші таңбалар сияқты өз
бойында мағынамен идеялық жағы бір – бірінен ажырамайтын бірліктегі
біртұтас тұлға. Сөздің бұл екі жағы бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Сөздік
таңбаның басқа көмекші таңбалардан түбірлі бір өзгешелігі де осында.
Тілдің тіршілігі сөйлеуде, сөйлеуде екені белгілі. Сөйлеу сөйлемнен,
сөйлемдер тіркесінен құралады. Сөйлем – сөйлеудегі, пікір алысудағы ең
негізгі және бірден-бір коммуникативтік тұлға. Сөйлемнің негізгі түрі –
бірнеше сөздерден құралатыны. Сөйлем құрамына ену арқылы тілдің төменгі
қабаттары жанданып, өз бойларындағы барлық мүмкіндіктерін жарыққа шығара
алады. Сөйлем тілдік тұлғалардың ең жоғары, құранды қабаты болуымен бірге
таңбалық жағынан да ең күрделі, жоғары тұлға боп есептеледі.(44,206)
Сонымен, семиотикалық сипаты жағынан тілдік тұлғаларды таңбалар
жүйесі, фигуралар жүйесі деп екіге бөлуге болады. Таңбалар жүйесіне сөздер,
сөйлемдер жатады да, фигуралар жүйесіне фонемалар мен морфемалар жатады.
Бұлардың алдыңғылары екі жақты тұлғаоар да, соңғылары таңба құрайтын
материалдар болғандықтан бір жақты тұлға болып есептеледі.
Лингвистикалық таңбалардың ерекшеліктері. Қызметіндегі кейбір
ұқсастыққа қарап тілдік элементтер де таңбалық сипаты бар делінгенмен,
тілдік таңбалардың тілдік емес көмекші таңбалардан құрылымы жағынан да,
қызметінің көлемі, мәні жағынанда, білдіретін хабармен қарым-қатынасы
жағынан да түбірлі өзгешеліктері бар:
1. Дыбыс тілі және оның таңбалары семиотикалық хабаршы таңбалардай
тек бір нәрселерді мәлімдеп қана қоймайды, сонымен бірге, ол – айналадағы
өмірді танып – білудің, ойды қалыптастырып, дамытудың да құралы, басқаша
айтқанда, адам баласының бүкіл күресі мен дамуының құралы.
2.Лингвистикалық таңбаларға қызметі белгі біреулер я шағын бір
коллектив алдын-ала жасаған келісім бойынша белгілеп бермейді. Ол сол тілде
сөйлейтін бүкіл қауымның табысы, сондықтан ол тілдік коллектив мүшелерінің
барлығына да белгілі,жалпы халықтық болады.
3. Қызметі жағынан алғанда лингвистикалық емес таңбалар алдын-ала
белгілеп қойылғанбелгілі бір жағдайды ғана хабарлайды, білдіреді. Олардың
коммуникативтік ролі сапалық жағынан да мейлінше шағын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі «Туған жер» концептісі
«Аққу» концептінің лингвомәдени ерекшелігі
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6 НЕГІЗДЕРІ
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Жас грамматикалық бағыт өкілдері көзқарастарындағы позитивистік және жеке психологиялық негіздер
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
Бердібек Соқпақбаевтың тілдік тұлғасы
Пәндер