Шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І. Шағын кәсіпорынның теориялық негіздері
1. 1 Кәсіпорынды басқарудың мәні мен міндеттері . . . 5
1. 2 Шағын кәсіпорынды басқарудағы жүйелік әдіс . . . 9
1. 3 Шағын бизнес дамуының комплекстік бағдарламасы . . . 18
1. 4 Шағын фирманы басқару жүйесін жобалаудың құрылымдық және функционалдық тәсілі . . . 26
ІІ. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындардың қазіргі таңдағы жағдайы
2. 1 Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісі, кәсіпкерлікке қажетті экономикалық әлеуметтік жағдайы және ролі мен орны . . . 33
2. 2 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы . . . 38
2. 3 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері . . . 39
2. 4 Мемлекеттік кәсіпкерлікті реттеу бағдарламасы . . . 51
Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ, шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағьпта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын
1. 1. Кәсіпорынды басқарудың мәні және міндеттері.
Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ, шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағьпта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы.
Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғарғы дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару сапаларында болады.
Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің (тұтынушылардың) сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды.
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін.
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы ұлықсат (лицензия) керек етеді.
Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі бар: өндірген тауарын, салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады. Шаруашылық іс-әрекетіндегі басты жағдай - жоспарлау.
Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізіне (бизнес-жоспар) тауар алушылармен және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек.
Шағын кәсіпорын өзінің өндірген тауарларына, көрсеткен қызметтеріне бағаны тағайындайды немесе шарт бойынша келісілген бағамен сатады.
Кәсіпорынның финанс ресурстары оның ұйымдастыру - праволық формаларына байланысты, пайдадан, амортизацияға шығарылған сомадан, бағалы қағаздарды сатқаннан түскен ақшадан, еңбек ұжымының мүшелерінің жарналарынан, пайдадан түскен несиеден т. б. заңға қарсы емес түсімдерден тұрады.
Ақша қаражаттарды сақтау үшін және есеп айырысу, кассалық операцияларды жүргізу үшін банкте есеп-айырысу және басқа түрлі шоттар аша алады.
Кәсіпорын несие шарттары есеп айырысу тәртібіне толық жауап береді. Есеп айырыс тәртібін орындамаған кәсіпорын сот арқылы банкрот болып жарияланады.
Жалпы негізде, шағын кәсіпорын шет елдік серіктестермен шарт жасап және шетел валюталық шотын аша алады. Белгіленген ережеге сәйкес шағын кәсіпорын өз бетімен дербес нарыққа шығып валюта табуына, оны сатып алуына оның ішінде аукциондарға да қатынасуға праволы.
Шағын кәсіпорын жұмысшыларына еңбек ақы төлеу мөлшері, оның жүйесі, түрі дербес шешілді. Шағын кәсіпорын заң бойынша кепілді еңбек ақы төлеуді қамтамасыз етеді, еңбек жағдайын, қызметкерлердің әлеуметтік қорғау шараларын орындайды. Өзінің қызметкерлеріне қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс күнін, тағы басқа жеңілдіктерді қолдана алады.
Заң бойынша шағын кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек етуіне және олардың денсаулығына, еңбек қабілетіне келтірілғен зияңды толықтыруға жауапты.
Шағын кәсіпорын қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға белгіленгендей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қолданылады. Сондықтан шағын кәсіпорын әлеуметтік, медициналық сақтандыру үшін өздерінің жарналарын төлеуге тиісті.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.
Қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпорындардың қосқан үлестері жоқтың қасы. Оның себебі жалпы өндірістің төмендеуі және ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың үзілуінен болып отыр. Сонымен бірге шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орын ала алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан-жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды.
Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд. доллар бюджетте қаралады.
Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға салынатын салық жеңілдігі ғана. Егер шағын кәсіпорынның материалдық базасы жеткіліксіз болса, айналым қорына қаражаты жоқ болса, өндірілген өнімді өткізу жөнінде алдына ала жасақталған шарттар болмаса, ол қалай өз аяғынан жүріп кете алады деген сұрау туады.
Шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік шағын кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.
Шағын кәсіпорындар кадр даярлау, банктік кредит алу және информациялық қызметтерге мұқтаж. Оны кім шешеді? Шағын кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналатын сала сауда-саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөндеу, т. б. салаларда орын алып отыр.
Осыған орай ең ірі нарық - ғылыми-техникалық жаңалықтар, мәліметтер сферасы әлі күнге дейін қолға алынбай келеді.
Шағын бизнес проблемалары және оны шешу жолдары.
Шағын кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі.
1. Шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы - ресурстық базасының жетіспеушілігі: материал-техникалық және финанстық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің басы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек. Оны кім береді?
2. Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
3. Шағын кәсіпкерліктің іс-әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ.
Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек. Ол коррупцияға апарады.
4. Басты проблеманың бірі - ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ ондай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек.
Ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.
5. Кәсіпкерлік істі әлеуметтік қорғау керек. Ол үшін әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік қамтамасыздандыру т. б. шаралар қолданылуы тиіс.
1. 2. Шағын бизнесті басқарудағы жүйелік әдіс.
Қоғамның экономикалық дамуының негізгі факторлары сияқты кәсіпкерлікті талқылауда мазмұндалатын экономикалық дамудың өндірістік үлгісі, экономиканың осы саласын басқару жүйесінің тиімділігін обьективті бағалауға мүмкіндік беретін тиісті методологиялық және методикалық базалардың құрылуын талап етеді. Бұл зерттеудің тұжырымдық негізі кәсіпорынды басқару жүйелік әдіс қағидаларына негізделетін күрделі жүйе ретінде қарастыру болып табылады. Жүйелік әдіс пен сәйкес, кез келген жүйе, сонымен бірге кәсіпорынды басқару жүйе көрсеткіштерінің қатарын сипаттайды.
Жүйенің маңызды жүйе құратын қасиеттерінің бірі байланыстың шек тұтастығы. Жүйеде тұтас көптеген элементтердің бір-бірі мен физикалық немесе концептуалды өзара сабақтастығы жүйенің байланыс пилығын білдіреді. Тұтастықта әрбір элементтің байланысын, олардың жүйедегі орнын, және қасиеттерін ғана емес, олардың жалпы бір мақсатын білдіреді. Біз кәсіпорында басқару жүйесін құра отырып басқарудың барлық деңгейінде бизнесті қолдайтын ұқсас инфрақұрылымдардың құрылуы арқылы кәсіпкерлік қызметті ынталандырушы мақсат қоямыз. Шағын кәсіпкерлікті басқаруда, жүйе құрушы элемент ретінде кәсіпорынды құру үшін және функциялау үшін қажетті ресурстарды, басқару обьектісі ретінде кәсіпорынның өзін айтуымызға болады.
Сонымен қатар кәсіпорынды басқару жүйесінің тұтастығы бұл жүйенің қасиеті оның әрбір элементтерінің қасиеттерінен туындамауы мүмкін. Кәсіпорынды басқару жүйесі, тұтас жүйе сияқты оны құрушы элементтердің сапасын көрсететін, жаңа сапасын сипаттайды. Барлық элементтер бір-бірімен тікелей және жанама байланыста болады және жүйедегі басқа да бір элементтермен өзара арақатынасын өзгерткен жағдайда кейбір элементтер қосылады және бөлініп шығады. әрбір жүйені жоғарғы реттегі жүйенің элементі ретінде қарастыруға болады. Өз кезегінде кез келген жүйенің элементтерін төменгі реттегі жүйе ретінде қарастыруға болады.
Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі жергілікті басқару жүйесі өз кезегінде кәсіпорынды мемлекеттік басқару жүйесінің элменттері болып табылатын аймақтық басқару жүйесінің элементтеріблып табылады.
Жүйенің негізгі қасиеттерін қарастырамыз:
- Жүйе элементтерінің өзара байланысы - оның элементтерінің кемдеген бір өзара байлаысының бұзылуы кезіндегі жүйенің пайда бола алмауы. Кәсіорынды басқару жүйесінің кем дегенде біреуінің қатыспауы барлық басқару жүйесін тоқтатады.
- Жүйенің және ортаның өзара байланысы - тек қана ортамен өзара арақатынас процесіндегі жүйе қасиетінің көрінісі. Кәсіпорынды басқару жүйесі сыртқы факторлардың (жабдықтаушылар, бәсекелестер, тұтынушылар, заңнамалар мен мемлекеттік органдар) тікелей ықпалынан, сондай-ақ сыртқы факторлардың жанама ықпалында (экономикалық жағдай, саяси факторлар, халықаралық жағдай, әлеуметтік-мәдени факторлар және ҒТП даму деңгейі) болса.
- Иерархиялық - жүйенің төменгі деңгейіндегі сияқты жүйе элементтерін талқылау мүмкіндігі. Кәсіпорынды басқару жүйесі өзімен бірге төменгі басқару органдары мен жоғарғы басқару органдарының өзара тәуелділігінің иерархиялық жүйесін көрсететін басқарудың 4 деңгейін көрсетеді.
- Тұрақтылық - оның негізгі қызметтер жүйесінің пайда болуын қамтамасыз ететін құрылымының дамуына немесе сақталуына ұмтылу. Кәсіпорынды басқару жүйесінің тұрақтылығы басқару жүйесін қамтамасыз етуді функциялануы мен құрылуы есебінен кепілденеді.
- Автономдылығы - «жеткіліксіз» элементтер мен қызметтерді толықтыру мен ішкі жоғарғы тәртіптілікке ұмтылу. Кәсіпорынды басқару жүйесі өзімен бірге өзіне ұйымдастырушылық құрылымдар, функциялық жүйелер, басқару органдарының жүйесі жүйе элементтерінің өзара арақатынасының жүйесі және т. б. қосатын өзінің жүйе құратын механизмдері мен жекелеген жүйелерін көрсетеді.
Кәсіпорынды басқару жүйесі ұйымдастыру класына кіреді, себебі оның құрылымына техникалық жүйемен бірге адамдар да кіреді. Ұйымдастыру жүйесі сияқты, кәсіпорынды басқару жүйесі, оның құрамына кірушілердің қатарын сипаттайды. Олардың қатарына жататындар: жүйені функциялаудың мақсатты сипаты (ереже бойынша бұл бірнеше мақсаттармен бір мезгілде байланысты) ұйымның иерархиялық реттелгенін крсететін элементтері.
Жүйе теориясына сәйкес, жүйе жабық (сыртқы ортамен байланыс жасайтын жүйе) және ашық (сыртқы ортамен және басқа да жүйелермен интенсивті байланыс жасайтын жүйе) ; күрделі элементтерінің өзі жүйені құрайтын жүйе) және үлкен (үлкен дәрежелі мүмкіндікті сипаттайтын күрделі жүйе) . Кәсіпорынды басқару жүйесі сыртқы ортамен тығыз байланыста болады және ашық жүйе категориясына қатысты болады. Кәсіпорынды басқару жүйесінің көптеген элементтері, мысалы, кәсіпорынды басқарудың аймақтық жүйесі өзалдына жүйе болып табылатын сондықтан кәсіпорынды басқару жүйесінің барлығы күрделі жүйе категорияларына қатысты болады. Кәсіпорынды басқару жүйесі үлкен болып табылады, себебі ол үнемі барлық жаңа элементтермен толықтырылып, дамып отырады.
Классификациялау атауына сәйкес, кәсіпорынды басқару жүйесінің келесі анықтамасын көруге болады: Кәсіпорынды басқару жүйесі - бұл анықталмаған және болжанбаған элементтерді сипаттап, олардан жаңа құрылым жасайтын және нерорхиялық жүйе құрайтын, сыртқы ортамен интенсивті байланысты болатын үлкен, күрделі тұтас ашық ұйымдастырылған жүйе. Кәсіпорынды басқару жүйесі - бұл басқару обьектісі (басқару жүйесі) кәсіпкерлік қызмет болатын, ал басқару субьектісі (басқарушы жүйе) кәсіпорынның басқару органдарының жүйесі болып табылатын мақсатты көлдеңгейлі жүйе (1-сурет)
Шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі.
1-сурет
Жоғарыда көрсетілгендей, кәсіпорынды басқару жүйесі иерархиялық құрылымға ие болады, ал келесі жағдайда, басқарудың үш деңгейі құрылымға ие болады (2-сурет) .
Менеджмент позициясымен шағын кәсіпорынның дамуындағы концептуалды тәсіл.
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті басқару органдарының құрылымы
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде 90%-ға дейінгі жұмыс орны шағын және орта бизнеспен толықтырылады. Дегенмен, қандай процеспен болмасын кәсіпорынды басқару қажет болады.
Тиімді басқару мақсатымен басқарудың барлық деңгейін қамтитын жоғары деңгейлі кәсіпорынды басқару жүйесін құруды ұсынады: оның ішінде:
- Шағын кәсіпкерлікті қолдау және табиғи монополияны реттеу бойынша агенттіктің басшылығымен кәсіпорынды басқарудың мемлекеттік деңгейі.
- Кәсіпорынды басқарудың аймақтық деңгейі.
- Шағын бизнесті дамытудың аудандық (қалалық) орталығын құруымен жергілікті басқару деңгейі.
- Кәсіпкер және оның командасы түрінде фирма деңгейі (5 сурет) .
Шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының мемлекеттік деңгейінде: кәсіпкерлікке қаржылық көмек беру; менеджментке көмек беру; бизнеске ақпараттық көмек беру; салық салу жүйесі және басқа да реттеу механизмдері арқылы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру; қоғам ортасында кәсіпкерлік ортаны құру (6 сурет) жатады.
Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы ретіндегі жергілікті (облыстық және аудандық) басқару деңгейінде консалтингтік орта ұсынылады: кәсіпкерлік үшін бағдарламалар жасау; мемлекет пен шағын кәсіпорындардың арасындағы байланыс жасауына мүмкіндік беру; микрозоналарды қамтамасыз ету бойынша бағдарламалар жасау; бизнеске ақпараттық көмек беру; бизнес инкубаторларды құру; шағын бизнес мәселелеріне арналған конференциялар өткізіп тұру жатуы мүмкін.
Көрсетілген концепциялармен сәйкес басқарудың нақты функцияларын жүзеге асыру арқылы кәсіпорын деңгейіндегі кәсіпкерлік туындайды. Кәсіпкерлердің алдында кәсіпорынды құру және оның тиімді функциялануын қамтамасыз ету бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттілігі жайында тапсырма тұрады. Бұл үшін тиімді кәсіпкерлік критерияларына сәйкес бизнес идеяларына баға беру қажет; бизнестің сәйкесінше құқықтық-ұйымдастырушылық түрін таңдауы қажет; бизнес-жоспарды жасауы және кәсіпорынды тіркеуі қажет.
1. 3 Шағын бизнес дамуының комплекстік бағдарламасы.
Шағын кәсіпкерлікті басқару мәселелері аралық функцияланға, көп қырынды мәселелер санына қатысты болады. Бұл мәселені шешу, экономикалық ұйымдастырушылық, әлеуметтік факторлармен бірге комплестік, жүйелік тәсілдерді талап етеді. Бұл талаптарға мақсаттық бағдарлама тәсілі жауап береді. Әсіресе салааралық стандартсыз және шектелген мәселелерді ерекше тәсіл қажеттілігі туындайды. Ол пайда болған құрылымдар мен процедуралар шегіндегі шешілеген мәселелермен байланысты болады. Мақсатты бағдарламалық тәсілдің пайда болуы, қойылған мақсаттың жүзеге асырылуы үшін ресурстарды орналастыру жүйесінің даму мақсатының қалыптасуында орындалады. Мақсаттық бағдарламалық тәсілді жүзеге асыру құралдары ретінде комплекстік бағдарлама қолданылады.
Шағын кәсіпорынның дамуын басқару мәселелері жаңа шарттарға жауап береді. Бұл, пайда болған басқару жүйесі бұл мәселені шешпейтіндігін білдіреді. Шағын кәсіпорын дамуының мәселелерін шешу үшін жаңа басқару жүйесін құру қажет. Басқару обьектісі ретінде, шағын кәсіпорын, басқару жүйесін сәйкесінше құрылуын қажетсінеді. Қазіргі таңда Қазақстанда бұл мәселелерді мақсатты және жүйелі түрде шешілуіне мүмкіндік беретін, шағын кәсіпорынды басқарудың реттелген комплексті жүйесі жоқ.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы әлеуметті мәселелер қатарын, оның ішінде шағын кәсіпкерлік сферасында жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселерін шеше алады. Шағын кәсіпорын дамуының тиімділігі инвестициядағы минималды қажеттілік пен шағын бизнес жалпы ұлттық үкімнің айтарлықтай үлесін алатын әлемдік тәжірибеде дәлелденген. Сондықтан шағын кәсіпкерлік әлеуметті критериялары мен тиімділік критерияларына жауап береді.
Енді, кіші кәсіпкерлікті басқарудың проблемасы өзектіліктің критериіне жауап береді. Көпшілік қалыптасқан жұмыс режимінде қызмет ете отырып, қажетті өндіріс деңгейіне жүйенің шығуын күтуге шамасы қалмаған кезде, өзектілік критериі бойынша көкейтесті проблемаларды шешуге арналған программалар бөлінеді. Қазақстан үшін экономикалық өсудің кәсіпкерлік үлгісі экономикалық дағдарыстан шығу және экономиканың тірілуі үшін ең маңызды факторы болып табылады. Мұндай қиын тапсырманың шешімі шөгінділікті қажет етпейді. Бұл процестің жылдамдату мақсатымен аймақтық және жергілікті шағын бизнес програмасының қолдамасының деңгейінде кәсіпкерлік пен және оның нақтылануымен басқарылатын жаңа жүйе құру ұсынылады.
Шағын кәсіпкерліктің даму бағдарламасының мақсатын қалыптастырамыз: өнім көлемін артыруы, экономикалық шағын сектордағы кәсіпкерлік қызметтің белсенділігінің есебінен экономиканың жандануы: Мақсатты қалыптастыра отырып біз шағын кәсіпкерлікті дамытудың комплексті бағдарламасын толық анықтауғңа жақындаймыз. Комплекстік бағдарламаның толық әдебиеті көрстілген.
Шағын бизнестің комплексті бағдарламасы ол әлеуметтік экономикалық топтарға және аймақтық бағдарламаларға қатысты белгілер мен сипаттталады. Дегенмен шағын бизнестің комплекстік бағдарламасының классификациялық топтарын анықтау кезінде бағдарлама мазмұнынан шығатын негізгі мақсаты, олардың негізгі көрсеткіштерін бөліп көрсету керек. Шағын бизнестің комплекстік бағдарламасы (ШБКБ) шағын бизнеске толықтай жасау есебінен экономиканың шағын секторындағы кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан шағын бизнесті қолдаудың комплекстік бағдарламасын әлеуметтік-экономикалық бағдарлама деуімізге болады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мақсатты-комплексті бағдарламасының классификациялық сипаты.
Комплекстік бағдарлама ұзақтық мерзімі бойынша ұзақ мерзімді (ұзақтығы 5 жылдан жоғары), орта мерзімді (ұзақтығы 5 жыл немесе одан аз), қысқа мерзімді жылдық бағдарлама болады. Тәжірибе көрсеткендей ұзақтығы 2 жылға созылған ШБПБ. Орта мерзімдінің көбірек тараған. Бұл қысқа мерзімді жылдық бағдарламаның аз тиімді екендігін көрсетеді, себебі шағын бизнестің инфрақұрылымын құру бойынша барлық жұмыстарының пайда болуы, ресурстарды моневирлеу, перспективаларды жақсы көруге уақыт горизонтының артуы мүмкіндік береді. Дегенмен уақыт интервалының келешекте артуы заңды болмауы мүмкін емес. Бұл шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер етуіне әр түрлі факторлардан болжамдар жасау қиын екендігін, кәсіпкерлік қызметті белсендіру процесін жылдамдатудың маңызды екендігін білдіреді, сондықтан шағын бизнес инфрақұрылымының құрылымы бойынша жұмысты 5 жыл немесе оданда көп жылға тұрақты таратудың маңызы зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz