Өсімдік клеткасын электрондық микроскоппен қарағандағы көрінісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тараз инновациялық- гуманитарлық университет

Ботаника
ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

5В080100-Агрономия 1 курс білімгерлеріне арналған

Тараз - 2017

Ботаника зертханалық жұмыстарының әдістемелік нұсқаулары. - Тараз: ТИГУ - 2017 ж.

Құрастырған аға оқытушы ___________Ходжаниязова Ж.Т.

Әдістемелік нұсқау 5В080100-"Агрономия курсының типтік бағдарламасына сәйкес, жоғары оқу орындарының 5В080100-"Агрономия" мамандығының білімгерлерге арналады. Зертханалық жұмыстарда адам ағзасындағы әр мүшенің құрылысы, атқаратын қызметі, ағзаның дұрыс қалыптасуы үшін қажетті медициналық заттармен дұрыс жұмыс істей білу және т.б. мәселелер қарастырылған.

Ботаника пәнінен зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары Биология, ауылшаруашылық мамандықтар, география және туризм кафедрасының мәжілісінде талқыланып, 5В080100-Агрономия мамандығы бойынша оқу үрдісіне қолдануға ұсынылған.

Хаттама № 2017 ж.

Кафедра меңгерушісі г.ғ.к., доцент __________________ Махмудова Л.К.

Жаратылыстану факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған

№ __ хаттама __ __ 2017ж.

Бюро төрайымы____ Булекбаева К.Б

Кіріспе

Зертханалық сабақтар орындауға арналған бұл әдістемелік нұсқаудың мақсаты білімгерлерді жоғары сатыдағы өсімдіктер денесін құратын негізгі элементтермен (клетка және оның құрамындағы бөліктерімен, ұлпалар құрылысының ерекшеліктерімен, вегетативтік, генеративтік мұшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылысының ерекшеліктерімен) танысуға арналған. Зертханалық сабақтардың мазмұны білімгерлердің ботаника пәнін университеттерге арналған үлгі бағдарламасына сәйкес меңгеруіне арналып құрастырылған. Бұл сабақтарда білімгерлер өсімдіктер дене құрылысымен жалпы принциптерімен, ботаникалық терминдермен, анатомиялық және морфологиялық зерттеулердің кең тараған әдістерімен танысады. Бұлардың барлығы білімгерлерге өсімдіктер систематикасын өткенде көмектеседі. Зертханалық сабаққа, әдістемелік нұсқау ыңғайлы, Қазақстанда көп тараған өсімдіктер түрі беріледі. Бұған қосымша сабақтарға тұрақты препараттар, спиртте немесе формалинде тұрақталған өсімдіктер пайдаланылады. Бұл әдістемелік нұсқаудың негізгі мақсаты - мектепте ана тілінде бітіріп келген жастардың- ботаника пәнінің жоғарыдағы аталған бөлімдерін қазақ тілінде оқып білуді жетілдіру. Нұсқау бойынша берілген сабақ тапсырмалары білімгерлердің жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткасының, ұлпаларының, вегетативтік және генеративтік мүшелерінің сыртқы пішіндері мен құрылыстары туралы білімдерін одан әрі дамытып, тереңдетіп, ботаникалық материалдармен жұмыс істеуге арнайы шеберліктерін дағдыға айналдырып, қалыптастыруын қамтамасыз етуге негізделіп құрастырылған.


Зертханалық жұмыс № 1
Тақырыбы: Микроскоп құрылысы және онымен жұмыс істеу тәсілдері. Өсімдік клеткасының құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Биологиялық МБР-1 микроскопының немесе биоламның құрылысымен танысып ,онымен жұмыс жасап, жаттығу және уақытша ,тұрақты препараттар жасаудың әдістемесін оқу. Пияз жуашығының шырынды қабыршағы эпидермасынан клетканың құрамды бөліктерін анықтау.
Сабаққа қажетті материалдар: 1.Қатпарлы жуа, пияз(Allium sera) . 2.Қарбыз жемісі. 3.Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 4.Иодтың иодты калийдегі ерітіндісі, гүлдеп тұрған өсімдіктердің (бөлме немесе дала өсімдігі) гүлі, түйреуіш тәрізді плаунның соралары, кәдімгі қарағайдың тозаңдары,МБС-1, Биолам, МБС-1,микроскоптары ,қол лупа, штативті лупа, сызу аппараты, окуляр және объектив микрометрлері, әрбір жұмыс орнында микроскоппен жұмыс жасауға арналған жабдықтар.

Тапсырма
1. Пияз жуашығының шырынды қабыршақ эпидермасынан уақытша препарат дайындау.
2. Препаратты кіші объективпен қарап,клеткалардың пішініне , орналасуына көңіл аудару.
3. Клетканың құрылысын үлкен объективпен, алдымен бір тамшы суда , одан кейін иодтың калийдегі ертіндісінде зерттеу.
4. Қарбыздың жұмсақ етінен препарат дайындап ,клеткаларының орналасуына , пішініне көңіл аудару.
5. Алынған өсімдіктердің әрқайсысының 1-2(3-4) клеткасының суретін үлкен етіп салып ,клетка қабықшасы. Цитоплазма , вакуоль, ядрожәне ябдрошықты белгілеу.
6. Қайталау сұрақтарына жауап қайтару.

Жұмыс барысы
1-жұмыс.Пияздың шырынды қабыршағы эпидермасының клеткалық құрылысы. Өсімдіктер клеткасының құрылысын зерттеу үшін қолайлы объектінің бірі күнделікті тамаққа пайдаланып жүрген пияз(қатпарлы жуа). Пиязды сыртқы құрғақ қабыршақтарынан тазалаймыз. Клетканың құрамды бөліктерін бұдан да анық қарау үшін препаратқа иодтың иодты калийдегі ерітіндісімен әсер етеміз. Оның нәтижесінде цитоплазма белогы сары түске, ал ядро белогы қою(күңгірт) сары түске боялады. Вакуольдар ашық түсті дақтар болып көрінеді ,клетка қабықшасы түссіз күйінде қалады. ( 1сурет).

2-сурет. Пияздың шырынды қабықшағы эпидермасының клеткалық құрылысы: А-пияз жуашығы; Б-эпидерма клеткасы; 1-клетка қабықшысы; 2-цитоплазма;3-ядро; 4-ядрошық; 5-вакуоль.
2-жұмыс. Қарбыздың жұмсақ бөлімінің клеткалары. Клетканың ішіндегі құрамды бөліктері : цитоплазма, ядро, вакуоль, пластидтер және сыртын қаптап тұрған қабықшасы.Бұларды қарбыздың шырынды жемісінің жұмсақ бөлімінен айқын көруге болады.

3-сурет. Өсімдік клеткасын электрондық микроскоппен қарағандағы көрінісі: 1-гиалоплазма; 2-плазмолемма;3- тонопласт; 4- гранулярлы эндоплазмалық тор; 5- полисома; 6-митохондрия; 7-Гольджи аппараты; 8- хлоропласт; 9-грандар; 10-гранаралық тилакоид; 11-пластоглобула; 12-ядро; 13-ядро қабықшасы; 14-ядро қабықшасындағы пора; 15-ядрошық; 16 хроматин; 17-крахмал дәндері; 18- липидті тамшы; 19- цитоплазмалық вакуоль; 20-орталық вакуоль; 21-клетка қабықшасы; 22- плазмодесма.

Қайталау сұрақтары
1. Препараттағы объектіні кіші объективпен қарауды қалай жүзеге асырасыз?
2. Кіші объективтегі препараты үлкен объективпен қарау үшін оны қалай ауыстыруға болады?
3. Макрометрендік бұранданы қай уақытта ,қандай тәртіппен пайдалану қажет?
4. Зат үстелшесінің жиегіндегі бұрандалар не үшін керек?
5. Жұмыс аяқталған соң микроскопты қандай қалыпқа қою қажет?
6. Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай?
7. Жабын және зат әйнектері және т.б. микроскоппен жұмыс жасауға қажетті жабдықтардың әрқайсысы не үшін керек?
8. Пішініне қарай клеткаларды қандай топқа бөлеміз?
9. Өсімдіктер клеткасы құрылысының жануарлар клеткасынан қандай айырмалары бар?
10. Өсімдіктер клеткасын қандай екі бөлікке (протопласт қалған бөлігі) бөліп қарастырамыз ? Бұлардың бір-бірінен негізгі айырмасы неде?
11. Қандай органеллалар цитоплазманың субмикроскопиялық құрылымын құрайды ?
12. Ядроның құрылымдық элементтері ,химиялық құрамы және атқаратын қызметі қандай?
13. Мацерацияланған клеткалар деп қандай клеткаларды айтамыз?
14. Жарық микроскопымен қарағанда клетка құрылысының қандай бөліктерін көреміз?

Зертханалық жұмыс № 2
Тақырыбы: Пластидтер. Хлоропласт. Алғашқы крахмал. Цитоплазма қимылдары. Плазмолиз және деплазмолиз құбылысы. Клеткадағы туынды (эргастикалық) заттар және кристалдар. Клетка қабықшасы.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер жапырағынан хлоропласт пішінін және плазмолиз , деплазмолиз құбылыстарын ,крахмал дәндерін зерттеу. Өсімдіктердің клетка құрылысынан жанаспалы клеткалардағы хлоропластарды ,қосалқы клеткаларды және эпидерма клеткаларынан ядро мен лейкопластарды, цитоплазма шұбырындыларын белгілеу. Картоп түйнегі, бидай тұқымындағы қор заттарды және жер алмұрты түйнегінің клеткаларындағы инулинді, үпілмәлік тұқымындағы күрделі алейрон дәндері мен майды, пияз клеткаларынан қымыздық қышқыл кальций кристалдарын зерттеу. Аспидистра жапырағының эпидермасы және қарағай сүрегінің клеткаларының құрылысынан жай және жиекті пораларды табу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар : Виргин трандесканциясы (Tradescantia virginiana). Итмұрын раушангүлі (Rosa canina), қызыл бұрыш (Capsicum annuum), шетен (sorbus) ,алқызыл долана (Crataegus sanguineta) және ас қызанақ (Lycopersicon esculentum) піскен жас жемісі немесе 2-3 проценттік формалин ерітіндісінде нықтандырылған жемісі.Сужапырақ өсімдігі (Elodes canadensia).Асқабақ (Cucurbita pepo) өркені .Виргин трандесканциясы (Trandescansia virginiana).Өсімдіктер клеткасы, Цитоплазма қимылы кестелер.Картоп түйнегі. Алдын ала ылғалдап қойған бидай,сұлы дәндері және егістік асбұршақтың тұқымы. Аспидистра жапырағы. Қарағайдың бірнеше күн бұрын суда 4-6 сағат қайнатылып, глицерин мен спирттің бірдей мөлшердегі қоспасына салынып қойылған майда бөлшектері.Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. Реактивтер:Люголь реактиві, NaCl 10 процентті ерітіндісі, KNO3 8 процентті ерітіндісі, иодты калийдегі әлсіз етітіндісі,флороглюцин, тұз қышқылы немесе күкірт қышқылы, глицерин.

Тапсырма

1. Картоп түйнегі, бидай,сұлы дәндері және асбұршақ тұқымынан уақытша препараттар дайындап, крахмал дәндеріне иодтың калийдегі ерітіндісімен әсер етіп, реңінің өзгеруін бақылау. Крахмал дәндерінің бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылықтарына көңіл аудару.
2. Аспидистра жапырағының эпидермасын бір тамшы глицеринге салып, препарат дайындап, үлкен объективпен қарап, клетка қабырғасының құрылысын зерттеу.Клетканың бүйірлік жоғарғы және төменгі қабырғаларындағы жай пораларды табу.
3. Қарағай сүрегінің радиальды және тангентальды кесінділерінен препарат дайындап, клетка қабырғасының құрылысымен танысып, жиекті пораларды табу.
4. Қаралған объектілердің әрқайсысының суретін салып, тиісті белгілерін жасау.

Жұмыс барысы
1-жұмыс. Сужапырақ жапырағындағы хлоропластар және алғашқы крахмал. Сужапырақ - ағынсыз суда баяу ағатын тұщы сулы суаттарда таралған су өсімдігі. Сужапырақ бөлме жағдайында аквариумда жақсы өседі.Сондықтанжыл бойы сабаққа қажет уақытта пайдалану ыңғайлы.Сужапырпақ жапырағы орталық бөлігінде екі қатар, жиегінде бір қатар клеткалардан тұрады.Жас өркеннің ұшынан 1-2 см төмен орналасқан онша үлкен емес жапырақтың біреуін пинцетпен жұлып алып ,зат әйнегіндегі бір тамшы суға саламыз.Үстіңгі беті жоғары қараған жапырақ тақтасы суға толық батырылуы керек. Енді жабын әйнекті ауа қалмайтындай етіп жауып ,дайындалған уақытша препаратты әуелі микроскоптың кіші объективімен қараймыз.Сонда жапырақтың жалпы пішіні ,оның орталық жүйесіндегі ұзына бойы орналасқан бірнеше қатар мөлдір клеткалар және қара жолақтар түзіп орналасқан ,іші ауа толы клеткаарлықтары анық көрінеді. Ауа көпіршіктері клетка құрамын көруге кедергі жасайды ,сондықтан препаратты үлкен объективпен қарау алдында Жапырақтың негізіне таяу орталық жүйкеге жақын жатқан мөлдір клеткаларды таңдап аламыз.Микроскоптың үлкен объективімен қараған кезде цитоплазмаға батырылып,ретсіз орналасқан ,реңі жасыл,пішіні линза тәрізді хлорофилл дәндерін көреміз. (7-сурет,а,б). Осы препараттан хлорофилл дәндеріне жинақталған алғашқы асимиляциялық крахмалды көруге болады.Крахмал дәндері өңдеусіз, тірі хлоропластардан жақсы көрінеді.Нақтырақ көру үшін Люголь реактивімен әсер етеміз.Ол үшін зат үстеліндегі препараттың жабын әйнегінің оң жағына сорғыш қағаздарды тақап орналастырамыз.Сонда сорғыш қағаз препараттағы суды бойына сіңіріп алып ,судың орнын реактив басады.Реактив клеткаларға еніп, оларды өлтіреді. Клетканың құрамындағы цитоплазма, пластидтер сары түске, ал хлоропластағы крахмал дәндері қара көк түске боялады (7-сурет,в).Тірі клеткаларда жарық сындыру көрсеткіші цитоплазмамен сәйкес келетіндіктен, ядро байқалмайды, ол өлі клеткаларда сары түске боялып анық көрінеді.

Қарағай сүрегінен тангетальды және радиальды кесінділер дайындап ,зат әйнегіндегі флорогюцин тамшысына біраз уақыт салып қоямыз. Флорогюцинді сорғыш қағазбен сорғызып, оның орнына концентрлі тұз қышқылын тамызамыз да, қанық қызыл түс пайда болғанға дейін қалдырамыз. Тұз қышқылын сорғыш қағазбен сорғызып алып ,кесінділерге глицерин тамызып, жабын әйнекпен жабамыз. Препаратты микроскоп тұрған жерге таяу дайындауға болмайды. Өйткені тұз қышқылы және күкірт қышқылының буы аспаптар үшін зиянды. Жұмысты уақыт алдырмай ,тезірек орындау үшін тұрақты препаратты пайдаланған жөн.
Алдымен тангентальды кесіндіні кіші объективпен қарап,клеткалар жақсы көрінетін жұқа жерін тауып аламыз. Қарағайдың сүрегі негізінен өткізу қызметін атқаратын өлі прозенхимиялық клеткалар- трахеидтер тұрады. Олардың клетка қабырғаларына лигнин сіңген. Үлкен объективпен қараған кезде хиекті поралар көрінеді. Бұдан кейін үлкен объективпен радиальды кесіндіні қараймыз. Бұл кесіндіде жиекті поралар саңылауканалының диаметріне сәйкес екі концентрлі шеңбер ретінде көрінеді.
Қайталау сұрақтары
1. Атқаратын қызметіне байланысты лейкопластар қандай топтарға бөлінеді?
2. Өсімдіктердің қандай мүшелерінң клеткаларынан хромопласты жиі кездестіреміз?
3. Хромопластар пішінінің алуан түрлілігі неліктен?
4. Хромопластың биологиялық маңызы неде?
5. Алғашқы крахмал мен соңғы крахмалдың арасында қандай айырма бар?
6. Жай, күрделі және жартылай күрделі крахмал дәндері қалай пайда болады?
7. Клеткадағы қор заттарын-крахмал,белок және майды қандай реактивтермен анықтауға болады?
8. Қарапайым және күрделі алейрон дәндерінің бір-бірінен айырмасы неде?
9. Клетка шырыны дегеніміз не, оның құрамы қандай?
10. Клетка қабықшасы мен плазмаллеманның бір-бірінен айырмашылығы неде ?
11. Алғашқы және соңғы клетка қабықшасының арасында құрылымы және химиялық құрамы жағынан қандай айырмасы бар?
12. Қарапайым және жиекті саңылаулардың бір-бірінен айырмалары неде?

Зертханалық жұмыс № 3
Тақырыбы : Алғашқы түзуші ұлпалар. Алғашқы жабындық ұлпалар және түктер (трихомалар) мен қабыршақтар. Соңғы жабындық ұлпалар
Сабақтың мақсаты: Сужапырақ өркенінінің бой конусынан төбе меристемасы қабаттарының (дерматоген, периблема ,плерома) орналасу ерекшеліктерін зерттеу .Сонымен қатар бидай немесе жүгерінің ,пияздың тамырларының бой конусын зерттеу. Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасы мен қос жарнақты өсімдіктер эпидермасының негізгі ұқсастығы мен айырмашылықтарын зерттеу. Сүректі өсімдіктердің бір жылдық бұтағынан препарат дайындап тоз қабатын зерттеу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:Сужапырақ өсімдігі.Бидай, пияз, бұршақ өсімдіктері және олардың даяр препараттары. Жүгерінің (Lea maus), қазтамақтың (Pelargonium Zonale), алманың (Malus domestica), картоптың(Solanum tuberosum), жиденің(Elaeagnus angustifolia) ,аққұлақтың(Verbascum tapsus),қалақайдың(Urtica dioica), темекі сабағы(Nikotiana rustica).Картоп түйнегі ,талдың, ырғайдың бір жылдық бұтақтары. Ырғай немесе жөке ағашы сабағының көлденең кесіндісінен жасалған дайын препараттар. Реактивтер: хлор-цинк-йод ,судан III,спирт, глицерин, хлоргидрат, Жавель сұйығы, метилен көгі, Феллинг сұығы, анилин көгі, хлор-цинк-йод ,судан III- флороглицин және тұз қышқылы. Микроскопқа қажетті құрал жабдықтар:зат әйнегі ,жабын әйнек ,сапты инелер, шыны таяқша, ұстара, тамызғыш, сорғыш қағаздар, мақта, су.. Кестелер.
Тапсырмалар
1. Картоп ,алма, аққұлақ, темекі және қалақай өсімдіктері эпидермасы бетіндегі түктер мен жиде қабыршағынан препарат дайындап ,олардың құрылыстары мен түрлеріне көңіл аударыңдар.
2. Картоп түйнегінің кесіндісіне және тал, қайың ,терек тағы да басқа сүректі өсімдіктердің бір жылдық бұтағынан препарат дайындап ,тоз қабатын зерттеу.
3. Ырғай және жөке ағашы сабағының көлденең кесіндісіне жасалған дайын препараттарды пайдаланып тоз қабаты мен жасымықша клеткаларының құрылысын байқау.
4. Осы жасалған препараттармен қатар емен ,қарағай ағаштары сабағының көлденең кесінділерінен қыртысты қарау.
5. Тоз қабаттары қыртыс пен жасымықшаның суреттерін салып ,тиісті белгілермен белгілеу.
6. Қысқаша қорытынды жасау.

Жұмыс барысы
1- жұмыс. Өркеннің бой конусы. Зертханада өсімдік сабағының бой конусын зерттеу үшін сужапырақ(Elodea canadensis) өсімдігін аламыз. Сужапырақ - су өсімдігі. Жыл бойы бөлме жағдайында аквариумдарда өсіріледі. Өсіп тұрған сужапырақ өсімдігі өркеннің бой конусынан уақытша препарат жасалады. Сужапырақ өркенінің ұшынан 5-6-ден асырмай кесіп алып, оны таза зат әйнегінің үстіндегі бір тамшы суға салып ,әйнекті микроскоптың үстелшесіне ығғайлап орнатып, клеммамен қысып қояды.Одан соң сол қолға ине ,оң қолға үшкір пинцет алады. Инемен сужапырақтың бір шетінен басып тұрып,екінші жағынан пинцетпен жапырақтарды біртіндеп жұлады. Жапырақтары жұлынған сужапырақтың бой конусын сумен шайып ,үстін жабық әйнекте ұстап, микроскоптың әуелі кіші объективімен ,сонан кейін үлкен объективімен қарайды . Егер сужапырақ жөнді көрінбесе ,оны хлоралгидрат ертіндісіне немесе щавель суының тамшысына салу керек.Сол кезде күңгірттеніп тұрған бөліктері еріп кетеді.Бұдан соң әлгі реактив жабық шынының бір шетіне сорғызып алып, оның орнына су жіберіп ,қайта қараған кезде жақсы көрінеді.Жеке клеткалар құрылысымен анығырақ танысу үшін ,осы әдіс бойынша метилен көгін пайдалануға болады. Метилен көгінің әсерінен клетканың ішінде қалған бөлімдері аздап боялады да ,қабықшалары жарқырап анық көрінеді. Жасалған препараттан төбе , меристемасының бір-біріне тығыз орналасқан ядролары ,көлемі изодиаметрлі ұсақ клеткалары көрінеді. Бой конусынан аздап төмендеген жерінде бірнеше төмпешік байқалады. Олар - бой конусында жаңадан пайда болған алғашқы жапырақтар.
Пысықтауға арналған сұрақтар
1. Құрылыс ерекшеліктеріне қарай қандай түктерді білесіз?
2. Жабындық түктер және олардың қызметі қандай?
3. Бездеуіт түктер және олардың қызметі?
4. Тызылдақ түктердің құрылым ерекшеліктері қандай?
5. Қабыршақтар және олардың атқаратын қызметі?
6. Соңғы жабындық ұлпа өсімдіктерде қалай пайда болады?
7. Негізгі жабындық ұлпаларға не жатады?
8. Перидерма қайдан пайда болады?
9. Перидерма атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
10. Жасымықша өсімдіктерде қандай қызмет атқарады?
11. Қыртыс қалай пайда болады және қандай қызмет атқарады?

Зертханалық жұмыс № 4
Тақырыбы: Арқаулық ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар. Өткізгіш шоқтар.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің көлденең кесіндісінен дайындалған препараттан колленхима,склеренхима және склереида клеткаларының құрылысын зерттеу. Асқабақ және қарағай өсімдіктерінің кесіндісінен ксилема және флоэма элементтерін бақылау. Жүгері, қара бидай, асқабақ өсімдіктерінің кесіндісінің препаратынан коллатералды, биколлатеральды, сәулелі(радиальды) және шеңберлі шоқты анықтау.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Асқабақтың (Cucurbita pepo) немесе қиярдың ( Cucumis sativus ) сабағы, бегония (Begonia rex) жапырағының сабағы, қалақайдың (Urtisa dioica), қара сораның (Cannabis sativa) және зығырдың (Linum usitatissimum) сабағы, алмұрттың (Pyrus communis) жемісі.Осы аталған өсімдіктердің тірі даналары немесе нықтандырылған сабағы, жапырағы және жемісі.Зығыр немесе кендір сабағының көлденеңінен және ұзына бойғы кесіндісінен жасалған дайын препараттар. Жүгерінің (Zea mays) жас сабағы, плаунның (Lycopodium hioppuris), сүйелшөптің (Chelidonium majus), асқабақтың (Cucurbita Pepo), қиярдың (Cucumis sativus) тамырсабақтары. Реактивтер:10% сода немесе 50% хром қышқылы, флороглюцин ерітіндісі, тұз қышқылы(НС), Хлор-цинк-йод, спиртке ерітілген флороглюцин, тұз қышқылы (НС), суға ерітілген күкірт қышқылы анилин, глицерин, хлро-цинк-йод, флороглюцин ерітіндісі, тұз қышқылы, суға ерітілген анилин немесе металл көгі, суға ерітілген сафранин, абсолюттік спирт. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. Кестелер.

Тапсырма
1. Асқабақ сабағы өткізгіш шоғының кесіндісінен ксилема мен флоэма элементтерін бақылау.
2. Қарағай сүрегінің ұзын кесіндісінен жиекті поралы трахеидтерді көру. Ксилема және флоэма элементтерінің суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.
3. Қырлы шөп (купена),жүгері қара бидай сабақтарының бойлық және көлденең кесінділерінен тұйық коллатералды шоқты, беде, күнбағыс сабағынан ашық коллатералды шоқты қарау.
4. Плаун сабағы, жыланқияқ тамыр сабағының көлденең кесіндісінен сәулелі (радиальды) шоқты қарау.
5. Інжугүл және аталық папоротник тамыр сабақтарының көлденең кесінділерінен шеңберлі шоқты қарау.

Жұмыс барысы
1-жұмыс.Колленхима. Колленхиманың клетка қабықшаларының қалындауы барлық өсімдік мүшелерінде бірдей болмайды.Осы тұрғыдан алып қарағанда колленхима клеткалары үш түрлі болады.Олар:бұрышты колленхима,тақталы колленхима және бұрышты тақталы колленхима. Бұрышты колленхиманың құрылысына сәйкес изодиамтрлі көп қырлы келеді де, олардың бұрыштраы қалындап, бұрыштарының екі арасындағы жазық беттері қалындамай (таза клетчатка күйінде) қала береді.
Бұрышты колленхимамен танысу үшін бегония жапырағын немесе қызылшы өсімдігінің жас сабағын пайдаланған жөн.Қызылша сабағын немесе бегония жапырағының сағағын көлденеңінен жұқалап кесіп, одан препарат жасайды.Алдымен препаратты микроскоптың кіші объективімен қарап көріп, оның зерттеуге қолайлы жерін тапқаннан кейін, хлор-цинк-йодпен бояйды.Енді боялған препаратты микрометрлік винтті үздіксіз пайдаланып қараған кезде байқалатыны: ең сыртындағы қаптап жатқан кутикула қабаты-сары түске, таза клетчатка күйінде қалған эпидерма клеткалары мен басқа да ұлпаларының клетка қабықшалары күлгін көк түске боялады, ал қызылша сабағындағы немесе бегония жапырағының сағағындағы бұрышты колленхиманың бір-бірімен көршілес клеткаларының қалыңдаған бұрыштары өзара түйіседі де, үш бұрышты призма тәрізді болып көрінеді.
Пысықтауға арналған сұрақтар
1. Түтікшелер қалай пайда болады?
2. Түтікшелердің клетка қабырғаларының мүсіндесіп, қалындаының қандай түрлері бар?
3. Өткізгіш ұлпаның жоғары ағыс жолымен(ксилема) қандай заттар жылжиды?
4. Өткізгіш ұлпаның төменгі ағыс жолымен қандай заттар жылжиды?
5. Алғашқы флоэма мен соңғы флоэманың және алғашқы ксилема мен соңғы ксилеманың арасында қандай айырмашылық бар?
6. Өткізгіш шоқтар дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
7. Қандай шоқтарды коллатеральды тұйық және ашық деп атайды?
8. Қарапайым және күрделі шоқ деген не?
9. Биколлатералды шоқ деген не?
10. Концентрлі шоқ деген не.Ондағы флоэма және ксилема бөліктері қалай орналасады?

Зертханалық жұмыс № 5
Тақырыбы: Тұқымның және өскіннің құрылысы.
Сабақтың мақсаты:Дара және қос жарнақты өсімдіктердің эндоспермді және эндоспермсіз тұқымының құрылысын зерттеу. Қос және дара жарнақты өсімдіктер өскіндерінің құрысымен танысып, суретін салу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Алдын ала жібітілген кәдімгі үрме бұршақ, жұмсақ бидай, кәдімгі арпа, егістік сұлы, егістік асбұршақ, бір жылдық күнбағыс және кәдімгі қарамықша тұқымдары.Бидай, арпа, және сұлуы бар дәндерінің ұзынынан кесіндісінің тұрақты микропрепараттары . Тұқымның құрылысы, Өскіннің құрылысы фильмі. Қол лупасы. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар: Лупа, екі түсті шыны немесе зат әйнегі, қандауыр, пинцет, сапты инелер.
Тапсырма
1. Бидай немесе астықтың басқа өкілдерін мысалға ала отырып, дара жарнақты өсімдіктердің эндоспермді тұқымның құрылысын зерттеу: а) бидай дәнінің сыртқы құрылысымен танысу; ә) бидай дәнінің ұзынынан кесіндісінің дайын препараттарын жеміс серігін, тұқымның қабығын,ұрықтың бөлімдерін табу. Суреттерін салып,тиісті белгілерін жасау, қысқаша қорытынды жазу.
2. Қос және дара жарнақты өсімдіктер өскіндерінің құрылысымен танысу.
3. Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктер өскіндерінің ерекшеліктеріне назар аударып,қысқаша қорытынды жазу.
4. Тақырыптың соңындағы сұрақтарға ауызша жауап дайындау.

Жұмыс барысы
1-жұмыс.Қос жарнақтылардың эндоспермсіз тұқымы. Қос жарнақтылардың эндоспермсіз тұқымының құрылысын зерттеу үшін тұқымды ұзақ жібітуге болмайды, өйткені бөртіп кеткен тұқымның тұқым қабықшасы сыдырылып, тұқым жарнақтары бөлініп қалуы мүмкін.Қол лупасының көмегімен тұқымның сыртқы құрылысын қарастырамыз.Тұқымның сырты едәуір қалың тұқым қабықшасымен жабылған.Тұқымның ойыстау келген бауыр жағында ақшыл сопақша тұқымдақты көруге болады.Тұқымдақпен бір сызық бойында көлемі иненің жасуы тәрізді микропиле арқылы тұқымға су және ауа енеді.Микропилеге таяу, оның үстіңгі жағында ұрық тамыршасынан пайда болған төмпешік көрінеді.Тұқымдақтан төменірек тұқым бүрінің тұқым тірсегімен кірігуінен пайда болған сызат өтеді, ол тұқым тігісі деп аталады.

Енді бөрткен тұқымды зат әйнегіне қойып, сапты екі иненің көмегімен тұқым қабығын сыдырамыз.Оның іш жағында ұрық тамыршасы ұрық сабақшасы және бүршіктен тұратын пішіні бүйрек тәрізді ірі екі тұқым жарнағы жатады.Тұқымда эндоспермнің жоқ екенін көреміз.Қоректік заттар ұрықтың тұқым жарнақтарында жиналған оның клеткалары крахмал және алейрон дәндеріне толып тұрады.Қоректік заттардың құрамын тұқым жарнақтарының жұқа кесінділерінен жасалған препаратқа йод ерітіндісімен әс ер ету арқылы анықтаймыз,йод әсерінен белок дәндері сары, крахмал дәндері көк түске боялады.
Периспермді тұқымның құрылысын кәдімгі қарамықша,ал эндоспермді-периспермді тұқымның құрылысын бұрыш тұқымы мысалынан қарастырамыз.



Пысықтауға арналған сұрақтар
1. Үрме бұршақ пен бидай тұқымы жарнақтарының атқаратын қызметі қандай?
2. Үрме бұршақ пен бидай тұқымы жарнақтарының атқаратын қызметі қандай?
3. Тұқымның өсуі үшін қандай жағдайлар қажет?
4. Тұқым өсу барысында өскіннің қай вегетативтік мүшесі алдымен өсіп шығады. Оның қандай биологиялық мәні бар?
5. Қос жарнақтылардың өскініне тән бөлімдерін атаңыз.
6. Өскіннің жер бетінде өсуі дегенді қалай түсінесіз? Қандай өсімдіктердің өскінін осыған жатқызуға болады?
7. Тамыр, мойыны, гипокотиль, эпикотиль деген не?

Зертханалық жұмыс № 6
Тақырыбы: Тамырдың анатомиялық құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Дара жән қос жарнақты өсімдіктерде тамыр жүйелерінің жетілуін және жас тамыр ұшының құрылысын зерттеу. Қос және дара жарнақтылар тамырының алғашқы және соңғы құрылысын зерттеу.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Oқy-тәрбиe жұмысының бaрысындa биoлoгия кyрсының әр түрлi сaлaлaрынaн oқyшылaрғa цитoлoгия бөлiмiнeн, клeткaның xимиялық құрылысы, oсы бөлiмнiң әр түрлi тaқырыптaрындa сaбaқ өтy әдiстeмeсiнe мeтoдикaлық өңдeyлeр жaсay
Биология сабақтарында цитологиялық білімдерді қолдану әдістемесі
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының морфологиясы
Гистология-ежелгі дәуір ғылымы
Цитология тарихы
Гистология пәнінің даму тарихы
Цитология бөлімі
Цитология
Клетка туралы ілімінің тарихы
Жасушаны зерттеу
Пәндер