Мырзакөлсор сужинағышының балдырларының түрлік құрамы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Көкшетау қаласының қалдық суларын тазалау жүйесінің су тоғандарының микробалдырлар құрамы

МАЗМҰНЫ

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1 Ластанған су экожүйелерiнiң альгофлора құрамы 5

1. 2 Ластанған суларды тазалау жүйелерiндегi балдырлар 16

2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДIСТЕРI

2. 1 Зерттеу материалдары мен зерттеу нүктелері 24

2. 2 Микробалдырлар сынамаларын алу 25

2. 3 Балдырларды жинау және анықтау 26

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУЛАР

3. 1 Судың альгологиялық құрамы 28

3. 2 Шағалалы өзенінің су көзінің микробалдырлар құрамы 29

3. 3 Мырзакөлсор сужинағышының балдырларының түрлік құрамы 30

3. 4 Ахметжансор сужинағышының альгофлора құрамы 31

3. 5 Көкшетау қаласының ластанған суларды тазарту жүйелерінің су

тоғандарындағы микробалдырлардың таралу динамикасы 33

  1. Көкшетау қаласы қалдық суларын тазалау жүйелерінен табылған

балдырларға сипаттама 34

ҚОРЫТЫНДЫ 37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 38

ҚОСЫМША 40

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

  1. Ластанған су экожүйелерiнiң альгофлора құрамы

Қазiргi кезде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бүкiл әлем зерттеушiлерiнiң назарын аударуда. Халық санының өсуi, қолдан суарылатын аудандардың көбеюi, сонымен бiрге урбанизация және индустриализацияның қарқынды дамуы су қорларының шамадан тыс қолданылуына алып келдi. Сонымен қатар өндiрiс салаларының жаңа түрлерiнiң дамуымен су көздерiнiң әр түрлi қалдық сулармен ластану қаупi де жоғарылады. Осының салдарынан өзен, көл, тоған сулары жиi экологиялық бұзылуларға ұшырайды. Бұл бұзылу нәтижесiнен судың сапасы апаттық деңгейге дейiн бұзылуы мүмкiн. Судың эвтрификациялануымен ластануы табиғи суларға әртүрлi антропогендi әсерлердiң нәтижесiнде пайда болатын әртүрлi құбылыс. Ластану биотикалық айналымды, оның тепе-теңдiк жағдайда болатын жеке көрiнiстерiн бұзып, биологиялық өнiмдiлiктiң төмендеуiне әкелiп соғады. Ал, эвтрофикациялану кезiнде табиғи сулардағы биогендi элементтердiң шамадан тыс көбеюi нәтижесiнде бiрiншi биологиялық өнiмдiлiктi жоғарлатады. Бiрақ өнiмдiлiк процесiнiң барлық бөлiмiнде немесе барлық кезеңiнде тепе-теңдiк өнiмдiлiктiң жоғарлауы шексiз жүруi мүмкiн емес. Осының нәтижесiнде судың тұнықтылығы төмендейдi, гиполимнионда тотығуы үшiн оттегiнi қажет ететiн органикалық заттар жиналады да, әсерiнен оттегiнiң тапшылығы немесе толық анаэробты жағдай пайда болады. Жарық және газ режимiнiң өзгеруi гидробионтар бiрлестiгiнiң құрамы мен құрылымының өзгеруiмен қатар жүредi. Тоған суларына органикалық заттардың түсу жолдарын жалпы формада қарастыра отырып Г. Г. Винберг оларды үш мүмкiн жағдайларға бөлдi /1/.

Бiрiншi: егер тоған суларына органикалық заттармен биогендi элементтер қалыпты қатынаста C:N:P болса, олар толық минерализацияға ұшырайды, ал олардың өнiмдерi бiрдей мөлшерде оттегiнi бөлiп шығарған және сiңiрiп алған органикалық заттардың эквиваленттi санының фотосинтезi үшiн жұмсалады. Экожүйенiң тұрақтылығы оның соңғы өнiмдерiн алып тастау мөлшерi ортаға түсетiн биогендi және органикалық заттардың мөлшерiне эквиваленттi жағдайда ғана сақталады. Егер органикалық заттардың түсуi соңғы өнiмдердi алып тастаумен толықтырылмаса су тоғандарында эвтрофикациялану жүредi.

Екiншi: тоған суларына шамадан тыс көп биогендi заттар түседi. Олардың минерализациялану және фотосинтезденуi нәтижесiнде эквиваленттi мөлшерде органикалық заттар түзеледi, және органикалық заттардың жаңадан пайда болуына оттегiнiң эквиваленттi мөлшерiнiң түсуiне қызмет ететiн артық биогендi заттар қалады. Сырттан түсуiне қарағанда органикалық заттар тоған суларында көп түзеледi. Продукцияның деструкцияға басымдылығымен органикалық заттардың оң биотикалық теңдiгi бақыланып, тоған суларының эвтрофикациялану жылдамдығы бiрiншi жағдаймен салыстырғанда өте жоғары болады.

Үшiншi: тоған суларына биогендi заттардың тапшылығымен органикалық заттар түседi. Олардың минерализацияланған өнiмдерiнен фотосинтез кезiнде органикалық заттардың тотығуына жеткiлiксiз оттегi мөлшерi бөлiнiп, органикалық заттар аз синтезделедi. Сондықтан олардың тотығуына ерiген оттегi жұмсалып, оның судағы құрамы төмендейдi де, керiсiнше көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарлайды. Бұл жағдайда деструкция продукциядан асып түсiп, энергетикалық теңдiгi керi болып, тоған суларының ластануы пайда болады.

Қатты эвтрофикациялану кезiнде, әсiресе екiншi жағдайда екiншi реттiк ластану бақыланады. Бұндай жағдай мысал ретiнде, балықтардың жойылуынан, көк жасыл балдырлардың шiруiнен және т. б. жағдайларда бақылануы мүмкiн.

Эвтрофикациялану процесiнiң басында биогендi элементтердiң жетiспеуiмен лимиттелетiн биологиялық өнiмдiлiк жоғарлайды, бiрақта бұл кезде экожүйенiң тез қайта құрылуы жүзеге асады. Бұл кезеңде тоған сулары белгiлi бiр жағдайда балық шаруашылық мақсатында ойдағыдай қолданылуы мүмкiн. Бiрақта әрi қарай эвтрофикациялануды тоқтату бағытында арнайы шаралар қолданбау, тоған суларының эвтрофикациялануының келесi кезеңiне тез өтiп балық шаруашылығына зиянын тигiзедi.

Тоған суларының ластануымен эвтрофикациялануы биоценоздың түрлiк құрамы мен функциянальдық құрылымын өзгертедi. Эвтрофикациялану кезiнде түрдiң әртүрлiлiгiнiң азайуымен, немесе бiр түрдiң жалпы санының көбеюiмен түрлiк алмасу жүруi мүмкiн. Ластану деңгейi жоғарлаған сайын бiр түрдiң екiншi түрге алмасуы және олардың санының азаюы мүмкiн. Бұндай жағдайда дағдыдағыдай оттегiнiң төменгi мөлшерiнде және ерiген органикалық затардың жоғарғы концентрациясында тiршiлiк ете алатын эврибионтты түрлер ғана сақталады. Тоған суларының эвтрофикациялану кезiндегi гидробионтардың саны және олардың өнiмдерiнiң жоғарлауы алғашқы өнiмнiң жоғарлауына, ал ластану кезiнде -органикалық заттардың сырттан келуiне пропорциональды болады.

Стюарт және Ролич Европаның кейбiр мемлекетiнiң көптеген тоқтау-көлдерi мен Япония, Индия және Жаңа Зелендияның кейбiр тоқтау-көлдерiнiң эвтрофикациялану процесiне шолу жасады. Олар эвтрофикациялану процесiнiң зиянды әсерлерiне шексiз көп дәлелдемелер көрсеттi. Көптеген өндiрiс және канализация қалдық сулары тұщы су экожүйесiнiң биотикалық процестерiне тән емес бiр шама заттардан тұрады. Бұл қажетсiз заттар шектен тыс көп мөлшерде табиғи экожүйенiң автотрофты және гетеротрофты компонентерiнiң дамуын тежеп, эвтрофикациялану процесiнiң ең қауiптi жағдайларына ұшыратады. Олар адам өмiрiне зиянды патогендi және патогендi емес бактериялар мен вирустардың көбеюiн туғызуы мүмкiн. Соңғы кезге дейiн судың химиялық сапасының төмендеуi негiзiнен улы металдардың ластануымен шектелсе, қазiргi кезде өндiрiс процестерiмен ауыл шаруашылық әрекеттерiнiң нәтижелерiнде пайда болатын әртүрлi органикалық заттардың микроқоспаларыда қауiп тудыруда /1/.

Эвтрофикациялану процесiнiң терiс салдары тоған суларындағы фитопланктонды балдырлардың шамадан тыс көбеюiне, судың жағымсыз иiсiнiң және дәмiнiң пайда болуына, ондағы органикалық заттардың көбеюiне әкелiп соғады. Судың органикалық заттармен аса қанығуы сапрофиттi бактериялар, оның iшiнде ауру тудыратын бактериялар мен су саңырауқұлақтарының өсуiне жағдай жасайды. Кейбiр балдырлардың тiршiлiк ету әрекетi нәтижесiнде улы заттар пайда болады. Олардың әсерi жануарлар кейде адам өмiрiне де зиянын тигiзедi Шамадан тыс көп органикалық заттарды минерализациялау үшiн тоған суларындағы ерiген оттегiнiң көп бөлiгi жұмсалады, оның нәтижесi балықтардың негiзгi қоректiк көзiн құрайтын оксидофильдi жануарлардың жойылуына алып келедi.

Су қабаттарындағы оттегiнi толық пайдалану салдарынан тотығу жағдайы тотықсызданумен ауысып, тұнба шөгiндiлерiндегi биогендi заттардың мобилизациялануын стимулдеп, оларды тоған суларындағы зат айналымға қосады. Бұл алғашқы өнiмнiң жоғарлауы, деструкция және тоған жүйесiнiң тез қайта құрылуына алып келедi. Антропогендi эвтрофикациялану процесiнде тоған суларында пайда болатын өзгерiстер, табиғи эвтрофикациялану кезiнде бақыланатын тоған суларының “ескiру” процесiне ұқсас жағдай.

Континентальды тұщы су қорының сапасына жалпы көлемде қауiп тудыратын антропогендi эвтрофикациялану процесi, оған қарсы күресу жолдарын iздеу көптеген зерттеулер жүргiзудi қажет еттi. Су экожүйелерiнiң антропогендi эвтрофикациялану кезiндегi қайта құру жылдамдығы, тоған суларының табиғи дамуында жиналған көп мәлiметтерде тоғандардың сапалы өзгерiстерiнiң жолдарын көрсетiп қана қоймай процестiң негiзгi функциянальды сипаттамасын көрсетуге мүмкiндiк бередi /2/.

Соңғы жиырма жылдағы зерттеушiлердiң негiзгi мақсаты антропогендi эвтрофикацияланудың негiзгi себептерiн, тоған суларындағы биогендi салмақтың арасындағы тәуелдiлiктi және олардың алғашқы өнiмдiлiгiмен органикалық заттардың интенсивтi деструкциялану нәтижесiнде пайда болатын су қабатындағы оттегiнiң жетiспеушiлiгiнiң себептерiн, тоған суларына биогендi заттардың түсуiнiң шектi мөлшерiн анықтау болып саналады.

Қазiр антропогендi әсерлерге ұшырайтын тоған жүйелерiнiң әрi қарай дамуын болжау және оны қайта қалпына келтiру жолдарын iздеу өзектi мәселе болып саналады.

Судың биологиялық анализiнiң негiзiн XVIII ғасырдың 60-70 жылдары А. Мюллер мен Ф. Кон салып кеттi. Ал XIX ғасырдың соңында Мец тұщы тоған суларының флора мен фауна өкiлдерiне санитарлық және экологиялық сипаттама бердi. Судың санитарлық және биологиялық анализiнiң принципi негiзiнде тоған суларына қалдық лас сулардың құйылуынан бiр қатар гидробионтардың тiршiлiгiнiң жойылуының нәтижесiнде судың әр түрлi ластану деңгейiн сипаттайтын арнайы организмдер бiрлестiгi пайда болуымен аяқталады. 1908-1909 жылдары Кольквитц пен Марссонның сапробты индикатор-организмдердiң тiзiмiн жариялағаннан кейiн судың сапасының санитарлы-биологиялық болжау практикада кең қолдау тапты.

Сапробтылыққа нақты түсiнiктi Ресейдегi санитарлы-гидробиологияның негiзiн салушылар проф. Я. Я. Никитинский мен Г. И. Долгов бердi. “Сапробтылық-берiлген организмнiң әр түрлi органикалық заттардың құрамында, әр түрлi ластану деңгейiне байланысты олардың суда даму қабiлетiнiң физиологиялық қасиетiнiң кешенi”.

Бiрақ Кольквитц пен Марссонның сапробтылық жүйесi бiр қатар кемшiлiктерден тұратын және оны жөндеудi қажет етедi. Авторлар судың ластану деңгейiнiң жүйесiн арнайы бiрлестiкпен емес, басшылық етушi индикатор формалармен сипаттады. Сондықтан сапробты организмдер тiзiмi шамамен 1000 түрден тұрды. Физикалық және химиялық әдiстердi қолдануға қарамастан, гидробионтар табиғи судың сапасының өзгеруiнiң сезiмтал индикаторы болып табылғандықтан, сапробтылық тiзiмiн толық жетiлдiру қосымша зерттеулердi талап еттi /1/.

Г. И. Долгов индикаторлы түрлердiң тiзiмiн қарастыруда организмдердiң ластану аймағына сәйкестiлiгiн iлеспелi формаларға тәуелдiлiгiмен анықтау қажеттiлiгiне сүйенедi. Ол ластану деңгейiн бағалауда негiзгi назарды жеке индикаторлық түрлерге емес, олардың бiрлестiгiне аударды. Бұл оған индикаторлы-организмдердiң тiзiмiн 103 түрге дейiн қысқартуға мүмкiндiк бердi.

“Тiрi индикаторлар шамасының” сезiмталдығын жоғарлату үшiн Чех зерттеушiсi Сладечек индикатор-организмдердiң айырмашылықтарын жасады. Ол сапробты организмдер жүйесiн төрт топқа бөлдi: катаробты (ауыз сулары), лимносапробты (Кольквиц пен Марссон жүйесiне сәйкес), эусапробты (бактериялық бұзылуларға ұшырайтын тұрмыстық және өндiрiстiк қалдық сулар) және транссапробты (ластанулары бактериялық ластануларға әкелмейтiн қалдық сулар) . Сонымен бiрге индикаторлы организмдердiң сезiмталдығын, ластанудың әсерiн организмдердiң тiршiлiгiн жоймастан алдын-ала физиологиялық өзгерiстерiн бақылай отырып жоғарлатуға болады /8/.

Сонымен көптеген зерттеулер нәтижесiнде қазiргi кезде сапробтылық деңгейiн көрсететiн тiзiмi өзгертiлiп, судың тазалығының деңгейiн бағалауда бiрнеше сапробтылық аймақтарға бөледi. Ксеносапробты немесе каторобты аймақ-судың өте тазалығымен сипатталады. Бұл аймақта сапрофиттi микрофлора мен су саңырауқұлақтары кездеспейдi, өте жиi қарапайымдылармен балдырлар кездеседi. Бұл аймақтың сулары өте тұнық және гидробионтардың әсерiнен “гүлдену” құбылысы байқалмайды.

Олигосапробты аймаққа қалдық сулар құйылмайтын барлық табиғи сулар жатады. Бұл аймақта көптеген гидробионттар мен сапрофиттi микрофлора дамиды, судың тұнықтылығы нашарлау. Барлық гидробионттар бiркелкi дамиды, ешқашан бiр түр жалпы дамып “гүлдену” құбылысы байқалмайды.

Мезосапробты аймақта органикалық тектi ластанулар байқалады. Бұл аймаққа жалпы саны 100 мың/мл дейiн жететiн сапрофиттi бактериялардың кешенi тән. Басқа аймақтардан балдыр мен қарапайымдылардың түрлерiнiң әртүрлiлiгiмен ерекшеленедi. Мезосапробты аймақта балдырлардың “гүлденуi” 10-80 млн/мл-ге жетуi мүмкiн. Мезосапробты аймақ өзiнiң бiр қатар айырмашылықтарымен ерекшеленедi. Бұл аймақта гетеротрофты және автотрофты организмдерге жататын бактериялар, көптеген қарапайымдылар, көк жасыл, вольвоксты, эвгленалы, диатомды балдырлар өсiп өнедi, олар гетеротрофты қоректенуден оңай автотрофты қоректенуге өте алады. Бұл аймақтың биоценозы өте төзiмдi олар полисапробты аймақтада кездесуi мүмкiн, бiрақ сандық қатынасы өзгеше болады.

Полисапробты аймақта ластану ерiген органикалық заттардың шамадан тыс көбеюiнен, оттегiнiң жетiспеушiлiгiмен шiрiген иiсiмен, судың тұнықтылығының нашарлығымен ерекшеленедi. Бұнда негiзiнен гетеротрофты бактериялар, қарапайымдылар, эвгленалы, көк жасыл, вольвоксты балдырлар көп кездеседi.

Эвтрофикациялану бойынша әдебиеттердiң көп бөлiгi жалпы фитопланктонның сандық сипатына арналған. Антропогендi эвтрофикацияланудың барлық кезеңiнде фитопланктонда балдырлардың бiр ғана түрi доминантты болып келетiн бiрнеше мысалдар бар (мысалы, Oscillatoria agardhii Jomont Вашингтон көлiнде) . Бiрақ әр түрлi трофиялық тоғандардағы фитопланктонның түрлiк құрамының әр алуандығы ертеден айқын. Судың биогендi заттармен молайтылуының өзгеруiнiң нәтижесiнде фитопланктон түрлерiнiң доминантты болуының негiзi өзгерiсi туралы едәуiр полеолимнологиялық мәлiметтер бар. Эстуейт-Уотер және Билем Тарн көлдерiн зерттеуде Ланд фитопланктонның түрлiк құрамының маңызды өзгерiстерiн бақылады. Қалдық лас су және ауылшаруашылық қалдық суларының құйылуының салдарынан қоректiк заттарға байыған көлдерде балдырлардың кейбiр түрлерiнiң саны жоғарлап ( Asterionella ceratium ), ал кейбiреулерiнiң азайғанын ( Oscillatoria, Dinobryon, Fabellaria ) байқаған. Балдырлардың басқа түрлерi дәл осы кезеңде бiрiншi рет пайда болып, кейiнен жылдық сукцессияда кездесiп отырған ( Stephanodiscus, Aphanizomenon, Anabaena, Microcystis ) . Антропогендi эвтрофикацияға ұшыраған көлдерде судың “гүлденуiн” туғызатын прокариотты көк жасыл балдырлардың түрлерiнiң пайда болуы бүкiл әлемде алаңдату туғызуда. Эвтрофикацияланудың бұндай “сапалы реакциялары” сандық өзгерiстерге қарағанда маңызды практикалық жайларға ұшыратады /8/.

Эвтрофикациялану салдарының көрнектi көрсеткiшi ретiнде экожүйедегi өзiн реттеу процесiнiң бұзылуының және биоценозда бiр немесе бiрнеше кең бейiмделген балдырлардың доминантты орынды алу нәтижесiнде су объектiлерiнiң “гүлдену” процесiн келтiруге болады. Гүлдену кезiнде судың түсi оны әкелетiн организмнiң түсiне, концентрациясына байланысты ашық жасылдан сары жасыл, сарғылт немесе сары, ашық қызылға дейiн өзгередi. Гүлдену кезiнде балдырлардың жеке түрлерiнiң саны тез жоғарлайды. Мысалы, судың қызыл түспен гүлденуi белгiлеген жағдайда негiзiнен пирофиттi балдырлар Gonyaulux poledra (16Ł10 6 кл/л), Gymnodium sp және перидиндi балдырлар Cochlodinium sp (20Ł10 6 кл/л, 30Ł10 6 кл/л), Cxuvilla baltica (80Ł10 6 кл/л) кездеседi. Диатомды балдырлар Sceletonema costatum, Eutreptiella puscheri, Aulacodiscus kittonii var africanus, Pyramimonas cruciata, сонымен бiрге жасыл флагелляттардың дамуының әсерiнен “қызыл тасу” құбылысы белгiленген Су “гүлденуiнде” кең таралған түрi көк жасыл балдырлардың жеке түрлерiнiң көбеюiнiң нәтижесiнде пайда болатын гүлдену. Судың “гүлденуi” пайда болғанда ерекше назарды экожүйеге антропогендi әсердiң салдары ретiнде олардың өзгерген орта жағдайына бейiмделу реакциясының жауабы ретiнде қаралады. Гүлдену кезеңiнде жоғарғы экологиялық төзiмдiлiкке күрделi көп түрлi құрылым түрлерiнiң азайуынан кедейленiп қарапайымдалады.

Көптеген зерттеулердiң нәтижесi бойынша көк жасыл балдырлардың мол “гүлденуiне” нашар ағыс, жоғарғы тұнықтылық, ерiген органикалық заттардың жылжымалы формаларының құрамы, биогендi заттардың көп түсуi және тереңдiге қысқа үлкен иiрiм аудандары қолайлы жағдайлар жасайды.

Көптеген өзендермен көлдерге сәйкес эвтрофикациялану Эри көлiнде ерекше байқалады. 1900 жылға дейiн Эри көлi тазалығымен, жоғарғы балық өнiмдiлiгiмен ерекшелендi. 1950 жылдан 1962 жылдары фитопланктонның бентос құрамы және балықтардың негiзгi түрлерi, судың химиялық құрамы тiптен өзгерiп кеттi. Сонымен бiрге, Cladophora glomerata өсу белсендiлiгi жоғарлап, ортада әсiресе су түбiнде оттегiнiң жетiспеуi бақыланды. Көлдiң биогендi және органикалық заттармен ластануы төменгi қабаттағы оттегiнiң мөлшерiн төмендеуiне әкеледi. Көлдiң орта бөлiгiндегi төменгi қабатында оттегiнiң жетiспеуi 13 т құрды. Көлдердiң артық қоректiк заттармен толуы альгофлора өкiлдерiнiң өсуiн стимулдеп, судың гүлденуiн туғызды/55/. ұқсас жағдайлар АҚШ-тың басқада көлдерiнде Гурон, Онтарио, Канада көлдерiнде, Ресейде Байкал көлiнде және т. б. көлдерде байқалды. Мысалы, олиготрофты Байкал көлiнде фитопланктон жиынтығы 1958-1959 жылдарға қарағанда төрт-бес есе көбейгенi байқалған . Бiрқатар Швейцария көлдерiнде эвтрофикациялану нәтижесiнде көктемнiң бас кезiнен бастап балдырлардың жаппай дамуы жүредi. Алғашында диатомды, кейбiр көк жасыл ( Oscillatoria ) балдырлар, кейiнiрек жасыл балдырлар ( Spirogyra, Ulotrix ) дамиды. Жазғы мерзiмде көп мөлшерде 3 м тереңдiкте кездесетiн тастармен дiңгектерде дамитын жасыл жiп тәрiздi балдырлар ( Cladophora, Rhizoclonium, Microspora, Oedogonium, Mougeatia, Zygnema ) көп мөлшерде дамиды /58/. Ал қыркүйек және қараша айларында Hydrodiction reticulatum жаппай дамиды. Балдырлардың жаппай өлуiнен, органикалық заттардың ыдырауынан ерiген оттегiнiң мөлшерi бiрден төмендеп күкiрттi сутек және органикалық заттардың ыдырауының өнiмдерi металимнион тiптен гиполимнионда пайда болады, бұл су сапасына керi әсерiн тигiзедi /4/.

Биогендi элементтердiң ағысының жоғарлауы нәтижесiнде балдырлардың дамуының интенсификациясы бiрқатар өзендерде белгiлендi. ұқсас құбылыс Молдовия өзендерiнде белгiленген. Ол планктонды, бентосты формалардың көбеюiмен, бiрнеше кезеңде көк жасыл, эвгеналы, вольвоксты балдырлардың жеке түрлерiнiң дамуымен ерекшеленедi. Сондықтан өзендердiң жеке аймақтарында Oscillatoria aghardhii, Anabaena spiroides, Microcystis aeruginosa мөлшерi жазғы-күзгi мерзiмде 1л суда 100 миллион тiптен миллиард клеткаға дейiн жетедi.

Балдырлардың өзiндiк тазалану процесiнде маңызды орынды алатыны белгiлi. Олар фотосинтез процесiнде ортаға оттегiнi бөлiп шығарып, судың оттегiне қанығу деңгейiн және органикалық заттарды минерализациялануын жоғарлатады. Органикалық заттардың жаңадан пайда болуымен байланысты метоболизм процесi үшiн балдырлар судан әртүрлi биогендi элементтердi және ерiген органикалық заттарды жұтып өзiндiк тазалану процесiне әсерiн тигiзедi. Бiрақ балдырлардың өзiндiк тазалану процесiндегi жағымды жақтары айтарлықтай мөлшерде олардың концентрациясы мен белсендi тiршiлiк қабiлетiне байланысты. Балдырлардың бiр түрiнiң жоғарғы концентрацияға дейiн көбеюi және функцианальды деңгейiнiң төмендеуiнде түйiннiң бiрiншi өнiмдiлiгi ретiнде жағымды жақтары жағымсыз жаққа ауысып өзiндiк тазалану факторы өзiндiк ластану немесе биологиялық ластануға ауысады, және экожүйенi қарапайымдатып, олардың экстремальды факторлардың әсерiне төзiмдiлiгiн төмендетедi.

Тоған суларындағы судың “гүлденуi” балық шаруашылығына айтарлықтай әсерiн тигiзедi. Осы мақсатта балық шаруашылық тоғандарына қоректiк көзi ретiнде бағалы протококкалы балдырлардың өсуiн жақсартуға тыңайтқыштар қосады. Ал көк жасыл балдырлардың аз концентрациясының өзi балықтарға зиянды әсерiн тигiзедi. Сондықтан тоған суларында зиянды балдырлардың концентрациясының оптимальды шектен жоғарлауы балық өнiмдiлiгiн төмендетуде, судың сапасының көрсеткiштерiне олардың терiс жақтары доминантты орынды алады. Бұл жағдайда тез температуралық және оттектiк стратификация пайда болып, суда балдырлардың метоболиттерi жиналып балық организмдерiне керi әсерiн тигiзедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балдырлардың формалары жіп тәрізді және талломды
Көкшетау қаласындағы ағынды судың экологиялық жағдайы және оны тазалау жолдары
Қазақстан Республикасының жер ресурстары және пайдалануы
Микробалдырлар
Жасыл балдырлардың биохимиялық құрамын анықтау
Көкшетау қаласының ағынды суларын тазарту жөніндегі имараттарға талдау жүргізу және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру
Су, су экологиясы жөнінде білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктер биотехнологиясы пәні бойынша қысқаша дәрістер мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz