Түйсіктің қасиеттері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Түйсіктің компенсаторлық мүмкіншіліктері»

Қабылдаған:

Тобы:126-38а

Орындаған: Нарбекова Н.

Шымкент-2019

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Түйсік туралы түсінік

2. 2 Түйсіктің компенсаторлық мүмкіншіліктері

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан (психикалық) дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз.

Түйсіну дегеніміз - дүниені танып-білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды. Ол - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік - сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы - осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де адамға осы баспалдақ арқылы жетеді.

Адамның дүние шындығы мен болмысын танып-білуі - диалектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның «нақты пайымдау» не «тікелей таным процесі» деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процестері сыртқы заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік - тікелей танымдық процесс. Адамның дүниені танып-білуінің жоғары сатысына жататын процестер - ойлау, қиял, ес те түйсікке сүйене отырып дамиды.

Түйсік себепсіз тумайды. Оның себепшісі - адам айналасындағы реальдық шындық. Сол шындықтың адам сезімдеріне әсер етуіне байланысты ғана ми бейнеленуінен барып түйсік туады. Сонымен сезімдік тану негізінде түйсік жатыр. Түйсіктің өмірлік мәні оның

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.

Түйсік процесі шығу үшін: - сезім органдарымызға (көзге, құлаққа, терімізге) сыртқы жағынан (ортадан, дүниеден), сыртқы тітіркендіргіштердің (заттың немесе процестің) әсері болуы керек.

Мысалы: көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол нерв талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады.

Түйсік дүниені танып білудің алғашқы жолы - (тікелей көру, есту, сезім мүшесі арқылы) .

Түйсіктің физиологиялық механизмдері адамдық I- хабардық (сигналдық) жүйеде бейне мен сөздің, өзара әрекеті үстінде пайда болуына байланысты.

Таным процесінде - түйсінудің ролі жануарларда - айнала қоршаған дүниеде бағдар анықтаудың жоғарғы формасы.

Адамда - танымның бастапқы сатысы бұл да түйсіктің бейнелеулік өзгешелігін көрсетеді.

Түйсіктің физиологиялық негіздері.

  • Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады.
  • Сезім мүшелері дегеніміз - дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға мамандалған анатомиялық-физиологиялық аппарат. И. П. Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын талдағыш (анализатор) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіріледі.

Адамдар мен жануарларла көптеген анализаторлар бар. Олар: көру, есту, қозғалыс, дәм, иіс, тері. Механизм, дәлірек айтқанда организмнің арнаулы нервтік механизмы, адамның өзін-өзі басқаратын системасы. Түйсіктің физиологиялық негіздері осы анализаторларда іске асып отырады. Анализатор - сол нерв системасының негізгі информациялау мүшесі. Организм барлық анализатордан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына қарай орталық нерв системасындағы функцияларын реттеп отырады, И. П. Павлов үлкен ми сыңарлары тітіркеншілікке анализ жасау органы дейді.

Түйсік туғызатын бүкіл физиологиялық аппаратты анализатор деп атайды.

Сезім мүшесінің басты бөлігі - сезгіш нервтердің ұштары. Оны рецептор деп атайды. Көз, құлақ, мұрын тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің пецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Жауап қайыру реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі.

Түйсіктерді топтастырудың негізгі принциптері. В. Вундтың энергетикалық жіктеуі. Ч. Шерингтон бойынша рецепторлардың жіктелуі. Х. Хед бойынша сенсорлық процестердің эволюциялық жіктелуі. Сезімталдық, сезімталдық табалдырықтары. Түйсіктің заңдылықтары. Синестезия, сенсибилизация, адаптация, түйсіктердің өзара байланысы.

Түйсіктер сезім мүшелерге байланысты көру, есту, тері, иіс, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрлерге бөлінеді.

Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі. Х. Хед бойынша сенсорлық процестердің эволюциялық жіктелуіқолданылады. Тітіркендіргіш пен рецепторлардың жанасуына сәйкес не олардың жанаспауына орай дистанттық және түйісу рецепторлары болып бөлінеді.

Орналасуы мен тітіркендіргіштерді қайдан алатынына байланысты рецепторларды Ч. Шерингтон бойынша 3 топқа бөледі: экстереорецептор (көру, есту, тактильдік (сипап-сезу) т. б. ) ; проприорецептор (бұлшықет, сіңірден шығатын түйсіктер) және интереорецептор (аштықты, шөлдегенді түйсіну) болып бөлінеді.

Организмнің сыртында орналасқан көз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері - экстереорецепторлар. Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді. Бұлшықеттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецепторлар деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе-теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім мүшелерін интереорецепторлар деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процестер болып жатқаны жайлы хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын мұндай түйсіктерді органикалық түйсіктер деп атайды.

Түйсіктің қасиеттері.

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп икемделеді. Бұл құбылысты адаптация деп атайды. «Адаптация» - латын сөзі, қазақша икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді. Сезім мүшелерінің бейімделіп адаптациялануы түйсіктің кез-келген түрінде кездеседі. Мысалы, көру түйсігіндегі адаптацияны қарастырайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде көз қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл - қарашықтан өтетін жарық мөлшері де 17 есе көбейеді деген сөз. Қараңғыда көздің көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті әсер етеді. Олардың әлсіз жарықты да сезгіштік қасиеті мол. Мысалы, 30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Адаптация құбылысына шеткі жүйке жүйесімен бірге ми қабығы да қатысады. Адаптация тері түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол. Мысалы, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде тез төселеді де, адамның терісі тітіркенбейтін болады.

Адаптация иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде көрінеді. Мысалы, камфраның иісі 1-2 минуттан кейін сезілмейтін болса, қыша мен нашатыр спиртінің иісіне бейімделу тезірек болады. Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну ағзаның қалыпты жұмысының бұзылғандығын, оның биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация - үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.

«Сенсибилизация» - латын сөзі, қазақша мағынасы - сезгіш. Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация - сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мысалы, көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Ұшқыштардың түнгі ұшуға даярлану кезінде көздеріне 20-30 минут бойы қызыл көзілдірік киетіндері осыдан. Бірсыпыра психологиялық зерттеулерде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы анықталған.

«Синестезия» - грек сөзі, қазақша мағынасы - қосарласқан түйсік. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен - жылылықты, екіншілері көгілдір жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипап сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия - түйсіктердің өзара байланысының шамадан тыс дамыған бір көрінісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану
Түйсік тұралы ұғым
Түйсік және қабылдауға жалпы сипаттама
Түйсіктердің физиологиялық негізі,түрлері,қасиеттері
Түйсіктің түрлері
Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы
Түйсік және оның негіздері
Оқу материалдары және түйсік
«Түйсік және оқушылардың түйсігін дамыту»
Түйсіктердін өзара ықпал жасау қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz