Тұлғаның имплицитті теориясы өңдеу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Жеке тұлға теориялары мен типологиясы. »

Қабылдаған:

Тобы:126-38а

Орындаған: Нарбекова Н.

Шымкент-2019

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Жеке тұлға туралы түсінік

2. 2 Жеке тұлға теориялары

2. 3 Жеке тұлға типологиялары

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі - биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша: “Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу”. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. С. Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі - жеке адамның мәнді белгілері. Жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамиды және қалыптасады. Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі.

Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие - сыртқы әсерлер: табиғи икемділік пен құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы - ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың байланысынан болады.

А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, А. З. Запорожец т. б. ғалымдар Пиаженің баланың психикалық дамуын әлеуметтік қатынастар жүйесіне біртіндеп және өте жай уақытта кіретін индивид ретінде қарастыруын сынға алған. Индивидтің қоғамнан тәуелсіз болуы мүмкін емес. А. Н. Леонтьевтің пікірі бойынша баланың қоршаған заттық әлемге қатынасы үнемі қоғамды, әлеуметтендірілген. Пиаже еңбектеріндегі «бала-зат» қатынасына қарағанда, Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин т. б. көзқарастары бойынша «бала-ересек адам-зат» қатынасы әлдеқайда дұрыс.

Жеке тұлға теориялары

Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады. [2]

Тұлғааралық қатынас [өңдеу]

Тұлғааралық қатынас - этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т. б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т. б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.

Тұлғалық белгілер [өңдеу]

Тұлғалық белгілер - адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы - негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.

Тұлғаның бағыттылығы [өңдеу]

Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы - білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.

Тұлғаның имплицитті теориясы [өңдеу]

Тұлғаның имплицитті теориясы - белгілі бір адамның даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің негізінде бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі ретінде түсінігін белгілейтін ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. Тұлғаның имплицитті теориясы- адамдар туралы мағлұматтар жеткіліксіз болған жағдайда, олардың сыртқы пішіні, қылығы және тұлғалық қасиеттеріне байланысты өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер туралы теория.

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы [өңдеу]

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы - адамның өз өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын өзінше таңдауы. Тұлғаның үміттену деңгейі - адам үміттенетін мақсат деңгейі. [

Жеке тұлға туралы теориялардың ішінде бізді қызықтыратыны баланың нағыз адами қасиеттерді меңгеруін түсіндіретін теориялар. Оларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғалық белгілер
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері
Тұлға туралы ақпарат
Тұлға және даралық туралы
Тұлға туралы мәлімет
Неке мен отбасылық қатынастың мәні және оның тарихи дамуы
Жеткіншектік шақта дамудың психологиялық ерекшеліктері
Жарнама туралы түсінік
ИМПЛИЦИТТІ МАҒЫНА
Тілдік бірліктер және сөйлеу мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz