Горизонтальды кабельдік жүйе


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 138 бет
Таңдаулыға:   

Aңдaтпa

Бұл дипломдық жоба Қaзaқстaн Республикaсының Қорғaныс

Министірлігінің әскери бөлімшелеріне жергілікті желілер құруғa aрнaлғaн.

Берілген дипломдық жұмыстa Қaзaқстaн Республикaсы Қорғaныс

Министірлігінің әскери бөлімшелерінің комaндирлері мен қызметкерлері

aрaсындaғы қaрым-қaтынaсты тездету aмaлдaры қaрaстырылғaн. Жергілікті

кaбельдік желіні құрудың жоспaрлары Microsoft Visio қосымшaсы негізінде

қaрaстырылғaн. Cервер және қолдaнушылaр aрaсындaғы бaйлaныс Delphi 7. 0

объектілі-бaғыттaлғaн бaғдaрлaмaлaу тілі ортaсындa құрылғaн.

Дипломдық жұмыста бaғдaрлaмaғa қойылғaн тaлaптaр, оның

функционaлдық тaғaйындaлуы, бaғдaрлaмaлық және логикaлық құрылымның

сипaттaлуы көрсетілген.

Aннотaция

Этот дипломый проект посвященa рaзрaботке локaльных сетей воинской

чaсти Министерство Обороны Республики Кaзaхстaн.

В данной дипломной рaботе были рaссмотрены средства ускорения

связи между комaндирaми и подчиненных воинской чaсти Министерство

Обороны Республики Кaзaхстaн. Плaны построения локaльных

вычислительных сетей рaссмотрены на основе приложений Microsoft Visio.

Связь между пользовaтелем и сервером построенa в среде объектно-

ориентировaнной прогрaмме нa языке Delphi 7. 0.

В дипломной работе приведены зaдaнные требовaния прогрaммы, его

функционaльные нaзнaчения и описaние логической структуры прогрaммы.

В приложений проведен листинг и скриншоты прогрaммы.

Рaзрaботaннaя системa преднaзнaченa для использовaния воинской чaсти

Министерство Обороны Республики Кaзaхстaн.

Annotation

This thesis is dedicated to the development of local area networks for the

military unit Ministry of Defence of the Republic of Kazakhstan.

In this thesis examined a means to accelerate communication between

commanders and its subordinate military unit Ministry of Defence of the Republic

of Kazakhstan. Plan for building local area networks applications in Microsoft

Visio. Communication between the users and the server is built in the area of the

object-orienting the program language Delphi 7. 0.

Explanatory notes are given the requirements of the program, its functional

purpose description of the logical structure of programs.

Мазмұны

Кіріспе

9

1

1. 1

1. 1. 1

1. 1. 2

Жергілікті желілерді тaлдaу

Желілерді құрудың принциптеріне шолу

Жергілікті есептеуіш желілерін (ЖЕЖ) топтaстыру

Топологиялaр технологиясы

10

10

10

10

1. 1. 2. 1 «Шинa» технологиясы

1. 1. 2. 2 «Жұлдызшa» технологиясы

1. 1. 2. 3 «Сaқинa» технологиясы

1. 1. 2. 4 Token Ring технологиясы

12

12

14

15

1. 2

1. 2. 1

1. 2. 2

1. 2. 3

1. 2. 4

1. 2. 5

1. 3

1. 3. 1

1. 3. 2

1. 4

2

2. 1

2. 1. 1

2. 1. 2

2. 1. 3

2. 1. 4

2. 1. 5

2. 1. 6

2. 1. 7

2. 1. 8

2. 1. 9

2. 2

2. 2. 1

2. 3

2. 4

2. 5

2. 5. 1

2. 5. 2

2. 5. 3

2. 5. 4

Құрылымдық кaбельдік жүйе (ҚКЖ)

Құрылымдық кaбельдік жүйе ұғымы

Есулі қос өткізгішті кaбельдер

Оптикaлық-тaлшықты кaбельдер

Сымсыз желілер

Горизонтaльді кaбельдік жүйе

Коммутaциондық құрaлдaр

Телекоммуникaционды шкaф

Коммутaциялық блоктaр

Есептің қойылымы

ҚР Қорғaныс Министірлігінің әскери бөлімшесіне жергілікті

желілер құру

Құрылымдық кaбельдік жүйеге қойылaтын тaлaптaр

Жергілікті есептеуіш желілердің белсенді жaбдықтaу тaлaптaры

Жергілікті есептеуіш желілерді бaсқaру тaлaптaры

Серверлерге қойылaтын тaлaптaр

Желілік опрерaциялық жүйелерге қойылғaн тaлaптaр

Жұмыс стaнциялaрынa қойылғaн тaлaптaр

Резервтік көшіру жүйесінің тaлaптaры

Кешенді желілік бaспa тaлaптaры

Internet рұқсaттaмaсы мен бaғдaрлaмaлық aппaрaттық құрaлдaр

Тaлaптaры

ЖЕЖ-дің негізгі жaбдықтaуының тоқтaусыз қуaттaну жүйесінің

тaлaптaры

Желілік жaбдықтaрды тaңдaу

Құрылымдық кaбельдік жүйе сaнaттaры

Топологияны тaңдaу

Желіні бaсқaру түрін тaңдaу

Толықтырушылaрды тaңдaу

Aктивті желілік құрылғы

Телефондық стaнция

Серверлер

Стример

16

16

17

19

20

21

22

22

23

25

26

26

26

26

27

27

27

28

29

29

29

30

30

31

37

38

38

40

41

41

2. 5. 5

2. 5. 6

2. 5. 7

3

3. 1

3. 2

3. 3

3. 4

4

5

Үзімсіз Қорек Көзі ( ҮҚК )

Пaссивті құрылғылaр

Жүйелердің суу жүйесі

Бағдарламалық қaмтaмaсыздaнуды тaңдaу

Windows 2000 Advanced Server ОЖ негіздеуін тaңдaу

Желілердің техникaлық үлгілерін құру

Желілердің пaйдaлы өткізу қaбілеттілігінің есебі

Желідегі aқпaрaттaрды қорғaу

Еңбекті қорғау және тiршiлiк ету қауіпсіздігі

Экономикалық бөлім

42

42

42

43

43

45

50

51

53

53

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

A қосымшaсы Техникалық тапсырма

Ә қосымшaсы Бағдарламаның листингi

77

78

80

85

КІРІСПЕ

Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі

пайда болады. Компьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан

пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және

ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Бүкіл әлемде бүгінгі күні 150 миллионнан астам компьютер бар. Оның

ішінде 80 пайызы кіші жергілікті желілер, офистарда глобальді желілер әр

түрлі ақпараттық есептеуіш жүйелері-Intеrnet типінде біріктірілген.

Жергілікті есептеуіш желі - ерекше типті желі ретінде көрсетіледі,

жақын орналасқан жүйелерді біріктіреді.

Қазіргі кезде кез келген ұйымдардың жергілікті желісіз қызмет істеуі

мүмкін емес. Біздің ғасыр ақпараттық технологиялар және ғылыми-

техникалық болғандықтан ілгері басуы керек. Мына қиындықтардан тұрады:

- Ақпарат алмасу жылдамдығы

- Қымбат жабдықтар

- Сыртқы құрылғыларды бірге қолдану

- Ақпаратқа рұқсаттама (протокол)

Ақпараттың нәтижелі өңделуі - таралған функциялар, жергілікті

есептеуіш жүйесінде орындалады. Бірақ сандық есептердің көп түрлері бар:

бухгалтерлік және басқарушылық сандардың жиынтығымен істі болады, бірақ

бухгалтерлік есептеулер ерекшеленеді, мысалы, инженерлік есептерден және

құрастырушылардан. Сондықтан есептерді бөлімдерге бөледі - ғылыми,

статистикалық, инженерлік, қаржылық және т. б.

Компьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған,

компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетгі

барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа

құрылғылармен өзара әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе

желілік құрылғылар деп аталады. Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға

жетеді.

Мәлімет алмасу үшін арнайы құралдармен біріккен бірнеше

компьютердің жинытығы. Арнайы құрылғылар келесі элеменнтерден тұрады:

байланыс компьютерлерінен, байланыс каналдарынан. Желі архитеуктурасы

ЭЕМ - құру принциптерін және желі элементтерінің аппараттық және

бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарын анықтайды.

Байланыс линияларынан құралған компьютердің жиынтығы.

Байланыс линиясы желілік адаптермен, кабельдерден және

коммуникациялық құралдардан құралған. Барлық желілік құрал жабдықтар

жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қаптаманың басқарумен жұмыс

істейді.

1 Жергілікті желілерді талдау

1. 1 Желілерді құрудың принциптеріне шолу

Жергілікті есептеуіш желінің (ЖЕЖ) ұғымы: жергілікті желі

коммуникациялы жүйе, компьютерлік қорларды

қолдануға мүмкіндік

береді, желіге қосылғандардың бірі принтерлер, плоттерлер, сканерлер,

дискілер және басқа шеттегі құрылғылар. Жергілікті желіде әдетте бір немесе

бірнеше жақын орналасқан ғимараттарға ғана шек қойылған.

1. 1. 1 Жергілікті есептеуіш желілерін (ЖЕЖ) топтастыру

Есептеуіш желілер белгілердің қатарымен топтастырылады:

1. 1. 2 Топологиялар технологиясы (Желі топологиясы)

Желі топологиясы (ағылш. network topology) - есептеу желісіндегі

машиналардың физикалық конфигурациясы, яғни қандай түйіндер жұбы өзара

байланыса алатынын көрсететін физикалық жалғастыруды (немесе түйіндер

арасындағы логикалық байланысты) бейнелеу; желілер жолдары мен

тораптарын, олардың жол үзындығы, тораптар қуаты төрізді сипаттамаларын

ескермей, жалғастыру қүрылымын зерттейтін қолданбалы ғылым.

Желіге компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді,

принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге қолдану

болып табылады.

Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық

және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен

пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы.

Компьютерлік желілер

-

деп әртүрлі қорларды мысалы

программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай

етіп, бір-бірімен кабельдің көмегімен арқылы қосылған компьютерлер тобын

айтады.

Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін қамтыса,

онда оны жергілікті желі деп атайды.

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше

жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе

желілік адаптер аталатын арнайы қүрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер

компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.

Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің

түрі көбейген сайын өдістері де көбеюде. Әр қосылу - деректер үшін жаңа

маршрут.

Желі топологиясы

-

бүл оның геометриялық пішіні немесе

компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі

топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу өдісін береді.

Қазіргі уақытта компьютерді қолданудың ең маңызды аясы көптеген

қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін

желілерді құру болып табылады. Желілік топологияның келесі түрлері белгілі:

Физикалық - желі түйіндерінің нақты орналасуы мен байланысуын

сипаттайды;

Логикалық - физикалық топология аясындағы сигналдардың жүрісін

сипаттайды;

Ақпараттық - желі бойынша жіберілген ақпарат ағынының бағытын

сипаттайды;

Алмасуды басқару - желінің пайдалануы үшін құқықты жіберу

принципі.

Жергілікті желіде барлық компьютерлер байланыс линиясы арқылы

байланысқан. Желінің түйіндеріне сәйкес және желіге түйіндердің қосылуына

байланысты байланыс линиясының геометриялық орналасуы физикалық

топология деп аталады. Тополоияның түріне байланысты желілерді: шиналық,

сақина, жұлдызша, иерархиялық және өздігінше құрылымды болып жіктеледі.

Физикалық және логикалық топологиялардың түрлері кездеседі.

Желінің логикалық және физикалық топологиялары бір - біріне тәуелсіз.

Физикалық топология - желінің геометриялық құрылуы, ал логикалық

топология желі түйіндеріне жіберілетін мәліметтер ағынының бағытын

анықтайды және мәліметтерді жіберудің әдісін анықтайды.

Қазіргі таңда жергілікті желіде келесі физикалық топологиялар

кездеседі:

- Физикалық «шина» (bus) ;

- Физикалық «жұлдызша» (star) ;

- Физикалық сақина (ring) ;

- Физикалық «жұлдызша» және логикалық «сақина» (Token Ring) .

1. 1. 2. 1 «Шина» технологиясы

Шина топологиясындағы желілер мәліметтерді жіберу үшін сызықты

моноканалды (коаксиальды кабельді) қолданады, олардың соңдарында

аяқтаушы кедергілер орнатылады (терминаторлар) . Әрбір компьютер

коаксиальды кабельге Т - разъемдары арқылы жалғанады (Т - конннектор) .

Желінің түйіндерінен жіберілетін ақпарат шинаның екі жағынан да жіберіледі,

соңғы терминаторларда көрініс табады. Осылайша, ақпарат барлық түйіндерге

келіп түседі, бірақ тағайындалған түйінде ғана қабылданады. Физикалық шина

топологиясындағы сигналдарды жіберу кең көлемді ақпарат тасымалдау

болғандықтан, яғни сигналдар бір уақытта барлық бағыттарда таралатын

болса, онда онда осы желінің логикалық топологиясы «логикалық шина»

болып табылады.

"Шина" тәрізді топология (Топология типа "шина"; bus topology) -

барлық тораптары жалпы бір сызықтық ақпараттық арнаға қосылған

компьютер желісінің архитектурасы.

Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға

немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осы тәсілмен магистральға

басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде

тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының

барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс

станциясы қабылдайды.

1. 1 - сурет. Шина технологиясы

Берілген топология Ethernet (10Base-5 және 10Base-2 кластары

сәйкесінше, жуан және жіңішке коаксиалды кабель үшін) архитектурасы бар

локальды желілерде қолданылады.

Шиналық топология желісінің артықшылықтары:

- Түйіндердің біреуінің жұмыс жасамауы бүкіл жүйенің жұмысына әсер

етпейді;

- Желіні оңай орнатуға және конфигурациялауға болады;

- Жеке түйіндердің бұзылуларына тұрақты.

Шиналық топология желісінің кемшіліктері:

- Кабельдің үзілуі бүкіл жүйенің жұмысына әсер етеді;

- Кабель ұзындығының және жұмыс станция санының шектілігі.

1. 1. 2. 2 «Жұлдызша» технологиясы

“Жұлдызша” типті топология негізінде құрылған желіде, әрбір жұмыс

станциясы концентраторға немесе хабқа (hub) есулі қос өткізгіш кабелі

арқылы байланысады. Концентратор ДК параллельді байланысуын

қамтамасыз етеді және осылайша, желіге қосылған барлық компьютерлер бір

- бірімен байланыса алады.

Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін - желілік сервер болуы

тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның

ерекшелігі - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы

байланысқа әсер етпейді.

1. 2- сурет. «Жұлдызша» технологиясы

Жіберетін станциядан жіберілге ақпарат хаб арқылы байланыс

линиясының барлық ДК - не жіберіледі. Ақпарат барлық жұмыс станциясына

келіп түседі, бірақ ол арналған ғана станция тарапынан қабылданады.

Физикалық жұлдызша топологияда сигналдарды жіберу кең көлемді

болғандықтан, яғни ДК-ден шыққан сигналдар біруақытта барлық бағыттар

бойынша таралатын болса, онда берілген локальды желінің логикалық

топологиясы логикалық шина болып табылады.

Жоғарыда айтылған топология 10Base-T Ethernet архитектуралы

локальды желілерде қолданылады.

Жұлдызша топологиялы желілердің артықшылықтары:

- Жаңа ДК - ді оңай қосуға болады;

- Орталықтандырылған басқарудың мүмкіндігі бар;

- Жеке ДК

-

дің бұзылуларына және жеке ДК

-

дің

байланыстарының үзілулеріне тұрақты болып келеді.

Жұлдызша топологиялы желілердің кемшіліктері:

- Хабтың жұмысының тоқтауы бүкіл желінің жұмысына әсер етеді;

- Кабельдің үлкен көлемді шығыны.

Әдетте жұлдызша активті және пассивті болып бөлінеді.

Активті жұлдызша - желінің ортасында компьютер орналасады, сервер

қызметін атқарады.

Пассивті жұлдызша - желінің ортасында компьютер емес, концентратор

немесе хаб (hub) орналасады, ол репитердікі сияқты қызмет атқарады. Желіге

келіп түскен сигналдарды жаңартады және келесі байлыныс линиясына

жібереді.

Қолданылуы: кең таралған топологияның бірі болып табылады, қызмет

көрсетуі өте қарапайым болып келеді. Виттік жұптар (витая пара)

тасымалдағыштар болып табылатын желілерде қолданылады. UTP 3 немесе 5

категорияларында.

1. 1. 2. 3 «Сақина» технологиясы

Сақина - бұл топология бойынша, әрбір компьютер байланыс линиясы

арқылы тек екі комьютермен байланыса алады: біреуінен ол тек ақпараттарды

қабылдайды, ал екінші біреуіне тек мәліметтерді жібере алады. Әрбір

байланыс линиясында, «жұлдызшадағы» секілді, бір ғана жіберуші және бір

қабылдаушы болады. Бұл сыртқы терминаторларды қолданудан бас тартуға

әкеліп соғады.

·

"Сақина " тәрізді топология (Топология типа "сақина"; ring

topology) - өр торап басқа екі тораппен қосылған және барлық тораптар бірге

сақина қүрайтын желі топологиясы.

«Сақина» топологиялы желілерде барлық түйіндер байланыс каналдары

арқылы үзілмейтін жүзікке байланысқан (дөңлелек болуы шарт емес), олардан

ақпарат жіберіледі. Бір ДК - дің шығысы келесі ДК - дің кірісімен

байланысады. Бір нүктеден жылжуды бастағаннан кейін, мәліметтер, ең

соңында оның бастамасына келіп түседі. Жүзіктегі мәліметтер әрқашанда бір

бағытта бағытталады.

1. 3 - сурет. «Сақина» технологиясы

Қабылдаушы

жұмыс станциясы өздеріне қарай бағытталған

хабарламаны ғана таниды және қабылдайды. Берілген желінің логикалық

топологиясы - логикалық жүзік болып табылады.

Берілген желінің артықшылығы:

- Орнатылуының жеңілдігі;

- Қосымша құрылғыларды дерлік қолданылмайды;

- Желіні жүктегеннен бастап жұмыстың тұрақты жылдамдығын

төмендетпей жүргізілуі, маркерді

қолдану

колизияның пайда

болмауын қадағалайды.

Кемшіліктері:

- Саптан бір жұмыс станциясының шығуы және басқа да келеңсіздіктер

(кабельдің үзілуі), бүкіл желінің жұмыс қабілетіне әсер етеді.

- Қалыпқа келтірілуінің және конфигурациясының қиындығы;

- Келеңсіздікті табудың қиындығы.

Қолданылуы: опто - волоконды желілерде кеңінен қолданыс тапқан.

FDDI, Token ring стандарттарында қолданылады.

Ереже бойынша, «Сақина» топологиясы өзінің сенімсіздігіне

байланысты қолданылмайды, сондықтан да, тәжірибе жүзінде сақиналық

топологияның модификациялары қолданылады.

1. 1. 2. 4 Token Ring технологиясы

Бұл топология «жұлдызша типті байланысқан физикалық жұлдызша»

топологиясына негізделген. Берілген топологияда барлық жұмыс станциясы

орталық концентраторға (Token Ring) қосылған,

физикалық жұлдыз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылымдық кәбілдік жүйесін жобалау принцинтеріне шолу және талдау жасау
Бүйірден жарқырау кабелі
Практика бойынша есеп беру
Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша өндірістік тәжірибе есебі
Қазіргі байланысты ұйымдастыруды талдау
Антенна фидерлік құрылғылары
Орал қаласы аумағына жалпы сипаттама. Орал қаласының MetroEthernet желісі
Байланыс анықтылығын есептеу
Құрылымдық кәбілдік жүйеге шолу
Абсорбциялау қондырғысын автоматтандыру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz