Қаржы жүйесі және қаржы механизімі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы және Қаржы ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6

1. 1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны . . . 6

1. 1. 1 Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің сыныптамасы . . . 8

1. 1. 2 Негізгі ұйымдық - құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері . . . 9

1. 2. Қаржы жүйесінің ұғымы, оның мәні мен қажеттігі . . . 11

1. 2. 1. Қаржы жүйесi және оның ұйымдастырудың қағидаттары . . . 17

1. 3. Қаржы жүйесінің субъектілері ретіндегі кәсіпорынның қаржы ресустарының қалыптасуы . . . 25

1. 3. 1. Қаржы жүйесі және қаржы механизімі . . . 33

  1. Қаржы жүйесінің формалары және қаржылық құжаттар . . . 42

2 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ . . . 52

2. 1 Шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайдың мәні

және талдаудың әдісі . . . 52

2. 2 Шаруашылық субъектілерінің төлем жүйесін талдау . . . 62

3 Қаржы ЖҮЙЕСІ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫ, ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ӨТІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қаржы жүйесі субъектілерінің қаржылық жағдайын

сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі одан әрі жетілдіру . . . 67

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 89

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 91

КIРIСПЕ

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.

Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті. [1] .

Бұдан туындайтын талаптар мен мiндеттердi абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негiзiнде елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлi жақсарту болып табылады.

Республикамызда кеңес Үкiметi дәуiрiнде мемлекеттiк кәсiпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендiрiлiп, олардың орнына жеке меншiкке негiзделген шаруашылық субъектiлерi ұйымдастырылды. Қазiргi кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндiрiс орындары, отандық және шет елдiк кәсiпорындар, акционерлiк қоғамдар ашылып, жұмыс iстеуде.

Елiмiздiң экономикасын қайта түлетiп, әлеуметтiк-экономикалық әлеуеттi еселей дамытуда кәсiпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсiпкердiң, алатын орны ерекше. Отандық кәсiпкер қазiрдiң өзiнде тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын терудi қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетiмiздiң iргесiн нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.

Қазiргi жағдайда кәсiпкер нақты нәтиже қалыптастырудың әр түрлi әдiстерiн бiлiп, кәсiпорында қабылдаған қаржылық стратегияны iс жүзiнде асыруды қамтамасыз саясатты таңдап алып, соны басшылыққа алуы керек, яғни оның қызметiнiң аясы жай есепшiлiктен қаржы жағдайын жоспарлау iсiне өтiп, қаржы менеджментiне дейiн өсiп, айтарлықтай кеңеюi қажет.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесi мен өзгеше iс - әрекеттi талап етедi. Ол зауыт қоймалары мен ашық аландарда, материалдар мен шикiзаттың қисапсыз қорларының көгерiп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенiң доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсiпорын мүлкiне салынған әрбiр теңге жаңа табыс әкелу үшiн осы қорларды қозғалысқа келтiредi. Жасанды көрсеткiш пен жоспар үшiн жұмыс iстеу келмеске кетедi.

Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсiпорындардың шаруашылықты жүргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып, олардың көптеген өндiрiстiк және қажылық мәселелердi өз бетiнше шешуiне мол мүмкiндiк ашты. Атап айқанда, iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi әрiптестердi тандауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс - әрекеттiң тиiмдiлiгi көбiнесе осыған байланысты боглады. Олардың өздерiне iскер серiктердi қаншалықты дәл және қатесiз тандауымен нарықтық қатынастар негiзiнде мүмкiндiгiнше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиiмдiлiгi әр түрлi болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргiзушi субьектiлердiң қызметiнiң жетiстiктерi басқару деңгейiне, қабылданатын шешiмдердiң стратегиялық бағыттарына, нақтылығына, шұғылдығы мен ғылыми негiзделуiне тiкелей тәуелдi. үйлесiмдi шешiмдердiң қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдаланып, елiмiздiң экономикалық өсуiне бағытталатыны белгiлi.

Нарық жағдайында кәсiпорындардың өмiршеңдiгiнiң кепiлi мен жай-күйiнiң орнықтылығының негiзi оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркiн жайғастыра отырып, тиiмдi пайдалану жолымен өнiмдi өндiру мен сатудың үздiксiз процесiн қамтамасыз ете алатын өзiнiң қаржы ресустары жағдайын анықтайды.

Кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективтi, ғылыми негiзделген және үйлесiмдi басқару, өндiрiстiк әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдау қажет, соның iшiнде қаржы нарығындағы оның стратегиясы кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына өз шарапатын тигiзбей қоймайды. Тек терең және ұқыпты талдау негiзiнде ғана оның қызметiн обьективтi бағалап, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның iскерлiк белсендiлiгiн арттыруға бағытталған басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Кәсіпорындардың қаржылық жағдайының негізгі айнасы, ол дер кезінде өз қарыздарын өтей алу қаблетінің болуы. Ал бұл мәселе өз кезегінде міндетті түрде ақшалай есеп айырысулардың тиімді әдістерін қолду қажеттілігіне әкеледі.

Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің негізгі мақсаттары ақшалай қаражаттарды бір орталыққа шоғрландыру. Ендеше кәсіпорындар бірін бірімен есеп айрйсуларда қаржы-несие мекемелерінің қызметтерін толығымен қолданады.

Отандық кәсiпорындардың (соның iшiнде серiктестiк нысанында құрылған кәсiпорынның) ақшалай есеп айруларын үйымдастыру мәселесi қазiргi кезде аз зерттелуде, сондықтан оның прогрессивтi әдiстерi әзiрше бiзде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсiпорын қызметiнiң қаржылық нәтижесi мен экономикалық дамуына, жалпы елiмiздiң экономикалық өсуiне керi әсерiн тигiзедi.

Сондықтан менiң диплом жұмысын жазуымның мақсаты - кәсiпорынның ақшалай есеп айруларын тереңірек зерттеп теориялық және әдiстемелiк негiздерi туралы мағлұмат алып, оны зерделеп, оларға талдау жүргiзудегi дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi мен қаржыны жоспарлаудағы стратегиясы туралы дұрыс, ғылыми негiзделген баға мен қортынды беруге, өндiрiстiң өсуi мен оның тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз етуге, елiмiздiң ұзақ мерзiмдi бiрiншi кезектегi мақсатына ойдағыдай жету үшiн үйлесiмдi басқару шешiмдерiн дайындауға ат салысуды қажет етедi.

Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлімнен жіне қортынды, қолданылған әдебиеттертізімінен тұрады.

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы және Қаржы ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы - біріңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет

Шаруашылық жүргізуші субъектілрдің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін көрсетеді. қамтамасыз ететін көзі - қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.

Шаруалық жүргізіші субъектілердің қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтары білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстармен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларсыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайданы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау- өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй -коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің ассоциациялардың, салалық министірліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруащылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына салды:

басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар:өнім өткізуден түсім - ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады) ;

өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды, бағалы қағаздарды сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;

өз ішіндегі бөлімдермен (олардың арасындағы қаржы ресурстарын бөлу кезінде) ;

мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;

банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады) ;

сақтық органдармен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;

жоғары ұйымдармен - ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталдықайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары) ;

құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын, салымдарын төлеу кезінде сондай - ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т. с. с.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

  1. өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар - бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады, сонымен қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез - келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттық және ақша нысанында болуы мүмкін;
  2. жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
  3. шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызмет көрсету) өндіріп, сатумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды атайды.

1. 1. 1 Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің сыныптамасы

Шаруашылық жүргізуші субъектілер - кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін.

Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне - материалдық немесе материалдық емес (өндірістік емес) сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік сфераға да бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасау процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтау жатпайды.

Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық - құықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін.

1. Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:

  • республикалық - Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
  • коммуналдық меншікті кәсіпорындар - тиісті аумақтық халқының әлеуметтік - экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.

2. Заңды тұлғалардың жеке меншігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық, серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.

3. Қоғамдық бірлестіктердің меншщігіне негізделген кәсіпорындар.

4. Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.

5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.

6. Меншікті жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар

Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасын кепілденген.

Шаруашылық жүргізудің ұйымдық құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының

Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.

Кәсіпорындардың ұйымдық- құқықтық нысандарын жіктеудің критерийлері мен алар болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің субъектісі, мүлік иесінің мүлікті жауапкершілігінің сипаты (толық, шектелген, қосымша) және кәсіпорындарды басқарудың механизмі. Осы критерийлерді ескере отырып, кәсірорындар жеке, жекеше, серіктестіктер (толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғамдар), кооперативтік, жалгерлік, мемлекеттік, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар ретінде құрыла алады. Олардың барлығы біріңғай заңдылық негізінде іс-әрекет етеді және кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ортақ қағидаттарына бағынады. Экономиканың реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың кәсіпорындарымен ұйымдардың қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әртүрлі сыныптамалық сипаттамаларының сан алуандығы, олардың шаруашылық органдар бөлігіндегі мүмкін болатын ұштасуы қаржы жүйесінің бұл буынының қаржы механизмінің күрделілендіреді, оны үнемі жетілдіруді, қызметті айқын заңдамалық реттемелеуді, жақсы жолға қойылған басқаруды және қаржылық процестерде бақылауды қажет етеді.

1. 1. 2 Негізгі ұйымдық - құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері.

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шарушылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс істейді.

Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуымен, өндірістік-шарушылық қызметін қаржыландыруға шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы » заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі - жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестіктерінің мынадый нысандары белгіленген:

  1. толық серіктестік;
  2. сенім серіктестік;
  3. жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
  4. қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
  5. акционерлік қоғам;

Толық серіктестіктің пайдалы мен залалдары қатысушылар арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді, сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.

Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республмкасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттары тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым (тұлға) акционерлік қоғам деп танылады.

Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандағы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде (яғни иелердің шектеулі тобының ішінде акцияларды тартумен), толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акцичлар категорияларының (кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), лоардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған акциялар) әр алуандығы әсер етеді. Акционерлеу механизмі «Қаржы рыногі» тарауында неғұрлым тоық жазылған.

Экономикада едәуір орынды мемлекеттік сектор алады. Бұл секторға кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істейді:

  1. шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;
  2. жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар. Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.

Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:

  1. республика меншігіндегі кәсіпорындар - республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
  2. коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар - коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді;

Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып табылады.

Еншілес кәсіпорын- өз мүлкінің есебінен басқа мемлекетік кәсіпорын құрған заңды тұлға.

Экономикалық кооперативтік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені буындарының біріболып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншік нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылық жүргізудің бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлі салаларда оның кеңеюіне кең жол ашты.

«Өндірістік кооператив туралы» заңда өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.

Өндірістік кооператив меншігіндегі мүлік еооператив жарғысына сәйкес оның мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.

Тұтыну кооперативі сауда-саттық және тұрмыстық қызмет көрсету арқылы өзінің мүшелерін және басқа азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырып отырады.

Пәтерлер иелерінің тұтыну кооперативтері- ПИК өзгеше ұйымдық-құқықтық түрі болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиіс.

  1. Қаржы жүйесінің ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саясаты және механизімі
Қаржы мәні және қызметтері
Халықаралық валюта қатнастары
Халықаралық валюта қатынастары жайлы
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Мемлекеттің қаржы саясаты
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz