Психика мен сананың өзара байланысы туралы түсініктер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Психика мен сананың өзара байланысы туралы түсініктер. »
Қабылдаған:
Тобы:126-38а
Орындаған: Нарбекова Н.
Шымкент-2019
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Психика мен сананың өзара байланысы туралы түсініктер
2. 2 Инстинкт, интеллект үғымына түсінік беру
2. 3 Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Психика- даму процесінде пайда болған материя қасиеттерінің бірі. Органикалық емес материяның мүндай қасиеті болмайды: ол түсіне дс, ойлай да алмайды. Органикалық дүние көлемінде де материяның бэрінде бірдей психика бола бермейді. Түсіндіре жэне ойлай алатын материяға жсту үшін тірі табиғаттьгң ұзақ уақыт дамуы керек болды. Адам психикасы жоғары дәрежеде ұйымдаскан материяның ерекше қасиеті-мидың қасиеті. Бұл қасиет- айналадағы дүниені бейнелендіру. Дүниеге материалистік көзқарас материяның дамуы жөніндегі ғылымға негізделеді. Тіршіліктің пайда болуы, яғни тірі немесе органикалық материяның шығуы-материяның дамуыкдағы белгілі бір кезең больга саналады. Органикалық емес материядан пайда болған тірі материяның өзінің өлі материяға карағанда ерекше қасиеттері бар. Бүл касиеттердің ішіндегі сң бір бастысы- тітіркенушілік. Сонымен психика тірі материяның барлығында бірдей бола беретін қасиет емес. Ол органикалык материяның жоғарғы формаларының қасиеті болып табылады.
Сана- объективті шындыкты тану, адам психикасының ең жоғарғы түрі. Сана адамның өзіне, табиғатка, басқа адамдарға қарым-қатынасын сезіне алдына мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сана эрбір жеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдық санада болады, адам сапасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмыс ықпал жасап отырады. Адамның психикасы, санасы оның қоғамдық қызметтері мен түрмыс жағдайларына байланысты дамиды.
Психика мен сананың өзара байланысы туралы түсініктер
Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективті құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік . Бірінші түсінік бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі (рефлексия) жоғарғы дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуінде бір емес екі бастама: материалдық және идеалдық. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін, бір-бірінен шықпайтын жеке бастамалар. Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде пайда болды. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.
Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты болжамды А. Н. Леонтьев өзінің «Психиканың даму проблемасы» еңбегінде ұсынады. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К. Э. Фабри болды. Ол жануарлар психолгиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып дәледемелер келтіреді. Сондықтан оны Леонтьев-Фабри концепциясы дейді. Бұл концепцияда екі стадия. Бірінші - элементарлы сенсорлы психика стадиясы - ол екі деңгейлі: жоғарғы және төменгі. Екінші-перцептивті психика стадиясы. 3 деңгейден тұрады: төменгі, жоғарғы, ең жоғарғы
Инстинкт, интеллект үғымына түсінік беру
Инстинкт (лат. іnstіnctus - түйсік) - организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын туа біткен реакцияларының (мінез-құлық актілерінің) жиынтығы; күрделі шартсыз рефлекстер. Инстинкт жануарлардың тіршілік жағдайларына бейімделу формасы болып саналады; мысалы, үйрек балапанының жұмыртқадан шыға салысымен суда жүзуі. Инстинкт (латынша іnstіnctus - түйсік деген ұғымды білдіреді) туралы түсініктер ежелден белгілі. Ежелгі грек философы Хрисипп (біздің заманымыздан бұрынғы 250 - 208/205) инстинкт деген ұғымды құстар мен кейбір сүтқоректілердің мінез-құлық әрекетін сипаттауда қолданды. Француз ойшылы әрі дәрігері Жюльен Ламетри инстинкт жан-жануарлардың бүкіл дене құрылымымен, жүйке жүйесімен байланыста болатынын атап көрсетті. Чарлз Дарвин инстинкт - жануарлардың бір түріне ғана тән, кездейсоқ пайда болатын, өте қажетті және тұқым қуалайтын қабілетінің қалыптасуы екенін дәлелдеді. Ал Иван Сеченов пен Иван Павлов инстинкттің рефлекторлық сипатын анықтады. Биологиялық маңызына қарай инстинкт: қоректік (олжасының ізіне түсу, азық жинау, т. б. ), қорғаныстық немесе сақтық (қатер төнгенде айбат шегу, тырнау, қозғалмай қатып қалу, т. б. ), жыныстық (уылдырығын шашу үшін балықтардың ағынға қарсы немесе ағын ығымен ауа жүзуі), т. б. түрлерге бөлінеді. Барлық бейімделу факторлары сияқты инстинкт орта жағдайының өзгеруіне байланысты өзінің мәнділігін жоғалтуы мүмкін. Құстар мен сүтқоректілерде инстинкттің экстраполяция деп аталатын ерекше түрі де кездеседі. Бұл жануарларға ортаның құбылмалы жағдайын дұрыс бағдарлауға мүмкіндік береді. Кейде олар келе жатқан апатты (мысалы, жерсілкінуді) алдын-ала сезеді. Адам инстинкті тәрбие процесі кезінде қалыптасып, көбінесе, оның саналы іс-әрекетіне бағынышты болады. Сәбилерде инстинкт ми қызметінің толық қалыптасуымен байланысты дамиды. Инстинкт туралы алғашқы ұғымдар оны саналы әрекетке, туа пайда болатын мінез-құлықтың жүре қалыптасатынына қарсы қоюға себепші болды. Этология мен мінез-құлық генетикасының табыстары бұл қарама-қарсы қою принципін жойып, мінез-құлық әрекетінің генетикалық негізі болатыны жайлы тұжырымдаманы қалыптастырды. Осыған байланысты қазіргі кезде «инстинкт» деген термин әлеуметтік ғылымдарда сирек қолданылады.
Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz