Оқушыларға лирикалық шығарма оқыту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Оқушыларға лирикалық шығарма оқыту
Жоспар:
І. Кіріспе 1.Лирика ұғымына анықтама. 2. Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсаттары
ІІ. Негізгі бөлім 1. Лирикалық шығарманы оқыту жолдары. а)5-9 сыныптарда лирикалық шығармаларды оқыту жолдары б)Жоғары сынып бағдарламасындағы лирикалық шығармаларды оқытуда педагогикалық инновацияның мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.
ІІІ. Қорытынды

Лирика көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген. Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады.
Әдебиетті оқытудың дидактикалық негізі - мектептегі әдебиет пәнінен тұтас бір тарихи кезеңді ашу, суреткердің ұалыптасуына әсер еткен орта, жазушының ішкі, сыртқы, өмірбаяны, дүние танымы,ең ақырында оның қоғам өміріндегі және әдеби күресте алатын орнын ашу, мектептегі әдебиет пәні үшін әр түрлі ағымдар мен әдістердің, әдеби топтар мен адамдардың идеялар күресін нақты таризи дәуірдегі күрделі мәселелерді қоғамдық және әдеби тартыста әр түрлі көзқарастағы адамдар тобының қалай шешкенін көрсету болып табылады. Бұл айту, баяндаумен бірге көрсету, көзін жеткізу керек деген ұғымды білдіреді. Лириканы оқытуда оқытудың өмірмен байланыстылығы принципі маңызды орын алады. Өтілетін сабақтың толық ұғылуы, есте сақталуы үшін сабақтың мазмұны, теориялық және практикалық маңызытуралы алдын-ала мәлімет беру педагогика ғылымында бұрыннан бар. Мұны, оқушылардың бастағалы отврған тақырыптың ғылыми негізі мен оның өмірмен байланысына қажеттілік сезімін оятып, назарын еріксіз аударып, қызықтыруды сабақтың кіріспе бөлімі деп те атайды. Адамның сезім дүниесін оятып, өмірге құлшындыратын, сенімді тұрақтандыратын, қиялды қанаттандыратын лирика-адамгершілік биік мұраттарға тәрбиелеуші ретінде оқушылардың білуге құштарлығын арттырып, ойлау жүйесін дамытады. Лириканы оқытудағы көрнекілік принциптеріне тоқталсақ, әдебиетті оқытуда қолданылатын көрнекіліктердің барлығы бірдц қолданылады деп айта алмаймыз. Өйткені лирики өзіндегі ой нақтылығымен ақындық тіл, табиғи бояу, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ сабақта көрнекілік пайдаланудың тиімділігін педагог ғалымдар, әдіскерлер де өз тәжірибелерінде қолданып келеді. Осы бағытта көрнекіліктің маңызы, тиімділігі неде? - деген сұраққа Қ.Бітібаева: Біріншіден, көрнекілік білім мазмұнын байыта түседі, екіншіден,есту арқылы алған білімін көру арқылыл бекіте түседі, үшіншіден, көрнекіліктер оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным белсендіктерін дамытады, төртіншіден, эмоциясына әсер етеді, бесіншіден, алған білімдерін практикада жүзеге асыруға жетелейді - дейді.
Лириканы оқыту әдебиет пәнін оқытудың талабынан туындайды. Әдебиетті оқыту дегеніміз - көркем шығарманың өзін оқу. Лириканың күрделі ішкі-құрылымын, стильдік бітіміне - үңілу міндетін орындау, мәтінді талдау, жоспар жасауда ,оқу материалдарын сабаққа бөлгенде де, сабақта баяндағанда да: белгіліден белгісізге, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай - деген дидактикалық ережені сақтау міндетті.
Бүгінгі қоғам талабына сай егемен елімізде болып жатқан әлеуметтік-эканомикалық өзгерістер, Республиканың қазіргі кездегі мемлекетті білім беру саясатының жүзеге асырылуы: білім беру мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарауды талап етеді. Сол ниетте болашақ ұрпаққа жүйелі білім беру ісінде қазақ педагогикасы мектебінің алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Мемлекеттік мәртебеге ие болған ұлттық мәдениетке, ана тілге деген қоғамдық сұранысқа орай қазақ әдебиеті пәнін оқыту да жаңа бағытта жүргізіле бастады. Өйткені әдебиет пәні білім беру жүфесіндегі басты пәндердің бірі болып саналатындықтан, оның алдына қоятын мақсаты да пәнге қойылатын талаптар деңгейіне сай болуы қажет. Бұл ретте халқымыздың данагөй ұлдарының бірі, ағартушы - ғалым А.Байтұрсыновтың Қазақ газетінде, Мектеп керектері деген мақаласында: Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика,методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші-оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы, һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істемейді, һәм құралдар қандай болса, істеген істе сондай болмақшы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей шығуы үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз іс - ол я артық, я кем шықпақшы - деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп бергеніндей, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, оларды өмірге білімді, жан-жақты жетілген азамат етіп әзірлеу оп-оңай жұмыс емес.
Жалпы білім беретін мектептің 5-8 сыныптарына арналған лирикалық шығармалар саны - 93. Оның ішінде:
1. Табиғат лирикасы - 9 2. Азаматтық, адамгершілік тақырыбы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лириканы оқытудың тәсілдері
Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту
Оқушыларға поэманы оқыту
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілікке тәрбиелеу
Әдебиетті оқыту әдістемесі
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Әдебиетті оқу процесінде оқушылардың сөйлеу әрекеті
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім иірімдері
Пәндер