Ток - шоу бағдарламаларының даму ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Ток-шоу бағдарламаларының даму ерекшеліктері: «Айтуға оңай» мысалында

Жұмыстың көлемі: 2 тарау, 9 бөлім

Жұмыстың құpылымы: Бұл жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Негізгі бөлімде екі тарау және әр тоғыз тарауша бар. Жалпы зерттеу жұмысында телевизиялық ток-шоу жасаудың қиындықтарын, оны шешудің қандай жолдары бар екендігі жазылған.

Зepттeу жұмысының тeopиялық құндылығы: Бұл тақырыпқа байланысты әдебиеттер мен зерттеу жұмыстары өте аз. Айта кету керек, ток-шоу бағдарламасын жасау үшін әр кезеңін, кезек-кезек не істеу керек екендігін түсіндіріп жазған ешқандай құрал болған жоқ. Бірақ Қазақстандық және шетелдік авторлар жазған тележурналистика, радиожурналистика, кино өнері және психология туралы кітаптар біздің жұмысымызға арқау болды.

Зepттeу әдiс-тәсілдері: Бұл жұмыстa бaяндaу, шoлу, сaлыстыpмaлы тaлдaу, жинaқтaу, қopыту әдiстepi қoлдaнылды. Бiтipу жұмысының нeгiзгi бaғыты - зepттeу, ғылыми, жуpнaлистiк сипaттa өpбiдi.

Жұмыстың негізгі мaқсaты: Бұл зерттеу жұмысының мақсаты - ток-шоу жасау барысында көрерменге әсер ете алу үшін оны құрудың алғышарттары мен стратегиясын анықтау. Сондай-ақ бұл жоспардың жүзеге асуы үшін мына ережелерді орындау қажет:

  1. Телевизиялық ток-шоу жасау үшін оның маңызды кезеңдерін бөліп алу;
  2. Осы кезеңдердің қайсысында болашақ телеөнімді әсерлі ету керектігін айқындау;
  3. Адам бойындағы кескін мен дыбысты қабылдайтын психологиялық қағидаларды есте сақтау;
  4. Ток-шоудың мағынасына, көрерменге беретін пайдасына мән беру;
  5. «Айтуға оңай . . . » әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуы негізінде Қазақстандық ток-шоу бағдарламаларының сапасын көрсету;

Зepттeу жұмысының ғылыми жaңaлығы: Бұл жұмыстың жаңалығы ток-шоу жасау үшін қазақ тілінде осындай түсіндірме құрал немесе оны қалай жасау керек екендігін бүге-шігесіне дейін түсіндіріп жазған алғашқы жұмыс екендігінде. Сондай-ақ Отандық ток-шоулар жайлы сараптама жасап, көрерменге ұсынатын телеөнімдер жайлы ақпарат бере алатын жұмыстар да жоқ. Біз осылардың барлығын өз жұмысымызда жазуға тырыстық.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.
3
:
КІРІСПЕ.:
3:
: 1
КІРІСПЕ.: ТОК-ШОУ ЖАНРЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3:
: 1. 1
КІРІСПЕ.: Ток - шоудың тарихы мен жасалу жолдары . . .
3: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ.: Ток - шоуды қабылдау айрықшылығы
3: 14
: 1. 3
КІРІСПЕ.: Ток-шоудағы дауыс пен дыбыстың маңызы . . .
3: 20
: 1. 4
КІРІСПЕ.: Ток- шоу және күнделікті өмір
3: 26
:
КІРІСПЕ.:
3:
: 2
КІРІСПЕ.: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТОК-ШОУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖӘНЕ «АЙТУҒА ОҢАЙ . . . » БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АНАЛИЗІ
3:
: 2. 1
КІРІСПЕ.: Категориялық тұрғыдан Қазақстандағы ток-шоу бағдарламалары…. .
3: 32
: 2. 2
КІРІСПЕ.: «Айтуға оңай . . . » әлеуметтік-тұрмыстық ток- шоуы . . .
3: 38
: 2. 3
КІРІСПЕ.: «Айтуға оңайдың» ішкі құрылымы
3: 46
: 2. 4
КІРІСПЕ.: «Айтуға оңай . . . » ток- шоуының тақырыптары . . .
3: 51
: 2. 5
КІРІСПЕ.: «Айтуға оңай . . . » ток-шоуының техникалық ерекшеліктері. .
3: 59
:
КІРІСПЕ.:
3:
:
КІРІСПЕ.: ҚОРЫТЫНДЫ.
3: 62
:
КІРІСПЕ.:
3:
:
КІРІСПЕ.: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. .
3: 67
КІРІСПЕ

Қазіргі кезде күнделікті өмірді теледидарсыз елестету қиын. Көбіміз күнімізді таңғы жаңалықты қараудан, телесериал көруден немесе қызықты бағдарлама көруден бастаймыз. Бірақ теледидардың адамға әсер ете алатын күшке ие екенін көпшілік біле бермейді. Көрерменге дұрыс ұсынылған телебағдарлама жоғары рейтингпен қоса, пайда алып келеді.

Қазіргі қазақ теледидары көптеген жанрлардың жиынтығы, ойлардың тоғысқан нүктесі. Бағдаламаның көпшілігі батыстан алынып, өз менталитетімізге сай жасалады. Телеэкрандағы сұранысқа ие жанрдың бірі - ток- шоу. Ол ағылшыншадан аударғанда «talk» - «сөйлеу», «show» - «көрсету» деген мағынаны береді, яғни тура аударғанда сөйлейтін бағдарлама. Ток-шоу - журналистикадағы ерекше жанрдың бірі, онда адамдар сұраққа бірге жауап іздейді. Сондай-ақ бұл сұрақтың шешімін табу үшін көрермендер де өз үлесін қосады [1] .

Бұл жұмысымыздың басты тақырыбы - Отандық телеарналардағы ток-шоу жанрының креативті аспектілері. Айтқымыз келгені бұл жұмыста ток-шоудың жасалу жолдары мен Қазақстандағы ток-шоулардың мағынасы, ондағы қозғалатын тақырыптар туралы жазылды. Сондай-ақ ток-шоу жасаудағы дыбыстық проблемалар, оны қабылдау туралы да сөз қозғалды. Бұл жұмыс Қазақстандық ток-шоулар, әсіресе «Айтуға оңай . . . » әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуын мысалға ала отырып жасалды.

Осы күнге дейін телевизиялық ток-шоу жанрын зерттеп, қазақ тілінде ғылыми жұмыс жазғандар жоқ. Біз бұл жұмысты жаза отырып, қазіргі қазақ теледидарындағы ток-шоулар туралы сараптама жасадық.

Теледидар бағдарламасының көрерменге әсер еткендігі туралы біз қалай, қайдан біле аламыз? Егер бағдарламаны көріп отырған адам кері әсер берсе, денесі тітіркеніп, күліп, жылап, ашуланып, ренжіп немесе қолын сермесе - ол көрерменге телеөнімнің әсер еткендігі деп білеміз. Адам кез келген нәрсеге қарап әсер алуы мүмкін: ол біліп немесе өзі де байқамай тележүргізушінің даусына, бет-әлпетіне, студияның түсіне, адамдардың киіміне, сөзге, бейнеге, дыбыстарға, монтажға байланысты. Біздің осы жұмысымызда көрерменге дауыстың, бейненің, жалпы бағдарламаның көрерменнің жүрегіне жетуі үшін не істеу керектігі жазылған.

Тaқыpыптың өзeктiлiгi. Қазіргі Қазақстандық телеарналардағы ток-шоулардың түрі көбейіп кетті. Бірақ оның барлығы қоғамға қажет пе? Олардың барлығы ток-шоудың міндетіне сай бағдарлама дайындап жүр ме? Көрермендер қай ток-шоуды таңдайды? Сондай-ақ ток-шоулардағы дыбыс-бейнелік құрылғыларының деңгейі қалай? Осы және өзге де мәселелер дәл қазіргі кезде жауап іздейді. Бүгінгі таңда тек құрғақ сөзден құралған ток-шоулар көп, оның барлығы көрерменге қызық емес. Әрине онда мүмкін маңызды ақпараттар айтылып жатқан шығар. Көрерменнің назарын өзінде ұстауы үшін ток-шоу жасаушылар, теледидар мамандары оның құрылымы, бейне, дыбыспен өте көп жұмыс жасауы қажет. Ресейлік тележүргізуші Леонид Якубович: «Егер кескін мен бейнені өшіріп тастасақ, телебағдарламаны тыңдай беруге болады. Әрине болмайды, бұл теледидар!» [2] - деген екен бір сұхбатында. Расымен де бір қарағанда дизайн, қонақтар, жүргізушінің киімі ұнамаса, теледидарды басқа арнаға ауыстыра салуға болады.

Тaқыpыптың зepттeлу дeңгeйi. Бұл жұмысты бастамас бұрын ток-шоудың тарихы, оның міндеті, шарттарымен таныстық. Кейін Отандық ток-шок телебағдарламаларын қарап, елімізге ток-шоу жанрының қашан келгендігін, яғни қай уақыттан бастап Қазақстанда ток-шоу жанры телеэкрнаннан көрсетіле бастағанын анықтадық. Кейін Ресей ток-шоуымен салыстыра отырып, түрлі пікірлер қалыптасып, ток-шоу бағдарламасын жасау үшін кім қандай қызмет атқарады, кімнің рөлі қаншалықты маңызды екендігін осы жұмыста жаздым. Сондай-ақ қазіргі қоғамға, көрерменге ток-шоу жанрындағы бағдарламалар қаншалық қажет екендігі де зерттеу жұмысында жазылды. Бұл жұмысты «Айтуға оңай . . . » әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуы мысалында жазғандықтан «Айтуға оңайдың» көрерменге көрсеткен көмегі, пайдасы, қоғамды тәрбиелеудегі оның әсері туралы жазылды.

Зepттeу жұмысының мaқсaты мeн мiндeттepi . Бұл зерттеу жұмысының мақсаты - ток-шоу жасау барысында көрерменге әсер ете алу үшін оны құрудың алғышарттары мен стратегиясын анықтау. Сондай-ақ бұл жоспардың жүзеге асуы үшін мына ережелерді орындау қажет:

1 Телевизиялық ток-шоу жасау үшін оның маңызды кезеңдерін бөліп алу;

  1. Осы кезеңдердің қайсысында болашақ телеөнімді әсерлі ету керектігін айқындау;
  2. Адам бойындағы кескін мен дыбысты қабылдайтын психологиялық қағидаларды есте сақтау;
  3. Ток-шоудың мағынасына, көрерменге беретін пайдасына мән беру;
  4. «Айтуға оңай . . . » әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуы негізінде Қазақстандық ток-шоу бағдарламаларының сапасын көрсету;

Зepттeу әдiстepi . Бұл жұмыстa бaяндaу, шoлу, сaлыстыpмaлы тaлдaу, жинaқтaу, қopыту әдiстepi қoлдaнылды. Бiтipу жұмысының нeгiзгi бaғыты - зepттeу, ғылыми, жуpнaлистiк сипaттa өpбiдi.

Зepттeу пәнi. Қазақ тележурналистикасында ток-шоу жанрының пайда болғанынан бастап қазіргі кезеңдегі ток-шоудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, ток-шоу жанрын игеруде Отандық журналистер қаншалықты біліктілік танытып жүргендігі өткен мен бүгінгі телевизиялық бағдарламалардың мағынасын, сапасын бақылау арқылы жасалды. Сондай-ақ бүгінгі күнді телевизиялық ток-шоусыз елестету мүмкін емес екендігін халық мойындады. Ендігі кезекте бұл жұмыста ток-шоу бағдарламаларына көрермен көзімен қарау арқылы да баға берілді.

Зepттeу жұмысының нысaны. Қазақстандағы телевизиялық ток-шоу бағдарламалары және олардың жасалу жолдары.

Зepттeу жұмысының дepeк көзi. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының мұрағатында сақталған «Көкпар», «Хабар» арнасының мұрағатындағы «Көршілер» бағдарламалары, сонымен қоса, «Айтуға оңай . . . » әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының мұрағаттағы түсірілген хабарлары, шетелдік және орыс ғалымдарының телевизиялық ток-шоу туралы жазған оқулықтары, монографиялар, сұхбаттар жұмысымыздың өзегі болды.

Зepттeу жұмысының тeopиялық жәнe әдiснaмaлық нeгiзi. Бұл тақырыпқа байланысты әдебиеттер мен зерттеу жұмыстары өте аз. Айта кету керек, ток-шоу бағдарламасын жасау үшін әр кезеңін, кезек-кезек не істеу керек екендігін түсіндіріп жазған ешқандай құрал болған жоқ. Бірақ Қазақстандық және шетелдік авторлар жазған тележурналистика, радиожурналистика, кино өнері және психология туралы кітаптар біздің жұмысымызға арқау болды.

Л. Б. Ительсонның «Жалпы психология лекциялары» [3] және Е. Е. Соколованың «Психология туралы он үш диалог» [4] монографиялары ең қажетті дереккөздер болды. Біз жазған түпсанадағы адамның бағдарламаны қабылдау ерекшеліктері де осы оқулықтардан алынған, оқылған мәлімет бойынша анықталды. Е. Е. Соколованың кітабында проблеманың шығуы және оның даму кезеңдерінің тарихы жайлы да жақсы жазылған. Керекті ақпараттардың диалог түрінде берілгені оны ұғынуға оңай. Бұл жұмыста көзбен көру арқылы қабылдау жайлы көптеген пайдалы мағлұматтар жазылған. Танымал психолог Г. Эббингауздің «Психология жайлы очерк» және А. Бэннің «Психология» еңбектері көзбен қабылдау сұрақтарына жауап береді. Біз қоршаған ортаның өзін психология арқылы қабылдаймыз, ал ток-шоудағы болып жатқан әрекетті де солай. Бұл кітаптарда авторлар дауыс пен дыбысты психологиялық тұрғыда адамдардың қалай қабылдайтындығы, қай дауыс жағымды, қайсысы жағымсыз әсер қалдыратындығын зерттеп жазған.

Осы жұмыста біз алдымызда қойылған сұрақтардың жауабын С. Л. Рубинштейннің [5] еңбектерін қолдандық. Көңіл қою, назар аударту, оның заңдылықтары, дыбыстың адамның түпсанасына әсері осы автордың жұмысында жақсы айтылған, тақырып толық ашылған. Тағы бір ерекше еңбектің авторы Р. Грегори. Оның «Көз және ми» [6] деп аталатын кітабында көру жүйесі және оның психологиямен, әсер алумен қандай байланысы бар екендігі туралы жазылған. Бұл кітапта көру белсенді жүйе ретінде көрсетіліп, көру жүйесінің механикасы, адамның жүйке жүйесінің көрген бейнені қабылдауы, оған оның кері әсері жазылған. Р. Грегоридің еңбегінде көзбен қабылдау әсері жайлы құнды деректер көп. Сонымен қатар, И. А. Алдошинаның «Дыбыс режиссеры» [7] журналында жарық көрген «Психоакустика негіздері» атты мақаласында ток-шоудағы дыбыс пен дауыстың маңызы, оның қай жоғарылықта, әуеннің жиілігі жайлы жазылған. Мұнда автордың дыбысқа берген анықтамасы мен оны қабылдау жайлы жазған пікірін жұмысымызда орынды қолдандық деп ойлаймын. Одан бөлек жарық пен түстің үйлесімділігі жайлы жазған ақпаратымыз В. Железниковтің «Түс пен контраст. Технология және шығармашылық таңдау» [8] атты еңбегіне сүйеніп жазылды. Біз үшін теледидар өнімі мен телевизиялық шығармашылық жайында жазылған әрбір еңбек маңызды болды. Р. Майлстың «Жарықтың маңызы» [9] атты мақаласында теледидар бағдарламасын жасауда жарықтың маңыздылығы туралы жазылыпты. Осындай пайдаланылған әдебиеттер тізімі көп. Оның көбі шетел әдебиетінен алынған, яғни жоғарыда жазып өткендей ток-шоу жанры туралы Отандық авторлардың жұмыстары саусақпен санарлық.

Жоғарыдағы бұл әдебиеттер ток-шоу жасаудың техникасы, яғни оны қалай жасау керек, қандай әсемдеу, түстермен қалай жұмыс жасау керек, адам психологиясына қалай әсер ете алатындығымыз жайлы еді. Бірақ ток-шоуда ең маңызды рөл ойнайтын ондағы сөздер, оның мағынасы, тақырыбы екендігін ұмытпағанымыз абзал. Біз бұл ретте Отандық ток-шоуларды мұрағаттардан көру арқылы түрлі салыстырмалар, сараптамалар жасадық.

Зepттeу жұмысының ғылыми жaңaлығы. Бұл жұмыстың жаңалығы ток-шоу жасау үшін қазақ тілінде осындай түсіндірме құрал немесе оны қалай жасау керек екендігін бүге-шігесіне дейін түсіндіріп жазған алғашқы жұмыс екендігінде. Сондай-ақ Отандық ток-шоулар жайлы сараптама жасап, көрерменге ұсынатын телеөнімдер жайлы ақпарат бере алатын жұмыстар да жоқ. Біз осылардың барлығын өз жұмысымызда жазуға тырыстық.

Бiтipу жұмысының құpылымы. Бұл жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Негізгі бөлімде екі тарау және әр тоғыз тарауша бар.

Жалпы зерттеу жұмысында телевизиялық ток-шоу жасаудың қиындықтарын, оны шешудің қандай жолдары бар екендігі жазылған.

1 ТОК-ШОУ ЖАНРЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 Ток - шоудың тарихы мен жасалу жолдары

Ток - шоу жанры ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болғанына қарамастан, өз көрермендерін жинап үлгерді. Ең алдымен телевизиядағы бұл жанрды тапқан американдық тележүргізуші Фил Донахью. Ол 1963-1967 жылдары WHIO - TV арнасында таңғы бағдарлама жүргізушісі ретінде танымал еді. Таңғы эфирдің бірінде оның келген қонаққа қоятын сұрағы таусылып қалады. Сөйтіп тікелей эфирде амалы құрығаннан көрерменнен сұрақ қоюларын сұрайды. Сол кезден бастап ток-шоу жанры пайда болған [10] . Сол уақыттан бері теледидардан ток-шоу көрмеген адам жоқ. Бұл жанр әрбір отбасының өзіндік ерекше орны бар мүшесіне айналғандай.

Алғаш рет Фил Донахью 1963-1967 жылдары студияға қонақтар шақырып, тікелей эфирде ток-шоу өткізеді. Бұл бағдарлама қара­пайым елді мекеннің теле­стан­сасынан көрсетілгендіктен, ток-шоуға бөлінген қаржы аз болып, Донахью әйгілі адамдарды студияға шақыра алмай қиналады. Көрермендер аудиториясын, со­нымен қатар шоу-бизнес өкілдері мен саясаткерлердің назарын ау­дару үшін Фил Донахью бағдар­ламасына әйгілі адамдарды шақыр­май-ақ, қоғамда қызу пікір тудыратын тақырыптарды эфир барысында талқылайды. «The Phil Donahue Show» бағдарламасының алғашқы шығарылымына жур­налист Маделин О Хэйр есімді атеистік көзқарастағы азамат­шаны шақырады. 1967 жылдың аяғын­да Фил Донахью перзент­ха­нада арнайы түсірілген фоторе­пор­тажды эфирге шығарып, студия қонақтарымен нәрестенің өмірге келу процесін талқылайды. Атал­мыш бағдарламадан соң, ток-шоу жанры кең етек жайып, әлемге таныла бастады.

80-жыл­дардың орта шенінде шиеленісті мәсе­ле­лерді қызу талқылау үрдісі Америка Құрама Штаттарының ұлттық телеарналары мен елді мекендердегі жергілікті телеар­на­ларында кең етек жаяды. Бастап­қыда ток-шоу жанрындағы бағ­дар­ламаларда әлеуметтік, саяси мәселелер талқыланса, кейін келе журналистер қоғамды елең еткізер мәселелерге назар ауда­рады. Осылайша ток-шоуларда қызу, тартысты һәм халық ара­сында дау тудыратын тақырыптар талқыға түседі. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, ток-шоу жанры сұхбат, пікірталас, ойын-сауық сияқты бірнеше жанрды байла­ныстырады. Бірақ аталмыш жанр­дың барлығы ең алдымен теле­жүргізушілердің айналасында өрбиді. Ток-шоудың танылуы тележүргізушінің ақылына, тап­қырлығына, қалжың­қойлы­ғына, тыңдау қабілетіне тікелей бай­ла­нысты.

Ағылшын тілінен аударғанда ток - шоу сөзі «сөйлейтін шоу» мағынасын білдіреді. Ең алдымен бұл термин эстрадаға бағытталып айтылған. Ток-шоудың басты белгілері - студиядада көрермендердің қатысуы, әңгіменің ашық, әрі емін-еркін айтылуы және жүргізушінің жарық, белгілі бір дәрежеде әртістік бейнесі.

Кез келген жұмыс барысы белгілі бір кезеңдерден тұрады. Мысалы, тыныстың өзі дем алу мен тынысты сыртқа шығарудан немесе құрылыс материалын жұмысшы жинаудан тұрады. Жұмысты жазған кезде де алдымен жоспар құрамыз, кейін керекті материалдар жинаймыз, ең соңында жазуға кірісеміз. Демек, кез келген дайындық, яғни мұның барлығы өзімізге өзіміз жұмысты жеңілдету, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін жасалады. Теледидарға келетін болсақ, мұндағы өнімдер де саты- саты бойынша дайындалады. Ендігі кезекте ток-шоудың жасалу кезеңдері мен олардың маңызын түсіндіріп кетейік.

Эфирге дайындалу барысында ток-шоу төрт маңызды кезеңдерден өтеді. Олардың атаулары шартты және шығармашылық топ міндетті түрде шешу керек міндеттерден тұрады. Олар: жобалау, құру, іске асыру және кері байланыс.

Бағдарламаны жобалау. Бұл ең маңызды кезең. Мұнда жұмыстың бағыты ғана емес, сонымен қоса жұмыс жасалатын басты қағидалар да белгіленеді. Төрт басты сұрақты қою, астын сызып, бөлу керек. Бұл сұрақтардың жауабы теледидар бағдарламасының алғашқы кезеңінің соңын білдіреді. Бұл - сұраққа жауап табу арқылы алғашқы жұмысымызды аяқтаймыз деген сөз.

Алғашқы ойландыратын сұрақ: «Не істейміз?». Мұнда алдымен бағдарламаның бағытын анықтау керек. Мүмкін ол ойын-сауық, білім-ғылым немесе әлеуметтік бағдарлама шығар. Сондай-ақ бағдарламаның уақытын, эфирге шығатын күндерін, тележүргізушісін, түсіретін студия, дизайн - барлығын анықтап алу қажет.

Мысалы, бағдарлама жарты сағаттық ойын-сауық бағытында дейік. Студияда тележүргізуші мен көрермендер бар. Келесі кезекте идея маңызды, нақтырақ айтқанда осы бағдарламаға байланысты ой ой маңызды. Ол үшін мына сұраққа жауап беру қажет: «Кім үшін?» - яғни мақсатты аудиториясын анықтап алған абзал. Осылайша тележобаның кескінін сызып ала аламыз. Көрерменді анықтап алған соң, кімге көрсетілетінін белгілеген соң әрі қарай жұмыс істеу оңайырақ болады. Мақсатты көрерменді анықтаудың бірнеше жолы бар. Біріншіден, жастарға арналған бағдарлама жасайтынымызды шешу керек. Бірақ бұл осы аудиторияға ұсынылатын бағдарламалардың ішіндегі ең жақсысы деп айту қиын. Бұған сену де қиын. Себебі, біз басқа бағдарламалардың қандай екенін көрген жоқпыз. Басқа жобалармен ұқсастық көбейген сайын қойылатын талаптар жоғарылай береді. Неге? Себебі, бұл да бәсекенің бір түрі. Бәсеке бар жерде салыстыру бар.

Екіншіден, бағдарламаны жасаудан алдын маркетингтік зерттеу жүргізілсе, жобаның жетістігі жоғары болады деп болжауға болады. Ол тек келешек аудиторияны анықтауға ғана емес, бағдарламаны жобалаудың бағытын да айқындап алуға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, егер жұмыс беруші телеарна көрермендерін алдын ала анықтап алса, бұл жөнінде сұрақ тумайды. Бұл шығармашылық топ белгілі бір арнада қызмет еткен жағдайда осылай болады деген сөз. Бағдарламаның сұлбасы дайын болған соң оның мазмұны, тақырыбы, яғни идеясымен айналысу керек.

Идеяны өңдеу туралы жазылған кітаптар да, мақалалар да жетерлік. Бірақ ол соншалықты қиын емес, кез келген ойды іске асыруға болады, тіпті, қиял- ғажайып ойды да. Бастысы, бабын таба білу және тәртіпке бағынатын топ болса болғаны. Идеяға сай тележүргізуші, қонақтар, тақырыптар таңдалады.

«Фильмнің атауы - фильмнен кейінгі көременнің есінде қалатын нәрсе» [9, с. 25 ] - телебағдарламада да осылай. Атауы - бағдарламада айтылған барлық сөз, кеңестің құнарлы азығы іспеттес, яғни ойды тереңдететін көмекші құрал. «Тақырыптың міндеті - сіздің және көрерменнің ойының арасында алтын көпір орнату» [9, с. 50 ]

Біз жоғарыда ток-шоу жасау үшін керекті маңызды сұрақтар мен жауаптарды алдық. Бірақ мұнымен біздің жұмыс аяқталған жоқ. Келесі сұрақтар туындайды. Бірақ алдыңғы сұрақтарсыз бұл мәселелер болмаушы еді. Біз барлығын кезек кезегімен істеп жатырмыз. Ендігі шешімін табу керек мәселе: «Кімдер және олар не істейді?». Жұмысқа қабілетті ұжым құру ток-шоуды құру сатысында маңызды орын алады. Жиылған ұжымға байланысты ток-шоудың сапасы да көрінеді. Егер топ мықты болса - бағдарламалар да кәсіби деңгейде, әлсіз болса - сапасы төмен болады деген сөз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдер шоу бағдарламалары
Шоу бағдарламалардың түрлері
«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ойын-сауық бағдарламалары
Ток - шоудың басқа бағдарламалардан артықшылығы
Ток - шоу тақырыптары
Ток - шоу тікелей эфир арқылы миллиондаған көрермен жинай алатын бағдарлама
Қазақ телевизиясы: тарих пен тағылым
Тележарнаманың тілдік ерекшеліктері (электронды медиакеңістіктің әлеуметтік рөлі мен прагматикалық мақсаттары)
Авторлық телебaғдaрлaмaлaрдың жaсaлу технологиясы
«Хабар» телеаранасының қазіргі қоғамдағы алар орны, телебағдарламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz