Сиырларда жатыр инволюциясының ұзақтығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

Акушерлік және хирургия кафедрасы

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы : СИЫРДЫҢ ТУҒАННАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАТОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Беттер саны 55

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны 25

Қосымшалар 2

Орындаған: 051201-Ветеринариялық медицина мамандығының 501топ студенті ӨЗБЕКОВА ГҮЛЖАН

2007 ж. «» қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі доцент Жоланов М. Н.

(қолы)

Жетекші : доцент Жоланов М. Н.

(қолы)

аға оқытушы Қойбағаров Қ. У.

Арнайы тарау кеңесшілері:

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Рецензент

(қолы) (аты-жөні)

Алматы, 2007 ж.

МАЗМҰНЫ

беттер

КІРІСПЕ . . .
3
: 1.
КІРІСПЕ . . .: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .
3: 6
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Төлдегенннен кейін жатырдағы болатын инволюциялық үрдістердің сипаты . . .
3: 6
: 2.
КІРІСПЕ . . .: ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ . . .
3: 13
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Сиырлардың жыныс органдарының инволюциясының ұзақтығы және клиникалық көрністері . . .
3: 13
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Материалдар және зерттеу әдістері . . .
3: 13
: 2. 3
КІРІСПЕ . . .: Шаруашылыққа қысқаша сипаттама . . .
3: 14
: 2. 4
КІРІСПЕ . . .: Зерттеу нәтижелері . . .
3: 17
: 2. 5
КІРІСПЕ . . .: Қорытынды . . .
3: 30
: 3.
КІРІСПЕ . . .: Жатыр инволюциясына әсер ететін кейбір фармакологиялық дәрі-дәрмектер . . .
3: 32
: 3. 1
КІРІСПЕ . . .: Зерттеу әдістері мен материалдары . . .
3: 32
: 3. 2
КІРІСПЕ . . .: Зерттеу нәтижелері . . .
3: 33
: 3. 3
КІРІСПЕ . . .: Қорытындылар . . .
3: 35
: 3. 4
КІРІСПЕ . . .: Өзіндік зерттеулер нәтижесін талдау . . .
3: 36
: 4.
КІРІСПЕ . . .: ЕҢбЕКТІ ҚОРҒАУ . . .
3: 43
: 5.
КІРІСПЕ . . .: ТҰЖЫРЫМ . . .
3: 47
: 6.
КІРІСПЕ . . .: ШАРУАШЫЛЫҚҚА ҰСЫНЫСТАР . . .
3: 48
: 7.
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 49
: 8.
КІРІСПЕ . . .:

ҚОСЫМША 1 . . .

ҚОСЫМША 2 . . .

3:

53

55

КІРІСПЕ

Тақырыптың маңыздылығы: Ірі қара малының бедеулігін жаппай жою, малшаруашылығы өндірісінің қорларын әрі қарай ұлғайту болып табылады.

Аса бағалы жануарларды қолдану уақытының қысқаруы, сүт өнімділігінің төмендеуі, сиырдың төлдеуінің 20-40%-ға азаюы шаруашылыққа үлкен экономикалық шығын әкеледі.

Мал шаруашылығында өндірістік технологияларды неғұрлым кеңінен енгізген сайын, малдың шаруашылықты пайдалану мерзімі соғұрлым қысқара береді екен, біз оның генетикалық мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды екенбіз. Мысалы ретінде айта кетсек 4 кг және одан да көп сүт беретін, өнімділігі жоғары сиырлар машинамен сауғанда 1-3 лактацияға ғана жетеді, ал сиырдың сүтінің мөлшерінің көбейетін уақыты физиологиялық тұрғыдан қарағанда 4-6 лактацияда болатыны белгілі.

Ұрғашы мал жыл сайын уақыты келгенде төлдеп, көбейіп жатады. Дегенмен де көпшілік шаруашылықтарда бедеулік немесе аз төлділік көптеп кездеседі. әсіресе ірі қара шаруашылықтарында осы мәселе басты орын алады. Шаруашылықтардағы 35-40 % мал басы, яғни туу жасындағы мал төл бере алмайды.

Мал шаруашылығндағы бедеуліктен келетін экономикалық шығын барлық жұқпалы және жұқпайтын аурулардан келетін шығынды қосқандағыдан асып түседі екен.

  • алынбаған төл, ет және сүттан;
  • ауру малды емдеуге және күтіп-бағуға кеткен қаражаттан,
  • ауру малды азықтандыруға және оны күтуші, емдеуші дәрігерге кеткен шығын.

Бедеулік әрине жыныстық аппататтың аурулары салдарынан туындайды. Олар тек жыныстық органдарды зақымданып қана қоймай бүкіл организмге әсерін тигізеді. Соның салдарынан сүт өнімділік, төл беру қабілеті төмендейді.

Малдың бір орнында, серуенсіз байланып көп тұруы мал басының көп шоғырлануы, азықтандыру процессінің физиологиялық жағдайымен үйлеспеуі көптеген акушерлік-гинекологиялық ауруларға шалдығуына әкеп соғады да, ақырында мал қысыр қалады.

Малдың бедеулігі мен қысыр қалуымен күрес үздіксіз, жан-жақты және кешенді жыл бойы жүргізілетін жұмыс.

Сиырдың бедеулігімен нәтижелі күресу және өнімділігін арттыру үшін ұрғашы мал организмінде туғаннан кейінгі кезең ұзақтығы мен туғаннан кейінгі жыныс мүшелерінің қайта қалпына келу кезінде болатын процестерді анық білу керек.

Туғаннан кейінгі кезең физиологиясы және патологиясы туралы көптеген еңбектердің көптігіне қарамастан, туғаннан кейін сиырдың жыныс аппараттарының қалпына келу ұзақтығы 3-7 апта аралығында өзгеріп отырады.

Бұзаулаған сиырларды алғашқы айларда ұрықтандыру тиімді, яғни сонда бедеу күндер саны азаяды, өнімділігі көбейеді. Бірақ бұл кезде сиырлардың көпшілігі әр түрлі гинекологиялық аурулармен, яғни вулво-вагиниттер, эндометриттер және жұмырқалықтың ауруларымен ауырғандықтан уақытында күйлемейді, күйлегендерін ұрықтандырғанымен олар тоқтамайды. Сондықтан акушерлік-гинекологиялық ауруларды дұрыс емдеу және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру бүгінгі таңда малдәрігерінің алдында тұрған неігзі үлкен міндет.

Ғылыми жетістіктермен озат тәжірибені ұтымды пайдалануды құнажындардан 18 айлығында, әрбір сиырдан 315 күн сайын бұзау алып отыруға болады. Сонда шаруашылық бойынша 100 аналық басқа шаққанда келетін бұзау саны 105-110-ға жетеді. Ол үшін өсіп-өну жұмысына немқұрайды қарамай, әрбір сиырды жеке (сауу, суалту, тууға дайындау, туғызу, туғаннан кейінгі кезеңін бақылау, уақытында ұрықтандыру, буаздығын бақылау) қадағалап жоспарлы түрде күнделікті жүргізіп отыру керек.

Туғаннан кейін жыныс органдарының инволюциясын, табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, азықтандырылуын, бағып-күтілу жағдайының физиологиялық процестерін әрі қарай терең және жан-жақты зерттеу, сиырлардың өнімділігін жоғарылатудың теориялық және практикалық маңызы бар.

Зерттеу кезінде алға қойылған мақсат. Осы жұмыстың басты мақсаты организмде және жыныс мүшелерінде туғаннан кейінгі инволюция кезінде болатын физиологиялық процестерді зерттеу, осының негізінде сиырлар төлдегеннен кейін жыныс мүшелерінің қызметін қайта қалпына келтіруге қатысты тиімді әдістер тауып шығару. Осы мәселені шешу үшін келесі мақсаттар қойылған.

  1. Алматы облысындағы шаруашылықтар жағдайында сиырдың жыныстық мүшелерінің инволюциясының ұзақтығы және клиникалық көрінісін зерттеу.
  2. Сиыр төлдегеннен кейін жыныстық мүшелерінің инволюциясы мерзіміне кейбір фармакологиялық заттардың әсерін сынау.
  3. Сиырлардың жыныстық мүшелерінің туғаннан кейінгі патологияларының алдын алу шараларын ойластырып, өндіріске ұсыну.

I. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

  1. Төлдегеннен кейін жатырдағы болатын инволюциялық үрдістердің сипаты

Ірі қара малының өсіп-өнуін тездету үшін, сиырлар төлдегеннен кейін уақытылы шағылыстыру және ұрықтандыру, оның өнімділігін арттыруда зор маңызы бар. Ғылым саласындағы болсын, мал шаруашылығы мамандарының аса қызығушылық танытуы сиырлар төлдегеннен кейінгі мерзіміне сай шағылыстыру мен жыныс мүшелерінің қалпына келу уақыты аса маңызды мәселелердің бірі.

Шуы түскеннен кейін ағза, жаңа күйге ауысады. Бұл кезеңде ұрғашы мал ағзасында буаздыққа дейінгі сияқты кейбір мүшелерде, көптеген жүйелерде қайта өзгерістер жүреді.

Туғаннан кейінгі кезең, малдың келешек өміріне, өнімділігіне, көбею қабілетіне әсері зор (Андросюк А. С. 1972, Денисов А., Авдеев Е. 1976) . Жыныс сферасында маңызды өзгеріс-инволюция процессі болады. Инволюция дегеніміз мал төлдегеннен кейін жатырдың белгілі уақыт аралығында буаз емес кездегі қалпына қайта келуі.

Буаздық кезінде жыныс жүйесі, ерекше өзгеріске ұшырайды, бұл өзгерістер төлдің дамуына қажетті түрлі бейімделулерге байланысты. Төл дами келе, одан импульстер шығып, жатыр салмағы мен өлшемін үлкейтіп, терең өзгерістер енгізеді.

Буаздықтың 9-шы айында төл орнының, яғни жатыр мүйізінің үлкен қисығының ұзындығы орташа 192 см, ал төлдегеннен кейінгі бұл ұзындық 56, 5 см болады (Вебер Э. 1995, Джуланов М. Н. 2000, Кедров В. К. ) Загурская Д., Задорновская А. Ф. мәліметтері бойынша, жатырдың құрамындағы, тек өзінің таза салмағы алғашқы айында 0, 91 кг болса, бұл көрсеткіш тоғызыншы айында 8, 62 кг дейін үлкейеді.

Буаздықтың дамуымен аналық плацентаның үлкеюі жүреді. Атап айтқанда барлық карункулалардың салмағы буаздықтың тоғызыншы айында 100-106 гр-ға дейін жетеді (Бочаров И. А., Поздняков П. М., Қасымов Қ. Т. 1986) . Плацента алғашқы мүше ретінде кешенді түрде ағзадағы жүйелердің орнын басып, жетілген ағзада зат алмасу процессіне тікелей қатысады. Жатырдың кілегейлі және етті қабаттарында, карункулаларда, кателидондарда зат алмасу процессінің деңгейінің өзгергені байқалады (Балашов Н. Г. 1992) .

Вайнтрадба А. М., Зверева Г. В., Крок Г. С. анықтағандай, буаздықтың үшінші айында бүйірінің жоғарылауы, ал 4-5 айлықта бұл үрдістердің қарқынды төмендеп, туу алдында минимальды көрсеткіштерге дейін жетеді.

Төл туылғаннан кейін жатырда болатын анатомиялық, морфологиялық және функционалдық өзгерістер қажет болмаған соң, жатыр туғаннан кейінгі кезеңге, қайта қалпына келуге (инволюция) мәжбүр болады.

Жатырдың кішіреюі-жатырдың етті торшаларының қысқаруына байланысты. Егер туғаннан кейін 24 сағат ішінде бұлшық ет талшықтарының ұзындығы 750 ден 400 микронға дейін қысқарса, 14 күн өткенде ол қалыпты көлеміне дейін жетеді (Ботановский А., Мыңғазова Ғ. А. 1982. )

Жатырдың көлденең және циркулярлы қабаттарының бұлшық еттік торшаларының бірдей қысқаруы нәтижесінде сірлі қабықтың қабатталып, қабырғасының қалыңдауына әкеп соғады.

Туғаннан кейін жатырдың кішіреюі нәтижесінде жатырдың қысқарғандығының соншалықтығы қабырғалары бір-біріне жабысып, өзіндік көрінісі жоғалады (Жүкенов Д. Ө., Лазаренко Ф. М. 1995) .

Заянчковский И. Ф. (1984) байқауы бойынша, жатырдың қысқаруы төлдегеннен 5 күннен кейін тоқтайды, ал ректальды тексергеннен кейін 48-60 сағатттан кейін байқай алмаймыз.

Сенн В. (2004) бойынша, туғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты өтуінде жатырдың кішіреюі бір қалыпты, орташа сағатына 14 сағат. Саны біртіндеп азая отырып, туғаннан кейін 42 сағатта жатыр кішіреюі сағатына 1-ден кем болады. 48 сағат өткеннен кейін жатыр кішіреюі байқалмайды, бірақ тонусының жиірек өзгерісі аталады.

Қалтаев Ш. Қ. (2000) төлдегеннен кейін алғашқы 6 сағатта бақылаудағы 12 сиырдың жатырының күшті жиырылуын байқаған. Төл шыққаннан кейін 48 сағат өткен соң көп сиырлардың жатырларының кішіреюі тоқтап, 84-ші сағатта кішірею бірде-бір сиырда болмады.

Стоянов С. С. (2002) төлдегеннен кейін 5-ші тәулікте жатырдың қатты кішіреюін атап өткен. Заянчковский И. Ф. (1984) төлдегеннен кейін 4-ші күннен 8 күнге дейін төл орнының мүйіздерінің қысқаруы жиі емес екендігі туралы жазады.

Молдагалиев Т. М. (1993) плацента ажырағаннан кейін жатыр кішіреюі алғашқы күні әрбір 3 минут сайын болатынын атап өткен. Келесі 3-4 күндері кішіреюі әр 8-12 минутта 1 рет байқалады.

Рубцова В. И. (2002) мәліметтері бойынша, төлдің туылғаннан кейін жатырдың кішіреюі байлауда тұрғанда 12-30 минут кейін, ал жайылымдық күйде 8-12 минуттан кейін байқалады.

Шу түскеннен кейін алғашқы сағаттарында жатырдың кішіреюі қатты өсіп, ал төртінші бесінші күндері біртіндеп азаяды.

М. Н. Жоланов және Г. В. Зверева (2001) анықтағандай, туғаннан кейін алғашқы күндері және 2-ші күні жатырдың биоэлектрлік белсенділігі артып, ал 3-ші, әсіресе 4-8 күндері жатырдың белсенділігі төмендейді. Автордың атап өтуінше, жатырдың биоэлектрлік белсенділігі буаздықтың соңы мен туу кезінде жоғары болса, туу оңай болып, шуы тез түседі.

Жатырдың кішіреюі мен қатар, оның мойнының қысқаруы қатар жүреді. Қарқынды қысқару туғаннан кейінгі 3-4 күнде болады. Егер төлдегеннен кейін жатыр мойнының диаметрі 190-200 мм, ал 1-тәуліктен кейін 125 мм, 2-күннен кейін 85 мм, 3-күннен кейін 65 мм және 4-күннен кейін 38 мм болады. Сонымен қатар, жатыр мойнының өзегінің ішкі тесігінің қысқаруы сыртқыға қарағанда 2-3 есе тез жүреді.

В. Д. Михалков (2000) және М. Н. Жолановтың (2001) экспериментальды зерттеуі көрсеткендей, туғаннан кейінгі кезеңде жатыр мойнының өзегі ашық, қол емін-еркін кіріп тұрады. 3-4 күн өте ол өте тарылып, тек 4 саусақ сияды, ал бір аптадан кейін бір саусақты қиыншылықпен салуға болады.

Автордың мәліметтері бойынша, туғаннан кейін алғашқы 3 күнде жатыр мойнының қынаптық бөлігі пішінсіз, қисық, ұшталған шеттері бар, қамырдың консистенциясына ұқсайды. 7-8 күн өткен соң пішіні қалыптасып, шеттерінің ұшталуы жоғалып, консистенциясы қатты болады. Жатыр мойнының қынаптық бөлігінің пішінінің біржолата қалпына келуі туғаннан кейін 10-15 күннен кейін болады.

Жатыр мойнының қысқаруы мен жабылуы жатыр мен бүкіл ағзаның жағдайына байланысты. Нежданов А. Г. (1998) туғаннан кейінгі жатыр мойнының инволюциясын зерттей отырып, бұл үрдістің малдың жасына, қоңдылығына жағдайына және т. б. себептерге байланысты екенін анықтаған. Жайылымдағы малдың жатыр инвалюциясы 12 күнде бітсе, ал байлаулы тұрған малда 17 күнге созылады.

Жыныс мүшелерінің инвалюциясын тек қана жатыр мойны мен жатырдың кішіреюі ғана емес, бірқатар сапалы өзгерістердің болуымен де сипатталады. Олардың негізгі дистрофия, сорылу немесе кейде жыныс аппаратының ұлпалық құрылысының сәйкессіздігінен жаңаларының түзілуімен бейнеленеді.

Төлдегеннен кейін келесі күндері жатырдың кішіреюі біткенде, қан тамырларында өзгерістер байқалады. Бұлшықеттердің белсенді ретракциясы нәтижесінде, жатырдың артериялық тамырларының тарылуы және көптеген кішкентай және орташа артериялар босап, толығымен бітеледі. Қан тамырларының ет торшаларында майлану дистрофиясы байқалады.

Жатырдың еттерінің созылмалы қысқаруы анемия тудырады, май тамшылары пайда болған мүше торшаларында елеулі өзгерістер болады, сондай-ақ гликоген кездеседі. Пайда болған өнімдер, соның ішінде гликоген үлесінің қан тамырларына сіңіріліп, бүкіл ағзаға әсер ететін қосымша қоректік зат болады.

Э. К. Ибрагимов пен Г. С. Крок бойынша, туғаннан кейін алғашқы екі күнде сиыр жатырында көп сұйықтық болады (1400-1600 мл) . Құрамында торшалар, қан, басқа сұйықтық 500 мл, ал 14 күннен соң бірнеше мл ғана қалады.

Төлдегеннен кейін алғашқы екі күнінде сары түсті лохийлар, сарғыш қоңыр түсті бау секілді жыныстық органдардан бөлініп тұрады. 3-5 күн барысында бұлыңғыр немесе сарғыш түсті болып қалады. Төлдегеннен 4-6 күнде сұйықтық мөлшері азаяды, кейде мүлдем болмай қалады. Кейіннен лохийлар жатқан кезінде және 6-7 күнінде қоңыр түсті болады. 13-17 күннен бастап ақшыл түске ауысады, туу кезеңінен кейін мөлдір түсті болады.

И. Ф. Заянчковскийдің анықтауы бойынша, туғаннан кейінгі кезең жыныстық органдардан қанды сұйықтық ағады, тәулік соңына қызғылт түске айналады, консистенциясы қоюланып, созылып тұрады. Келесі екі күнде жыныс мүшелерінен аз мөлшерде қою, жабысқақ ақшыл-сары түсті сұйықтық бөлінеді. 3-4 күннен бастап төлдегеннен кейін қою, иіссіз лохийлар бөлінеді, мөлшері 7-8 күнде көбейеді.

Sommor (2000) көрсетуі бойынша, туғаннан кейін жатыр салмағынан 1/3 бөлігін жоғалтады, 5 күннен кейін 2/3 бөлігін, ал 14 күннен кейін 600г салмақта болады. Cier және Marian (2002) төлдегеннен кейін жатыр 9 кг болатынын анықтаған, 30-шы күнде-1 кг, 56-күнде-0, 75 кг болады.

Буаздықтан кейін жыныс органдары гипертрофияланған болады және тумаған жануар жыныс мүшелерінің көлемінен үлкен болады. Мысалы, туған және тумаған сиыр жатыр салмағының қатынасы 220:576 немесе 1:2, 5 [38]

К. Ф. Сбоев (2004), құнажындарда жатыр 200-300 г болады, ал инволюциядан кейін жатыр салмағы 520-576 г болады.

Casidi және Venzke (1936) клиникалық зерттеулері Вискансии сипатында өткен. Олар 50 голштин сиырларында тәжірибе жүргізген. Мұнда жатырдың толық инволюциясы орташа туғаннан кейін 26, 2 күнде болады деген. Инволюцияда жатырдың өз орнына келуі, екі мүйіздің бірдей көлемде болуы байқалады.

В. К. Кедров, (2002) бойынша, туғаннан кейінгі және толық инволюция арасындағы уақыты 13-54 күн аралығында, орташа ол 23, 13±0, 56 күнге тең. Көп сиырларда (65, 7%) жатыр қалыпты жағдайда орналасуы және көлемі қалыпты жағдайға 16-25 күнде түседі.

А. С. Баженов (1962) шалғай Солтүстік зонасында 118 сиырдың туғаннан кейінгі кезеңін зерттеді. Оның зерттеуі бойынша, жатыр 15-28 күн ішінде қалпына келеді.

Macdoel (2004) деректері бойынша, сиыр жатырындағы инволюциялық процесстер туғаннан кейін орташа есеппен 27, 5 күннен кейін бітеді. [48, 32] зерттеулерінде, жатыр инволюциясының ұзақтығы 17, 5-43, 5 күн арасында, орташа есеппен 29, 09 күн болды.

А. С. Авдиeнко (2001) бойынша Сібір шарттарында қара-сары тұқымды сиырлар жатырының инволюциялық процессі 28, 9±1, 19 күнге созылды. Оңтүстік Оралдың дала зонасында жатыр инволюциясы 27, 2+1, 71 қорадағы кезінде, ал жайылымда 19, 96±1, 48 күнде бітеді.

Кейбір авторлардың зерттеулері, жыныстық органдардың толық инволюциясына көбіне сиыр жатырының инволюциясына 30 күннен аса уақыт кететінін көрсетеді. Сондай-ақ, зерттеулер, инволюциялық үрдістер төлдегеннен кейін 43, 7 күнде бітетінін көрсетті.

Сиырдың жыныс органдарының қайта қалпына келу процессінің ұзақтығы мен қарқындылығы көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде: азықтандыру, күту, буаз кезіндегі және төлдегеннен кейінгі эксплуатация, т. б. әсер етеді.

Жыныстық органдарының қалпына келуі жайылым кезеңінде интесивті және тез өтеді, қорадағы кезеңінде баяу өтеді. А. Ф. Задорновская (1953) 78 сиырда зерттеу жүргізіп, жатырдың клиникалық инволюциясы (қорадағы кезеңде) 23-26 күнде бітетінін көрсетті.

Кедров В. К. (1998) қыс-көктем кезінде жатыр инволюциясы 15-20 күнде сиырлардың 26% ғана бітетінін, 25 күнде-58% сиырда, ал жайылымда 94%-82% сиырларда бітетінін байқады.

Қорадағы кезеңде қойылатын белсенді серуен жыныс органдарының тезірек инволюциясына әсер етеді. Белсенді серуен қолданған сиырларда инволюция орташа туғаннан кейін 24 күнде біткен, ал қоршауда болған сиырларда туғаннан кейін 70 күнде біткен .

Жыл бойы қорада тұратын жанауарлар шаруашылығында, серуен жақсы ұйымдастырылмаса жыныс органдарындағы инволюциялық процесстері қысқы айларда ғана баяуламай, сондай-ақ жазғы айларда да баяулайды.

Төлдеуден кейін жатырдағы қайта қалпына келу процесстердің ұзақтығына басқа да жағдайлар әсер етеді. Оларға: малдың жасы, туу барысының сипаты және тағы басқалар.

Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, сиырлардың жыныс мүшелерінің қайта қалпына келу процессінің ұзақтығына күйіттеуші бұқа немесе бұқамен бірге жүруі оң әсер етеді. Осылайша, Қалтаев Ш. Қ (2001) бақылауы бойынша, күйіттеуші бұқамен қатынаста болған сиырлардың жатырының туғаннан кейінгі қалыпты жағдайға 17-18 күннен кейін, ал бақылаудағы малдардың жатыры туғаннан кейін 25-35 күнде қайта қалпына келген.

Э. Л. Горев (1998) бойынша, сиырларды бұқамен бірге ұстағанда жатыр инволюциясы туғаннан кейін орташа есеппен 24 күнде, ал бақылаудағы топта 34, 8 күннен кейін бітеді. Жатырдың туғаннан кейінгі инволюция процессі кезінде сыртқы жыныс мүшелерінен де (қынап, жыныс ернеулері) белгілі өзгерістер байқалады. Жамбас сүйегі, олармен байланысты байламдар және бұлшықеттер, бұлар туар алдында төлдің туу жолдарынан қолайлы өту үшін өзгерген.

2. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2. 1 Сиырлардың жыныс органдары инволюциясының ұзақтығы және клиникалық көрінісі

2. 2 Материал және зерттеу әдістері

Зерттеу жұмыстары 2006-2007 жылы Алматы облысы, Талғар ауданының «Алматы» АЗ АШӨК-не қарасты, алатау тұқымды сиырларда жүргізілді. Тәжірибе жүргізу үшін материал ретінде тірі салмағы 400-500 кг, 3-14 жас аралығындағы 101 бас алатау тұқымды сиырлар пайдаланылды.

Сиырлар автоматтандырылған суару және механикалық сауын қондырғыларымен жабдықталған 4 қатарлық типтік сиыр қорада ұсталады (1 - сурет) .

1 сурет. Сиырларды типтік қорада ұстау

Тәжірибе жүргізілген уақыт аралығында сиырлар шаруашылықтағы бекітілген азық мөлшері мен рационмен азықтандырылды. Онда рацион құрамы жүгері, сүрлемінен, жоңышқа, шөп, концентрленген азық пен жалайтын тұздан құралды.

Туғаннан кейінгі кезеңнің өтуін 8-10 күннен бастап күнделікті олардың сарпайынан бөлінген сұйық тоқтағанша, әр апта сайын оларды тік ішек және қынап арқылы жатырдың инволюциясы болғанша зерттеп, бақылап, әрі қарай жыныстық циклдің қозу сатысы байқалғанша бақылап отырдық. Қынап арқылы зерттегенде жатыр мойнының қынаптық бөлігінің кілегейлі қабатының жағдайына (түсі, ісінуі, орналасуы)

2 сурет. Жатырдан бөлінген сұйық (лохий )

және жатыр мойнынан бөлінген шырыштың сипатына (түсі, иісі, консистенциясы және т. б. ) ерекше назар аудардық (2- сурет) .

Тік ішек арқылы зерттегенде жатыр тармақтарының анатомиялық-топографиялық орналасуына, тығыздығына, көлеміне және тонусына, сондай-ақ жатыр тармақтарының серозды қабатының жағдайына көңіл бөлдік.

2. 3 Шаруашылыққа қысқаша сипаттама

АШӨК “Алматы” АЗ № 2 сүт тауарлы фермасы Алматы облысы, Талғар ауданында, Іле Алатауының етегінде орналасқан. Шаруашылық территоиясы географиялық жағынан алғанда Алатаудың етегінде оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келген жазықтықта орналасқан. Сүт өндіру кешенінде барлығы 680 бас сауын сиыр бар. Сиырлар жыл бойы қорада байлап бағылады, сауым аралықтарында төбесі жабылған, ашық қораларда күнделікті серуенге шығып тұрады. Сиырларды сауу механикаландырылған, күніне 3 рет сауылады. Суалған сиырлар белсенді серуенге шығарылмайды.

Қыстың күндері сиырлар рационын 20 кг жүгері сүрлемі, 10 кг азық қызылшасы, 4 кг шөп, 8 кг жоңышқа сүрлемі, 7 кг концентрленген азық, 100 г монокальций фосфаты, 100 г аз тұзы құқрайды.

Жазғы рацион 45 кг жүгері сабағы, 20 кг азық қызылшасы 90 г монокальций фосфаты, 130 г ас тұзы, 7 кг концентрленген азықтан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шудың түспей қалуының алдын алу және емдеу
Туғаннан кейінгі эндометриттің таралуы
Сиырдың жатырының субинволюциясын анықтау әдістері
Жатырдың субинволюциясының диагнозы және болжау
Жұмыстың тақырыбы Жатырдың субинволюциясы
Герефорд сиырының жыныстық циклдары
Туғаннан кейінгі асқынулардың алдың алу
Орта жастағы психикалық даму
Жыныстық цикл синхронды немесе асинхронды
Ветеренария - емтихан сұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz