Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _
_ _ _ _ _3

1. Кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімділігі

1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні
және маңызы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _4

1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін

факторлар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ 9

3. Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау
көрсеткіштері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ _ _ 13

2. Көлік логистикасының экономикалық тиімділігін анықтау_ _ _ _ _ _ _ __ _
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 17

Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ 22

пайдаланылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _23

кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген
қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің
салдары әлі білінуде. Еліміз нарықтық экономиканың амал - тәсілдеріне
бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі
мәселелерді шешіп, дамыған елдердің қатарына қосылу мәселесі тұр. Бұл
дегеніміз – ел азаматтарының әл –ауқатын арттырып, әлеуметтік –
экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болуымыз керек.
Қазір Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіруіне барлық алғы шарттыры бар. ҚР Президенті 2018ж 1 – ші наурызындағы
халыққа жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның
басымдықтарын атап берді. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық
бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі Индустриялық –
инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын
қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін,
отандық өнеркәсіп салалары дамуы қажет. Инвестициялық салымдарды өнеркәсіп
салаларына тарту қажет.Сонымен қатар кәсіпорындарды қазіргі на- рық
талаптарына сай бейімдеу керек. Кәсіпорындарға ірі қаражаттарды тарту,
оларды тиімді пайдалану қажет. Ал, ол үшін мемлекетіміздегі кадр мә-
селесін, білікті маман даярлау мәселесін шешу керек. Кәсіпорындарға жаңа
техникамен технологияларды тарту қажет. Ел басымыз айтқан инновациялар- ды
ірі кәсіпорындарға ғана емес, сонымен қатар шағын кәсіпорындарға да тарту
керек. қазіргі таңда зауыт – фабрикалардың техникалық құрал жабдық–тар
базасы ескірген. Ал ол өндіріс тиімділігін төмендетуде. Себебі ескі маши-
наларда 2 -3 адам жұмыс істесе, жаңа технологиялар қолданылған құрал-жаб-
дықтарда бір адам жұмыс істей алады және өндіріс тиімділігі кемімейді, ке–
рісінше артады.
Рефераттың негізгі мақсаты – кәсіпорындағы өндіріс тиімділігін
арттырудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып,
кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру болып
табылады. Осы мақсатқа сәйкес,рефератта келесідей сұрақтарға жауап беруді
қарастырып отырмыз:
өндірістік тиімділігінің жалпы мәні мен маңызын түсіну;
- өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторларды анық-
тау;
- өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.

1.КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

1. Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі: кәсіпорындар
арасындағы бәсекенің артуына, өндірістік шығындардың жоғары болуына,
өткізу нарығының қысқаруына, әріптес кәсіпорындардың төлем
қабілетсіздігіне, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.

Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық
өсуі және дамуы адам ресурстарын және басқа да ресурстарды ең тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына
тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын
дамуы-на, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты
болады.
Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес,
өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі – бұл негізінен кәсіпорын көлемінің артуы және
өн-
діріс көлемінің кеңеюі ( өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының
артуы ). Даму дегеніміз – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және
жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, технология
және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін
арттыру.
Кәсіпорындардың бірден-бір мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде
бәсекеге қабілетті өнім өндірітен кәсіпорынға айналу. Ол үшін кәсіпорынның
жұмысшылары мен акционерлерінің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен
қатар кәсіпорынның жабдықтаушылары мен тұтынушылардың талаптарын ескеру
қажет.
Өндірістің экононмикалық тиімділігі мәселесі бойынша көптеген
пікірлер бар. Экономика саласының ғалымдары өз пікір тұжырымдамаларын
ұсынған.
Кейбір ғалымдар өндіріс тиімділігінің артуы келесі жағдайда
болады
деп есептейді, егер бір өнімді шығаруда мүмкін болғанша еңбек
шығындарын ең төменгі деңгейде қолдану. Басқаларының ойынша өндірістің
эконокалық тиімділігі - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже
сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын
кеткенін көрсетеді.
Ғаламдық өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын
сипат-
тайды. Карл Маркс былай деген уақыт үнемі өндірістің әр салаларына жұмыс
уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең
басты экономикалық заңдылық болып қалуда. өнім бірлігіне еңбек шы –
ғынының төмендеуі – жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табылады.

Л. Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі
дегеніміз – ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі,
нәтижелілігі. Ал М. Н.Тимохинның айтуынша , өнеркәсіптік өндірістің
тиімділігі –бұл
оның барлық объективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін
көрсететін күрделі категория.
А.П. Вавилов, А. И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік
өндірістің тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық
ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар,
салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н. Уоол, Л. Маркузе, Д.Лайну бойынша тиімділік – ресурстардың тиімді
пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, кеңінен:
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі (өнімділік – бір жұмысшыға өнім
өндіру);
- өндіріс тиімділігі (өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы
қалдықтар пайызы);
- қаржылық тиімділік (активтердің айналымдығы – кәсіпорын активтері
нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі).
Профессор Н. Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда
шығындар мен нәтижелердің қатынасы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін
талдау барысында оны технологиялық және экономикалық әдістер арқылы
қарастырғаны тиімді. Мысалы, өндіріс технологиялық әдіспен өз жағдайын
талдаған кезде; тұрақты өнім көлемін өндіру барысында өнім өндіру
көлемі көп, ал ресурстардың шығыны аз болса, онда өндіріс тиімді
болып есептеледі. Ал экономикалық тиімділікке жету үшін, кәсіпорын өндіріс
үрдісінде пайдаланатын ресурстардың баламалық құнын минималдау керек. Осы
ның негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне
жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің
нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс
тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы
соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек
өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және
т.б. көмегімен өлшенеді.
Өндірістің экономикалық тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген стратегияға
тәуелді болады. Стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді.
Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықтық
экономиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық
өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді: шаруашылық қызмет
нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты – нарықты қызметтің нәтижесі, ол
салынған капиталдан максималды табыс алу.
Өндіріс тиімділігін арттыру үрдісінде негізгі страттегиялық
қағидалар-
ды ескеру қажет:
- шығармашылық әдіс – кәсіпорынның болашағын көре білу;
- инновация – техника мен технологияны, өндірісті ұйымдастыру мен
нарықтық саясатты жаңарту;
- икемділік – нарық талаптарына сай өзгерістер енгізіп отыру;
- кәсіпорын қызметіне үнемі баға беріп отыру;
- S.W.O.T. анализ – кәсіпорынның дамуының әлсіз және күшті жақтарына
баға беру;
- мотивация – персоналды ынталандыру.
Өндіріс тиімділігін арттырудың жалпыға бірдей стратегиясы жоқ,
сондықтан әр кәсіпорын оны жекеше әзірлейді.
Стратегия кәсіпорынның нарықтағы үлесіне, әлеуметіне, бәсекелестеріне,
өнім ерекшеліктеріне және т.б. факторларға тәуелді болады. Бірақ
стратегияны әзірлеудің негізін қараушы мөлшері мен нақты модельдері болады:
- жаңа өнім әзірлеу және өнім сапасын жақсарту;
- нарықтың дамуын ескеру;
- менеджментті (басқаруды) жетілдіру;
- диверсификация (әртараптандыру).
Бірақ нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмысы- на
кедергі келтіретін көптеген факторлар бар. Мысалы:
- кәсіпорынның ұзақ мерзімді стратегиясының болмауы және қысқа
мерзімде нәтижеге бағытталу;
- нарық конъюктурасын білмеу;
- персонал мен менеджмент біліктілігінің төмен деңгейі;
- жұмысшылардың еңбекке деген ынталарының болмауы;
- қаржы менеджменті мен өндірістік шығындарды басқарудың тиімсіздігі.
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып
ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді.Сондықтан оны арттыру
негізгі мақсат. Ол мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновация;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру;
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді.
Кәсіпорын олады төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет.
Оның жүзеге асуы мынаны көздейді:
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы
ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау, бірнеше шығындар
түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілуін және сақталуын
бақылау.
Өнімділік көрсеткіші –бұл белгілі бір уақыт кезеңінде өндірілген өнім
санының осы өнімді өндіруде қолданылған ресурстар көлеміне қатынасы.
Өнімділікті өлшеудің екі тобы бар:
Біріншісі өнімділіктің статикалық коэфицентінен тұрады. Бұл
белгілі
бір уақыт кезеңінде жұмсалған шығындардың өлшеміне бөлінген өнімнің
өлшемі.
Екіншісіне өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен
кезеңдегі өнімділіктің статикалық коэфицентіне бөлінген белгілі бір
мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэфиценті. Әрбір топтың ішінде
өнімділікті өлшеудің үш типі болады: жеке факторлық, көп факторлық
және жиынтық факторлық немесе өнімділіктің жалпы көрсеткіштері.
Өлшеуіштердің әрқайсысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды. Бірақ олар
бөлгіште есепке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе
ресурстардың түрлері жағынан бір – біріне ерекшеленеді.
Егер ресурстардың бір түрі туралы сөз қозғалатын болса, онда
бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділік көрсеткіші).
Мұның келесідей нысандары көп тараған:
- еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағытты шығарылған
өнім;
- бір адамның шығарған өнімі.
Өнімділіктің жеке көрсеткіштері бүкіл өндірістік процестің
тиімділігін сипаттайды, бірақ әртүрлі динамикада болады. Мысалы, капитал
қайтарымы төмендеуі, ал материал қайтарамы өсуі мүмкін.
Сәйкесінше, бұлардың қозғалыс бағыттары әртүрлі болғандықтан, капитал
салымын бағалауда қайшылықтар туады. Сондықтан өзара алмастырушы
ресурстарды қолдану жөнінде балама шешім болатын болса, шаруашылық
шешімді жалпы бағалау үшін шығындар бөлігінде өндірістік процестің
барлық негізгі материалдық факторлары болатын көрсеткіштері қажет.
Бір жұмысшы өндірген өнім көлемінің өсуі тек өндірісті жақсы
ұйымдастыру арқылы емес, сонымен қатар тірі еңбектің техникалық
жарақтандырылуын жоғарлату арқылы да жүреді. Осыдан өнімділіктің көп
факторлы көрсеткіштерін есептеу қажеттігі туындайды.
Көп факторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде төмендегілер
болады:
- ағымдағы шығындар (жұмысшы күшін, шикізаттар мен материалдарды және
т.б. сатып алуға жұмсалатын шығындар);
- қолданылған шығындар;
- аралас бағалау.
Өзара алмасатын факторларды есепке алу үшін, өнімділікті есептегенде
өндірістің барлық факторларын бөлгіште біріктірген ұтымды болады. Жиын-
тық өнімділікті өлшеудің осындай әдісін көбінесе корпорацияның жалпы
қызметтерін талдауда және көптеген шешуші факторларды қолданатын сала-
ларда қолданған жөн.
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін
басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез
келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
1) өнім көбейеді, шығындар азаяды;
2) өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
3) өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
4) өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
5) өнім азаяды, шығындар төмендейді (шығындардың төмендеу қарқыны
жоғары болады).
Сонымен өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын
үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр түрлі
факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.

1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар
Өндіріс тиімділігін пайдалану – оның тәуелді болатын факторларына
мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс
тиімділігін арттыру факторларының мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс
балағандығымен анықталады.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және
шығындарына әсер ететін жағдайлар. Олар:
- Ғ.Т.П. – нің жеделдеуі. Ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік
күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік
беретін жаңа жетістіктерді игеру;
- өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану
және кооперацияның оңтайлы жүйесі;
- басқа әдістері мен жүйесін жетілдіру;
- өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін
белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті
ұйымдастыруды жетілдіру;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.
Факторлардың маңыздылығы жоғары және маңыздылығы төмен, объективті
(материалды) және субъективті (саяси, құқтық, идеалогиялық), қысқы және
ұзақ мерзімді болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына
қарай қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді.
Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары
мен міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы,
өндірістік және ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім
қабылдау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері,
корпоративтік мәдениет және т.б. жатады. Ішкі факторлар негізгі және
негізгі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес
факторлар жатады. Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен
тікелей байланысты емес, бірақ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер
ететін факторлар жатады. Мысалы: қаржы, шаруашылық және технологиялық
тәртіптің бұзылуы. Бәсекелестік артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі фактор
болып корпоративті мәдениет болып саналады.
Өзгерістерге төтеп беру деңгейіне қарай ішкі факторлар объективті және
жүйелік болады. Объективтіге: өндіріс, технология, шикізат, материалдар,
негізгі қорлар және өнімнің өзі жатады. Бұлар құрал – жабдықтың
өнімділігімен, техналогиялық жаңартумен, ресурстарды үнемді пайдалануға
бағытталған шаралармен байланысты. Жүйелікке: ұйымдық құрылым, персоналды
басқару әдістері жатады. Өндіріс тиімділігін басқаруда ерекше рөл
басқаруға беріледі, өйткені оған кәсіпорынның барлық ресурстарын үнемді
пайдалану жауапкершілігі жүктеледі.
Сыртқы орта факторлары тікелей (функционалды) және жанама (жалпы)
әсер етуші болып бөлінеді. Жанама әсер етуші факторлар кәсіпорынға
бағынбайды. Оларға: экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық,
заңдық, технология, бәсеке, сыртқы ортаның халықаралық ерекшеліктері
жатады.
Экономикалық фактор кәсіпорын қызмет ететін аймақтағы жалпы
экономикалық жағдайды көрсетеді(тұтынушылардың сатып алу қабілетін,
жұмыссыздық деңгейін, пайыздық деңгей және т.б.).
Әлеуметтік – мәдени факторлар кәсіпорын қызмет ететін аймақтағы
тұрғындардың салт – дәстүрі, құндылықтары, демографиялық сипаттары өндіріс
тиімділігіне өз әсерін тигізеді.
Өндіріс тиімділігін арттырудың стратегиялық факторы – мемлекттің
халықаралық ережелерін ескеру қажет. Егер кәсіпорын жоғары сапалы өнім
өндірсе оны Еуропада да, Азияда да сатып алады. Саяси құқықтық, заңдық
факторлар белгілі бір территориядағы кәсіпорындардың қызметін
реттейтіндіктен бір – бірімен тығыз байланысты.

1-сурет Кәсіпорнның тиімділігін арртыру факторлары

Тікелей әсер етуші факторлаға кәсіпорын белгілі бір деңгейде
реттей алатын факторлар жатады (жабдықтаушылар, тұтынушылар бәсекелестер,
еңбек нарығы). Көптеген кәсіпорындар жабдықтаушылармен тығыз әріптестік
орнату арқылы өнім сапасын арттырып, үнем жасап, жаңа нарықтарға жедел
шығуға мүмкіндік алуда. Бәсекеде жеңіп шығу үшін тұтынушыларға көп көң-іл
бөліп, оларды тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін ойлап табу қажет.
Еңбек нарығы кәсіпорынға жұмысқа алынуы мүмкін адамдар құрайтындықтан,
олардың біліктілік деңгейінің жоғары болуы тиімділікті арттыруға тікелей
әсер етеді.
Өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жекелей
есепке алу ғана емес, оларды өзара толықтыру және сәйкестендірудің
әдістерін табуды талап етеді.
Осыны жүзеге асырудың нақты дәлелі болып өндірістің тиімділігін
бағалаудың экономикалық көрсеткіштері болып табылады.
Нарықтық экономикада кез келген кәсіпорын жалпы табыс пен жалпы
шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарлатуға тырысады. Алайда әрбір
қоымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін ескеру қажет.
Егер кәсіпорынөнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шығынға
теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті табыстан
арта бастағанда пайда төмендейді. Пайданың қалыптасуының бірінші шарты
шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:
MR=MC
Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы жоғарылататын
кәсіпорындардың іс-әрекетін салыстырайық. Бұл кәсіпорындар іс-әрекеттерінің
ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың әртүрлі болуына
байланысты.
Жетілген бәсеке жағдайында кәсіпорын нарықтық бағаға әсер ете
алмайды. Өнімнің кез–келген көлемі бірдей бағамен сатылады. Орташа табыс
көлемі де өзгермейді және сол бағаға тең болады. Тауардың әрбір келесі
бірлігі алдыңғысының бағасымен сатылады. Бұл жағдайда баға Р орташа табыс
пен шекті шығынға тең болады. Кәсіпорын шекті табыс МR және шекті шығынға
МС тең болған жағдайда, пайданы жоғарылатады. Шекті шығын төмендеп,
сәйкесінше пайда жоғарылаған кезде фирма өнім көлемін көбейтеді. Бұл жағдай
пайданы жоғарылатудың екінші шарты болып табылады. Жоғары пайда теріс шама
болмауы тиіс, себебеі ол жағдайда (баға орташа шығыннан төмен болса)
кәсіпорын өнім өндірмейді. Алайда, егер баға орташа айнымалы шығыннан AVC
жоғары, орташа шығыннан AC төмен болса да өнім өндіре береді. Кәсіпорын
өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық тиімділік көрсеткіштері
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Кәсіпорын қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері
Мұнай саласындағы кәсіпорындардың тиімділігін жоғарылатудағы негізгі бағыттар
Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Меншікті капиталдың рентабельділігі
Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
“Казхром” акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы мен тиімділігін бағалау
Орман шаруашылығының экономикадағы тиімділігі
Пәндер