Балалар мен жас жасөспірімдер өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Балалар мен жас жасөспірімдер өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары

Орындаған: Ақбай Сабира

Алматы, 2019ж
Жоспары:
І.Кіріспе
Организм және қоршаған орта
Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері.
Адам жасының кезеңдері.
ІІ. Қорытынды
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Физиология - мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым.
Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді. Негізгі міндеті - өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты. Сонымен қатар физика, химия, метеорология сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.
Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.
Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.
Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:
Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:
Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.
Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.
Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.
Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.
Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.
Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі; Организмнің әрбір қызмет етуші жүйелеріне сәйкес биологиялық сенімділікті анықтайтын потенциалды мүмкіндіктердің генетикалық қоры берілген. Бұған өкпе, бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың жарыса қызмет етуі мүмкіндік береді, яғни тірі организмдегі негізгі жүйелердің көбі бірінің қызметін бірі қайталай алады және организмге қажетті элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. Жүйелердің осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің өсіп, дамуы қорғана алмас еді.
Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы; Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.
Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған. Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек. Солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.
Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан "вундеркинд" жасап шығаруға болады. Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.
Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.
Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.

Организм және қоршаған орта
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Біздің қоғамымызда тәрбиелік мәні, дүние танымдық орны жоғары бағаланады. Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Бүгінде мектепке дейінгі мекемелердің мазмұнын жаңарту, басқаруды жетілдіру, балабақшалар желісін сақтау тұрғысынан біршама игі істер жүргізілуде.
Балалар бақшасында тәрбие бағдарламасының ең ауқымды бөлімі балаларға айналадағы өмірді, түрлі заттар мен құбылыстарды бақылатуғ арналған. Өйткені сәби тұңғыш білім-дағдыларын өмірден алады. Айналасындағы адамдарды іс-әрекетін, табиғат пен жан-жануарлар дүниесін қоғамдық өмірді бақылап көру, сезініп түсіну арқылы ой-өрісі кеңейіп, тілі дамиды лексикалық қоры молаяды. Осының нәтижесінде ол басқалармен сөздік қарым-қатынас жасайды, көрген білгенін құрбы-құрдастарына, ата-анасына әңгімелеп беретін болады.
Ата-ана құшағы, отбасы аясы, туған ауылы, оның ғажайып табиғаты, тұрмыс-салты, ән-күйі осының бәрі жас сәбидің балауса сезіміне нәр беріп, құлағын күйге бөлеп, әлдилеп, аялап өсіретін алғашқы ұясы. Сондықтан халқымыз Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің дейді. Міне, осындай ұяда алған білім-дағдыларын қанаттандырып, әрі қарай жетілдіру алғашқы қоғамдық білім ошағы балабақшадағы оқу-тәрбие үлесіне тиеді. Олай болса, тәрбиешілер баланың білім-парасын үнемі бақылап, шыңдауға жеткілікті көңіл бөлуі тиіс.
Балада айналадағы түрлі әрекетке електегіштік, бәрін білуге, ұстап ашып-көріге деген құштарлық басым болады. Ұйымдастыру оқу іс-әрекетінде бұған зер салу керек. Қоршаған ортамен таныстыру барысында балалардың тілі дамиды: олар заттарды танып, қасиеттерін және атауларын біледі, өз пікірлерін айтуға, сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап беруге, көргендерін айтып беруге үйренеді. Әрбір затты танып білуге кезінде балаларға сұрақтар қойып, әңгімелету арқылы сөздік қоры дами түседі. Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті процесінде дидактикалық ойындар, жаттығулар, балалармен қарым-қатынас жасау арқылы педагог балалардың тілін дамыта отырып, заттар туралы нақты білім беріп, сөздік қорын молайтуға ден қояды. Қоршаған ортамен таныстыру барысында бақылау жасауданғ, мақсатты серуен және топтық саяхаттан алған әсерлерін, білімдерін нақтылау мақсатында әңгме құру жұмысы кең көлемде жүргізіліп отырулы тиіс.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір балаға мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялыұ жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттеріне ие, білімге мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік рөлін меңгере бастады.
Мектепке даярлықтың төрт бағыты:
Балалардың мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерстерді зерттеу.
Оқу әрекеттерінің алғы шарттары
Баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі.

Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуде. Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек.
Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан "вундеркинд" жасап шығаруға болады. Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.

Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері.
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының үлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын ө с у деп атайды. Организмнің үш негізгі дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің үзындығы), с а л м а ғ ы, кеуде ш е ң б е р і. Дененің бүл көрсеткіштерін зерттеп өлшеуді антропометрия (грекше, антропос - адам, метрия - өлшеу) деп атайды. Антропометрлік зерттеулердің нәтижелері адамның киімдерін, оқу және спорт қүралдарын дүрыс таңдап алуға мүмкіндік береді.
Өсумен катар организмде даму жүріп жатады. Даму-сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көр-сеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, үлпалардың жекешеленіп белгілі бір кызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Бала организмінің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функ-циялық дамуы.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің үзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны т.с.с.
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты эр түрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін, оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің қызметі өмірдегі қажеттіліктен анағүрлым артық мөлшерде болады. Бүған қоса, көпшілік қызметтердің бірнеше мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады (мысалы, зәр шығару өкпе, бүйрек, тері, ас қорыту жолы арқылы қосарланады; баланың өсуіне қажетті жыныс гормондары жыныс безі мен бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатында түзіледі, т.с.с). Мүндай үйымдасу организмге қауырт жағ- дайларда тірлігін сақтап қалу үшін қажет. Дегенмен балалар мен жас өспірімдердің оқуын, дене еңбегін, спортпен шүғыл-дануын жасы мен жынысына лайықты шектеп отырған жөн. Өйтпесе бала организмі жан-жақты дамымайды. Осыған байланысты ғалым гигиенистер оқу-тәрбие жүмыстарының өсіп келе жатқан бала организміне лайықтандырылуы туралы кағида үсынды. Бүл қағидаға сәйкес оқу, еңбек, спорт жүмыстарын баланың жынысына және жасына лайықтау мол-шерл ері көрсетілген.
Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорция-с ы деп адамнын басынын үзындығының оның түла бойы мен аяқтарының ұзындығына катынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяктары қысқа, түла бойы мен бастары үлкен болады да олардың дене пропорциясы: басының ұзындығы 1:4, тұла бойының ұзын-дығы 2:4, аяқтарының ұзындығы 1:4 болады. Мұндай пропорция бір жасқа дейін сақталады, ал бір жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны жіліктерінің өсу қарқы-нынан жылдамырақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсу даму антропометриясы жайлы
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
Өсу мен даму антропометриясы
Жыныстық жетілу кезеңіінде
Өсу даму антропометриясы
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары
Жас ерекшеліктер физиологиясы
Балалар мен жасөспірімдерді физикалық тәрбиелеуде медициналық бағалау.
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу туралы ақпарат
Пәндер