Шет тілі сабақтарында қолданылатын ойын түрлерін анықтау
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
І Шетел тілін үйрену үрдісінде қызығушылықты арттыру үшін ойын әдістерін қолданудың теориялық қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5
0.1 Ойын ұғымының анықтамасы, ойындардың пайда болу тарихы, ойынның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
0.2 Шетел тілін үйретуде қызығушылықтарды арттыру іс-әрекеттерінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
0.3 Шетел тілін үйренуге қызығушылықты арттыруда ойын әдістерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ІІ Шетел тілін үйретуде оқушылардың қызығушылықтарын ойын арқылы арттырудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Шетел тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін ойындарды қолданудың сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында Қазақстан болашағы - өскелең ұрпақтың жан жақты білімді де білікті болуымен өлшенеді деген болатын. Ел басы өзінің 2008 жылғы 29-мамырда бір топ бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесуінде Тілдердің үш тұғырлығы мәселесіне байланысты ағылшын тіліне деген өзінің ой пікірін төмендегі сөзімен дәлелдеп береді: Ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.
Сондықтанда ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігімен шығармашылығына байланысты. Орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты - оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру - үлкен істін бастамасы [1, 56].
Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орнымен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады деп атап көрсетті. Әр мұғалім күделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс - тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыру керек.
Осы талапты іске асыру үшін әрбір мұғалім инновациялық білім беру технологияларын дұрыс таңдап алып осы әдіс-тәсілдерді сабақ үстінде жүйелі түрде түрлендіріп қолдану.
Ойын мұғалімге балалар ұжымын қалыптастырып, үндемейтін тұйық балаларды белсенді жұмыс жасаттыруда үлкен көмек береді. Шынында да, бала үшін ойын- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс- әрекеттерін, қарым- қатынастарын үйренеді., еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял сияқты психологиялық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды. Сана- сезімі, еркі, өзін- өзі бақылауы, өзінің іс- әрекетінің басқалардың іс- әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетіледі.
Зерттеу өзектілігі: инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі- иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субьектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әр түрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Бастауыш мектептерде, әсіресе ойындық, коммуникативтік, зерттеушілік, сияқты технологияларды қолдану өте тиімді. Коммуникативті ойын кезінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Балалардың сабаққа ынта- ықыласы артады.
Оқушылардың шет тілінде сөйлеуін, оқуға деген ынтасын арттырып, белсенділігін көтеретін-ойын.
Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдіс ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады. Ойын баланың көңілін көтеріп, сергітеді. Оқушылар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, қарым-қатынастарын жақсартады, тапқырлыққа үйренеді. Ойын арқылы оқушылар өздерін еркін ұстап, төмен оқитын оқушының өзі белсенділік көрсетеді. Ойын барысында барлық оқушылардың қызығушылығы артады [2, 29].
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - оқушының қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Бұл жұмыста оқушылардың ағылшын тілі сабақтарындағы педагогикалық үдерісте ойынның барлық маңыздылығы көрсетілген.
Зерттеу мақсаты: ойынды оқушылардың шетел тілін оқытудағы оқу үрдісінің тиімділігін арттыру құралы ретінде қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
oo Ойын ұғымын шет тілін оқыту құралы ретінде талдау.
oo Ойынның негізгі кезеңдерін таңдау.
oo Шет тілі сабақтарында қолданылатын ойын түрлерін анықтау.
oo Шет тілін үйренудің бастапқы кезеңін анықтау және дәл осы сәтте ойынды пайдалану мәнін атап көрсету.
Зерттеу нысаны: ойын мектепте шет тілін оқыту үдерісі ретінде.
Зерттеу пәні: ойын шетел тілін оқытудағы оқу үдерісінің тиімділігін арттыру құралы ретінде.
Зерттеу болжамы: шетел тілі сабағында ойын материалды меңгеру тиімділігін арттырады және оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін арттырады.
І Шетел тілін үйрену үрдісінде қызығушылықты арттыру үшін ойын әдістерін қолданудың теориялық қағидалары
0.1 Ойын ұғымының анықтамасы, ойындардың пайда болу тарихы, ойынның жіктелуі
Ойын ұғымына түсініктеме берсек -- бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі.
Ойын сөзі мағынасының түп - төркіні қуаныш, әзілге сәйкес келеді. Мысалы, Ежелгі Рим халықтарында ойын сөзінің мағынасы қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен ұштасып жатыр, еврей тілінде әзіл мен күлкіні білдіреді, ал қазақ тілінде жас баланың іс - әрекетін, ересектер арасындағы әзілді, қалжыңды меңзейді. Бұл қазақ халқының мақал - мәтелдерінде анық байқалады. Мысалы, Асық ойнаған - азар, доп ойнаған - тозар, кітап оқыған - озар нақыл сөзінде ойын сөзі балалардың іс - әрекетін білдірсе, Әзілің жарасса, атаңмен ойна мақалында ойын сөзі әзіл - қалжыңға сәйкес келеді.
Ойынның пайда болу тарихын зерттеу мәселесі ұзақ жылдар бойы ғалымдардың басты назарында болды.
Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар. Ежелгі уақытта ойынға діни-саяси жағынан мән берілді. Ежелгі гректер құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады. Сондықтан Ф.Шиллер ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы қызметі деп тұжырымдады. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі қатысқан х.
Кеңестік кезде ұлттық ойындардың сақталуы және дамуы тоталитарлық тәртіппен байланысты болды.
Әлемдік педагогикада ойын нақты мақсатқа жетуге бағытталған және белгілі шарттары (ережесі) бар әрекеттерден тұратын, ойынға қатысушылар арасындағы жарыс немесе сайыс ретінде қарастырылды [3, 42].
Ойындардың шығу тарихына үңілсек, алдымен көз алдымызға шахмат және карта ойындары келеді. Көне Үнді елінде дүниеге келген, кейінірек бүкіл әлемді жаулап алған шахмат ойыны о баста соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын үйрету құралы болған. Шахмат ойынында патша (король), патшаның таңдаулы әскері (ферзь), атты әскер (ат), піл әскері (офицер), кеме әскері (ладья) және жаяу әскерлер бір - біріне соғыс жүргізеді. Бертінге дейінгі шахмат ойыны соғыс өнерін үйрететін бірден - бір құрал ретінде саналып келді. Тек ХVІІ ғасырдан кейін ғана бұл ойын бүкілхалықтық сипат алып, өзінің бұрынғы кейпін жоғалтып, адамзаттың қисынды ойлауын дамытатын сүйікті ойын түріне айналды. Карта ойындарының қай ғасырда пайда болғанын ешкім дәл кесіп айта алмайды. Бұл ойын адамдардың тарихымен құрдас болып есептеледі.
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К. Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюллер, В. Фриге, Р. Ван дер Коэй, В. Демин, М. Каган, К. Исупов, т. б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын әрекетінің әлеуметтік жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған [4, 102].
Ойын жөнінде айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандардағы эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан. Ойындар арқылы жас ұрпаққа соғыс өнерін үйреткен, мәдениет пен сөз өнерін дарытқан. Ойындардың жастарды тәрбиелеу мүмкіншіліктеріне аса зор мән берген. Мәселен, сол дәуірде өмір сүрген грек ойшылдары Гераклит пен Платон ойынның философиялық жақтарын ашқан және олардың көзқарастары бірін-бірі толықтырған. Гераклит ойынды шексіз әлемге теңесе, Платон өзінің Мемлекет еңбегінде жас өскінге өмірлік қажетті іс - әрекеттерді үйретуші құралға, өмірге, трагедияға, сезімге жалпы ғарыштық әлемге теңеген.
Антик ойшылдары ойынды адам мен өмір арасындағы байланысқа балайды. Себебі, философия Дүниені, оның құрамына енетін бөлімдерін жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін, жалпы заңдылықтарды ашуға тырысады.
ХVІІ - ХХ ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнықты. К. Гросс адамдар мен жануарлардың ойындарын олардың бойында ген арқылы қаланған инстинкттің әсері деп түсіндіре келе, олар келешек өмірге қажетті дағдыларды ойын негізінде меңгереді деп пайымдаса, Г. Спенсер ойын балалардың ағзасындағы басы отын энергияның әсерінен, күшінің тасуынан пайда болады деп түсіндіреді.
Ойын -- өмірдегі, іс-әрекеттегі пайдасыз және сонымен қатар аса қажетті маңызды құбылыстардың бірі болып табылады. Кеңестік педагогика және психология ғылымдарында ойын К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин еңбектерінде қарастырылды. Ойынды шетел зерттеушілері -- К. Гросс, Ф. Шиллер, Г. Спенсер, З. Фрейд, Ж. Пиаже және т. б. зерттеді.
Осы теориялардың арасында К. Гросстың теориясы көпке белгілі. Ол ойынды баланы болашақ іс-әрекетке даярлау қызметін атқарады, сондай-ақ сол ойында жаттыға отырып, өз қабілетін жетілдіреді деп қарастырды. Бұл теорияның құндылығы, ойынды дамумен байланыстыруында, ал кемшілігі - ойынға итермелейтін себеп, мотивтерді ашпайды. Ол адам ойынын жануарлар ойыны тәрізді түсіндіре отырып, оны биологиялық факторлармен, инстинктпен байланыстырып қателік жібереді.
Ф. Шиллердің ойын жалғастырған Г. Спенсердің теориясы бойынша ойын барысында бала өзіндегі артық күшін сыртқа шығарады. Ойынның мотивін ашуға талпына отырып, К. Бюллер ойынның негізгі мотиві ретінде қанағаттан (нәтижесіне қарамай-ақ әрекеттің өзінен қанағат алу) теориясын ұсынды.
Г. В. Плеханов ойынды еңбекпен байланыстырды. Г. В. Плехановтың пайымдауынша, ойын еңбекке еліктеуден пайда болған еңбектің нәтижесі. Ойын -- балалардың еңбегі. Сондай-ақ еңбек оның мазмұнын анықтайды, дәл тұжырым жасайды. Ертедегі ойындардың мазмұнынан соғыс, аңшылық орын алды. Ең әуелі соғыс, содан кейін осы соғысты бейнелейтін ойынның болғаны еш күмәнсіз. Сөйтіп, Г. В. Плеханов ойынды балалармен біріге отырып, ойын міндеттерін шешу барысында тиісті жағдайларды қалыптастыра білуді де ойластыруы қажет деп тұжырымдайды [15, 56-69].
Г. В. Плехановтың осы ойын кеңестік кездегі ғалым Д. Б. Эльконин ойын, ең әуелі, үлкендердің іс-әрекеті ретінде пайда болды деп жалғастырады. Зерттеушілердің пікірінше, балалар ойыны осылай пайда болған.
З. Фрейдтің теориясы бойынша ойында өмірде нені жүзеге асыру мүмкін болмады, соны бастан өткізуге, көруге болады.
С. А. Шмаковтың пайымдауынша, ойынның табиғаты -- бұл оның құндылығы, яғни қуанышты сезімі, сергектік, өмірге белсенді кірісу, қиялы, эмоциясы.
И. Хейзинга ойынды бүкіл мәдениетке, өнерге теңеп, оған поэзияны, би өнерін, салт - дәстүрлердің барлығын енгізеді. Ал неміс философы И. Кант ойынды қоғамға тән құбылыс ретінде танып, Г. Спенсердің көзқарасын ұстанады.
Р. Вандер Коэй мен Г. Мейес ойынның когнитивтік және эмоционалдық аспектілерінен басқа оның әлеуметтік аспектісін айқындаған. Балалардың ойынына жолдастары, ата - аналары, мұғалімдер мен ойыншықтары әсер ететіндігі дәлелденген. Олар үш аспектілердің ішінде әлеуметтік (қоршаған орта) аспектісі басым деп тұжырымдайды.
Кеңес философтары М. Каган, В. Демин ойынды адам әрекетінің құрамдас бір бөлігі деп қарастырғаны белгілі.
Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде - ақ атақты ғұлама ойшылдар, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап оны іске асыру жолдарын ұсынған. Ертедегі ұлы ойшылдар Я. Коменский, Ж. Руссо, Дж. Локк, И. Пестолоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген [5, 106-109].
Я. Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс - әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетеді.
Дж. Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа, ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж. Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады. Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған. Дж. Локк та, Ж. Руссо да ең бірінші орынға баланың дамуын, білім алып тәрбиеленуін ойын арқылы жүзеге асырылуын қойған.
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф. Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептеледі, ол қимыл - қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдылары мен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ, Ф. Фребель ойындарының мазмұны баланың ой - өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В. А. Сухомлинский, С. П. Шацкий және Н. К. Крупская өз пікірін білдірген.
К.Ушинский: Сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу үрдісін жеңілдетеді. Ойынды балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс-әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі, ерік-жігері қалыптасады,- деген ой айтады.
Н. Крупская: Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген,- деген пікір айтады.
В. Сухомлинский: Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты,- деген ой айтады.
А. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате. Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді.
Ал, Бабанский: Ойын бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың әдісі,- деп қараған.
С. А. Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
* еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты;
* әрекеттің эмоционалды жағынан көтерінкі болуы, яғни жарыстың орын алуы;
* ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар [6, 25-28].
Ойынның, әсіресе балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын кезінде балалардың ортамен қарым - қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез - құлқы қалыптасады, ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды.
Ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен көрнекті психологтар: Л. Занков, Л. Выготский, Д. Узнадзе, С. Рубинштейн, А. Леонтьев, Д. Эльконин, А. Люблинская, В. Мухиналар айналысты [7, 54].
Д. Эльконин төменгі сыныптағы бала психикасының дамуында ойынды жетекші іс - әрекет сөз тіркесімен сипаттайды. Д. Эльконин еңбектері балалар ойынының әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді, ол ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды.
Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлттық ойынның тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. А. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Г. С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов, т. б. болды делінген .
Егер адам өмірінде қарым-қатынас жасау ең алғашқы қажеттіліктердің бірі екендігі дәлелденсе (Божович Л. И., Запарожец А. В., Лисина М. И., Любминская А. А., Шерьязданова Қ. Т. және басқалары), онда қарым-қатынас дара түрде қарастырылып оны жетілдіру әдіс-тәсілдерін құрастыру мүмкін емес. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін жағдайға талдау жасауды қарым-қатынаспен тығыз байланыста қарастыру қажет екендігі белгілі. Артемова Л. В., Кушина В.Ф., Иванова Р.А., Тетлицкая И.Б., Щербакова Е.И., зерттеулерінде ойын әрекетіне (жағдайға талдау жасауды қарым-қатынаспен тығыз байланыста) қатысты дағды мен икемділікті жетілдіруді балалардың өз қатарластарымен және ересектермен қарым-қатынасты тиімді жасаудың алғы шарты деп қарастырылады.
Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетте балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Ойынның элементі барлық белгілі мәдениеттерде кездеседі. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол -- ойын [8, 67].
Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш рет оны Анна Фрейд II-ші дүние жүзілік соғыс кезінде Лондонды бомбылауды бастарынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған. Егер бала өзінің қайғы-мұңын ойында көрсете алса, онда ол қорқыныштан арылады және оның басынан кешкені психологиялық жарақатқа айналмайды.
Ойын арқылы әсер етудің дамуындағы екінші ірі бағыт 30-шы жылдары Дэвид Левидің жұмысында алдын-ала құрылған ойындар мен әсер етудегі қандайда бір психологиялық жарақат жағдайды басынан өткізген балалармен жұмыс істеу кезіндегі әсер ету жайлы ойлар дамыды. Леви ойын балаларға әсер ету мүмкіндігін береді деп сендіруге ықпал жасайды.
Джесеп Тафт пен Фредерик Аленнің көңіл қою ойыны деп аталатын зерттеулерінің шығуымен байланысты ойынмен әсер етудің үшінші маңызды бағыты болып табылады.
Ойын әсерінің төртінші ірі бағыты болып Вержинин Экслайп жұмысы табылады. Ол ойынның принципін жақсы қолданады (мысалы, индивидтің өсуге талпынуы, индивидтің өзінің дамуын басқара алу қабілеті).
Ә. Диваев Игры киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады [9, 17].
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Ойын әрқашан жеңіске қалай айтуға шешім қабылдауды болжайды. Бұл оқушылардың ойлау әрекетін шиеленістіреді. Осы ойында балалар қоғамдық функцияларды, мінез-құлық нормаларын меңгереді.
0.2 Шетел тілін үйретуде қызығушылықтарды арттыру іс-әрекеттерінің түрлері
Біздің елімізде байқалып отырған шетел тілдерін оқуға деген қызығушылықтың артуы басқа елдерде де орын алып отыр. Оның артында таза практикалық қызығушылық ғана емес, халықтардың бір-біріне өсіп келе жатқан орналасуы, жан-жақты қарым-қатынас қажеттілігі, әлемдік қоғамдастықтың қарым-қатынастағы үйлесімділікке ұмтылуы, ең бастысы, қазіргі ұрпақ арқылы жаңа қарым-қатынасты қалыптастыру ниеті тұр.
Шет тілі құралдарымен білім беру оқытылатын тіл елінің мәдениеті, тарихы, шынайылығы мен дәстүрі туралы білімді, оқушыларды мәдени диалогқа енгізуді, басқа ұлттардың жетістіктерімен танысуды және олардың жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесін көздейді.
Осылайша, білім беру жүйесінің алдында оқушыларды, өзге де әлеуметтік дәстүрлермен, қоғамдық құрылыммен, тіл мәдениетімен ел өкілдерімен мәдени, кәсіби және жеке қарым-қатынас жасауға дайындау міндеті тұр [10, 7].
Оқушыларды шет тілін үйренуге ынталандырудың көптеген жолдары бар, мұғалім шет тілін оқытудың басты мақсатына жету үшін мотивациялық құралдар мен тәсілдердің барлық арсеналдарын елестету керек.
1. Сабақта қолайлы атмосфера құру
Шетел тілін үйренуге және қарым-қатынасқа деген мотивацияны сыныпта тілектестік атмосферасын құрмай жасау мүмкін емес. Сабақта табысқа жету жағдайын жасау қажет. Балалардың өз күшіне сенім мен оптимизм сезімін тәрбиелеу маңызды. Ол үшін мұғалім оқушылар мен әріптестеріне оптимистік көңіл-күй сыйлауы тиіс. Балалардың тапсырманы орындау кезінде жұмсаған күш-жігеріне назар аудару керек. Балаға табыс сәтсіздіктен құралатынын айту керек. Балаларды өздерінің ғана емес, сондай-ақ корпоративтік жетістіктерін бағалай білуге үйрету маңызды.
2. Желілік қарым-қатынас
Шет тілі мұғалімдеріне арналған сайттарда шетелдік құрдастарымен хат алмасу сайттары бар, онда қызығушылық танытқан оқушылар хат жазысуға достарын жеткізе алады. Бұл шет тілінде тәжірибе алмасудың, өз тілдік дағдыларын жетілдірудің тамаша мүмкіндігі.
Оқушыларды оқу блогтарында, желілік конкурстарда және дистанциялық олимпиадалар мен жобаларда жұмысқа тарту бойынша белсендендіру қажет. Мұндай жұмыс танымдық қызығушылықты белсендіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, үлкен ақпараттық кеңістікте бағдарлауға үйретеді.
3. Тіл тасымалдаушылармен кездесулер мен пікірталастар
Тіл тасымалдаушылармен кездесулер мен пікірталастар-оқушылардың шет тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыратын тағы бір стимул. Пікірталастар кезінде мектеп оқушыларында тіл тасымалдаушылармен ауызша сөйлеуге және тыңдалым дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өз тіл деңгейін нақты бағалауға мүмкіндік бар, бұл көпшілікті шет тілін тереңдетуге мәжбүр етеді. Ауызша сөйлеуді меңгерген оқушылар үшін өз ой-пікірін нақты және айқын білдіру және пікірталаста өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік бар. Пікірталас барысында оқушылар тіл тасымалдаушылармен қарым-қатынас тәжірибесін игеріп қана қоймай, шетелдіктермен алғашқы қарым-қатынас кезінде туындайтын психологиялық кедергілерді жеңеді.
4. Нақты материалдармен жұмыс
Шет тілін оқыту маңызды білім беру мақсатын көздейді - оқушыларды Оқытылатын тіл елінің мәдениетін әлемге енгізу, оларды мәдениетаралық деңгейде қарым-қатынас жасауға дайындау.
Тіл тасымалдаушылармен барабар қарым-қатынас және өзара түсіністік іскерлігін дамыту әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктің қалыптасуын білдіреді. Бұл үшін шет тілдері бойынша қазіргі заманғы ОӘК дәлме-дәл материалдарды қамтиды, бұл оқу материалдарының мазмұнын оқушы күнделікті өмірде болуы мүмкін нақты жағдайларға жақындауға мүмкіндік береді. Грек тілінен аударғанда "түпнұсқалық" "түпнұсқалық"дегенді білдіреді. Бұл термин көбінесе сабақта қолданылатын мәтіндерді сипаттау үшін қолданылады. Бастапқыда оқу мақсаттарына арналмаған мәтінді дәстүрлі түрде бірдей деп санауға болады. Алайда "дәлме-дәлдік" ұғымы оқу үдерісінің басқа тараптарына таралады.
6. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Қазіргі мұғалімнің негізгі құзыреттілігінің бірі-сабақтарда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана білу. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқушыларға уақытпен бірге жүруге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар оқыту процесін қызықты етеді. Бұл технология оқытуды проблемалық, шығармашылық, зерттеу белсенділігіне бағытталған етеді.
Электрондық құралдармен жұмыс маңыздылығы жағынан маңызды болып табылады. Мұндай жұмыс үнемі оқушыларға қызықты, тіл тасымалдаушылардың сөйлеу әрекетінің әр түрлі түрлері бойынша материалмен жұмыс істеуге немесе оның еліне виртуалды саяхат жасауға болады, ал өз білімін тексеруге болады, қиындық дәрежесі бойынша оқу тапсырмаларын ұсынуды реттеуге мүмкіндік береді.
7. Желілік конкурстар мен олимпиадаларға қатысу
Қашықтықтан өтетін олимпиадаларға қатысу оқушылардың білім деңгейін арттыру, өзін-өзі жетілдіру және оқытудың тиімді тәсілі болып табылады. Қашықтық олимпиадалар оқушыларды өз білімдерін тексеруге, өзін-өзі бекітуге, емтиханға дайындалуға, өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға ынталандырады. Қашықтықтан өтетін олимпиадаларға қатысу мектеп пәндерін тереңдетіп оқытуға әкеледі, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады,сондай-ақ шет тілін үйренгісі келетін және жоғары сыныптарда шет тілін қарқынды оқуды жалғастырғысы келетін оқушыларды анықтайды.
8. Музыка
Музыка-оқушылардың сезімдері мен эмоцияларына әсер етудің ең қуатты тәсілдерінің бірі. Музыка мен ән шет тілін үйренуде баға жетпес көмек көрсете алады. Ән энтузиазмның үлкен құлшынысын тудырады және жағымды және сонымен қатар, шет тілді елдердің мәдениетін зерттеуге ынталандыратын тәсіл болып табылады. Сабақ соңында басынан ұшып кететін грамматикалық құрылымдарға қарағанда, жақсы әндер ұмытылмайды, әндер ұзақ өмір сүре алады және біреудің мәдениетінің бір бөлігі бола алады
9. Драматизация
Драматизация тәсілдері сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін дамытуға, сондай-ақ ассоциативті ойлауды, есте сақтауды, ұжымда қарым-қатынас дағдыларын, оқушының шығармашылық бастамаларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Драматургия барысында оқушылар диалогтік сөйлеудің дағдылары мен дағдыларын жетілдіреді, өз рөлдерін мәнерлеп оқуға үйренеді, сахналық грамотаның кейбір элементтерін меңгереді. Драматургияның ерекшелігі-тілмен және материалдың сөйлеу жағынан бір уақытта оның сахналық көрінісімен жұмыс жүргізіледі. Жас әртістерге ойналатын диалог барысында қалай дұрыс қозғалатынын, қимыл-қимыл мен мимиканы меңгеруді, көрермендерге естігенде жақсы дикциямен дауыстап сөйлеуді көрсету қажет. Мәні драматизации игеруде іскерлік пен дағдылары сөйлеу әрекетінің анықталады, өйткені ол жоққа шығарады және механикалық ойнату материал. Драматургия барысында нақты жағдайлармен тікелей байланыс орнатылады, бұл тілдік материалды меңгеруге және оқытылатын тілде қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.
10. Ойын
Коммуникативтік-іс-әрекет әдістемесі Шетел тілі сабақтарында нақты қарым-қатынасқа жақын жағдай жасауды көздейді. Мұндай жағдайлар оқу-сөйлеу жағдайларының көмегімен жасалады: олар қарым-қатынасты ынталандырады, оқушылардың пікірін ынталандырады және оқытылатын тілдік материалды жандандыруға мүмкіндік береді. Жаттығу кезеңінде ойын жағдайларын жасаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі тілдік және сөйлеу ойындары болып табылады. Ойын тапсырмаларын шешу кезінде сөйлеу белсенділігі ой және эмоционалдық үйлеседі: ойында тез шешім қабылдау, тапқырлық пен тапқырлық, қиялды көрсету, рөл атқару қажет. Ойын кезінде оқушылар үнемі сөйлеу дайындығында болады, мұғалімдер мен бір-бірін мұқият тыңдайды; сөйлеу үлгілерін және оқитын сөздерді шаршамай және скукисіз бірнеше рет қайталай алады. Бұл жағдайда лексикалық және грамматикалық материалды жақсы меңгеруді қамтамасыз етеді [11, 21-24].
Ойын жағдайлары әрбір сабақта нақты тілдік материалды қолдануды ынталандырумен ғана емес, сонымен қатар қолайлы психологиялық климат туғызумен де құнды. Ойын оқушылардың өзіне сенімсіз сөйлеуіне және сенімсіздік кедергісін жеңуіне мүмкіндік береді [12]. Ойында әркім рөл алады және сөйлеу қарым-қатынасында белсенді серіктес болуы керек. Ойындарда оқушылар әңгімелесуді бастау, оны қолдау, әңгімелесушіні тоқтату, қажетті сәтте оның пікірімен келісу немесе оны теріске шығару, нақтылайтын сұрақтар қою сияқты қарым-қатынас элементтерін меңгереді. Ойын бастауыш және орта кезеңдерде ғана емес, сонымен қатар оқытудың озық кезеңдерінде де тиімді.
0.3 Шетел тілін үйренуге қызығушылықты арттыруда ойын әдістерін қолдану
Шет тілі сабағының тиімділігін арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын мәселе. Білім деңгейі, пәнге деген қызығушылық сабақтың сапасына байланысты. Ынтамен жұмыс істейтін, өз жұмысын сүйетін және балаларды түсінетін мұғалімдер үнемі білім алушылардың ойлау қызметін жандандыратын шет тілін оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін іздейді, оқу процесін сапалы, тиімді және сонымен қатар тартымды әрі қызықты етуге мүмкіндік береді [13, 12].
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің бірі оқу қызметінің қандай да бір түріне стандартты емес, бірегей формаларды беру болып табылады. Соңғы уақытта шет тілін оқытудың ойын нысандарын пайдалануға көп көңіл бөлінеді.
Ойын шет тілі сабағында коммуникативтік бағытты құрудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Кіші кезеңде ол сабақтың қажетті компоненті болып табылады. Ол оқу процесін айтарлықтай қарқындатады.
Ойын балалардың қызығушылығы мен белсенділігін тудырады және оларға өздерін қызықтырған іс-әрекеттерде көрсетуге мүмкіндік береді, өзге тілді сөздер мен ұсыныстарды тез әрі берік есте сақтауға мүмкіндік береді. Бұл материалды білу ойынға белсенді қатысудың міндетті шарты, ал кейде ұтыстың міндетті шарты болып табылады [14, 59]. Ойын тек қана жетілдіруге, сонымен қатар жаңа білім алуға мүмкіндік береді, өйткені жеңіске ұмтылу ойлауға, өткенді еске алуға және барлық жаңалықтарды есте сақтауға мәжбүр етеді. Ойынның тағы бір шарты-оның балаларға қол жетімділігі.
Ойын балалардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-қатынас жасауға ұмтылысын белсендіреді, сөйлеу серіктестігінде теңдікке жағдай жасайды, мұғалім мен оқушы арасындағы дәстүрлі кедергіні бұзады.
Сондай-ақ, мұғалім әуестеніп, оқушыларды ойынға қызықтыруы маңызды. Әлбетте, бұл үшін өзіңізді қызықтыруыңыз керек. Мысалы, егер ойын бастапқы бекіту кезінде жаттығу жаттығулары ретінде пайдаланылса, онда оған сабақтың 20-25 минутына алаңдауға болады.
Одан әрі сол ойын 3-5 минут бойы өткізілуі мүмкін және өткен материалды қайталауға, сондай-ақ сабақта қайталауға қызмет етеді. Бірнеше грамматикалық ойындар, мысалы, жаңа материалды енгізгенде тиімді болуы мүмкін.
Жеке және тыныш ойындарды сабақтың кез-келген сәтінде орындауға болады, ұжымды сабақ соңында өткізу керек, өйткені оларда жарыспалылық элементі айқын көрінеді, олар қозғалушылықты және т. б. талап етеді.
Ойын кезінде қателіктерді бекітуге келетін болсақ, мұғалімнің оны оқушыларды алаңдатпай, олардың қызметін ынталандыру ойынның ауызша өтуі, ұжымда дұрыс тұлғааралық қарым-қатынас жасау үшін қажет.
Ойындардың көпшілігі жарысқа салынған. Бұл ретте ойын оқушылар саны бойынша және олардың білім деңгейі бойынша тең болуы тиіс топтарда (сынып топтарға бөлінеді) өткізіледі. Егер топта мұғалімнің өзі балалардың дайындық деңгейін және олардың қарым-қатынастағы басымдықтарын ескере отырып бөліссе жақсы [15, 98].
Өзіндік жұмыс барысында әр топта жақсы дайындалған, оның командасы мүшелерінің сөздерінің дұрыстығын бақылай алатын оқушы болуы тиіс. Мұндай оқушы мұғалімнің орнына төреші рөлін атқара алады. Кейбір ойындардағы жауаптарды бақылауды командалар бір-бірін бағалай отырып, өздері жүргізе алады. Бағалаулар салыстырылады және деректерден объективті қойылады.
Бұл ретте ұпайларды дәл есептеу және жеңімпаздарды анықтайды. Болуы тиіс ойластырылған және ерекше акцентированы. Ойынның қатысушылары алған ұпай санын көрсететін кестені енгізіп, тоқсанның соңында қорытынды жасап, ойында үздіктерді анықтап, тіпті кішкентай жүлделерді табыс еткен жөн.
Ойын барысында ұпайларды санау үшін фишкалар жасау және ойын барысында оларды тарату керек, бұл оның қарқынын баяулатпайды. Бірнеше ойындарда жеңімпаз жинақтау әдісімен анықталады, яғни тапсырманы орындай алмаған ойыннан шығады.
Тәжірибе көрсеткендей, мұндай тәсіл балаларды қызықтырып, кім жеңетінін білу қызықты емес, олар ойынға жанама қатысуды жалғастыруда. Дегенмен, мұнда көп нәрсе мұғалімнің шығармашылығына байланысты: жоққа шығарылмаған, мұғалім сыныптың жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін бағалаудың тәсілін табады.
Шет тілін оқытудың ойын тәсілдерін жұптық жұмыста қолдануға болады, бірақ бұл ретте жұмысты мұғалім бақылап отыруы маңызды, әйтпесе балаларда жұмыс ынтасын және сабаққа деген қызығушылықты жоғалтуы қажет [16].
Әрине, шет тілі сабағы-бұл тек ойын, сенім және жалпы ойын атмосферасы мен ойындардың арқасында пайда болған мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы ғана емес, балалардың күрделі әңгімеге, кез келген нақты жағдайларды талқылауға арналған сабақ болып табылады.
Оқыту барысында шығармашылық және белсенді тұлғаны дамытуға, жаңа пәнді оқуға қызығушылығын арттыруға, бастауыш сынып оқушылары үшін ағылшын тілі қандай болып табылатынына баса назар аударған дұрыс.
Пәнге деген белсенділік пен қызығушылықтың өзі жиі туындайды, ол мақсатты педагогикалық әсерлердің және оқу қызметін дұрыс ұйымдастырудың, яғни қолданылатын педагогикалық технологияның нәтижесі болып табылады.
Оқу процесіне шебер енгізілетін ойын технологиялары көптеген білім беру мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі, атап айтқанда:
* жаңа материалды енгізу және бекіту;
* ойын-бұрын өткен материалды қайталаудың жақсы тәсілі;
* ойын-бұл сабақта белсенді жұмыс істеу тәсілі;
* ойын-оқушылардың назарын аудару үшін қызмет ауысымын өте жақсы қабылдау;
* ойын барысында ол өз қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Оқыту ойындары шаршауды жеңуге, тілдік және психологиялық кедергілерді жеңуге көмектеседі [17, 63].
ІІ Шетел тілін үйретуде оқушылардың қызығушылықтарын ойын арқылы арттырудың әдістемесі
2.1 Шетел тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі [18, 125].
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін- деді. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.
Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады [19].
Ойындарды екі бөлімге бөлуге болады.
Бірінші бөлім сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографиялық ойындар құрайды. Осыдан оның атауы "дайындық ойындары". Бөлім грамматикалық материалдарды меңгеру, ең алдымен, оқушылардың белсенді сөйлеуіне көшу мүмкіндігін туғызады. Көп рет қайталауды талап ететін грамматикалық құрылымдарды қолданудағы оқушылардың жаттықтыру балаларды өзінің біртектілігімен шаршатады, ал жұмсалған күш-жігер жылдам қанағаттана бермейді. Ойындар қызықты және қызықты жұмыс жасауға көмектеседі. Грамматикалықтан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz